Иран-Ғайып шығармашылығы және қазіргі қазақ поэзиясы


ҚАЗАҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
МАГИСТРЛІК ЖҰМЫС
И Р А Н - Ғ А Й Ы П (ОРАЗБАЕВ) АҚЫНДЫҒЫ
2 курс магистранты Г. Нұрбекова
Ғылыми жетекшісі:
Ф. ғ. д., проф. Ержанова С. Б
Норма бақылаушы:
Ф. ғ. к. доц м. а. Көшекова А.
Қорғауға жіберілді.
2013 жылғы «»
Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
Ф. ғ. д., проф. Ержанова С. Б.
Алматы, 2013
Мазмұны
І. Кіріспе . . . 1-4
ІІ. Негізгі бөлім
1тарау. Иран - Ғайып - ақындық даралығы . . . -29-34
2 тарау. Иран - Ғайып поэзиясының поэтикасы . . . 35-46
3 тарау. Иран-Ғайып және қазіргі қазақ поэзиясының құрылымдық ерекшелігі . . . 53-68
Қорытынды . . . 69-70
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 70-71
Кіріспе
Жұмыстың тақырыбы: Иран-Ғайып шығармашылығы және қазіргі қазақ поэзиясы
Жұмыстың көлемі: _71_ бет.
Магистрлік жұмыстың құрылымы: ж ұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады. Әрбір бөлім өз ішінен жіктеліп, бірнеше тарауларға бөлінген.
Жұмыстың мақсаты: Диссертациялық жұмыс қазақ поэзиясындағы түркілік сарын, көркемдік ерекшеліктері, оның негізгі тұлғаларының шығармашылығына талдау жасап, ондағы ізденістерді, тек қазақ поэзиясына ғана тән ұлттық таным ерекшеліктерін, көркемдеу құралдары мен әдіс-тәсілдерін арқау еткен.
Жұмыстың негізгі мазмұны: дисертациялық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Олар бірінен-бірі туындап, сабақтасып жатқан бірнеше тараулардан тұрады. «Иран-Ғайып поэзиясының дәстүр жалғастығы» және «Поэзиясындағы замана шындығы» атты алғашқы бөлімдерде дәстүр жалғастығы ғылыми-теориялық негіздерге сүйене, кеңінен қарастырылып, ақынның заман бейнесін жасаудағы шеберлігі мен өзіндік ерекшеліктері сомдалады. М. Мақатаев, М. Шаханов, Т. Айбергенов секілді талантты ақындардың өлеңдері талданып, ондағы ұлттық таным белгілері айқындалған. Қазақ ақынының ғана қаламынан туатын ұғымдар мен сөз тіркестері, ойлау жүйесі нанымды дәлелденген. Ал, «Иран-Ғайып поэзиясының көркемдік ерекшеліктері» атты бөлімде өлеңдерінің сюжеттік-композициялық құрылымындағы баяндау, толғау, ретроспективалық, диалогтық сипаттарды анықталды. Иран-Ғайыптың сюжетті лирикамен эпикалық поэзияны ұштастыру жолындағы тың көркемдік ізденістерін, ақын поэмаларының образдық танымдық аспектілерін, стильдік даралығын, жанр мүмкіндіктерін танытудағы соны тәсіл-амалдарын өзге қаламгерлер шығармашылығымен салыстыра отырып көрсетілді. Иран-Ғайып жырларындағы ажарлау, көріктеу, айшықтау түрлеріне тоқтала келіп, ақынның өзіне ғана тән поэтикалық ойлау жүйесін саралау, өзіндік тілдік нақыштары мен әсем сөз қолданыстарын шығармаддағы негізгі рухани эстетикалық бағдармен тамырластыра талданды.
Жұмысты орындауда қолданылған әдістер: Жұмыста поэзияның тарихи-теориялық зерттеулерде кең қолданылатын объективті аналитикалық, салыстырмалы, салғастырмалы әдістері қолданылды.
Жұмыстың негізгі қорытындысы: магистрлік бітіру жұмысы бойынша жүргізілген зерттеу барысында Иран-Ғайып поэзиясының айшықтары нақтыланған. Жетекші ойлар мен негізгі арналары бөліп көрсетілген.
Магистрлік жұмыстың мақсаты мен міндеті: магистрлік жұмысқа төмендегідей мақсат пен міндеттер қойылды:
- Бұған дейін көлемді зерттеу нысанасына айналмаған көрнекті қазақ ақыны Иран-Ғайыптың шығармашылық эволюциясын нақты тарихи кезеңдер ерекшеліктерімен сабақтастыра саралап, ұлттық поэзия өнеріндегі іргелі мәдени құбылыс екенін дәлелдеу.
- Ақын лирикасындағы субъект пен объект, лирикалық қаһарманның рухани отаншылдық, сыршыл болмысын оның авторлық ұстаныммен, дәуір шындығымен арақатынасын, реалистік табиғатын ашу. Иран-Ғайып өлеңдерінің сюжеттік-композициялық құрылымындағы баяндау, толғау, ретроспективалық, диалогтық сипаттарды анықтау.
- Иран-Ғайыптың сюжетті лирикамен эпикалық поэзияны ұштастыру жолындағы тың көркемдік ізденістерін, ақын поэмаларының образдық танымдық аспектілерін, стильдік даралығын, жанр мүмкіндіктерін танытудағы соны тәсіл-амалдарын өзге қаламгерлер шығармашылығымен салыстыра отырып көрсету.
- Иран-Ғайып жырларындағы ажарлау, көріктеу, айшықтау түрлеріне тоқтала келіп, ақынның өзіне ғана тән поэтикалық ойлау жүйесін саралау, өзіндік тілдік нақыштары мен әсем сөз қолданыстарын шығармаддағы негізгі рухани эстетикалық бағдармен тамырластыра талдау.
Магистрлік жұмыстың объектісі ретінде алынған шығармалар және олардың зерттелу жайы : жұмыс нысанасына Иран-Ғайыптың әр жылдары жарыққа шыққан кітаптары мен баспасөз бетінде жарық көрген шығармалары негіз болды. Әр жылдары жарық көрген өлең топтамаларын зерделей қарағанымызда ақынның ылғи да өсу, өрлеу үстінде болғанын аңғардық.
Иран-Ғайыптың шығармашылығы жүйелі түрде қолға алынып, арнайы зерттелген емес. Сондықтан осы бітіру жұмысында тұңғыш рет бұрын көп сөз бола қоймаған шығармалары талданып, ақын шығармашылығы әр қырынан тереңдей зерттелгенін айтқанымыз орынды. Мерзімді баспасөз бен ғылыми мәнді жинақтарда қазақ және орыс тілдерінде шыққан 170-тен аса сын-рецензиялар бар. Олардың кейбірінде ақынның лирикасы туралы теориялық толғамдар айтылса, енді бір бөлек зерттеу мақалаларда поэмалары біршама талданып, зерттеледі.
Магистрлік диссертация жұмысының теориялық-методологиялық негізі: Поэзия жанры мен оның ерекшелігі, өзге жанрлармен байланысы және айырмашылығы, қоғамдық-әлеуметтік ортадағы қызметі туралы зерттеу еңбектер жазған; өлең сөздің теориясы, оның бейнелеу принциптері мен ерекшеліктері туралы тұжырымды ой айтқан; қаламгер дүниетанымының сыр-сипатын ашып, оған ресми идеология ықпалының әсер етуі туралы зерттеу жасаған; тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық ізденістердің мазмұн мен пішінге әсері, поэзиядағы өмір шындығы мен реалистік шарттылықтың қарым-қатынасы, өлең өрімі және оның диалектикалық даму принциптері туралы батыл болжам, түйінді пікір білдірген ғалымдар А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, З. Қабдолов, З. Ахметов, С. Қирабаев, М. Қаратаев, М. Базарбаев, Т. Кәкішев, Р. Нұрғалиев т. б ғалымдардың еңбектерінен туындайды.
Магистрлік жұмыстың зерттеу әдісі ретінде поэзияның тарихи-теориялық зерттеулерде кең қолданылатын объективті аналитикалық, салыстырмалы, салғастырмалы әдістері қолданылды.
Магистрлік жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден және негізгі үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ИРАН-ҒАЙЫПТЫҢ(ОРАЗБАЕВ) АҚЫНДЫҚ ДАРАЛЫҒЫ
Поэзия - әдебиеттің ертеде қалыптасқан көне саласы. М. Базарбаев сөзімен айтқанда « . . . жасаған сайын жасара түсетін жанды саласы». Ол - ежелден зерттеушілердің назарын өзіне аударып келген әдебиет жанрының бір түрі. Сондықтан болар, поэзия туралы зерттеулер әлі толастаған жоқ.
Адам жаны - күй сандық. Поэзияның оған тіл бітіретін сиқырлығы - адам бойындағы не асыл, аяулы, асқақ сезімдердің пернесін баса білетіндігінде болса керек. Ол адамға оның адам деген атына лайық асқар талаптар қояды, сонысымен жүрек отын маздатады, қанат бітіреді, жақсылыққа жетелейді.
Иә, поэзия адам жанында жақсылықты оятқанда, адамгершілік туын көтергенде соның бәрін қас зұлмат қараң дүниеге қарсы күресуге әзір болуға баулиды. Поэзия қай тақырыпта жырламасын - ол махаббат па, бақыт пен азаматтық борыш жайлы ма, - ол әрқайсысымыздың өз басымыздың кісілік қасиетімізді танып білуімізге, өзгені де солай тануымызға ат салысады және әлдебір ұяттан безгендерден өзінің қоғам алдындағы борышы мен міндетін ұмытып, өз жанын өзі жеп тауысып, өмірін зая қылушылардан безіндіреді.
Адамның әлеуметтік белсенділігін, жігерін арттыру атты қашанғы мақсатқа қоса поэзия сол адамның ақыл - парасат кемелдігіне жету мүддесін алға қояды. Сайып келгенде поэзия біздің осы уақытымыздың асыл мақсаты -сегіз қырлы, бір сырлы адам тәрбиелеу биігіне құлаш сермейді. Мәселен, орыс әдебиетінде А. Потебня, В. Сквозников, Г. Гачев, В. Жирмунский, Н. Гуляев, Ю. Лотман еңбектері жарық көрсе, қазақ әдебиетінде де ауыз толтырып айтарлықтай лирика табиғатын танытатын біршама ғылыми еңбектер бар. Атап айтқанда, Ш. Уалиханов, А. Байтұрсынов, Қ. Жұмалиев, Ә. Тәжібаев, З. Ахметов, Қ. Мырзалиев, Б. Кәрібаева, Қ. Жүсіп, С. Негимов, М. Әлімбаев, Б. Кәрібозұлы, А. Шәріп, Ә. Жәмішев және т. б.
Әдебиет - ең алдымен тәрбиеші. Ал бұл міндет поэзияға тіпті мол жүктеледі. Сонау эпостан бастап, бүгінгі поэзиямызға дейінгі ғаламат қашықтыққа көктей көз жіберсек, халық өмірінің барлық кезеңдерінде де, екі талай күндерде де тек өлең ғана озып алға шығып отырғанын көреміз .
Көрнекті орыс сыншысы В. Г. Белинский : «Поэзия - өмірдің әрі мен нәрі. Бүкіл әлем, барлық өмір құбылыстарындағы құпия қуат, оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін сырлар-поэзияның тетігі мен жаны. Поэзия - әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні . . . », - [1] десе, заманымыздың заңғар жазушысы, өмірден өткенше қазақ әдебиетінің отымен кіріп, күлімен шығып, туған әдебиеті үшін өлшеусіз қызмет атқарып өткен сыншы, әдебиеттанушы З. Қабдолов сөз өнерінің осынау сұлу да сымбатты, кірпияз тегіне: «Поэзия - творчество. Поэзия - еркін сөйленетін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі», - [2] деп анықтама береді. Немесе біз сөз еткелі отырған ақын Мұхтар Шаханов айтпақшы, «Поэзияда әрбір ой тыңнан айтылуы тиіс. Нағыз поэзия тудыру - қиынның қиыны. Бұл мұхиттың түбінен маржан ілгенмен бірдей»[3] .
Әдебиетші-ғалымдардың осы тұжырымдарына қосарымыз, сонымен қатар, поэзия - ақиқат. Өмірде шындық көп, ақиқат - жалқы. Әрбір нағыз ұлт ақыны қарапайым адам күнделікті өмірде көріп, біліп, сезе бермейтін ерекшеліктер мен шындықты көріп, өлеңіне арқау етеді. Сол шындықтың ақиқатын анықтауды оқырманға шешуге қалдырады. Поэзияның құдіреттілігі де, ақиқаттылығы да осында. Сондықтан поэзия - шындықтан биік, ақиқатқа тұспа-тұс құбылыс. Мұндай құбылысты сезініп игеру, игеру тұрмақ халқының мәдени мұрасына айналдыру кез келген ақынның тіршілігіне бұйырған несібе емес. Ол - Азамат ақынның ғана еншісіне тиетін, маңдайына жазылған бақ.
Қазаққа Иран-Ғайып болып танылған ақынның шын аты жөні Иранбек Оразбаев екенін біреу білсе, біреу білмес. Оның шығармаларының жүйелі көркемдік ерекшеліктері айырықша зор. Құбылтудың, әрі айшықтаудың тобына жататын көркемдегіш құралдарын қолдану мен көркем сөз-образдарын жасауда ақынның шеберлігі еш ақыннан кем емес, керісінше өзіндік бояуы қанық.
Иран-Ғайып 70 жылы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін, 1980 жылы М. Горький атындағы Мәдениет институтының (Мәскеу қаласы) Жоғары курстарын бітірген.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының түңғыш өткен жазба акындар жыр-мүшәйрасының Бас жүлдегері, ¥лы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ақындар жыр-мұшәйрасының Бас жүлдегері, «Түркістан-1500 жыл» атты халықаралық жыр-бәйгесінің Бас жүлдегері, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері, Поэзия фестивальдарының бірнеше дүркін лауреаты, Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулык сактау министрлігінің аса озық драмматургиялық туындыларға жариялаған конкурстарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Ақын-драмматург 2003 жыл көлеміндегі айрықша еңбектері үшін, оның ішінде «Махамбет» трагедиясы үшін «Әдебиет» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Меценаттар Клубының «Тарлан» сыйлығына ие болды.
Сөз патшасы - Өлең құдіретіне табынбайтын жан болар ма . . . Жер бетінде?! - деп жырлаған Иран-Ғайып қара өлеңі арқылы қазақты шет елдерге де танытушы ақын. Екеуі бір-бірінің елін де білмейді, тілін де білмейді. Шеттілінің семантикасын ұғу қиынға соққан жағдайда басқа дүниелер көмекке келе алады, мысалға келесі адамның еліне деген әуестікті атауға болады. Немесе бір-біріне үнсіз қарама-қарсы тұрған екі адамның өздерін тілден басқа да таңғажайып дүниелердің байланыстыра алатындығын түйсінуі. Неміс ақыны Герт Хайднрайх пен оның қазақ әріптесі Иран-Ғайыптың біріккен шығармашылығының қызықты нәтижесіне куә болыңыз.
Алматы Гёте-Институтының проектісі: Неміс тілінде және жас тәуелсіз мемлекет Қазақстанның тілінде жазылған жырлар мен олардың екі тілдегі аудармасы. Неміс жазушысы әрі ақыны Герт Хайднрайхтың 2001 жылы мамыр айында Қазақстанға (Павлодар, Астана, Алматы) жасаған әдеби сапарынан кейін Алматы Гёте-Институты неміс жазушысын қазақ әріптестерімен кезіктіріп, байланыстыруды мақсат тұтқан еді. Осыған орай, „Іздегенге - сұраған“, Алматыда Герт Хайднрайх пен оның қазақ әріптесі Иран-Ғайыптың арасында тез арада, түсте көрген өңдей, тылсым шығармашылық қатынас орнады. Екі ақынның тез тіл табысуына олардың бастарына түскен ұқсас қайғы да себепкер болды білем: екеуінің де ұлдары араларына бірнеше ай салып, бақытсыз жағдайда дүниеден озған еді . . . Қазақстан мен Германияға жасалған бірнеше екіжақты сапардан кейін халықаралық поэзия тілінің бар екендігіне көз жеткізген екі ақын алғашында мүмкін емес сияқты көрінген істі жүзеге асыруға бел байлады: олар Қазақстан мен Германияда туған өлеңдерін жолма-жол аудару арқылы бір-бірінің шығармашылығын, өлең жазу ерекшелігін сезініп, түйсіне білуді қолға алды. Шырынгүл Зухайқызы жасаған өлеңдердің сөзбе-сөз аудармасы ақындардың алғаш бір-бірінің өлең өрмектеріне жол табуына көмектесті. Содан кейін ғана олар өлеңдерді өз тіліне аударуға, яғни, осы проект жұмысының шығармашылық бөлігіне кірісіп кетті. Төрт жылдан соң проект жұмысы мәреге жетті: неміс-қазақ өлеңдері бір-біріне алғаш рет орыс тілі арқылы емес тікелей аударылды. Неміс жазушысы әрі ақыны Герт Хайднрайхтың 2001 жылы мамыр айында Қазақстанға (Павлодар, Астана, Алматы) жасаған әдеби сапарынан кейін Алматы Гёте-Институты неміс жазушысын қазақ әріптестерімен кезіктіріп, байланыстыруды мақсат тұтқан еді. Осыған орай, „Іздегенге - сұраған“, Алматыда Герт Хайднрайх пен оның қазақ әріптесі Иран-Ғайыптың арасында тез арада, түсте көрген өңдей, тылсым шығармашылық қатынас орнады. Екі ақынның тез тіл табысуына олардың бастарына түскен ұқсас қайғы да себепкер болды білем: екеуінің де ұлдары араларына бірнеше ай салып, бақытсыз жағдайда дүниеден озған еді . . . Иран-Ғайып пен Герт Хайднрайх екеуінде бір-бірімен сөйлесетін ортақ тіл жоқ, бірақ бұл жағдай екі ақынның рухани қатынасына бөгет бола алмады. Бұл хақында Иран-Ғайып бірде былай деген еді: „Күллі Әлемді Құдіреті Күштінің Күн Сәулесіндей Рахман Нұрына бөлеу үшін бүкіл Тіршілік атаулы Поэзия Тілінде сөйлеуі керек екен.
„Ой-Санамда - Уайым бар,
Өлмеу - Қиял-Елестей:
Қор санауды қойыңдар,
Ақын - Адам еместей . . . “ -
Неміс ақыны Герт Хайднрайхпен тұңғыш кезігіп, алғаш сұқбат құрған құт-хана шағымда мен осыны сездім: ләм-мим деместен-ақ, көзімізбен ұғынысып, көңілімізбен түсінісіп, жан-жүрегімізбен түйсіністік те - кете бардық . . . “ Ал Хайднрайхтың ойынша: „Халықаралық Поэзия Тілі тұрғанда ақындар әр кезде де тіл табыса алады . . . “.
Сонымен не керек, екі ақын боп, біз болып - бәріміз де Қазақстан мен Германияда туған өлеңдерді жолма-жол аудару арқылы олардың бір-бірімен шығармашылық жанды байланыс орнатуына барынша мүмкіндік жасауға бел байладық. Екі ақын, Шырынгүл Зухайқызының жасаған сөзбе-сөз аудармасының көмегімен, алғаш рет бір-бірінің өлең өрмектеріне жол таба алды және содан кейін бір-бірінің өлеңдерін өз тілдеріне аударуға, яғни, осы жобалық жұмыстың шығармашылық бөлігіне кірісіп кетті. Жобалық жұмыстың 1-кезеңі (2001-2002) : Хайднрайх пен Иран-Ғайып бір-бірімен Алматыда танысты. 2002 жылы екі ақын бір-бірінің ош үштен өлеңдерін өз тілдеріне аударды. Хайднрайхтың өлеңдерінің аудармасы “Қазақ әдебиеті” газетінің 2002 жылғы 14-санында жарық көрді. Екі ақынның әдеби кеші алғаш рет ресми түрде Алматыдағы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің роман-герман тілдері факультетінде, Өскемендегі Пушкин атындағы облыстық кітапханада және Қырғызстанның Ош қаласындағы Мемлекеттік Университетте өтті. Жобалық жұмыстың 2-кезеңі (2004) : Иран-Ғайыптың Берлиндегі Неміс-Қазақ Қоғамы мен Әдебиет Одағының көмегімен қараша айындағы Германияға сапары. Иран-Ғайып алман жерінде алуан-алуан жырлар жазды . . . Жобалық жұмыстың 3-кезеңі (2005) : 2005 жылдың күзіне дейін екі ақынның әрқайсысының 20 өлеңі келесі тілге аударылып бітеді. Михаэл Унланд мырза проект нәтижесінің веб-сайтқа арналған жобасын жасайды және екі ақынның әдеби кеші Астанадағы Қазақ Ұлттық Кітапханасының жаңа салынған ғимаратында, Мюнхендегі Гёте-Институттың форумында және Берлиндегі Әдебиет Одағында өтеді. Жобалық жұмыстың негізгі мақсаты - неміс және қазақ өлеңдерін бір-біріне ортақ орыс тілі арқылы емес, тікелей аудару болатын. Бұл мақсат толығымен орындалды.
Иә!,
Өріле бер, Өлеңім, өріле бер,
Таңғы шықтай мөлтілдеп төгіле бер.
Төмендемей бұл жолда, өрге серпі,
Ұсынатын болса Жыр төрін егер . . .
Иран-Ғайыптың шығармашылығына келетін болсақ:
Жүрек жырлайды, Өлеңдер, Жазушы 1974
Жеті қазына, Балладалар мен поэма, Жазушы 1977
Түннің көзі, Өлеңдер, Жалын 1979
Сұлулықпен сырласу, Өлеңдер, Жазушы 1980
Өмір-Өлең, Жыр кітабы, Жазушы 1982
Глаза ночи, Өлеңдер, Жалын 1983
Царь слова, Өлеңдер, Советский писатель 1984
Сұлулық сарасы, Өлеңдер мен дастан, Жазушы 1985
Дүниежарық, Жыр кітабы, Жазушы 1987
Наследник, Поэма, Жазушы 1988
Батқан Кеменің Бейбақтары, Дастандар, Жазушы 1990
Мұнар, Мұнар, Мұнарым . . . , Қасірет кітабы, Рауан 1992
Иран бағы, Таңдамалы, Жалын 1995
Иран бағы, Таңдамалы, Жалын 1995
Жыр әлемі, Таңдамалы, Атамұра 1996
Қорқыттың көрі, Жыр кітабы, Ғылым 2001
Жалпы жинақтарға енген көптеген дүниелер . . .
Драмалық дастандары:
Хайуандық комедия (Шыңғыс хан), Трагедия
Күшігінен таланған (Ақсақ Темір), Трагедия
Мен ішпеген у бар ма?! Трагедия
Тың құрбаны, Трагедия
Батқан Кеменің Бейбақтары, Трагедия
Желжуан, Трагикомедия
Жамбылдың қызыл жолбарысы, Драма
Негізгі шаруа, Трагикомедия
Қанына тартқан қыңырлар, Трагикомедия
Алтын адам, Трагедия
Алтын - Ажал, Трагедия
Киелі күнә, Трагедия
Естайдың Қорланы, Драма
Театр романы, Трагикомедия
Мауглидің оралуы, Трагедия
Гүл - Нәр, Трагедия
Жарылғап - Шаған, Трагедия
Хан Абылай-Сабалақ, Драма
Былыққа батқан қала, Драма
Қорқыттың көрі, Трагедия
Құдай қарғағандар, Трагедия
Аласталғандар (2 пьеса - орыс тілінен аударма), Драма
Махамбет, Трагедия
Керкеткен, Трагедия
Іздеп таптым сені (Татар тілінен аударма), Мелодрама
Бөшке, Драма
Тас-Қорған хикаясы - атты көлемді кітаптары жарық көрді. Ақынның 2006 жылы 13 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Жинаққа ең таңдаулы деген шығармалары енген. Иран-Ғайып - Республика жыр сүйер қауымының, әсіресе, студент жастар-дың қазіргі таңдағы ең сүйікті ақыны әрі драматургі.
Кеудесінде асыл тас өлшейтін таразыдай биік талғамы бар шын дарын қашанда әр шығармасын әбден сорықтырып, сартап қылып, емешеңді құртып барып ортаға тастайды. Жалпақ әлемге жан дүниесін жайып салу - ақын адамның өзге жұмыр басты пенделерден жалғыз-ақ айырмасы осы тәрізді. Бірақ, сол дүйім жұрттың аузыңа қарату үшін қаншама рухани ерлік керек. Шын ақынның құзар шыңдай өр келетіні де содан шығар.
Иран-Ғайып шығармашылығының ерекшелігі де, өзіне тән дербестігі де - осынау лирикалық туындылардың бүкпесіз ақтарыла білу, бүкпесіз сырласа білу, бүкпесіз сенім арта отырып, бүкпесіз сендіре білу құдіретінде - талант сиқырында жатқандығын баса көрсеткен ақын.
Қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы туралы сөз қозғаған З. Ахметов Абайдың дәстүр жалғастығына тоқтала отырып: «Абай шығармашылығының қоғамдық, танымдық, көркемдік-эстетикалық мәнін толық түсіну үшін оның әдебиетте орнықтырған бейнелеу әдіс-тәсілдері, дәстүрлері, үлгі-өнегесі қалай жалғастық тапқанын арнайы қарастырып, тексеру қажет. Ақын тұлғасы қаншалықты ірі болса, ықпалы да соншалықты зор болатыны, айналасына түсетін жарығы да мол болатыны анық», - [4, 245 б. ] дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz