Меншікке ие болудың түсінігі мен тәсілдері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қазақ гуманитарлық заң университеті
СОӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Меншікке ие болудың түсінігі мен тәсілдері.
Орындаған: Сапарғали Ұ. М.
ЮСП (к) -101 тобы.
Қабылдаған: аға оқытушы Естемиров. М. А
Астана 2013 ж.
Меншiк құқығының ұғымы.
Зат құқықтарының негiзiнен меншiк құқығы болатын. Меншiк құқығы әрбiр құқықтың жүйесiнде орталық орында тұрады. Сонымен ол құқықтың басқа тақырыптарға анықтайтын көзi болып шығады. Ежелгi Рум заманынан бастап бiздiң нарықтық экономикалық заманымызда бүкiл қоғамдық-экономикалық қатынастар меншiк қатынастарға негiзделедi.
Ежелгi Румда меншiк құқығы алдымен иелену құқығынан шыққан. Бiраз уақыттың iшiнде осы екi ұғымның айырмашылығы болған жоқ. Меншiк Рум мемлекетiнде жер меншiгiмен басталған. Әрбiр Рум азаматына мемлекет пайдалануға екi Югер жер беретiн. (Югер - жердi өлшейтiн өлшемi. Ол 120 х 240 футтан шыққан. Сонда фут (табан) - 29, 63 см болған. Футты румдықтар Рез деп атаған) . Сонда осы екi югерге рум азаматы ие болған. Одан кейiн иелену құқығы меншiк құқығы болып жерде құрылған, қозғалмайтын заттарға да тараған.
Меншiк құқығына румдықтар Dominium деген термин пайдаланған. Dominium - үстемдiк, үстемшiлдiк мағынасында. Меншiк құқығының румдағы толық атағы “ Dominium ex juris Quritum ” болатын. Квириттердiң құқығы бойынша үстемдiгi. Сонда әрбiр зат бiреудiң билiгiнде болса dominium - да болады деп айтқан. Квириттердiң меншiгi сонда тек қана байырғы рум азаматтарына тараған. Меншiк құқығы dominium- нан басқа proprietas деген сөзбен белгiленген.
Заттың иесi тек қана иелену емес пайдалану және иемдену құқығымен пайдаланған. Сонда меншiктiң мазмұны иелену мазмұнынан кем болып шыққан. (Рум классикалық құқықтану бойынша меншiк құқығы тұлғаның заттарға толық, шектелмеген және толық, қорғау төтенше үстемдiгi болды.
Мқұқығының иесi заттарға толық билiгiнде болса, сол заттармен не iстесе де заңды бұзбай iстеуге құқықта болатын. (Сатып алу, сатып беру, айырбастау, тастау, жою т. б. ) . Бiрақта шектелмеу деген құқықта ешқашан толық болмайды. Өйткенi бiр азамат өзiнiң құқығымен пайдаланса, заң бойынша оның құқығы басқа азаматтардың құқығына зиян келтiрмеуі керек. Мәселен, жер бөлімінің иесi сол бөлiмде көпшiлiктiң жолы болса, басқа азаматтарға сол жолмен пайдалану рұқсат берілу мiндеттi етілген. Сол сияқты шектер меншiк құқықты заң бойынша көп келтiрiлген.
Меншiк құқығы жоғарыда айтылғандай иелену, пайдалану және иемдену құқықтарынан құралған. Оларды jus posessio (иелену құқығы ), jus utendi (пайдалану құқығы) және jus abutendi (иемдену құқығы) деп атаған. Осы үшеуіне төртiншiнi қоссақ рум құқығы бойынша меншiк құқығының мазұмын табамыз. Төртiншiсi - jus fruendi болған. Jus fruendi рум құқығында құқықтардың ерекше түрi, содан соң бiр сөзбен осы терминдi аударуға болмайды. Қысқаша айтқанда jus fruendi заттардың пайдалану, иемдену, құқыққа ие бола отырып жемiсті пайдалану. Мәселен, жер біреудің заты болса сол жерден шыққан өсiмдiктерді пайдалану, мал болса малдың төлiн пайдалану.
Сонда өсiмдіктің жемiсiн, малдың төлiн румдықтар fruit деп атаған. Осыдан jus fruendi - жемiсті пайдалану құқығы болып шықты, ал жемiс “фрукт” түрiнде бiздiң тiлiмiзге де кiрген.
Меншiк құқығының ұғымын, әсiресе мазмұны бойынша тағы бiр анықтамасын беруiмiз керек. Ежелгi румдiк классикалық заңгерлер осы ұғымға бiрдей қараған жоқ. Мәселен Павел меншiктік құқықтан пайдалану құқығын және жемiсті пайдалану құқығын бөлiп шығарса Ульпиан оған қарсы болатын, меншiк құқығы ешқашан бөлiнбейдi деп айтқан.
Меншiк құқығының түрлерi
Меншiк құқығының түрлерге бөлінуi рум құқығының жүйелерге бөлінуімен байланысты. Рум құқығы үш жүйеге (цивилдiк, преторлық, халықтар) бөлiнгенiн ескертейiн. Сонымен тарих бойынша меншiк құқығы да үш түрлi болатын. Алдымен цивил құқығы бойынша цивил меншiгiнiң ұғымы шыққан. Оны квиритердiң меншiк құқығы деп атаған. Dominium ex iure Quritum алдында аталды. Бұл меншiк құқығымен түрi басқа түрлерден бiрнеше белгiлермен ажыраған. Бiрiншiсi квирит меншiгiне тек қана квирит (Рум қаласының ерiктi және ius commercii-ге қатысқан байырғы азаматы) ие болуы мүмкiн.
Екiншiсi - квирит меншiгi тек қана манципация бойынша сатып алынып берiлетiн.
Үшiншiсi - квирит меншiгiнде сол манципация бойынша алынған манциний заттар ғана болатын. Квирит меншiгiнiң қатынастары XII тақтадағы заңдармен бекiтiлген. Сонымен осы меншiк құқығын латиндер, перегриндер пайдаланған жоқ.
Рум қаласы, сонымен рум мемлекетi өскен соң квирит меншiгi, сол меншiктің құқығын пайдалану өте қиын болып шықты. Рум құқығы цивил құқығынан претор құқығына айналған соң, меншiк құқығы да квирит меншiгiнен преторлық меншiгiне айналды.
Преторлық меншiктің басқа атағы - бонитарлық меншiк. Бонитарлық bonus - мүлiк, әлде bona - жақсы деген сөзден шықты.
Преторлар азаматтың iстерін шешкенде тек қана қатал құқыққа қарамай кейбiр iстерге жақсы ниетпен ( bona fidei) қарастырып меншiкке басқаша қараған. Ендi преторлық құқық бойынша мүлiктi тек қана манципация бойынша емес, басқа тәсiлдермен - traditio жай (әдет) бойынша сатып алуға болатын. Традиция бойынша алынбаған заттар талапты қорғаумен пайдаланбаса да преторлық басқа қорғау тәсiлдермен пайдаланған, әсiресе интердиктермин. Манципий емес, заттар тұтас мүлiкке, манципий заттарына қосылатын. Сонда bonus жай мүлiк емес тұтас мүлiк (манципий және манципий емес, заттары бiрге) деп есептелген. Бiрте-бiрте Румда квирит және преторлық меншiктiң түрлерi араласып бiр түрге айналған, оған бонитарлық меншiк атағы қойылған. Бiрақ олай айтсақ та, квирит және преторлық меншiк құқықтарына тек қана Румдiк ерiктi азаматтар ие болған.
Латиндер және перегриндер, жоғарыда айтылғандай, халықтардың құқығын ( jus gentium ) пайдаланған. Халықтар құқығында меншiк құқығының екi түрi болатын. Сонда оның бiреуi- провинциялық меншiгi, екiншiсi - перегриндердiң меншiгi. Провинциялар дегенiмiз Италия елiндегi аймақтар. Солардың iшiнде Лациум, Сицилия, Генуя, Этруссия, тағы басқалары.
Провинциялардағы жер бөлiмдерi жеке меншiкте емес. Рум халқының меншiгiнде есептелген. Осы жер бөлiмдерi латиндерге тек пайдалану құқығымен берiлетiн. Содан соң пайдалану үшiн латиндер және басқа провинциялдар Рум қазынасына ерекше төлеу төлеген. Сол төлеудiң атағы stipendium әлде tributium болған. Жер бойынша келiсiмдер цивиль құқығымен емес, халықтардың құқығымен өткiзiлетiн. Ал провинциялар Рум азаматтығына жетсе, олар әрине, цивиль әлде квирит құқығымен пайдаланылатын ( Mancipatio, traditio ) .
Бiрте-бiрте тарих бойынша меншiк түрлерiнің бар айырмашылықтары жойылған. Квирит преторлық провинциядан және перегриндердiң меншiктерi бiр түрге бiрлескен. Сондай бiрлесу III ғасырдан басталып, IV ғасырда Юстиннiң Кодикстiң шығуымен аяқталған.
Юстиннан кодексі бойынша меншiк баяғы Dominium ex jure Quiritum атағын қайтарып алған. Сонда сатып алу және сатып беру келiсiмдері маниципалциялысыз жай традициясымен бекiтiлуге рұқсатталған. Заттар да манципий және манципий емес заттарға бөлiнбейтiн. Бүкiл Рум мемлекетiнде жер бөлiмдерi мiндеттi түрде тiркелген. Сондай тiркелу transcriptio атағын алды. Тiркелген жер бөлiмдерiн иелерi жер салығын төлеуге мiндеттелген.
Жалпы қауымдық меншiк Рум құқығында аса кең дамыған жоқ, өйткенi румдықтар меншiктік ешқашан бөлiнбейдi деп заң сияқты пiкiр шығарған. Бiрақта өмiр iшiнде меншiктi бөлетiн жағдайдар болатын. Мәселен, мұрагерлiк құқық бойынша бiр зат бiрнеше мұрагерге келсе сол зат бөлiнбей зат болса оны бөлетiн, ал бөлiнбесе бiр затқа бiрнеше ие болып шығады. Осыдан condоminium-дық меншiгiнiң ұғымы пайдаланған.
Меншiк құқығын алу және жою.
Меншiк құқығын алу бiрнеше тәсiлдер мен құқық бойынша бекiтiлген. Сондай тәсiлдердiң түрлерi екi жағынан шығатын. Бiр жағы - алғашқы тәсiлдер, екiншiсi - туынды тәсiлдер. Сонда алғашқы дегенiмiздi бұрын осы заттарға ешкiм ие болған жоқ деймiз, ал туынды бiр иеден басқа иеге берiлген деп айтуға болады.
Алғашқы тәсiлдер осындай болған:
- Оккупация (occupatio) . Заттарды бiреу тауып алса, жабайы жануарларды, құстарды ұстап алса, сонда оккупация тек қана осы заттардың бұрынғы иесi болған жоқ кезiнде заңды болатын. Бiрақ кейде иесi болған сол заттарды өзi керек емес деп тастаған кезiнде заңды түрiнде есептелген.
- Ескiлiк бойынша алу. Бұл затты иесiнiң адал көп уақыт иелiгiнен құқығының табылуы. Сонда алғашқы замандарда ескiлiк мезгiлi жер бөлiмдерге екi жыл, басқа заттарға бiр жыл болатын. Одан кейiн преторлық құқығы бойынша провинциядағы жер бөлiмдерге ескiлiк мезгiлi он жыл, және жиырма жыл егер осы екi иелер басқа жаққа провинцияда тұрған болса бекiтiлген.
- Көмбе табу. Рум құқығы бойынша көмбе тапқан азаматқа бiр жарты шаршы жер иесiне екiншi жартысы берiлетiн.
Туынды тәсiлдердi басқаша екiншi қайтара әлде қосымша тәсiлдерi деп айтуға болады.
Mancipatium және traditio . Осы меншiктiң алу түрлерi бұрын заттардың түрлерiн көрсеткенде анықталған. Екеуiде сатып алу және сатып беруiнiң түрлерi.
Spetificatio- спецификация. Бұл заттың басқа түрге айналдыруы болған. Мысалы жезден, бiлезiк, ағаштан қайық істелсе зат басқа түрге айналады. Сонда жаңа затты iстеген кiсi бұрынғы заттың иесiне оның бағасын төлеп сол затқа ие болатын.
Заттарды қосу. Егер азамат екi әлде бiрнеше заттарды қосып жаңа затты iстеп шығарса, сол азамат жаңадан шыққан затқа ие болатын. Бiрақ та осы тақтайлар, әлде тастар бұрын тұлғаның меншiгiнде болса, бұрынғы заттардың бағасы екi есе бұрынғы иесiне қайтарылатын.
Өсиет бойынша алу. Рум құқығы бойынша мұрагерлiк құқығы екi жолмен алынған: өсиет бойынша және өсиет болмаса заң бойынша. Сонда мұрагер өсиет бойынша алынған мүлiкке өсиет қалдырған. Тұлға қайтқан күнiнен бастап ие болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz