Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі



1. Мемлекеттік органдардың түсінігі, негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.10
3. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Мемлекеттік органдар – бұл мемлекеттің белгілі бір функцияларын жүзеге асыратын, үстем құзыреттері бар, заңмен белгіленген құрылымы бар, мемлекет механизмінің басқа бөліктерімен органикалық байланысы бар мемлекет механизмінің бір буыны.

Мемлекеттік органдардың белгілері:

- барлық органдар заңнамалық тәртіппен құрылуы, яғни органдар қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру қатан құқық негізінде болады;

- орган мемлекет механизмінің дербес элементі;

- тиісті әдістерді қолдана отырып, өзіне жүктелген тапсырмалар мен функцияларды орындау;

- барлық органдар тығыз өзара әрекеттесіп тұтас әлеуметтік организмді қалыптастырады да, қоғамның дұрыс дамуын қамтамасыз етеді;

- үстем құзыреттерге ие, кей кезде күштеу шараларын қолдануы мүмкін;

- үстем өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті әрекеттерді жүзеге асырады;

- тиісті құрылымы, материалдық базасы, қаржылық құралдарының болуы.

Мемлекеттік органдардың түрлері:

а) мемлекеттік билікті іске асыру нысанына байланысты мемлекеттік органдар: өкілдік, атқарушы, сот, прокурор және басқа да бақылау-қадағалау органдары;

б) биліктің бөліну қағидасы бойынша: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдары;

в) саты бойынша: федералды, республикалық және жергілікті органдар;

г) өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты: тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету ұшін құрылады);

д) құзыреттерін жүзеге асыру тәртібі бойынша: алқалы және дара;

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Кафедрасы: Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық
жүйесі.

Орындаған: Сапарғали Ұ.М.
ЮСП (к)-101 тобы.
Қабылдаған: Ерболат Қ.Е.

Астана 2013 ж.

Жоспар:

1. Мемлекеттік органдардың түсінігі, негізгі
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..3-4

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-10
3. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .11

Мемлекеттік органдардың түсінігі, негізгі белгілері.

Мемлекеттік органдар – бұл мемлекеттің белгілі бір функцияларын жүзеге
асыратын, үстем құзыреттері бар, заңмен белгіленген құрылымы бар, мемлекет
механизмінің басқа бөліктерімен органикалық байланысы бар мемлекет
механизмінің бір буыны.

Мемлекеттік органдардың белгілері:

- барлық органдар заңнамалық тәртіппен құрылуы, яғни органдар қызметін
ұйымдастыру және жүзеге асыру қатан құқық негізінде болады;

- орган мемлекет механизмінің дербес элементі;

- тиісті әдістерді қолдана отырып, өзіне жүктелген тапсырмалар мен
функцияларды орындау;

- барлық органдар тығыз өзара әрекеттесіп тұтас әлеуметтік организмді
қалыптастырады да, қоғамның дұрыс дамуын қамтамасыз етеді;

- үстем құзыреттерге ие, кей кезде күштеу шараларын қолдануы мүмкін;

- үстем өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық
тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті әрекеттерді жүзеге асырады;

- тиісті құрылымы, материалдық базасы, қаржылық құралдарының болуы.

Мемлекеттік органдардың түрлері:

а) мемлекеттік билікті іске асыру нысанына байланысты мемлекеттік органдар:
өкілдік, атқарушы, сот, прокурор және басқа да бақылау-қадағалау органдары;

б) биліктің бөліну қағидасы бойынша: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі
органдары;

в) саты бойынша: федералды, республикалық және жергілікті органдар;

г) өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты: тұрақты (қызмет ету мерзімі
шектеусіз түрде құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету
ұшін құрылады);

д) құзыреттерін жүзеге асыру тәртібі бойынша: алқалы және дара;

ж) қызметінің құқықтық нысандары бойынша: құқық шығармашылық, құқық
қолданушылық және құқық қорғау органдары;

з) құзыреттің сипаты бойынша: жалпы (мысалы, Үкімет) және арнайы құзретті
органдар (мысалы, министрлік).

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

1) Қазақстан Республикасының Заң шығарушы билігі

2) Қазақстан Республикасының министрліктері мен комитеттері

3) Қазақстан Республикасының Агенттіктері

4) Қадағалау және бақылау органдары

5) Қазақстан Республикасының әкімдіктері

Қазақстан Республикасының Заң шығарушы билігі

Заңнама билігі Парламенттің екі палатасынан тұрады. Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда
қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қос палаталы 
Парламенті - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын
Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.  Парламенттiң ұйымдастырылуы мен
қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Республика Конституциясымен,
осы Конституциялық заңмен және Республиканың басқа да заң актiлерiмен
белгiленедi.  Кезекті сайланған Парламенттің өкілеттігі оның бірінші
сессиясы ашылған кезден басталады және келесі сайланған Парламенттің
біріншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады. Бұл орайда Парламент
сайланымының кезектiлігі Мәжіліс сайланымының кезектілігімен айқындалады.
Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланған Мәжіліс депутаттарының
өкілеттік мерзімімен айқындалады.  Парламенттiң және Парламент Мәжілісінің
өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. 
Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және
Мәжiлiстен тұрады.
Сенат
ҚР Парламентінің Сенаты әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан
және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық,
республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді
органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан
құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және қоғамның өзге де елеулі
мүдделеріне өкілдікті қамтамасыз ету қажеттілігін ескере, он бес депутатын
ҚР Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш
жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі –
алты жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан
жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік
дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне
кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Парламенттің
Жоғары палата депутаттарының жалпы саны – 47 адам.
ҚР Парламент Сенатының ерекше өкілеттігі (Парламенттің Жоғарғы палатасы):
  
• Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Республика Жоғарғы
Сотының Төрағасы мен Жоғарғы Сот судьяларын сайлау және қызметтерінен
босату, олардан ант қабылдау;
• Республика Президентінің Республика Ұлттық Банк Төрағасын, Бас
прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына
келісім беру Республиканың Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын,
Жоғарғы Сотының Төрағасын және  Жоғарғы Сот судьяларын ешкімнің
тиіспеуі құқығынан айыру;
• Мәжіліс өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуынан туындаған оның
уақытша болмауы кезеңінде конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдау
бойынша Республика Парламентінің функциясын орындау;
• Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген басқа да міндеттерді
атқару.

Мәжіліс

  Мәжіліс  депутаттарын сайлау жалпылай, теңдік және тікелей және құпия
сайлау құқығы негізінде жүргізіледі. Мәжілістің депутаттық  корпусы
пропорционалды және можаритарлы жүйемен сайланған депутаттармен
жасақталады.  Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын
жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға
бiрдей мүше бола алмайды. Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес
жыл.
ҚР Парламенті Мәжілісінің ерекше өкілеттігі (Парламенттің төменгі
палатасы):
• Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын
қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;
• Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика
Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;
• Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
• Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының министрліктері мен комитеттері

Министрліктер мемлекеттік басқарманың тиісті саласына басшылықты жүзеге
асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары болып
саналады. Министрліктердің құқықтық мәртебесі заңға тәуелді актілердегі
қызмет салаларын реттеуші түрлі заңдарда бекітілген. Министрліктер ҚР
Президентінің бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және тартылады.
Министрлер ҚР Президентінің бұйрығымен қызметке тағайындалады және
қызметтен босатылады. Министрлердің орынбасарлары Премьер-Министрдің
ұсынысы бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау органдарының қызметі
Қазақстан Республикасы қоғамдық Құрлысының конституциялық негіздері
Конституциялық бақылаудың мәртебесі
Мемлекет механизмі және басқару органдары
Жеке тұлғаның, конституциялық құрылыстың, сайлау құқығының конституциялық құқықтық мәртебесі негіздері
Атқарушы биліктің орталық органдары
Конституциялық құқықтың жүйесі
Атқарушылық билік мазмұнының конституциялық- құқықтық дәрежесі. Үкіметтің міндеттері мен атқаратын функциялары
Құқық қорғау органдары туралы
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Пәндер