«Сүтқоректілердің шығу тегі»



І Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 4
1 Сүтқоректілер класы (Mammalia Linnaeus) жалпы сипаттамасы 4
1.1 Сүтқоректілердің дене құрылысына жалпы шолу 7
1.2 Сүтқоректілердің көбеюі 18
1.3 Сүтқоректiлердiң экологиялық топтары 21
1.4 Сүтқоректiлер класы 21
1.4.1 Жоғары аңдар класс тармағы 21
1.4.2 Төменгi аңдар класс тармағы 22
2 Сүтқоректiлердiң шығу тегі мен олардың эволюциясы 22
III Қорытынды 26
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27
Курстық жұмыстың өзектілігі: Сүтқоректілер — омыртқалы жануарлардың жылықанды, ең жоғары сатылы тобы. Бұлардың басқа жануарлардан басты ерекшелігі: ррталық жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің ерекше дамуы: дене температурасының біршама тұрақтылығымен (сүтқоректілердің көпшілігінің дене температурасы — 37—39°) қамтамасыз етілетін жылу алмасу жүйесінің күрделілігі; баласын тірідей туып, сүтпен асырау арқылы ұрпағының одан әрі тірі қалуына қолайлы жағдай жасауы. Бұл топтағы жануарлар баласын сүтпен қоректендіретіндіктен, класс сүқоректілер деп аталады. Сүтқоректілер класындағы жыртқыш жануарлар кейде аңдар деп те аталады. Ең жоғары сатыда дамыған, ақыл-ой иесі адам да осы класқа жатады.
Сүтқоректiлер класы (Mаmmalia) 4 мыңға жуық түрдi бiрiктiредi. Егер 2 млн. түрден астам насекомдармен салыстырса аса көп емес. Осыған қарамастан адамдар алты аяқ насекомдарға қарағанда сүтқоректi жануарлармен жақсырақ таныс. Бұл ғажап емес: адам өзiне тән қасиеттерге ие және өзi сияқты сүтқоректiлер класының өкiлдерiне көңiл бөледi. Омыртқасыздарға қарағанда сүтқоректiлер ғалымдар тарапынан кеңiнен зерттелген. Олардың әр түрiне ондаған, мыңдаған ғылыми еңбектер арналған.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сүтқоректілерге жалпы сипаттама беру. Сүтқоректілердің қоректену ерекшелігі және қорегін табу әдістеріне талдау жасау, олардың шығу тегін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
 Сүтқоректілерге жалпы сипаттама беру;
 Сүтқоректілердің қоректену ерекшелігін зерттеу;
 Олардың шығу тегін зерттеу;
1. Зоолгия-Омыртқалы жануарлар. С.М.Махмұтов. Алматы,1995 ж.
2. Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.
3. Омыртқалылар зоологиясы К.Б. Олжабекова 1-кітап, - Алматы Эверо. -2014. – 3-13 б.
4. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық. К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов. -Алматы:Эверо,2011.-400б.
5. Олжабекова,К.Б. Омыртқалылар зоологиясы. 2 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-368с.
6. Божбанов, А.Ж. Экологиялық зоогеография негіздері: оқулық / А.Ж. Божбанов, М.Қ. Байбатшанов.- Алматы, 2013.- 339б.
7. Қазақстан сүтқоректілері. Бекенов А.,Есжанов Б. Алматы, «Ғылым»,1995ж.
8. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.
9. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.
10. Адольф Т.А. и др. Руководство и лабораторные занятия по зоологии позвоночных.
11. Карташев Н.Н., Соколов В.Е., Шилов И.А. Практикум по зоологии позвоночных . – М.: Высшая школа, 1976.
12. Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.
13. Лукин Е.И. Зоология. М.: Агропромизд.1989г.
14. Банников А.Г., Денисова М.Н. Очерки по биологии земноводных.– М.: Учпедгиз1956.
15. Гриффин Д.Э., Новик Э. Живой организм. – М.: Мир, 1973
16. Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыс Сүтқоректілердің шығу тегі тақырыбында орындалған.
Сүтқоректілерге жалпы сипаттама берілді. Шығу тегі зерттелді. Сүтқоректілердің қоректену ерекшелігі және қорегін табу әдістеріне талдау жасалынды.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 32 беттен тұрады.

МАЗМҰНЫ

І Кіріспе
3
ІІ Негізгі бөлім
4
1 Сүтқоректілер класы (Mammalia Linnaeus) жалпы сипаттамасы
4
1.1 Сүтқоректілердің дене құрылысына жалпы шолу
7
1.2 Сүтқоректілердің көбеюі
18
1.3 Сүтқоректiлердiң экологиялық топтары
21
1.4 Сүтқоректiлер класы
21
1.4.1 Жоғары аңдар класс тармағы
21
1.4.2 Төменгi аңдар класс тармағы
22
2 Сүтқоректiлердiң шығу тегі мен олардың эволюциясы
22
III Қорытынды
26
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
27

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Сүтқоректілер -- омыртқалы жануарлардың жылықанды, ең жоғары сатылы тобы. Бұлардың басқа жануарлардан басты ерекшелігі: ррталық жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің ерекше дамуы: дене температурасының біршама тұрақтылығымен (сүтқоректілердің көпшілігінің дене температурасы -- 37 -- 39°) қамтамасыз етілетін жылу алмасу жүйесінің күрделілігі; баласын тірідей туып, сүтпен асырау арқылы ұрпағының одан әрі тірі қалуына қолайлы жағдай жасауы. Бұл топтағы жануарлар баласын сүтпен қоректендіретіндіктен, класс сүқоректілер деп аталады. Сүтқоректілер класындағы жыртқыш жануарлар кейде аңдар деп те аталады. Ең жоғары сатыда дамыған, ақыл-ой иесі адам да осы класқа жатады.
Сүтқоректiлер класы (Mаmmalia) 4 мыңға жуық түрдi бiрiктiредi. Егер 2 млн. түрден астам насекомдармен салыстырса аса көп емес. Осыған қарамастан адамдар алты аяқ насекомдарға қарағанда сүтқоректi жануарлармен жақсырақ таныс. Бұл ғажап емес: адам өзiне тән қасиеттерге ие және өзi сияқты сүтқоректiлер класының өкiлдерiне көңiл бөледi. Омыртқасыздарға қарағанда сүтқоректiлер ғалымдар тарапынан кеңiнен зерттелген. Олардың әр түрiне ондаған, мыңдаған ғылыми еңбектер арналған.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сүтқоректілерге жалпы сипаттама беру. Сүтқоректілердің қоректену ерекшелігі және қорегін табу әдістеріне талдау жасау, олардың шығу тегін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Сүтқоректілерге жалпы сипаттама беру;
Сүтқоректілердің қоректену ерекшелігін зерттеу;
Олардың шығу тегін зерттеу;

1 Сүтқоректілер класы (Mammalia Linnaeus) жалпы сипаттамасы

Сүтқоректілер (лат. Mammalia) - жануарлардың хордалылар типіне жататын, құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар класы. Сүтқоректілерге ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олар түрлі табиғи орта жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын маммалогия (лат. маммалис - емшек+гр. логос - ғылым), кейде териология (грекше терион - аң, + логос - ғылым) деп те атайды. Алайда олар әр түрлі ортада - құрлықта болсын, суда болсын, ауада болсын - кез келген жағдайда, кез келген климатта өмір сүруге бейім келеді. Олардың миы (дене мүшелерінің өзгелеріне қарғанда) басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады. Сүтқоректілер қатарынан құрлық пен теңіздің ең үлкен жануарлары - мұхитта киттер және құрлықта пілдер болып табылады.
Сүтқоректiлер немесе аңдар класының негiзгi белгiлерi: тiрi туу, балаларын қоректендiру үшiн сүт бөлетiн сүт бездерiнiң болуы, дене қуысын төстi және құрсақты етiп диафрагмамен бөлу және жылықандылық. Бұл кластың маңызды ерекшелiгi - жоғарғы жүйке жүйесiнiң дамуы. Сүтқоректiлер эволюциясының шыңы болып адам туысы және саналы адам {Homo sapiens} түрi есептеледi. Сүтқоректiлердiң тарихи дамуы үш бағытта жүрдi: жұмыртқа салушы сүтқоректiлер, қалталы сүтқоректiлер және плацентарлы сүтқоректiлер. Тек плацентарлы дамыған төл туатын жоғарғы сүтқоректiлер, тiршiлiк үшiн күресте жеңiп шықты.
Жұмыртқа салушы және қалталылар, австралиядан басқа континенттерде табиғи сұрыптауға түстi және жойылып кеттi.
Жамылғысы кезеңдеп түлейтiн жүннен (өстен) және жүн астынан тұратын түктi. Терiде тер бездерi аз, майлы және иiстi бездерi бар. Сүт бездерi - емiзiктерi бар түр өзгерткен тер бездер. [1]
Сүтқоректiлер класы (Mаmmalia) 4 мыңға жуық түрдi бiрiктiредi. Егер 2 млн. түрден астам насекомдармен салыстырса аса көп емес. Осыған қарамастан адамдар алты аяқ насекомдарға қарағанда сүтқоректi жануарлармен жақсырақ таныс. Бұл ғажап емес: адам өзiне тән қасиеттерге ие және өзi сияқты сүтқоректiлер класының өкiлдерiне көңiл бөледi. Омыртқасыздарға қарағанда сүтқоректiлер ғалымдар тарапынан кеңiнен зерттелген. Олардың әр түрiне ондаған, мыңдаған ғылыми еңбектер арналған. Джералд Даррелл, Бернгард Гржимек, Джой Адамсон, Александр Николаевич Формозов, Игорь Иванович Акимушкин және тағы да басқа көптеген белгiлi жаратылыстан жануарларға арнап көптеген кең таралған қызықты кiтаптар жазды. Алғашқы сүтқоректiлер шамамен 185 млн. жыл бұрын шығуы мүмкiн. Қазба қалдықтарына қарағанда, қазiргi жертесерлерге ұқсас ұсақ (ұзындығы 20 см аспаған) жануарлар болған. Бұл аңдардың тiстерi айқын күректiс, иттiс, ұрт және азу тiстерi болып бөлiнген, ми көлемi ең дамыған рептилиялардiкiнен үш-төрт есе үлкен, ал дене пiшiнiнiң кiшiлiгi насекомдарды аулауды және жаулардан тығылуды жеңiлдеткен.
Бор дәуiрiнiң соңында (шамамен 70-65 млн. жыл бұрын) динозаврлар қырылып тiршiлiк кеңiстiгiн босатты. Бұл мүмкiншiлiкпен сүтқоректiлер пайдаланды. 10-15 млн. жыл (бiздiң планетамыз тарихында үлкен мерзiм емес) iшiнде олар құрлықтан басқа су және әуе орталарын игердi.
Иттiң аяғы, жылқының тұяғы, итбалықтың ескек аяқтары, жарғанаттың қанаттары -- өздерiнiң ата-тектерi рептилиялардан берiлген сүтқоректiлердiң қарапайым бес саусақты аяқ-қолдарынан пайда болған. Ең көне жылжу әдiсi - жүру немесе жүгiру. Осындайда жануар табаны мен бiлезiк сүйектерiне толығымен сүйенедi (немесе едәуiр бөлiгiне). Мұндай жүрiс тәсiлi - табан арқылы жүру деп аталады. Аса жылдамдықпен ерекшеленбесе де, ол тұрақтылық болды. Табан арқылы жүру насекомқоректiлерде, кемiргiштерде және кейбiр жыртқыш аңдарда (мысалы аюларда) сақталған.
Ашық кеңiстiктерде тiршiлiк ететiн жануарларға жауларынан қашуға немесе қорегiне жету үшiн жылдам жүгiру қажет болды. Кейбiр сүтқоректiлер табан арқылы жүруден саусақ жүрiске ауысты. Саусақ арқылы жүру үлкен жылдамдықпен жүгiруге және секiрiп қимылдауға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi саусақпен жүретiн сүтқоректiлерге көптеген жыртқыштар тобының өкiлдерi жатады, мысалы, иттер мен мысықтар. Жүгiрiс кезiнде олар тiрек ретiнде барлық саусақтарын пайдаланбайды: бiрiншiсi (қысқа, қимылдауда қатыспайтын) эволюция барысында қатты кiшiрейген, ал кейбiр жануарларда толығымен жоғалған. [2]
Саусақпен жүретiн жүгiрушiлерге қарағанда тұяқты сүтқоректiлер тек жылдам ғана емес, оған қоса ұзақ жүгiре алады. Тұяқтылар жер мен тастардың жарақатынан тұяқтың сүйектi қабығымен қорғалған, саусақтарының ең ұшына сүйенедi. Саусақпен жүретiн жыртқыштардың жүгiруi -- жылдамдықпен үйлесiмi, ал олардың потенциальды қорегiнiң (шөпқоректi тұяқтылар) жылдамдық пен төзiмдiлiктiң үйлесiмi.
Эволюция барысында кейбiр ағашта мекендейтiн сүтқоректiлердiң жақын арақашықтықтарға самғауға қабiлеттерi ашылды. Бұл жануарларда қанаттың рөлiн әдетте, алдыңғы және артқы аяқтарының арасындағы терiлерiнiң қатпарлары атқарады. Дене көлемi бiрдей болса да қанаттың көлемi аяқтарының ұзындықтарына байланысты екендiгi түсiнiктi. Сондықтан самғайтын сүтқоректiлердiң аяқтарының ұзын болуы шарт. Ең үздiк самғаушылар болып 500 м ұша алатын тiкеқұйрық кемiргiштер есептеледi.
Нағыз қағып ұшу тек сүтқоректiлерде, қолқанаттылар отрядына бiрiккендерде немесе жарғанаттарда ғана кездеседi. Олардың алдыңғы аяқтары нағыз қанаттарға айналған. Қанаттары иықтары арасында созылған жұқа терiлi жарғақпен, ұзартылған алдыңғы иық және саусақтармен, дененiң бүйiрiмен артқы аяқтарының өкшесiмен құрылған.
Көптеген сүтқоректiлердiң суда ұстануы туа бiткен қабiлеттерi, ал олардың едәуiр бөлiгi Кәсiби жүзушiлерге айналды. Шығу тегiне қарамастан оларды жүзуге ортақ құралдары: алдыңғы және артқы аяқтарында жүзу жарғақтары пайда болды, аяқтары қысқарды, денелерi сусымалы пiшiндi, құйрықтары болса жалпақтанды.
Сүтқоректiлердiң түрлi отрядтарының өкiлдерi - үйрек тұмсықтар, жұпартышқандар, кейбiр кемiргiштер (құндыздар, саз кәмшаттар) -- өте жақсы жүзедi, бiрақ құрлықпен байланыстарын үзбейдi, сол жерлерде қоректерiн тауып, ұрпақтарын әкеледi. Нағыз су жануарларына киттәрiздiлер, ескекаяқтылар мен қақпамұрындылар айналды.
Морждар мен түлендер ескекаяқтылар отрядына жатады. Олардың аяқтары қысқа және терiнiң астында орналасқан. Алдыңғы аяқтарының алдыңғы иықтары мен бiлезiктерiнiң жартысы сыртқа шығып тұрады, ал артқы аяқтарының сирағының үштен бiр бөлiгi мен табаны немесе тек табаны. Бiрақ бiлезiк пен табаны қатты ұзартылған, ал саусақтары қалың терi жарғағына оралған. Осының нәтижесiнде аяқтары ескек формасына айналған және олар ескектеуге пайдаланылады (негiзiнен, артқылар), сонымен қатар тереңдiк рөлiнiң қызметiн де атқарады. Ескекаяқтылар судан тек көбею және тыныс алу үшiн ғана шығады. [1,3]
Ескекаяқтылардан киттәрiздiлердiң айырмашылығы, олар туылғаннан өлгенге дейiн суда тiршiлiк етедi. Су тiршiлiгiне деген бейiмдiлiгi оларда толығымен көрiнедi. Киттәрiздiлердiң денесi торпедатәрiздi және жүзуге ыңғайланған. Алдыңғы аяқтары тереңдiк рөлi қызметiн атқаратын және бұрылу мен тоқтауға мүмкiндiк беретiн ескектерге айналған. Барлық киттәрiздiлердiң серпiндi бұлшықеттi құйрығы көлденең құйрықты жүзбеқанатпен аяқталады. Киттәрiздiлер отрядына қорек табу амалының мамандануы қызықты касаткалардың үлкен және өткiр тiстерi оларды жыртқыштар екендiгiн, ал дельфиндердiң бiрқалыпты дамыған, бiрақ көптеген және өткiр тiстерi олардың балыққа әуестiгiн көрсетедi. Мұртты киттердiң тiстерi сан-алуан омыртқасыздар және майда шабақтарды ұстайтын тор -- сүзгiге айналған.
Дене пiшiнi жағынан киттәрiздiлерге тағы да бiр сүтқоректiлердiң тобы - қақпамұрындылар ұқсас. Оларда да көлденең құйрық жүзбеқанаттары бар, алдыңғы аяқтары ескектерге айналған, ал артқылары болса мүлдем жойылған. Бұлар өте баяу қимылдайтын және тек су жағаларында мекендейтiн жануарлар.
Сүтқоректiлердi тек олардың қимылдау әдiстерiне қарап отрядтарға бөлуге болмайды. Тағы да бiр маңызды белгiсi - қоректену сипаты. Кемiргiштер мен қоянтәрiздiлер отрядтарының өкiлдерi, қатты және iрi қорекпен соның iшiнде жас ағаштар мен бұталардың қабықтарымен қоректенуге бейiмделген. Сондықтан оларды сипаттайтын белгiсi, iрi және өткiр алдыңғы күрек тiстерi. Көптеген тұяқты жануарлар және пiлдер мен түйелер құнарлылығы төмен, ауыр қорытылатын қорекке - шөптер мен жапырақтарға көп көңiл бөледi. Бұл қоректi олар мықты азу тiстерiмен ұзақ уақыт бойы шайнап майдалауы керек. Өсiмдiкқоректi су тұрғындары дюгондар мен ламантиндердiң тiстерi жоқ, себебi олар нәзiк балдырлармен қоректенедi. Шырынды жемiстерге әуес, приматтарда мықты азу немесе күрек тiстер тән, бiрақ олар бұл қаруларын қоректену үшiн емес, қорғану үшiн пайдаланады.
Насекомқоректiлер, құрт-құмырсқа, ұлу және т.б. омыртқасыздармен қоректенуде майда бiрқалыпты дамыған тiстерiн пайдаланады. Ал жыртқыштар отрядының өкiлдерiн, қорегiн өлтiруге арналған мықты күрек тiстерiнен және қорегiн жұлуға ыңғайланған кiшiрек, өте өткiр жыртқыш тiстерiнен тану қиын емес. [3]

1.1 Сүт қоректілердің дене құрылысына жалпы шолу

Дене пішіні. Тіршілік ететін ортасының түрліше болуына байланысты сүт қоректілердің дене пішіні түрліше болады. Оның ішінде кеңінен таралғаны жер бетінде мекендейтін төрт аяқты аңдар. Олардың аяғы ұзын болады да, ол рептилилердегідей кеудесінің екі бүйіріне орналаспай, астына арналасқан. Сондықтан тізе буындары денесінің алдына қарай, ал шынтақ буындары денесінің арт жағына қарай бағытталған. Мойын бөлімі жақсы жетілген, ал құйрық бөлімі керісінше дененің қосалқы бөліміндей нашар дамыған. Жер астында тіршілік ететін түрлерінің денесі ұршық сияқты, мойыны қыска, сыртынан айқьш байқалмайды. Құйрығы редукцияланған. Аяқтары өте қысқа болады. Суда тіршілік ететіндерінің дене пішіні балық тәрізді болады да аяқтары ескекке айнапған. Кит тәрізділерде тек қана алдыңғы аяқтары сақталған.
Тері жамылғысы. Сүт қоректілер түрлі ортада тіршілік етуіне байланысты тері жамылғысының құрылысы басқа омыртқалылармен салыстырғанда анағұрлым күрделі болады.
Омыртқалылардың тері жамылғысы сыртқы -- эпидермистен, оның астыңғы қабаты -- кутистен немесе нағыз теріден тұрады. Эпидермис өз тарапынан екі қабаттан тұрады. Бірінші -- төменгі қабатын -- мальпигиев немесе өсу қабаты деп атайды. Ол қабаттың клеткалары цилиндр немесе кубик тәрізді болады. Бұл қабаттың үсті жалпақтау келген клеткалардан тұрады. Олар біртіндеп ішкі қуысына кератогиалиннің толуына байланысты мүйізденген өлі клеткаларға айналады. Бұл қабаттың үстіңгі клеткалары біртіндеп қайызғақ түрінде, немесе кесек (лоскут) қабат түрінде (тюленьдерде) түлеп түсіп отырады. [8]
Сүт қоректілердің -- түгі, тырнақтары, тұяқтары, мүйіздері (бұғыдан басқаларында), қабыршақтары және түрлі тері бездері осы эпидермис қабатынан пайда болады.
Сүт қоректілерде терінің кутис қабаты өте жақсы жетілген. Кутис талшықты дәнекер тканьдерінен қалыптасады. Кутистің астыңғы қабатының ішкі беті жұмсақ талшықты тканьдерден тұрады, оған май жиналады. Бұл қабатты тері астындағы майлы клетчаткалар деп атайды. Кит пен тюлень сияқты суда тіршілік ететін аңдардың жылуды сақтап тұратын түктері болмағандықтан май қабаты жылуды реттеу қызметін ат-қарады. Кейбір қысқы ұйқыға жататын жануарларда (саршұнак, суыр, борсық г. б.) май қабаты жақсы жетілген. Май олар үшін қысқы ұйқы кезіндегі қоректік материал болып саналады.
Сүт қоректілердің барлығының дерлік денесінің сыртын қап-тап тұратын түк болады. Кейбір түрлерінде (кит, дельфин т. б.) түк тіпті болмайды. Болса рудимент түрінде ғана сақталған.
Сүт қоректілердің түгінің сырткы бөлімін сабақ, ал теріге еніп тұрған бөлімін түбі деп екіге бөледі. Түк сабағын тікелей жарып микроскоп арқылы қарағанда мына қабаттардан өзек, сірі жәнё сыртқы қабық қабаттарынан тұратынын байқауға болады. Өзегі арасында ауа болатын торлы тканьдерден құралады. Сондықтан түк жылуды нашар өткізеді де, жануардың денесіндегі жылудың сақталуына себепші болады. Оның сыртқы сір қабаты өте тығыз болғандықтан түк мықты болады. Ең үстіңгі жұқа қабығы түкті сыртқы механикалық және химия-лық әрекеттерден қорғайды. Түк түйініне қан тамырлары келеді. Ол түк түйініндегі клеткалардың жетілуін қамтамасыз етеді. Түктің тері бетіне шығып түрған сабағы өсу қабілетін жойып, мүйізденіп кетеді. Терідегі май бездерінен шығатын майы түкті майлап, оның мықтылық қасиетінің сақталуына жәнё су өтпеуіне себепші болады. Түк жабындысы әр түрлі түктен тұрады. Оның непзгі плеріне: мамық түк немесе түбіт, қылшық, сезгіш түк немесе вибристар т. б.жатады.
Сүт қоректілердің түктері жаңарып, жылдың белгілі бір маусымында түлеп тұрады. Тиіндер, түлкілер және көртышқандар жылына екі рет (күзде, көктемде) түлейді. Басқа сүт қоректілер жылына бір рет түлейді. Солтүстікті мекендейтін сүт қоректілердің түгінің тығыздығы мен ұзын-дығы жыл маусымына қарай түрліше болады. Тропиктік жануарларда жыл маусымдарындағы температураларының айырмашылығы шамалы болғандықтан көп өзгеріс болмай, олардың түгі әр уақытта бір қалыпты өседі.
Сезгіш -- түктердің атқаратын әрекеті түрліше болады. Оны сезімтал мұртша деп те атайды. Бұлар жануардың бас, мойын және төс бөлімдерінде орналасады. Құрсақ бөлімі ағашқа тиш қозғалатындарында (тиндерде) мұндай түк бауыр жағында болады. Түк қалтасының түбінде және оның керегесінде вибристердің басқа затқа тигенін сезетін нерв талшықтары болады. [3,4]
Түктің түрі өзгерген түрі -- инелер мен қылтанақтар. Эпи-дермистің басқа мүйіз туындыларына қабыршактар, тырнак, тұяқ мүйіз тұмсық және қуыс мүйіздер жатады. Қабыршақ көп-теген тышқан тәрізділердің табанында болады. Сол сияқты көптеген қалталылардың, кемірушілердің насекоммен қорек-тенетіндердің де құйрығында қабыршақ болады.
Мүйізді туындыларға сиырдың, ақбөкеннің, ешкінің, қойдың мүйізі жатады. Ал, бұғының мүйізі мұндай туынды емес, кутис-пайда болатын сүйекті зат.
Тері бездері өзінің құрылысына және атқаратын қызметіне қарай -- тер, май, иіс және сүт бездері болып бөлінеді.
Тер бездері -- түтік пішінді, астыңғы бөлімі иіріліп барып қошқар мүйізденіп бітеді. Бұлар бірден терінің үстіңгі бетіне немесе түк қалтасына ашылады. Бұл бездің продуктысы тердің құрамында су, еріген мочевина және тұз болады. Бұл продуктыларды тер безі жасап шығармайды, оған қан тамырларынан келеді. Тер безінің қызметі суды буландыру арқылы теріні салқындату және ыдырау өнімдерін бөліп шығару. Сөйтіп жылуды реттеп отыру және зәр шығару қызметін атқаратын болады. Тер бездері барлық сүт қоректілерде дерлік болады, бірақ барлығында бірдей жетілмеген. Мысалы ит пен мысықта өте аз, кемірушілердің көпшілігінің тер безі табанында, шабында және ерінінде болады. Кит тәрізділерде және кесіртке тәрізділерде тер безі болмайды.
Май бездері шоқтанып жатады да әрқашанда түк қалтасына ашылады. Май бездерінің шығарған өнімдері түктерді, эпи-дермистің сыртын майлап, сыртқы зиянды әрекеттерден сақтайды.
Иіс бездері -- тер немесе май бездердің түрінің өзгерген түрі болып саналады. Тіпті кейбір кезде сол екі бездің екеуінің де қажеті осы иіс безінен байқалады. Мысалы, сасық күзендердін, артқы тесігінің маңайында өткір иісті, сасық өнім шығаратын бездері болады. Бұл күзенді жауларынан қорғауда маңызды қызмет атқарады. Кейбір сүт қоректілерде мускустық иіс бездері болады. Бұл бездің маңызы әлі толық анықталмаған. Бірақ, без аталған жануарлар үйірге түскенде анық байқалады. Сондықтан оның қызметі жануарлардың көбеюімен байланысты, яғни жыныстық қозуды тудыруы мүмкін. [1]
Сүт бездері -- түтік пішінді болады. Клоакалы сүт қоректі-лердің (үйрек тұмсықтардың, ехидналардың) сүт бездері түтік сияқты болады. Олардың ұшы құрсақ жағындағы "безді алаң" деген бөлімдегі түк қалташығына келіп ашылады Балалары осы түктерді сорып, оның түбіндегі тесіктен шыққан сүтпен қоректенеді. Ехидналарда "безді алаң" арнаулы қалтаның ішінде болады. Бұл көбею кезінде дамиды. Мұның ішінде жұмырткасы, одан кейін ехиднаның баласы жатады. Үйрек тұмсықтылардың "безді алаңы" кұрсақ жағына орналасады. Бұлардың емшегі болмайды.
Қалталылар мен плацентарлылардың сүт бездері шоқта-нып орналасады. Олардың түтігі емшекке барып ашылады. Сүт бездері мен емшектердін, орналасуы түрліше болады. Ағаштарда өрмелеп жүретін маймылдар мен балаларын емізгенде басы төмен салбырап тұратын `жарқанаттардың емшегі кеудесінде орналасқан, тек қана екі емшегі болады. Жер бетінде мекендейтін тұяқтыларда емшегі екі шабының арасына, жыртқыштар мен насеком қоректілерде құрсақ жағына екі қатар болып орналасады. Емшегінің саны балалағыштығына, көпшілік жағдайда туған баласының санына тең болады. Емшек саны маймылда, қойда, ешкіде, пілде, жылқыда екеу болады. Ең көп 10 -- 24 емшек тышқан тәрізді кемірушілерде, насеком қоректілерде, кейбір қалталыларда болады.
Ет системасы -- өте жақсы жетілген және көптеген бұлшықеттер жіктеліп, өз алдына орналасқан. Құрсақ қуысын көкірек қуысынан бөліп тұратын диафрагманың (көк ет) болуы, жалпы еттердің қызметін сипаттайды. Бұл ет көкірек қуысын бірде кеңейтіп, бірде тарылтып, сүт қоректілердің тыныс алу процесін жеңілдетуге көмектеседі. Тері астындағы ет қабаты жақсы жетілген. Ол терінің кез-келген жерін қозғалысқа келтіре алады. Кірпілер мен кесірткелерде мұндай ет денесін жиырып, домалалып қалуына көмектеседі. Сол сияқты кірпілер мен жайралардың инелерін жыртқыштардың түктерін, вибристарын тікірейтуге көмектеседі. Приматтарда мұндай ет бет бөлімінде болады, оны мимикалық еттер деп атайды.
Скелет. Омыртқа жотасы. Сүт қоректілерде омыртқаларының буындасатын беттері тегіс болады, яғни омыртқаның мұндай түрін платицельдік омыртқа деп атайды. Сонымен қатар
-омыртқаның буындасқан жерінде -- менискилер деген шеміршекті дискасы болады. Омыртқа жотасы -- мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық омыртқаларынан құралады. Мойын омыртқа-сының саны әрқашанда тұрақты болады. Алдыңғы екі мойын омыртқасын -- ауыз омыртқа (атлант) және эпистрофей деп атайды. Мойын омыртқасы (ламантинадан басқасында). жеті омыртқадан тұрады. Бірақ, сүт қоректілердің мойынының ұзындығы бірдей емес. Мысалы, тұяқтылардың мойыны ұзын, кемірушілердің мойыны қысқа болады. Себебі тұяқтыларға жерден қоректерін алып жеу үшін мойыны ұзын болу керек. Сүт қоректілердің мойнының ұзындығының түрліше болуы, олардың мойын омыртқаларының санына байланысты емес, жеке омыртқалардың денесінің ұзын және қысқа болуына байланысты.
Арқа омыртқалары 12 -- 15 болады. Тұмсықты киттерде (Нурогооdоп) және сауыттылардың бір түрінде 9, ал жалқау аңдардың бір қатарында (сһоlоериs) 24 арқа омыртқасы болады. Бір ұшымен алдыңғы жеті арқа омыртқасына, ал екінші ұшымен төс сүйегіне бекіген қабырғаларды -- нағыз қабырғалар деп атайды. Ал қалғандарын, яғни екінші ұшы төс сүйегімен жалғаспаған қабырғаларды -- жалған қабырғалар деп атайды. Төс сүйегі (зtегпum) бір-біріне жалғасқан бірнеше сүйек пластинкаларынан тұрады. Оның ұшы сүйірленіп барып щанжар тэрізді шеміршекпен (ргосеssиs хірһоіdеиs) аяқталады. Төс сүйегінің алдыңғы жалпақ сегментін -- сүріншек (тапиbrum stегпі) деп атайды. Жарқанаттармен алдыңғы аяқтары жер қазуға бейім-делген сүт қоректілердің көпшілігінің төс сүйегінің жігі білінбей кеткен. Бірақ көкірек еттері бекінетін құстардың төс сүйегіндегі қыры болады.
Бел омыртқаларының саны 2-ден 9-ға дейін болады. Он-дағы қабырғалар рудименті түрде ғана болады. [3]
Сегізкөз көпшілігінде бір-бірімен бірігіп кеткен төрт омырт-қадан тұрады. Бұл төрт омыртқаның алдыңғы омыртқасы ғана сегізкөз омыртқасы болады да, артқы екеуі сегізкөзге бірігіп кеткен кұйрық бөлімінің омыртқасы болып саналады. Сегіз көз омыртқалары жыртқыштарда үшеу, ал үйрек тұмсықтыларда екеу болады. Құйрық омыртқаларының саны тұрақты болмай-ды. Мысалы, гиббондарда -- 3 болса, кесіртке тәрізділерде 49-ға жетеді.
Ми сауыты. Сүт қоректілердің миының үлкен болуына бай-ланысты, ми сауыты да үлкен болады. Жас сүт қоректілердің ми сауыты (тұмсық бөлімімен салыстырғанда) ересектерінің ми сауытынан үлкен болады. Сүт қоректілердің ми сауытын-дағы жеке сүйегінің саны, төменгі сатыдағы омыртқалардың сүйегінен аз болады. Өйткені ми сауытын құрайтын көптеген сүйектер өз ара бірігіп кеткен, негізгі, бүйір және жоғарғы шүйде сүйектер тұтасып бір сүйекке айналған. Құлак сүйектері бірігіп тасша сүйек (реtгоsum) деген бір сүйекке айналған. Қанат-сына тәрізді сүйек негізгі сына тәрізді сүйекпен, ал көз-сына тәрізді сүйек алдыңғы сына тәрізді сүйекпен бірігіп кеткен. Ми комплекстерінін, әсіресе ми сауытын құрайтын сүйектердің арасындағы жіктер ересек тартқанда бірігіп кетеді. Бұл жануарлардың өсуі кезінде мидың көлемінің артуына мүмкіндік береді.
Ауыз омыртқасы мен шүйде сүйектің бірімен-бірінін, бекитін жерінде екі бұдыр өсінді бар. Ми сауытының төбесі жұп төбе, мандай, мұрын бір дара жақ аралық сүйектен тұрады. Ми са-уытының бүйір бөлімі, бұдыр бетті сүйектерден одан сыртқа және алға карай самай өсінділері кетеді. Бұл өскіндер самай сүйегіне жалғасып, алдыңғы жағынан жоғарғы жақтың өскіні-мен ұштасады. Осының нәтижесінде тек қана сүт қоректілерге тән бет доғасы (гуgоmаtісum) пайда болады.
Ми сауытының астыңғы бөлімі (түбі) негізгі (sрһепоidеum) және алдыңғы сына тәрізді сүйектерден, ал висцериальды бөлімінін, түбі -- қанат тәрізді, тандай және жоғарғы жақ сүйектерінен қалыптасады. Ми сауытының түбінде, есіту капсуласынын маңында тек қана сүт қоректілерге тән барабан (tутрапісum) болады. Есіту сүйектері біртіндеп сүйектене келіп, ақырында қос тасша (реtгоsum) сүйекке айналады.
Жоғарғы жақ, жұп жақ аралық және жоғарғы жақ сүйекте-рінен тұрады. Сүт қоректілерде жак аралық сүйектердің және жоғарғы жақ сүйектерінің өсінділерінен және таңдай сүйектерінен екінші реттегі таңдай сүйегі пайда болады. Осының нәтижесінде хоандар кеуілжір сүйектерінің арасымен келіп, ауыз қуысына ашылмай, таңдай сүйектің артқы жағынан келіп ашылады. Бұл сүт қоректілердің аузында тамақтың кесегі болып, оны шайнаған кезде тыныс алуына кедергі келтірмейді.
Төменгі жақ сүйегі бұдыр бетті сүйекке бекитін бір пар тіс сүйегінен (dіепtаlе) қалыптасады. Буындасу сүйегі, есіту сүйекшесі -- балғаға (mаllеиs) айналады, шаршы сүйек, есіту сүйекшесінін, екінші бір түрі төске (іпеиs) айналады. Бұл екі есіту сүйекшелері және үшінші есіту сүйекшесі -- үзеңгі (stареs) ортаңғы құлақ қуысының ішіне орналасады. Ортаңғы құлақтың сыртқы бөлімі және есіту жолы -- дабыл сүйегінен тұрады. Сөйтіп, сүт қоректілердің висцериалдық аппаратының бірсыпырасы сыртқы және ортаңғы құлақ аппаратына айналады.
Иық белдеуі -- сүт қоректілерде өте қарапайым. Ол негізгі жауырын, оған бекіген рудиментті каракоидтан тұрады. Клоакалы сүт қоректілерде ғана (үйрек тұмсықты, ехидна) корокоид өз алдына жеке сүйек болып саналады. Сүт қоректілердің ал-дыңғы аяғы алуан түрлі күрделі қимылдар жасайтын түрлерін-, де (маймылдарда) бұғана болады, ал алдыңғы аяғы жер бетімен қозғалу қызметін атқаратын тұяқтыларда рудиментті түрде болады немесе тіпті болмайды. [4]
Жамбас белдеуі -- жер бетінде тіршідік ететін жануарларға тән -- шонданай, шап және мықын сүйектерінен тұрады. Көпшілік сүт қоректілерде бұл үш сүйек тұтасып барып бір ғана -- жамбас сүйегін (іппоmіпаtіum) құрайды.
Аяқтарының скелеті барлық жер бетімен қозғалатын бес саусақты жануарларға тән құрылысты сақтайды. Әйткенмен, тіршілік ету жағдайларының түрліше болуына және аяқтарын пайдалану тәсіліне байланысты оның құрамындағы сүйектердің құрылысы да түрліше болады. Мысалы, жер бетінде жүретін түрлерінде аяқтарының жоғарғы бөлімдері ұзын болса, ал суда тіршілік ететіндерінің бұл бөлімі керісінше қысқа болады, яғни аяғының төменгі бөлімінің сүйектері -- табан сүйектері және саусақтары жақсы жетілген, әрі ұзын болады.
Ас қорыту системасының құрылысы -- күрделі және ол бірнеше бөлімнен тұрады. Ас қорыту системасы сөл шығаратын бездері бар түтікке ұқсайды.
Сүт қоректілерде ас қорыту системасы ерінінен басталады. Етті ерін тек қана кит тәрізділерде және клоакалы жануарлар-да ғана болмайды. Етті ерін сүт қоректілерге қоректерін қар-мап ұстау үшін керек. Етті еріндері кейбір сүт қоректілерде (са-ламандраларда, шұбар тышқанда, маймылдарда) жақсы дамыған. Тіпті олар қоректерінің бірсыпырасын осы дорба сияқты ұрттарына толтырып сақтайды.
Жақтың ішкі жағын ауыз қуысы. дейміз. Қоректік заттар бұл жерде тістердің және сілекей бездерінің әсерінен механикалық және химиялық өзгерістерге түседі. Жануарлардың сілекей шығаратын төрт пар бездері бар. Сілекей құрамында крахмал-ды декстрин мен мальтозаға айналдыратын птиалин ферменті болады.
Сүт қоректілердің тістері -- күрек тістер, шошақ тістер, жалған азулар және азу тістер деп бөлінеді. Түрлі жануарлардың тістерінің саны, формалары мен атқаратын қызметі түрліше болады. Насекомдармен қоректенетін нашар маманданған сүт қоректілердің тістері нашар жіктелген, бірақ көп болады. Жыртқыштардың шошақ тістері өте жақсы жетілген және олардың ұшы өткір болады. Сол сияқты жоғарғы жарының соңғы жалған азуы және төменгі жағының бірінші нағыз азуы әдетте өте үлкен және өткір болады да, олар жыртқыш азулар деп аталады. Кемірушілердің күрек тістері өте жақсы жетілген. [4,5]
Сүт қоректілердің тістерінің жалпы саны және олардың топқа бөлінуі әрбір түрдің тұрақты систематикалық белгісі болып есептеледі. Оны белгілеу үшін бөлшек түріндегі арнаулы формуланы пайдаланады. Бөлшек сызығының үстіндеп сандар жоғарғы жақтағы тістің санын, ал сызықтың астындағы сан төменгі жақтағы тістің санын көрсетеді. Тістердің жеке топтарын латынша атының алғашқы әрпімен белгілейді. Күрек тістері -- і (іпсіsеіvі), шошақ тістері -- с (сапіпі), жалған азу тістері -- рт (ргаеmоlагеs), азу тістері -- т (mоlагеs).
Тістері жақ сүйектерінің ұяшықтарына орналасқан. Мұндай тістерді -- текодонттық тістер деп атайды. Көпшілік түрлерінде тістері бір-ақ рет тісейді.
Төменгі жақ сүйегінің арасына етті тіл орналасады. Оның жәрдемімен қоректік заттар қабылданып ауыз қуысында ұса-тылған кезде оларды араластырады.
Ауыз қуысының арт жағына жұтқыншақ орналасқан. Жұт-қыншақтың үстіңгі жағына жалғасып жататын ішкі танау тесік-тері және евстахиев түтігі болады. Жұтқыншақтың төменгі бө-ліміне өңеш тесігі жалғасады.
ішкі органдардың қалай, орналасатындығы көрсетілген.
Өңештің еті тегіс тканьдерден құралады. Кейбір күйіс қай-таратын жануарларда жұтқыншақтан келетін көлденең салалы еттер болады. Осы еттерінің көмегімен өңеш еріксіз жиырылып күйіс қайырғанда қарындағы қоректік затты кекіріп аузына келтіруге көмектеседі.
Қарын басқа ас қорыту мүшелерінен айқын бөлінген және көптеген сөл шығаратын бездері болады. Қарынның көлемі және оның ішкі құрылысы қоректік заттарының түріне байлаиысты әрбір түрде түрліше болады. Клоакалы сүт қоректілердің қарыны қарапайым қалта пішіндес болады.
Күйіс қайтаратын сүт қоректілердің қарны өте күрделі құ-рылған. Мысалы, сиырдың қарны төрт бөлімнен тұрады: 1) үл-кен қарын, оның ішкі бетінде қатты бүрі болады; 2) жұмыршақ қарын, оның ішкі беті торлы ұяшықтарға бөлінген; 3) жалбыр-шақ қарын, оның ішкі беті көлденең орналасқан қатпарлардан тұрады; 4) ұлтабар немесе безді қарын. Үлкен қарынға түскен коректік зат сілекейдің және бактериялардың әрекетінен аши- ды. Қорек заты қарыннан оның перистальтикалық қозғалысы-! ның әсерінен жұмыршақ қарынға, одан күйіс қайырғанда -- ауызға келіп түседі. Ауызда тамактық зат ұсақталып, сілекей- мен әбден араласады. Пайда болған жартылай сұйық зат жалбыршақты өңешпен жалғастыратын жіңішке саңылау арқылы жалбыршақ қарынға, одан ұлтабарға барады. [8]
Нағыз ішек -- аш ішек, тоқ ішек және тік ішек деп үшке бөлінеді. Өсімдік тектес қатты азықтармен қоректенетін түрлер-дің (кемірушілердің) аш ішегі мен тоқ ішегінің шекарасында ұзын және тұйық бітетін бүйені болады, ал кейбір сүт қоректі-лерде (маймылдарда, шала маймылдарда, қояндарда) кішкене кұрт тәрізді тұйық өсіндімен бітеді, Жануар тектес азықпен қоректенетін сүт коректілердің кейбір түрлерінде (көп күрек тісті қалталыларда) бүйен болмайды. Бүйен ашытқыш чанның қызметін атқарады. Егер тамақтық заттың құрамында клетчатка көп болса, ашу процесі де соғұрлым күшті болады. Өсімдік тектес азықпен қоректенетін жануарларда ішек өте ұзын, ал кез келген тамақпен немесе жануар тектес затпен қоректенетіндерде қысқа болады.
Бауыр көк еттің (диафрагманың) астыңғы жағына орналасқан. Өт пен ұйқы безінің жолдары он екі елі ішекке ашы-лады.
Тыныс органдары. Жұтқыншақ астына көмекей орналасады. Көмекей бірнеше шеміршектен тұрады. Көмекейдің төменгі жағында сақина сияқты оймақ тәрізді шеміршек болады. Ал, алдыңғы және бүйір жағынан тек қана сүт қоректілерге тән қал-қан тәрізді шеміршек қоршап тұрады. Оймақ тәрізді шеміршектің үстіңгі көмекейдің арқа жағында бір пар ожау тәрізді шеміршек болады. Қалқан шеміршегінің алдыңғы шетіне жұқа жапырақ тәрізді үстіңгі көмекей жалғасады. Оймақ тәрізді және қалқан шеміршегінің арасында кішкене қалта тәрізді қуыс -- көмекей қарыншасы болады. Дыбыс байланысы бір пар қатпар түрінде қалқан шеміршегі мен ожау тәрізді шеміршектің арасында жатады. Трахеялар мен бронхылар өте жақсы жетілген. Бронхылар өкпенің ішінде көптеген ұсақ тарамдарға бөлінеді. Ең ұсақ тарамдарын бронхиолдар деп атайды. Бронхиолдар кішкене альвеолдар деп аталатын көпіршіктермен аяқталады. Аль-веолдар ұяшық сияқты болады да керегелері өте жұка екенін байқау қиын емес. Бұл ұяшықтарға қан тамырларының ұшы келеді. Сүт қоректілердің тыныс алуына және шығаруына кабырға аралық еттер мен көк еттің -- диафрагманың үлкен әсері бар, яғни олардың жиырылып жазылуының нәтижесінде көкірек қуысы кеңейіп, ауа қабылдап немесе тарылып, өкпеден газдың шығуына себепші болады.
Өкпені желдетудің газ алмасуында ғана емес организмдегі жылуды реттеуде де үлкен маңызы бар.
Қан айналу системасы. Сүт қоректілердің сол жақ қарын-шадан шығатын бір ғана сол жақ қолқа доғасы болады. Қолқадан кететін басты артериалык тамырлар түрліше бағытта тарайды. Қолқадан кететін қысқа атсыз артерия (агtегіа іппоmіпаtа), оң бұғана асты артериясына (агі. sиbеlvіа (dехtга) ашылады, оң және сол ұйқы артерияларына (агі сагоtіs dехtга еt: sіпіstга) тарамданады. Сол жақ бұғана асты артериясы (агі. subelvіа sibstra) қолқа доғасынан кетеді. Кейде сол жақ ұйқы артерия-сы атсыз артериядан шықпай қолка доғасынан шығады. Арқа қолқасы омыртқа жотасының астыңғы жағында жатады да одан еттерге және ішкі органдарға көптеген қан тамырлары кетеді. [1]
Вена жүйесшдегі ерекшеліктер: 1-бүйректердің қақпа қан айналысы болмайды; 2-сол жақтағы алдыңғы қуыс вена аз-ғана түрлерінде жүрекке өзінше барып құяды. Көпшілік жағ-дайда ол оң жақ алдыңғы қуыс венамен қосылып, дененің алдыңғы жағындағы қанды жинап, оң жүрекшеге келіп құйыл-ады; 3-кардиналдық веналардың дара веналары болады; 4-көптеген түрлерінде оң жақ дара вена (vепа агуgоs) өз бетінше алдьщғы қуыс венаға құйылады, ал сол жақ дара вена (vепа һетіаzуgоs) қуыс венамен байланысын үзеді де көлденең вена арқылы оң жақ дара венаға барып кұйылады.
Нерв системасы. Сүт қоректілердің миы басқа жануарлардың миымен салыстырғанда әлде қайда үлкен болады. Ол мишық пен алдыңғы ми сыңарларының көлемді болуына байла-нысты.
Алдыңғы мидың дамуы негізінен оның қақпағының -- ми күмбезінің өсуімен байланысты. Алдыңғы мидың қақпағы ми қарыншақтарының бүйір керегелерінің нервтік заттарынан өседі. Пайда болған ми күмбезі екінші реттегі күмбез, немесе неопаллиум (пеораllіum) деп аталады. Ол нерв клеткалары мен талшықтарынан тұрады. Сүт қоректілерде ми қыртысының жақсы жетілуіне байланысты, оның сұр заты ақ затының үстіне орналасқан. Ми қыртысында жоғарғы нерв әрекетінің орталықтары болады. Сүт қоректілердіқ мінез-құлқының күрделі болуы, әр түрлі сыртқы әсерлерге беретін күрделі жауаптары алдыңғы ми сыңарларының қыртысының прогессивті дамуына тікелей байланысты. Екі ми сыңарлары сүйелді дене (согриs) деп аталатын ақ нерв талшықтарының комиссураларымен байланысқан.
Алдыңғы ми сыңарларының беті көпшілік түрлерінде тегіс болмай, көптеген сайлар болады да оның беттік ауданын ұлғайтып тұрады. Тіпті болмағанда маңдай бөлімін самай бөлімінен бөліп тұратын бір сайы болады, оны сильвиев бороздасы деп атайды. Одан ары қарай маңдай бөлімін шүйде бөлімінен бөліп тұратын көлденең -- роландов бороздасы кетеді. Жоғарғы сатыдағы сүт қоректілердің ми қыртысында бороздалары өте көп болады. Аралық ми үстіңгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы сүтқоректілер класы
Қазақстандағы сүтқоректілер класы туралы
Сүтқоректiлер класы (Mаmmalia)
Омыртқалы жануарлардың жалпы сипаттамасы
Сүтқоректілер экологиясы
Қазіргі кездегі балықтардың басым көпшілігі осы сүйекті балықтар
Сүтқоректілердің жалпы сипаттамасы
Жануарлар әлемі
Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру жайлы
Эволюциялық процесстің заңдылықтары
Пәндер