Бүгінгі экономикалық басылымдар және олардың проблемалары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Журналистика факультеті
Мерізімді баспасөз кафедрасы
Бітіру жұмысы
Бүгінгі экономикалық басылымдар және олардың проблемалары
Орындаған 4-курс студенті Меруерт Бөденбаева
Ғылыми жетекші Дәмегүл Баялиева
Филология. ғ. к, доцент
Норма бақылаушы Мәриям Майлықұтова,
аға оқытушы
Мерзімді баспасөз кафедрасы Ш. Ы. Нұрғожина меңгерушісінің рұқсатымен филол. ғ. д, профессор
қорғауға жіберілді
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе . . . 3
Негізгі бөлім
І ТАРАУ Іскерлік журналистика: ілік және ізденіс
1. 1. Қазiргi экономикалық басылымдардың қалыптасуы . . . 5
1. 2. Мерізімді баспасөздегі экономикалық сараптама табиғаты . . . 11
II ТАРАУ Экономикалық журналистика: өзектілік және мәселе
2. 1. Қазақ басылымдарындағы экономикалық жарияланымдар . . . 18
2. 2. Экономикалық журналистика - тілшілер көзімен . . . 37
Қорытынды . . . 46
Сiлтемелер көрсеткіші . . . 48
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi . . . 49
КІРІСПЕ
Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап, өзінің еркін де егеменді экономикасын қалыптастыра бастады. Жетпіс жылдан астам уақыт бойы кеңес одағының тәртібіне бағынып келген ел, нарықтық экономикалық қатынастарға көшті. «Баспаған жердің ой-ұшқыры көп». Десек те, тумысынан қағілез қазақ каптиалистік қоғамның қатал заңдарына тез бейімделді. Бұл ХХ ғасырдың 90-шы жылдары болатын. Міне, осы кезеңнен бастап «сауда», «жекеменшік» деген сөздерді естісе-ақ асау аттай үркіп ала жөнелетін қоғамда «сауда жасау сүннет» екені айтыла бастады. Ақыры келіп, жұрттың басым бөлігі хәлінің келгенінше базар жағалап, сауда-саттықпен айналысты. Елде, ауыл-аймақ арасында сауда жасап, байығандар қатары көбейді.
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған түрлі кәсіпорын, өндіріс ошақтарының жабылуы салдарынан отандық кәсіпкерлер тұтынуға қажетті азық-түлік, киім-кешектен бастап тұтынуға тұрарлық барлық тауарды алыс-жақын елдерден тасуды қолға алды. Нәтижесінде, аз уақыт аралығында өз алдына отау құрған Қазақстанда бизнестің қарқынды дамуы байқалды. Әлбетте, бұл ретте еліміз мемлекет ретінде халықаралық хан базарға мұнай-газ, алтын-күміс секілді жер асты, жер үсті қазба байлықтарын шығаруды бір ізге түсірді. Ал кәсіпкерліктің жалпылай бойына қан жүгіріп, сауданың жолға түсуі елімізде кәсіпкерлікке қатысты басылымдардың ашылуына түрткі болғаны анық.
Әуелде, қаржылық басылымдардың іргесін қалаған қалалық жарнама газеттер болғаны анық. Мұндай басылымдар негізінен 100-200 мың шамасында тұрғыны бар облыс орталықтары мен бір өзінде 1, 5 млн. -ға жуық халық шоғырланған Алматы мегаполисінде оқырманмен қауышты. Негізінен алып-сату, жалға беру секілді шағын ақпараттар жарияланған газеттердің соңы - халықаралық биржа, еліміздің және әлемдік нарық жайында сүйекті сараптамалық мақалалар жазатын отандық журнал-газеттердің қалыптасуына себептесті. Ал қолдарыңыздағы бітіру жұмысы қазақ жерінде экономикалық басылымдардың қалыптасу және олардың қазіргі кездегі жай-күйі мен қаржылық тақырыпқа қалам тербеудің жайына арналады. Бір айта кетерлігі, тырнақ алды ғылыми жұмысты жазу барысында тек кітап және мерізімді баспасөзбен шектелмей, журналистика саласындағы аға буынның да пікірін алуды құп көрдік. Тоқтала кетер болсақ, дипломдық жұмыста «Айқын» газетінің Бас редакторы - Нұртөре Жүсіп, «Алматы Ақшамы» газетінің Бас редакторы - Қали Сәрсенбай және өзге де журналистердің пікірлері пайдаланылды. Мұндағы ой-қазіргі қазақ экономикалық журналистикасының бағыт-бағдарына кәсіби маман көзімен қарап, мейлінше тақырыпты ашуға күш салу. Төменде «Қазіргі экономикалық басылымдар және олардың проблемалары» атты дипломдық жұмыстың шағын жоспары жарияланған.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Өкінішке қарай, елімізде экономикалық басылымдар жайында қазақ тілінде жүйелі жазылған бірде-бір кітап жоқ. Біздіңше, мұның басты себебі - Қазақстанда экономикалық басылымдардың жаңадан қалыптасып жатқандығы болса керек. Соған орай, іскерлік-қаржылық журналистика жайындағы алда жазылар еңбектің алғы шарты болсын деген ниетпен осы бітіру жұмысы қолға алынды. Бұл тақырыпқа қалам тербеудің өзектілігі ретінде, міне, осыны айтса болады.
Жұмысты зерттеу нысаны. Бiтiру жұмысының басты нысаны отандық «Экономика», «Қазақстан Іскері», «Дала мен Қала», «Түркiстан», «Айқын», «Жас Қазақ» және т. б. басылымдары мен олардағы экономикалық қосымшалар мен айдарлар.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті. Бiтiру жұмысын жазудағы мақсат пен міндет - отандық БАҚ-тағы әр жылдары жарық көрген экономикалық сарптама сипатындағы материалдарды жан-жақты зерттеп, оның қоғам үшін маңыздылығын көрсету. Және елiмiздегi жарық көріп отырған өзге басылымдардың деңгейiне баға берiп, жетiстiк пен кемшiлiк, табыс пен қалыстарына үңiлу. Отандық БАҚ-тағы экономикалық сараптаманы одан әрi қарай дамыту, жетiлдiру бағыттарына ұсыныстар енгiзу. Бітіру жұмысына арқау болған бұл тақырып қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарында толықтай зерттелмегендiктен, болашақта соны кеңiнен зерделеуге жол ашу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыста қазақстандық экономикалық журналистикасының хал-ахуалын сонау ХІХ ғасырдан бүгінгі ХХІ ғасырға дейінгі аралықта қамтып жазуында. Әсіресе, мұнда қаржылық-іскерлік журналистиканың екі ғасырдан астамғы жай-күйін жүйелеп, кезең-кезеңге бөлініп берілген. Бұған дейін еліміздегі экономикалық басылымдар жөнінде мұндай еңбек жазылмады. Жалпы, аталмыш Бiтiру жұмысын орайы келсе, еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттерiне көмекшi құрал ретiнде ұсынуға болады. Сонымен қатар, бұл еңбектi болашақта экономикалық журналиститка жайындағы зерттеу жұмыстарына пайдаланса артық емес.
Бітіру жұмысының әдiсi. Бітіру жұмысының тақырыбын ашу барысында талдау, саралау, салыстыру әдiстерi қолданылды. Нақты айтқанда, теория мен тәжірбие ұштасытырылып, кітап бетінде көрсетілген дәлел-дәйек журналистердің пікірімен қабаттастырылып берілді. Сондай-ақ, келтірілген дәлелдер студент пен оқулық авторларының пікірімен сәйкестендіріле жазылды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Диплом мазмұн, кіріспе және қос тараудан тұрады. Онан соң, І ТАРАУ «Іскерлік журналистика: ілік және ізденіс». II ТАРАУ «Экономикалық журналистика: өзектілік және мәселе» деп аталады. Сондай-ақ, бітіру жұмысы қорытынды, сілтемелер көрсеткіші және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтыған. Жалпы, алғанда негізгі тарау екі бөлімнен тұрады.
І ІСКЕРЛІК ЖУРНАЛИСТИКА:
ІЛІК ЖӘНЕ ІЗДЕНІС
1. 1. Қазiргi экономикалық басылымдардың қалыптасуы
Әрбір нәрсенің өз бастауы болады. Бітіру жұмысымызға арқау болған қазақстандық басылымдардағы экономикалық журналистиканың да өз тарихы бар. Жалпы, журналистика қоғамның қай саласының да шыңға шығуына немесе керісінше құлдырауына айтарлықтай ықпалын тигізе алады. Яғни, журналистиканың пәрменділігі жоғары.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағында түрлі қоғамдық-саяси басылымдар пайда болды. «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ» және т. б. Ол кезде патшалық Ресейдің қол астына қараған біздің еліміз феодалдық дәуірден капиталистік қоғамға бет бұра бастаған-ды. Ал капиталистік қоғамда сауда-саттыққа үлкен мән берілетіні белгілі. «Ақ патшаның» отарындағы елдерде қоғамдық-саяси басылымдардың көптеп ашылуы ең алдымен - қоғамды басқару мақсатындағы саяси, идеологиялық және көпестер мен алып-сатар кәсіпкерлер өте мұқтаждық танытқан экономикалық қажеттіліктен туындаған. Нақытырақ айтқанда, ол кездегі басылымдарда арнайы жарнамалық хабарламалар жоқтығы себепті сауда-саттықпен айналысытаны жұрт қатты қиналады. Өйткені, олар өз елдеріндегі қалалар мен алыс-жақын шет елдердегі тауар бағасына қатысты мағлұматтардан хабарсыз еді. Сол секілді қаржыгерлер де халықаралық биржадағы өзгерістер мен ақша құнының қаншалықты деңгейде екенін дер уақытында біле алмай дал болады. Ал зауыт-фабрика ұстаған алпауыт кәсіпкерлер болса, өзі өндірген тауарды қайда және қаншаға сатуға мүмкіндігі бар екенін алдын-ала болжай алмай әрі кәсіпорынға қажетті құрал-жабдықтарды таппай қиналады. Міне, осыдан келіп, кәсіптерінің өрісін кеңейтуге ұмтылған кәсіпкерлер өздеріне қажетті ақпарат үшін ақша төлеуге дайындығын білдіреді. Ал оған дейін мұнда хабар алу үшін саудагерлер алыс-жақын елдерге астына ат беріп, хабаршы аттандыратын. Дегенмен бұлай етуді тығырықтан шығудың бірден-бір жолы деп топшылауға болмайды.
Біріншіден, алысқа жіберген хабаршыға көп шығын жұмсалады, екіншіден, оның қаншама күндер жүріп жиып келген ақпараты уақытынан кешігіп, маңыздылығын жоғалтатын. Сондықтан, қажетті ақпарды тез, арзан әрі жүйелі түрде жеткізетін өзге құрал қажеттігі туындайды. Ақырында, мұндай экономикалық сұраныс мерізімді басылымдардың өмірге келуіне түрткі болды. [1]
Қазақтың кең сахарасында мерізімді баспасөздің пайда болуы мен дамуы 19-шы ғасырдың 70-80-ші жылдарына тура келеді. Бұл қазақ мемлекетінде саяси-экономикалық тұрғыдан көптеген өзгерістердің орын алып жатқан кезеңі-тін.
Э. И. Иванчиков пен С. С. Ақашев құрастырған «Доревалюционная периодическая печать Казахстана» атты библиогафиялық сілтемеге қарағанда, 1917-ші жылға дейін Қазақстан аумағында (Орынбор, Омск және Ташкент қалаларын қоса есептегенде) орыс тілінде экономика айдарымен 27 газет-журнал шығып тұрған. [2]
Дәл осы тұста арнайы салалық газеттер мен журналдар да капиталистік қоғамға бет бұрған қазақ елінде пайда бола бастады. Олар негізінен сол кезде қарқынды жұмыс істеген ауылшаруашылық қоғамдарына қарасты апталықтар еді. Бүгінгі таңда революцияға дейінгі басылымдардың аздаған бөлігі Петербор мен Мәскеу кітапханаларының мұрағаттарында сақталған. Бір әттеген-айы, аталмыш басылымдарда сол кезеңнің экономикалық өмірінен толық хабар беретін айтарлықтай мағлұмат жоқ. Дегенмен, газет-журналдардың атауына қарап-ақ және 1917-ші жылға дейін шыққан мерізімді баспасөздегі мақалалар тізімінен олардың нендей мәселе көтергенін аңғару қиындық тудырмайды. Мәселен, 1914 жылдан Қостанай облысының аумағында таралған «Кустанайское степное хозяство» газеті «қоғамдық-экономикалық» және «ауылшаруашылық» деген айдарға ие болған. Тағы да дәл осындай басылым 1904-1905 жылдары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Сельскохозяйственый листок» газеті. Бұл басылым «Ақмола» және «Семипалатинские ведомстви» газеттеріне қосымша ретінде тіркеліп отырған. Мұрағаттық материалдарға сүйенсек мұндай басылымдардың негізгі міндеттері төмендегідей:
- жергілікті ауылшаруашылығы жайын таразылап, зерттеу;
- шаруашылықтың қай түрімен шұғылдануға тұрарлық екені жөнінде ұсыныс;
- ауылшаруашылық ұйымдарының шаруашылық бағытында қолға алған мемлекеттік шараларымен танысу, аймақтағы шаруалар, келімсектер, казактар мен қазақтардың ауылшаруашылығына байланысты көзқарастарын салыстыру. [2. 16]
Жалпы, сол кездегі барлық басылымдарға экономиканың ауылшаруашылығы арқау болған. Мұның өзіндік себебі де бар. Айталық, орыспен одақтасып, патша өкіметінің қол астына өткенге дейін ен далада еркін жүрген қазақ көшпелі өмір сүріп, малшаруашылығымен ғана айналысты. Ал жер еміп, егін салу ісі елімізде кенже дамыған еді. Оны мойындауымыз керек. (Алайда, мұны кемшілік деп айтуға да келмейді. Себебі, сол мал бағумен-ақ қазақ ұлты қаншама жылдардан бері тірлік кешіп, ешкімнен кем болған емес) . ХVІІІ-ші ғасырдың соңы мен ХІХ-шы ғасырда түгелімен Қазақстан аумағына орыс, ұйғыр, дүнген секілді ұлттар мен ұлыстардың қоныс аударуы барысында елімізде бау-бақша, егіншілік кәсібі кең етек жайды. Міне, осыдан келіп, ауылшаруашылығының аталмыш түрлерін дамыту үшін арнайы салалық басылымдардың бірінен соң бірінің таралуын түсінеміз. Ал енді еліміздің кеңес өкіметінің құзырында болған кезде экономикалық басылымдар қандай бағыт ұстанды? Келесі кезек, осы тақырыпқа арналады. Сонымен, өзге де пост кеңестік кеңістіктегі мемлекеттер секілді Қазақстан да 70 жыл бойына саяси-экономикалық тұрғыдан КСРО-ға бағынышты болды. Өкінішке қарай, алып мемлекет - Кеңес одағындағындағы орталықтандырылған экономиканың тиімсіздігі кейіннен барып анықталды. Дұрысы, өкімет ыдырағаннан соң ғана мұндай жүйенің қажетсіздігі мойындалды. Алайда, мызғымас одақтың құлауына ең бірінші кезекте әсер еткені фактор - мемлекеттің орталықтандырылған басқару жүйесіне сүйенгені мен КСРО-ның географияялық жағынан ауқымды болуы емес. Керісінше, ол мықты әрі экономикалық тұрғыдан өзге алпауыт мемлекеттерді экономикалық даму жағынан шаң қаптырды. Ал мәңгілік жасайтыныдай болып көрінген одақтың ойраны шығуына себеп не? Бірқатар зерттеуші ғалымдардың пайымынша, саяси және экономикалық бағытта әлсіреп, ақыры тарап тынған Одақтың құрдымға құлауына басшылықтың кез-келген мәселені шешуге қоғамның әрбір жеке мүшесі тұрғысынан емес, ауқымды, мемлекеттік деңгейде қаруы кесірін тигізгенін тілге тиек етеді.
Енді Кеңес Одағындағы экономикалық жағдайды кезең-кезеңге бөліп қарастырсақ:
1917-1940 - төңкерістен кейінгі және соғысқа дейінгі аралық, кеңестік экономикасының іргетасы қаланды;
1941-1946 - ІІ-ші Дүниежүзілік соғыс;
1946-1956 - соғыстан кейінгі халықтық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңі;
1956-1965 - годы «оттепели» и реорганизаций народного хозяства;
1965-1985 - бұл жылдар әдебиет тілімен айтқнда тоқырау жылдары;
1985-1991 - қайта құру. [3]
Ә, дегеннен-ақ социалистік қоғам құруға алып територияны мекен еткен жұртшылық жаппай кірісті. Сол тұстағы қоғамдық көңіл-күйді зерттеуші тарихшылар одақ тұрғындарының қандай қиын жұмыстан болмасын, бас тартпағанын айтады. Мәселен, Түркісіб, Днепрогрэс т. с. с. Ал халықтың алып империяның бір қиырынынан екінші бір шетіне барып, өз еркімен құрылыс жұмыстарына жегілуіне сол кездегі басылымдардың ықпалы ересен екені түсінікті. Жетісу өңірінде таралған «Заря свободы» басылымы арқылы партия басшылығы көктемгі егіс жұмыстарын «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» істеуге шақырады. Бұл мақалада былай делінген: «Кімде-кім егін екпесе, ол өзіне де, халыққа да жау!». Ал Известия газетінің 1918 жылдың 26-шы жұлдызында шыққан санында Семей Совдеп-і жұртшылықты жалпыхалықтық игілікке өткен ауыспалы және тәжірбиелік егіс алқаптарын көздің қарашығындай сақтауға шақырады. [4] Айта берсе, халықты бір жағы қорқытып, екінші жағынан елдегі экономикалық ахуалды түзеуге бағытталған мақалалардың тізімі таусылмайды. Мұндай жариялынымдар кеңес одағына қарасты қазақ тілді газет-журналдар да көрініс табады.
1918 жылдан елімізде жергілікті ұлтқа кеңестік саясатты насихаттауға арналған қазақ тіліндегі басылымдар төбе көрсете бастады. Торғай өңірінде - «Қазақ мұңы», Ақмола аймағында - «Тіршілік». Бұл басылымдарға ұлтымыздың көрнекті тұлғалары С. Сейфулин, Ә. Жангелдин қалам тербегенін байқаймыз.
ХХ-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары аралығында отандық баспасөз экономиканың негізгі тірегі - ауылшаруашылығы саласын көп жазады. Дегенмен, ғылым-білім қарыштап дамыған сол ХХ-шы ғасырдың 26-шы жылы «Советская степь» газеті «Исследование Казахстана» атты мақала жариялайды. Бұл мақалада КСРО ғылым Академиясы қазақ экспедициясын жинақтау шарасын тәмамдағанын, академик А. Ферсман мен геолог Д. Щербаковтың қадағалауымен геологиялық ақпараттар жиыстырыла бастағаны айтылады. [5] Міне, дәл осы кезең қазақстандық басылымдар экономиканың ауылшаруашылығына ғана емес, экономиканың жер асты, жер үсті байлығына, яғни, өндірістік салаға қатысты мақалалар жариялауына тұспа-тұс келеді. Сөйтіп, «5 жылдық жоспар», «еңбек озаттары», «кеніш қазынасы» турасындағы мақалалар жазу Қазақстан Республикасы Егемен ел атанғанға дейін жалғасты.
Жалпы, «экономикалық публицистика» термині кеңес өкіметі тұсында қалыптасқаны мен «іскерлік журналистика» атауы тек одақ тарағанда ғана қызыл империяның шекпенінен шыққан мемлекеттердің журналистикасына ене бастады. Оған дейін бар болғаны партия қаулысымен еліміздегі өндіріс, ауылшаруашылығы және тағы басқа экономиканың өзге салалары бойынша мақала жазған отандық журналистер алғашында бұл тақырыпқа қалам тербеуде абдырағаны рас. Себебі, нарық заңына жаңадан көшіп, кеңестік жүйеден енді алыстаған мемлекеттің экономикалық ахуалы ауыз толтырып айтарлықтай емес еді. Ал мұндай қиын жағдай ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының екінші жартысына дейін жалғасты. Қазақстан мемлекеті нарықтық экономиканы бағыт-бағдар етіп алған кезде іскерлік журналистикаға негізінен орыстілді басылымдар жұмылдырылды. Олар: республикалық «Деловая неделя», «Понарама», «Делавое обозрение» және салалық, мамандандырылған бірқатар журналдар мен жарнамалық басылымдар. [3. 59]
Араға аздаған уақыт салып, еңсе тіктеген елімізде ақпарат атаулының қоғам, мемлекет дамуына тигізер ықпалы қайта сараланды. Оның қатарында әрине, экономикалық ақпарат, қаржылық-іскерлік журналистика да бар еді. Журналистиканың бұл саласы негізінен Тәуелсіз елде тәуелсіз басылымыдардың көптеп шығуымен тікелей байланысты.
Елбасымыздың биылғы халыққа жолдаған Жолдауы - «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу мүмкіндіктері» деп аталады. Бұл Жолдауда экономика мәселесі былай айқындалады:
«Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті».
Рас, Елбасының бұл сөздерінің жаны бар. Дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстан дағдарыстың салқыны ұрған тұста, қиналып қалған жоқ. Бұл сөзімізге мысал жетерлік. Солардың біріне тоқтала кетсек. Мәселен, «Жаңа индустрияландыру Президент бағдарламасын» алайық. Ел экономикасын өрге сүйреуге бағытталған аталмыш бағдарлама аясында қазірге дейін бірқатар ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Осы бағдарлама шеңберінде жаңа жұмыс орындары ашылып, тисінше, бұрыннан жұмыс істейтін өндіріс, кәсіпорындар қайтадан қарқын алды.
Жұмыссыздық деңгейі 6, 3%-ды құрады, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыттағыдан төмен. Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Біз төтеп бердік. Енді біз 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын орындауға кірісеміз.
Ертеңім жарқын, келешегім кемел болсын дейтін әрбір ел алдағы жылдарға жоспар жасайды. Ол заңдылық. Міне, бұл сондай жоспардан туындаған шара. Тұрғындары жұмыспен қамтылып, жалпы халықтың әлеуметтік жағдайы көтерілсе ғана елдің еңсесі тік болмақ. Ал қарқынды экономика ең бірінші кезекте жұртшылықтың жұмыспен қамтылуынан туындайтыны анық.
Оның сыртында, еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру барысында «Жол картасы» жобасы қолға алынды. Бағдарлама ауыл-аймақтағы ауызсу мәселесінен бастап, шағын және орта бизнестің қолтығынан демеуге де бағытталған. Өткен жылдан бері жүзеге асып келе жатқан бағдарламаның нәтижесі жайында Елбасы:
“Жол картасы-2009” бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді», - деп атап өтті. Әлемдік қаржы дағдарысы дамыған мемлекеттердің өзін дағдартқанда, елімізде стратегиялық маңызды істердің қолға ылынып, өз нәтижесін беруі үлкен саяси қадам десек артық айтқандық емес.
Қазақстан Республикасының экономикалық хал-ахуалын арттыру жолында атқарылмақ істер мұнымен шектелмейді, бітпейді. Себебі, бағындырар белес, алар асу алда деп санайтын мемлекетте мәні де маңызы да жоғары көлемді, келелі, көшелі істер жетерлік. Бір ғана «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы осыған айғақ. Ал жоғарыда аталған істер, жоба-жоспар, бағдарламалар осы үлкен міндеттің бір парасы ғана. Демек, «Алдымен экономика, содан кейін саясат» қағидасына сүйенген Қазақстан қарқынды дамудың алғашқы сатыларына енді өтіп, даму деңгейін онан әрі көтеруді көздеп отыр.
Қорыта келгенде, экономикаға айрықша мән берудің пайдасы орасандығын ұғамыз. Өйткені, экономика мемлекеттің тұрақты дамып, оның әр қадамын сенімді әрі нық басуына ықпалын тигізеді. Бұған экономикасының кенже дамуы себепті халқының жағдайы төмендеп, нәтижесі төңкеріске әкеп соққан көрші Қырғыз елін мысалға алсақ жеткілікті. Міне, экономика дамуының қаншалықты қажет екендігін осыдан-ақ аңғаруға болады.
1. 2. Мерізімді баспасөздегі экономикалық сараптама табиғаты
Ең бірінші кезекте «Іскерлік журналистика» дегеніміз - адамдармен ақша туралы әңгімелесу. Яғни, журналистиканың бұл түрі жұрттың «маңдай тер, табан ақының» арқасында ақшаны қалай табатыны және қаржы мәселесінің қоғам өміріне тигізетін ықпалын сөз етеді. Себебі, дін мен саясат сықылды ақша атаулының да жеке адам, жалпы қоғам өмірінде алар орны ерекше.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz