Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
Жер шарының түгелдей дерлік аймақтарында көрініс тапқан осы зардаптар адамдар тарапынан олардың қоршаған ортаны сақтауға тікелей тәуелді екндігін түсінуіне, табиғат қорғау проблемасына жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына алып келді. Көптеген жүзжылдықтар бойы адамзат өзінің тіршілігін өндірістің қарқынды дамуымен байланыстырып, алынған өнімнің басым бөлігін өндірісті одан әрі дамытуға жұмсады. Бұдан қорытындылайтынымыз табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және оларды сақтау, қалпына келтіру тірі табиғатты, адамды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінен алшақтағандығында.
Адам - табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адам табиғатқа тәуелді. Сондықтан өзінің өмір сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл жасайтын, аяулы армандарын жүзеге асыратын ортасы, күнкөріс көзі болып табылатын табиғатқа адамның қалай болса солай емес, аялай есіркей қарауы - оның перзенттік міндеті.
Өзектілігі: Жердің бас қасиеті, оны пайдаланудағы әмбебаптылығында. Себебі адамның іс-әрекетінің барлық түрлері жер пайдаланумен байланысты, жер еңбектің предметі және еңбектің жалпы құралы, яғни кез-келген материалдық өндірістің қажетті шарты.
- Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау
Жер - ең нeriзri табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмip сүру ортасы. Қазip адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-iн eгiстік жерлерден, 10%-iн ормандар мен жайылымдардан, 2%-iн теңіз бен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондыктан да ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.
Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271, 7 млн. га, оның ішіндe ауыл шаруашылық жерлері 222, 3 млн. га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналаскан жерлер, өндipic, катынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, орман қорынық жерлері, су қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді.
Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп емес, егістікке жарамды жер 34, 9 млн. га, барлық жердің 12, 8%-i ғана. Жер қорының eдәyip бөлігінің сапасы төмен: 77 млн. га эрозияға ұшыраған; 75 млн. га сортаң жер; егістіктің басым бөлігі ылғалмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген, 58%-тен астамы "қауіпті" (шөлейтті) аймақта орналасқан; жайылымның 69%-i шөл және шөлейтті аймақта, оның 60%-iнің жемдік қоры нашарлаған, 22%-ін тікен және басқа мал жайылымына
жарамсыз өсімдіктер басқан, 15%-i эрозияға ұшыраған.
Суғару жуйелерінің нашарлығынан суармалы жерлерден 23%-i сортаңдаған, 3%-i батпақтанған, 5%-iнің топырағының құнары жойылып кеткен. Жер жырту, өзінде арнасын өзгерту, т. б. шаралар нәтижесінде табиғи шабындықтардың ауданы 30%-ке кеміді.
Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір кебейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары: топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру, батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығыназайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, т, б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану кұрылымын жақсарту.
Ғылыми болжамдар бойынша республикамызда суармалы жерлердің аумағын 2 млн. гектардан 3, 5 млн. гектарға жеткізуге мумкіндік бар. Сортаң жерлерді өңдеп жайылымға, тіптi егістікке айналдыруға болады. Сөйтіп жайылым ауданын 7, 1 млн. гектарға арттыруға мүмкіндік бар. Бүлінген жерлерді ұдайы қалпына келтіріп отыру керек. Есептеулер бойынша жыл сайын 15-16 млн. гектар бүлінген жерлер оңдалуы тиіс.
Жердің ерекше касиеті - топырақтың құнарлылығы. Топырақтың құнарлығы көптеген микроорганизмдердің қатысуымен өздігінен қалпына келеді, 6ipaқ оған ұзақ уакыт керек. 2, 5 см құнарлы топырақ қабаты калыптасу үшін 100 жыл, 6ip қалыпты температурада 90 см топырақ қабаты жасалу үшін 16 мың жыл керек екен. Топырақтың құнарлы кабатының калыптасуына сыртқы ортаның факторлары (ыстық, суық, жел, ылғал, күн, т. б. ) әсер етеді.
Топырақтың құнарлығының өзгеруіне адамдар әрекеті де әсер етеді. Ғылыми тұрғыдан әрекет жасаса, топырақ құнарлығын арттырады, ал жауапсыздықпен қарайтын болса, топырақ құнарлылығын төмендетеді немесе жойып жібереді. Топырақ құнарлылығын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі нeriзri агрономиялық, агротеххникалық, агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралар мыналар:
1. Топырақты эрозиядан (азудан) қорғау. Эрозияның нeriзri үш түpi бар: жел, су және техникалық. Teric емес, тақыр жерлерде жауын-шашын топырақтың құнарлы қабатын жуып кетеді. Ормансыз ашық жерлер, әcipece өнімділігі құртылған (жыртылған) жерлер жел эрозиясына ұшырайды, топырақтың құнарлы кабатын жел ұшырып кетеді. Жерді ауыр техникамен өндеу, жылма-жыл 6ip дақылды егу, техниканың жолсыз жерлермен журуі топырақ эрозиясын күшейтеді.
Шөл және шөлейт аймақтарда маусымдық пайдалану тәртібін сақтамай шамадан тыс мал жаю, техникалардың жүруі өсімдіктердің әcipece құнды өсімдіктердің жойылуын тудырып отыр. Беті ашылған топырақ жел, күн, су эрозиясына ұшырайды, бұл қауіптен қорғанудың басты жолы тоғайлар өcipy, суландыру, реттеп пайдалану. Топырақты эрозиядан корғау үшін жер ерекшелігін, ауа райын, эрозиялық құбылыстың жылдамдығын ескере отырып мынадай шаралар қолданылады:
• ұйымдастырушылық шаралары - айналмалы ericтік, жайылымдарды дұрыс пайдалану, суландыру, жерді пайдалану құрылымын жақсарту;
• агротехникалық шаралар - жерді топырақтың түрінe, қасиетіне сәйкес өңдеу, тыңайтқыш беру, арам шөптерді отау, зиянкестермен күресу және т. б. ;
• егістіктің айналасына қоршаған ормандар өсіру, ыстар жүргізіледі.
6. Топырақты уланудан қорғау - пестицид, гербицид, тыңайтқыштар қолдану мөлшерін реттеу, өндіру, тұрмыс қалдықтарынан қорғay, санитарлық сауықтыру шаралары болып табылады.
7. Құрылыс, жол салу, жер қойнауың барлау, пайдалы қазбаларды өндіру, қалдықтарды орналастыру нәтижесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация) республикамыздың жер қорын едәуір жақсартады.
8. Егістік құнарлы жерлердің ауыл шаруашылық айналымнан шығарылуын болдырмау шаралары заңдастыруды талап етеді. Соңғыжылдары әр түрлі құрылысқа, саяжайға, жолдарға, сауда орындарына, eгістіккe қолайлы, құнарлы тегіс жерлерді, ормандарды бөлу кең етек жайып келеді. Оны заңдастырып тоқтату қажет-ақ.
Аталған жұмыстар арнаулы ғылымдар саласындағы жетістіктерге сүйеніп жүргізіледі. Сонымен қатар бұлар экономикалық шаралар болып табылады. Өйткені жұмсалатын қаржы, материалдық шығындарды есептеп, шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау қажет. Жерді қорғау, тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру ушін экономикалық есептеулер, бағалаулар жүргізіледі. Жердің құндылығын бағалау, қалпына келтіру, қорғay, жақсарту шығындарын анықтау, жерді нарықтық қарым-қатынасқа қосу, т. б. экономикалық есептеулерді, бағалауды талап етеді.
Жер қоры халқымыздың ең басты ұлттық байлығы, сондықтан оның құндылығы ақшалай бағаланып, ұлттық байлықтың құрамында есептеледі. Жер иеленген, пайдалануға, жалға беріледі, жер несиеге кепілдік болады, жер пайдаланушылардан салық, т. б. төлемдер алынады, осының барлығының шамасын анықтау негізінде жердің құндылығы - экономикалық бағалау жатады.
Барлық табиғат байлықтары сияқты жерді экономикалық бағалау негізгі үш түрлі қызмет атқарады:
1. Есептеу. Жер ұлттық байлық ретінде, аймақтардың, кәсіпорындардың, жеке жер иеленушілермен жер пайдаланушылардың өндірістік - материалдық қоры ретінде есептеледі. Жер өндірістің, басқа да құрылымдардың, тұрғын үйлердің, т. б. орналасқан орны, шаруашылық орны ретінде де есептеу алынады.
2. Жер қорын тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру үшін оның бағасы болуы керек және сол арқылы нарықтық қарым - қатынасқа қосылады.
3. Жер бөлімшелерінің сапалық қасиеттері - өнімділігі, орналасу тиімділігі әр түрлі. Құнарлы, тиімді жерлер жеткіліксіз, сондықтан өнімділігі, тиімділігі төмен жерлер де пайдаланылады және жұмсалған еңбектеріне қарамай жақсы пайдаланушылар қосымша пайда табады. Тиімділігіне байланысты әр түрлі жер бөлімшелері әр түрлі бағаланып, жер пайдаланушыларға біркелкі жағдай туғызылады. Сонымен тиімділігі төмен, бірақ халық шаруашылық тұрғыдан қажетті жерлерді пайдалану ынталантырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz