Құқық, жеке тұлға, қоғам


Құқық, жеке тұлға, қоғам
1. Мемлекет және құқық теориясының көқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы.
2. Адам және азаматтың құқықтары мен босатндықтарының түсінігі, олардың жүйесі.
3. Қоғам мен мемлекет алдындағы заңды міндеттеме және жауапкершілік
Адам және адамзат құқықтарын қарастырар алдында, "тұлға", "азамат", категорияларының өзара қатыстылықтарын белгілеп алу өте маңызды. "Адам" ұғымы оны биологиялық жағынан қарастырып жануарлар әлемінің белгілі бір физиологиялық қасиеттері бар өкілі ретінде сипаттап барып таниды.
"Тұлға" ұғымы адамды қоғамдағы өзінің орны мен рөлін, оның алдында қаншалықты өзінің жауапты екендігін жете түсінген саналы да дербес адам ретінде бағалап әлеуметтік жағынан сипаттап барып таниды (әр түрлі объективтік-субъективтік себептерге байланысты адамның тұлғалық қасиеттерге (сапаларға) ие бола алмайтын жағдайлары да болуы мүмкін, мысалы, сот адамды психикалық кеселге ұшырауы себепті әрекет қабілеттілігі жоқ деп танығанда солай болады) .
"Азамат" ұғымы адамды нақты мемлекетпен орнықты түрде құқықтық байланыс орнатқан дербес "тұлға" ретіңде заңдық жағынан сипаттап барып бағалайды һәм таниды.
Адам құқығы - адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін жүріс-тұрыстың (мінез-құлықтың) өлшем (шамасы) . Мұның өзі адамның жаратылыстық табиғатынан туындайтын, қарапайым да ең маңызды игіліктерді, тұлғаның осы қоғамда еркін де қауіпсіз тіршілік ету жағдайында, оп-оңай жүзеге асырып пайдалануының мүмкін екендігін білдіретін әмбебап категория болып табылады. Қазіргі кезеңде адам құқығы жалпы әлеуметтік ұғым ретінде түсініледі. Мұның өзі тұлға бостандығы саласындағы ұлттық мүдделерден де жоғары тұрған жалпы адамзаттық талаптар мен стандарттарды бейнелейді, әрі оларды қамтиды.
Адам құқықтарына мынандай белгілер тән болады:
1) бұл құқықтар адамның табиғи және әлеуметтік мәнінің қоғам болмысы жағдайларында үнемі өзгеріп отыратындығын ескеру арқылы туындап өрі қарай дамып отырады;
2) объективті түрде қалыптасып барып пайда болады және мемлекеттің тануына байланысты болмайды (яғни мемлекет тарабының тануына тәуелді емес) ;
3) жеке адамға тумысынан тән болады;
4) ажырамайтын, тартып алынбайтын сипатта болады, табиғи ретінде (ауа, су және т. б. сияқтылар ретінде) танылады;
5) тікелей күші бар болып келеді;
6) ең жоғары әлеуметтік құндылық деп танылады;
7) құқықтың қажетті бөлігі ретінде, оның белгілі бір мәнін білдіретін (яғни бейнелейтін) нысаны түрінде көрінеді;
8) жеке адамға өз білігінше әрекет етуге немесе белгілі бір игіліктерді алып пайдалануға мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді сөйтіп барып адамдар мен мемлекет арасында болатын өзара қатынастарды реттейтін қағидаттар мен нормалар болып қалыптасады;
9) Бұларды тану, бұлжытпай орындау, сақтау және қорғау - мемлекеттің міндеті болып табылады.
Адамның өмір сүруі және оның лайықты тұрмыс жағдайларында тіршілік ету құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуінің өзі-ақ жеткілікті болады. Ал басқа құқықтарын іске асыру үшін ол адамда азамат пен тұлғаға тән қасиеттерінің болуы қажет-ақ.
Сонымен, азаматтық құқық - заң жөне мемлекет тарабынан қорғалатын, әрі заң тұрғысынан алғанда осы азаматтың жүріс-тұрысының шама мөлшері. Енді осы құқық кім көрінгеннің мүддесін қанағаттандыруға емес, тек нақты мемлекетпен тиянақты байланыс орнатқан азаматтың ғана мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған болады.
Азамат құқықтары адам құқықтарына қарағанда әрдайым заңдық категориялар түрінде көрінеді, бұл олардың айырмашылығы болып табылады. Олардың (азамат құқықтарын) мемлекет танымайынша олар заң жүзінде баянды етілмейінше, адамның нақты жақпен байланысы орнамайынша тәуелсіз түрде бар болуы, іске қосылуы мүмкін емес яғни қолданылуы да мүмкін емес.
Тұлға бостандығы - азамат құқығы, мұның өзі қандай да бір кедергінің немесе бір нәрседен қысылудың жоқ екендігін ғана білдіреді.
Азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын жариялау кезеңдеріне сүйеніп негіздегенде оларды әдетте үш буынға бөледі.
Бірінші буын - бұған ХVІІ-ХVШ ғғ. буржуазиялық революциялар жариялаған азаматтық және саяси құқықтар кіреді. Осы құқықтар "негативті" яғни теріс немесе болымсыз деген атауға ие болады. Мұның мағынасы тұлға мемлекет билігіне тәуелсіз дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда оның (тұлғаның) жеке адамға тән бостандық пен өзінің кім екендігін көрсетуіне деген араласпаушылық шегін белгілейді (мысалы, тұлғаның өмір сүруге, бостандыққа және қауіпсіздікке құқықтылығы, тұрған жайының дербестігіне, заң алдындағы тең құқықтылығына, сайлау құқығына, ойлау мен ар-ождан бостандығына, сөз және баспасөз бостандығына және т. б. ) .
Екінші буын - социалистік идеялар мен социализм орнаған елдердің ықпалы негізінде халықтардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени мәртебелерін көтеру мақсатында жүргізген күрестерінің нәтижесінде XX ғасырдың орта шенінде осындай түрде пайда болды. Кейде бұл құқықтарды "позитивтік" деп атайды. Олай болатыны бұларды жүзеге асыру бірінші буындағы құқықтарға қарағандағы өзгешелігі белгілі бір дәрежеде мақсатты әрекеттерге баруды мемлекеттен талап етеді. Яғни оларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шараларды жасауға "позитивтік" түрде кірісуді қажет етеді (мысалы, бұларға енбек ету, еңбекті еркін таңдау, демалыс, тынығу құқықтары, ана мен баланы қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, қоғамдағы мәдени болмысқа қатысу және т. б. құқықтар жатады) .
Үшінші буын - адамзаттың ғаламдық проблемалары туындатқан ұжымдық немесе ортақтық құқықтар. Бұл құқықтар қаншалықты жеке адамдардың әрқайсысынан гөрі тұтастай ұлттар мен халықтарға соншалықты тиесілі (мысалы, бейбіт өмір сүру құқы, лайықты қоршаған ортаға құқықтылық, өзін-өзі билеу немесе өмірдегі, қоғамдағы орнын әркімнің өзінің белгілеуі құқығы, ақпарат алу, әлеуметтік және экономикалық дамуға құқықтылық және т. б. құқықтар) . Құқықтардың осы түрі екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, көптеген елдердің отарлық тәуелділіктен бостандық алу жағдайында, экологиялық ахуалдың дамыған елдер қоғамына тән проблемалардың шиеленісіп асқынуы нәтижесінде туындады және әлі де болса көбінесе өзінің даму кезеңін басынан өткеруде, заңдық міндетті нормалар ретінде қалыптасу сатысында тұр.
Құқық пен тұлғаның сан-алуан байланыстары ең толық түрде құқықтық мәртебе ұғымы арқылы ғана сипатталуы мүмкін. Осы сипаттауларда жеке адамның заңдық болмысының негізгі жақтары қамтылып көрсетіледі. Осының барысында олардың мүдделері мен мұқтаждықтары, мемлекетпен болатын өзара қатынастары, еңбек және қоғамдық-саяси қызметтік әрекеттесулері айқындалады.
Ең қысқаша түрде құқықтық мәртебе ғылымда тұлғаның қоғамдағы заң баянды етіп бекіткен жайы мен күйі ретінде анықталады. Құқықтық мәртебенің негізінде шындыққа негізделген мәртебе жатады, ал құқық болса осы жайды баянды етіп бекітеді, сөйтіп оны заң аясына (шеңберіне) енгізеді, әрі орнықтырады.
Құқықтық мәртебе тұлға құқықтарының, бостандықтарының, міндеттері мен мүдделерінің мемлекет таныған және оған мемлекеттің кепілдіктері берілген жиынтығы болып табылады. Тұлғаның шынайы жай-күйінің тұжырымдалуы түрлі жолдармен сан алуан тәсілдер арқылы бірнеше ерекше құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Мұның өзі адамды қоғамда бар құқықтардың субъектісі деп танудан-ақ, сөйтіп оған ерекше сипатты қасиет беруден басталады. Осыдан кейін ол өзіне лайықты құқықтық қатынастарға кірісуге, өзінің теріс қылықтарына жауапты болуына мүмкіндіктер ала алады. "Мәртебе" сөзін латыншадан аударғанда біреудің немесе заттың, бір нәрсенің "жайы-күйі, қалпы" дегенді білдіреді. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің кіндігін, яғни тұғырлық негізін Конституция және басқалай да маңызды заң актілері мен Адам және азамат құқықтары Декларациясында жарияланған құқықтар, бостандықтар мен міндеттер құрайды. Міне осылар қоғамдағы тұлғаның жай-күйін мемлекеттік істердегі рөлін, мүмкіндіктерін, оған қатысу-қатыспауларын ен алдымен анықтайды.
Құқықтық мәртебенің түрлері:
а) азаматтың жалпы немесе Конституциялық мәртебесі;
б) азаматтардың арнайы немесе тектік мәртебесі;
в) дербес мәртебе;
г) жеке тұлға мен заңды тұлғаның мәртебесі;
д) шетелдік адамдардың, азаматтығы жоқ адамдардың, босқын адамдардың мәртебелері;
е) шет елдерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының мәртебесі;
ж) салалық мәртебелер: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық және т. б. мәртебелер;
з) кәсібилік және лауазымдық мәртебелер (депутат, министр, судья, прокурор мәртебесі) ;
и) түрлі экстремалдық жағдайларда немесе елдің ерекше аймақтарында жұмыс істейтін адамдардың мәртебесі.
Жалпы құқықтық мәртебе - бәрінен бұрын Конституциямен анықталады. Сөйтіп ол ағымдағы әр түрлі жағдайларға (қызмет бабымен ауысуларға, отбасылық жағдайларға, лауазымға, атқаратын қызметке) тәуелді болмайды, елдің бәріне бірдей әрі жалғыз болады. Жалпы құқықтық мәртебе құқық, субъектілерінің бүкіл сан алуандығын, олардың өзгешеліктері мен ерекшеліктерін, айырмашылықтарын ескеруге мұршасы келе бермейді. Сондықтан да көптеген субъективтік құқықтар мен міндеттер оған кірмейді. Өйткені бұлар ол субъектілерде, оның еңбек етуіне, құқықтық қатынастарының сипатына, басқалай да жағдайларының өзгермелілігіне қарай бір жағынан туындап, басқа жағынан тоқтатылып жататындығына байланысты болады. Белгілі бір қоғамның сипаты жөнінде, оның әлеуметтік табиғатын, демократиялылығының дәрежесін, жалпы құқықтық мәртебесін және т. б. зерделеп барып қана пікір айтуға болады.
Арнайы, немесе тектік мәртебе - бұл мәртебе белгілі категорияға жататын азаматтардың (зейнеткерлер, жұмысшылар, шаруалар, мүгедектер) жағдайының ерекшеліктерін көрсетеді. Аталған топтар мен топтамаларға жататын азаматтар жалпы құқықтық мәртебелер аясында өздеріне тиесілі өзгешіліктерге, қосымша құқықтарға, міндеттерге ағымдағы заңдарда алдын ала қарастырылуы бойынша ие болуы мүмкін.
Дербес құқықтық мәртебе - жеке адамның деректерін белгілейді (жынысын, жасын, отбасы жағдайын, атқаратын жұмысын анықтайды) . Әрбір адам өзінің дербес мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін, мүмкіншіліктерін жақсы білуі - құқықтық мәдениеттіліктің белгісі болып табылады. Дербес құқықтық мәртебе жылжымалы, өзгермелі болып келеді. Ол адам болмысында болып жататын өзгерістермен қатарласа бірге өзгеріп отырады. Құқықтық мәртебе күрделі жинақталған сипатта болады. Ол адамның қоғаммен, мемлекетпен, ұжыммен, өзін қоршаған адамдармен жасасқан бүкіл байланыстарын ашып береді. Бүл ұғымның құрылымына мынадай элементтер кіреді:
а) осы мәртебені белгілейтін құқықтық нормалар;
б) құқық субъектілік;
в) негізгі құқықтар мен міндеттер;
г) заңға негізделген мүдделер;
д) азаматтық;
е) заң алдындағы жауаптылық;
ж) құқықтық қағидаттар.
Құқық бар бостандықтың өлшемі, оның нормасы, мүмкін болатынның шегін нұсқау қызметін атқарады. Сонымен бірге құқық осы бостандықтың жүзеге асырылуының кепілі, оның сақшысы және қорғаныс құралы. "Зорлық-зомбылық болмай, заң өз үстемдігін жүргізген кезде бостандық та сонда". Құқық нормалары - бостандық нормалары. Ал осындағы бостандық - заң таныған, мемлекет оны заңдар мен басқадай да актілер түрінде тұжырымдаған бостандық - мәселе міне осында. Бостандық өзіне қажет сүйенішті (тіректі), кепілдікті құқықтан алады, ал тұлға болса өзіне тіректі яғни, кепілдікті құқықтан алады, сөйткенде ғана тұлға өз мүддесін қанағаттандыруына мүмкіндік алады.
Адамның құқықтары мен бостандықтары табиғи және оған тумысынан берілген. Ажырамайтын, ең жоғары құндылық деп танылады. Адамның құқықтарын сақтау және қорғау - мемлекеттің міндеті.
Әркімнің өмір сүруге, денсаулығының болуына, жеке басының қауіпсіздігіне және дербестігіне, ар-намысы және қадір-қасиеті мен ізгі атағының қорғалуына, ой және сөз бостандығына, өзінің пікірі мен сенім-нанымдарын білдіруге, тұрғын мекен-жай таңдауға, меншік алуға, сатып алуға, оған ие болуға, оны пайдалану мен оған иелік етуге, кәсіпкерлік іспен айналысуға, өз елінен басқа елге баруына, одан қайтып келуіне құқылы.
Азаматтардың митингілер, көшеде шерулер мен демонстрациялар өткізу құқығы; мемлекеттік органдарға сайлауға және сайлануға, ақпараттар алуға және оларды таратуға, дербес және ұжымдасып үндеулер (петициялар) беруге, өз еркі бойынша ұлтын анықтау құқықтары бар, және олар заң арқылы баянды етілген. Әлеуметтік және мәдениет салаларында да азаматтарға тиісті құқықтар қаралған (еңбек ету, демалысқа шығу, тынығу, білім алу, әлеуметтік қамсыздандыру, зияткерлік шығармашылықпен айналысу және т. б. ) . Адам құқықтары мен бостандықтары көпшілік мақұлдаған жіктеуге сәйкес әлеуметтік-экономикалық, азаматтық, мәдени және дербестік деп бөлінеді. Жіктеп бөлудің мұндай түрі әлемнің заңдық іс-тәжірибелерінде, сондай-ақ ұлттық құқықтық жүйелерде де қабылданған.
Адам құқықтары мен азамат құқықтарының араларындағы айырмашылықтарға келер болсақ, бүл айырмашылықтардың болуының өз негізі бар.
Біріншіден - адамның құқықтары қайсы бір мемлекеттің таныған-танымағанынан және заңдарда баянды етілген-етілмегеніне қарамастан-ақ сол құқықты иеленушісінен (сақтаушысынан) тысқары қандай да болмасын мемлекетпен байланыссыз-ақ бар бола береді. Ал азаматтың құқығы осы адамның өзі тиісті болып отырған мемлекеттің қорғауында болады.
Екіншіден - жер жүзінде көптеген адамдар азамат мәртебесін тіпті алмағандар (азаматтығы жоқ адамдар), демек олар формалды түрде азамат құқықтарын алмағандар, сондықтан азамат құқықтары оларда жоқ.
Заң ғылымында азаматтардың барлық құқықтары субъективтік құқықтар деп аталады, яғни дербес, ол адамдардың барлығына ғана емес, әркімге де тиісті құқық. Бұл құқық олардың иелерінің (сақтаушыларының) алдынан қаншама түрлі қызметтер атқаруына кең жол, яғни мол мүмкіндіктер ашады. Өздерінің қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға, қандай да бір әлеуметтік игіліктерді пайдалануына, өздерінің заңда көрсетілген талаптарын басқа адамдардың ұйымдардың орындауына деген кең мүмкіндіктер береді.
Субъективтік құқық (яғни жеке адамның өзіне ғана тән дербес құқығы) - бұл мемлекеттің өзі кепілдендірген тұлға яғни жеке адам жүріс-тұрысының (мінез-құлқының) болу мүмкіндігінің (немесе берілген рұқсатының) өлшемі, мөлшері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz