Еңбек – қоғам өндірісінің негізі



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Еңбек . қоғам өндірісінің негізі

2.2 Қоғам өндірісінің элементтері

III. Қорытынды
IV. Әдебиеттер тізімі
Еңбектің әлеуметтік процесінде , әлеуметтік еңбек факторларын, техника және технологиялық қызметті, сондай ақ адамның еңбекке деген көзқарасына әсері түріндегі еңбектің мәселелерін зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы болып табылады.
Адамның және қоғам өмірінің негізі нышанын өндіріс деп айта аламыз.
Өйткені, өндірістің өзі – адамның табиғи заттарға әсер ете отырып материалдық және рухани игіліктерді жасау процесі болып табылады.
Өндірістің өзі үлкен сатылы процес арқылы жүргізіледі. Әрине, оны өзі адамның еңбегі, және де еңбек заттары мен қатар еңбек құралдары арқылы жүргізіледі. Олардың бәрінде қарапайым еңбек элементтері деп атаймыз.
Еңбек — адамның өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті және бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбектің өзі адамның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Және де адам еңбектің көмегімен табиғатқа әсер ете отырып, оны жан жақты қарастыруға көмектеседі. Еңбектің әлеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатысында адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастардың да ерекшелігіне байланысты.
Еңбек материалдық және рухани игіліктерді, сонымен қатар қызметтерді қалыптастыруға бағытталған адамдардың саналы қызметі.
Адам экологиясы үшін еңбек әрекетіне талдау жасап және әрқилы табигат және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы оның әр түрдегі ерекшеліктерін білу, және өмір сүру жағдайын бағалауда маңызы зор, өйткені еңбек демалыс және күнделікті түрмыспен катар адамның өмір сүруінің негізгі элемент болып есептеледі.
Жалпы еңбек статистикасындағы көрсеткіштер жүйесін, статистикалық есептілік нысандарын, статистикалық байқау әдістерін жетілдіру нәтижесінде жұмыс атқарылады. Бұл дегеніміз халықаралық стандарттарға, атап айтқандай Халықаралық еңбек ұйымының, яғни ХЕҰ ұсыныстарына негізделген.
1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8
2. А.Қ. Мейірбеков Қ.Ә. ӘлімбетовАлматы, экономика 2003
3. «Кәсіпорын экономикасы» Г.Ө. ЖолдасбаеваАлматы ,экономика2005.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Еңбек – қоғам өндірісінің негізі

2.2 Қоғам өндірісінің элементтері

III. Қорытынды
IV. Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Еңбектің әлеуметтік процесінде , әлеуметтік еңбек факторларын,
техника және технологиялық қызметті, сондай ақ адамның еңбекке деген
көзқарасына әсері түріндегі еңбектің мәселелерін зерттейтін әлеуметтанудың
бір саласы болып табылады.
Адамның және қоғам өмірінің негізі нышанын өндіріс деп айта аламыз.
Өйткені, өндірістің өзі – адамның табиғи заттарға әсер ете отырып
материалдық және рухани игіліктерді жасау процесі болып табылады.
Өндірістің өзі үлкен сатылы процес арқылы жүргізіледі. Әрине, оны өзі
адамның еңбегі, және де еңбек заттары мен қатар еңбек құралдары арқылы
жүргізіледі. Олардың бәрінде қарапайым еңбек элементтері деп атаймыз.
Еңбек — адамның өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті және бүкіл
заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбектің өзі
адамның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Және де адам еңбектің
көмегімен табиғатқа әсер ете отырып, оны жан жақты қарастыруға
көмектеседі. Еңбектің әлеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатысында адамдар
арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете
отырып, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын
өндірістік қатынастардың да ерекшелігіне байланысты.
Еңбек материалдық және рухани игіліктерді, сонымен қатар қызметтерді
қалыптастыруға бағытталған адамдардың саналы қызметі.
Адам экологиясы үшін еңбек әрекетіне талдау жасап және әрқилы табигат және
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы оның әр түрдегі ерекшеліктерін білу,
және өмір сүру жағдайын бағалауда маңызы зор, өйткені еңбек демалыс және
күнделікті түрмыспен катар адамның өмір сүруінің негізгі элемент болып
есептеледі.
Жалпы еңбек статистикасындағы көрсеткіштер жүйесін, статистикалық есептілік
нысандарын, статистикалық байқау әдістерін жетілдіру нәтижесінде жұмыс
атқарылады. Бұл дегеніміз халықаралық стандарттарға, атап айтқандай
Халықаралық еңбек ұйымының, яғни ХЕҰ ұсыныстарына негізделген.

Еңбек – қоғам өндірісінің негізі

Еңбек — адам эволюциясының маңызды факторларының бірі. Кез келген еңбек
құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол
арқылы жүзеге асады. Фридрих Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің
рөлін жоғары бағалады. Ол:
"Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек
деген дәрежеде айтуға тиістіміз", — деп жазды. Олай болса, еңбек
антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы
еңбек құралдарын жасай алады. Кейбір адамтектес маймылдар қарапайым
құралдарды пайдалана алғанымен, еңбек құралдарын жасай алмайды. Жануарлар
табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы
еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан
зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде біздің ежелгі маймылға
ұқсас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда
болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне де
өзгерістер енгізді. Еңбек — адам эволюциясына тән негізгі фактор. Маймылдар
алғашында ағаш басында өрмелеп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен ағаштан жерге
түсіп күн көрген. Олардың тіршілігіндегі бұл өзгеріс бірте-бірте екі
аяғының көмегімен тік жүріп, өмір сүруіне жағдай жасады. Адамның екі
аяғымен тік жүруі — "маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды" (Энгельс).
Тік жүрудің нәтижесінде адамның омыртқа жотасында "S" әрпі тәрізді иіліс-
бұрылыс пайда болып, ол Денеге солқылдақтық қасиет берді. Ал аяқтың басы
(табан сүйектері) күмбездене түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен
байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Мұндай өзгерістер
тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде, миллиондаған жылдар бойы жүріп отырды.
Сондықтан да адам бірден тік жүріп кеткен жоқ. Тік жүруге көшудің де өз
қиындықтары болды. Тік жүру жүріс жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің
жамбаспен тұтаса байланысуы ұрпақ тууды қиындатты. Адам денесінің ауыр
салмағы жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Оның есесіне қолдың жерден
босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір жеңілдік туғызды. Қорыта айтқанда,
тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның
алғашқы қалыптасу кезеңінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана
құралдар жасай білді. Бірте-бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы
ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: "Қол — еңбек ету құралы ғана емес,
сонымен бірге — қол еңбектің өз жемісі", — деп түсіндірді. Маймылға ұқсас
ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар
сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой-
өрісіне, мінез-қылығына әсер етті әрі еңбек құралдарын жетілдіре түсуіне де
септігін тигізді. Адамның еңбек етуге дағдылана түсуі антропогенездегі
әлеуметтік әсерлердің ықпалының артуына септігін тигізеді. Биологиялық
заңдылықтардың адам өміріне әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.

Адамның және қоғам өмірінің негізі шаруашылық қызмет,өндіріс болып
табылады. Өндіріс – адамның табиғи заттарға әсер ете отырып материалдық
және рухани игіліктерді жасау процесі. Өндіріс адамның еңбегін,еңбек
заттары және еңбек құралдарының көмегімен іске асады,оларды қарапайым еңбек
процесі элементтері деп атайды.Еңбек – материалдық және рухани игіліктерді,
қызметтерді қалыптастыруға бағытталған адамдардың саналы қызметі.Еңбек
заттары – дайын өнімді жасау мақсатында адамдардың бір нәрсеге еңбек арқылы
әсері немесе адамдардың әсер ететін заты.
Еңбек құралдары – еңбек заттарына әсер ететін құралдар.Қандайда бір товарды
өндіруге қажет еңбек заттарымен еңбек құралдары өндірістік құрал-жабдықтар
деп аталады.Игіліктерді өндіру кезінде 1-ден адам мен табиғат арасында
қатынас орнайды оны өндіргіш күштер деп аталады,ал 2-ден адамдар арасында
қатынас орнайды,оны экономикалық қатынастар деп атайды.Өндіргіш күштер –
жұмысшы күшімен заттай факторлар және олардың ара қатынасы. Өндірістік
құралдар жаңа технологияның пайда болуымен жаңарады,өзгеріске ұшырайды.
Еңбек сапасы жағынан ұшырауы мүмкін, себебі, жұмысшының квалификациясын
жоғарлататын ғылыми ұйымдар пайда болды, кәсіпкерлік қабілеттіліктің маңызы
артады.Экономикалық қатынастар – өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну
процесінде пайда болатын адамдар арасындағы қатынас. Экономикалық
қатынастың сипаты өндірістік құрал-жабдықтарға деген меншік формаларымен
анықталады. Ол 1-ден өндірістік қатынастарға байланысты, 2-ден өндірістік
емес сфераға байланысты болды. Ұйымдастырушылық қатынастар
өндіріс,бөлу,айырбастың қалай ұйымдастырғандығына байланысты. Ұйымдастыру
формалары: еңбек бөлінісі,еңбек кооперациясы,өндіріс концентрациясы және
централизация (орталықтандыру) және т.б. жатады. Тарихи даму кезеңдерін
атайтын болсақ:
1. қарапайым еңбек кооперациясы

2. мануфактура

3. машиналық өндіріс
Еңбек кооперациясы – бір адамның басқаруы мен бірнеше адамның біртекті
жұмыс түрін орындаумен байланысты.
Мануфактура – еңбек кооперациясының бір түрі,бірақ онда еңбек бөлінісі
қатысады.Машиналық өндіріс – еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін
қамтамасыз етті.
Әлеуметтік экономикалық қатынастар адамдар арасында өндірістік жағдайға
қатысты өндірістік құрал-жабдықтарға деген меншік формаларын анықтайды.
Меншік түріне байланысты әлемдік экономикалық қатынастар өндіру, бөлу,
айырбастау және тұтыну үшін белгіленеді. Сол қатынастың дамуы меншік
иелерінің мүддесін іске асырады. Адамның жыл көлемінде шаруашылық
қызметінің нәтижесі өндірілген қоғамдық өнім деп аталады.

Қоғамдық өнім 4 кезеңнен өтеді:

1. өндіру (өнімді қалыптастырумен байланысты);

2. бөлу (өндірілген өнімдегі әрбір адамның үлесін анықтау дегенді
білдіреді);

3. айырбастау (бір өнімді екінші өніммен айырбастау,бағалау);

4. тұтыну (адамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндірілген игіліктерді
пайдалану).
Ұдайы өндіріс – өндіріс процесінің қайталануы. Оның екі түрі болады:
қарапайым және ұлғаймалы.
Қарапайым ұдайы өндіріс – бұрынғы масштабта өндірісті қайталау.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – өспелі масштабта өндіріс процесін жүргізу.
Қоғамның өнімінің 4 кезеңі өзара тығыз байланысты және қоғамдық өндірісті
құрайды.Еңбек – еңбекті әлуметтік процесс, әлуметтік еңбектің қарқындылығын
арттыру факторлары, техника және технологиялық, қызметтің, жағдайлардың,
адамның еңбекке деген көзқарасына әсері түріндегі еңбектің мәселелерді
зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы. Еңбек социологиясының үш басты
аспектісін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, еңбек социологиясы – бұл адамдардың еңбек құралдарымен және
заттарымен өзара әрекеттестік заңдылықтары және сол заңдылықтардың еңбек
ұжымдарында және жеке адам қызметіндегі әрекеті және көріну белгілері.
Мұнда адамның ұжымның жаңа технологиялық үрдістерінің даму жағдайындағы
және экстремалды еңбек жағдайындағы (шахтерлар, атомдық электростанциялар
және тағы да басқа жұмысшылар) қызметімен байланысты мәселелер жиынтығы
талданған.Екіншіден, еңбек социологиясы – бұл адамның және ұжымның еңбекке,
оның сипатына, мәніне, жағдайына деген көзқарас жиынтығы. Мұнда адамның
және ұжымның еңбекке байланысының материалдық мүддесі, еңбектің мәні,
еңбектің бүтіндей мағынасының себептері талданады.
Үшіншіден, еңбек социологиясы – кәсіпорын, ұжымның әлеуметтік ұйымы, яғни
позициялар, рөльдер, құндылық және ұжымдағы жұмысшылар арасындағы байланыс
жиынтығын тудырушы ерекше қатынастар жүйесі. Мұнда еңбек социологиясының
зерттеу саласына әртүрлі еңбек құрылымына байланысты, оның функцияларына
байланысты (ұжымның әлуметтік-психологиялық мәселелеріне, ондағы
қақтығыстар, ұжымдағы басқару тәсілдері, басқарушылар мен лидерлер
арсындағы қатынас және т. б.) мәселелер кіреді.

Еңбек социологиясының категориялары
Еңбек социологиясының басты категориялары мыналар: еңбектің мәні, еңбектің
сипаты, еңбек жағдайлары, еңбекті ұйымдастыру, еңбек түрлері, еңбектің
қызметтік-себептіптік құрылымы, қызметке қатынас т. б.Еңбектің мазмұны –
бұл өндіруші қызметі саласымен жасалған еңбек операциясының түрлері,
мүмкіншілік және өндірістік процесс үстіндегі шешім қабылдаудағы жаңалық
деңгейіне байланысты бөлуді ескеретін еңбектің сипаты.
Еңбек категориясы жұмысшылардың әртүрлі еңбектік қызметтерге (физикалық
немесе ой еңбегі, аграрлы немесе индустриалды, ұйымдастырушы не атқарушы,
жай немесе күрделі) бекітілуін көрсетеді.Еңбек жағдайлары әлуметтік-
экономикалық, гигиеналық, ұйымдастырушылық жағдайларды қамтиды.
Еңбекке қатынас (көзқарас) — бұл индивидттің еңбек заттары, құралдары,
өнімдерімен және өндіруші ортамен байланысының сипаты. Еңбекке қатынас
индивидтің қоғаммен негізгі байланысын көрсетеді және еңбектің қоғаммен
бағалануы (бедел, әлуметтік статус) арқылы көрінеді.
Адамның өндірістегі қызметінде басты рөльді еңбектің белсенділігінің
стимулдары мен себептері атқарады. Стимулдар – объективті факторлардың
әсерінен пайда болатын саналы қозғаушы күш. Ол бір жағынан адамның
белсенділігін анықтайтын көптеген факторларды қамтыса, екінші жағынан, әр
түрлі адамдарға әрқилы әсер етеді.
Қазіргі әлеуметтанушылардың бірі Ф.Херцбергтің ойынша, батыс әлуметтануы
жұмысшылардың мінез-құлқын өндірістік реттеуге бағытталған және ол осындай
зерттеудің үш ең манызды тәсілін талдады..CC ғасырдың басында Ф. Тейлор
теориясының негізінде американ инженерлері жасап шығарған ғылыми
менеджмент. Оның теориясы бойынша еңбектің қарқындылығы өндірістік
тапсырманы күрделі еңбек дағдыларын қажет етпейтін кәдімгі операциялармен
ұштастырған кезде артады. Бірліктік келісімді прогрессивті сыйақы төлеу
жүйесі, тіпті, қарт және міндетіне жауапсыз қарайтын адамдардың да еңбек
қарқындылығының жоғарлануына себеп болды. Қозғалысты экономдау және еңбек
функцияларын ықшамдау мақсатымен мұқият инструктаж, сағаттық төлем және
бонус жүйесі, құрастырмалы конвейер, т.б. арқылы еңбек операцияларын
хронометрлеу — бұның бәрі өндірістің ғылыми ұйымдастырылуы. Жұмысшылардың
өндірістегі тәртібін реттеудің екінші амалының бастауы CC ғасырдың 20–30
жылдарында американдық ғалым Э. Мэйоның белгілі хоторндық тәжірибелерінде
көрсетілген. Өндіріс қарқындылығын жоғарылатуға әсер ететін әр түрлі
факторларды зерттей отырып, Э. Мэйо адамдың және топтың факторлар рөлін
көрсетеді. Бұл амал адамдар қатынасының менеджменті деп аталады. Қазіргі
жағдайда ол еңбектің маңызды мәселелерін тәжірибе түрінде өңдеп,
зерттейді.Жұмысшылардың өндірістік тәртібін реттеудің үшінші амалы американ
ғалымы Б. Скиннер есімімен байланысты және жағдайлық менеджмент деп
аталады. Мұнда материалды, әлуметтік қозғаушы факторлары қолданылады. Еңбек
үшін марапаттау еңбек үрдісіндегі белгілі бір мақсатқа жетуге байланысты,
ал менеджердің басты міндеті жұмысшылар қызметінің нәтижесін бағалау және
материалдың және моральдік стимулдарды мөлшерлеу болады. Еңбек себептерінің
қазіргі әлеуметтік концепцияларында А.Маслоу, Ф.Херцберг және т.б. еңбек
мотивтері теориялық ережелері, концепциялары пайдаланылады. Американ
психологы және социологының еңбек мотивтері теориясы адам қажеттіліктерін
анықтайды. Адам қажеттіліктерін класификациялай отырып, А. Маслоу оларды
базистік (тамақтану, қаупсіздік және т. б. қажеттіліктер) және туынды
немесе мета–қажеттіліктер иерархиясы принципі бойынша өсу ретімен төменнен
жоғарыға, яғни материалдықтан руханиға қарай орналастырады: біріншіден,
физиологиялық және жыныстық қажеттіліктер – дүниеге адам әкелу, ас, тұрақ,
демалыс т.б.; екіншіден, экзестенционалды қажеттіліктер — өз өмірінің
қауіпсіздігінің, ертеңгі күнге сенімділіктің, өмір жағдайларының және
қызметінің тұрақтылығының қажеттілігі, ал еңбек саласында – кепілді жұмыс
бастылық, қайғылы оқиғалардан қамсыздану және т. б.; үшіншіден, әлеуметтік
қажеттіліктер – құштарлық, ұжым қатарында болу, қарым-қатынас, біреуге
қамқор болу, өзіне деген ықылас, еңбекке қатысу; төртіншіден, беделді
қажеттіліктер – беделді адамдардың сыйластығы, қызмет сатысында өсу, бедел,
қадір және жоғары баға;бесіншіден, рухани қажеттіліктер – шығармашылық
арқылы өз ойын білдіру. А. Маслоу теориясының маныздылығы — факторлардың
әрекеттестігінде, олардың қозғаушы негізін ашуда, оның индивидке
алдыңғылары өтелгеннен кейін ғана соңғыларының қамтамасыз етілуі.
А.Маслоудың концепциясы Ф.Херцбергтің мотивациялық-гигиеналық теориясында
әрі қарай дамытылды. Мұнда жоғары қажеттіліктер (жетістік, сыйлау,
шығармашылық өсім мүмкіндігі) және төменгі қажеттіліктерге он мотивациялық
факторлар ықпал етеді: компания саясаты, техникалық бақылау, басқарушымен
қарым-қатынас, ұжым арасындағы жекелік қатынас, жалақы, қауіпсіздік және
жұмыс кепілі, жеке және отбасылық өмір, еңбек жағдайлары және статус. Еңбек
себептеріне зерттеу жүргізе отырып, Ф. Херцберг адамдардың жұмысымен
қанағаттанбаған кездерінде орта туралы, ал қанағаттанған кезде жұмыстың
өзін айтатынын байқаған. Бұдан әр индивид бір ғана қажеттілік жүйесін емес,
бір-бірінен сапа жағынан ерекшеленетін, бір-бірінен тәуелсіз және адам
тәртібіне әрқйлы ықпал ететін екі жүйесі бар деген нәтижеге келді.
Бірінші топ – гигиеналық факторлар. Олар еңбектің және болмыстың жағымды
жағдайларын, еңбектің және еңбек режимінің ретті ұйымдасуын, жұмыскерлерді
түрлі жеңілдіктермен және тұрақпен қамтамасыз етуде қолданылады. Қарқынды
²гигиеналық² еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар өндіріснің түрлері мен үлгілері
Құн заңы - тауар өндірісінің заңы
Өндірістің экономикалық мәні
Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі ерекшеліктері мен түрлері
Өнеркәсіптік революция және индустриялық даму
Экономикадағы құн формасы
Өнеркәсіптік революция және индустриялық дамудың басы
Қылмыстық іс жүргізу заңы, ізгілік және тергеу тактикасы
ЖШС Бірлес-Көкше кәсіпорын шаруашалығының талдауы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарын жетілдіру мәселелері
Пәндер