ДСҰға кірудің Қазақстан үшін маңыздылығы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 ДСҰ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН МАҢЫЗЫ

1. 1 ДСҰ туралы түсінік

1. 2 ДСҰға кірудің Қазақстан үшін маңыздылығы

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДСҰ-ҒА КІРУ АЛДЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

2. 1Қазақстанның ДСҰ-ға кіру алдындағы проблемалары және қазіргі жағдайы

2. 2. ДСҰ-ға кіргеннен күтілетін нәтижелер.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда Қазақстанның Дұниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруі ең бір актуалды мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының (ҚР) президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтқандай: “Қазақстан үшін қолайлы шарттармен ДСҰ-ға кіруі − біз қол жеткізуге міндетті мақсат”. /1/. Өйткені өркениетке ұмтылған, жаһандануға бет бұрған осы бiр нарық заманында оқшауланып өмiр сүру мүмкiн емес. Сонымен қатар халықтың әл-ауқатын, әлемнің дамыған елдерімен бәсекелестік қабілетін, экономикалық тиімділікті арттыруда, өнімнің сапасын жақсартуда және отандық өнімнің әлемдік стандарттарға сәйкестендіруде Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі өте маңызды болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты − Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мүмкіндіктерін, пайдасы мен зиянын, оның жалпы ел экономикасының дамуына, ауылшаруашылығына, экономиканың өзге де салаларына әсерін талдап, оның маңыздылығы өзектілігін ашып көрсету.

Және де курстық жұмыстың міндеті:

−жалпы ДСҰ түсінігіне жалпы мәлімет беру;

−ДСҰ-ға кірудегі Қазақстан алдында тұрған проблемалар мен тосқауылдарды атап өту;

−қалыптасқан проблемалардың шешілу жолдарын ұсыну;

−қазіргі экономикалық жағдайына сипаттама беру;

−ДСҰ-ға кіргеннен кейінгі күтілетін нәтижелерді ашып қарастыру. Курстық жұмыстың құрылымына тоқталатын болсақ, жұмыс кіріспе бөлімнен, негізгі бөлімнен, яғни “ДСҰ және оның Қазақстан үшін маңыздылығы”, “Қазақстанның ДСҰ-ға кіру проблемалары және болашағы” деген екі тараудан, қорытынды бөлімнен және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімде біз жалпы курстық жұмыстың мақсатына, міндетіне, құрылымына тоқталып өттік. Негізгі бөлімнің бірінші тарауында жалпы ДСҰ-ның құрылуы, оның негізгі қағидалары және құрамы туралы мәлімет беріп, оның Қазақстан үшін маңызын, яғни неге Қазақстан ДСҰ-ға кіруді қажет етеді деген сұрақтарға, ал екінші тарауында ДСҰ-ға кірудегі Қазақстан алдында тұрған проблемалар мен тосқауылдарды атап, оларды жою үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап беріп және ДСҰ-ға кіргеннен кейінгі күтілетін нәтижелерді ашып қарастырдық. Және соңғы қорытынды бөлімде осы курстық жұмысты жаза отырып, қандай қорытындыға келгеніміз туралы жаздық.

Бұл курстық жұмысты жазу үшін АльПари, ҚазҰУ Хабаршысы, Ақиқат сияқты журналдарды, “Айқын газетін”, ҚР президентінің Қазақстан халқына жолдауын және “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын”, интернет желісін, ҚР Статистика Агенттігін пайдаландық.

1 ДСҰ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН МАҢЫЗЫ

1. 1 ДСҰ туралы түсінік

1948-1995жж ГАТТ (Генеральное соглашение по тарифам и торговле) жалғыз халықаралық-құқықтық ұйым болып келді. ГАТТ келіссөздері саудалары раундтары шеңберінде жүргізілген сол раундтарының соңғысы - Уругвайлік - ДСҰ- ның құрылуымен аяқталды.

Дүниежүзілік сауда ұйымы - мемлекеттер арасындағы сауданың ғаламдық ережелерімен айналысатын және тауарлар мен қызметтер және интелектуалды меншік саудасын реттеуші жалғыз халықаралық ұйым. Бұл реттеу халықаралық саудада мемлекеттердің іс-әрекеттерінің келісілген қағидаларының орыдалуына негізделеді.

Оның негізгі мақсаты - сауда тосқауылдары мен кемсітушіліктерді азайту арқылы сауда ағымдарын барынша тиімді әрі еркін дәрежеге жеткізу, болжалдылық пен ашықтықты күшейту.

ДСҰ Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі халықаралық сауда жүйесінің көптеген аспектілерінің негізін қалаған Тарифтер мен Сауда жөніндегі бас келісімнің негізінде, Мароккодағы Марракеш қаласында 1994 жылы көпжақты сауда келісімдерінің Уругвайлік раунді бітуі нәтижесінде, Маррокештік келісім негізінде 1995 жылы құрылған болатын. /2/. ДСҰ-ның құрылуы туралы келісім 29 құқықтық құжаттардан және сауда жүйесі шеңберіндегі мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын 25 министрлік декларациялардан тұрады. Қазіргі “ГАТТ 1994”деген атаумен белгілі 1947 жылы өзгерістер мен толықтыруларға қол қойылған ГАТТ құжаты ДСҰ негізінде жатқан құқықтық құжаттар қатарына кіреді.

Бұл ұйымда кез келген көпжақты келісім қабылдау үшін немесе кез келген мемлекетті оның міндеттерінен босату үшін ұйым мүшелерінің ¾-сінің келісімі талап етіледі. Ал ұйымға жаңа мүшелер қабылдау туралы шешім министрлік конференциясында ұйым мүшелерінің ⅔-сінің дауысымен қабылданады. ДСҰ шеңберінде кез келген шешім “бір ел - бір дауыс” негізінде қабылданады, бірақ кейбір жағдайларда көпшілік дауысымен де қабылдануы мүмкін. /3/.

ДСҰ- ның штаб пәтері Швейцариядағы Женева қаласында орналасқан. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұлттық заңнама, қолданыстағы өнім стандарттары, техникалық регламенттер мен сәйкестілікті растау рәсімдерінің арасындағы үйлесімділікті күшейту жөніндегі шараларды қажет етеді. Бұл Саудадағы техникалық тосқауылдарға және Фитосанитарлық шараларға енгізілген. Осыған қол жеткізу үшін Қазақстан түрлі мақсаттарға бағытталған реттеудің бұрынғы жүйесін жаңа заңдар, түрлі өнім стандарттарын қабылдау арқылы сәйкестендіруі және сәйкестілікті растау рәсімдерін қайтадан қарастыруы тиіс.

ДСҰ-ның негізгі қағидаттары “Барынша қолайлы жағдай жасау режимінің” саудалық мәртебесін (ол бойынша барлық мүше мемлекеттер бірін-бірі тең дәрежеде қарастырады), Ұлттық режимді (мемлекеттен тысқары компаниялар үшін тең режимді талап етеді) және Саудадағы Техникалық тосқауылдарды (СТТ) азайтуды қамтиды. Осы қағидаттарды қолдану халықаралық сауданың тәуелсіздігі мен бәсекелігін арттыра түседі, экономикалық тиімділікті, өнімнің сапасын және өнімнің стандартталуын күшейтеді. Өндірілетін өнімнің стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі талаптар да тұтынушылардың игілігін қамтамасыз етеді. /2/.

Халықаралық сауда ұйымы құрылатын неғұрлым маңызды қағидалар мыналар:

  • Дискриминациясыз сауда - әрбір мемлекет сауда режимін барлық елдерге және ұлттық тауарлармен қатар шетелдік тауарларға да тең дәрежеде ұсынуы тиіс. ДСҰ шеңберінде ГАТТ-қа сәйкес елдер арасында екіжақты неғұрлым жағымды сауда режимін ұсыну қарастырылады. ДСҰ-да бір елге көрсетілген артықшылықтарды басқа да елдерге көрсету керектігін білдіретін неғұрлым қолайлы жағдай режимін (РНБ) ұсыну керек.
  • Халықаралық сауданы либерализациялау (ырықтандыру) - кедендік тарифтерді түсіру және халықаралық сауда жүргізу жолындағы кедергілерді жою жөнінде халықаралық келіссөздер жүргізу.
  • Тек қана ДСҰ ережелері негізінде импортты шектейтін шаралар қолдану - елдердің протекционизмді сауда саясаты ретінде қолданудан бас тартуы. Алайда сауда либерализациясы бұл мемлекеттердің керек жағдайларда өзінің ішкі нарығын қорғаудың заңды мүмкіншіліктерінен толық айырылады дегенді білдірмейді. Қайта ДСҰ ережелерімен қарастырылған ішкі нарықты қорғау арсеналы айтарлықтай ауқымды. Оған қорғау шаралары, антидемпингтік баж салығы, компенсациялық баж салығы жатады.
  • Сауда саясатының болжамдылығы - сауда саясатының қабылданған ережелерге сәйкес жүргізілуі және жүктелген міндеттердің біржақты бұзылуын болдырмау. Инвесторлар, елдер, корпорациялар тарифтердің, тарифтік емес шектеулердің және өзге де сауда саясаты құралдарының ДСҰ ережелеріне сійкес екендігіне сенімді болуы керек. Сауда саясатының болжамдылығын қамтамасыз ететін негізгі механизм болып тарифтерді байланыстыру, елдердің импорттық тарифтерді шектен асырмау туралы міндеттеме алуы табылыды.
  • Бәселестіктегі үйлесімділік - ДСҰ-ның бұл қағидасы елдердің демпинг (әділетті нарық бағаларынан төмен бағалармен экспорттау), экспорттық субсидиялар сиқты сауда саясатындағы әділетсіз әдістерді қолданудан бас тартуды білдіреді.

Егер мемлекеттер ДСҰ-ға кіру туралы оның негізгі құжаттарына қол қойса, онда осы мемлекеттер оның жоғарыда аталған негізгі қағидаларын ұстануға міндеттеледі.

Уругвайлік раунд нәтижесінде қол қойылған қызмет саудасы туруалы Басты келісім (ГТУ) - жалпы алғанда халықаралық қызмет саудасын және ішінара қаржы нарығын реттейтін ең негізгі халықаралық құжат болып табылады.

Қазіргі таңда ДСҰ-ға 148 ел мүше. Олар мынлар: ТМД елдері (Грузия, Қырғызстан, Молдаия), ЕО елдері, Монғолия, Хорватия, Қытай, Египет, Эстония, Армения, Австралия, Словения, Корея, Греция, Италия, Канада, Финляндия, Индия, Иднонезия, Латина Америка елдері (Бразилия, Чили), Шығыс Еуропа елдері (Болгария, Польша және Словакия), және тағы басқалары. ДСҰ-ға кіруге ниет еткен мемлекеттер де бар, олар: Ресей, Қазақстан, Беларусия, Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан және тағы басқалары. /3/.

1. 2 ДСҰға кірудің Қазақстан үшін маңыздылығы

Қазақстанның ДСҰға кіруінің қажеттілігі бірқатар маңызды себептермен түсіндіріледі. Мысалыға, ауыл шаруашылығы субсидиялауды қажет етеді, қызмет көрсету саласы-бәсекелесуді және тағы басқалар.

ДСҰға кіру түрғысынан РГП “экономикалық зерттеулер Институты” жүргізген талдаудағы басым көрсеткіштерге сәйкес Қазақстан соңғы жылдары қолайлы жағдайда тұр. /4/.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің тиімді жақтары:

  • Вице-премьер Кәрім Мәсімовтің парламенттік тыңдауда айтуынша, ДСҰ-ға кіру арқасында біз қазақстандық өнімдерге осы ұйым мүшелері тарапынан қатаң квота бекіту сияқты сауда кедергілерінен құтыламыз. Кейбір елдер қазақстандық металл өнімдерін импорттауға квота қойып отырады, ал біз мүше болсақ, бұндайлар бірден құқықтық негізден айырылады және одан әрі мүлде енгізілмейтін болады!
  • Сауда таластары туған шақта Қазақстан оны ДСҰ аясында тең құқылы әріптес негізінде шешудің нақты мүмкіндігіне қол жеткізбек.
  • Егер Қазақстан ДСҰ-ға кірсе, ұйымға мүше көрші елдердің теміржол көлігімен тасымалдау кезінде қазақстандық тауарлар “көліктік тарифтің ұлттық режиміне” қол жеткізеді. Ал Қазақстан көк мұхитқа шығар жолы жоқ ел болғандықтан, көршілес елдер арқылы құрғақ жолдармен тауар жеткізу құнының төмендеуі сіз бен біз үшін зор маңызға ие. Біздің есебімізше, ДСҰ-ға енісімен, тек жалғыз Ресей аумағы арқылы жүк тасымалдауда көлік тарифінің ұлттық режиміне» ие болсақ, біз жүздеген миллион доллар қаржыны жыл сайын үнемдейді екенбіз!
  • ДСҰ-ға кіру - сыртқы сауда режимін ДСҰ нормаларына сәйкестендіру. Бұл процедуралардың айқындылығын арттырып, коррупциялық қарекеттерге жол ашатын мүмкіндіктерді шектейді.
  • Кеден кодексін ДСҰ нормаларына сәйкестендіру «серый импорт» аталатын кеселді қысқартып, бюджеттік түсімдерді ұлғайтуға қызмет етпек.
  • Еліміздің бірқатар заңнамаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, жетілдіріледі.
  • ҚР-ның қаржы нарығында шетелдік субъектілер қызмет ете бастайды, ал ол үлттық қаржы және несие жүйелері сапасының жоғарылауына қол жеткізбек.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің тиімсіз жақтары:

  • Қазіргі таңда металлургия саласының басыбайлы жатжұрттықтардың жетегінде екендігін, Қазақ жерінің қойнындағы «асыл тас» қазыналарымыздың қызығын солар көріп жатқандығы ескергенде, ДСҰ-ға кіру-бар болғаны «үндіс мультимиллиардері мен оңтүстіккорейлік алпауыттың қалтасына құйылатын қаржыны ұлғайту мүмкіндігі» ғана сияқты.
  • Шенеуніктердің ұқыпсыздығынан, өз жұмысына жауапсыздығынан, тіпті әлдебіреулердің мүддесі үшін лобби жүргізуі кесірінен «Қазақстанның өз мойнына алған міндеттемелері орындалмай қалуы» мүмкін. Түптеп келгенде, ДСҰ-ның қысымынан әлгі шенеуніктердің қылы да қисаймайды, ұйым енгізген санкциялардан ел ғана сорлайды . . .
  • Төменгі палата вице-спикері Сергей Дьяченконың айтуынша, тіпті егер еліміз ДСҰ-ға енсе, елде жаппай жұмыссыздық жайлауы мүмкін. «Дамуы жағынан артта қалып тұрған және тиісті деңгейде қолдау көре алмай отырған қазақстандық ауыл шаруашылығы секторы сыртқы басқыншылық-экспансияға төтеп бере алмай қалады! Мысалы ЕО елдері өздерінің фермерлік шаруашылықтарын5, 5 миллиард евродан артық қаржыға субсидиялап, қуатты қолдаумен қамтамасыз етуде. Ал біз ше? Бізде ауыл шаруашылығын қаржыландыру 2000 жылдағымен салыстырғанда, 2006 жылы 2, 5 есе артқан, бірақ соның өзінде еліміздің ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ-нің) 0, 7 пайызынан аса алмауда.
  • Қазіргі қазақстандық фермерлер қауіп-қатері көп егін салу, мал бағу ісін техникалардың, минералдық тыңайтқыштардың, судың және басқалардың тапшылығы жағдайында жүргізіп жатыр. Осының салдарынан олар өндіретін өнімнің өзіндік құнының қымбаттайтыны сонша, оны басқаны айтпағанда, өз еліміздің бір аймағынан екіншісіне тасып, саудалаудың түк тиімділігі қалмайды. Өзге елдерге экспорттау туралы айтуға ауыз бармайды. Осындай жағдайда біз шетелдік арзан, сапалы ауылшаруашылық өнімдерінің тасқынына түгімізбен де төтеп бере алмаймыз. Бұл ақыр соңында ауылдарды жаппай жұмыссыздықтың жайлауына әкеп соқтырмақ. Ал ауылда қазақстандықтардың 44%-ы тұратынын ұмытпаған жөн. /5/.
  • ДСҰ-ға кірген соң қазіргідей елдегі кәсіпорындарда шетелдік жұмысшылардың санын шектеу жойылады. Бұл онсыз да өз ұжымынан «қарадомалақтарды» қуып тастап, өз отандастарын қаптатуға құмартып отырған қытайлық, корейлік, ресейлік, америкалық және басқа да қожайындардың қолын босатпақ. «Қара суға қарап қалған бірқатар ауылдарда ашаршылық нәубетінің кейбір белгілері біліне бастаған» деседі. Ел ішінде жұмыссыз ер-азаматтардың өзіне-өзі қол салып, өмірден кету оқиғалары жиілеген. Ауыл шаруашылығы кешені құлағалы бері қаймана қазақтың жартысынан астамы құтты қоныс қылған бұрынғы ауылдарда ешқандай әр де, абырой да қалмаған, жаппай жұмыссыздық жайлаған, ауыл халқы ішінде ішкілікке салынып, есірткіге еліргендер қатары қалыңдап барады. Шетелдік жұмыс күшіне квота жойылғалы жатжұрттықтар банк, мұнай сияқты салалардағы жоғары жалақылы қызметтерден қазақстандық мамандарды қуып шыққан, білікті, майталман мамандарымыз көрші Ресейге босуда . . . ». /5/.

ҚР-ның президентнің “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында” Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде ДСҰ-ға кіру қарастырылған.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдарының едәуір бөлігі қазірдің өзінде ДСҰ нормаларына сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде. Және де Елбасының айтуынша, осы халықаралық экономикалық ұйымға ену Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашады. /6/. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жөніндегі Келісім азық-түлікті сыртқы рынокта сатуда ғана емес, сонымен қатар елдің азық-түлік жүйесін дамытуда да жақсы ықпал етуі тиіс. Оған қарама-қарсы пікірлерге құлақ түрсек, ДСҰ-ға кірген кезде оның қойған міндеттерін толықтай орындайтын болса, Қазақстан сыртқы сауданы реттеу және отандық ауыл шаруашылығын қорғауда шаралар қабылдау құқығынан айырылып қалады. Ал бұл өз кезегінде отандық ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізеді.
Сонымен, Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы алдымен ауыл шаруашылығын, жеңіл өнеркәсіп пен тағам өнімдері кәсіпорындарын қатты мазасыздандыруда. Бәсекенің қатаң талаптарын алдымен ауыл шаруашылығы көтере алмайды. Сондықтан осы салаға байланысты Қазақстанға әріптестерімен көптеген бағыттар бойынша біраз келіссөздер жүргізуіне тура келеді. Республика Үкіметі ДСҰ-ға мүше болып кіру процесін жылдамдатқысы келеді. Бірақ процесті жылдамдату немесе баяулату үшін алдымен осы халықаралық ұйымға мүше болудан ауыл шаруашылығына келер плюстер мен минустарды айқындап алу керек.

Плюстері:
1. Әлемдік экономика ауыл шаруашылығын қосқанда, қоғамдық өмірдің барлық саласына әсер еткен жаhандандырудың белсенді фазасына шыға отырып, XXІ ғасырға келіп кірді. Халықаралық еңбекті бөлу нарықтық жағдайда объективті түрде ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлікті сауда-саттықпен айырбастауды қажет етеді. Қазақстан қазіргі кезде көптеген азық-түлік тауарларын импортқа алуға мәжбүр болып отыр. ДСҰ-ға мүше бола отырып, ол осы халықаралық ұйымның сан қырлы ережелері есебінен өз мүддесін лайықты түрде қорғай алады.
2. Тұтастай алғанда, ДСҰ-ға мүше болу осы ұйымның толықтай құқылы мүшелерінің ұлттық мүддесіне қарама-қайшылық әкелмейді, қайта оларды жүзеге асыруға ықпал етеді. Сонымен бірге ДСҰ жұмыс істеп тұрғалы бері ешбір ел оның құрамынан шығып көрмеген және керісінше оған қатысушы саны ДСҰ бақылаушысы мәртебесі бар мемлекеттер есебінен арта түсуде.
3. Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арзан шикізат, агроөнеркәсіпке қажет жаңа технологияларға қол жеткізуге есік ашады. Сонымен қатар ДСҰ-ға мүше болудың артықшылығына отандық азық-түлік жетіспей жатқанда тұрғындардың импорт есебінен сұраныстарын қанағаттандыруға болатынын да жатқызуға болады.
4. ДСҰ-ның көп тарапты ережелері қазақстандық экспортшыларды сыртқы рыноктарда өркениетті түрде қорғау мүмкіндіктерін береді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы әлемдік рыноктарға шығу талаптарын жақсарту жөнінде келіссөз жүргізе алады. Атап айтқанда, тарифтерді төмендету, қызмет көрсетуде және т. б. шектеулерді алып тастау жөнінде.
5. Қазіргі кезде ауыл шаруашыылығының материалдық-техникалық базасы қанағаттанарлық емес күйде екендігі белгілі, осыған орай, Қазақстанның ДСҰ-ға қатысуы шетелдік инвестицияны тартып, аграрлық өндіріс моделін инвестициялау процесін дамытуға жарамды жағдай тудырады.
6. Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейдегі шаруашылық қызметті және сауданы рыноктық жағдайда реттеу тәжірибесі мүлдем жоқтың қасы. Осыған байланысты ДСҰ-ға мүше болғаннан кейін Қазақстан ауыл шаруашылығы мүддесін есепке ала отырып, халықаралық сауданың жаңа ережелерін жасауға қатыса алады.
7. ДСҰ-ға кіру - ауыл шаруашылығы өндірісінің жағдайын сапалы түрде жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық саясат жүргізуге ықпал етеді.
Минустары:
1. Егер аграрлық өндірісті дамытуда Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайының нашарлығын есепке алатын болсақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қаржылық жағдайының төмендігі ауылдардағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыртқы рыноктарда өздерімен бәсекеге түсетіндермен бәсекелесуі қиын болады.
2. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті ырықтандыру біздің еліміздің сырттан келетін азық-түлік тауарларына деген тәуелділігін арттырып жіберуі мүмкін.
3. Қазақстан ДСҰ-ға мүше болғаннан кейін қазақстандық ауыл шаруашылығының экспортшылары тарифтік емес тосқауылдарға тап болады. Мұндай тосқауылдар олардың сыртқы рыноктарға шығуын шектейді.
4. Шектеу қоятын талаптар - техникалық талаптар, ұлттық және халықаралық нормалар мен стандарттар.
5. Көлеңкелі нәтижелерге сонымен қатар ауыл шаруашылығы ұйымдарын іштен қолдау жасау шараларының қысқарып кетуін де жатқызуға болады.

6. Қазақстаннан экологиялық тұрғыда анағұрлым таза ауыл шаруашылығы өнімі экспортқа шығарылады, ал оның орнына бізге жоғары индустриялы технологияны пайдаланылып жасалған сапасы төмен азық-түлік тауарлары келеді. Бұл дәлелденген мәселе.
7. Егер ДСҰ Қазақстанға аграрлық секторды реттеуде ерекше режим ұсынбайтын болса, біздің ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсетіп отырған қазіргі жағдайымыз қолдануға келмей қалып, ауыл шаруашылығы ұйымдарына іштей қолдау көрсету шараларын қысқартуға тура келетіні де ДСҰ-ға мүше болғаннан кейінгі туындайтын көңілсіз проблемалардың бірі болмақ. /7/.

8. ДСҰ-ғы неғұрлым ықпал етіп отырған елдер - АҚШ, ЕО, Австралия, Канада - Қазақстанға қатысты қатаң позиция ұстанып отыр. Олардың талаптары - республиканың импорттық кеден баж салығын ағымдағы деңгеймен сәйкестендіру, аса қажетті емес келісімдердің барлығына қосылу, қызметтер н, арығына қол жеткізуді ырықтандыру, ауыл шаруашылығын субсидиялау көлемін қысқарту.

9. Қазірде ішкі субсидиялау шеңберінде талас болып жатыр. Қазақстан субсидиялаудың 1996-1998 жылғы базалық деңгейін, 2, 5-3 млрд доллар, ал ДСҰ қызмет тобы 1991-1993 жылғы деңгейін, 0, 5 млдр теңге, ұстануды талап етіп отыр. /3/.

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДСҰ-ҒА КІРУ АЛДЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

2. 1Қазақстанның ДСҰ-ға кіру алдындағы проблемалары және қазіргі жағдайы

ДСҰ-ға кіруге дайынбыз ба? Ия, бұл ойланатын-ақ мәселе. ДСҰ «етегiң елп етiп, жеңiл желпi» кiрiп баратындай нағашыңның шаңырағы емес. Алды-артын ойламай есек дәмемен енiп кеткен Грузия, Қырғызстан сияқты мемлекеттердiң қазiр бармақ тiстеп отырғаны осыны көрсетедi.

Соңғы жылдары Қазақстанның ДСҰ- ға кіру алдындағы проблемалары қоғамның назарын өзіне аударып отыр. Қазақстан экономикасының ДСҰ талаптарына дайындығын және жалпы алғанда ДСҰ- ға кіру критерийлерін бағалаудағы әрбір автордың бағасы әр түрлі.

Қазіргі таңда “ДСҰ- ға кіру керек пе әлде жоқ па” деген сұрақ емес, өйткені Қазақстан ДСҰ-ға кіретіні анық және ДСҰ-ға кіргеннен мүмкін болатын экономикалық зардаптарды қалай минимизациялап және тиімділікті қалай неғұрлым максимизациялау керек деген сұрақ туындап отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДСҰ және оның Қазақстан үшін маңызы
ДСҰ және Қазақстан
ДСҰ мен Қазақстанның болашақтағы потенциалы
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы
Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)
Элекронды оқытуда қолданылатын коммуникациялық технологиялар.”E-learning”ортасының компоненттері
Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі туралы
Оптикалық қорғау құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz