Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның саяси-құқықтық салдары


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның саяси-құқықтық салдары

  1. Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси - құқықтық мәселелері
  2. Абылай ханның реформалары
  3. Бөкей хандығының саяси-құқықтық жағдайы
  4. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. 1822 ж. Сібір қырғыздары туралы Устав
  5. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. 1824ж. Орынбор қырғыздары туралы Устав
  6. Кенесары Қасымұлының хандығының саяси құрылысы және ондағы реформалар

1) Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси - құқықтық мәселелері. Кіші жүздің ханы Әбілхайыр 1726ж. Ордабасыдағы бүкілқазақтық жиында қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып сайланды. Әбілхайыр хан Ресейге арқа сүйеп өз позициясын нығайтпақ болып Ресей патшасы Анна Иоановнаға жасырын хат жазды. Әбілхайырдың бұл әркетіне жоңғарлардың үздіксіз шабуылы да түрткі болды.

1731ж. 19 ақпанда патша Анна Иоановна Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіргені туралы грамотаға қол қойды. Содан кейін қазақ даласына А. И. Тевкелев бастаған патшаның елшілігі шығып 1732ж. 10 қазанда Әбілхайыр хан және 27 сұлтан, батырлар Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы заңды актіге қол қойып, ант берді. Осы жылы 21 қарашада тағы да 30 рубасы ант берді.

Қосылудың алғашқы жылдарында Кіші жүз бен Орта жүз Ресеймен протекторлық қарым- қатынаста болды. Бұл қарым -қатынас бойынша Қазақстан сыртқы саясаттан өзге мәселеде егемендігін сақтауы тиіс еді. Ресейдің қол астына кіруі протекторлық қатынастардың шегінен асып, Ресей тарапынан таза отаршылдық сипат алды.

“Игельстром” реформасы деген атпен енген Орынбор генерал - губернаторы Игельстромның әрекеті Сырым Датұлы бастаған көтерілісті өз мақсаты тұрғысында пайдалану еді. Реформа бойынша билік рубасынан старшындарға өтті. Бірақ расправолар да шекаралық сот та қалыпты жұмыс істей алмады. Оған себеп ықпалы мықты сұлтандық топтың әсері болды.

Сөйтіп, Екатерина ІІ патша қайта хан сайлауға келісім берді. Патша өкіметінің Кіші жүзде хандық билікті жою туралы алғашқы қадамы жүзеге аспады.

2) Ол Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болған соң 1771ж. Абылай хан (1711-1781) болып сайланды. ХУШғ. 50ж. Абылайдың басшылығымен қазақ жерлері жоңғарлардан түгелдей азат етілді. Абылайдың әскерлері Қазақстанға басып кірген қытай басқыншыларының бетін қайтарды. Абылайдың басшылығымен Оңтүстік қазақстан жерлері Қоқан басқыншыларынан азат етілді.

Абылай орталық хан билігін күшейтті. Рубасы сұлтандар мен билердің билігіне шек қойып, өзіне бағындырды. Бағынбаған сұлтандарды, билерді, старшындарды Абылайдың төлеңгіттері талқандап отырды. 1781ж.

Өзінің билігін нығайту үшін Абылай хандықты ұлыстарға бөліп, ұлыстардың басына өз ұлдарын тағайындады. Абылай өз билігінде батырларға, ел ішіндегі беделді билер мен жырауларға арқа сүйеді. Төле би мен Қазыбек би Абылайға елдің бірлігін сақтауда көп жәрдемдесті.

3) Кіші жүздегі ХУШғ. Соңындағы шаруашылық-саяси дағдарысқа, жайылым мәселелерінің күрделеніп кетуіне байланысты қазақтардың көптеген топтары Орал мен Жайық аралығының төменгі бойына көшіп барып 1801ж. Бөкей хандығын құрды. Оған император Павел І келісім берді. 1812ж. Бөкей сұлтан орданың ханы болды. Ол қайтыс болған соң (1815) уақытша регент Шығай болып, 1823ж. патша Жәңгірді хан етіп бекітті және ол соңғы хан болды.

Бөкей хандығы патша өкіметінің әкімшілік бірлігі болып саналды. Хан ішкі мәселелерді Орынбор әкімшілігімен келісіп шешті. Ханның біршама ішкі дербестігі болды. Ол дербестік қаржы- салық, жер бөлу, рулық- территоиялық басқару, халықты шаруашылық жағынан орналастыру түрінде жүзеге асты.

Ордадағы билік негізінен ханның қолында шоғырланды. Ханның жанында 12 биден тұратын хан кеңесі құрылды. Ханның арнаулы тапсырмаларын орындайтын 12 жасауылы болды. Жергілікті басшылық рубасы старшындар қолына өтті. Оларды хан және Орынбор әкімшілігі тағайындады.

Сот билігі ханның, жергілікті билердің, хан депутаттарының қолына шоғырланды.

4) Патша өкіметі Қазақстанды отарлауды тереңдете түсті. Үкімет алдымен Орта жүздегі хандық билікті жоюды көздеді. Орта жүзде Бөкей (1817) және Уәли хандар (1819) қайтыс болған соң жаңа хан сайлауға Патша өкіметі тұрығысынан жол берілмеді. Батыс Сібір губернаторы М. М. Сперанский “Сібір қырғыздары туралы Устав” атты құжат жасады. Осы Устав негізінде Орта жүзде хандық билік жойылды. Бұрын рулық билік бойынша бөлінетін территория әкімшілік-территориялық принциппен округтерге бөлінді. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Әр округте 15-20 болыстар, әр болыста 10-12 ауылдар, әр ауылда 50-70 үйлер болды. Округті аға сұлтан басқарды. Аға сұлтан сайланбалы қызмет болды. Оны 3 жылға тек сұлтандар сайлады. Ол патша өкіметінің шенеунігі болып саналды. Ауылдық старшындар қазақтар арасынан үш жылға сайланды.

“Устав” бойынша қазақтардың сот ісіне, әдет-ғұрып құқығына өзгерістер енді. Билер сотының, адаттың билігі шектелді. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. 1822ж. “Устав” отаршылдықты тереңдетіп, Орта жүзді одан әрі игеруге бағытталды. Хандық өкімет жойылды. Оның орнына территориялық принципке негізделген округтік, болыстық, ауылдық басқару енді.

5) Орта жүзден соң патша үкіметі іле -шала кіші жүзде хандық билікті жоюға кірісті. Орынбор генерал-губернаторы П. Эссен “Орынбор қырғыздары туралы Уставын” жасады. Ол 1824ж. азиялық комитетте бекітілді. Кіші жүзде хан билігі жойылды. Кіші жүз үш бөлікке бөлінді: Шығыс, Орта және Батыс. Әр бөлікті сұлтандар басқарды және олар патша өкіметінің шенеунігі болды. Билеуші-сұлтандардың 100-200 адамнан тұратын әскері болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның саяси – экономикалық, әлеуметтік және сыртқы жағдайы
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Бас бостандығынан айыру мемлекеттік мәжбүрлеу түріндегі қылмыстық жазасының жалпы сипаттамасы
Қазақ-орыс қарым-қатнастары
Қазақстанның жерлерін Ресей империясының отарлауы
ҚР мемлекет және құқық тарихы
ПАТША ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ САЯСИ - ӘКІМШІЛІК РЕФОРМАЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қүқық тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Қазақстан көп партиялық жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz