Микроорганизмдер. Микроорганизмдерге жалпы сипаттама


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ТЕХНОЛГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

«Техника және технология» факультеті

«Технология және стандарттау» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Микроорганизмдер. Микроорганизмдерге жалпы сипаттама»

Орындаған: Кемелхан Ж. Д .

Биотехнология-1, 3-курс

Тексерген: Қаз Е. К., в. ғ. к.,

аға оқытушы

Астана, 2014 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. 1. Тірі ағзалар жүйесіндегі бактериялардың орны.

2. 2. Прокариоттар морфологиясы, құрылысы мен көбеюі.

2. 3. Микроорганизмдердің химиялық құрамы

2. 4. Микроағзалардың көбеюі.

2. 5. Микроағзаларды бөліп алу.

2. 6. Микроағзалардың өсуі.

2. 7. Микроорганизмдердің систематикасы.

2. 8. Микроағзалардың тыныс алуы.

2. 9. Микроорганизмдер экологиясы

2. 10. Микроорганизмдерге әсер ететін факторлар.

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Микробиология ( грек тілінен аударғанда micros - кішкентай, bios - тіршілік, logos - ілім) - жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін және табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым. Микробиологияның мақсаты - микроорганизмдердің физиологиясын, генетикасын, экологиясын және биохимиясын зерттеу. Микроорганизмдерге әртүрлі бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар, балдырлар және қарапайымдылар жатады. Микроб әлемінің ауқымдылығы соншалықты, онда көптеген және әртүрлі пайдылы және жарамсыз микроскопиялық организмдер кездеседі. Олар табиғатта, өндірістің әртүрлі саласында, ауыл шаруашылығында, адам өмірінде, жануарлар ағзасында және т. б. жағдайларда үлкен роль атқарады. Микроорганизмдердің бір түрлері табиғаттағы зат және энергия айналымының негізі болып саналады. Микроорганизмдердің көптеген түрлері эволюция барысында тірі организмдерге бейімделіп, паразиттік қасиетке ие болған. Паразиттер - жануарлардағы, өсімдіктердегі және адамдардағы әр түрлі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары болып саналады.

Микробиология бөлімдері . Халық шаруашылығының түрлі қажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым: жалпы микробиология, техникалық немесе өндірістік микробиология, тағамдық микробиология, ауылшаруашылық микробиология, геологиялық микробиология, санитариялық микробиология, медициналық микробиология, эпидеминология, мал дәрігерлік миробиология және вирусология сияқты түрлі ғылым салаларына бөлінеді.

Микробиологиялық зерттеу әдістері:

Микроскопиялық - микроағзалардан түрлі препараттар дайындап, бактерия жасушасының өлшемін, жасуша пішінін, олардың қозғалғыштығын жарық және электрондық микроскоптар көмегімен зерттеу.

Бактериологиялық - жаснды және табиғи қоректік орталарда микроағзаларды өсіру, олардың таза культураларын бөліп алу, микроағзалардың өсуін, олардың биохимиялық, физиологиялық және т. б. дақылдық қасиеттерін зерттеу.

Биологиялық - белгілі ауру қоздырғыштарын бөліп алу үшін жануарларды індетті нысандармен залалдау, індетті нысандардың вируленттілігін және уытты заттардың болуын зерттеу.

Серологиялық - иммундық антиденелер реакциялары көмегімен диагноз қою.

Аллергиялық - ағзаға енгізілген аллерген көмегімен ағзаның жоғарғы сезімталдылығының жағдайын анықтау.

Микробиология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері:

1. Эмпирикалық білімдердің қалыптасу кезеңі ( микроскопты ойлап тапқанға дейінгі кезең) .

2. Морфологиялық кезең. М и к р о о р г а н и з м д е р д і ң а ш ы л у ы.

3. Физиологиялық кезең ( 1875ж. басталады) - Л. Пастера мен Р. Кох дәуірі.

4. Иммунологиялық кезең - иммунология ілімі қалыптасты. Соңынан, туа

5. Микробиология ғылымының негізігі кезеңдерінің бірі - антибиотиктердің ашылуы.

6. Қазіргі таңдағы микробиология , яғни микробиология ғылымы дамуының молекулалы-генетикалық кезеңі .

Тірі ағзалар жүйесіндегі бактериялардың орны.

1. Ағзалар туралы жинақталған мағлұматтардан жүйелеу туралы бірінші қадам жасаған Аристотельден бастап (б. э. д. 384-322), биологтар тірі әлемді өсімдіктер мен жануарлар деп екі дүниеге бөлді. Микроскоптық тірі жәндіктер әлемін ашқан А. Ван Левенгук. Олардың осы уақыттан бастап ХІХғ. дейін барлық ашылған микроорганиздерді жануар табиғатының ұсақ жәндіктері ретінде қарастырды.

ХІХ ғ. екінші жартысында неміс биологы Э. Геккель (1834-1919) микроорганиздердің жануарлар және өсімдіктер дүниесінен ерекшеленетінін, соншалықты оларды осының біреуіне де жатқызуға болатынын тұжырымдады. Э. Геккель ағзалар мен ұлпаларды дифференциалдау болмайтын барлық микроорганиздерді (қарапайымдылар, балдырлар, саңырауқұлақтар, бактериялар) көп жағынан өсімдіктер мен жануарлар арасындағы аралық орынды иемденетін организмдерді қосып жеке дүниеге Protista бөлуді ұсынды. «Protista» термині қазірде микробиологтар зерттейтін объектілерді белгілеу үшін қолданылады.

Қазіргі уақытта тірі әлемнің ортақ жүйесіне деген көзқарастарда бір тұтастық жоқ. Қөзқарастардың біреуіне сәйкес барлық алуан түрлі организмдерді қатаң сызбаға кіргізу тиімсіз, өйткені кез келген жасанды шектеулік организмдер арасындағы табиғи байланыстарды бұзады. Мұның салдары - органикалық әлемнің ең кіші ұсақ тенденциясы; тек екі дүниеге бөліну тиімділігін мойындау:Plantae (өсімдіктер) және Animalia (жануарлар) . Бұл көзқарас организмдердің әртүрлі типтерін байланыстыратын ұқсастық белгілермен эволюция процесінде ораниздердің бір тобының екіншісіне өтуіне басты назар аударды. Қарама-қарсы ұғымдарға сәйкес барлық тірі формаларды ірі таксондарға (дүниеге) бөлу тірі әлемнің осы жағын көрсете отырып бар тіршілік типтерінің көп түрлілігін барынша толық көрсетті. Бірінші көзқарасқа сәйкес барлық микроорганиздер жабайы өсімдіктер немесе жануарлар ретінде қарастырады және соған сәйкес Plantae немесе Animalia дүниесі құрамына енеді. Екіншісіне сәйкес микроорганизмдер Э. Геккель алғаш рет түйіндегендей тірі формалар белгілі орынға иелене алады. Одан ары Геккельдің «Алғаш жәндіктерді» зеррттеу осы топтың біртекті емес екендігін анықтады. Сонда барып микроорганизмдер ұғымы таксономиялық мағанаға ие еместігі ашылды.

2. Protista тобына енетін микроорганизмдер клеткасының құрылысындағы ерекшіліктер туралы мәліметтер ХІХ ғ. соңында жинақтала бастады. Бұл топтардың жоғары және төмен сатыларға бөлінуіне апарып соқты. Жоғарғы сатыларға микроскопиялық жануарларды (қарапайымдарды), мироскопиялық балдырларды (көк -жасылдан басқасын), және микроскопиялық саңырауқұлақтарды (зеңдер, ашытқылар), төменгі сатысына барлық бактериялар мен көк-жасыл балдырларды (соңғысын қазір көпнесе цианобактериялар деп атайды) жатқызады. Жоғарғы және төменгі сатыларды бөлу екі айқындалған клетканың ұйымдасу типтеріне - эукариотты және прокариоттылар сәйкес жүреді. Жоғары сатыдағы клеткалар құрылысы эукариотты, яғни эукариоттар болып табылады, төменгісі - прокариоттылар.

Жасуша - бұл мембранамен шектелген цитоплазма бөлігі. Соңғысы электрондық микроскоппен қарағанда ультроқұрылымға ие: электронды тұнық аралықпен бөлінген, әрқайсысының қалыңдығы 2, 5-3, 0нм. Мұндай мембраналар элементарлы деген атауға ие. Әр бір клетканың міндетті химиялық компонеттері нуклейн қышқылдарының екі түрі (ДНК және РНК) ақуыздар, липиттер, көмірсулар болып табылады. Цитоплазма мен оны қоршаған мембрана клетканың міндетті құрылымдық элементі. Нәзік құрылымды зерттеу прокариотты (бактериялар мен цианобактериялар) және эукариотты (қалған миро және макро организмдер) клеткалар құрылысындағы елеулі айырмашылықтарды айқындайды.

Прокариотты және эукариотты ағзалар жасушаларының ұйымдасуының кейбір белгілерін салыстыру 1 кестеде келтірілген.

Кесте 1 - Прокариотты және эукариотты клеткалардың кейбір ұйымдасу ерекшеліктерін салыстыру

Белгілері мен қасиеттері
Прокариоттар
Эукариоттар
Белгілері мен қасиеттері: Морфологиялық қалыптасқан ядро
Прокариоттар: Жоқ
Эукариоттар: Бар
Белгілері мен қасиеттері: Нуклеоид
Прокариоттар: Бар
Эукариоттар: Жоқ
Белгілері мен қасиеттері: ДНК молекуласының пішіні
Прокариоттар: Сақиналы
Эукариоттар: Тізбекті
Белгілері мен қасиеттері: ДНК ұзындығы
Прокариоттар: 1 (жобамен)
Эукариоттар: 1000 (прокариоттармен салыстырғанда)
Белгілері мен қасиеттері: ДНК -мен байланысқан белоктар
Прокариоттар: Жоқ
Эукариоттар: Бар
Белгілері мен қасиеттері: Геномның плоидтылығы
Прокариоттар: Гаплоидты
Эукариоттар: Диплоидты
Белгілері мен қасиеттері: Митоздық бөліну
Прокариоттар: Тән емес
Эукариоттар: Тән
Белгілері мен қасиеттері: Жасуша қабықшасы
Прокариоттар: Плазмалемма + жасуша қабырғасы
Эукариоттар: Плазмалемма
Белгілері мен қасиеттері: Қоректену түрлері
Прокариоттар: Голофитті (еріген заттарды сіңіру)
Эукариоттар: Голозоидты (қатты заттарды қармап алу)
Белгілері мен қасиеттері: Жасуша ішілік мембраналар жүйесі
Прокариоттар: Жоқ
Эукариоттар: Бар
Белгілері мен қасиеттері: Рибосомалар
Прокариоттар: Бар, аз мөлшерде
Эукариоттар: Бар
Белгілері мен қасиеттері: Митохондриялар мен протопластар
Прокариоттар: Жоқ
Эукариоттар: Бар
Белгілері мен қасиеттері: Биоэнергетикалық механизмдердің шоғырлануы
Прокариоттар: Жасуша қабықшасы
Эукариоттар: Митохондриялар
Белгілері мен қасиеттері: Цитоқаңқа
Прокариоттар: Жоқ
Эукариоттар: Бар

Жасушалардың жалпы морфологиялық белгілері

прокариоттарда - min 0, 2 мкм (туляремия қоздырғышы) - max 10мкм (сібір жарасының қоздырғышы)

эукариоттарда - min 5-7 мкм (эритроциттер) - max бірнеше жүз мкм-ге дейін (жұмыртқа жасушасы)

Пішіні

прокариоттарда - шар тәрізді (стафилококк) ; таяқша тәрізді (ішек таяқшасы) ; иілген таяқша (сүзек вибрионы) ; шиыршықталған (сифилис қоздырғышы) .

эукариоттарда - шар тәрізді (жұмыртқа жасушасы) ; диск тәрізді (эритроциттер) ; өскінді (нейрондар) ; ұршық тәрізді ( бірыңғай салалы миоциттер) ; призма тәрізді (ішек эпителиінің жасушалары) ; тегіс (эндотелий жасушалары) ; куб тәрізді (бүйрек каналдарының жасушалары) .

Прокариоттар морфологиясы, құрылысы мен көбеюі.

Сыртқы пішініне қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тәрізділер - коккалар, таяқша тәрізділер - бактериялар, бацилдар және спираль тәрізділер - вибриондар, спириллалар . Шар тәрізді бактериялардың жеке - жеке түрлері коккалар делінсе, екі - екіден қосақталған түрлері - диплококкалар, өзара тіркескен, моншақ тәрізделгендері - стрептококкалар (сурет 1б), төрт - төрттен тіркескендері - тетракоккалар, сегіз - сегізден текшеленгендері - сарциналар делінеді. Ал олардың стафилакоккалар деп аталатын бір тобындағы шар тәрізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне ұқсайды.

Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралар түзілуіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Спора түзуші топтарын - бациллалар, ал түзбейтіндерін бактериялар деп атайды. Таяқша тәрізді бактерияларды клеткаларының орналасу тәртібіне қарай бірнеше топтарға бөледі: диплобациллалар немесе диплобактериялар - екі - екіден қосақтала орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Стрептобактериялар - моншақ тәрізді тізіле орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Кейде пішіні шар тәрізді бактерияларға тым ұқсас таяқша тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Оларды коккобактериялар деп атайды. Спора түзетін клеткалары тізбектеле орналасқандарын стрептобациллалар деп атайды.

Бактериялардың мөлшері. Көптеген шар тәрізді бактериялар клеткаларының диаметрі - 1 - 2 микронға тең (микрон - миллиметрдің мыңнан бір бөлігі) . Жұмыр клеткалы бактериялардың ұзындығы - 1 - 4 микронға ені 0, 5 - 1 микронға дейін барады. Сондықтан да судың бір тамшысында бірнеше жүздеген миллион микробтаркездеседі. Кейбір бактериялар мөлшері едәуір болады дедік. Мәселен, күкірт бактериясы клеткасының көлденең кесіндісінің диаметрі 50 микронға тең. Бактериялардың үш тобының ішінен мөлшері тұрақтысы коккалар, ал таяқша тәрізді бактериялар өзгергіш келеді. Кейбір бактериялардың мөлшерін төмендегі кестеден байқауға болады (2 - кесте) .

Кесте 2 - Бактериялар жасушаларының шамасы (микрон)

Бактериялардың аттары
Ұзындығы
Ені
Бактериялардың аттары:

Пішен таяқшасы

Картоп таяқшасы

Сүт қышқылы бактериялары

Ациндофиль таяқшасы

Туберкулез таяқшасы

Ұзындығы:

3, 0

5, 0

0, 8 - 1, 2

1, 6 - 6, 0

1, 5 - 3, 5

Ені:

1, 2

1, 5

0, 5 - 0, 8

0, 6 - 0, 9

0, 3 - 0, 5

Табиғатта микроорганизмдердің өте ұсақ тобы - ультрамикробтар да кездеседі. Микроорганизмдердің бұл тобының ішінен бактериофагтар, сүзілуші вирустардың адам өмірінде зор маңызы бар. Вирустардың шамасы миллиметрдің миллиондаған бөлігіне тең, яғни оларды миллимикрондармен (миллимикрон микронның мыңнан бір бөлігіне тең) немесе микромикрондармен (микромикрон микронның жүз мыңнан бір бөлігіне тең) өлшейді.

Бактериялардың сіңіру беті зор. Сондықтан да олар өздеріне қажетті қоректік заттарды тез арада өндіріп ала алады. Органикалық қалдықтарды тез ыдыратудың арқасында, бактериялар олардан өздеріне қажетті энергияны аз уақыт ішінде босатып алады.

Бактерия жасушасының құрылысы. Құрылысы жағынан алғанда бактериялар жасушалары өте қарапайым. Ол сыртқы қабықшадан әр түрлі заттары бар цитоплазмадан, вакуолядан және ядродан құралады. Жасуша қабықшасы шырышты затқа толы болады. Қабықша жасушаның негізгі бөлігіне жатпайды, белгілі орта жағдайында байланысты ғана пайда болады. Мәселен, жасушаның шырыш қабықшасы кейде оған өте төменгі немесе жоғары температура әсер еткенде пайда болады да, клетканы құрғаудан және басқада зиянды заттардың әсеріненқорғайды. Қанты мол ортада шырыш қабықшасы қалыңдап, клетканың сыртына капсула түзеді. Шырыш қабықшаның молдығынан кейде ол бактериялар тіршілік етіп отырған ортаға да бөлінеді. Мұны зооглея деп атайды. Сүттен түрлі тағамдар даярлайтын заводтарда зооглеялар байқалатын болса, онда тағам бұзылып, шырыштанып, тұтқыр күйге көшеді. Дәл осындай капсула кейбір азот бактерияларында да бар. Жасуша қабықшасын түрлі ферменттер (лизоцим), ультрадыбыспен, өте жіңішке ине немесе басқа да сол сияқты заттармен бұзуға болады. Сонда цитоплазмалық мембранамен қоршалған цитоплазманың пішіні шар тәрізді болып көрінеді. Сөйтіп, жасуша қабықшасы оның белгілі бір пішінін көрсетеді.

Жасуша қабықшасы. Бактерия жасушасы сыртқы жағынан қалың қабатпен қапталған. Ол цитоплазмалық мембрананың сыртынан қаптап жататын жасуша қабықшасы. Жасуша қабықшасы қорғаныштық, тірек қызметін атқарады, сонымен қатар жасушаға белгілі бір пішін беруге қабілетті (мысалы, шар тәрізді, таяқша және т. б) және жасушаның сыртқы қаңқасын құрайды.

Қалың жасуша қабатының болуы, оны өсімдік жасушасымен байланыстыруға болады. Жасуша қабықшасының қалыңдығы 0, 01 - ден 0, 04 мкмге тең және бактерия жасушасының құрғақ салмағының 20 пайызын құрайды. Жасуша қабықшасының негізгі құрылымдық элементтерінің бірі және қабықшаға қаттылық қасиет беретін - муреин (гликопептид, мукопептид) . Муреин - күрделі органикалық қосылыстардың бірі, құрамына азотты тасымалдайтын қанттар, - аминоқанттар және 4-5 аминқышқылдары кіреді. Жасуша қабықшасының құрамыа кіретін аминқышқылдарының пішіні табиғатта сирек кездесетін D-стереоизомерлер түрінде болады.

Бактерияларды бояу әдісі арқылы оларды екі үлкен топқа топтастыруға болады: грамоң (Гр (+) және грамтеріс (Гр (-) . Бұл әдісті 1884ж. дат ғалымы Кристиан Грам ұсынды. Грамоң бактериялары анилинді бояғыш заттарды байланыстыруға қабілетті, атап айтқанда генцианвиалет бояуы, Люголь ерітіндісімен немесе йодпен өңдеп, сонан соң спирт немесе ацетонмен өңдегеннен кейін, бастапқы боялған жүйені сақтап қалып, күлгін түске боялады. Оларды грамоң бактериялары, ал этил спиртінің әсерінен боялған жүйе түссізденеді, ондай бактерияларды грамтеріс бактериялары деп атаймыз.

Электронды микроскоппен қарағанда грамоң бактерияларының жасуша қабықшасы 20-80 нм-ге жететін біркелкі тығыз қабықшадан, ал грамтеріс бактерияларының кабықшасы бірнеше қабаттардан тұратындығы анықталды Ішкі қабат, біркелкі тығыз болып келетін пептидогликан қабаты (2-3 нм), 8-10 нм болып келетін, екі сыртқы қабаттан тұрады, яғни сыртқы толқынды қабат және периплазмалық қуыстар бөлінген екінші тығыз қабат.

Цитоплазмалық мембрана бактерия клеткасында заттардың сырттан өтуін бақылайды. Кейде мембрана клетка ішіне қарай ойысып, онда ерекше дене - мезасома түзіледі. Цитоплазмалық мембрана мен лизосомада клеткадағы құрғақ зат көзі - түрлі ферменттер шоғырланады.

Цитоплазма. Цитоплазма - тірі материя. Ол өзгеріп, жаңарып отырады. Онда тірі организмге тән ассимиляция және диссимиляция құбылыстары жүріп жатады. Цитоплазма сыртқы орта әсеріне өте сезімтал ұйиды. Қышқылдар мен сілтілер және түрлі улы заттар оған өте зиянды әсер етеді. Фотосинтездеуші бактериялар цитоплазмасында тиллакоидтар кездеседі. Қошқыл бактерияларда олар клетка массасының 40 - 50 процентін қамтиды. Тиллакоидтар негізінен белоктар мен липидтерден тұрады. Онда хлорофилдер мен каротиноидтер сияқты фотосинтездік пигменттері де кездеседі.

Бактериялар клеткасының цитоплазмасында гранулеза, гликоген, волютен, күкірт тағы басқа заттар бар. Гранулеза мен гликоген азотсыз заттар, олар ыдыраған кезде түрлі қанттарға айналады. Ал волютин болса, ол азотты зат. Егер қоректік ортада органикалық азот көзі (аспарагин, пептон) және фосфор қышқылы тұздары мол болса, онда бактерия клеткасында волютен біраз мөлшерде жиналады. Бактериялар клеткасында май да едәуір мөлшерде кездеседі, ол клеткадағы бүкіл құрғақ заттың 35 - 50 процентіне тең. Сол сияқты бактерия клеткасында күкіртті де кездестіруге болады. Тамшы түрінде кездесетін күкірт клетканың қор заттарының бірі. Бактерия цитоплазмасында жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткаларында кездесетін амин қышқылдарының барлығы дерлік бар және рибонуклеин (РНК), деозксирибонуклеин (ДНК) қышқылы да болады. РНК негізінен митохондрийде орналасады. Сонымен бірге ол тотығу - тотықсыздану ферменттеріне де бай келеді. Цитоплазма ішінде белок синтезі - негізінен белок пен рибонуклеин қышқылдарына бай рибосомаларда болып, мезосомаларда органикалық заттардың тотығуы үшін қажетті энергияға бай аденозинүшфосфор қышқылының (АҮФ) синтезі жүреді.

Нуклеоид ( толық жетілмеген ядро құрылымы ) . Бактерия клеткаларында ядроның болуы жөнінде толып жатқан пікірлер бар. Бактериялардың кейбір түрлерінде ядро заттары (хроматин) цитоплазмада ұсақ дәндер күйінде шашырап жатады (диффузиялық ядро) . Басқа бір бактерия клеткаларында хроматин дәндері белгілі бір жерге шоғырланып, кәдімгі ядро түзеді (жекеленген ядро) . Кейбір ірі бактерияларда (миксобактерияларда) осындай жекеленген ядроларды кездестіруге болады.

Ядроның химиялық құрамы өте күрделі. Оның басты бөлігі - . Нуклеопротеидтер екі бөліктен тұрады. Олардың бірі - ерекше белок, екіншісі - тимонуклеин қышқылы. Соңғы жылдардағы зерттеулер ядро бір немесе бірнеше шар тәрізді, сопақша заттар - дезоксирибонуклеин қышқылынан (ДНҚ) тұрады. Әдетте, ол клетканың ортасынан орын алады. Кейде бұл заттар бактериялар клеткасында дән түрінде орналасса, басқа бір жағдайда клетканың белгілі бір бөлімінде шоғырланады. Бактериялардың құрғақ салмағына шаққанда ДНК - ның мөлшері 20 - 40℅ - ке дейін барады. Ядролық аппарат, соның ішінде дезоксирибонуклейн қышқылы клетканың тұқым қуалаушылық қасиетін анықтаушы аппарат деген пікірлерге тоқталды.

Нуклейн қышқылдардың химиялық құрамы да біршама жақсы зерттелді. Суда ыдырағанда ол фосфор қышқылына, пентоза қантына және құрамында азоты бар органикалық қалдыққа ажырайды. Кейін нуклеотидтерден тимонуклеин қышқылы түзіледі.

Бактерия ядросындағы тимонуклеин қышқылының құрамында төрт нуклеотид бар (аденин, гуанин, цитозин және тимин) . Бұлар өзара фосфор қышқылының молекулалары арқылы байланысқан.

Талшықтар. Бактерия жасушаларында қосымша құрылымдар болады, олар бактериялардың қозғалысын қамтамасыз ететін - талшықтар. Талшықтар ЦПМ астына екі жұп дискі арқылы бекінеді. Талшықтар бір, екі, бірнеше немесе жасушаны бойлай орналасады. Бактериялар талшықтарының диаметрі 0, 01-0, 03 мкм, ал ұзындығы бірнеше есе ұзын болуы мүмкін. Талшықтар - флагеллин ақуызынан тұрады және ширатылған ұршық тәрізді жіпшелер түрінде кездеседі. Кейбір бактериялар жасушаларының беткейінде ұсақ жіпшелер - фимбриялар болады.

Негізінде барлық организм клеткаларының химиялық құрамы бірдей. Прокариот клеткалардың құрамында 70 тен 90 процетке дейін су болады. Үлесіне қалған 10-30 проценті тиетін құрғақ заттардың негізгі бөлігіне ақуыздар, нуклейн қышқылдары, липидтер мен полисахаридтер құрайды. Клеткалардың құрғақ заттарының бірнеше процентін төмен молекуларлы органикалық заттар мен тұздар құрайды (кесте 4) .

Кесте 3- Е. coli* клеткаларының химиялық құрамы ( Neidhardt бойынша, 1987)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері туралы ақпарат
Антибиотик түзуші микроорганизмдер
Антибиотиктердің қосымша әсерлері
Бактериалды тьыңайтқыштар
Микробиология пәнi және мақсаты, оның қазiргi таңдағы биология, медицина, өнеркәсiпте алатын орны
Антибиотиктерді анықтау тәсілдері
Мұнаймен ластанған топырақты тазалауға қолданылатын көмірсутек тотықтырушы бактериялардың негізгі қасиеттерін бағалау
Топырақтың физикалық құрамы
Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы
Тағамды санитарлық микробиология пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz