Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Кафедрасы: Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы
СОӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Орындаған: Сапарғали Ұ. М.
ЮСП (к) -101 тобы.
Қабылдаған: Ерболат Қ. Е.
Астана 2013 ж.
Қазақстан Республикасының Президентінің құқықтық мәртебесі.
Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Республика Президентi - халық пен мемлекеттік билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
Республика Президентi мемлекеттік билiктiң барлық тармағының келісіп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.
Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентінің абыройы мен қадр-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады. Президент өкілеттігін қабылдағанда, ант беру президенттік сайлау қорытындысы жарияланған не Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі. Бұл жағдайларда ант беру күнін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы айқындайды. Ант беру салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерінің қатысуымен өткізіледі. Республика Президентi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттік тiлде айтады. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде өткізіледі. Республика Президенті бес жыл мерзімге сайланады. Кезектен тыс сайлауда сайланған Республика Президентінің өкілеттігі кезектен тыс сайлаудан кейін бес жылдан соң желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізілуге тиіс кезекті сайлауда сайланған Республика Президенті лауазымына кіріскенге дейін жүзеге асырылады. Республика Президентінің өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына қолданылмайды.
Республика Президентінің айырым белгiлерi:
1. Республика Президентінің айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгiсi мен байрағы болады.
2. Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгi мен байрақты ресми пайдалану тәртібін Республика Президентi белгiлейдi.
3. Республика Президентi қызметi бойынша «Алтын Қыран» орденiнiң иесi болып табылады.
4. «Алтын Қыран» орденiнiң сипаттамасы, аталған ордендi берудiң негiздерi мен тәртібі Республика заңдарымен белгiленедi.
Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру:
1. Президент науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламенттiң шешiмi арқылы қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн.
2. Президент өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған iс-әрекетi үшiн тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда, яғни соғыс не қарулы қақтығыс кезiнде жау жағына шығып кету, шет мемлекеттiң Республикаға қарсы дұшпандық әрекетiн жүзеге асыруына көмектесу арқылы көрiнген Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында әдейi жасаған жағдайда, жауап бередi және бұл үшiн Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн.
3. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе ол Парламенттiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселе қарап жатқан кезеңде қозғалмайды.
Қазақстан Республикасының Президентi өкiлеттiгiнiң ауысуы:
1. Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына ауысады; Сенат Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған жағдайда ол Парламент Мәжілісiнiң Төрағасына ауысады; Мәжіліс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған жағдайда ол Республиканың Премьер-Министрiне ауысады. Өзiне Республика Президентінің өкiлеттiгiн қабылдаған адам тиiсiнше Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының немесе Премьер-Министрдің өкiлеттiгiн доғарады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiгiн қабылдаған адамның Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларға бастамашы болуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенттерi
Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң мәртебесi:
1. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады.
2. Республиканың экс-Президенттерi құқығы жөнiнде өмiр бойы Республика Конституциялық Кеңесiнiң мүшелерi болып табылады.
3. Республиканың экс-Президентi Республика Парламентi Палаталарының бiрлескен отырыстарына, Республика Президентінің қызметке кiрiсуiне, Республиканың мемлекеттік мерекелерiне арналған салтанатты мәжілістерге және мемлекет өткiзетiн өзге де iс-шараларға қатысуға хақылы.
4. Республиканың экс-Президентiне, оның абырой мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика экс-Президентінің абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғушылық заң бойынша қудаланады.
Республиканың экс-Президенттерiн қамтамасыз ету:
1. Республиканың экс-Президентiн қамтамасыз ету, оған қызмет көрсету және оны күзету мемлекет есебiнен жүзеге асырылады.
2. Республиканың экс-Президентiне өмiр бойы:
1) Республика Президентінің шешiмiмен Республика Президентi лауазымдық жалақысының сексен процентi мөлшерiнде зейнетақы тағайындалады. Бұл ретте Республика экс-Президентінің осы Конституциялық заңның шарттарымен белгiленген зейнетақысы Республика Президентінің лауазымдық жалақысының өсуi ескерiлiп, арттырылып отырады;
2) қажеттi қызмет көрсетiлетiн пәтер мен мемлекеттік саяжай, жеке күзет, жүргiзушiсiмен дербес автомобиль берiлiп, ел iшiнде тегiн жүрiп-тұру, тегiн медициналық, санаторий-курорттық емдеу қызметi көрсетiледi;
2-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке мұрағаты мен жеке кітапханасының материалдары Республика Президенті ретіндегі қызметтік жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экс-Президентінің меншігінде болады.
Республика экс-Президенттерi құқықтарының кепiлдiктерi:
Республиканың экс-Президентi, мемлекетке опасыздық жасаған жағдайларды қоспағанда, өзiнiң Республика Президентi өкiлеттiгiн атқаруымен байланысты iс-әрекетi үшiн жауап бермейдi.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының мәртебесі және өкілеттігі. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда және республиканың басқа заңдарында көзделген өкілеттіктерімен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының саяси-құқықтық мәртебесі, өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының айрықша құзыреттері мен кепілдіктері айқындалады. Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бастауында тұрған және демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанды дамытуға аса зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлану құқығына шектеу қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:
1) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz