ҚР Конституциялық бақылаудың негіздері



Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау институтының калыптасуы.
Конституциялық Кеңес шешімдері
Конституциялық Кеңес шешімдерінің заңдық күші
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қолданыстағы Конституция қабылдануына байланысты жаңа конституциялық бақылау органы – Конституциялық Кеңес құрылды. Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесін айқындайтын негізгі ережелер Негізгі Заңның «Конституциялық Кеңес» деп аталатын VI бөлімінде бекітіліп, Кеңестің құзыреті, бұл органға өтініш беру субъектілері және оның салдары, Кеңестің құрамын қалыптастыру тәртібі, шешімдерінің заңдық күші мен сипаты анықталған. Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметі мәселелері «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңмен нақтырақ реттеледі. Конституциялық іс жүргізудің бірқатар мәселелері сондай-ақ Республиканың процессуалдық және өзге де заңдарында қарастырылады. Конституциялық іс жүргізуді қозғау және материалдарды қарауға дайындау тәртібі, өтініштерді отырыстарда қарау, шешімдер қабылдау тәртібі және өзге де мәселелер Конституциялық Кеңестің қаулысымен бекітілген Регламентпен реттеледі.
1. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдума қабылданды. – Алматы.
3. Конституциялық Кеңес: мәртебесi мен құзыретi // Заң.- 2000.- N 8.- 21-25 б.
4. Рогов И."Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйi туралы" Қазақстан Республикалық Конституциялық Кеңесiнiң Жолдауы // Егемен Қазақстан.- 2009 .- 24 маусым (№ 214/217).- 3 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Кафедрасы: Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы

СОӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: ҚР Конституциялық бақылаудың негіздері

Орындаған: Сапарғали Ұ.М.
ЮСП (к)-
101 тобы.

Қабылдаған: Ерболат Қ.Е.

Астана 2013 ж.
Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау институтының
калыптасуы.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қолданыстағы
Конституция қабылдануына байланысты жаңа конституциялық бақылау органы –
Конституциялық Кеңес құрылды. Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесін
айқындайтын негізгі ережелер Негізгі Заңның Конституциялық Кеңес деп
аталатын VI бөлімінде бекітіліп, Кеңестің құзыреті, бұл органға өтініш беру
субъектілері және оның салдары, Кеңестің құрамын қалыптастыру тәртібі,
шешімдерінің заңдық күші мен сипаты анықталған. Конституциялық Кеңестің
құрылуы мен қызметі мәселелері Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесі туралы Конституциялық заңмен нақтырақ реттеледі. Конституциялық іс
жүргізудің бірқатар мәселелері сондай-ақ Республиканың процессуалдық және
өзге де заңдарында қарастырылады. Конституциялық іс жүргізуді қозғау және
материалдарды қарауға дайындау тәртібі, өтініштерді отырыстарда қарау,
шешімдер қабылдау тәртібі және өзге де мәселелер Конституциялық Кеңестің
қаулысымен бекітілген Регламентпен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциялык Кеңесінің кұқықтык мәртебесі:
құрамы, құру тәртібі, оның мүшелерінін өкілеттіктерінің мерзімі.
Конституциялық Кеңес, Төрағаны қосқанда, жеті мүшеден тұрады, олардың
өкілеттігі алты жылға созылады. Кеңестің Төрағасын және екі мүшесін
Республика Президенті, екі мүшесін – Парламент Сенаты және екі мүшесін –
Парламент Мәжілісі тағайындайды. Республиканың экс-Президенттері құқығы
бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады.
Конституциялық Кеңестiң құрамына отыз жасқа толған, Республика аумағында
тұратын, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс
стажы бар Республика азаматы тағайындала алады. Бұл талаптар Республиканың
экс-Президенттерiне қолданылмайды. Құрылған сәтен бастап Конституциялық
Кеңестің құрамына 22 жоғары білікті заңгерлер тағайындалды, олардың
қатарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (1),
заң ғылымының докторлары (7) және кандидаттары (8), сондай-ақ Президент
Әкімшілігінде, сот жүйесінде, прокуратура және әділет органдарында көп жыл
жұмыс істеген тәжірибелі заңгерлер бар. Конституциялық Кеңестің Төрағасы
мен мүшелері ерекше мәртебеге ие, оларға ешкімнің тиіспейтініне
Конституциямен кепілдік беріледі. Конституциялық Кеңестiң мүшелерi
өкiлеттiк мерзiмi iшiнде ауыстырылмайды. Олардың өкiлеттiгiн Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы Конституциялық заңда
көзделген жағдайларда ғана тоқтатуға немесе тоқтата тұруға болады.
Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң конституциялық iс жүргiзу
мәселелерi жөнiндегi қызметi есеп беруге жатпайды. Олардың қызметiне қандай
болса да араласуға жол берiлмейдi. Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру мәселелерi
бойынша олардан есеп талап етуге ешкiмнiң хақы жоқ.
Конституциялық Кеңес шешімдері. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi
Конституциялық Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын
қорытынды шешiмдер және Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiгiн жүзеге
асыратын басқа да шешiмдер болып бөлiнедi. Шешімдер қаулылар, солардың
ішінде нормативтік қаулылар, қорытындылар және жолдаулар нысанында
қабылданады. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары қолданыстағы
құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Конституциялық Кеңес шешiмдердi
алқалы түрде, өз мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс
беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестiң тiптi бiр мүшесi талап етсе де -
жасырын дауыс беру арқылы қабылдайды. Конституциялық Кеңестің шешімін ол
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша немесе өз бастамасы
бойынша, егер қабылданған шешімге негіз болған Конституция нормасы өзгерсе
не болмаса өтініштің мәні үшін жаңа елеулі мән-жайлар ашылса, қайта қарауы
мүмкін. Конституцияда Конституциялық Кеңес шешімдерінің жалпыға бірдей
міндетті заңдық күші бекітіліп, кешіктірмей қолданысқа енгізілу тәртібі
белгіленген. Конституциялық Кеңес шешімінің түпкіліктігі оның заңдық
күшінің ажырамас сипаты болып табылып, қорытынды қаулы қабылдау арқылы
конституциялық іс жүргізудің қисынды түрде аяқталғанын айғақтайды.
Конституциялық Кеңестің қаулылары тек Конституцияға ғана негізделеді және
өзге нормативтік құқықтық актілердің бәрі оларға қайшы келмеуге тиіс.
Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдерді орындау тәртібі мен мерзімін
белгілей алады. Егер Конституциялық Кеңестің шешімі мемлекеттің шығысты
ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірісті қысқартуды көздейтін болса, онда
Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдерді орындау мерзімін Қазақстан
Республикасының Үкіметімен келісе отырып белгілейді. Конституциялық
Кеңестің шешімін орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы оған тиісті
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар Конституциялық Кеңес белгілеген
мерзімде хабарлайды. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің
шешімдері елеулі құқықтық салдарға әкеп соқтырады. Конституциялық емес деп
танылған заңға және Республиканың шарттарына қол қойылмайды не олар
бекітілмейді және қолданысқа енгізілмейді. Конституциялық емес деп
танылған, соның ішінде адамның және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парламенттік бақылау функциячы
Қоғамның құқықтық жүйесін талдау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары
Жедел-іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Конституциялық құқық әдістері
Конституциялық құқықтың жүйесі
Қазақстан Республикасында унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктері
Мемлекеттегі унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктерін талдау
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Пәндер