Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Кафедрасы: Мемлекет және құқық теорияся мен тарихы кафедрасы
КОНСПЕКТ
ТАҚЫРЫБЫ: Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік
Орындаған: Сапарғали Ұ. М.
ЮСП (к) -101 тобы.
Қабылдаған: аға оқытушысы,
құқық магистрі Турабаев А. Р.
Астана 2013 ж.
Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері.
Құқықбұзушылық-бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Құқықбұзушылықтың белгілері:
әрекет немесе әрекетсіздік; кінә; құқыққа қайшылығы; зиянды нәтиже; әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс; заңды жауапкершілік.
Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.
Қылмыстар-бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар. Құқықбұзушылықтардың басқа түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңмен аталған қылмыстық әрекеттердің тізімі нақты анықталған және олар кеңейтілген түсінуге жатпайды. Қылмысты жасау жазалауды көздейді.
Теріс қылықтар-әлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген.
Теріс қылықтардың түрлері:
1. Азаматтық-бұл мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар саласында жасалатын, ұйымдарға немесе жеке азаматтарға мүліктік зиян келтіруден көрініс табатын, шарт бойынша міндеттемелерді орындауды, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуды және т. б. білдіретін құқықбұзушылықтар. Олар үшін зиянды өтеу, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіру, орындалмаған міндетті мәжбүрлі түрде орындату сияқты санкциялар және басқа да құқықты қалпына келтіруші санкциялар көзделген.
2. Әкімшілік-бұл заңмен орнықтырылған қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқарушылық-өкімдік қызметі саласындағы қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес қатынастарға нұқсан келтіруші құқықбұзушылықтар. Әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл, ескерту, арнайы құқықтан айыру (мысалы, көлік құралын айдау құқығы) және әкімшілік заңнамамен көзделген басқа да санкциялар көзделген.
3. Тәртіптік-бұл еңбек қатынастары саласында жүзеге асырылатын, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметінің ішкі тәртібіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылықтар. Тәртіптік шаралар Еңбек туралы заңда, әскерилер үшін-Тәртіп туралы жарғыда, лауазымды тұлғалардың кейбір санаттары үшін-арнайы ережелерде қарастырылған. Бұл шараларды кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның әкімшілігі жүзеге асырады.
Құқықбұзушылықтардың барлық түрлері үшін санкциялар көзделген.
Санкциялар құқықты қалпына келтіруші және айыпппұлдық болып бөлінеді. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар міндетті мәжбүрлі түрде орындатуға, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіруге бағытталған, ал айыппұлдық санкциялар құқық бұзушының белгілі бір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттерді жүктеуді немесе оны ресми түрде сынға алуды көздейді.
Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және қағидалары.
Заңды жауапкершілік -бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру) ; ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл) ; б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату) .
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
- оны мемлекет құқықтық нормалард орнықтырады;
- мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді;
- арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;
- жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;
- жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;
- іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;
- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды.
Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқықбұзушылық табылса, оның заңды негізі болып құқық нормасы мен сәйкес құқыққолданушы акт табылады. Құқыққолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мәжбүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқыққолдану актісі ретінде әкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін және т. б. атауға болады.
Заңды жауапкершіліктің қағидалары:
1) заңдылық-жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни, құқықәрекетқабілетті тұлға жасаған кінәлі, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;
2) әділеттілік-жазаның кінәға сәйкестігін, теріс қылықтар үшін қылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін, кінәліге бір құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайындауды білдіреді;
3) негізділік-істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді және нақты жазалау шарасын заңға сәйкес анықтауды білдіреді;
4) ізгілік (гуманизм) -адамның қадір-қасиетін қорлайтын жазалау шараларын белгілеуге және қолдануға тыйым салуды білдіреді;
5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы-жасалған қылмыс үшін заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындайтынын білдіреді;
6) мақсаттылық-құқықбұзушыға қатысты таңдалған жазаның заңды жауапкершіліктің мақсаттарына сәйкестігін білдіреді.
Заңды жауапкершіліктің түрлері. Заңды жауапкершіліктің төмендегідей түрлері болады:
1. Қылмыстық-тек қылмыстар үшін қолданылады; ешкім де сот шешімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмауы және қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Қылмыстық жазалау шаралары-кінәлінің тұлғасына бағытталған мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатаң нысандары-бас бостандығынан айыру, өлім жазасы және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz