Бір клеткалы жәндіктердің тіршілік ортасы



І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.Қарапайымдылар. Қарапайымдылардың тіршілік ету ортасы ... ... ... ... .6
1.1. Тамыраяқтылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Талшықтылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3. Кірпікшелі инфузориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі.
Біржасушалы жәндіктер- денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін организмдер. Оларды қарапайымдар деп те атайды.
Жай көзге көрінбейтін қарапайым жәндіктердің бар екені XVII ғасырға дейін ғылымда белгісіз болды. 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен голландиялық ғалым Антони ван Левенгук (1632-1723) аталық жыныс жасушасын зерттегеннен кейін ғана қарапайым жәндіктердің түрлері ашыла бастады.
Қарапайымдылар — бір жасушалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір жасушалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады.
Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы — 1,5 мм.
Қарапайымдылардың құрылысы көп жасушалылардың жасушасының құрылысымен бірдей — цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы — эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі — эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады.
Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар жасушаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су жасушаның ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде жасуша жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді. Цитоплазманың орталық бөлімінде ядро орналасады. Қарапайымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты). Ядрода қабықша, ядрошырыны, ядрошық және хромосомалар болады.
1. Дәуітбаева К.Ә ., Омыртқасыздар зоологиясы, 1- кітап, Алматы 2004
2. Түсіпова К.С,. Омыртқасыздар зоологиясы, 1-кітап, Алматы 1999

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Бір клеткалы жәндіктердің тіршілік ортасы

МАЗМҰНЫ
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.Қарапайымдылар. Қарапайымдылардың тіршілік ету ортасы ... ... ... ... .6
1.1. Тамыраяқтылар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Талшықтылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Кірпікшелі инфузориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Кіріспе
Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар
Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі.
Біржасушалы жәндіктер- денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін организмдер. Оларды қарапайымдар деп те атайды.
Жай көзге көрінбейтін қарапайым жәндіктердің бар екені XVII ғасырға дейін ғылымда белгісіз болды. 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен голландиялық ғалым Антони ван Левенгук (1632-1723) аталық жыныс жасушасын зерттегеннен кейін ғана қарапайым жәндіктердің түрлері ашыла бастады.
Қарапайымдылар -- бір жасушалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір жасушалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады.
Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы -- 1,5 мм.
Қарапайымдылардың құрылысы көп жасушалылардың жасушасының құрылысымен бірдей -- цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы -- эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі -- эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады.
Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар жасушаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су жасушаның ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде жасуша жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді. Цитоплазманың орталық бөлімінде ядро орналасады. Қарапайымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты). Ядрода қабықша, ядрошырыны, ядрошық және хромосомалар болады.
Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. Олар, жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары -- pseudopodia (латынша pseudo -- жалған, poda -- аяқ) және жіптәрізді талшықтар мен кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде жасушаның негізгі бөліну тәсілі -- митоз.
Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс жасушаларының (гаметаларының) бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай процесті -- копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған жасушадан -- зигота пайда болады. Зигота диплоидты, өйткені ол екі гаплоидты жыныс жасушаларының (гаметалардың) қосылуы нәтижесінде түзіледі. Жыныс жасушаларының (гаметаларының) мөлшері мен пішіні әр қилы болады. Аталық және аналық гаметалардың мөлшері және құрылысы бірдей болса, бұлардың қосылуын -- изогамия копуляциясы деп атайды, ал үлкендеу келген аналық гамета -- макрогамета, кішілеу келген аталық гамета -- микрогаметамен қосылса -- анизогамия копуляциясы деп атайды.
Қарапайымдылар конъюгация (ядроның қосылуы), ұрпақ алмасуы, шизогония, гаметагония, спорогония жолымен де көбейеді.
Қарапайымдылардың бір ерекшелігі -- қолайсыз жағдайларда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т.б.) жасуша сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Циста күйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда жасуша циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі.
Қоректену тәсіліне қарай карапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, вольвокс т. б.) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады, немесе фотосинтез арқылы қоректенеді.
Гетеротрофты қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен). Кейбір гетеротрофты қарапайымдылар және паразиттік тіршілік ететін карапайымдылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік ететін қарапайымдылардың кейбір түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихомонас, безгек плазмодиясы т. б. жатады. Кейбір қарапайымдылар автотрофты және гетеротрофты тәсілімен қоректене ала-ды, бұларды миксотрофты жәндіктер деп атайды.
Мысалы, жасыл эвглена -- миксотроф.
Қарапайымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді.
Балықтардың тіршілік циклінде қарапайымдылар үлкен рөл атқарады.Көптеген балықтар тіршілік циклінің бас кезеңінде қарапайымдыларды қорегі ретінде пайдаланады.Көп жағдайларда кірпікшелі кебісшемен қоректенеді.Көп жағдайда қарапайымдылармен уылдырықтан жаңа шыққан шабақтар қоректенеді.Бірақ есейгенде балықтар біржасушалылармен қоректенбейді.Балықтардың қорегі ретінде нақты мәліметтерді табу өте қиын.Себебі асқазаның ашып қарағанда қарапайымдылар табылмайды. Балықтарға қарапайымдылар тек қорек қана емес,паразит те болып келеді. Көптеген паразитті қарапайымдылар балықтардың организміне еніп балыққа зиян келтіреді.

Қарапайымдылар. Қарапайымдылардың тіршілік ету ортасы.
Тамыраяқтылар (Rhizopoda) - саркода тип тармағының қарапайымдылары. Денелері бірнеше мкм-ден 3 мм дейін жетеді. Кейбір тамыраяқтылардың, (бақалшықты амебстар, фораменоферлер) сыртқы қаңқасы болады. Екіге бөліну арқылы көбейеді, бірақ кейбір фораменоферлер түрінде жыныстық көбейуі байқалады. Теңіз және тұщы су қоймаларында, шымтезекті мүктер мен топырақта кең таралған. Олардың кейбір түрлері паразиттерге айналған.
Амебаның тіршілік ету ортасы мен құрылысы.
Амеба (гр. Lodosea - өзгергіш) - қарапайымдар типіне жататын тамыраяқтылар класының өкілі. Қабыршақтары мен ішкі қаңқалары жоқ. Денесінің сыртқы пішіні тұрақсыз, көлемі 20 дан 700 мм кейде одан да зор. Жалған аяқтарының пішіні мен ұзындығы әрбір түрге тән (2-сурет).
Амебаның көпшілігі тұщы суларда, топырақта, теңіздерде және аздаған түрлері паразиттік тіршілік етеді. Денесі бірклеткадан құрылады, олардың денесінде қабықша болмайды. Дене пішіндері тұрақсыз: қалақша, саусақ, жебе тәрізді болып келеді. Амебаның дене мөлшері 20 - 700 мкм шамасында (1- сурет). Денесінің кез келген жерінен үнемі өсіп шығатын жалған аяқтары болады. Соның көмегімен қозғалып, қорегін ұстайды. Ұстап алған қорегінің айналасында цитоплазмадан ас қорыту сөлі бөлініп, ас қорыту вакуолясы пайда болады да, онда қорегі қорытылады. Ал қорытылмай, сіңбей қалған қорегі әрбір 5 - 8 мин. сайын денесіндегі көпіршік тәрізді жиырылғыш вакуоля арқылы сыртқа шығарылады. Барлық денесімен тыныс алады
Амебалардың әдетте бір ядросы болады, денесі екіге бөліну арқылы жыныссыз көбейеді. Амебадың тіршілігіне қолайсыз жағдай туғанда оның денесі жұмырланып, сыртынан тығыз қорғаныс қабықша (циста) пайда болады. Ал қайтадан қолайлы жағдай туғанда циста жойылып, бұрынғысынша тіршілік ете бастайды. Амебадың кейбір түрлері омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың организмінде, сондай-ақ адамның тоқ ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлардың ішінде ең зияндысы - дизентерия Амебасы (Entamoeba hіstolytіca). Ол адамды амебиаз ауруына шалдықтырады.

1-сурет.Амеба. (Дофлейи бойынша) А-қорегін ұстаған кезі; Б-жорғалап бара жатқан кезі. 1-эктоплазма, 2-эндоплазма, 3-жұтылған ас бөлшектері, 4-жиырылған вакуоль, 5-ядро, 6-ас қорыту вакуолі.

2-сурет.Амебаның әр түрлеріндегі псевдоподияларының пішіні

Дизентерия амебасы. Дизентерия амебасы адамдар мен омыртқалы жануарлардың ішегінде бактериялармен қоректенетін паразит амебалардың көп түрлері тіршілік етеді,бірақ көбінесе иесіне ешқандай зиян келтірмейді, мысалы адамның ішек амебасы - Entamoeba coli (3- сурет). Бірақ адам ішегінде кездесетін амебаның бір түрі - дизентерия амебасы Entamoeba histolytica бұл ішек колиті-амебииаздың ауру түрін қоздырғышы. Бұл амебаның диаметрі 20-30 мкм, қозғалғыш. Ол адамның тоқ ішегінде тіршілік етеді де, Бактериялармен қоректеніп, ешқандай зиян келтірмейді. Осындай патогенді организмнің ешқандай зияның келтірмеу құбылысын өзімен алып жүру деп атайды. Бірақ кейбір жағдайларда дизентерия амебасы ішектің сілемейлі қабығының астына еніп, тез дами бастайды да , паразитті формаға айналады. Оның мөлшері ұлғайып (60 мкм-ге дейін) иесінің тканьдерімен және эритроциттерімен қоректеніп тоқ ішектің қабырғасына ойық жаралар түсіреді. Осы кезде амеба жедел түрде көбейіп, қан тамырларна еніп, қанның ағысымен бауыр, ми, өкпе сияқты басқа мүшелерге барады. Сол арада амебаның көбею ошағы пайда болып, көптегенбітеу жаралар немесе зиянды ісік пайда болады.
Көпшілік амебалар жаралардан ішекке өтіп қанмен қоректенуін тоқтатып паразит емес формаға көшеді. Ішектің төменгі бөліктерінде амеба цисталарға айналады. Амебаның денесі домалаұтанып, псевдоподияларға жоғалады, ядро екі рет митозды бөлініп, тығыз қабықпен қапталады. Дизентерия амебасының цисталары нәжіспен бірге сыртқа шығарылады. Цисталар өзінің тіршілік қабілетін өте ұзақ уақыт сақтайды, ал таза суда тіпті жарты жылға дейін өлмейтін көрінеді. Цистаның құрғап қалуы тез өлімге душар етеді. Цистаның құрылысы бойынша амебаның құрлысын анықтауға болады. Ішек амебасы Entamoeba coli-дің цистасы сегіз ядролы, ал дизентерия амебасы Entamoeba histolytica-ның төрт ядролы цисталарында өте ашық бояулы хроматоидты денешіктер орналасқан.
Ауру адам тәуілігіне 300 млн-ға дейін дизентерия амебасының цисталарын сыртқы ортаға шығарып, маңайындағыларға жұқтыру қауіпін тудырады. Адамның ішек амебалары бүкіл жер шарында кең таралған.

3-сурет. Адамның ішегінің амебасы (Веньон бойынша) А-дизентерия амебасы, Б-ішек амебасы. 1- ядро, 2-жұтылған бактериялар, 3-жұтылған эритроциттер.
Қабыршақты амебалар - Testacea
Қабыршақты амебалардың жалаңаш амебалардан айырмашылығы денесі қабыршақпен қапталған. Қабыршақты амебалар тұщы суда, су жағасындағы өсімдіктердің арасында , жағаға таяу судың түбінде тіршілік етеді. Бірталайы шымтезек батпақтарында кездеседі.

4-сурет. Қабыршақты тамыраяқтылардың түрлері, (Польянский бойынша).

Қарапайым амеба немесе протейдің тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы. Бұл - жалаңаш амебалардың едәуір ірі денелі түрі, оның дене мөлшері мм-дің 15-34 бөлігіндей болады. Қарапайым амебаның негізгі мекені - су өсімдіктерінің шіріген жапырағы мен органикалық заттары мол суқойма түбіндегі тұнба. Оның тұрақты пішіні болмайды, денесі қоймалжың цитоплазмадан және кішкене ядродан құралған біржасушалы біртұтас тірі шырыштан құралады. Денесінің мөлшері өте кішкене болғандықтан, қарапайым амебаның құрылысы тек микроскоппен ғана анық көрінеді. Біржасушаның ішіндегі цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Цитоплазманың қозғалу әсерінен амебаның денесінде ең алдымен томпақ пайда болып, ол бірте-бірте созылады да, жалғанаяққа айналады.
Амеба жалғанаяқтары арқылы бір жерден екінші жерге жайлап қозғала алады. Жалғанаяқтар өсімдіктің тамыры тәрізді болғандықтан, амебаша қозғала алатын біржасушалы жәндіктерді кейде тамыраяқтылар деп те атайды. Амеба гректің сөзі, қазақша баламасы - өзгергіш деген мағына береді. Жалғанаяқтар дененің әр жерінен пайда болып, қайтадан жойылып тұратындықтан, амебаның дене пішіні үнемі өзгеріп отырады.

Арцелланың құрылысы
5-сурет. Біржасушалы жәндік
Амеба денесін плазмолемма деп аталатын өте жұқа, серпімді жарғақша қабық (мембрана) қаптап тұрады. Жасуша ішіндегі цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Цитоплазманың қозғалысы әсерінен жәндік денесінде ең алдымен іркілдек бүртік пайда болады. Ол бірте-бірте созылып, ұшы тұйық өскінге айналады. Бұл өскін жасушаның бір жерінде тұрақтамайды; ол жерден жоғалып, дененің басқа бір жерінде түзіліп, үнемі осылай өзгереді. Осымен байланысты амеба денесінің пішіні тұрақты болмайды, өзгеріп тұрады.
Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі - арцелла (5-сурет).
Арцелланың да төңкерілген тостағанша тәрізді бақалшағынан сыртқа шығатын дене бөлігі амеба тәрізді үнемі өзгереді. Біресе түзіліп, біресе жоғалып тұратын осы өсінділерді жалғанаяқтар дейді. Бұл аяқтардың пішіні өсімдік тамырына ұқсас болғандықтан, амеба мен арцелла тамыраяқтылар тобына біріктіріледі.
Арцелланың негізгі тіршілік ету ортасы протей амебасымен бірдей. Яғни, су өсімдіктерінің шіріген жапырағы мен органикалық заттары мол суқойма түбіндегі тұнбада.

Талшықтылар. Ташықтылардың мекен ету ортасы.
Талшықтылар класына 6000-нан аса қарапайымдылардың түрлері жатады. Олар тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда және адамның, жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік етіп, қауіпті ауруларды туғызады. Талшықтылардың негізгі белгісі - бір, екі немесе бірнеше талшықтың болуында, бұлар дененің алдыңғы жағында орналасқан, қозғалу қызметін атқарады. Барлық өкілдерінің талшықтарының құрылысы бірдей болып келеді. Талшық жасуша бетінен сыртқа қарай шығып тұратын ұзынша келген бос бөлігінен және эктоплазманың қоюлығына батып тұратын базальды денешік немесе кинетосомадан құралған. Электрондық микроскоп арқылы қарағанда талшықтың күрделі құрылысын да байқауға болады. Оның сыртын үш қабатты мембрана қаптап тұрады, ол жасушаның мембранасының жалғасы, ал мембрананың астында (ішінде) ұзына бойы созылып жатқан 11 жіпшелердің (фибрилдердің) бар екендігі байқалады, екеуі қалың (әрқайсысы 25 нм) орталық фибрилла, ал қалған тоғыз фибрилдері екі орталық фибрилді қоршап жатады. Әрқайсысы екі түтікшеден тұрады. Фибрилдердің толқынды тербелісі арқылы қарапайымдылар қозғалысқа келеді. Талшықтың қозғалу жылдамдығы бір секундта 10-нан 40-қа дейін айналымды жасайды.
Талшықтылардың кейбір түрлері (Rhizomastigina отрядының өкілдері) талшықтарымен қатар жалған аяқтарын (псевдоподияларын) да шығарып амеба тәрізді қозғала алады, бірақ еш уақытта талшықтарын жоймайды. Осы белгі талшықтылар класының саркодиналар класымен жақын екендігін көрсетеді және бұл кластарды бір типке Sarcomastigophora-ға жатқызады.
Талшықтылардың жасушасы сыртынан мембранамен қапталған. Цитоплазмасы сыртқы жұқа мөлдір эктоплазма және ішкі түйіршікті эндоплазмаға бөлінеді. Эктоплазма қабаты тығыздалып пелликула деп аталатын қабықша түзейді, осыған байланысты талшықтылардың денесі өзгермей тұрақты болып келеді. Олар ұршық тәрізді не ұзынша сопақтау, цилиндр, шар, эллипс пішіңдес болып келеді. Кейбіреулерінің құрамында темір тұздары бар сауыттары болады. Талшықтылардың көбісінде жасуша бір ядролы, тек опалинина отрядының өкілдерінде ядролары көп. Жиырылғыш вакуолі жақсы дамыған, бұған қосымша вакуольдері жалғасады. Бұлар зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарады. Кейбір талшықтылардың жасушаларының ішінде хлорофилл пигменттері сіңген хроматофора органоидтары болады, олар фотосинтез қызметін атқарады. Бұл белгілер өсімдіктерге тән қасиет, сол себептен жасыл түсті талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлар арасындағы аралық формасы деп есептейді.
Талшықтылардың арасында колония құрып тіршілік ететін түрлері де кең тараған. Талшықтылардың басым көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді. Ядро митоз әдісімен бөлінеді, содан кейін цитоплазма жасушаның алдыңғы жа-ғынан бастап артқы жағына қарай ұзынынан бойлай екіге бөліне бастайды.
Колония құрып тіршілік ететін талшықтыларда (Uroglenopsis, Sphaeroeca, Volvox туыстарында) жыныссыз көбеюі монотомия және палинтомия жолымен өтеді. Монотомия жолымен бөліну кезінде жасуша екіге бөлінеді. Пайда болған ұсақ жасушалар әрі қарай бөлінбей өседі, барлық органоидтарын түзеп, аналық формасына жетілгеннен кейін ғана тағы да бөлінеді, олар өз кезегінде тағы да өсіп бөлінеді. Талшықтылардың монотомия жолымен пайда болған колониялары көрсетілген.
Палинтомия жолымен бөліну кезінде пайда болған ұсақ жасушалар өспей әрі қарай бөліне береді (мысалы, Volvox туысында).
Талшықтылар жынысты жолымен де көбейеді: Volvox, Polytoma, Pandorina, Eudorina туысындағы өкілдері. Бұларда изогамия, анизогамия копуляциясы кеңінен тараған.
Талшықтыларды қоректену тәсіліне қарай - автотрофты, гетеротрофты және миксотрофты топтарына бөледі.
Автотрофты жолымен қоректенетін талшықтылардың цитоплазмасында жасыл түсті хроматофора органоидтары болады. Осыған байланысты бұлар фотосинтез жолымен қорекгенеді, яғни күн сәулесінің энергиясын пайдалана отырып, бейорганикалық қосылыстардан органикалық заттарды синтездейді, сондықтан қоректенудің бұл тәсілін голофиттік немесе өсімдікше қоректену деп атайды.
Гетеротрофты жолымен қоректенетін талшықтылардың хроматофора ор-ганоидтары болмайды. Олар дайын органикалық заттармен, бактериялармен, бір жасушалы балдырлармен т. б. қоректенеді. Қоректенудің бұл тәсілін голозойлық немесе жануарларша қоректену деп атайды. Паразиттік тіршілік ететін талшықтылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Қоректенудің бұл тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды.
Миксотрофты талшықтылар автотрофты және гетеротрофты жолымен қоректене алады. Мысалы, жасыл эвглена Euglena viridis миксотрофты организм күн сәулесі бар жерде жасыл эвглена хлорофилл дәндері арқылы нағыз жасыл өсімдіктер сияқты қоректенеді, демек көмір қышқыл газынан және судан орга-никалық заттарды синтездеп алады. Эвгленаны органикалық заттарға бай қараңғы жерге орналастырса, онда эвглена өзінің хлорофилл дәндерінің жасыл түсін жойып, дайын органикалық заттармен қоректенуге көшеді. Осыған орай эвгленаның денесінің алдыңғы жағында ауыз тесігі мен жұтқыншағы дамыған.
Талшықтылар класы қоректену тәсіліне қарай екі класс тармағына бөлінеді: фотосинтезге бейім, өсімдіктектес талшықтылар - Phytomastigina және гетеротрофты жануартектес талшықтылар - Zoomastigina. Phytomastigina класс тармағына төрт отряд жатады: эвгленалар - Euglenoidea; хризомонадалар - Chrysomonadina; сауыттылар - Dinoflagellata; фитомонадалар - Phytomonadina. Zoomastigina класс тармағына алты отряд жатады: жағалы талшықтылар - Choanoflagellata; тамыр талшықтылар - Rhizomastigina; кинетопластидалар - Kinetoplastida; көпталшықтылар - Polymastigina; гипермастигиналар - Hypermastigina; опалининалар - Opalinina.

Талшықтылар класы - MASTIGOPHORA немесе FLAGELLATTA

Жануар тектес талшықтылар
Өсімдік тектес талшықтылар

Хризомондалар отряды
Жағалы талшықтылар отряды

Сауыттылар отряды
Тамыраяқты талшықтылар отряды

Эвгленалар отряды
Кинетопластидалар отряды

Фитомонадалар отряды
Көпталшықтылар отряды

Гипермастигиналар отряды

Опалинина отряды

Кинетопластылар- Kinetoplastida. Паразит кинетопластылардың ішінде көпшілік омыртқалылардың қанды паразиті-трипанозомалар ерекше орын алады. Бұлардың ұзындығы 20-70мкм, денесінің екі шеті сүйірленген таспа тәрізді, тербелмелі жарғағы бар бір талшықты кішкене талшықтылар. Трипаназомалар (Trypanosoma) - қарапайымдардың талшықтылар классы, кинетопластидалар отрядының бір туысы (6-сурет). Трипаносомалардың 10-нан астам түрі белгілі. Дене мөлшері 1,4 - 2,4x1,5 - 40 мкм. Пішіні ұршық тәрізді, бір ядролы. Көлденең бөліну арқылы жыныссыз көбейеді. Трипаносомалар адамдар мен омыртқалы жануарлардың қанында, жұлынында және тіндерінде тіршілік етеді. Қозғалмалы трипанозомдарды ауру адамның қанынан, лимфа безінен және жұлын сұйықтығынан көруге болады. Трипанозома ауруынның негізгі таратушысы цеце ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайымдылардың клетка құрылысын, көбею жолдарын, систематикасын табиғаттағы маңызын зерттеу
Организм және қоршаған орта
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары
Алматы облысы Іле ауданында жүзімді зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары
Бүлдірген аурулары
Өсімдіктану (ботаника)
Зоология пәні мен оның міндеттері
Жануарлардың тіршілік ортасы
Организмдердің орта жағдайларындағы морфологиялық – экологиялық адаптациялары
Пәндер