Австралия туралы



Кіріспе
Австралия туралы жалпы мәліметтер

Негізгі бөлімі:
1. Табиғаты
2. Тарихы
3. Экономикасы
4. Жануарлар дүниесі
5. Климаты
Қорытынды бөлім
Австралиялықтар
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Австралия Одағы-Оңтүстік жарты шарда, Австралия құрлығында орналасқан мемлекет. Аумағы 7,7 млн. км. квадрат Халқы 17,8 млн. (1994).Астнасы-Канберра қ. Әкімшілік тұрғысынан 6 штатқа және 2 территорияға бөлінеді. Мемлекет басшысы Ұлыбритания біріккен корольдігінің королевасы Елизавета ІІ болып есептеледі, оның өкілі жергілікті ген.-губернаторы болып саналады. Үкімет басшысы - премьер-министр. Заң шығарушы органы-өкілдер палатасы мен сенаттан тұратын бес палаталы парламент.
Баскаков “Биографии гербов, флагов, гимнов зарубежных стран”

Географиялық Энциклопедия
Большая Советская Энциклопедия
Страны и народы (Австралия и Океания. Антарктида.)
Энциклопедический справочник “Весь мир” (Флаги, гербы, территория, статистические данные о всех странах).
В. И. Чехонин “Австралийцы у себя дома”

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Австралия туралы жалпы мәліметтер

Негізгі бөлімі:

Табиғаты

Тарихы

Экономикасы

1. Жануарлар дүниесі

Климаты

Қорытынды бөлім
Австралиялықтар
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Австралия
Австралия Одағы-Оңтүстік жарты шарда, Австралия құрлығында орналасқан
мемлекет. Аумағы 7,7 млн. км. квадрат Халқы 17,8 млн. (1994).Астнасы-
Канберра қ. Әкімшілік тұрғысынан 6 штатқа және 2 территорияға бөлінеді.
Мемлекет басшысы Ұлыбритания біріккен корольдігінің королевасы Елизавета ІІ
болып есептеледі, оның өкілі жергілікті ген.-губернаторы болып саналады.
Үкімет басшысы - премьер-министр. Заң шығарушы органы-өкілдер палатасы мен
сенаттан тұратын бес палаталы парламент.

Табиғаты

Жерінің басым көпшілігі жазық болып келеді. Негізін Австралия
платформасы мен шығыс Австралия геосинклиналь белдеулері құрайды.
Платформасының түпкі негізі күшті метаморфтық салдарынан гнейс пен гранитке
айналға, құрамды жанартаулық жыныстар мен терригендік шөгінділерден тұрады.
Австралиянын барлық аудандарындатемпература тұрақты болып келеді. Ол жыл
бойы жазда 20*С және қыста 12-20*С аралығында. Жауын-шашынның жылдық
мөлшері 250мм-ден аспайды. Австралияда шөл, шөлейт аймақ басым болғандықтан
ағыны тұрақты өзендер аз. Ең ірісі: Мурей өзені, Дарлинг өзені. Үлкен
көлдер: Эйр, Торренс, Амадиес, Гэрднер.

Тарихы

Австралияның байырғы тұрғындары австралиялық нәсілге жатады. Олар бұл
құрлыққа 40 мың жыл бұрын кейінгі палеолит дәуірінде Оңтүстік-шығыс Азиядан
көшіп келген деп жорамалданады. 1788 ж. Австралияға ағылшындар алғаш рет
қоныс тепкендеаборигендер саны 300 мыңнан 1 млн. адамға дейін болған. Сол
кезден 20 ғасырдың ортасына дейін олардың саны 5-6 есе азайып кетті.
Құрлықты алғаш ашқан голландықтар болды (17 ғасырдың басы). Алайда тым
шалғайлығына байланысты оның зерттелуі ұзаққа созылып, бұл істі
британдықтар 19 ғасырдың басында ғана аяқтады. Ұлыбритания Солтүстік
Америкадан айрылғаннан кейін ғана Австралияны отарлауға шындап кірісті.

Австралияда 19 ғасырдың бас кезінде қой шаруашылығы жедел дами бастады.
Ал сол ғасырдың 50-жылдарында Викторияда алтын кенінің ашылуы нәтижесінде
өндіріс өркендеп, Австралияғы Ұлыбританиядан көшіп келушілер күрт көбейді.
Бұлар елдің бірқатар аудандарына өзін-өзі басқару құқығы берілуін талап
етті. 20 ғасырдың басында алты отар ауданды (Жаңа Оңтүстік Уэльс, Виктория,
Квинсленд, Оңтүстік Австралия, Батыс Австралия, яғни (Тасмания)) Австралия
одағы федерациясына біріктіру жөнінде заң қабылданды. Сөйтіп бұл одақ
доминион мәртебесін, ал бұрынғы отарлар штат құқығын алды. Австралия
ұлтының қалыптасуы жеделдеді. 1901 ж. Австралия одағы жарияланып, ол Британ
достастығы құрамында өзін-өзі билеу құқығын алды. Австралия одағы Британия
армиясының құрамында 1-дүние жүзілік соғысқа қатысты. 2-дүние жүзілік
соғыста Англия жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін 20 жылдан
аса уақыт (1972 жылғы желтоқсанғы дейін) елдегі билік басында екі ірі
партияның (либералдық және аграрлық)коалициясы болды. Австралияның ішкі
саясатында АҚШ-тың ықпалы ерекше күшейді. Австралия аумағында Американың
соғыс базалары мен объектілері орналастырылды. 1951 ж. Австралия әскери
Өзара қорғаныс жөніндегі шарт (АНЗЮС), 1971ж. Малайзия мен Сингапурды
қорғау жөніндегі бес жақты келісім одағының (АНЗЮК) мүшесі болды. 1972 ж.
билікке лейбористер келгеннен соң, австралия бірқатар дамушы елдермен
қарым-қатынасты дамытуға бет бұрды. Алайда 1975 ж. қарашада либералды және
аграрлық партиялар лейбористерді биліктен тайдырды. 1983 ж. наурызда
парламент сайлауында лейбористер партиясы қайтадан жеңіске жетті. 1984,
1987, 1990 ж. сайлауларда көпшілік дауыс алды. Лейбористер тұсында жалақыны
көбейту, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бағытындағы шаралар
қолға алынды. Ұлыбритания Біріккен корольдігі билігіне ресми бағыныштылықты
тоқтату туралы алғашқы қадамдар жасалды.

Азия-Тынық мұхит аймағы елдерімен байланыс жасауға, қарым-қатынастардың
(әсіресе, экономика саласында) дамуына ерекше көңіл бөлінді.

Экономикасы

Австралия индустриялы-аграрлы ел. АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, ГФР сияқты
елдермен экономикалық қатынасы жақсы дамыған. Пайдалы қазбаларға бай.
Көмір, қорғасын, темір, мырыш, мыс, боксит, алтын, күміс өндіріледі. Қара
және түсті металлургия өндірістері, мұнай айыру өнеркәсібі дамыған. Өңдеуші
өнеркәсіп салаларынан металлургия мен машина жасау, тамақ және жеңіл
өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, қағаз және полиграфия, ағаш кесу және мебель
өнеркәсіптері, әсіресе, машина жасау, автомобиль өнеркәсібі, кеме жасау,
электротехника приборлар құрастыру кәсіпорындары елдің әр түрлі
аймақтарында орналасқан. Австралия шаруашылығының маңызда саласы – қой
шаруашылығы. Ол Австралия шаруашылығының 60-70%-ін құрайды. Австралия ш.
дақылдарынан бидай, сұлы және арпа өсіріледі. Жер көлемінің 90%-ін
жайылымдар, жемшөп алқаптары алып жатыр. Австралияның ұлттық табыс көлемі
288,1 млрд. Американ доллары, жан басына шаққанда 16 мың доллардан келеді
(1995). Экспортқа жылына құны 65 млн. долларлық өнім шығарылып, 12 млн.
долларлық импорттық өнім әкелінеді. Австралияның дүние жүзілік жиынтық
өнімдегі үлесі – 1,1%
Әдебиеті
19 ғасырдың басынан ағылшын тілінде дамыды. Жергілікті халықтың көне
мифтері мен ертегі-аңыздары 19-20 ғасырларда жазылып алынды. Алғашқы
кезеңде (19 ғасырдың аяғына дейінгі) 18-19 ғасырдағы ағылшын әдебиетінің
дәстүрі басым болды. Поэзияда ода, пастораль, элегия, саяси сатира, прозада
мемуар, жолжазба, тұрмыстық –отбасылық және қызық оқиғалы роман жанрлары
өркендеді. Ч.Роукрофт, А.Харрис, М.Кларк сияқты жазушыларпрозалық
шығармаларында жер аударылып келгендердің ауыр азабы мен ерікті
қоныстанушылардың тұрмыс-тіршілігін бейнеледі. Поэзиядағы ұлттық
өзгешеліктер алғаш демокр., еркіндік сүйгіш идеяларға суарылған Ч.Харпур,
Австралия табиғатының жыршысы Г.Кендалл, ұлттық әдеби балладаның негізін
салушылардың бірі А.Л.Горден шығармаларында көрініс берді. Р.Болдревуд
романдарында елдің тұрмысы мен мінез-салты бейнеленген.
20 ғасырдың басына қарай Австралия әдебиеті айқын ұлттық сипатқа ие
болды. Шағын жанрлар – баллада мен әңгіме көбірек дамыды. Демократиялық
дәстүрдің негізін қалаушылар – Х.Лоусон, Т.Коллинз, Б.О.Дауд әлеуметтік
әділетсіздікті әшкереледі. Сонымен бірге бұл кезең поэзиясында неміс
романтизмі мен француз символистерінің, көне грек мифологиясының, діни
сезімнің ықпалы да басым болды.1-дүние жүзілік соғыс Австралияның одан әрі
дамуына үлкен әсер етті. Әлеуметтік роман жедел қалыптасты. Психологизмге
ден қою байқалды. 30-жылдар романдары қоғамның, дәуірдің өткірқайшылықтарын
бейнелеген әлеуметтік-сыншылдық пофосымен ерекшеленеді.2-дүние жүзілік
соғыстан кейінгіұлттық сананың өсуі, мәдени байланыстардың кеңеюі,
әлеуметтік қайшылықтардың тереңдеуіАвстралия әдебиеті дамуының жаңа кезеңін
сипаттайды. Жергілікті халықты нәсілдік кемсітушілік прозадағы басты
тақырыптардың біріне айналады (Ф.Б.Викерс, Дональд Стюарт). Реалистік
әңгіме өрістеді (К.Причард, В.Палмер, Дж.Уотен, А.Маршалл, т.б.).
Драматургия жанры дамыды (Р.Бейнон, Р.Лоурер, Мона Бренд). 60-90-
жылдардағыпрозалық және драмалық шығармаларда (П.Уайт, Р.Стоу)
модернистік, реалистік бағыттар тығыз араласып, ұштасып жатты. Поэзиядағы
негізгі сипат – реалистік образдар мен дәстүрлі өлең өлшемі. Еуропалық
үрдіс филос. лирикада (Джудит Райд, Дуглас Стюарт, Д.Кэмпбелл) айқын
байқалды. Жаңа құбылыс – жергілікті халық өкілдерінің әдебиетке келуі (Кэт
Уокер, Дж.Дэйвис, К.Джонсон) көрініс берді. Олардың шығармаларының негізгі
пафосы – қанау мен кемсітушілікке қарсылық болды.
Архитектурасы мен бейнелеу өнері
Австралия архитектурасы мен бейнелеу өнері ағылшын ықпалына байланысты
дамыды. Оған дейін аборигендер табиғи және қарапайым баспаналарды (үңгірлер
мен ағаш күркелер) мекен еткен. Алғашқы құрылыстар ағылшын мәнеріндегі
кішкене терезелі бір-екі қабат үйлер болды. Солардың бір көрнекті үлгісі
қазіргі Сидней қаласының шет жағы болып қалған Порт-Джексон елді мекені
1788 жылдан салына бастады. 1913-27 ж. У.Б.Грифиннің жобасымен Канберра
қаласы салынды.
Архитектура құрылыстарының ішінде Сиднейдегі Опера театры үйі (опералық
спектакльдермен бірге эстрадалық концерт көрсететін сахнасы, ашық бассейн
жағасында рестораны, демалыс аймағы бар тұтас мәдени орталық), Мельбурндегі
олимпиадалық кешен ерекше көзге түседі.
Австралияның бейнелеу өнері 18 ғасырдың ақыры, 19 ғасырдың басындағы
К.Мартенстің акварелі, С.Т.Гиллдің графикасы, А.Л.Бювелоттың лирикалық
пейзаждарынан басталады. Жергілікті тайпалардан шыққан суретшілер ағылшын
шеберлерінің әсерімен өзіндік бағытта алғашқы қадамдарын бастады. Олардың
кейбіреулері (Наматжир, Парерультья әулеттерінен шыққан суретшілер) бүкіл
елдің бейнелеу өнерінің даму бағытына әсер етті.
Музыкасы, театры мен киносы
Австралия музыкасының негізінде екі муз.мәдениеттің-жергілікті
тұрғындар мен көшіп келгендер мәдениетінің (ағылшындар) белгілері бар.
Аборигендердің ән өнері аңшылық салт-дәстүрінің этнографиялық жанрларын
қамтиды. Корробори, яғни дәстүрлі би биленіп, әндер айтылатын діни
мейрамдарды мерекелеу кең тараған. Музыкалық аспаптары: чуринг (уілдектер),
диджериду (бамбуктан жасалған труба), ағаш пен теріден істелген барабандар,
шылдырмақтар, тақтайшалар, мұрынмен тартатын флейталар, т.б. 18ғасырда
Еуропадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Австралия және мұхит аралдары
Аустралия материгіне және Океанияға географиялық шолу
Австралияның географиялық орны
Австралияның экономикалық- географиялық жағдайы
Дүниежүзінің металлургия және машина жасау кешені
АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Географиялық орнының физикалық географиялық ерекшелігі
Австралия
Жер бедері
Австралия жағаларының пішіні
АВСТРАЛИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер