Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу жолдары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу жолдары

Кіріспе. 3-6 бет.

I тарау. Баланың мектепке бейімделуінің кейбір психологиялық аспектілері.

1. 1. Зерттеліп отырған проблемаға байланысты ғылыми әдебиеттерге шолу. 7-13 бет.

1. 2. Бірінші сынып оқушыларының психикалық даму

ерекшеліктері. 14-20 бет.

1. 3. Оқушының мектепке бейімделу қиындықтары және оны жеңілдету жолдары. 21-27 бет.

II тарау. Баланың мектепке бейімделуін диагностикалау әдістері.

2. 1. Оқушының мектепке бейімделуінде мұғалім мен ата

- ананың, және психологтың атқаратын рөлі. 28-32 бет.

2. 2. Жүргізілген іс - тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі. 33-39 бет.

Қорытынды. 40 бет.

Қосымшалар.

Қолданылған әдебиеттер тізімі. 41-42 бет.

Кіріспе.

Бала - біздің болашағымыз. Бала - ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Бала бұл елдігіміздің, ұлтымыздың болашағы. Еліміздің гүлденіп, көркеюі, алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы да осы бүлдіршін балалардың қолында. Ол үшін қоғам және біз балаға білім беріп, жан - жақты дамытуымыз керек. Білімді, сауатты, дені сау ұрпақ қана осы мақсатқа жете алады. Осы орайда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқынына жолдауында былай деген еді: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген еді. Ал білімді ұрпақтың болуы мектеп қабырғасынан басталатыны белгілі. Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын еркін елдің ертеңгі кемеңгерлерін оқыту, тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталып, ұдайы, үздіксіз даму барысында ғана қалыптасатыны белгілі. Бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына үлкен міндеттер жүктейді. Әсіресе, мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш буынның алар орны ерекше. Өйткені бұл саты баланың рухани күш - қуатының, мүмкіндіктерінің, танымдық қажеттіліктері мен интеллект көзінің ашылар кезі.

ҚР-ң 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында бастауыш білім беру жөнінде былай айтылған: «Оқу алты жастан басталады. Бұл жас баланың ақыл - ойының дамуы және әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым - қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін - өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез - құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды».

Баланың алғаш мектеп қабырғасына келуі - оның бойында ерекше сезімдер туғызады. Жақсы оқушы, жақсы азамат болу - уақыт талабы. Баланың мектепке келуінің басты міндеті - білім алып, қоршаған ортаны тереңірек тану, жақсы азамат болып, ұлт болашағын жалғастырар білімді ұрпақ болып шығу. Ол үшін бала түрлі қиындықтардан өтуі керек. Соның бірі баланың мектепке бейімделуі. Осыған орай біз бірінші сыныпқа келген оқушыға жан - жақты жағдай жасай отырып, оның мектепке еш қиындықсыз бейімделуіне көмек көрсетуіміз керек.

Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартында: … «бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала» - деп қарау міндеті анықталған. Осыған орай біз бірінші сыныпқа келген оқушыға жан - жақты жағдай жасай отырып, оның мектепке еш қиындықсыз бейімделуіне көмек көрсетуіміз керек.

Адамзат өміріндегі алғашқы оқудың маңызына баға жетпейді. Бала нақ осы уақытта жазба сөзге үйренеді, бұл оны адамдардың көп ғасырлық мәдениетімен ұштастырады, оған дейін адамзат жасап шығарғанның бәрін білуге мүмкіндік береді. Осы кезде тіл, математика, табиғат және адамзат қоғамы бойынша білімдердің маңызды негіздерін, сондай - ақ өз ойын басқаларға жеткізуді біліп шығады.

Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы - жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік, шеберлікпен қолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін мұғалім алдындағы оқушының мінез - құлқын, сана - сезімінің жетілу дәрежесін таным процестерінің дұрыс қалыптасуын қадағалап, әрі дамытып отыруы қажет.

«Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында» бастауыш білім берудің басты міндеттері былай көрсетілген:

  • оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаға үйренуін, онда жаңа әлеуметтік мәртебе - оқушы мәртебесінің қалыптасуын;
  • оқу, ойын, еңбек, қарым - қатынас т. б. сияқты әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруін;
  • айналадағы дүниемен дара - тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық, адамгершілік нормаларды меңгеруін;
  • білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір деңгейдегі эрудициясының болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Әрбір баланың психологиясын білу көп ойлануды, көп ізденуді қажет етеді. Бірінші сыныпқа келген кейбір балалар мектеп өміріне бейімделуі, оқу бағдарламасын меңгеруі қиынға соғады. Бұл балаларға мұғалімнің психологиялық назары ерекше қажет. Мұнда оқу бағдарламасын толық меңгере алмауы баланың болашақ интеллектуалды және жеке дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан мұндай балалармен жұмыс жасау үшін баланың жеке ерекшелігіне байланысты ықпал ету қажет. Осы орайда бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Мектеп табалдырығын аттаған бала міндетті түрде белгілі бір эмоционалды және әлеуметтік дамуға сәйкес келуі қажет. Баланың мектептегі алғашқы күндері ең қиыны. Баланы нәтижелі оқыту үшін бейімделудің ерекшеліктерін, яғни үйрену, мектеп өміріне бейімделуін ескеру керек. Мектепке бейімделу кезеңін әрбір оқушы өзінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты түрліше өткізеді. Осы кезеңде баланың іс - әрекетінің барлығы оқуға, білім алуға, жаңа міндеттер атқаруға бағытталады. Әлеуметтік мәртебесі өзгереді, балабақша мүшесі мектеп оқушысына айналады. Сонымен қатар осы сәтте қайшылық туындайды, баланың таңдау еркіндігін енді нақты ұйымдастырылған шегі бар оқушы мінез - құлқы ережесімен біріктіру жүзеге асады. Көптеген балалар бұған дайын болмағандықтан, мектеп режиміне өту қақтығыспен өтеді. Алғашқы кезеңде бала әрекетінде психологиялық қайта құруды басынан кешеді. Егер бұрын ойынға көп мән берілсе, енді ол мінез - құлық мотивін өзгертетін, танымдық қызығушылықтары мен адамгершілік көзқарастары дамуына түрткі болатын оқу әрекетіне ауысады.

Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды. Оқушы болғаннан кейін оған көптеген міндеттер жүктеледі. Оқушы мұғалімнің талаптарын орындауы қажет, тәртіпті болуы керек, құрдастарымен қарым - қатынас жасай алуы керек, сабақтар ретіне үйренуі тиіс. Бастауыш мектеп баланы оқуға үйретумен, тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Сондықтан да мұғалім де баланың мектепке бейімделуіне көмек көрсетуі қажет. Бала үшін мектеп ең алдымен мұғалім! Бала үшін және оның ойдағыдай оқуы үшін мұғалімнің жеке басының қаншалықты зор маңызы бар екені осыдан ақ айқын көрінеді. Өйткені бала сыныптағы мұғалімнің көзқарасымен қарайды. Мұғалім балаға теріс баға беруден қашуы керек. Оның алғашқы айлардағы негізгі міндеті - балаға сыныпта бөтен емес екендігін сездіру. Балалардың бір - бірімен қарым - қатынасының қалыптасуына мұғалім себепші ретінде болуы керек. Бала құрбылары арасында өзіне тиісті орын алуы да, оның қарым - қатынасына әсер етеді. Сол үшін де мұғалім баланың мектепке бейімделуі кезінде оларға жылы жүзбен қарап, мейірімділік, шыдамдылық таныта білуі керек. Менің ойымша сонда ғана бала мектепке тез бейімделіп, «мектеп» деген сөзден қорқыныш сезімін сезіне алмайды, олардың оқу процесі жақсарып, әлеуметтік - психологиялық дамуы белсенді түрде жүреді. Алайда барлық ұстаз, ата - ана баланың мектепке бейімделу жолдарын біле бермейді.

Осыған орай, мен өзімнің зерттеу тақырыбымды «Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу жолдары» деп алдым.

Мақсаты: Психодиагностикалық зерттеу жұмыстары арқылы бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау, мектепке бейімделуіне көмек көрсету.

Міндеттері: 1. Түрлі психодиагностикалық әдістерді қолдану арқылы баланың мектепке бейімделуін зерттеу.

2. Балаға мектептегі ортада бейімделуге көмек көрсету.

3. Қажетті ішкі психологиялық механизмдермен әдетін қалыптастыру.

Зерттеу объектісі: Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуінің жолдары.

Зерттеу пәні: Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуіндегі қиындықтарды жеңу жолдары. Зерттеу болжамы: Егерде баланың мектептегі ортаға, оқуға қажетті психологиялық механизмдері қалыптасатын жағдай жасалса, онда баланың мектепке бейімделуі қиындықсыз өтеді.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерді саралау, байқау, тест т. б. .

Iтарау. Баланың мектепке бейімделуінің кейбір психологиялық аспектілері.

  1. Зерттеліп отырған проблемаға байланысты ғылыми әдебиеттерге шолу.

Қазіргі кезеңдегі бастауыш білім берудің басты міндеті - баланың күш - қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдай жасау жолымен оның интеллектісін байыту. Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс.

Балалар, әдетте, мектепке баруды асыға күтеді, мұнда оған алғашқы кезде барлығы да жаңа, тартымды болып көрінеді: мұғалімнің әңгімесі, мектептің жалпы тәртібі, оқу, жазу және көруге қызықты көрнекі құралдар т. б. Бір қызығы, бұл тұста балаларды қызықтыратын білім алу емес, оқу процесінің өзі. Олар мұғалімнің сұрағына дұрыс жауап бере алмаса да оның сұрағанын жақсы көріп тұрады. Сонымен қатар бірқатар зерттеулерге қарағанда бірінші сыныпта балалар асқан ұқыптылығымен, өзінің міндетін адал атқарып, мұғалімнен алған тапсырмаға жауапкершілікпен қарайтындығымен ерекшеленеді.

Мектеп жасына дейінгі баланың көбірек шұғылданатыны ойын. Ақын Қадір Мырза Әлидің :

Жаста кім боп ойнайсың,

Кім болам деп ойлайсың.

Өскенде сол боласың,

Ақыл - ойға толасың.

Жүргенде де ойында,

Мақсат болсын ойыңда! - деген өлең жолдарында терең сыр жатыр. Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші рөл атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып, баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұщырайды. Өзгерістерге ұшырауының себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Сонымен қатар оқуға жаңа түскен бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жасап, орсының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып, жаман - жақсыны ажырата бастайды. Дегенмен, әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтар кездеседі: біріншіден, бала мектеғптің жағдайына бейімделе алмай (мысалы, белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан) қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым - қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, сыныптың мұғалімі қанша жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған сыр айтуға болама, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Үшіншіден, 1 сыныпта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелемейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен. Мектепке келу қызық болып көрінгенімен, оқуға арналған баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Бала мектепке келісімен мұғалім оларды әртүрлі іс - әрекеттер арқылы оқуға, еңбектенуге баули отырып, ұқыптылық пен зейінділікті талап етеді. Мектептегі оқудың басталуы - бала өміріндегі әлеуметтік, психологиялық жағынан да физиологиялық жағынан да қиын әрі жауапкершілігі мол кезең. Бұл адам өміріндегі және іс - әрекетіндегі жаңа жағдай болып табылады. Баланың бұл кезде бар өмірі өзгеріске түседі.

Л. Д. Столяренко бұл кезеңді былайша сипаттайды: 6-11 жаста баланың танымдық процестері қайтадан құрыла бастайды. Ерікті зейіні, мақсатқа бағытталған ерікті қабылдауы - байқау, ерікті есте сақтау дамиды. Сөздік - логикалық ойлауы, өзін - өзі басқару, мінез - құлық, ерік дамиды. Белгілі бір іспен айналысуға, өзінің мінез - құлқын меңгеруге үйренеді. Рефлексия дамиды (бала өзінің істеген ісін сезініп, оны жеткізе біледі) . Ақыл - ой әрекеті қалыптасады. Бала осы кезде мектепке барып өзінің қарым - қатынас жасау аймағын кеңейтеді. Мектеп бала дербестігіне әсер етеді. Оқуды, жазуды, есеп шығаруды үйренеді. Үй жұмысымен айналысуға дағдыланады. Қарым - қатынас аймағы кеңейеді, өздерінің мұғалім деген жаңа авторитеттері көрініс береді. Оқу ұжымында қарым - қатынас жасау қалыптасады. Ойын оқудан кейін екінші орынға түседі. Мұғалім бағалауы мен оқудағы жетістіктерінің негізінде өзіндік бағалау, өзіне - өзі сенім қалыптасады. Бірақ оқудағы қиын кездерде, мұғалім мен ата - анасының сындарының кезінде өз күшіне сенбеушілік қалыптасады.

Бұл қауырт кезеңде мектеп 1-ші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қоятыны белгілі. Ал оқушының азын - аулақ алған білімі, ол қажеттіліктерді орындауға мүмкіншілік бермейді. Осыдан келеді де, оқушылардың мүмкіндіктерімен мектептің қойылатын талаптары арасында қарама - қайшылықтар туады. Себебі оқу басталғаннан жүктеменің көлемі өседі. Баланың өткен кезеңімен салыстырғанда ұзақ уақыт қозғалмай іс - әрекет жасауы. Осы кезде бұл жүктеме ауыр тиіп жалықтырады. Бала мектепке бірден бейімделіп кете алмайды. Бұл ағзаның, барлық жүйенің қатты жұмыс істеуін қажет ететін ұзақ үрдіс. Баланың ағзасында жаңа тәртіптер мен іс - әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Бала мектепке бірден төселіп кете алмайды. «Ережелерге ие болу - деп жазады А. Н. Леонтьев - бұл дегеніміз өз мінез - құлқына ие болу, оларды басқаруды үйрену, оны нақты бір тапсырмаға бағындыруға үйрену».

Белгілі орыс психологы Л. И. Божовичтің көрсетуінше, балалық шақтан мектепке өту - баланың өмір салтын түбірімен өзгертеді, ол оқу арқылы білім игеріп қана қоймай, күнделікті міндетті еңбек ету арқылы қоршаған ортаға бейімделе бастайды. Мектепке келген баланың психологиясы да түбегейлі өзгереді. Ол баланың оқу әрекетіне байланысты. Сондықтан мектеп жүктемелерін табысты игеру немесе меңгермеуі ол үшін не зор қуаныш, не үлкен уайымға айналады. Өз ортасында жоғарыдан көріне алмауы жан күйзелісіне әкеліп соқтырады. Мектепке тез бейімделе алмаған балалардың көңіл күйі төмен болады, жиі ауырады, олардың ауыруы мектеп неврозы сипатында болады, яғни мектепке баруды есіне салса, бала ренжиді, жылайды, уайымдайды.

Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің «Дені сау балалардың қорқынышы» атты еңбегінде : «Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі «мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба?» деген қорқынышпен жүреді» - дейді. Баланың өмірдегі әрқилы өзгермелі жағдайларға тез арада бейімделе алмау деңгейі өмірлік дағдыларды меңгеру жәрежесі қаншалықты екендігінен көрінеді. Өмірлік дағдылар дегеніміз күнделікті өмірде оқушыларды оқуға және еңбек етуге байланысты өз қажетіне қарай бейімдеу, кедергілерді өз дәрежесінде шеше білуге көмектесу.

Осы кезеңнің жетістігі баланың психикасы өте тез дамиды, олар өте сезімтал, әсершіл болып келеді. Бірақта кіші мектеп жасындағы балалардың қабылдауы әлі де тұрақсыз болғанымен, білімге деген құштарлығы өте зор. Деңгейлі қабылдауының қалыптаспауы, сараптауға бейімсіздігі әр нәрседен үлкен әсер алатындығымен теңестіріледі. Мұғалім баланың әсершілдігіне сүйене отырып, оқушыны мақсат қойып тыңдауға, көруге үйретеді, өз әрекетін зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағыттайды. Осы жаста баланың дерексіздендіру қабілеті, логикалық ой - өрісі дамиды. Және баланың интеллектісінің даму кезеңінің шыңы, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуынан, оқыту мен тәрбиенің мазмұны мен әдіс - тәсілдерінен көп нәрсе тәуелді болуы заңды да.

Л. И. Божович бала психикасындағы мектеп талаптарына сәйкес келетін мынадай жаңалықтарды ұсынады. Мектепке келген балада танымдық қызығушылықтарының нақты даму деңгейі, әлеуметтік позициясының өзгеруіне дайындық, оқимын деген тілек болуы керек; сонымен қатар оның мотивациясы, этикалық инстанциясы, өз - өзін бағалау пайда болуы керек. Аталған психологиялық қасиеттер мен сапалардың бірлігі осы бағыт шеңберінде жұмыс істеуші ғалымдардың көзқарасы бойынша мектеп оқуына дайындықты құрайды.

Д. Б. Эльконин мектепке дайындық проблемасын талқылай отырып, бірінші орынға оқу әрекетіне қажетті алғышарттардың қалыптасуын қояды. Осы алғышарттарды талқылай отырып, ол және оның әріптестері келесідей параметрлерді көрсетіп берді:

  • балалардың саналы түрде өз әрекеттерін ережеге бағындыра алуы;
  • берілген жүйе талаптарына бағыттала алуы;
  • сөйлеп жатқан адамды зейін қойып тыңдау және ауызша формада берілген тапсырмаларды нақты орындай алуы;
  • көздік қабылдау үлгісі бойынша талап етілген тапсырманы өз бетінше орындай алуы.

Бұл параметрлер еріктіліктің дамуына әсер етеді, және мектепке психологиялық дайындықтың бөлігі болып табылады.

Психолог Л. С. Выготский: « Бала дүниеге келісімен әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі болып саналады, оның өсіп - жетілуі үшін ересектермен қарым - қатынасқа түсуінің маңызы зор, осы арқылы бала білім мен әлеуметтік тәжірибені меңгереді» - деген. Психологиялық дамуға баланың ересек адамның сөзін түсінуі, оқуға жағымды көзқарасы, өздігінен іс - әрекетке дұрыс баға беруі, көпшілікпен бірге жұмыс атқаруға ынталануы, жұмыс істей білуі жатады.

С. Т. Басұрманова еңбегінде бастауыш сынып оқушысының психологиялық жаңа құрылымы - өз беттерінше ерікті әрекет ету, ішкі және сыртқы бөгеттерден өтуді меңгерту. Бірінші сынып оқушысы барлық жұмысты өзі атқаруға ылғи ынта қояды, оның белсенділігі артады деген пікір айтады. Бастауыш сынып оқушысы барлығын білгісі келеді, беделді адамға сенгіш, болып жатқан оқиғаларға шынайы түрде қарайды. Осы кезеңде ақыл - ой қасиеттерінің жалпы түрі: белсенділік пен өзін - өзі реттеуді атап өтуге болады. Белсенділік барлығына қызығушылықпен қарауда көрінсе, өзін - өзі реттеу барлық психикалық актілерде көрініс береді. Осы жерде мектеп өміріне А. В. Запорожецтің сөздерін еске алуға болады, яғни психикалық дамудың ерекше логикасы туралы, баланың психикалық дамуының әрбір жаңа сатысы заңдылық ретінде дағдыланған сыртқы және ішкі шарттармен бір біріне өтеді. Сондықтан да 6-7 жастағы бала мектеп өміріне дайын деген. Осы кезеңнің жетістігі баланың психикасы өте тез дамиды, олар өте сезімтал, әсершіл болып келеді. Бірақта бірінші сынып оқушысының қабылдауы әлі де тұрақсыз болғанымен, білімге деген құштарлығы өте зор .

Қазіргі заманғы педагогикалық - психологиялық зерттеулердің анықтауы бойынша мектептің бастауыш сатысындағы кезең баланың қай жағынан - ақыл-ой, рухани, дүниетаным, т. б. - болсын ең қарқынды дамитын кезеңі екен.

Бастауыш сатыда оқушы тек пәндік білім, білік дағдылардың белгілі бір қажетті жиынтығын ғана меңгерумен шектелмей, бұған қоса оқу және сөйлеу әрекетін, өзін - өзі ұстау мәдениетін, этикалық, эстетикалық, адамгершілік нормаларын, яғни оқушының тәрбиелік деңгейін сипаттайтын және қалыптасуында әр пән белгілі бір рөл атқаратын құндылық қатынастарды да меңгереді.

Осының бәрі:

  • оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүретін табиғи және әлеуметтік ортаға үйренуін; жаңа әлеуметтік мәртебе - оқушы мәртебесінің қалыптасуын;
  • оқу, ойын, қарым - қатынас, еңбек, т. б. әрекет түрлерін қөажетті деңгейде меңгеруін;
  • айналамен жеке - тұлғалы қатынасының қалыптасып, этикалық, адамгершілік нормаларды меңгеруін;
  • білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір деңгейдегі эрудициясының болуын қамтамасыз етеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Бірінші кездесетін сынып шапшаңдықты оқушыларын бала мектепке баланың бейімделуге сәйкес психологиялық - бейімделу педагогикалық қолдау сынып көрсету балалардың процесі
1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі
Бастауыш сынып оқушларының мектепке бейімделуі
Баланың мектепке бейімделуін анықтау және оны болдырмаудың жолдарын көрсету
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Үлгермеуші балалардың педагогикалық - психологиялық аспектілері
Орта мектептерде бесінші сыныпқа бейімделуге бейімделуі
Үлгермеушіліктің себептері мен үлгермейтін оқушылардың типтері
6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz