Шаян тәрізділер



І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.Шаян тәрізділердің құрылысы мен физиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1.Шаян тәрізділердің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.2.Шаян тәрізділердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Шаянтәрізділердің 30000-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бентосты (су түбінде мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.
Денелерінің ұзындығы 1-2 ммден 80 смге дейін. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден, оларда екі жұп мұртшалары: акронның өсінділері -антеннулалары (апгешшіа) және денесінің бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары - антенналары (апгеппа) болады. Соған орай оларды антенна I және антенна II деп атайды. Екіншіден, тек шаянтәрізділерде ғана аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы сақталған. Мұндай аяқ екі буыннан протоподит (ргоtоpodit) пен базиподит (basipodit) және екі буындалған бұтақтан - экзоподит (ехорodit) және эндоподиттен (епdopodit) тұрады. Сонымен қатар, протоподитте тыныс алу қызметін атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері (ерірodit) бар . Бірақ, эволюция барысында аяқ құрылысының мұндай бастапқы типі елеулі өзгерістерге ұшырағандықтан аяқтары көбінесе бір бұтақты.
1. Дәуітбаева К.Ә ., Омыртқасыздар зоологиясы, 1- кітап, Алматы 2004
2. Қазақ энциклопедиясы,3 том
3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
4. Түсіпова К.С,. Омыртқасыздар зоологиясы, 2-кітап, Алматы 1999

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Шаян тәрізділер

МАЗМҰНЫ
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.Шаян тәрізділердің құрылысы мен физиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1.Шаян тәрізділердің дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.2.Шаян тәрізділердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе

ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - СRUSTAECEA
Шаянтәрізділердің 30000-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бентосты (су түбінде мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.
Денелерінің ұзындығы 1-2 ммден 80 смге дейін. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден, оларда екі жұп мұртшалары: акронның өсінділері -антеннулалары (апгешшіа) және денесінің бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары - антенналары (апгеппа) болады. Соған орай оларды антенна I және антенна II деп атайды. Екіншіден, тек шаянтәрізділерде ғана аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы сақталған. Мұндай аяқ екі буыннан протоподит (ргоtоpodit) пен базиподит (basipodit) және екі буындалған бұтақтан - экзоподит (ехорodit) және эндоподиттен (епdopodit) тұрады. Сонымен қатар, протоподитте тыныс алу қызметін атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері (ерірodit) бар . Бірақ, эволюция барысында аяқ құрылысының мұндай бастапқы типі елеулі өзгерістерге ұшырағандықтан аяқтары көбінесе бір бұтақты.

1.1.Шаян тәрізділердің құрылысы мен физиологиясы
Құрылысы мен физиологиясы. Шаянтәрізділердің денесі негізінен бас (cephflon), кеуде (гһorax) және құрсақ (аbdomen) бөлімдерінен тұрады, бірақ бас бөлімі келесі кеуде бөлімімен бірігіп кетіп баскеуде (серһalothorax) бөліміне айналған. Сондықтан шаянтәрізділердің басым көпшілігінде денесі нақты дифференцияланған екі бөлімнен құралған: баскеуде және құрсақ.
Дене құрамына кіретін сегмент саны, басқа буынаяқтылармен салыстырғанда алуан түрлі: 5-8-ден 50-ге дейін.
Бас бөліміндегі сегменттерінің саны тұрақты, яғни барлық шаянтәрізділердің басы акрон және 4 сегменттен құралған. Акрон болжам бойынша, арғы тегінің (көпқылтанды буылтық құрттардың) простомиум бөлігі, ал оның өсіндісі - антеннулалары немесе I антенналары пальпилерінің гомологы. Антеннула - мұртшалардың бірінші жұбы басының алдыңғы бөлімінде, ауыз тесігінің алдында орналасады, бірқатар буындардан тұрады және негізінен бір бұтақты. Тек кейбір жоғарғы сатыдағы шаяндарда олар екіге (мысалы, өзен шаянында), кейде тіптен үшке ажырайды.
Антеннулалар сезу, әсіресе иіс сезу мүшелері, бірақ кейде жүзу үшін де жұмсалады.
Акроннан кейінгі 4 сегменттердің әрқайсысында бір жұп түрі өзгерген аяқтары болады. Солардың ішінде бірінші сегменттің аяғы ұзарып антенна деп аталатын мұртшаға айналған. Бұлар мұртшалардың екінші жұбын құрайды және антенна II деп аталады. Олар әр түрлі қызмет атқарады. Рһуllopoda отрядына жататын су бүргелерінде ол жүзу үшін қолданылады. Жоғарғы сатыдағы шаяндардың көпшілігінде олар сезім мүшелері. Сондықтан олардың антеннасының эндоподиті ұзын буындалған сезімтал "қамшы" түрінде болса, экзоподиты қысқа қорғаныш тақта түрінде болады.
Бас аяқтарының екінші жұбы - мандибулалары - негізгі тамақ үгіту қызметін атқарады. Көптеген шаянтәрізділердің личинкасы науплиуста ол екі бұтақты және ерекше шайнағыш өсіндісі бар. Ересек түрлерінде мандибулалардың осындай түрі сирек сақталады. Негізінен екі бұтағы редукцияға ұшырайды (немесе эндоподит қыска қармалауыш түрінде калады), ал протоподит өзінің шайнағыш өсіндісімен жуан, үшкірленген жоғарғы жақ аппаратын түзейді.

1-сурет. Өзен шаяны
А - аяқтарының құрылысы,
1 - антеннула, 2 - антенна, 3 - мандибула, 4 - максилла-І, 5 - максилла-П,
6-8 - жакаяқтары, 9-13 -жүру аяқтары (9 - қысқышы), 14-18 - құрсак аяқтары,
19 - жүзу тақтасы;
Б - ішкі құрылысы; 1 - күрделі көзі, 2 - қарын, 3 - бауыр,
4 - үстіңгі қүрсақ артериясы, 5 - жүрек, 6 - алдыңғы артериясы, 7 - желбезек,
8 - аналық без, 9 - құрсақ нерв тізбегі, 10 - күрсақ бүлшықетгері,
11 - антеннула, 12 - антенна, 13 - артқы ішек
Мандибулалардан кейін бастың 3-ші және 4-ші сегменттерінде 2 жұп астыңғы жақтары немесе бірінші және екінші максиллалары орналасқан. Олар негізінен протоподит буындарындағы шайнағыш өсінділері бар нәзік жапырақ тәрізді аяқтар түріңде болады.
Аяқтарының қызметіне және орналасуына қарай бас сегменттері де антеннальды, мандибулярлы, максиллярлы І-ІІ деп те аталады.
Шаянтәрізділердің басым көпшілігінде акрон және 4 сегменттері бір-бірімен тұтасып бас қалқаншасына - гнатоцефалонға айналған.
Кейбіреулерінде бас қалқаншасы алдыңғы кеуде сегменттерімен тұтасқан. Мысалы, өзен шаянында бас қалқаншасы үш кеуде сегментімен біріккен, соған байланысты сол сегменттердің аяқтары қоректі үгіту процесіне қатысады да жақаяқтары деп аталады.
Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде (мысалы, жапырақаяқтыларда) акрон тек антеннальды (бірінші) сегментпен тұтас қосылып протоцефалон деп аталатын алғашқы бас бөлімін құрайды. Қалған үш жақ сегменттері басымен қозғалмалы түрде байланысқан, жігі айқын.
Шаянтәрізділердің әр түрлі формаларында кеуде және құрсақ сегментерінің саны бірдей емес, тек жоғарғы сатыдағы шаяндарда (класс тармағы - Маlасоstrаса) сегменттер саны тұрақты: кеуде бөлімінде - 8, құрсақ бөлімінде - 6. Бас сегменттерімен бірге санағанда жалпы саны 18-ге тең. Құрсақ бөлімінде аналь тесігімен аяқталатын аналь қалқаны немесе тельсоны бар. Кейбіреулерінің тельсонында айырша немесе фурка жасайтын жұп өсінділері орналасады.
Шаянтәрізділердің кеуде аяқтары негізінде қозғалыс (локомоторлық) мүшелері, сондай-ақ қорегін ұстау, тыныс алу процесіне де қатысады. Аяқтарының атқаратын қызметіне байланысты, олар түрліше құрылған. Мысалы, өзен шаянында кеуде аяқтарының үш жұбы жақаяққа, төртінші жұбы жемтігін қысып ұстайтын күшті мүшеге қысқышқа айналған, қалғандары жүру аяқтары.
Құрсақ аяқтары тек жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділерге ғана (класс тармағы - Malacostraca) тән және олар екі бұтақты, аталықтарында түтікше тәрізді шағылыс, ал аналықтарында жұмыртқа құрсағына жинап, бекітіп қоятын мүшеге айналған. Онаяқты шаяндарда (Decapoda отряды) құрсақ аяқтарының соңғы жұбы тельсонмен байланысты және артымен алға қарай қозғалыста маңызды қызмет атқаратын күшті тақталы құйрық аяқтарына - уропо-даларға айналған.
Жабыны. Шаянтәрізділердің бүкіл денесі сыртқы қанқа түзетін хитинді кутикуламен қапталған. Кутикуланың астында гиподермальды эпителий қабаты және базальды мембрана жатады. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде хитинді кутикуласы жұмсақ әрі мөлдір, ал жоғарғыларында құрамында СаС03 тұзының көптігінен ол қалың, қатты және мықты. Суда тіршілік ететіндіктен шаянтәрізділерде денеде ылғалды сақтап тұратын кутикуланың ең сыртқы қабаты -эпикутикуласы дамымаған. Осы ерекшелігі құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділерде де сақталған. Сондықтан олар ылғалы мол жерлерде ғана тіршілік етеді.
Кутикула қабаты сыртқы қаңқаның қызметін атқарады, жануарды сыртқы әсерлерден сақтайды және әр түрлі бұлшықет тіреулерінің негізгі нуктелері болып келеді.
Өзен шаянында басының желке және бүйір шеттері бас қалқаны немесе карапакс (саrарах) деп аталатын жалпақ өскіндерді береді, Ол дененің бүкіл кеуде бөлімін арқа және бүйір жағынан қаптап жатады. Маңдайы өткір әрі істік рострумға (гоstrum) айналған. Ол мұртшаларды және сабақшалы, қозғалғыш күрделі екі көзінің түбін бүркейді. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділердің карапаксы ұзарыңқы, бүкіл денені сыйғыза алатын қосжақтаулы бақалшаққа айналған немесе барлық дене сегменттерімен қосылған.
Бұлшықеттері басқа буынаяқтылардағыдай көлденең жолақты талшықтардан тұрады. Бұлар өзара қаңқаның әр түрлі нүктелерін байланыстырады. Олардың бір ұшы дененің бір сегментіне немесе аяқ буынына жалғасса, екіншісі басқа сегменттің қабырғасына бекінеді. Қосжақтаулы бақалшағы бар шаяндарда (Ostracoda класс тармағы) бір жақтаудан екіншіге көлденеңінен өтетін ерекше тұйықтағыш бұлшықеті болады.
Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген (2-сурет). Ішегі тік немесе аздап иілген түтік түрінде болып, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектерден тұрады. Аналь тесігі тельсонның құрсақ бөлімінде орналасқан.
Ішектің алдыңғы және артқы бөлімдері сыртқы хитинді кутикуланың жалғасымен қапталған, яғни эктодермальды. Түлеу кезінде осы кутикулалар да жаңарып ауыз және аналь тесігі арқылы түтік түрінде шығады. Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділердің Decapoda - отряды алдыңғы ішегі кеңейіп қарынға айналған. Ол кардиальды немесе шайнағыш және пилорикалық бөлімдерге ажыраған. Қарынның кардиальды бөлімінің арқа және бүйір қабырғаларындағы кутикуласы қалындап, ізбест сіңген шеті үшкірленген үш күшті шайнағыш тақталарына айналған. Солар арқылы ас үгітіледі. Ал пилорикалық бөліміндегі жіңішке кутикулярлы өсінділер ұсақталған қоректік заттарды нығыздап (престеп) және сүзіп келесі ортаңғы ішекке шығарады.
Ортаңғы ішегі түтік тәрізді, оның екі жақ бүйірінде төмпешіктері немесе өсінділері болады. Осы өсінділерден ас қорыту ферменттері бөлініп, сұйық ас ботқасы қорытылады. Бұларды бауыр қосалқысы деп те атайды. Олар түрлі дәрежеде тарамдалған немесе ұзын түтікті қапшық түрінде болады. Өзен шаянының екі қалқанды бауыры әрбір жақтан ортаңғы ішекке ашылатын, бір өзекке құйылатын көптеген ұсақ түтікшелерінен құралған. Бауыр сөлі ортаңғы ішектен шайнағыш қарынға барады. Шаяңдардың бауыр секреті органикалық заттарды: май, белок, көмірсуларды ыдыратады. Безді қызметінен басқа, шаяндардың бауыры фагоцитозға да қабілетті, яғни бауыр клеткалары ұсақ қоректік заттарды қармап алып клетка ішінде қорытады. Бауыр қосалқысы мен ортаңгы ішектің арасындағы корреляцияны, яғни өзара байланысты, тіпті тәуелділікті байқауға болады. Неғұрлым бауыр қосалқысы нашар дамыса, солғұрлым ортаңғы ішек ұзынырақ болады және керісінше. Мысалы, өзен шаянының ортаңғы ішегі, бүкіл ішектің 120 бөлігін ғана құрайды. Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасады, ол түзу түтік тәрізді, аналь тесігімен аяқталады. Кейбір паразиттік тіршілік ететін шаяндарда, мысалы, Sacculina-ның ішегі толығымен жойылған. Шаянтәрізділер әр түрлі ұсақ организмдермен және өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді.

2-сурет. Өзен шаянының ас қорту өзегі: 1-қарын, 2- қарынның пилорикалық бөлімі, 3-ортаңғы ішектің бітеу дорзальды өсіндісі, 4- ортаңғы ішек, 5-ортаңғы ішекті артқыдан бөліп тұратын білеу, 6-артқы ішек, 7- бауыр жолы, 8,9 қарынның қабырғасындағы жалдар.

2-сурет. Өзен шаянының ас қорту өзегі: 1-қарын, 2- қарынның пилорикалық бөлімі, 3-ортаңғы ішектің бітеу дорзальды өсіндісі, 4- ортаңғы ішек, 5-ортаңғы ішекті артқыдан бөліп тұратын білеу, 6-артқы ішек, 7- бауыр жолы, 8,9 қарынның қабырғасындағы жалдар.

Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі екі жұп безді мүшеден тұрады: антеннальды және максиллярлы. Антеннальды бездер жоғарғы сатыдағы (Маlacostraca класс тармағы) шаяндарда болады, ал қалғандарында - максиллярлы, тек Lерtоstrаса отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің екеуі де болады. Безді мүшелер түрі өзгерген целомодукталар. Антеннальды және максиллярлы зәр шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше қапшықтан және одан басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден тұрады. Түтік бірнеше иірім жасап кеңейген қуысқа - қуыққа ашылады ( 3-сурет). Қуық қысқа өзегімен антенналарының түбінде (антеннальды без) немесе П-ші максиллаларының (максиллярлы без) түбіңде ашылады.
3 сурет. Өзен шаянының антенна безі: 1-қуық, 2-зәр шығару тесігі, 3,4,5 - өзектің әр түрлі аймақтары, 6-целомды қапшық.
3 сурет. Өзен шаянының антенна безі: 1-қуық, 2-зәр шығару тесігі, 3,4,5 - өзектің әр түрлі аймақтары, 6-целомды қапшық.

Тыныс алу жүйесі. Көптеген ұсақ шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшелері жоқ. (Оstracoda Maxillopoda класс тармағы) - олар бүкіл денесімен тыныс алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер. Олар аяқтардың протоподиттерінен басталатын тақталы немесе бұтақталған жұқа қабырғалы өсінділері -эпиподиттер. Негізінен олар (Аmphipoda отряды) кеуде аяқтарында дамыған. Decapoda отряд өкілдерінің желбезектері алдымен кеуде аяқтарының протоподиттерінде дамып, соңында дененің бүйір қабырғасына ауысып, бас қалқаншасындағы бүйір шеттерінің астында, ерекше желбезек қуысында орналасады. Сонда Dеcapoda-ның желбезектері ұзына бойы қатарласып орналасады. Бірінші қатардағы желбезектері аяқтардың протоподиттеріндегі алғашқы тәртібін сақтайды, екінші қатардағы - протоподиттердің денемен байланысқан жерлерінде, ал үшінші қатардағылары дененің бүйір қабырғасында орналасады.
Су желбезек қуысына бас қалқаны мен дене арасындағы саңылауы арқылы бір жағынан кірсе, екінші жағынан шығарылады және де осы бағыт өзгеруі мүмкін. Суды желбезек қуыстарына айдайтын, минутына 200 қозғалыс жасайтын, екінші максилланың ерекше өсіндісі. Басқа жоғарғы сатыдағы шаяндарда (мысалы, Isopoda отряды) желбезектері кеудесінде емес, құрсақ аяқтарында дамиды. Желбезектерінің ішіне гемолимфа құйылатын дене қуысы жалғасады, желбезектердің кутикуласы өте нәзік болғандықтан, газ алмасу оңай өтеді.

Қан айналу жүйесі ашық типті (5 сурет). Гемолимфа қан тамырларының ішінде қозғалып, кейін арнайы қабырғалармен шектелмеген дене қуысының бөлімдері - синустарға құйылады.
Аса қарапайым формаларында жүрегінің құрылысы метамерлі: ол әрбір сегментінде жұп остиясы бар бүкіл дененің арқа жағымен ұзына бойы созылатын түтік (кейбір желбезекаяқтыларда). Бірақ Cladocera-да (Рһуllopoda отряды) жүректің қанды араластыруға ғана қабілеті бар, бір жұп остиясы бар, қапшық деңгейіне дейін қысқаруы байқалады. Жоғарғы сатыдағы шаяндарда да ұзын түтікті жүрегі бар формалары болады (Аmphipoda және ауызаяқты шаяндар -Stomatopoda отряды). Онаяқтылардың Dеcapoda отряды), мысалы, өзен шаянының үш жұп остиясы бар қысқа жүрегі болады.
Қан айналу жүйесі тыныс алу мүшелерінің даму деңгейімен белгілі дәрежеде байланыста. Егер, желбезек қызметін кеуде аяқтарының эпиподиттері атқарса, онда жүрек түгелімен кеудеде жатады, ал тыныс алуға құрсақ аяқтарының эпиподиттері жұмсалса, жүрек құрсақта орналасады.
Жүректің алдыңғы, ал кейде артқы шетінен де алдыңғы және артқы аорталар деп аталатын ірі қан тамырлары басталады. Қан айналудың тәсілдері алуан түрлі. Солардан өзен шаянының қан айналу жүйесін қарастырайық. Перикардия қуысындағы жүректен бірнеше ірі қан тамырлары тарайды: алдыңғы аорта (қолқа); антеннальды артериялар; жоғарғы және төменгі құрсақ артериялары; нерв асты артериясы. Осы қан тамырлары тарамдалып, кейін үзіледі де, ішіндегі гемолимфа сұйықтығы миксоцель қуысына құйылып ішкі мүшелерінің арасымен өтіп, оттегін таратады. Дене қуысынан веналық қан (көмірқышқыл газына бай) венозды қан тамырлары арқылы желбезектерге барады, сол жерде гемолимфа оттегіне қанығады да, желбезек қан тамырлары арқылы перикардийге, одан әрі остий арқылы жүрекке құйылады.
Көп жағдайда шаянтәрізділердің гемолимфасы түссіз, бірақ кейбір кезде плазмада ерітілген гемоглобиннің әсерінен қызыл түске боялған. Кейбір онаяқты шаяндардың (крабтардың біразы) гемолимфасы көгілдір немесе ауа тигенде көкке боялады, ол құрамында мыс және оттегінің тасымалдануын реттейтін тыныс пигменті -гемоцианиннің болуына байланысты.
5 сурет. Өзен шаянының қан айналу жүйесінің схемасы: 1-антенна, мұрт қызылтамыры, 2-алдыңғы қолқа ( көз қызылтамыры), 3-жүрек, 4-үлпершек, 5-желбезек-жүректі өзектер, 6-төмендеген қызылтамыр, 7-артқы (жоғары құрсақ) қызылтамыр, 8-құрсақтың көктамырлы синусы.
5 сурет. Өзен шаянының қан айналу жүйесінің схемасы: 1-антенна, мұрт қызылтамыры, 2-алдыңғы қолқа ( көз қызылтамыры), 3-жүрек, 4-үлпершек, 5-желбезек-жүректі өзектер, 6-төмендеген қызылтамыр, 7-артқы (жоғары құрсақ) қызылтамыр, 8-құрсақтың көктамырлы синусы.

Шаянтәрізділердің нерв жүйесі көпқылтанды буылтық құрттардыкіне ұқсас. Ол жұп мидан, жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина - коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған. Төменгі сатыдағы (желбезекаяқтылар -Вгаnсһіороdа класс тармағы) түрлерінің құрсағында екі нерв бағанасы болады, олардың ганглиялары бір-бірімен көлденең комиссурамен жалғасқан сатылы нерв тізбегін құрайды (6-сурет), ал жоғарғы сатыдағыларда екі нерв бағаналары, сонымен қатар ганглиялары да бір-бірімен қосылып, кұрсақ нерв тізбегіне айналған, тек көрші ганглилердегі (сегменттердің арасындағы) ұзына бойы коннективтердің жұптығы сақталады да, құрсақ нерв тамырының бастапқыда жұп екендігін көрсетеді . Шаянтәрізділердің әрбір тобында дене сегменттерінің бір-бірімен бірігуіне байланысты жүйке ганглияларының бірігуі және ұзынша келген бағаналардың қысқаруы да байқалады. Мысалы, өзен шаянының антеннула мен антеннаға бастама беретін миынан тыс, денесінің 18 сегментінде 12 ғана нерв түйіні бар, ол: құрсақ тізбегіне бастама беретін - жұтқыншақ асты ганглиясы (3 жұп ауыз аяқтары мен 3 жұп жақаяктарына сәйкес келетін ганглияларының қосылуы); 5 кеуде ганглиялар (саны дәл осындай жүру аяқтарына сәйкес) және 6 құрсақ ганглилері болады. Крабтар да тек 2 нерв түйіні бар ми мен кеудедегі жалпы түйін қосындысы (құрсақ түйіндерінің қосылуы нәтижесінде пайда болған). Сонымен қатар, нерв ганглияларының түгелімен бір-бірімен қосылуы ескекаяқты шаяндарға (Copepoda отряды) және бақалшақты шаяндарға (Ostracoda класс тармағы) тән, оларда ас қорыту жүйесін тесіп өтетін жинақты ганглиозды массасы бар.
Жұтқыншақ үсті ганглиясы немесе миы үш бөлімнен құралған: алдыңғы - протоцеребрум, ортаңғы - дейтоцеребрум және артқы -тритоцеребрум. Протоцеребрум күрделі (фасеттік) және қарапайым көздерді, дейтоцеребрум антеннулаларды нервтендіреді, ал антенналарға баратын нервтер жұтқыншақ маңы коннективтерінен басталады. Шаяндарда жақсы жетілген симпатикалық жүйесі бар, ол ішектің жұмысын реттейді.
Басқа буынаяқтылардағыдай шаянтәрізділердің нерв жүйесінде нейросекрет - гормондарды бөліп шығаратын нейросекреторлы клеткалар орналасқан. Олар организмнің ішкі ортасына, гемолимфаға арнайы сөлдерді шығарып, жеке мүшелердің зат алмасу, түлеу, тағы басқа процестерді реттеп тұрады. Шаяндардың нейросекреторлы клеткалары протоцеребрум, дейтоцеребрум және қүрсақ нерв тізбегінің әр түрлі бөлімдерінде орналасқан.

6 сурет. Шаянтәрізділердің орталық жүйке аппаратының құрылыс типтері: А-Anostraca отряды, Б-Euphausiacea отряды , В-Stomatopoda отряды, Г-Decapoda отряды; ұзынқұйрықты Macrura; Д- Decapoda отряды-крабтар; Е-Copepoda отряды, Ж- Ostracoda класс тармағы.
6 сурет. Шаянтәрізділердің орталық жүйке аппаратының құрылыс типтері: А-Anostraca отряды, Б-Euphausiacea отряды , В-Stomatopoda отряды, Г-Decapoda отряды; ұзынқұйрықты Macrura; Д- Decapoda отряды-крабтар; Е-Copepoda отряды, Ж- Ostracoda класс тармағы.
Сезім мүшелері жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар түрінде (рецепторлар) дененің белгілі бөліктеріңде - антеннула, антенна, аяқтарының беткейіндегі талшықтар мен түктерінде орналасқан, иіс, дәм, химиялық сезу қызметін орындайды, бұлардың түбінде, гиподермальды эпителидің астында биполярлы нерв клеткалары бар. Тепе-теңдікті сақтау мүшесі - статоцист - онаяқтылар (Decapoda) отрядының өкілдерінде жақсы дамыған. Олар антеннулаларының негізгі буынында, жабынды қабаттың терең ойығында орналасқан, ішкі жағы қауырсынды нәзік түкшелермен қапталған. Олар тітіркенуді қабылдайтын нерв клеткаларымен байланысты. Көп жағдайда статоцист сыртқы ортамен байланысып, ішіне "есту тасшалары" немесе "статолит" қызметін атқаратын ұсақ құм түйіршіктерін жинап алады. Түлеу кезінде статоцисттердің хитинді жабыны мен статолиттер түсіп қалады да, шаян жаңа құм түйіршіктерін жинайды (не қысқыштарымен, не бірнеше рет басын су түбіне сұғып). Сонымен қатар, статоцист мүшесі басқа да жоғарғы сатыдағы шаяндарда болады, мысалы Муsіdасеа отрядыңда, бірақ олар құрсақ аяқтарының соңғы жұбының негізінде орналасады.
Шаянтәрізділердің көру мүшесі қарапайым - науплиальды және күрделі фасеттік көздер. Науплиальды көз негізінен шаянтәрізділер-дің науплиус деп аталатын личинкасына тән, бірақ жиі ересек түрлерінде де кездеседі. Ол антеннулалардың аралығында орналасып, бір қатар ретинальды клеткалардан тұратын 2 немесе 4 көз шынысының (бақалшақтардың) бірігуінен қүралған. Әрбір бақалшақ қою пигментпен қоршалған. Дене беткейіне қараған жағында жарық шағылыстырғыш көз жанары (хрусталигі) болады. Көз ойысшығына қарайтын ретинальды клеткаларының ұшынан миға нерв талшықтары барады, сондықтан көздің құрылысы инвертті.
Буынаяқтылардағыдай шаянтәрізділердің көпшілігінде күрделі жұп фасеттік көздері дамыған. Осындай көздің құрамында тығыз жанасқан және бір-бірінен пигментгік жіңішке қабаттарымен шектелген көздің үстіңгі бетінен түбіне шейін бойлап жатқан омматидиялар деп аталатын ұсақ көзшелері болады (өзен шаянында 3000-нан аса). Бұлардың өзі өте күрделі құрылысты. Әрбір омматидия жоғарғы кутикула немесе оптикалық қабатынан және төменгі клеткалық немесе тітіркенуді қабылдайтын ретинальды клеткалар қабатынан тұрады. Оптикалық қабат екі жағы дөңес линза тәрізді, мөлдір жарық шағылыстырғыш көз жанары (хрусталик) және оның астында жатқан көз жанары конусынан тұрады, бұлар бірігіп оптика жүйесін құрайды. Буынаяқтылардың көз жанары алты қырлы немесе фасеткалы (французша facette- қыр) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Артемия Салина - тек тұзды көлдерде кездесетін кішкентай шаян тәрізділер
Балық емес теңіз өнімдері
Күріш зиянкестері
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
Солтүстік Қазақстанның жануарлар әлемi
Каспий теңізінің пайда болуы. Каспий теңізінің ихтиофаунасы
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау
Төменгі сатыдағы жануарлар
Күріш дақылы
Пәндер