БҰҰ қызметіндегі адам құқығы мәселесінің қорғалуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗЫҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық Қатынастар факультеті

Әлемдік экономика және аймақтану кафедрасы

Диплом(Бітіру) жұмысы

БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы

Орындаған 4 курс студенті

Ғылыми жетекші т. ғ. к., доцент Бюжеева Б. З.

Норма бақылаушы т . ғ. к., доцент Бюжеева Б. З.

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілдіт. ғ. д., доцент Черных И. А.

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ …… . . . . . . . ……. 3

1. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

1. 1 Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының мәні мен тарихы.

1. 2 Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының (1948ж. ) маңызы

1. 3БҰҰ-ның мүше-мемлекеттерінің саяси, азаматтық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын қорғау мәселесі бойынша қабылдаған құжаттары

ІІ ТАРАУ. АДАМ ҚҰҚЫ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ БҰҰ-ның ҚЫЗМЕТІ

2. 1 Адам құқықтарының сақталуы мен жүзеге асырылуын қадағалайтын бақылаушы органдар

2. 2 БҰҰ-ның адам құқықтарының бұзылуына қатысты атқарып жатқан іс-шаралары

ІІІ ТАРАУ. Қазақстан мен БҰҰ-ның адам құқы саласындағы ынтымақтастығы

3. 1. Қазақстан Республикасының адам құқы жөніндегі халықаралық-құқықтық негізге қосылуы

3. 2 Қазақстан Республикасында адам құқының сақталуы және жүзеге асырылуы

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі. Соңғы кезде адам құқығы мәселесі әлем мемлекеттерінің демократизациялануына орай қоғамдық санада нық орнады. Адам құқығы барлық жерде талқыланып, жазылып жатыр, барлық деңгейде - Президенттен қатардағы азаматқа дейін айтылып жатыр. Адам құқығы мәселесі қазіргі кездегі ең қызықты әрі “сәнді” мәселе ретінде газет-журнал беттерінде, телевизор экрандарында, мемлекет қайраткерлері, саяси көшбасшылар, парламентарийлер, ғылыми конференция қатысушыларының сөйлеген сөздерінде өте жиі кездесетін болды. Адам құқығы мәселесі тек құқықтық емес, сонымен қатар саяси, этикалық сипат ала отырып, қазіргі кездегі халықаралық сахнадағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Мыңжылдықтар бойы ойшылдар - Платон мен Аристотельден Марксқа дейін- тарихтың ішкі логикасын түсініп, оның негізінде адамзатты қиындықтардан арылту, өздерінің мүлтіксіз қоғамдық тәртіп жобаларымен адамдарға көмек көрсетуге талпынды. Алайда бұл модельдердің барлығы тек сөз жүзінде қалып, әлеуметтік теңсіздік, соғыс, зорлық-зомбылық әрекеттер, күштеу сияқты әлем ақиқаттылығына әсерін тигізе алмады. Осының бәрі өзгеріске ұшырату мүмкін емес объективті ақиқат болып қалды. Тіпті осы ғасырдың басына дейін адам құқықтарын қорғау мемлекеттің ішкі істеріне жататын мәселе деп қарастырылды. Көптеген мемлекеттерде адам құқығы түсінігі мүлдем болған да емес. Адамдардың ар-намысы тапталып, “әділдік” сөзінің жат болуы кең өріс алған кезеңде адам құқығы мәселесінің көтерілуі қажет болды.

ХХ ғасыр адамзат өміріне көптеген жаңалықтар енгізді. Ол тек ғылыми-техникалық прогресс саласындағы жетістіктер емес, сонымен қатар ғылыми-техникалық прогресске байланысты адамзаттың әлеуметтік, саяси, рухани дамуындағы, мемлекетаралық қатынастар сипатындағы өзгерістер.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей қорғалуы мен қамтамасыз етілуі - әлемдік қауымдастық тарапынан шешілуі тиіс ең маңызды мәселе болып қалыптасты. БҰҰ Жарғысы, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық пактілер мен аталған саладағы басқа да құжаттардың қабылдануы бұған дейін қалыптасқан ауыр жағдайды біршама өзгертті. Аталған құжаттар мүше - мемлекеттерге адам құқығын қорғау саласында тек заңды міндеттер жүктеп қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттердің аталған міндеттерді орындауын қадағалайтын халықаралық механизмдер жүйесін құруды көздеді. Бұл жүйе қазіргі кезде екі деңгейде дамуда: әмбебап және аймақтық. Өзінің әмбебаптылығына орай адам құқығы мәселесі бүкіл әлем тарапынан танылуда.

Халықаралық органдардың көпжылдық тәжірибесі көрсеткендей, олар адам құқығын қорғаудың қосымша кепілдемесі мен қажетті элементі болып табылады. БҰҰ Жарғысы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пакт пен оған қосымша екі Факультативті хаттама ұзақ жылдарға созылған талқылаулар нәтижесінде қабылданған болатын. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының өзі әр сөзіне дейін қайта қарастырылып, қатысушы мемлекеттердің мүдделерін қанағаттандырды. Сондықтан әлемнің 200-ден аса мемлекеттері мүшелік ететін ең үлкен ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде адам құқығы мәселесінің қорғалуын зерттеу осы күнгі көптеген тараптардың қызығушылығын тудыратын өте өзекті мәселе деп ойлаймын.

Зерттеу пәні. Адам құқығы мәселесінің БҰҰ шеңберінде қорғалуын зерттеуде халықаралық құжаттардың қабылдануы мен олардың әлем мемлекеттері тарапынан мойындалып, жүзеге асырылуы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағында осы салада жүргізіліп жатқан жұмыс сараптамасы негізге алынды.

Бітіру жұмысының негізгі мақсаты - БҰҰ қызметі шеңберінде қабылданған халықаралық құжаттарға негізделе отырып, адам құқығы мәселесінің қорғалуын жан-жақты сараптау, Қазақстан Республикасындағы осы негізде атқаралып жатқан жұмыстарды қарастыру. Осы мақсатқа жету жолында келесідей міндеттер айқындалды:

  1. Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығын қорғау саласында қабылдаған халықаралық құжаттарының маңыздылығын қарастыру;
  2. Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының аталған саладағы қызметіне шолу жасау;
  3. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі халықаралық құжаттарға қосылуы мен атлаған саладағы атқарылып жатқан жұмысқа сараптама беру.

Бітіру жұмысының деректік негізі: Бітіру жұмысының алдына қойылған мақсат пен міндеттерін жүзеге асыруда пайдаланылған деректерді бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топ - заңды күшке ие құжаттар . Оған БҰҰ-ң Жарғысын жатқызуға болады. Халықаралық қатынастардың басты қағидаларын айқындаған және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының негізіне алынған бұл құжат бітіру жұмысында кеңінен пайдаланылды /1/. 1966 жылы қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт пен Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пакт - осы екі құжат мүше-мемлекеттерге ең алғаш адам құқығы саласындағы міндеткерліктер жүктеген құжаттар ретінде маңызды роль атқарды /2, 3/. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қабылдаған басты құжат - Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995ж. ) /4/. Конституцияның 1/3 бөлігі адам құқықтары мәселесіне арналғанын атап кеткен жөн. Деректердің екінші тобына мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін жатқызуға болады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін халықаралық қатынастырдың толлықанды мүшесі ретінде халықаралық ұйымдарға мүшелік етіп, халықаралық құжаттарға қосылуды баян ететін Президентіміздің еңбектері де пайдаланылды/ /. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықаралық сахнаға шығып, әлемге танылуына, басқа елдермен ынтымақтастығын нығайтуға, елдің демократияға өту жолындағы атқарылып жатқан қыруар жұмысқа үлесін қосқан атақты саясаткер және дипломат Қасымжомарт Тоқаевтың еңбектері, қазіргі Сыртқы Істер министрі Марат Тажинның сұхбаттары қолданылды / /.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі.

І-ТАРАУ. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

1. 1 Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының мәні мен тарихы.

Адам баласы барлық құндылықтардың арасынан шын мәнінде әмбебап, жалпыға бірдей құндылық деп танығаны - бұл адам құқықтары мен бостандықтары. Екі жарым мың жыл ойында өркениеттер танып, қалыптастырған адам құқықтары қазіргі заманға сай қалып пен түсінікке ие болды. Қазіргі өркениеттің басты құндылықтары ретінде адам құқықтары мен бостандықтары халықаралық қатынастар үшін маңыздылығын ХХІ ғасырда да жоғалтпайды. Ондай тұжырымдамаларды 2000 жылы қыркүйек айында өткен Мыңжылдық саммитіне қатысушы мемлекет және үкімет басшылары шығарған болатын / 20/. Адам құқықтарын сыйлау қағидасы халықаралық қатынастардың басты қағидаларынаң бірі болып табылады.

Сонымен қатар адам құқытарының бір ғана анықтамасын беру мүмкін емес. Себебі адам құқығы кең көлемді мәселе болып табылады. Адам құқықтары мен бостандықтарының кең көлемділігі 1789 жылы қабылданған Адам және азамат құқықтарының декларациясында көрініс тапқан болатын.

Бұл декларацияда “Әр мемлекеттің баста мақсаты - адам мен азаматтарды табиғи құқықтармен қамтамасыз ету” деп мәлімделеді. Яғни әр мемлекеттің басты құндылығы адам және мемлекет оның құқықтарын қамтамасыз етуге бар күш-жігерін салуы керек. Декларация сонау ХҮІІІ ғасырда қабылданғанымен, қазіргі күннің өзінде маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Оның себебі Декларацияда жарияланған құқықтар мен бостандықтардың бүгінгі күннің өзінде кеңінен пайдаланылуында. Қарастырылған құқықтар мен бостандықтараға келесілер жатқызылды: барлық адамдардың тумысынан еркіндігі мен теңдігі; барлық адамдардың өз қабілеттерін дамытуға құқылы екендігі; әркімнің заң алдында тең қорғалуы; адамдардың ар-ождан мен наным-сенім бостандығы/21/.

Адам құқықтары мен бостандықтарының мәні мен маңызы тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана зерттеліп, барша халықтың қызығушылығын тудырды. 1945 жылы БҰҰ-ның құрылуы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамасыз етуде аса үлкен маңызға ие болды. Аталған ұйымны тарапынан қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы дүние жүзі халқын адамның азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының үлгісімен таныстырды. Декларация Кіріспесінде айтылғандай, Декларация - “бүкіл халықтар мен мемлекеттердің ұмтылысы” болуы тиіс/22/. Осы Декларация негізінде кейіннен бірқатар халықаралық құжат қабылданған болатын. Адам құқықтары мен бостандықтары табиғаты жағынан өте әмбебап түсінік болып табылады. Адам құқықтарының әмбебаптылығын бірнеше тұрғыдан қарастыруға болады:

Біріншіден, барлық адамдар еш кемсітусіз негізгі құқықтар мен бостандықтарға ие. Халықаралық қағидалар мен демократиялық мемлекеттер заңнамалары барлық адам мен азаматтардың ұлт, дін, нәсіл, тіл, шығу тегі, наным-сенімдеріне алаланбай тең құқықтар мен бостандықтарды иеленуіне кепілдік береді. Ер азаматтар мен әйелдер бірдей бостандықтар мен оларды жүзеге асыру құқықтарына ие.

Екіншіден, барлық құқықтар мен бостандықтар құрамы тұрғысынан әмбебап болып табылады. Өмір сүру, ой еркіндігі, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, наным-санім еркіндігі, азаматтық алу еркіндігі сияқты жалпыға бірдей адам құқықтары бұл ұлттық, аймақтық, тарихи, мәдени, діни ерекшеліктерге, мемлекеттік құрылым, саяси тәртіп пен мемлекеттің халықаралық статусына байланыссыз барлық адамдарға тән құқықтар мен бостандықтар.

Үшіншіден, адам құқықтары мен бостандықтарының жалпыға бірдей болуы кеңістіктік, территориялық аспектіде де көрініс табады. Адам ешкім панаамайтын аралда, егеменді тәуелсіз мемлекетте, біреудің қарамағындағы егемендігі шектелген мемлекетте, қай жерде болмасын, өзінің табиғи құқықтары мен бостандықтарына ие болады.

Төртіншіден, адам құқықтары мәселесі барлық мемлекеттердің қызығушылығын тудыратын мәселе болып табылады. Адам құқықтары мен бостандықтарының жалпыға бірдей болуы мен әмбебаптылығының мойындалуы оның тек мемлекеттің ішкі істеріне қарасты мәселе еместігін айқындайды. Ол ЕҚЫК-нің адамзат өлшемі бойынша Конференциясының Мәскеулік жиналысындағы саяси құжатында(1991ж. ) көрініс тапты. Қатысушы мемлекеттердің пайымдауынша, адам құқықтары, бостандықтары, демократия мен заң жоғарылығына тиісті мәселелер халықаралық сипатқа ие, себебі аталған құқықтар мен бостандықтарды қадағалау халықаралық тәртіптің негізін құрайды. ЕҚЫК-нің адамзат өлшемі саласында қабылданған міндеткерліктері барлық мүше-мемлеттерге қатысты болып табылады және тиісті мемлекеттің ішкі істеріне жатпайтыны жарияланды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мен Европа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы да өз резолюцияларында адам құқықтарына қатысты аталған көзқарасты бірнеше рет мойындаған болатын.

Адам құқықтары мен бостандықтарының бөлінбестігі мен өзара байланысы туралы сөз қозғайтын болсақ, адам құқықтарымен айналысатын көптеген тұлғалар құқықтар мен бостандықтарды белгілі бір тізбек бойынша құрастыруға, құқықтар иерархиясын құруға ниеті пайда болады. Оның негізіне Адам құқықтары жөніндегі халықаралық билль алынады. Себебі адам құқықтары жөніндегі халықаралық пактілер мүше-мемлекеттерге әр түрлі дәрежедегі міндеткерліктер жүктейді.

Мысалы, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пакт құқықтарды тек тілек ретінде ғана мазмұндайды: “Осы Пактке қатысушы әрбір мемлекет жеке өзі, сонымен қатар халықаралық көмек пен ынтымақтастық арқылы, ішінара экономикалық және техникалық салаларындағы бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тиісті тәсілдермен, оның ішінде заң шығару шаралары арқылы осы Пактте танылған барлық құқықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді”/23/.

Ал Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт “Осы Пактке қатысушы әрбір мемлекет осы Пактте баян етілген құқықтарды өзінің аумғының ішінде және юрисдикциясына қарасты аумақта тұратын барлық жұртты . . . осы құқықтармен қамтамасыз етуге міндеттенетінін” жариялайды.

Сонымен қатар, соңғы жылдары адам құқықтары мен бостандықтары ортақ кешен, құқықтар жүйесін құрайтыны жайлы жалпы түсінік қалыптасты. 1993ж. Бүкіләлемдік адам құқықтары жөніндегі конференцияда қабылданған Вена Декларациясы мен Іс-шаралар Бағдарламасы “Адам құқықтарының барлығы әмбебап, бөлінбес, өзара тәуелді және өзара байланысты” екенін айқындады. Және де “Халықаралық қауымдастық адам құқықтарына жаһандық тұрғыдан, әділ әрі тең негізде, бірдей назар аудара отырып қарауы тиіс. Ұлттық, аймақтық ерекшеліктер мен тарихи, мәдени және діни белгілерді есепке алу міндетті болғанымен, мемлекеттер саяси, экономикалық және мәдени жүйелерінен тәуелсіз адам құқықтары мен басты бостандықтарын қорғау мен қадағалуағу міндетті” екені жарияланды/24/.

Адам құқықтарының шығу кезеңіне байланысты бөлінісіне келетін болсақ, “адам құқықтарының бірнеше буынын” қарастырып өтуге болады.

Адам құқықтарының бірінші буыны - ойлау еркіндігі, ар-ождан мен діни бостандық, заң алдындағы теңдік құқығы, өмір сүру құқығы, жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен еркіндігі, сот тарапынан әділдік лүту құқығы мен жариялылық құқығы. Бұл құқықтар адам құқығы үшін болған ұзақ тартыс нәтижесінде қалыптасып, демократиялық мемлекеттердің заңдарында нақтыланған. Олар жылпға бірдей адам құқықтарының ішіндегі “ең ескісі” болып табылады. Осы құқықтардың ішінде саяси құқықтар маңызды рол атқарады. Олар басқа құқықтардың жүзеге асуына негіз болады. Саяси құқықтарға сайлау құқығы, халық атынан өтініш жазу құқығы, сөз және баспасөз бостандығы, жиналыс ашу бостандығы жатады. Аталған құқықтар ХҮІІІ ғасырдағы еуропалық және американ философиясы мен саяси-құқықтық тәжірибесінен пайда болды. Кейін олар БҰҰ-ның құжаттары - Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы(1948ж. ) мен Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт(1966ж. ) және аймақтық келісімдерде - Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі еуропалық конвенцияда(1950ж. ) көрініс тапты.

Адам құқықтарының екінші буыны - еңбек ету мен жұмыс таңдау еріктілігі жөніндегі құқықтар, әлеуметтік қамтамасыз етілу, демалу құқығы, балалар мен аналардың қорғалуы, білім алу құқығы. Аталған құқықтар адамдардың экономикалық жағдайларын жақсарту үшін болған күрес барысында қалыптасты. Бұл құқықтардың іске асуы мемлекеттің араласуын қажет етеді, яғни жарияланған әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтардың іске асуына мемлекет жағынан кепілдік берілуі қажет. Адам құқықтарының екінші буыны бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптаса бастады. Екінші буын құқықтарының халықаралық құқық қағидаларында мойындалуы социалистік жіне батыс мемлекеттерінің идеологиялық және саяси ымырасының нәтижесі болып табылды. БҰҰ-на Кеңес Одағы тарапынан ұсынылып, үшінші әлем елдері қолдау тапқан әлеуметтік-экономикалық құқықтардың халықаралық құжаттарда бектіліуі идеясы 1948 ж. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдауда да, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық билльді құрастыру барысында да ұзақ талқыға салынған болатын.

Адам құқықтарының үшінші буыны - жеке адамдар мен халықтар құқықтары, аз ұлтты халықтар құқықтары, бейбіт өмір сүру, таза қоршаған орта құқығы, өзін-өзі билеу құқығы, қарусыздану құқықтары мен адамзаттың жалпы мұрасын иемдену құқығы. Адам құқықтарының үшінші буыны екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана қалыптасты.

Жоғарыда айтылғандай, адам құқықтарының бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасу кзеңінде оларды қамтамасыз етуде Ұлттар Лигасының маңызы зор болды. Ұлттар Лигасы шеңберінде құлдыққы қарсы, айелдер мен балалар саудасына қарсы бірқатар келісімдер жасалынды. Діни, этникалық және тілдік жағынан аз халықтарды қорғауға бағытталған арнайы халықаралық құқықтық шаралар жетілдіріле түсті. Ұлттар Лигасы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында тек қарапайым құқықтармен ғана айналысқан болатын. Сонымен қатар оған мүше-мемлекеттерді заңды күшке ие құжат қабылдауға міндеттеу қолынан келген жоқ. Осы орайда 1945ж. әлемдегі ең беделді халықаралық ұйым - БҰҰ-ның құрылуы адам құқықтарын қорғау саласындағы үлкен қадам болған болатын.

Адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыру барысында белігі бір іс-шаралар реті қалыптасқан болатын: а. тұжырымдаманың қалыптасуы; ә. адам құқығы түсінігінің қалыптасуы; б. міндетті нормалардың құрылуы; және в. адам құқықтарын жүзеге асырудың саяси және заңды жүйесінің құрылуы. Аталған іс-шараларға негізделе отырып, БҰҰ қазіргі күнге дейін өзіне жүктелген міндеттемелерді орындауда.

1. 2 Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының (1948ж. ) маңызы

Адам құқығын қорғау мен қамтамасыз етуді алғаш рет жариялаған құжаттардың бірі - Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы болды.

Адам құқықтары жөніндегі декларацияны жасап шығару мәселесі 1943-1945жж. БҰҰ Жарғысын қабылдау кезінде АҚШ тарапынан көтерілді.

Халықаралық қауымдастық 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымын құрып, сол жылдың 25 маусымында БҰҰ-ның Жарғысын бекіткен болатын. Аса маңызды халықаралық-құқықтық құжаттардың бірі болып табылатын БҰҰ-ның Жарғысы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қолдау көрсетуді, осы мақсатта бейбітшілікке төнетін қауіпті тойтару және болдырмауды, агрессиялық актілер мен басқа да бейбітшілік бұзушылықтарды басып отыруды және бейбітшілікті бұзуға әкелетін халықаралық даулар мен ахуалдарды әділет және халықаралық құқық қағидаларына сәйкес бейбіт жолдармен реттеу және шешуді адамзаттың ең басты мақсаты ретінде бекітеді. Жалпы, БҰҰ-ның құрылуы мен оның Жарғысындағы айтып кеткен ережелердің бекітілуіне екінші дүниежүзілік соғыс себепкер болған еді.

Болашақта адам баласын зорлықтан, ұлттық, нәсілдік, әлеуметтік, мүліктік және басқа да кемсітушіліктерден, өзге де теңсіздіктен қорғаудың жер бетіндегі барлық мемлекеттер үшін міндетті халықаралық құқықтық негіздері мен оларды жүзеге асырудың тетіктерін жасау қажеттігін басшылыққа алған БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1948 жылғы 10 желтоқсанда Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады/2/.

Өткен жылдың 10 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылдануының 60 жылдығын тойлаған болатын.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының жобасын дайындау мен оны қабылдау өте күрделі саяси және дипломатиялық тартыста өткені тарихтан белгілі. Әртүрлі көзқарастар мен ұсыныстарды салыстырып, саралап, қарап барып БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы күрделі халықаралық сайыстың нәтижесі ретінде Декларацияның осы күнгі мәтінін бекітті. Декларация жобасының 1400 рет талқылануының өзі оның әр сөзіне назар аударылғандығының белгісі болды/3/.

АҚШ, Англия, Франция және өзге де батыс елдері 1215 жылғы Еркіндіктің ұлы хартиясының, 1776 жылғы Американың Тәуелсіздік декларациясының, 1789 жылғы Францияның Адам және азамат құқықтары декларациясының ережелерін негізге ала отырып, азаматтық және саяси құқықтармен шектеліп қалуды ұсынса, өзге мемлекеттер (Мексика, Ирландия, КСРО және басқа елдер) әлеуметтік және экономикалық құқықтардың Декларацияда орын алуына себепкер болды.

Ең басты айта кететін нәрсе - Декларация адам құқықтарын жеке бір елдің ішкі проблемасы емес, оның трансұлттық, мемлекет мүддесінен де жоғары тұратын мәселе екенін бекітті. Жалпы айтқанда, бұл құжат XX ғасырдың адам құқықтары саласындағы негізгі нормативтік үлгісіне және бүкіләлемдік құқық қорғау қозғалысының түпқазығына айналды/4/.

Адам құқығы саласындағы халықаралық қорғау механизмін жасап шығару дәл сол кезде не себепті сондай өзекті болып табылды және оны жаңа халықаралық ұйымның құрылуымен байланыстыру қаншалықты дұрыс болды?

Оның себептері кейіннен Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының Кіріспесінен көрініс тапты. Олар келесі пункттерге негізделді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы туралы
БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы
Халықаралық ұйымдар шегіндегі адам құқықтарының халықаралық-құқықтық негізінің құрылуы
Ұлттық қауіпсіздік ұғымы
Халықаралық тәжірибеде және Қазақстандағы әйелдердің тендік құқығы
Арнаулы білім берудегі тәрбие
Жетім балалар құқығы және журналистика
Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың субъективті құқықтары мен бостандықтарының маңызды бөлігі
Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттарға қосылуы мен осы мәселеде БҰҰ, ЕҚЫҰ және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы
Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) құрылу мақсаты мен принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz