Орта ғасыр философиясының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері



Философияның негізінен адамзат баласының білімінің, ой-санасының дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда сипатталады, және де дүниеге деген көзқарасты ғылыми – теориялық жағынан карайды. Философиялық көзқарастың мифологиялық көзқарастардан айырмашылығы, нақты фактілерге сүйеніп, логикалық тұрғыдан шешім шығарады, ойды тұжырымдайды. Даму барысында филолсофия үш кезеннен өтті, космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм. Космоцентризм – әлемді ғарыштық тұрғыдын түсіндіреді, ал теоцентризм – әлемді жаратушы Құдай арқылы түсіндіреді, антропоцентризм – негізгі ортақ мәселесі адам болып табылады. Осылардың ішінде теоцентризмде Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшеліктері көбіне кездеседі. Ортағасырлық философиясы– рим империясының күйреуімен, (X ғасыр) , байланысты капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін, XIV – XV ғасырға дейін өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды. Орта ғасыр тұсында қоғамның рухани өмірінің барлық салаларына діни идеологияның бүтіндей үстемдік жасауы философияның дамуына көптеген әсерін тигізді : философия іс жүзінде дін иелерінің қызметшісіне айналды, яғни діни қағидалар мен догматтардың сөзсіз ақиқаттығын дәлелдеп, негіздеуі тиіс болды. Ортағасыр философиясындағы негізгі күрес - философтар екі топқа бөлініп күресті : біреулері жалпы ұғымдар (универсалийлер) жеке, нақты заттардан тәуелсіз, олардан бұрын пайда болған, бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді. Бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдайдеді. Жалпы ұғымдар – универсалийлер реалды өмір сүреді, олар әуелбастан бар деушілер тобы реалистер деп, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталды. Бұл таза объективтік идеалистік бағыт болып табылады. Ал бұларға қарсы екінші ағым жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды, тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді, сондықтан олар алғашқы деп дәлелдеді. Ортағасырлық Шығыс пен Батыс философиялық ойдың даму барысында әрқайсысы өзіне тән ерекшелігімен айқындалып отырды. Ортағасырлақ араб тілдік мұсылман философиясын батыстық философиямен салыстырғанда діннің әсері біршама болмады, бұл жағдай шығыс мұсылман философиясының әртүрлі бағытта дамып, еуропалық ғылым мен философияға қарағанда едәуір алдыға кетіп, әлемдік философия деңгейіне көтеріле алуына негіз болды. Тағы да айтыла кететін мәселе ортағасырлық Шығыс пен Батыс философиялық ойдың даму барысында әрқайсысы өзіне тән ерекшелігімен айқындалып отырды. Ортағасырлақ арабтілдік мұсылман философиясын батыстық философиямен салыстырғанда діннің әсері біршама бәсеңдеу болды, бұл жағдай шығыс мұсылман философиясының әртүрлі бағытта дамып, еуорпалық ғылым мен философияға қарағанда едәуір алдыға кетіп, әлемдік философия деңгейіне көтеріле алуына негіз болды. Бұл ғасырдың философиясын басқаша айтқанда орта ғасыр философиясы теология мен ежелгі философиялық ойдың қосылуын білдіреді. Басталуы осы одақтардың бірігуімен басталып, аяғы осы одақтың ыдырауымен аяқталады. . Сол кездегі сипат бойынша, осы көз қарас надандық, бас айналдырушылық, тарихтағы қара дақ ретінде қабылданды. . Қазіргі кезде басқа тарихи дәуірдің көз қарастары секілді, орта ғасырлық философия да өзінің тиісті бағасын алды.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Пән-Бастау факультеті
Гуманитарлық пәндер кафедрасы
Философия

СӨЖ-эссе

Орта ғасыр философиясының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері

Алматы, 2016
Философияның негізінен адамзат баласының білімінің, ой-санасының дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда сипатталады, және де дүниеге деген көзқарасты ғылыми - теориялық жағынан карайды. Философиялық көзқарастың мифологиялық көзқарастардан айырмашылығы, нақты фактілерге сүйеніп, логикалық тұрғыдан шешім шығарады, ойды тұжырымдайды. Даму барысында филолсофия үш кезеннен өтті, космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм. Космоцентризм - әлемді ғарыштық тұрғыдын түсіндіреді, ал теоцентризм - әлемді жаратушы Құдай арқылы түсіндіреді, антропоцентризм - негізгі ортақ мәселесі адам болып табылады. Осылардың ішінде теоцентризмде Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшеліктері көбіне кездеседі. Ортағасырлық философиясы - рим империясының күйреуімен, (X ғасыр) , байланысты капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін, XIV - XV ғасырға дейін өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды. Орта ғасыр тұсында қоғамның рухани өмірінің барлық салаларына діни идеологияның бүтіндей үстемдік жасауы философияның дамуына көптеген әсерін тигізді : философия іс жүзінде дін иелерінің қызметшісіне айналды, яғни діни қағидалар мен догматтардың сөзсіз ақиқаттығын дәлелдеп, негіздеуі тиіс болды. Ортағасыр философиясындағы негізгі күрес - философтар екі топқа бөлініп күресті : біреулері жалпы ұғымдар (универсалийлер) жеке, нақты заттардан тәуелсіз, олардан бұрын пайда болған, бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді. Бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдайдеді. Жалпы ұғымдар - универсалийлер реалды өмір сүреді, олар әуелбастан бар деушілер тобы реалистер деп, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталды. Бұл таза объективтік идеалистік бағыт болып табылады. Ал бұларға қарсы екінші ағым жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды, тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді, сондықтан олар алғашқы деп дәлелдеді. Ортағасырлық Шығыс пен Батыс философиялық ойдың даму барысында әрқайсысы өзіне тән ерекшелігімен айқындалып отырды. Ортағасырлақ араб тілдік мұсылман философиясын батыстық философиямен салыстырғанда діннің әсері біршама болмады, бұл жағдай шығыс мұсылман философиясының әртүрлі бағытта дамып, еуропалық ғылым мен философияға қарағанда едәуір алдыға кетіп, әлемдік философия деңгейіне көтеріле алуына негіз болды. Тағы да айтыла кететін мәселе ортағасырлық Шығыс пен Батыс философиялық ойдың даму барысында әрқайсысы өзіне тән ерекшелігімен айқындалып отырды. Ортағасырлақ арабтілдік мұсылман философиясын батыстық философиямен салыстырғанда діннің әсері біршама бәсеңдеу болды, бұл жағдай шығыс мұсылман философиясының әртүрлі бағытта дамып, еуорпалық ғылым мен философияға қарағанда едәуір алдыға кетіп, әлемдік философия деңгейіне көтеріле алуына негіз болды. Бұл ғасырдың философиясын басқаша айтқанда орта ғасыр философиясы теология мен ежелгі философиялық ойдың қосылуын білдіреді. Басталуы осы одақтардың бірігуімен басталып, аяғы осы одақтың ыдырауымен аяқталады. . Сол кездегі сипат бойынша, осы көз қарас надандық, бас айналдырушылық, тарихтағы қара дақ ретінде қабылданды. . Қазіргі кезде басқа тарихи дәуірдің көз қарастары секілді, орта ғасырлық философия да өзінің тиісті бағасын алды.
Орта ғасыр философиясы басты ерекшелігі дін проблемасы мен байланыстылығында философияның дамуы батыс христиандық домалы шіркеу конондарын ескере отырып дамыды себебі сол дәуірде мәдениет пен білімнің дамуына дін ықпал етіп отырды. Орта ғасырлық бағытта жалпы идеалистік көз қарас оның басты мақсаты, діннің маңыздылғын адам үшін қажеттілігін дәлелдейді.. Өз проблемаларын , әлеуметтік проблемаларды дінді қорғауға қолдауға бағыттайды, қоғамдық саяси әлеуметтік проблемалар шешуге теологияға жүгінеді. Бұл теологяиның негізгі үш кезеңі бар: 1) әлеуметтік статусының қандай екеніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі; 2) адам-заттың түбі бір; 3) адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философиясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді. Ал енді Августин Аврелийдің өміріне тоқтала кетсем, 354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: Құдайы қала туралы, Жан сыры (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат - болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол - Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды. Ең басты мәселе - космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз - өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз - Құдайды еске алу, біздің танымымыз - Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты. Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның Идеясына жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады, Бірақ Августин Платонның теориясын екі жерден өзгертеді:
1) Идея Құдайдың ойлары;
2) Құдай таза Болмыс ретінде басқа заттардың болмысына қатысты, оларды жасайды. Ақиқат ретінде ол бәріне өзінің сәулесін түсіреді, махаббат ретінде өзіне тартады және адамның жанына тыныштық орнатады.
Августин Идеяны тану жанның ең жоғарғы бөліктеріне ғана, яғни, ақыл-парасатқа ғана тән деп пайымдайды. Себебі, Ақиқатқа жету үшін жан тап-таза, ашық, айқын болуы тиіс.
Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді:
1) Гректердің өзі дүниені жаратушының бар екені туралы идеяны айт-қан. Дүниенің сантүрлілігі мен өзгермелілігі, оның объектілерінің әдемілігі оны ұлы да әсем, көзге көрінбейтін және білінбейтін Құдай жаратқанын дәлелдейді.
2) Екінші дәлел -сопsепsus gепtіиm (адамзаттың ауызбіршілігі). Табиғаты түгелімен бұзылған адамдардан басқа адамзат ұрпағы Құдай дүниені Жаратушы де п мойындайды.
3) Ең жоғарғы бақыт бұл өмірде емес, о дүниеде. Оған Құдайды сүйе алған адам ғана жетеді.
Нағыз адам, Августиннің ойынша, сүйе білген және сүюге лайық адам. Бұл махаббат Құдайға, өзін қоршаған алыс және жақын адамдарға, Құдай-дың бейнесі - заттарға бағытталған болуы керек. Адамның, тұлғаның өлшемі - сүйе білу деңгейі. Философиялық ойлау осы принципке, Құдайға Сенімге негізделген болуы тиіс. Августиннің кейбір ойлары:
Табиғи деп аталып жүрген теология туралы әңгімені кез-келген адам-мен емес, аттары латын тілінен аударғанда даналыққа махаббатты білдіретін философтармен жүргізу керек; даналық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа ғасыр философиясы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Негізгі еңбектері
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті.Византия мәдениеті
Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері
Ортағасыр мұсылман философиясы
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Таным туралы жалпы ұғым философия тарихындағы таным мәселесі
Теориялық дінтану
Пәндер