Аймақ – экономикалық шаруашылық жүргізу объектісі ретінде


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Аймақ - экономикалық шаруашылық жүргізу объектісі ретінде

Негізгі бөлім

  1. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық кешенінің қалыптасуы мен қызмет етуі
  2. Әлеуметтік-экономикалық жүйелер тұрақтылығы
  3. Аймақтың салалаық және аймақтық құрылымы
  4. Аймақтық қайта өндіру үрдісі және олардың пропорциялары
  5. Қазақстан Республикасы аймақтарының экономикалық дамуындағы диспропорция сипаттары

Аймақ - экономикалық шаруашылық жүргізу объектісі ретінде

Аймақтық экономиканың зерттеу объектісі, аты айтып тұрғандай - “аймақ” болып табылады. “Аймақ” сөзі әр түрлі мағынада өте жиі пайдаланылады.

Аймақ сөзімен - өнірістік күштерін дамытуға бағытталған және әр келкі немесе біркелкі табиғи жағдайы бар ірі территориялы жер түсіндіріледі.

Экономикалық және географиялық әдебиеттерде аймақ деп әр түрлі территорияларды айтады:

  1. бүкіл әлем елдері - макроаймақ;
  2. бір мемлекеттің аумағы - мезоаймақ;
  3. мемлекет ішіндегі аймақтар - микроаймақ.

Аймақтық экономика бір мемлекеттің аймақтарын, сонымен қатар өндіріс күштерінің орналасуын және басқа елдердің аймақтық саясатын оқытады.

Экономикалық интеграцияның даму үрдісі аймақтық экономиканың халықаралық дәрежеге шығуына жағдай жасайды.

Аймақтық экономикада мынандай мәселелер қарастырылады:

  • мемлекеттің аймақтық саясаты;
  • экономикалық және әлеуметтік дамудың аймақтық жоспарларын жасау және жүзеге асыру;
  • мамандандырылудың тиімділігі және аймақтардың кешенді дамуы;
  • экономикалық аудандастыру;
  • аудандық жоспарлау;

және өндірістік күштерді орналастыру мен аймақтардың кешенді дамуына байланысты басқа да сұрақтар.

Аймақтық экономика экономикалық реттеудегі өндірістің орналасу механизмін, аймақтық дамудың экономикалық тиімділігін оқытады. Ең маңыздысы экономикалық факторларға терең талдау жасау болып табылады: еңбек өндірісінің динамикасы, ұлттық табыстың аймақтық бөлінуі, негізгі қорлардың құрылымы және тиімділігі, бағалардың және тарифтердің территориялық дифференциациясы және т. б.

Экономикалық географиядағы сияқты, аймақтық экономиканың бұрыннан келе жатқан әдісі болып, жетістіктерді талдау, экономикалық және әлеуметтік даму тенденциялары, нақты территориядағы өндірістік күштердің орналасуы болып табылады.

Талдау көрсеткеніндей қазіргі экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері аймақтардың территориялық еңбек бөлінісіне қатысуымен, дамудағы кемшіліктері мен диспропорциялары және олардың аймақтағы шаруашылық кешенінің дамуына әсерімен, транспорттық-экономикалық байланыстар күрделілігімен ерекшеленеді.

Экономикалық аймақтардың шаруашылықтарының кешенді дамуы - бұл жалпы мемлекеттік маңызы бар мамандандырылған салалардың үйлесімділігі, халық тұтынуын қанағаттандыраты өндіріс салалары, негізгі салалардың қажеттілігі және инфраструктура салалары. Аймақ шаруашылығының кешенділігі дегеніміз - мамандандырылған салалар арасындағы, салалар арасындағы экономикалық байланыстардың нығаюы, қосымша территориялық кешендер және қызмет көрсету салалары.

Әр экономикалық аймақтардың өзіндік табиғи-ресурстық ерекшеліктері, оның шаруашылық қызметін анықтайтын өзіндік экономикалық және әлеуметтік жағдайлары болады.

Экономикалық аймақтардың кешенді дамуы - қазіргі жағдайдағы шаруашылық салаларындағы өніріс күштерінің оптималды дауы және халықтың еңбек өнімділігін арттыру үшін табиғи және еңбек ресурстарын өте тиімді пайдалану арқылы аймақтар арасындағы өнеркәіптердің байланысы, өнеркәсіптердің және транспорт құралдарының өндірістік қуаттылығы; олардың ғылыми негіздегі мамандандырылған байланыстылығы.

Өндіріс күштерінің дамуы мен орналасуы үшін экономикалық аймақтардағы халық шаруашылығының пропорционалдығы мен кешенді дамуындағы мәселелер тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бар, өндіріс күштері неғұрлым дамыған сайын, бұл мәселелер де соғұрлым күрделене түседі.

Нарықтық қатынасқа өтуге байланысты әр алуан түрдегі және көлемдегі территориялық-өндірістік кешендер жүйесінің қиындықтары туындады.

Аймақтық-кешендік зерттеудің әдістері мен қолданылуы туралы мәселелер Кеңес заманында оқытылып, кейіннен, 90 жылдардың басында жалғасын тапты. Бірақ ол кездегі зерттеудің көлемі мен дәрежесі қазіргі талаптарға сай келмеді. Әсіресе, әр түрлі экономикалық аймақтардағы кешенді шаруашылықтарды дамытуды шешуге экономика-математикалық әдістерді қолдану дамымады.

Әб бір кешенде үш өндірістік сала топтары бөлінеді. Басым сала мемлекет көлемінде мамандандырылған аймақтағы өндіріс пен ауыл шаруашылығы салалары болып табылады.

Белгілі бір аймақтың экономикалық және табиғи жағдайының жақсы болуы негізінде осы салалар өте жақсы өнім береді, аталған аймақ пен басқа да аймақтар арасындағы ғылыми-техникалық прогресс бірдей болғанның өзінде.

Салалардың мамандануы аймақтардың даму деңгейінің, шаруашылық құрылымының, халықтың жұмыспен қамтылуының көрсеткіші болып табылады. Саланың өндірісі саланың мамандануымен тікелей байланысты.

Салалар арасындағы кешендер негізінде біріккен шаруашылық кешендердің үздіксіз даму үрдісі жүріп жатыр (жылу-энергетикалық, машина жасау, химиялық, құрылыс, орман, ауылшаруашылығы, т. б. ), сонымен қатар аймақтық кешендер.

Қазіргі шаруашылық кешен күрделі салалық құрылым болып табылады.

Жалпы мемлекеттік кешеннің салалық құрылымы әр түрлі рангтегі территориялық құрылымдардың кешендерімен байланысты.

Көптеген өндіруші шаруашылық салалары табиғи ресурстық қоры бар аймақтарда дамиды және оған қазіргі заманғы өндірістік күшпен, транспротпен, т. б. қол жетімді болуы керек.

Әр алуан табиғи-экономикалық айырмашылықтың болуы әр түрлі ауыл шаруашылық салаларының дамуына жағдай жасайды.

Сонымен қатар табиғи ресурстармен және тарихи жағдайларды ескере отырып экономикалық аймақтарда сала маманданулары болады. Ескі өндіріс аймақтарында жеңіл өнеркәсіптің үлкен қорлары, машина жасау, жоғары мамандандырылған жұмыс күштері болады. Осының барлығы экономикалық аймақтардың бірігіп қызмет істеуіне, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп тауарларымен алмасуларына алып келеді.

Аймақтық еңбек бөлінісі еңбек өнімділігіне өте қатты әсер етеді, әсіресе табиғи қазба байлығы орналасқан аймақтағы өндіріс саласы.

Әр экономикалық аймақ мамандануымен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар салалық шаруашылық құрылымымен, ауыл шаруашылығы мен өндірістік сала арасын дағы пропорциямен де ерекшеленеді. Белгілі бір аймақтағы шаруашылық салалардағы өндірістік күштерінің арасындағы пропорциялардың бұзылуы оның дамуын тежейді және бүкіл елдегі аймақ аралық шикізат, отын және дайын өнімдерді тиімді емес тасымалдауды алып келеді. Аймақтардың пропорционалды дамуы осы ерекшеліктерді қарастыруы керек.

Өндіріс күштерінің даму деңгейінің, ғылыми-техникалық прогпрестің өсуіне байланысты, жаңа шикізат көзжерінің пайда болуына және соны өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты халық шаруашылығындағы территориялық пропорция да өзгеруде.

70 жылдарға дейін экономикалық әдебиеттерде пропорционалдық туралы сұрақтар өте аз қарастырылды. Қазақстанның кең байтақ жеріндегі экономикалық және табиғи жағдайлардың әр алуандылығы экономикалық аймақтар мен олардың ішінде территориялық пропорцияларда маңызды орын алады.

Аймақ аралық пропорция мен бірге аймақ ішілік пропорция да маңызды болып табылады. Олар өз кезегінде экономикалық аймақтарды дамытады. Олар өз кезегінде аймақтардың дамуына жағдай жасайды. Бұл дегеніміз аймақтардың табиғи жағдайлары мен табиғи байлықтарына байланысты, өндірісте мамандануына байланысты, экономика-географиялық орналасуына байланысты, транстпорттық жағдайына байланысты, халық саны мен тығыздығына байланысты ерекшеліктері бар деген сөз. Аймақтардағы өндірістік құрылым бір-біріне ұқсамайды, керісінше, өзіндік ерекшеліктері бар, ең алдымен территориялық, аймақ аралық еңбек бөлінісімен ерекшеленеді.

Өндіргіш күштердің территориялық даму пропорциялары елдегі әрбір субъектінің экономикалық даму потенциялынан көрініс табады. «Территориялық пропорция» дегеніміз - өндірістік және өндірістік емес, көптеген және әр түрлі салалардың бір-бірімен өзара қатынасы және территорияның дамуының шектелуі.

Пропорцияны аймақтардың өндірістік мамандануы немесе территориялық еңбек бөлінісі ретінде қарастыруға болады. Өндірістік мамандану әрбір территорияның шаруашылық дамуына қызмет етеді, саланың мамандануының даму көлемі территориядағы барлық өндірістегі білімнің қатынасын анықтайды.

Өндірісті орналастырудағы халық шаруашылығын жоспарлаудың негізгі заңдылықтары келесідей:

  • өндірісті тиімді орналастыру арқылы еңбек өнімділігінің артуы;
  • өндірісті ел территориясындағы шикізат, энергия көздеріне және дайын өнімді тұтынуға жоспарлы түрде жақын орналастыру;
  • халық шаруашылығы игілігі үшін елдегі аймақтардың мамандану және кешенді дауына жеке территориялардағы ресурстарды толық пайдалану арқылы тиімді еңбек бөлінісінің болуы.

Қазіргі кезде жалпы өндірісті орналастыру факторлары нарықтық жағдайда жүзеге асырылып жатыр.

Елдің экономикалық дамуының террриториялық пропорциясы, оның макроаймақтары арқылы, ішкі макроаймаққтары (жеке аймақтар) арқылы жүзеге асырылады.

Экономиканың жоспарлы түрде дауы кезінде территороиялық пропорциялар табиғи, әлеуметтік, экономикалық және техникалық факторлар негізінде қалыптасады. Осының негізінде экономика дамуының территориялық пропорциясы келесідей негізгі түрлерге бөлінеді:

  • табиғи кешеннің аймақтық бөлінуі;
  • әлеуметтік-экономикалық аймақтық пропорциялар;
  • өнеркәсіп кешенінің территориялық пропорциясы;
  • энергетика кешенінің территориялық пропорциясы;
  • ауылшаруашылық кешенінің территориялық пропорциясы;
  • транспорт кешенінің территориялық орналасуы.

Табиғи ресурстар, олардың аймақтық орналасуы, экономика түсімі және пайдаланылуы экономиканың территориялық пропорциясының орналасуының базалық элементі болып табылады.

Ресурс көлемі мен қазіргі қолданылуы және перспективадвғы шаруашылық айналымының сапасының тартымдылығы аймақтың қамтамасыз етілуін және жеке түрдегі зоналарды анықтайды.

Әлеуметтік-экономикалық аймақтық пропорция халықтың территориялық орналасуын, аймақтың еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін, миграциялық процестерді, аймақтық және ұлттық ерекшеліктеріндегі өмір сүру және еңбекке бейімделудің қалыптасуы, өмір сүру деңгңеінің аймақтық ерекшеліктері. Бұл топтағы анықтаушы мағынаға халықтың орналасуы мен еңбек ресурстары жатады. Қазіргі кездегі еңбек ресурстарының орналасуы, әсіресе квалификацияланған кадрлардың, территориялық дамуды анықтайтын ең басты фактор болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық прпорцияда әлеуметтік инфраструктураның даму ерекшеліктері өз көрінісін табады - территорияның тұрғынүй қорымен, денсаулық сақтау объектілерімен, біліммен, мәдениетпен және т. б. қамтамасыз етілуі.

Өндірістің территориялық пропорциясы территорияның экономикалық дамуын құрайды. Өндірістік өнеркәсіп, бір жағынан, экономикалық жүйе иерархиясының ерекше жүйесі ретінде, екінші жағынан - халық шаруашылығы жүйесі ретінде қарастырылады.

Әлеуметтік, аймақтық, салалық, жалпы экономикалық факторлардың сандық және сапалық қатынасының зерттелуі өндірістік аймақтық дамудың техника-экономиалық негізін қалайды.

Өндірісті ұйымдастырудың өзгеру мүмкіндігі, ғылыми-техникалық прогрестің бағытталуы және тереңірек зерттеу жеке факторлардың әсер ету дәрежесін талдауға бағытталады. Әрбір фактордаң бағалануы аймақтық диференцияланған шығындар нормативтерін, өндірістік ресурстардың құнын, өндірістік техника және технология дәрежесін есептеуге негізделген.

Экономиканың қарастырылып отырған саласындағы экономикалық факторлар шектелген ретінде қарастырылады. Ең алдымен халық шаруашылығындағы нақты саладағы өнімдерге, әлеуметтік-экономикалық жағыдайындағы даму периодына, елдің және жеке территориялардың көп мақсаттарға арналған ресурстармен және т. б. қамтамасыз етілуіне бағытталған.

Техника-экономикалық мамандануындағы өндірістік саланың салалық факторларына жататындар территориядағы дифферениялданған шикізат, энергия, су шығын нормалары; өнімнің еңбек сыйымдылығы және тасымалданылуы. Осы факторлар ғылыми-техникалық прогреске, техникаға және технологияға, сонымен қатар, жалпы өндірістің территориядағы саланың тиімді орналастырылуындағы жалпы өндірістің ұйымдастырылу формасына әсерінен көрініс табады.

Барлық факторлар жүйесінің сандық және сапалық талдау әсері, сала класификациясының негізінде өндіріс күштерінің және өндірістік кәсіпорындардың орналасуы келесі түрлерге бөлінеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер учаскелерін кадастрлық құнын анықтау
Жердің кадастрлық құнын бағалау
Жерді пайдалануды есепке алу
Аймақтық экономика дамуының приоритет
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу
Елді-мекен территориясын құндылық аймаққа бөлу және кадастрлық бағалау
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ
Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру
Қазақстан экономикасын реттеуге шетел инвестицияларын тарту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz