Ежелгі дәуір әдебиеті


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Әр дәуірдің тудырған қоғамдық - әлеуметтік, түрлі саяси жағдайлармен, жанрлық - өзгерістерін қағаз бетіне тайға таңба басқындай анық та айқын түрде бұлжытпай, шынайы қалпында түсіруге әдебиеттің қосқан үлесі өзгеден ерекше. Әрине, қандайда бір шығармашылықпен айналысқан белді ақын - жыраулардың қаламының ұшқырлығын танытып, бір биігіндей көрініп келе жатқан жас кезеңге байланысты жазылған толғаулар туралы ой өрбітудің айрықша маңызы бар. Атап айтар болсақ, сол кезең әдебиетіне белгілі үлес қосқан ғұламалар мен ақын -жыраулардың өзі өмір сүрген қоғамның бет - бейнесін, түрлі саяси өзгерістерді шығармаларында да жас кезеңді суреттеу әдісімен бейнелеп көрсетті. Сонымен бірге, адам бойындағы түрлі өзгерістерді және қыз баланың өсу процесін де толғауларына тиек етті. Мұнда қазақ әдебиеті тарихының барлық кезеңін тұтастай алып отырған жоқпын. Керісінше, осы бағыт аясында қалам тәрбеген ғұламалармен белгілі ақын - жыраулар шығармаларын алдым. Ақындар адамның ғұмыр жас кезеңін бейнелеуде тек өздерінің ғұмырын жас кезеңдермен суреттеп қана қойған жоқ, сонымен бірге, белгілі тұлғаға, қыз балаға, елін қорғаған ерлерге, атақ - абырой деп халқын ұмытқан хан - төрелергеде арнады. Шындықты дәл, нағыз қалында айнытпай түсіру толғаулардағы аса қажетті түйін болмақ.

Жұмыстың өзектілігі.

Тақырыбымыздың тиегі болып отырған қазақ әдебиетіндегі адамның ғұмыр жас кезеңіне байланысты толғаулардың төркініне көз жүгіртер болсақ, бұл әдіс сонау түрік халықтары поэзиясында Қожа Ахмет Йассауи заманынан бері келе жатқан әдіс. Осы әдісі бойынша жазылған шығармалар қазіргіге дейін қолдан - қолға өтіп, оқырман шөлін қандырды. Міне осындай ақын - жыраулар толғаулары өзекті мазмұнға айналды.

Жұмыстың негізгі нысаны.

Жалпы қазақ әдебиетіндегі хандық дәуір әдебиеті мен ХІХ ғасыр әдебиетінің биігін көрсетер болсақ, табиғи түрде - ақ, жыраулар поэзиясы мен ақындар шығармаларын еске түсіреріміз хақ. осы барыста жас кезеңге байланысты жазылған қарымды да қуатты толғаулардың әдебиетімізге қосқан үлесін, орнын тұрақтандыру, мақтанышпен ауызға алу борыщы бәрінен де маңызды көрінеді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті .

Қазақ әдебиетіндегі адамның ғұмыр жас кезеңіне байланысты жазылған толғаулардың көркемдік тұлғасына көз жіберер болсақ, ауыз толтырып мақтанбасақ та ешкімнен ұялмайтын еңбектердің бар екендігін айта аламыз. Ерте жазылғандардан бастап сөз етер болсақ, тақырыбымыздың негізгі арқауы болған ғұлама ғалым Қожа Ахмет Йассауидың жас кезеңге байланысты жазылған «Диуани хикмет» еңбегі алдымен ауызға түсер еді. Бұл еңбекті едәуір ізденіс жасағанын ғұлама өз қолтаңбасымен байқатады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

Біздің қарастырып отырған жас кезеңге байланысты жазылған шығармалар туралы ерте шыққан кітаптарды және жыраулар мен ақындар шығармаларын алдым. Бұл шығармаларды түпнұсқа күйінде өз тарапымыздан қарастырып, жаңа ғылыми тұжырымдар түйгеніміз шындық.

Жұмыстың дерек көздері :

Қазақ әдебиетінің онан сайын толыса түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан ғалым Қожа Ахмет Йассауидың ең бастысы жас кезеңге байланысты жазылған хикметтерін ішкерлей қарастыру және Бұқар жырау мен Базар жырау, Шал ақын сонымен қатар Тұрмағамбет Ізтілеуов жырлаған толғауларды таныстыру мақсатында жас кезеңді жырлаған өлеңдер мен авторлардың қаламынан туған төл туындыларын көбірек қарастырдық.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

Жас кезең тақырыбына жол алу, соның ішінде оның ең биік құзырын - Йассауи хикметтерінен бастау алу бейне терең шатқалдан тоған қазып, су шығарумен бірдей жұмыс, ұзақ мерзімнің өтуімен кешегі өткен тарихтың куәсі. Міне, осындай туындыларды қайта жаңғырту сол үшін кемінде осы салаларда еңбектене ізденіп, зерттеп үйренуі керек.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:

Байқап қарасақ, осындай жас кезеңге байланысты жазылған толғауларда бір ұқсастық бар сияқты. Бұл ұқсастық барлығының тақырып талдау жағында ұқсастық. Барлығы өмірді жастық шақты негізгі тақырып ретінде алды. Және белгілі тұлғаға, қызға толғауларын арнады. Толғау аттарынан көрініп тұрғандай, «Өмір өткелдері» «Жастық шақтар», «Шөженің бәйтікті мақтағаны», «Әй, Абылай, сен он бір жасыңда» белгілі бір тақырыпта сабақтасып жатты. Сондақтан да біз қарастырып отырған авторлардың жас кезеңге байланысты жазылған аталмыш әдістердің толғауларды қалай пайдаланды. Бұл тақырыпты зерттеп зерделеудің кейінгі ізденушілер үшін маңызы зор екенін ескертеміз.

Жұмыстың әдістері .

Авторлардың яғни Йассауи хикметі мен ақын-жыраулардың өлең - толғауын қарастыру барысында, алдымен хикмет, толғау туралы қысқаша түсініктеме беру негізінде жалпы мазмұнына тоқталдық. Толғауларды салыстыра, айырмашылығы мен ұқсастықтарын сараладық. Сонымен қатар, толғаулардың жазылу тәсіліне қарай автордың жазу стилін зерделедік.

Жұмыстың құрылымы

Жұмыс кіріспе, негізгі үш тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың талаптарына сай кіріспе бөлімін қысқаша, өзіміздің қарастырып отырған жас кезеңге байланысты жазылған толғауларды және Йассауи хикметтерін зерттедік. Бұл барыста автордың төл туындыларын алып, бөлім, тарауларға бөліп баяндадық. Атап айтар болсақ, әр автордың өмір баянына толығымен тоқталып, басты назарда жас кезеңге байланысты жазылған толғау, хикметтерді қарастырдық. Әрине жас кезеңе байланысты жазылған толғауларымыз біздің басты көзлеген нысанамыз болып табылады.

1. Ежелгі дәуір жазбаларындағы адамның ғұмыр жас кезеңіне байланысты толғаулар

Қожа Ахмет Яссауи «Диуани хикмет» еңбегі.

Көшпелі және жартылай көшпелі қыпшақ, оғыз тайпалары отырықшылыққа айналысып, бұларда сауда мен қол өнері, мәдениет өркендей бастады. ХІ ғасырда шағын қыстақ Йасы енді мәдениет орталығы болып, оның Орта Азия елдерімен қарым -- қатынасы арта түсті. Бұрынғы Селжұқ мемлекетінің құрамындағы Хорезм өрлей бастады. Осы тұста қанатын кең жайған мұсылман дінінің ықпал әсері біршама бәсең тартып, өзге діндермен терезесі тең болып, қайта өрлеу мақсатын көздеп, өзінің мәні өшпес, әйгілі мұрасы «Диуани хикмет» атты (ақыл, даналық кітабын) жинағын сол кезде кең тараған шағатай тілінде (көне түрік тілінде) жазып таратады.

Шығыс елінде кең тараған әдебиеттегі араб, парсы дәстүрінен жергілікті түрік тілінде жазудың алғашқы бастамаларының бірі болумен қатар, ислами дін -шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнелеудің тартымды үлгісі дей аламыз. Ақынның бұл шығармасымен атақ - даңқы Қазастан мен Орта Азия елдерінде ғана емес, тіпті кіші Азия арқылы бүкіл ислам әлеміне таралып, үлкен құрметке ие болады. [1, 5]

Орта ғасырда араб халифатының ықпалында болған Азия, Африка, Индия мен Испанияға дейінгі жерлерде бір тұтас мұсылман мәдениеті жасады.

Әл Фараби жасаған дәуірдегі ғұламалар еңбегін діннен бөліп ала алмаймыз. Олар өз еңбектерін араб тілінде, Ислам философиясының негізінде жазды. әлемдік өркениеттегі елеулі құбылыс - Ислам мәдениетінің қазақ жеріндегі ірі ошағы сыр бойы Отырар, Сайрам, Түркістан (Иасы) қалалары болды. Ислам мәдениетіндегі софылық ағымның сыр бойындағы өкілі Ахмет Йассауи болды.

Йассауидың алғашқы ұстазы Арыстан баба діндар, тақуа адам болыпты. Ұстазы туралы Йассауи былай жазған:

Жеті жаста Арыстан баб келді бабам,

Хақ Мұстафа аманатын берді маған . . .

деп өзінің нәпсісінің тиылып, дін жолына түскенін баян етеді. Йассауидың екінші ұстазы - Қожа Иусуф Хамадани Бұхарада тәлім алған. Алпыс үш жастан асқанын күпірлік санап, жер астынан бір кісілік жай жасап, дүниеден безіп, сонда тұрған қылуетте он жылдай өмір сүріп, «Диуани хикмет» атты кітап жазған. Диуан - жинақ, хикмет - алланың құдіреті, ақ жолы. [2, 99]

Бұл жинақта екінші хикметтен сегізінші хикметке дейін жас кезеңге байланысты толғамдардың біразы баяндалған. Неше жасында кіммен кезіккені қанша жасында қылуетте отырып, «Диуани хикметті» жазғаны бәрі - бәрі айтылады.

Қорыта айтқанда, бұл дәуір әдебиетінің негізгі арқауы сопылық әдебиет болды, әрі діншілдік көзқарасты ұстанды. Шын пейілімен Аллаға берілді, Шын көңілмен жалбарынды. Сонымен бірге маңайындағыларды үгіттеді. Яғни, бұл кезең сопылық әдебиетті ту еткен дидактикалық сарында жазылған шығармалар легімен тарихтан белгілі. Әрі мұның ірі өкілі ретінде Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығын алуға болады.

Сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл, Қожа Ахмет Йассауи қат-қабат қайшылығы мол, күрделі кезеңде өмір сүрді. Қожа Ахмет Йассауи өмірі мен шыққан тегі туралы, өскен ортасы мен әдеби дәстүрі туралы мәліметтер аз сақталған. Бұған басты себеп, соңғы жетпіс жылдан астам уақыт ішінде ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы зерттелмей келді, ал өзі бірыңғай діншіл, мистик ақын, оның шығармалары зиянды теріс қорытынды жасалды, сөйтіп Қожа Ахмет Йассауидың адамгершілік имандылыққа үндейтін асыл жырлары жасырын ұсталып, мүмкіндігінше ұмыттыру мақсаты көзделді. Алайда, айды алақанамен жасыру мүмкін емес еді.

М. Е. Массон еңбегінде Қожа Ахмет Йассауидің қазіргі қаласы орналасқан мекендегі Йасыда көзге түсіп, түрік шайқы Арыстанбабтің тәрбиесін алғанын, әкесі Ибраһимнің түрік нәсілінен шыққанын айтады. Алайда, ол Қожа Ахметтің әйгілі Фатима мен Ысқақ бабтан тарайтын шежіресі бар екенін де жазады. Сөйте тұра мұны жалған шежіре деп көрсетеді [1, 7] .

Түрік ғалымы профессор М. Ф. Копірілі елеулі үлес қосқан: ол кісі өзінің 1918 жылы жарық көрген «Түрік әдебиетинде ильк мутасса выфлар» атты зерттеу еңбегінде Қожа Ахмет Иассауи өмірі мен шығармашылығы туралы алғаш рет өте құнды, тың деректер қалдырды. Ол кісі өз зерттеулерінде тарихи құнды «Жәваһир ул - әбрар мин умважил - биһар» деген кітапқа сүйене отырып, ақынның Түркістан өлкесіндегі Ақсу, Қарасу бойындағы Сайрам қалашығында туғанын айтады. Қайтыс болға жылы шамамен 1166 / 1167 жыл (хижрамен 562 жыл) деп көрсетеді. Ахметтің әкесі Сайрамдағы атақты ғұлама, ол ұстазы Мұса шайықтың қызы Айшаға үйленіп, одан бір қыз (Гауһар - Шаһназ), Ахмет атты бір ұл көреді. Сондай - ақ әйгілі Арыстанбаб Қожа Ахметтің әкесі Ибраһим атаның бауыры, екеуі де Ілястан туған делінеді [1, 9] .

Ақын мұсылман дінінің қайта өрлеу мақсатын көздеп, өзінің мәні өшпес, әйгілі мұрасы «Диуани хикмет» атты (ақыл, даналық кітабын) жинағы сол кезде кең тараған Шағатай тілінде (көне түрік тілінде) жазып таратады.

«Диуани Хикметті» ол көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негіздей отырып жазды. Қазақ өлеңдерінің табиғатына тән сипаттарды көріп тану онша қиынға соқпайды. Бұл ерекшелік өлеңнің сыртқы құрылысы мен көркемдік - бейнелеу жүйесінен де жүйесінен де анық көрінеді. Әйгілі шығыстанушы Е. Бертельс кезінде былай деп көрсеткен еді. «Қожа Ахмет Йассауи жырлары күні бүгінге дейін қазақ даласынан кіші Азияға дейін кеңінен тараған фольклорлық лириканың түрлерімен сырттай ұқсас болып отырады «Диуани хикмет» бастан -аяқ, ақыл - өсиет, үлгі - өнеге айтуға құрылған. Дін қағидалары мен жалпы адамгершілік, мейірім - шапағат, бауырмалдық мәселелерінің туған әдебиетімізде кең қанат жаюына осы «диуани хикметтің» әсер ықпалының мол болғаны даусыз.

Қазақ поэзиясындағы жас мерзімдерін шалқыта суреттеу де осы Қожа Ахмет Йассауи дәстүрінің әсернен екенін аңғару қиын емес. Мұның көптеген ұқсастықтарымен қатар кейбір өзгешелік белгілері де жоқ емес. «Диуани хикметте» жас бейнелерін жинақтап түйіп айту басымырақ болса, бізде бұл үрдістің жалғаса жырлану арқылы тың сапаға ие болғанын көреміз. Айталық, Қожа Ахметте көз жасын дария ету, дария болып тасу секілді тіркестер жиі қолданылады [1, 13] .

Қожа Ахмет Йассауи өзінің төртінші хикметінде былайша толғайды:

Бес жасымда шариғатқа белім будым,

Дін жолында ораза ұстап әдет қылдым . . .

Жеті жаста арыстан бабам іздеп тапты,

Сегізімде сегіз жақты жол ашылды,

Хикмет айт деп басыма нұр шашылды . . .

Бұдан оның ерте жетілген, тым зерек жас болғанын көреміз. Қожа Ахметтің ер жетуі мен білім алып кемелденуі шығыстағы дін орталығы Бұхара қаласымен тікелей байланысты. Ақынның өз айтуы бойынша, адамгершілік жолының талай қиыншылықтарын бастан кешірген. Хикметтегі ой-тұжырымдары сегіз жүйеден тұрады. Олар: тәубашылдық, ғибадатшылдық, махаббат, сабырлық, шүкірлік, ризашылдық, заһишылдық (анықтық), ғаріптік. Бұларды түйіп айтсақ, адам құдайды тану үшін не істеу керек қандай уәжіп, парыздарды орындау қажетдей отырып, адамгершілдік, адалдық, мейірім, рахым, Аллаға деген сүйіспеншілік сияқты мәселелерді арнайы сөз болады.

Хикметтердің айтуынша, «әруақтар бір жасында аян беріп, екі жаста пайғамбарлар келіп көрді, үш жаста ғайып ерен, қырық шілтен үйге келді, төрт жаста Хақ Мұстафа құрма берді», Содан бес жасынан дін жолын ұстағанын айтады. Жеті жасында Арыстан баба іздеп табады. Бұдан кейінгі хикметтерде өз өмірінің әрбір жылын санамалап, Алланы тану баспалдақтарын баяндап береді. Төртінші, бесінші хикметтерде өзінің жер астына түсу себебін жырлайды. Аузымен Аллалаған, бірақ көңілі таза емес, нәпсіқұмар пенделерден жоғары болғандығын демеу етеді.

Алпыс екі жас келгенде Алла өзі дем берді,

Барлық білмес ғафылдығым рақымымен жөнделеді.

Жан жүрегім, ақыл - ойым «Алла», «Алла» дей берді,

Пәруәрділер көрер ме екен өзіңнің дүр дидарыңды ?

[2, 101] .

Йассауи хикметтерінде баяндалған жас мөлшеріне байланысты айтылған тұстардың бәрінде шын жүрегімен Аллаға берілу сезімі байқалады. Сонымен қатар, имандылыққа, адалдыққа үндейтін рухани мәні айрықша зор туынды есебінде айтуға әбден болады.

Йассауи өмірде не нәрсе құнды, неден қашу керек, неге асығу керек деген мәселелерге жауап береді. Йассауи дүние, байлық жимаған, адамдардың азғындықтан сақтау жолына қызмет еткен. Йассауи екінші хикметінде былай дейді:

Иә, достар, құлағың сал осы кепке

Сол себептен алпыс үште кірдім жерге,

Меғражда Хақ Мұстафа рухымды көрді.

Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.

Мұнда ұлы ғұлама өзінің пайғамбарлардан аян алған кезінен бастап, тәубәға келіп Алланың шапағатына бөлену ниетінде, тірішілікте істеген ісіне есеп беру мақсатында адалдықтың ақ туын ұстап жер астына қазақша айтқанда, қылуетке кіреді. Онда он жыл бойында ғұмыр кешеді. Жер төпеде отырып туылғаннан тартып, өмірінің соңына дейінгі ғұмыр кешірмелерін айтып, баян етеді. Әр шумақтың астына жер астына кіру себебін қайталай айтып отырады. Жалпы өлең құрылысы он бір буынды қара өлең ұйқасымен келген. Қазақтың қара өлеңіне жақын, өлең өлшемдеріне сай әдепте жазылған нағыз құнды дүние деуге болады. Осы хикметті жазу барысында тәубеге келіп отырды, әр істеген істерінен есеп беріп отырды.

Қазақ әдебиетінің көркемдік ерекшелігінің кең де өрісті қорына тән қайталаулар Йассауи хикметтерінен молынан табылады. Әр шумақтың соңғы тармағындағы «Сол себептен алпыс үште кірдім жерге» сөздері екінші хикметте жиырма бір рет қайталанған. Сонымен бірге, қазақтың байырғы сөздер тобына жататын немесе мағынасы түсініксіз араб - парсы сөздер Йассауи хикметтерінде сол күйінде алынды. Мысалы,

Перзентім деп хақ Мұстафа қылды кәлем

Одан соңыра әруақ берді сәләм.

Мұндағы кәләм, сәләм, соңыра сияқты дыбыстық өзгерістерге ұшыраған ә / е дыбыстарының сәйкестігін айтуға әбден болады. сонымен бірге, ыра, іре, жүрнақтарының түсіп қалуы ұзақ жылдармен, қилы заманның үлесі болса керек.

Йассауи өз хикметтерінде не жасында қандай уақиға болғанын, кіммен кезіккенін, қандай пайғамбарлармен кездесу бақытына ие болғанын анық та, айқын түрде баяндайды.

Бір жасында әруақ маған үлес берді,

Екі жаста пайғамбарлар келіп көрді,

Үш жасымда шілтен келіп халім білді . . .

Төрт жасымда Хақ Мұстафа берді құрма . . .

Бес жасымда белім бұрдым . . .

Алты жаста тұра қаштым халайықтан . . .

Жеті жаста Арыстан бабам іздеп тапты . . . [1, 22]

Ғалым осылайша балалық балғын шағында, күнәдан пәк балауса кезінде күллі пайғамбарлар тарапынан мадақ естіп көңілі жай тауып, дін жолына берілгенін жасырмай айтады. Күндіз - түні зікір айтып тәубә қылдым дейді. Қайда барсамда, қалай тірлік жасасамда Қызыр бабам әрдайым жолдасым болды, тура жолды нұсқады деп ерекше тебіреніспен жырлайды. Алты жасымда көп жиылған ортадан қашып, өзімше дәріс үйрендім, жеті жасымда Арыстан бабам келді істеген қателіктерімді жасырып - жапты деп баян етеді. Сонымен бірге, дәл жеті жасында Арыстан бабтың қайтыс болғанынан мәлімет береді. Ал, Йассауи төртінші хикметінде өзінің жиырма тоғыз жасқа келіп, жағдайының өзгергенін, жігіттік кезіндегі албырт сезімнің жетегінде бір кез жүргенін айтады. Отыз жасқа келгенде күллі Әулие жиылып әр істеген ісім, күнәм үшін жазылады. Бұл мынадай өлең жолданырында көрініс тапты:

Жиырма тоғыз жасқа кірдім, халім харап,

Ғашық жолында бола алмадым мысал топырақ.

Халім харап, бауыр кәуәп, көз бұлдырап,

Сол себептен Хаққа сиынып келдім міне.

Отыз жаста отқа қақтап күйді,

Күллі Әулие жиылып дүниеқорлықты қойдырды.

Ұрып- соғып дүние қызығынан бездірді.

Сол себептен хаққа сиынып келдім міне. [1, 27 ]

Ақын бұл тұстарда өзінің бір кездердегі дүние қызығына еріп, пендешілік сезіміне мойын ұсынған сәттерін баяндайды. Әулиелер, пайғамбарлар тарапынан сол кезеңнің жаңылыс күндердің жеткілікті сабағын алдым дейді. Отыз бірде қызыр бабам көңілдегі әзәзілді кетірді, адалдық, ақылдылық, имандылық шарабынан дәм татырды деп өзінің ғұмыр бойындағы өмір кешірмелерін суреттейді.

Йассауидің бесінші хикметтерінен әдемі, соны тіркестерді кездестіруге болады. Мысалы,

Бихамдилла ізгілік берді, нұрға баттым,

Көңіл құсы жеті қат көкке жетті достар

Қияметтің азабынан ақылым қайран

Көңілім қорыққан, жаным үріккен көкірек ойран.

[1, 29 ] .

Бұл шумақтағы көңіл құсы, көңілі қорқу, жаны үрку сияқты тіркестер өз алдына бір өзгеше әдемілікке жетелейді. Жансызға жан бітіру әдебиеттің жүйеден алғанда сөздің құдіреті емес пе, әр едік адамға көңілдің құсы бола ма, көңіл қорқама, жан үркеме деген сұрақтар толассыз қайталана береді.

Сонымен бірге, Йассауи хикметтерінде метофорада жоқ емес. «Иман -шариғат, мәні - тарихат» секілді алмастырылуларды кездестіруге болады.

Ал, жоғарыда айтылған көркем тіркес жансызға жан бітіру аассауидің өзге де хикметтеріннен көптеп табылады. Мысалы,

Топырақ сипат жер астында болған жақсы. [1, 31]

Елу жеті жаста ғұмырым желдей есті.

Көңіл семсерін қолға алып нәпсіні қыр деген,

Бір және барым дидарыңды көремін бе ? [1, 34]

Өлмей тұрып, жан ашуы зәрін таттым

Мұстафаға аза тұтып кірдім міне. [1, 36]

Міне осындай тіркестер Йассауи хикметтерінде көптеп кездеседі. Әр хикметінде айтылған тың да, көп қырлы, сан салалы ой пікірлердің төс қағысып, түйісер тұсы Аллаға сыйынды, шын көңілімен, жан дүниесімен берілу сияқты ғаламат сезімнің ұлы жемісі. Ғұлама еңбектерінің барлық арнасы осы тұсқа келіп тіреледі. Ұлы ғалым хикметі сонысымен құнды, әрі осындай ұлан-ғайыр еңбек еткеннің жемісінен пайда болған ең бағалы дүниелер қатарынан табылады.

Ақынның жастық шағында пенделік сезімге бой ұрып адасқан болса, дәл Пайғамбар жасына келуден бұрын - ақ барлық жасаған тірліктеріне өкінеді. Алла тағалаға тәубе етеді. Жер төпеде ғұмыр кешкен он жыл бойында осының бәріне шүкіршілік етеді, келер ұрпақтың есіне мықтап шегелейді, әр нәрсенің жайдан- жай болмайтынын бостан босқа жаратылмайтынын, жаңбырдың да жауу себебін, адамның дүниеден озу себебін бәр - бірінің де өз заңы бар екенін мақтап көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Ежелгі дәуір әдебиеті жалпы қазақтың емес күллі Түркі жұртынның мәңгі мұрасы
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Ежелгі түркі әдебиеті
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері жайлы ақпарат
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері туралы ақпарат
Ежелгі дәуір әдебиеті Қазақстан тарихының дерек көзі
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz