Банк жүйесіндегі инвестициялық қызмет



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық.экономикалық есептердің сатылары мен түрлері ... ... ...5
1.1. Бағалы қағаздар нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2. Инвестицияны сатып алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1. Инвестицияларды қайта бағалау есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

3. Шетелдегі ұжымдық инвестициялық қорлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

4.Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің тәуекелін басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
«Инвестиция» термині латынның investire - «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар өндіріс-материалдық запастар және т.б.) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза инвестиция-ландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатыңда. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей,
3
заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз (процент) түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғары айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелділік (тәуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола тұрып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды.
Инвестиция дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске. құрал-жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы (бағалы қағаздар портфелі) және ұзақ берзімдік банк несиелерін беру арқылы (қарыздар портфелі) жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік, шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқықтары қорғалады.
Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату, өтелген несиелерді беру мен алу болып табылады.
Инвестициялық қызметтер бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерді қосатын бөлімінде бейнеленеді. Оған тағы да бухгалтерлік баланстың ағымдағы активтер деген бөлімінде бейнеленетін қаржылық инвестицияларға әсер ететін операциялар жатады. Инвестициялық қызметтер акцияларды және негізгі құралдар мен басқаларды сатудан түскен табыстар мен шығындар қаржы -шаруашылық қызметтердің нәтижелері туралы есепке бейнеленіп табылады [2].
Қолданылған әдебиеттер.

1. Аралбаева А.А. Бүгінгі таңдағы банктік қызметтерді реттеуге арналған заңдардың дамуының кейбір мәселелері // Банки Казахстана.- №11.- 2005.- 37-38 бет.
2. Әлемдік экономика, Булатов А.С. М., 2000.
3. Әлемдік экономика. Оқулық. М., 1999.
4. Богатин Ю.В., Швандар В.А. Инвестиция тиімділігінің бағасыМ, 1999.
5. Борисов Е.Ф. Экономикалық теория. М., Юристъ, 2001.
6. Жалпы экономикалық теория. Видяпин В.И., т.б. – М., 1995.
7. И.В. Сергеев, И.И. Веретенникова, В.В. Яновский. Инвестицияны ұйымдастыру және қаржыландыру. М, 2003.
8. Козырев В.М. Қазіргі экономиканың негізі. М, 2000.
9. ҚазҰУ хабаршысы. Экономикалық серия. №2 (60). – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
10. Коласс Б. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін меңгеру. – М.: Қаржы және статистика, 2004.
11. Қаржы-Қаражат. Ғылыми-практикалық журнал. № 4. – Астана, 2007.
12. Оразбекұлы Бахыт. Инвестициялық институттардағы бухгалтерлік есеп / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002.
13. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Алматы, 2001.
14. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: «Экономика», 2005.
15. Т. Қожамқұлов. Саяси экономия негіздері.. Алматы «Қайнар»., 1991.
16. Шеденов Ө.Қ., т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе., 2004.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым Министрлігі

Тақырыбы: Банк жүйесіндегі инвестициялық қызмет

Пәні:
Мамандығы:

Орындаған:
Тексерген:

Қостанай 2010

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық
есептердің сатылары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .5
1.1. Бағалы қағаздар
нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 8
2. Инвестицияны сатып
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 13 2.1. Инвестицияларды қайта бағалау
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 15
3. Шетелдегі ұжымдық инвестициялық
қорлар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .17
4.Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің тәуекелін
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 27

Кіріспе
Инвестиция термині латынның investire - жұмылдыру сөзінен
алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен
қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері
бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: Біз қоғамның
нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар,
қондырғылар өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза
инвестицияландыру немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін
жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін
сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза
трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі
дезинвестицияландырады. Таза инвестиция-ландыру тек жаңа нақты капитал
қалыптасқан кезде ғана орын алады.
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі
кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің
шеңберінде жалпы капиталдық салынымдар деген түсінік қолданылатын, осы
түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына
(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа
(өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар
түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар,
акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды
бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде
анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге
жету мақсатыңда. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір
жақын келеді.
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және
өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей,
3
заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол
шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және
басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін
жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз (процент) түрінде
немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғары айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді.
Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелділік (тәуекелге бару).
Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола тұрып, елдің
әлеуметтік дамуына жағдай жасайды.
Инвестиция дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және
шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ
мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей
өндіріске. құрал-жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік
сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы
қағаздарды сатып алу арқылы (бағалы қағаздар портфелі) және ұзақ берзімдік
банк несиелерін беру арқылы (қарыздар портфелі) жүзеге асады. Жеке,
мемлекеттік, шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол
заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті
тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқықтары қорғалады.
Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату,
өтелген несиелерді беру мен алу болып табылады.
Инвестициялық қызметтер бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді
активтерді қосатын бөлімінде бейнеленеді. Оған тағы да бухгалтерлік
баланстың ағымдағы активтер деген бөлімінде бейнеленетін қаржылық
инвестицияларға әсер ететін операциялар жатады. Инвестициялық қызметтер
акцияларды және негізгі құралдар мен басқаларды сатудан түскен табыстар мен
шығындар қаржы -шаруашылық қызметтердің нәтижелері туралы есепке бейнеленіп
табылады [2].
4
1. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық
есептердің сатылары мен түрлері.
Инвестициялық жоба – күрделі жұмсалымның экономикалық мақсатқа
лайықтылынған, оның іске асыру көлемі мен мерзімін негіздеу, сондай-ақ
инвестицияны іске қосуының тәжірибелік амалын (әрекетін) жазу (суреттеу).
Бір сөзбен айтқанда инвестиция – табыс немесе пайда табу үшін ақшалай
қаражаттарды жұмсау.
Оңтайлылық (оңтайландыру) – оңтайын, яғни белгілі бір техникалық-
экономикалық міндеттер шешімнің межелі критерийлер мен айқындалған
шектеулерден ең жақсы нұсқасын табу процесі.
Инвестициялық жобалар келесі топтастыру белгілер негізінде
ажыратылады:
1. жобалау объектінің деңгейі бойынша;
2. бағалау кезеңінің ұзақтығы;
3. жобаның нақтылығы (жуық немесе толық, жете);
4. серпінділік (динамикалық);
5. оңтайландыру критерийлері (пайымдау негізі).
Жобалау объектінің деңгейі жөнінде төрт деңгейде ажыратуға болады:
1-ші деңгей. Шаруашылық-технологиялық кешен (тау-кен байыту
комбинаты, тау-кен-металлургия комбинаты). Ол негізгі өндірістік өндіру,
байыту, балқыту процестерін кірістіреді.
2-ші деңгей. Шаруашылық-технологиялық кешеннің құрылымдық элементі
(шахта, карьер, байыту фабрика, қайта өңдеу цехы);
3-ші деңгей. Тау-кен кәсіпорынның құрылымдық элементі (аршу,
шахтадағы ішкі көлігі, карьерлік көлік);
4-ші деңгей. Кен қызу жөніндегі технологиялық процестер мен
операциялар (бұрғылау, арттыру, тиеу, тасымалдау, қоймалау).
Бағалау кезеңінің ұзақтығы мынадай:
а) болашақ -15-20 жыл;
б) үзақ уақытты (мерзімді) - 5 - 15 жыл;
в) ора мерзімді - 2 - 5 жыл;
г) ағымдағы - жыл, ай;
д) жедел - тәулік, ауысым.
5
Оңтайлы міндеттер шешімін шығындардың әр түрлі уақытқа қатыстылығы,
анықтаушы фактордың серпінділігіне, инвестициялық жобаның тиімділігін
бағалау мерзімімен байланысты мыналарға бөлуі мүмкін: серпінді және
статикалық.
Статикалық міндеттер шешімім мына келесі шарттарға сай болуы қажет:
бағалау мерзімі бойында әр нұсқа жылдық және ағымдағы шығындар
өзгеріссіз және азғантай өзгеруі (5-15 пайыз);
нұсқалар көлемдері мен өнім сапасы, бағалау және басқа да анықтаушы
параметрлер бойынша салыстырмалы түрге келтірілуі.
Статикалық әдістерге тау-кен жабдықты, кен қазбаларды жүргізу
тәсілін, желдету, құрғату және басқа да осыларға ұқсас міндет шешімдері
салыстыру мен бағалау жатуы мүмкін.
Динамикалық есептер мына келесі белгілермен сипатталады:
Жұмыстардың жылдық көлемі мен шығындардың бірқалыптылықсыздығы;
Тауар өніміне жыл бойы бағалардың өзгеруімен;
Жұмыс көлемінің, пайдалы кен байлық сапасының, сондай-ақ бағалардың
өзгеруінің салдарынан пайданың өзгеруімен;
Өндіру, кен – дайындау және ашу жұмыстарына шығындардың әр түрлі
уақытта жұмсалуымен;
Күрделі шығындарды тек кәсіпорынды салу кезінде ғана емес, сондай-ақ
тағы кен орнын пайдалану уақытында жұмсау керектігімен. Пайымдау негізін
таңдау қойылған мәселенің міндет артуымен, яғни инвестициялық жоба алдына
қойылған мақсатпен, бағалау кезеңінің ұзақтығымен байланысты.
Инвестициялық жобалардың 1-ші және 2-ші деңгейлеріндегі объектілерге
экономикалық критерийлер ретінде пайдалылықты, табыстылықты,
инвестициялардың тиімділігін және олардың мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштер
қабылдануы мүмкін.
Инвестициялық жобалардың 3-ші және 4-ші деңгейіндегі объектілеріне
критерийлер ретінде шығындардың, өзіндік құнның ең аз мөлшерін және
өтелімділік мерзімін азайту көрсеткіштерін пайдалану болады.

6
Жоба жасау алдындағы зерттеулер мыналарды кірістіреді:
* кен орнын барлау және өндіруге арналған өтінімді негіздеу;
* жер бөліп беру жобаны негіздеу;
* болашақ жобаның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне экономикалық баға беру.
- кен орнын қазу тәсілін, технологиясын, негізгі жабдықтар түрлерін
таңдауын алдын ала негіздеу.
Инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздеу
техникалық шешімдерге экономикалық бағалауды, маркетинглік зерттеуді, баға
нарығын, инвестициялық мүмкіндіктерді (несие, оны өтеу мерзімі, проценттік
мөлшерлеме) зерттеуді алдын ала қарастырады.
Инвестициялық жобаның тиімділігі есептік кезең бойында бағаланады, ол
жоба басынан оның аяқталуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Жобаның басы жобалау-іздестіру жұмыстарына қаражат жұмсаған күнінен
бастап анықталады.
Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату,
өтелген несиелерді беру мен алу болып табылады.
Инвестициялық қызметтер бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді
активтерді қосатын бөлімінде бейнеленеді. Оған тағы да бухгалтерлік
баланстың ағымдағы активтер деген бөлімінде бейнеленетін қаржылық
инвестицияларға әсер ететін операциялар жатады. Инвестициялық қызметтер
акцияларды және негізгі құралдар мен басқаларды сатудан түскен табыстар мен
шығындар қаржы -шаруашылық қызметтердің нәтижелері туралы есепке бейнеленіп
табылады.
Жаңа технологияны пайдалана отырып, бәсекеге төзімді өнім шығаратын,
металдар мен шикізатты тереңдетіп өндіретін, сонымен бірге жаңадан құрылган
және жұмыс істеп тұрган кәсіпорындардың жарғылық капиталына инвестицияны
жүзеге асыру. Жеке меншік инвестицияларды экономиканың шикізаттық емес
секторына ынталандыру мен инвестициялық қор жобалардың жәрдемімен
бірлесе қаржыландыру қордың міндеті болып табылады т.б. [4].
7
1.1. Бағалы қағаздар нарығы.
Қаржы нарығының ажырамас бөлігінің бірі бағалы қағаздар нарығы
(БҚН) болып табылады. Инвестицияны (бағалы қағаздарды — БҚ) есепке алуды
қарастырмас бұрын нивестиция, инвестор, эмитент т.с.с. түсініктерді анықтап
алу қажет.
Эмитенттер — бұл нақты өндірістік немесе әлеуметтік жобаларды
қаржыландыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында бағалы қағаздар шығаратын
және бағалы қағаздардың иеленушілерінің алдында өз атына міндеттемелер
алатын субъектілер.
Бағалы қағаздар акциялар, облигациялар, туынды бағалы қағаздар,
сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздардың
статусы бар ипотекалық куәліктер, коносаменттер және құжаттардың басқа да
түрлері болып табылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар — бұл Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Ұлттық Банкінің (ҰБ) ішкі және сыртқы борыштық міндеттемелері.
Үкімет Қаржы Министрлігінің атынан бюджет тапшылығын инфляцилық емес жабу
мақсатында мемлекеттік борыш шегінде бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге
асырады. Ұлттық Банк айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында бағалы
қағаздарды эмиссиялайды.
Муниципалдық бағалы қағаздар — бүл жергілікті атқарушы органдардың
қарыз міңдеттемесі, ол жергілікті бюджетпен және коммуналдық меншікпен
кепілдік береді. Муниципалдық бағалы қағаз аймақтық әлеуметтік бағдарламаны
орындау мақсатында шығарылады. Ол құрылыс, ауруханалар мен бала-бақшасын
және үйлер мен мектептерді, жолдарды жөндеу, керекті мүліктер сатып алу
т.б. үшін пайдаланылады.
Корпоративтік бағалы қағаздар — субъектінің заңға сәйкес жарғылық
капиталды қалыптастыру немесе шаруашылық қызметін іске асыру үшін
қаражаттарды тарту мақсатында шығаратын бағалы қағаздары.
Инвесторлар — ұзақ мерзімді пайдаланылатын активтер құру, өз
қаражаттарын инфляциядан сақтау мен акциядан дивиденд түрінде,
облигациялардан сыйақы түрінде табыс алу мақсатында өз қаражаттарын бағалы
қағаздарға салатын субъектілер.
8
Егер эмитенттер — меншік және айналысатын қызметімен сала түрлеріне
қарамастан әр уақытта тек заңды тұлғалар болса, инвесторлар өз алдына екі
топқа бөлінеді:
* жеке инвесторлар, яғни жеке және заңды тұлғалар;
* институттандырылған инвесторлар, былайша айтқанда қаржы
институттары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы
қорлары, сақтандыру ұйымдары т.б.
Инвестициялық мақсаттарын шешуге байланысты венчурлік, төте
және портфелдік инвесторларға ажыратылады.
Венчурлік инвесторлар — қауіпті тәуекелге байланысты және тез
қайтарымды күрделі салым инвесторлары. Бұл жаңа құрылып жатқан
мұнай және газ компанияларына, жаңа компьютерлік жүйелер мен
бағдарламалық өнімдерге, технологияларға т.б. салынатын салымдар.
Төте (тура) инвесторлар — белсенді басқару және табыс табу
мақсатымен шаруашылық субъектісінің жарғылық капиталына қаражаттарын тура
(төте) салатын инвесторлар.
Портфельдік инвестициялар — қауіпті тәуекелдік жағдайында өте жоғары
табыс алуды қамтамасыз ету немесе төменгі тәуекелділікпен белгіленген
нормадағы табыс алу мақсатында активтерін тиімді үйлестіре отырып
орналастыру, яғни әр түрлі санды инвестицияларға иемдене отырып оптималды
табыс табу.
Инвестициялық қорлардың портфелінде акциялары бар, акционерлік
қоғамдар оны басқаруға қатысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды шектеу заңға
сәйкес жауапкершілікке тартылады. Инвестициялық қорлардың акционерлері кез
келген тұлға бола алады.
Портфельді басқару – бұл инвестициялық қорлардың инвестициялық
декларациясына сәйкес компания басшысының нысаналы қызметі. Компанияның
басшысы бағалы қағаздардың ұлттық уәкілетті органдарының берген лицензиясы
бар және инвестициялық қормен оны басқару туралы жасалған шарт негізінде
жұмыс істейтін заңды тұлға болуы мүмкін [14].

9
Инвестициялар — бұл ұйымның табыс алу (мысалы, сыйақы (мүдде),
роялти, дивидендтер мен жал төлемі), инвестицияланған капиталды өсіру
немесе басқа да пайда алу (мысалы, коммерциялық қатынастар нәтижесінде)
мақсатында иеленетін активтері. Инвестицияларға сонымен қатар қолданылмай
тұрған қозғалмайтын мүлікте жатады.
Борыштық бағалы қағаздар әдетте облигациялармен, қазынашылық
вексельдермен, депозиттік сертификаттармен т.б. көрсетіледі.
Облигация – эмитенттің инвесторлар арасында орналастырылған
қарыздың түрін біддіретін қаржылық құрал. Облигациялар белгілі бір мерзімде
өтелуі керек және сыйақыны (мүддені) кезендік түрде төленуін талап етеді.

Ұйымның иелігіндегі бағалы қағаздардың жиынтығы инвестициялық
портфель деп аталады.
Қысқа мерзімді инвестициялар тез өткізілуі мүмкін және бір жылдан:
көп сақталынбайды деп болжанатын инвестициялар.
Болашақ алдағы уақыттағы қысқа мерзімді инвестициялар:
1) ағымдағы құны бойынша;
2) сатып алу құны мен ағымдағы құнының ішіндегі азы бойынша есептелуі
мүмкін.
Ағымдағы құн – активті нарықта инвестицияны сатудан алынуы мүмкін
сома. Ол жалпы экономикалық жағдай, инвесторлардың бұл компанияға
көзқарасы, компаниямен алынатын табыс тағы сол сияқты әр түрлі факторларға
байланысты.
Егер ұйым қысқа мерзімді инвестицияларды ағымдағы құны бойынша
есептейтін болса, онда құнның өзгеруін кезеңді түрде есептеп отыру қажет.
Бағалы қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа
бөлуге болады:
а) ақшалай;
ә) капиталды.
Ақшалай бағалы қағаздар ақшаны қарызға алғандығын білдіреді Бағалы
қағаздардың бұл түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға
болады.
10
Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс
жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға
дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды құнды қағаздар – шаруашылық субъектісінің қорын (капиталын)
құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады.
Инвестициялық құнды қағаздар – иемденушіге активтің бір бөлігін
иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне акцияны, облигацияны
жатқызуға болады.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қазметінің мақсаты –
қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және
өтімділікті қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар,
оларда көрсетілген құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну
қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады
(вексельдер, чектер).
Қордық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен
ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік, немесе
облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.
Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы
қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция,
облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқтар мен талаптарды
білдіреді (купондар, талондар).
Бағалы қағаздар иелерінің құқықтары ерекшеліктерімен байланысты
мәлімдеуші, ордерлік және атаулы болып бөлінеді.
Мәлімдеуші бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар,
облигациялар салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б. Оларды
сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.
Ордерлік бағалы қағаздар – оларды ұстаушылардың құқтары сол қағаздар
мәлімдеушісімен және сол сияқты аударып жазу белгілерінің сәйкестігімен
расталады.
Атаулы бағалы қағазда ұстаушының аты міндетті болады.

11
Қаржылық бағалы қағаздар мемлекеттік және мемлекеттік емес
субъектілермен эмиссияланады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық вексельдер, қазыналық
бондар, қазыналық міндеттемелер жатады.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде коммерциялық банктерде
мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе
басқарма, орташалары мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері.
Олар банктің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе клиент тапсырмасы
бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомствалардың
бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін
сәйкес ақыға сақтап, басқарады.
Банктердің бағалы қағаздармен операциялары қорлық, коммерциялық,
эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық түрде болады.
Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған
бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы
нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне
байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздардың
бағамдары төмендеуде, сол сияқты бағалы қағаздарға деген қызығушылық та
төмендеп тұр. Жалпы айтқанда Республикамызда банктердің инвестициялық
қызметі алғашқы даму сатысында.
Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы
қағаздарымен сауда-саттық операцияларды жүргізеді. Берілген операциялар
бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді
қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы –
алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюнктурасы
алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық
төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және
бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қазметінің мақсаты –
қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және
өтімділікті қамтамасыз ету [13].
12
2. Инвестицияны сатып алу.

Коммерциялық банктерде бағалы қағаздарды сатып алу бухгалтерлік
есепте сатып алу шығындарын есепке ала отырып сатып алу құнымен шоттардың
Бас жоспарының 14 және 40 бөлімшелерінің шоттарының дебеті бойынша
көрсетіледі. Сатып алу шығындарына қор биржасының комиссиондық қызметтері,
брокер немесе дилердің, тәуелсіз тіркеушінің комиссиондық сыйақысы,
алымдар, т.б. жатады.
Коммерциялық банктер инвестицияны сатып алу бойынша операциялардың
есебін жүргізген кезде облигация түріндегі инвестицияларды сатып алуды
есепке алғанда олардың өз ерекшеліктері бар екенін есте сақтау керек.
Сонымен бірге, эмиссия проспектісінде жарияланған облигацияларды шығару
кезіндегі олар бойынша сыйақы нарықта айналымда жүрген осындай
облигациялардың сыйақысымен сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан номиналды және
нарықтық пайыздық мөлшерлеме деген түсініктерді ажырата білу қажет.
Номиналды пайыздық мөлшерлеме – облигацияны ұстаушы мен төленетін
облигацияның номиналдық құнына негізделген сыйақы мөлшерлемесі.
Нарықтық пайыздық мөлшерлеме – инвестициялық нарықтағы заем мен
тәуекелдік шарттары ұқсас облигациялар бойынша төленген сомаларға
негізделген мөлшерлеме. Нарықтық пайыздық мөлшерлемелер күннен-күнге
өзгеріп отырады. Компания нарықтық пайыздық мөлшерлемелерді бақылап
отырмайтындықтан облигацияның шығарылуы күнінде нарықтық және номиналдық
пайыздық мөлшерлемелер арасында айырмашылық өте жиі пайда болады.
Егер нарықтық пайыздық мөлшерлеме номиналдық мөлшерлемеден жоғары
болса, онда облигацияның шығарылу құны оның номиналдық құнынан төмен
болады. Бұл жағдайда облигация жеңілдікпен шығарылады. Егер де нарықтық
пайыздық мөлшерлеме номиналдық мөлшерлемеден төмен болса, онда облигацияның
шығарылу құны номиналдық құнынан жоғары болады. Бұл жағдайда облигациялар
сыйақымен шығарылады.
13
Егер инвестор сатып алу кезіне дейінгі аралықта сыйақысы бар
инвестициялар сатып алса, онда сыйақы төлеу күндерімен сәйкес келмейтін
күндерді сатып алу кезінде сатып алушы мен сатушы берген нақты инвестиция
бойынша сыйақыдан түскен табыс сомасын өзара бөлісу керек.
Сатып алушы сатушыға инвестицияның құнынан бөлек соңғы сыйақы
төленген уақыттан кейінгі өткен кезең үшін тиісті сыйақы сомасын қоса
төлейді. Сыйақыны төлеудің кезекті мерзімі келген жағдайда сатып алушы
барлық кезең үшін тиісті сыйақының бүкіл сомасын алады. Алынған сыйақы
сомасы екі бөлікке бөлінеді — сатушыға төленген және жеке меншігіндегі
бөлігі. Сатушыға төленген сыйақы бөлігі инвестицияның құнын төмендетеді.
Бағалы қағаздардың сатып алу құны мен өтелу құнының арасындағы айырма
(жеңілдік немесе сыйақы) бағалы қағаздарды иелену уақыты бойында
амортизацияланады.
Сатып алу құны номиналдық құннан төмен облигациялар бойынша тиесілі
табысты тіркеген сайын сатып алу құны мен номиналдық құнның арасындағы
айырманы қоса есепке алып отырады. Осылайша, инвестордың қандай облигацияны
сатып алуына байланыссыз (жеңілдікпен бе әлде сыйақымен бе) сатып алу
құнымен номиналдық құны арасындағы айырма бүкіл айналыс кезеңіңде
амортизацияланады және облигацияны өтеу кезінде бұл айырма нольге, ал
инвестицияның құны номиналдық құнына тең болуы керек, өйткені эмитент
облигацияны номиналдық құн бойынша өтейді.
Нарықтық мөлшерлеме бойынша шығарылған облигацияның есебін
жүргізуді эмитенттің де, сатып алушының да көзқарасынан қарастырайық.
Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы
қағаздарымен сауда-саттық операцияларды жүргізеді. Берілген операциялар
бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді
қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы –
алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюнктурасы
алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық
төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және
бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді [7].
14
2.1. Инвестицияларды қайта бағалау есебі.
Коммерциялық банктерде инвестицияларды қайта бағалауды жүргізу үшін
кезеңдікті сақтау мақсатында қайта бағалаудың жиілігі туралы есеп саясаты
жасалады. Қысқа мерзімді (инвестициялар сатып алу мен ағымдағы құнының азы
бойынша есепке алынатын болса, онда бұл инвестициялардың баланстық құны
келісілердің негізінде анықталуы мүмкін:
* жалпы алғандағы жиынтық портфелімен;
* инвестициялардың түрлері бойынша жиынтық портфелімен;
* жеке инвестициямен.
Ұзақ мерзімді инвестициялар – бұл ұзақ мерзімді салымдар жасау
мақсатында сатылып алынатын бағалы қағаздар. Мысалы, айналыс мерзімі 5 жыл
облигацияны сатып алу немесе акционерлік қоғамның акциясына, оның қызметіне
бақылау жасау мен біршама әсер ету, ұзақ мерзім бойына дивидендтер алу
мақсатында салымдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Зейнетақы жүйесiн реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi
Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерің экономикалық рөлі
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмі
Қазақстанның банк жүйесіндегі қызметті талдау
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Банк филиалдары мен өкілдіктері
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Пәндер