Республикалық референдум


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Кафедрасы: Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Республикалық референдум
Орындаған: Сапарғали Ұ. М.
ЮСП (к) -101 тобы.
Қабылдаған: Ерболат Қ. Е.
Астана 2013 ж.
Жоспар:
1. Республикалық референдум түсінігі және қағидалары, мәні . . . 3-5
2. Республикалық референдумді белгілеу және оны дайындау . . . 6-9
3. Республикалық референдумді өткізу мен шешімдердің тәртібі . . . 10-12
4. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 13
Республикалық референдум түсінігі және қағидалары, мәні
Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру. Референдум Республиканың бүкiл аумағында өткiзiледi. Референдум оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте емес және үш айдан кеш емес мерзiмде өткiзiледi. Ерекше жағдайларда Республика Президентi референдум өткiзудiң басқа мерзiмiн белгiлеуi мүмкiн.
Республикалық референдум талқысына қойылатын мәселелер:
1) Республика Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарын қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу;
2) Республиканың мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiн шешу қойылуы мүмкiн.
Республикалық референдумның талқысы бола алмайтын мәселелер
мыналар
:
1) адамның және азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығының бұзылуына әкелiп соғатын;
2) мемлекеттiң бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгерту;
3) Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мен шекараларының
4) сот әдiлдiгi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және қоғамдық тәртiптi қорғау;
5) бюджет пен салық саясаты;
6) рақымшылық пен кешiрiм жасау;
7) Республика Президентiнiң, Парламент Палаталары мен Үкiметiнiң қарауына жататын адамдарды лауазымға тағайындау және сайлау, лауазымынан босату;
8) Республиканың халықаралық шарттарынан туындайтын мiндеттемелерiн орындау мәселелерi референдум талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды.
Республикалық референдум өткiзудiң принциптер:
1) азаматтардың референдумға өз ықтиярымен қатысуы және еркiн ашық бiлдiруi;
2) азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бiрдей, тең және төте қатысу құқығы;
3) жариялылық принциптерiне негiзделедi.
Республикалық референдумға қатысу құқығы:
1. Референдумға қатысу құқығы тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез-келген өзге жағдаяттарға қарамастан Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарына берiледi. Сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ. Республиканың өзге азаматтарының референдумға қатысу құқығын қандай да болмасын тiкелей не жанама шектеуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жазаланады.
2. Азаматтар референдумға тең негiздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиiсiнше бiр дауысқа не тең дауыс санына ие болады.
3. Азаматтар референдумға тiкелей қатысады.
Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу кезiндегi жариялылық:
1. Референдумды ұйымдастыру мен өткiзу ашық әрi жариялы жүзеге асырылады.
2. Референдумды өткiзу туралы шешiм мен оған қойылатын мәселе (мәселелер) азаматтардың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткiзiледi.
3. Референдум комиссиялары референдум өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi өзiнiң жұмысы туралы, дауыс беретiн учаскелер құру, комиссиялардың құрамы, орналасқан жерi және жұмыс уақыты туралы, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмi туралы азаматтарды хабарландырады.
4. Референдум өткiзу кезiнде Республика қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатыса алады, олардың өкiлеттiгi Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген тәртiппен куәландырылады. Өкiлдер мен байқаушылардың референдум комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.
5. Бұқаралық ақпарат құралдары референдумға әзiрлiк пен оны өткiзу барысын жария етiп отырады, олардың референдум комиссиялары жанында тiркелген өкiлдерiнiң республикалық референдум өткiзуге байланысты шараларға баруына кепiлдiк берiледi.
Республикалық референдум қарсаңындағы үгiт:
1. Республика азаматтарының, қоғамдық бiрлестiктерiнiң референдумға қойылған мәселе (мәселелер) бойынша жиналыстарда, митингiлерде, азаматтар жиынында, бұқаралық ақпарат құралдарында өз пiкiрiн бiлдiру құқығына кепiлдiк берiледi.
2. Барлық баспа үгiт материалдарында осы материалдарды шығарған ұйымдар, оларды басып шығарған орын мен таралым, оларды шығаруға жауапты адамдар туралы мәлiметтер болуға тиiс. Бұқпантай үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, соғысқа, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылыққа, сондай-ақ қатыгездiк пен зомбылыққа табынуға үгiттеуге жол берiлмейдi.
4. Референдумның қарсаңындағы күн мен референдум өткiзiлетiн күнi үгiт жүргiзуге тыйым салынады. Дауыс беретiн жайлардан басқа жерлерде бұрын iлiнген баспа үгiт материалдарының, плакаттардың бұрынғы орындарында сақталуы мүмкiн.
Республикалық референдумды қамтамасыз ету:
1. Референдум әзiрлеу мен өткiзуге байланысты шығыстар тек қана республикалық бюджет есебiнен жұмсалады.
2. Мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан ұйымдар референдум комиссияларының қарамағына референдум әзiрлеу мен өткiзу үшiн қажет үй-жайларды, жабдықтар мен көлiк құралдарын бередi.
3. Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктердiң, шетел мемлекеттiк органдарының, заңды тұлғалары мен азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың референдумға қатысты шараларды қаржыландыруға және өзгедей қамтамасыз етуге тiкелей немесе жанама түрде қандай да болсын қатысуына тыйым салынады.
Республикалық референдум туралы заңдар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы ;
2) Осы Жарлыққа қайшы келмейтiн бөлiгiнде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы ;
3) осы Конституциялық заң:
4) Орталық референдум комиссиясының нормативтiк сипаты бар актiлерi.
Республикалық референдумді белгілеу және оны дайындау
Республикалық референдум тағайындау жөнiндегi бастамашылық
:
1) Қазақстан Республикасының Президентiнде;
2) Қазақстан Республикасының Парламентiнде болады, ол референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентiне тiлек бiлдiредi. Бастамашылық көтерудi Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселенi әуелi - Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы жүзеге асырады және Парламент Палаталарының тиiстi қаулыларымен ресiмдейдi;
3) Қазақстан Республикасының Үкiметiнде болады, ол референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентiне тiлек бiлдiредi. Бастамашылық көтерудi Үкiмет өзiнiң мәжiлiсiнде мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен жүзеге асырады және тиiстi қаулымен ресiмдейдi;
4) сан жағынан Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде бiлдiретiн республикалық референдумға қатысу құқығы бар екi жүз мыңнан кем емес Республика азаматтарында болады, олар республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Республика Президентiне тiлек бiлдiредi.
Республика Президентi Парламент пен Үкiметтiң немесе Республика азаматтарының бастамашылығы бойынша референдум тағайындау туралы мынадай:
1) референдум тағайындау туралы;
2) референдум өткiзбей-ақ, оның талқысына ұсынылатын мәселе (мәселелер) бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, конституциялық заң, заң немесе өзге де шешiм қабылдау қажеттiгi туралы; 3) референдум тағайындау туралы бастамашылықты қабылдамау туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
Республикалық референдум комиссиясы:
1. Референдумға дайындық пен оны өткiзудi мыналар жүзеге асырады:
1) Орталық референдум комиссиясының функциясын орындаушы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы;
2) аумақтық референдум комиссияларының функциясын орындаушы Қазақстан Республикасының аумақтық сайлау комиссиялары;
3) учаскелiк референдум комиссияларының функциясын орындаушы учаскелiк сайлау комиссиялары.
2. Аумақтық және учаскелiк референдум комиссияларын құру мен олардың құрамын қалыптастыруды тиiстi әкiмдер
Орталық референдум комиссиясының өкiлеттiктерi:
1. Орталық референдум комиссиясы:
1) Республикасының бүкiл аумағында референдум туралы заңның орындалуын бақылауды жүзеге асырады; оның бiркелкi қолданылуын қамтамасыз етедi; өз құзыретi шегiнде Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
2) референдумға дайындық пен оны өткiзудi ұйымдастырады;
3) референдумды ұйымдастыру мен өткiзуге арналған шығыс сметасының жобасын жасайды және оны Республиканың Үкiметiне табыс етедi;
4) референдум комиссияларына басшылықты жүзеге асырады, олардың шешiмдерiн жояды және кiдiрте тұрады; референдумды ұйымдастыру мен өткiзуге арналған қаражатты олардың арасында бөледi;
5) референдум комиссияларын материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң жай-күйiн бақылайды;
6) референдум туралы заңдардың бұзылуы туралы арыздар мен шағымдарды қарайды;
7) дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң, сайлаушылар тiзiмiнiң, қол қою парақтарының, референдум өткiзу үшiн қажеттi өзге де құжаттардың нысандары мен мәтiндерiн; дауыс беру уақытын; референдум құжаттарын сақтау тәртiбiн белгiлейдi ;
8) референдум комиссияларының, мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының референдумға дайындық пен оны өткiзуге байланысты мәселелер жөнiндегi есептерiн, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктер органдарының сайлау туралы заңды сақтау мәселелерi бойынша хабарламаларын тыңдауға хақылы;
9) референдумға дайындықтың барысы туралы азаматтарға хабарлап отырады;
10) Республика бойынша тұтас алғанда референдумның қорытындыларын шығарады, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабар берiлуiн қамтамасыз етедi;
11) референдумның бастамашыл тобын және оның референдумға ұсынатын мәселесiн (мәселелерiн) тiркеудi жүзеге асырады және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабар орналастырады;
12) референдумның бастамашыл тобын тiркеу туралы куәлiктiң нысанын бекiтедi;
13) референдумның бастамашыл тобын тiркеу туралы куәлiк берудi жүзеге асырады, сонымен бiр мезгiлде қол қою парақтарын бередi;
14) осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда бастамашыл топ мүшелерiнiң қызметiн; бастамашыл топтың қызметiн тоқтату туралы және оны тiркеу жөнiндегi куәлiктi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды;
15) осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда жекелеген учаскелерде (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде) референдум өткiзудi жарамсыз деп таниды.
2. Орталық референдум комиссиясының мәжiлiстерi оның мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы.
3. Орталық референдум комиссиясы өз шешiмдерiн оның мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылдайды.
Аумақтық референдум комиссияларының өкiлеттiктерi:
1. Аумақтық референдум комиссиялары:
1) тиiстi әкiмдердiң ұсынуы бойынша дауыс беруге арналған учаскелердi құрады;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң аумағында референдум туралы заңның орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
3) учаскелiк комиссиялардың қызметiн ұйымдастырады, референдум өткiзуге арналып бөлiнген қаражатты олардың арасында бөледi;
4) учаскелiк референдум комиссияларын материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң жай-күйiн бақылайды;
5) референдум туралы заңның бұзылуы туралы арыздар мен шағымдарды қарайды;
6) учаскелiк референдум комиссияларының, жергiлiктi мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының референдумға дайындық пен оны өткiзуге байланысты мәселелер жөнiндегi есептерiн, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктер органдарының референдумға дайындық пен оны өткiзуге байланысты мәселелер бойынша хабарламасын тыңдауға хақылы;
7) учаскелiк референдум комиссияларынан дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамаларды алады, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң аумағындағы референдумның нәтижелерiн шығарады;
8) референдумның бастамашыл тобының қол қою парақтарының осы Конституциялық заңда белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру жүргiзедi.
2. Аумақтық референдум комиссияларының мәжiлiстерi олардың мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы.
3. Аумақтық референдум комиссиялары өзiнiң шешiмдерiн олардың мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылдайды.
Учаскелiк референдум комиссияларының өкiлеттiктерi:
1. Учаскелiк референдум комиссиялары:
1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен белгiленген ережелерге сәйкес республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмiн жасайды, осыған байланысты мәселелердi шешедi;
2) азаматтарды республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды, оларға тиiстi өзгертулер енгiзу туралы мәселелердi шешедi;
3) азаматтарды дауыс беретiн күн, уақыт, орын және оның тәртiбi туралы хабардар етедi;
4) үй-жайларды дайындайды және дауыс беруге арналған кабиналар мен урналардың жасалуын қамтамасыз етедi;
5) референдум өткiзiлетiн күнi учаскеде дауыс берудi ұйымдастырады;
6) учаскеде дауыстың саналуын жүргiзедi және дауыс берудiң нәтижелерiн анықтайды;
7) учаскеде дауыс беруге дайындық пен оны ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды;
8) бюллетеньдердi жарамсыз деп тану туралы шешiм қабылдайды.
2. Учаскелiк референдум комиссияларының мәжiлiстерi олардың мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы.
3. Учаскелiк референдум комиссиялары өздерiнiң шешiмдерiн, осы Конституциялық заңға сәйкес шешiм қабылдау үшiн комиссия мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусы қажет болатыннан басқа реттерде, олардың мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылдайды.
Референдум комиссияларының қызмет жағдайларын қамтамасыз ету:
1. Референдум комиссияларының өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларының орындауы үшiн мiндеттi. 2. Референдум комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы немесе мүшелерi комиссиясының шешiмi бойынша, референдум өткiзуге арналып бөлiнген қаражат есебiнен орташа жалақысын сақтай отырып, референдумға дайындық пен оны өткiзу кезеңiнде өндiрiстiк немесе қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатыла алады. 3. Мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғалары референдум комиссияларының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруында оларға жәрдемдесiп отыруға, жұмысы үшiн қажеттi мәлiметтер мен материалдарды табыс етуге, өзге де көмек көрсетуге мiндеттi.
Республикалық референдумді өткізу мен шешімдердің тәртібі
Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмiн жасау, оған азаматтарды енгiзу, олардың тiзiмге енбей қалу, тiзiмге дұрыс енгiзiлмеу немесе тiзiмнен шығарылып тастау жәйттерiне, онда жiберiлген жаңсақтықтарға шағымдану, сондай-ақ өздерiнiң жүрген орнын ауыстырған жағдайда азаматтардың референдумға қатысу құқығын қамтамасыз ету "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Республикалық референдум өткiзу кезiнде дауыс беру уақыты мен оның орны туралы хабарлау:
1. Дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелiк референдум комиссиясы азаматтарға дауыс беретiн күннен кемiнде он күн бұрын хабарлайды.
2. Дауыс беретiн үй-жайда көрнектi жерде референдумға қойылған мәселенiң, Конституция, конституциялық заң, заң жобаларының, оларға енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың мәтiнi iлiнуге тиiс.
Дауысты санау және республикалық референдум нәтижелерiн анықтау:
1. Учаскелiк референдум комиссиясы дауысты санау кезiнде:
1) учаскедегi республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы санын;
2) бюллетень алған азаматтардың санын;
3) дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы санын;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz