Білім берудегі өзін-өзі тану мәселесі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ

І. ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ МӘСЕЛЕСІ МЕН КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Өзін- өзі тану, өзіндік сана- сезім, өзін-өзі бағалау мәселелері туралы

шет елдік және кеңестік психологтардың еңбектеріне теориялық шолу

1. 2. Білім берудегі өзін-өзі тануға апарар жолы мен кәсіби

қызметінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздері

1. 3. Білім берудегі өзін-өзі тану мәселесінің кәсіби қызметімен байланысын ғылыми теориясын анықтау 1. 4. Мектептегі психологтың кәсіби қызметінің ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”, “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”, “Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”, “Білім мазмұнын гуманитарландыру” тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі.

Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе оқушының психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.

Сондай-ақ адам бойына рухани-адамгершiлiк - адамның тұлғалық бағытын, оның рухани келбетiн және ақыл-ой эмоционалдық сенiмi не? Өз бетiмен қорытынды шығаруы мен оның қызығушылығына және өмiрлiк көзқарасына негiзделген әлеуметтiк-психологиялық бiлiмi.

Елiмiздiң болашақ азаматтары әрекетiнiң негiзi ретiнде мемлекет идеологиясының бағдарын анықтауда адамгершiлiк тәрбиесiнiң маңызы зор болғандықтан, адамгершiлiк мәдениетi қазiргi заманға тәрбиелiк деңгейiнiң негiзгi өлшемi болып табылады.

Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, инновациялық жаңашылдыққа көшуге психолог маманның іс-әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады.

Қазіргі қоғамызда болашақ ұрпақтың дайындауда әр ұстаз өз шеберлігін оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық технологияны жетік меңгерумен қатар шығармашылықпен жұмыс жүргізуге тиіс.

Осыған байланысты мектеп психологы қызметінің негізгі психикалық, этикалық принциптеріне сүйене отырып, білім берудегі кәсіби өзін-өзі қалай ұстауы керек екендігін елестету оңай.

Қазіргі заманғы психологияда басқа анық сипаттамалар беруге, жеке өзіндік танымды қалыптастыруға, әрине өзіндік сипаттама беруге мүмкіндік беретін көптеген мағлұматтар бар.

Алдымен психолог өзін-өзі танудың ең кең таралған тәсілдеріне өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін қандайда бір «өлшеммен» салыстыру жатады

Адамның бірін- бірі тануы мен тұлғааралық қарым-қатынас роліне А. А. Бодалевтің, Г. В. Дьянконовтың, Ю. М. Забродиннің т. б. жұмыстары арналған өзін-өзі тану әлеуметтік перцепция мәселесі ретінде В. А. Богдановтің, А. Г. Гусеваның, И. И. Льсенконның, Г. Л. Розеннің еңбектері арналған. Адамның өзін-өзі тануы өзгелерді тану сияқты жүреді. Өзін-өзі тану таным диалектикасының заңдарына бағынады және оның барлық сатылары арқылы өтеді. Өзін-өзі тану белсенді мақсатқа бағытталған, саналы процесс.

Өзін-өзі танудың механизмдеріне авторлар өзін-өзі сезіну, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау процестері жатқызады. Психикалық процестердің маңыздылығын бөліп көрсету үшін Спиркин А. Г өзін-өзі танудың субъективті әдісі ретінде өзін-өзі бақылауды қарастырады. Мұны түсіну үшін өзін-өзі бақылау мен интроспекцияны ажырату маңызды.

Кеңес психологтары С. Л. Рубинштейн, П. Р. Чамата, Г. Я. Розен өзін-өзі танудың жетекші механизмдерінің бірі өзін-өзі бақылаудың мәні туралы мәселені түсіндіруге тырысты олар өзін-өзі тануды интроспекцияға келтіретін сананың классикалық психологиясын сынады.

Өзін-өзі танудың кеңестік теориялары мен әдіснамалық аспектілері Б. Г. Ананьевтің, Л. С. Выготскийдің, И. С. Конның, Д. В. Ольшанскийдің, А. Г. Спиркиннің, Г. Я. Розеннің, И. И. Чеснокованың еңбектерінде қарастырылады, өзін-өзі тану бойынша эксперименталды зерттеулер М. И. Лисинаның, А. И. Сильвеструдың, В. В. Сталиннің жұмыстарында талап қорытылған; өзін-өз тану бойынша Г. А. Максимова, А. Г. Гусева диссертациялық зерттеу жүргізген. Өзін-өзі тану мәселесі бойынша кеңес авторларының еңбектерін талдау кезінде оның зерттелуінің екі негізгі бағытын көрсетуге болады:

1) Өзін-өзі танудың өзіндік сананың құрылымдық компоненті ретінде зерттелуі (И. С. Кон, М. И. Лисина, А. Г. Спиркин, И. И. Чеснокова) ;

2) Өзін -өзі танудың танымдық іс-әрекет аспектісі, спецификалық түрі ретінде, негізінен, өзге адамдарды танумен байланысты зерттелуі (А. А. Бодальев, А. Г. Гусева, н. В. Крогиус, Г. Я. Розин) ;

Өзіндік сананы зертеу кезінде психологтар өзін-өзі танудың дамуына, құрылымы мен генезисіне әсер ететін факторларды қарастырумен байланысты мәселелере басты назар аударады.

Психологиялық даму ерекшеліктерін шет елдік ғалымдардан Н. В. Кузьмина [6], Ю. Н. Кулютк, А. А. Реан, Е. И. Степанова, П. А. Просецкий, Е. М. Никиреев, В. А. Сластенин [7], В. А. Якунин, И. А. Зимняя [8] және т. б. зерттесе, отандық ғалымдар Қ. Б. Жарықбаев [9], С. М. Жакупов [10], З. Ә. Исаева, Г. К. Ахметова, Ш. Т. Таубаева, М. А. Құсайынова және т. б. ғылыми еңбектерде сарапталып өзіндік тұжырымдама берген.

І- ТАРАУ. Білім берудегі өзін-өзі тану мәселесі мен кәсіби қызметінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық психологиялық негіздері.

1. 1. Өзін- өзі тану, өзіндік сана- сезім, өзін-өзі бағалау мәселелері туралы шет елдік және кеңестік психологтардың еңбектеріне теориялық шолу.

Өзін-өзі танудың кеңестік теориялары мен әдіснамалық аспектілері Б. Г. Ананьевтің, Л. С. Выготскийдің, И. С. Конның, Д. В. Ольшанскийдің, А. Г. Спиркиннің, Г. Я. Розеннің, И. И. Чеснокованың еңбектерінде қарастырылады, өзін-өзі тану бойынша эксперименталды зерттеулер М. И. Лисинаның, А. И. Сильвеструдың, В. В. Сталиннің жұмыстарында талап қорытылған; өзін-өз тану бойынша Г. А. максимова, А. Г. Гусева диссертациялық зерттеу жүргізген. Өзін-өзі тану мәселесі бойынша кеңес авторларының еңбектерін талдау кезінде оның зерттелуінің екі негізгі бағытын көрсетуге болады:

1) Өзін-өзі танудың өзіндік сананың құрылымдық компоненті ретінде зерттелуі (И. С. Кон, М. И. Лисина, А. Г. Спиркин, И. И. Чеснокова) ;

2) Өзін -өзі танудың танымдық іс-әрекет аспектісі, спецификалық түрі ретінде, негізінен, өзге адамдарды танумен байланысты зерттелуі (А. А. Бодальев, А. Г. Гусева, н. В. Крогиус, Г. Я. Розин) ;

Өзіндік сананы зертеу кезінде психологтар өзін-өзі танудың дамуына, құрылымы мен генезисіне әсер ететін факторларды қарастырумен байланысты мәселелере басты назар аударады.

Адамның өзін-өзі тануының объектісі не деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Кез-келген адамнан «өзің туралы не ?» деп сұрасаң, онда әрбір адам өзі туралы бірнеше жалпылама сипаттамалардан тұратын жауап бере бастайды, мысалы: «Мен көпшілмін, бірақ кішкене ұялшақтаумын, жалпы ақкөңілмін» деген сияқты. Сол себепті өзін-өзі тану процесінде де өз тұлғамыздың танығымыз және зерттеп білгіміз келетін аймақтары мен сфераларын анықтау қажеттілігі туады. Психологияда алғашқылардың бірі болып өзін-өзі танудың сфераларын американ психологы У. Джемс белгіледі. Адам санасындағы таным элементтері ретінде ол физикалық тұлғаны, әлеуметтік тұлғаны, рухани тұлғаны бөледі.

Физикалық тұлға- бұл адамның тәні және адамға қатысты барлық нәрселер: киімі, отбасы, жағдайы, өзінің еңбек өнімдері.

Әлеуметтік тұлға- бұл өзге адамдар тарапынан біздің тұлғамыздың мойындалуы. У. Джемстің айтуынша, адамды қанша индивид тұлға деп мойындаса және ол туралы пікірлері болса, онда сол адамда сонша әлеуметтік тұлға болады.

Рухани тұлға- бұл сананың жеке күйлерінің нақты алынған рухани қабілеттер мен қасиеттерінің бірлігі. Тұлғаның аталған үш типі иерархиалы түрде ұйымдасқан. Ең жоғарғы деңгейінен рухани тұлға орын алады, төменгісінде- физикалық, әлеуметтік тұлғалар аралық орын алады. Демек, У. Джемс бойынша өзін-өзі тану физикалық, әлеуметтік және рухани деңгейлерде жүзеге аса алады. Кеңестік психологияда ғалымдардың басым бөлігі адамдардың биоәлеуметтік табиғаты туралы қағиданы ұстанады. Осыған сәйкес оның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері ажыратылады. Сондықтан ғылымда ұзақ жылдар бойына адамның екі түрлі деңгейде ұйымдасуы туралы түсінік жетекші болды, яғни индивид және тұлға ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап қана аралық айнымалы- әлеуметтік индивид ұғымы енгізіледі. Атап айтқанда, кеңес психологы, В. В. Столин адамның үш түрлі деңгейін бөледі: организм, әлеуметтік индивид және тұлға.

Биологиялық индивид ретінде (организм) адам жүйке жүйесінің типі, мидың нейродинамикалық қасиеттері, түрлі биологиялық қасиеттері бойынша сипатталады.

Әлеуметтік индивид қоршаған әлемді меңгеру қабілетімен, білім мен білікті, жүріс-тұрыс нормалары мен ережелерін игеру қабілетімен сипатталады. Тұлға рет таңдау қабілетіне, өзінің өмір жолын құру және қоршағандармен қарым-қатынас жасау жүйесінде өз жүріс-тұрысын реттеу қабілетіне ие.

Тұлғалық - мінез-құлықтық ерекшеліктері: адамның өзге адамдарға қатынасы (кеңпейілділік, көпшілділік, сыпайылық және т. б. ) ; іс-әрекетке, еңбекке, оқуға қатынасы (еңбекқорлық және т. б. ) өз-өзіне қатынасы (өзін-өзі сыйлау, сенім, сенімсіздік) ; заттарға қатысы (ұқыптылық, тазалық) ; табиғатқа, өнерге, ғылымға және т. с. с. қатынасы көрініс табатын тұлғаның сапалары мен мінез-құлық қасиеттері. Тұлғаның мотивациялық құндылықтық сферасы- адамның өз іс-әрекеті мен жүріс-тұрысын анықтайтын өзінің қызығушылықтары мен мотивтерін, құндылықтарын тануы;

Тұлғаның эмоционалды-еріктік сферасы-өзінің эмоционалды күйлерін, сезімдерін, стресс жағдайларына жауап беру тәсілдерін, мақсатқа ұмтылушылықтарын, қайсарлығын тануы; Қабілеттер мен мүмкіндіктер сферасы- адамның тіршілік әрекетінің, түрлі сфераларындағы өз қабілеттерін талдауы, ойларын жүзеге асыру үшін өз мүмкіндіктерін бағалауы.

Тұлғаның танымдық сферасы- психикалық үрдістердің, қызметтерін сезінуі мен ұғыну, мысалы: қабылдау, ес, ойлау, қиял, ақыл-ой және т. с. с.

Сыртқы келбет және темперамент ерекшеліктері сферасы- адам өзінің сыртқы келбетін, түрін, жүрісін, сөйлеу, өзін-өзі ұстау, мәдениетін және темпераментті анықтайтын қасиеттерді талдайды.

Өзге адамдармен, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас сферасы-адам өзінің өзгелермен жақын және алыс адамдармен байланысын өзара әрекетін талдайды. Іс-әрекет сферасы-адам қандай білім, білік дағдыларды, меңгерген және оларды өмірде және іс-әрекет барысында қалай пайдаланады, соны білуі қажет.

Өзінің өмірлік жолы сферасы- әрбір адам қандай да бір дәрежеде өткен өмірін талдайды, қандайда бір қорытынды шығарады, болашыққа жоспар құрады, өз тұлғасына болжам жасайды.

Бұл схеманың шартты екендігі белгілі, мұнда өзін-өзі талдауға және өзін-өзі тануға болатын тұлғаның және адам өмірінің түрлі қырларын бейнелеуге мүмкін емес.

Схема тек біз өзімізде нені тани аламыз соған бағыт береді. Енді өзін-өзі танудың аймақтарын белгілейік. Дәстүрлі психологияда өзін-өзі танудың екі аймағын бөледі: сана және бейсана, алайда кейбір концепцияларда жоғарғы бейсана сияқты тағы бір аймаққа назар аударылады. Осылайша, З. Фрейд тұлға құрылымында Эго немесе Мен, Супер-Эго немесе -Мен және Ит немесе ол сияқты аймақтарды бөледі. Эго немесе Мен толығымен сана сферасында жатады және шынайылық принципіне бағынады, супер-Эго немесе жоғары- Мен бір мезгілде сананың да бейсананың да сферада жатады және түрлі қоғамның нормалар, құндылықтар, тыйымдарды білдіреді, Ид немесе Ол инстинктер кезі болып табылады және бейсара сферада орналасады. Әрі қарай В. Г. Маралов к. Юнгтың тұлғаға берген құрылымын талдайды. Яғни, Эго- адамның шынайы Мені, Маска-адамның өзге адамдар алдындағы бейнесі; Көлеңке- адамның өзі жақтырмайтын, мазасыздық тудыратын тұлғалық сапалары ығыстырылатын бейсана аймағы, және соңғысы мифтерден, аңыздардан көрініс беретін архетиптерден тұратын ұжымдық бейсана аймағы.

Сонымен қатар, В. Г. Маралов психологиядағы схема түрінде берілген моделді мысалға келтіре отырып оның өзін-өзі танудың сферасы аймақтары туралы біздің түсінігімізді кеңейтетіндігін айтады. Ал модель құрастырушыларының құрметіне орай (Д. Лафт және Г. Ингром) «Джогари терезесі» деп аталады.

Мінез- құлық акцентуациясының әр түрлі типтерінің өзін-өзі танудың өзіндік ерекшеліктері мен сфераларына тигізетін әсері сияқты басқа да ерекшеліктеріне қатысты да осындай мысал келтіруге болады.

Өзін-өзі танудың ең кең таралған тәсілдеріне өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін қандайда бір «өлшеммен» салыстыру жатады.

Өзін-өзі бақылау. Бұл өзін-өзі, өз жүріс-тұрысын, әрекеттерін, ішкі әлемінің оқиғаларын бақылау арқылы өзін-өзі тану тәсілі. Бір кездері психологияның негізгі әдісі ретінде болған және «интероспекция» деп аталған өзін-өзі бақылаумен адамзат бұрыннан таныс. Кейінен бұл әдістен негізгі әдіс ретінде бас тарты, себебі ол ете субьективті және адам психикасының нақты бейнесін бере алмады, алайда өзін-өзі танудың тәсілі ретінде үлкен мәнге ие.

Өзіндік сана мәселесімен айналысатын барлық зерттеушілер оның құрылымының күрделі екендігін айтады және оны көптеген компонеттерден тұратын жаратылыс терінде қарастырады. Әдетте, өзіндік сананы екі құрылымдық компонентін бөледі: өзін-өзі білу және өзіне қатынасы (М. И. Лисина), И. И. Чеснокова өзіндік сана құрылымының үш компонентін бөледі: танымдық (өзін-өзі тану), эмоционалды (өзіне қатынасы), еріктік (өзін-өзі ретеу) . Л. Д. Олейник өзіндік сананың құрылымының алты компоненті үлгісін ұсынады: өзін-өзі сезіну, өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі сынау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі реттеу.

Өзін- өзі танудың дамуымен, оның ерекшеліктерімен байланысты мәселелер өте аз зерттелген. Осы бағытта А. Г. Спиркиннің, М. И. Лисинаның, И. И. Чеснокованың жұмыстарын атап өту қажет.

И. И. Чеснокова өзін-өзі тануды процесс ретінде қарастыра отырып, оның когнитивті, эмоционалды-бағалау және жүріс-тұрыс сияқты үш құрамдас компоненттерінің өзінің ішкі процестерінің бірлігі арқылы өмір сүретіндігін бөліп көрсетеді. Автордың пікірінше, өзін-өзі тану өзіндік сананың тіршілік етуі мен көрінуінің, негізі. Адамның өзін-өзі тануы арқылы алған білімі өзіндік сананың орталық ядросы болып табылады.

Көптеген психологиялық еңбектерді авторлар өзін-өзі танудың құрылымын қарастырады. Соның ішінде И. С. Кон, Р. Бернс және И. И. Чеснокова өзін-өзі танудың құрылымын үш құраушы компоненттерге бөледі.

● Когнитивті құраушысы немесе Мен бейнесі;

● Эмоционалды-бағалау компоненті немесе өзін-өзі бағалау;

● Жүріс-тұрыстың құраушысы немесе талаптану деңгейі.

Өзін-өзі танудың осы негізгі үш құраушысына толығырақ тоқталайық.

1. Мен бейнесі- индивиттің өзі туралы түсінігі. Индивиттің өзі туралы түсінігі объективті білімдерге немесе субъективті пікіріне негізделуі, негізделмеуіне қарамастан өзіне сенімді болып көрінеді. Адамның денесі, қабілеттері, әлеуметтік қатынастар және тағы басқа оның көптеген тұлғалық көріністері танудың пәні болуы мүмкін. Мен бейнесінің қалыптасуына әкелетін өзін-өзі танудың нақты тәсілдері сан түрлі болуы мүмкін. Адам өзін-өзі суреттей отырып, түрлі анықтауыштардың көмегіне жүгінеді: «сенімді», «көпшіл», «күшті», «әдемі», және т. б. Олар негізінен ешқандай оқиғамен байланыспайтын абстрактылы сипаттамалар болып табылады, бірақ адам сол арқылы өзінің үйреншікті өзін-өзі тануының тәжірибесі арқылы жүзеге асады. Бірінші жағдайда бала өзі туралы үлкен эмоционалды күшке ие жанама білімдерді жинақтайды; екіншісінде- баланың өзі туралы білімі нақтырақ сипатқа ие болады. Дәл осы мағынада қарым-қатынас тәжірибесі өзі-өзінің бейнесін қалыптастыруы кезінде, негізінен оның аффективті бөлігінің құрылуына материал тасымалдайды, ал жеке тәжірибе, эмоционалды бояулармен аз өрнектелгендіктен, бейненің когнитивті бөлігіне адамның өзі туралы және өзінң мүмкіндіктері туралы нақты білімдерді жеткізеді.

Сонымен, авторлардың пікірінше өзін-өзі бейненің когнитивті белігін өзі туралы нақты білімдермен қамтамасыз ететін баланың жеке тәжірибесімен байланысты. өзін-өзі бағалау (өз бейнесінің аффективті бөлігі) бала үшін эмоционалды мәні бар қарым-қатынас тәжірибесіне байланысты. Кеңес психологтарының бірқатар жұмыстарында іс-әрекеттің жоғарғы деңгейде қалыптасуы көп жағдайда оны қалай бағалағанға байланысты болатындығы көрсетілген. Өзінің қабілеттерін дұрыс бағалаудан көрінетін баланың өзіне адекватты қатынасы, Л. С. Сапожникованың пікірінше әлеуметтік ықпалдың, мінез-құлықтың ішкі реттеуіштеріне айналуына шешуші жағдай туғызады. Басқаша айтқанда, адамның өзін және өз іс-әрекетнің нәтижелерін дұрыс бағалауы, оның крийтерилерінің адекваттылығы, дифференциалдығы, объективтілігі өзін-өзі тану мен өзіндік сананың әсерлі механизмі болып табылады. Өзін-өзі танудың қызметі фундаментальды болып табылады, себебі ол өзіндік сананың барлық басқада қызметтерінің негізінде жатады. Ол эволюциялық тұрғыдан алғанда генетикасы бойынша бірінші орын алады және тұлғаның өзіндік санасының онтогенетикалық даму негізінің негіщі. Үлкен мәнге ие болу салдарынан, өзін-өзі тану тек сана мен өзіндік сана мәселелерінің төңірегінде ғана емес, сонымен қатар жалпы таным психохологиясында да зерттеу пәніне айналды. (Дж. Бруннер, 1977; Г. Я. Розен, 1977 және т. б. ) . Өзін-өзі тануды зерттеу кезінде екінші бағыттың өкілдері өзіндік сананың құрылымын емес, танымды талдайды және өзін-өзі тануды танымның аспектісі, іс-әрекет түрі ретінде қарастырады.

Г. Я. Розен таным психологиясына арналған еңбектерінде аталған зерттеу аймағының құрылымын қарастырады және оның төмендегідей компонеттерін бөледі:

А. Танымдық нақты механизмдерін, процестері мен шарттарын зерттейтін танымның жалпы психологиясы.

Б. Жеке салалардағы танымдық процесстерді зерттеумен шектелген жеке пәндер:

1. Ғылыми таным психологиясы

2. Көркемдік таным психологиясы

3. Күнделікті өмірдің түрлі салаларындағы практикалық таным психологиясы:

а) үйреншікті таным психологиясы

б) адамдардың бірін-бірі тану психологиясы

в) өзін-өзі тану психологиясы

Г. Я. Розеннің айтуынша, өзін-өзі тану әдіснамалық тұрғыдан, өзіне ең жақын болып келетін кең ауқымды мәселелерді қамтитын салаға, яғни адамдардың бірін-бірі тану психологиясына бағынады. Автордың пікірінше, өзін-өзі тану үшін әлеуметтік перцепция аймағында жүзеге асатын процестер мен механизмдер маңызды болып табылады.

Г. Я. Розен осы механизмдер мен процестерді келесідей түрлерге жіктейді:

а) стереотипизация, категоризация

б) біздің мінез-құлқымыздың жеке фактілеріне негізделетін логикалық ой түйіндер;

в) адамдардың өзі туралы, өзгедер туралы пайымдауы;

г) өзін-өзі сенінуі;

д) проекция тура әлеуметтік перцепциядағыдай, тек кері белгісімен;

е) «ореол» эффектісі;

ж) өзі туралы бір кездері қалыптасқан пікірлердің тұрақтылығы;

з) алдын-ала ойланған пікір;

и) тұлғаның имплицидті теориясы

Г. Я. Розеннің ойынша, өзін өзі тануда өзгелерді тану кезінде қолданылатын әдістерді пайдалануға болады. Өзін -өзі тану « . . . танымның сыртқы әдістерін де қамтитын түрлі когнитивті процесстердің өте күрделі . . . жүйесі болып табылады». Бұл жүйені автор төменде келтіреді.

А. Алғашқы ақпарат көздері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану пәні
Жоба тақырыбын таңдау
Конструктивті оқыту заңдары
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Оқытудың жалпы мақсатын қою
Қоғамтану пәнін оқыту әдістері
Сыни тұрғыдан ойлану
Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу
Қарым қатынастың түрлері
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz