Халықты әлеуметтік қорғау туралы



Кіріспе
1. Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы, қағидалары мен атқаратын қызметі
2. Халықты әлеуметтік қорғаудың шетелдік модельдері
Қорытынды
Қолданылған Әдебиеттер тізімі
Нарықтық экономика механизмдерін қалыптастыру мәселелерінің арасында халықтың белгілі бір топтарын әлеуметтік қорғаудың сенімді және тиімді жүйесін жасау шаралары аса маңызды орындардың бірінде тұр, өйткені әлеметтік “беріктік” резервінің шексіз болуы мүмкін емес. Әңгіме халықты әлеуметтік қорғаудың және халыққа кепілдік берудің қазіргі механизмдерімен салыстырғанда принципті жаңа механизмдері жайында болып отыр. Барлық деңгейлерде: республикалық, аймақтық, еңбек ұжымдары мен жеке адам деңгейінде әлеуметтік кепілдіктердің принципті жаңа жүйесін қалыптастыру қажет. Бұл жағдайда әлеуметтік қорғау шараларының жүйелігі мен кешендігі ерекше маңызды.
Нарыққа өту жағдайларында халықтың әлеуметтік қорғалуын қолдау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі қажет. Дұрыс қабылданған әлеуметтік саясат – тұрақтылықтың кепілі, ал саясат негізінде әлеуметтік қорғау жүйесі жатыр. Егер елімізде әлеуметтік тұрақтылық болмаса, халық өз тұрмысына риза болмай жиі-жиі ереуілденіп тұратын болса, сөйтіп әлеуметтік сілкіністердің еліне айналатын болсақ, басқа мәселелердің барлығы бос әңгіме болып қалмақ. Сондықтан қазіргі кезде Елбасының соңғы жолдауында Қазақстан әлеуметтік экономикаға нысандауы тиіс деп белгіледі. Сөйтіп, әлеуметтік қорғау нысаналы сипат алып, халықтың әлеуметтік-демографиялық және басқа да сипаттамалары бойынша өздерін жарамды тұрмыс деңгейімен қамтамасыз етуге қамтамасыз етуге кабілетсіз топтарына ғана бағытталуға тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, таңдалған бітіру жұмыстың тақырыбы “Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі” бүгінгі күні өзекті болып табылатығына күмән жоқ.
Әлеуметтік қорғау нысаналы сипат алып, халықтың әлеуметтік-демографиялық және басқа да сипаттамалары бойынша өздерін жарамды тұрмыс деңгейімен қамтамасыз етуге қабілетсіз топтарына ғана бағытталуға тиіс.
1. Карибжанов А.С. Социальная защита населения.– Алматы: “Экономика”, 1999 год, 455 с.
2. Назарбаев Н.А. 2003 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы//Егемен Қазақстан. – 2002 жыл, 30 сәуір.
3. Алимбаев А.А., Алпысбаев С.Н., Ниязбекова Р.К. и др. Формирование модели социально ориентированной экономики в Казахстане (региональный аспект).– Караганда: ПК Алем. – 2001 г.
4. Экономикалық теория негіздері. Оқулық.–Алматы, 1998ж. Авторлар ұжымы.
5. Бабакумаров А.Г. Социальная политика государства. – Алматы, 1999 год.
6. Пемехонов Ю. Социальная защита населения в условиях рыночной экономики//Проблемы теории и практики управления. –№3.– 1993 год, 4 с.
7. Алимбаев А.А. Государственое регулирование экономики – Алматы, 1999 год.
8. Парамонов В.В. Экономика Казахстана. Алматы. – 2000 г. –98 б.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы, қағидалары мен атқаратын
қызметі
2. Халықты әлеуметтік қорғаудың шетелдік модельдері
Қорытынды
Қолданылған Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика механизмдерін қалыптастыру мәселелерінің арасында
халықтың белгілі бір топтарын әлеуметтік қорғаудың сенімді және тиімді
жүйесін жасау шаралары аса маңызды орындардың бірінде тұр, өйткені
әлеметтік “беріктік” резервінің шексіз болуы мүмкін емес. Әңгіме халықты
әлеуметтік қорғаудың және халыққа кепілдік берудің қазіргі механизмдерімен
салыстырғанда принципті жаңа механизмдері жайында болып отыр. Барлық
деңгейлерде: республикалық, аймақтық, еңбек ұжымдары мен жеке адам
деңгейінде әлеуметтік кепілдіктердің принципті жаңа жүйесін қалыптастыру
қажет. Бұл жағдайда әлеуметтік қорғау шараларының жүйелігі мен кешендігі
ерекше маңызды.
Нарыққа өту жағдайларында халықтың әлеуметтік қорғалуын қолдау мен
нығайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі қажет. Дұрыс қабылданған
әлеуметтік саясат – тұрақтылықтың кепілі, ал саясат негізінде әлеуметтік
қорғау жүйесі жатыр. Егер елімізде әлеуметтік тұрақтылық болмаса, халық өз
тұрмысына риза болмай жиі-жиі ереуілденіп тұратын болса, сөйтіп әлеуметтік
сілкіністердің еліне айналатын болсақ, басқа мәселелердің барлығы бос
әңгіме болып қалмақ. Сондықтан қазіргі кезде Елбасының соңғы жолдауында
Қазақстан әлеуметтік экономикаға нысандауы тиіс деп белгіледі. Сөйтіп,
әлеуметтік қорғау нысаналы сипат алып, халықтың әлеуметтік-демографиялық
және басқа да сипаттамалары бойынша өздерін жарамды тұрмыс деңгейімен
қамтамасыз етуге қамтамасыз етуге кабілетсіз топтарына ғана бағытталуға
тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, таңдалған бітіру жұмыстың
тақырыбы “Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі” бүгінгі күні
өзекті болып табылатығына күмән жоқ.
Әлеуметтік қорғау нысаналы сипат алып, халықтың әлеуметтік-
демографиялық және басқа да сипаттамалары бойынша өздерін жарамды тұрмыс
деңгейімен қамтамасыз етуге қабілетсіз топтарына ғана бағытталуға тиіс.

1. Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы,
қағидалары мен атқаратын қызметі

Әлеуметтік саясат негізінде тиімді әлеуметтік қорғау жүйесін құру
жатыр. Әртүрлі елдер мен халықаралық ұйымдарда “әлеуметтік қорғау” түсінігі
әртүрлі қарастырылады .
Өтпелі экономикалық елдерде “әлуметтік қорғаныс”термині жаңа болып
табылады.
Әлеуметтік қорғау – бұл қоласыз жағдайларда (кәрілік, мүгедектік,
денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) байланысты
экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты еңбек ақы төленетін
еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қаматамасыз ете алмайтын азаматтар
үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқатттың белгілі бір деңгейін
қаматамасыз етуге арналған.
Әлеуметтік қорғау жүйесі кең мағынада бұл құқықтық, әлеуметтік, саяси
және экономикалық кепілдеме. Ол кепілдеме тіршілік затын қамтамасыз етуге
арналған жағдайларды жасайды:
1) еңбекке қабілетті азаматтарға өз еңбек салымы есебінен, экономикалық
өзіндігі және кәсіпкерлігі есебінен;
2) әлеуметтік осал қатардағы азаматтарға мемлекет есебінен, бірақ
мемлекет қойған күнкөріс минимумынан төмен емес.
Әлеуметтік қорғау жүйесі тар мағынада – бұл нарық жағдайындағы халықтың
белгілі бір тобындағы қиыншылықтарды төмендетуге бағытталған реттегіш
мемлекеттік жүйе.
Қазақстан мүше болып табылатын халықаралық еңбек ұжымының анықтауы
бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
1) тұрақты ақылы еңбекке ынталандыру;
2) негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ондай туындаған жағдайда
әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айырылған
табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
3) халықты әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына
арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
4) азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен
қызметтерге қол жеткізуі 4, 89б.
Әлеуметтік қамтамасыз ету – халықтың әлеуметтік осал қатарына (мысалы,
зейнеткерлер, мүгедектер) қатысты мемлекеттің конституциялық борышы.
Әлеуметтік қамтамасыз ету “адам капиталына” әсер етеді. Бұл міндетті түрде
денсаулық сақтауда, өнімді азайтуда, денсаулық жағдайын қайта қарауда және
сонымен бірге жұмысқа қабілеттікті қайта қарауда байқалады. Сәтсіз
оқиғаларды алдын ала тоқтату шаралары осы іс-шарада маңызды фактор болып
табылады. әлеуметтік қаматамасыз ету сонымен бірге квалификацияға, жұмыспен
қамту деңгейіне және сәйкесінше жұмыссыздыққа әсерін тигізеді. Еңбек
нарығындағы жұмыспен қамту орталығына шақырып, жұмыс табуға жәрдемақы бері
арқылы жағдай жасайды.
Қазіргі кезде көптеген батыс елдерде мынадай ойлар жүріп жатыр:
әлеуметтік қамтамасыз ету шығындар еңбек факторын “өте қымбат” қылады. Олар
еңбекақы шығындарының бір бөлігі болып табылады, сонымен бірге бәсекеге
қабілеттілікті төмендетеді және жұмысбастылық саласындағы саясатқа әсер
етеді.
Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін белгілі әлеуметтік топтарды
экономикалық және әлеуметтік әрекетті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар
жиынтығы ретінде мінездеуге болады. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты
болып, зейнетақыны сақтандыру, ауырған кездегі сақтандыру, сәтсіз
оқиғаларадан сақтандыру және жұмыссыздықтан сақтандыру облысындағы
әлеуметтік қорғаудың негізгі блогы сияқты әлеуметтік қолдау болып табылады.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесі – әлеуметтік еңбек саласындағы реттеуші
механизмдерінің бастысының бірі. Ол үшін субъект байланысы арқылы
негізделген: жұмыс беруші – жұмысшы – мемлекет. Барлық әлеуметтік
сақтандыру жүйесінің басты проблемасы болып, оны қаржыландыру табылады. Тек
қана әлеуметтік сақтандырудың барлық түрлерін анықтау маңызды, жұмыс
берушінің, жұмысшының, мемлекеттің, сақтандырудың маңызды бөлігі болып
көрсетілген көмекті төлем есебінен қаржыландыру және төлем мен әлеуметтік
қызмет көлемінің арасындағы тығыз байланысы табылады. Көмек көлемі
сақтандырылған жеке адамның алдын ала салымын ыңғайланады.
Әлеуметтік көмек – тіршілік жағдайын қолдауда объектіге көмекті
қамтамасыз ету міндетін мемлекеттің мойындауы, ал керекті кезде жағдайды
дамытуда мемлекеттің мойындауы. Әлеуметтік көмек принципі бойынша
шаралар бюджеттен қаржыландыруы және алушының жеке қажеттілігіне
ыңғайлануды қалайды. Бұндай көмек көлемі алдын ала төленген төлемдерге
тәуелді емес. Бірақ көмек көрсету кезінде екі жағдай ескерілу керек.
Біріншіден, көмек алушы адамдар арасында өз белсенділігін көрсету керек.
Екіншіден, көмек көрсетудің басқа жолы қалмағанда әлеуметтік саясат іске
араласады. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде әлеуметтік қорғау жүйесінің
құрылымы ұсынылады (Сурет 1) 5, 53б..
Осылайша, әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы әлеуметтік қорғаудың
субъектілері мен объектілерін, құралдарын (ресурстар мен институттар),
механизмдерін және өмірлік стандарттар санынан тұрады. Белгілі тәуекелділік
санына сәйкес әлеуметтік қорғау құрылымы өзіне негізгі бағыттарды да
қосады.
Әлеуметтік қорғаудың нысандарын шартты түрде үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа ең төменгі табысы бар мұқтаж азаматтарға берілетін
әлеуметтік жәрдемақылар жатады.
Екінші топқа жұмыс қабілетін жоғалтқан жағдайға табыстың болмауы
есебінен берілетін жәрдемақылар. Бұл жағдайда табыстың қайта бөлінуінің
арғы жағында белгілі бір уақытта табыс пен әлеуметтік тәуекелдіктің бөлінуі
көрсетіледі. Адамның экономикалық белсенді өмірін алатын болсақ, онда
орташа әрбір жұмыспен қамтамасыз етілген азамат әлеуметтік қорғау жүйесіне
өз табысынан қанща төлем беріп отырса, сонша алатын болады.
Үшінші топқа жұмысқа қабілеті жоқ халық топтары жатады, олар негізінде
балалар мен зейнеткерлер, бұл жерде табыстар адамдардың өмір жасына
байланысты бөлінеді.
Әлеуметтік қорғау объектілері – республика халқы, әлеуметтік кластар,
әлеуметтік топтар, жеке азаматтар болып табылады.
Әлеуметтік қорғаудың негізгі субъектісі болып ғасыр бойында әр елде
мемлекет болып келеді, яғни әлеуметтік қорғау қызметінің орындалуын
қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар мен ұйымдар. Бірақ олармен бірге
қорғаудың активті субъектілері болып мемлекеттік емес ұйымдар, ұжымдар,
жанұялар (өзара көмек), және жеке тұлғалар (өзіндік көмек)табылады. Маңызды
рөль қайырымдылық жүйесі ойнайды.
Әлеуметтік қорғау құрылымдық компоненті болып берілген қоғамға тиісті
белгілі стандарттар табылады. Халықтың әртүрлі табысының минималды көлемін,
минималды еңбекақы, минималды зейнетақы, балаларға арналған негізгі
стандарттардың бірі болып минималды күнкөріс бюджеті, яғни “күнкөріс
минимумы” табылады.
Күнкөріс минимумы жұмысшылардың, зейнеткерлердің, балалардың
қажеттіліктерін минималды деңгейде қанағаттандыруды қамтамасыз ету үшін
азық-түліктерді заттай тауарларды және қызметтерді әлеуметтік ыңғайлы
бағаға алу мүмкіндігін анықтайды.
Әлеуметтік қорғаудың маңызды институты болып әлеуметтік қамтамасыз ету
жүйесі табылады. Ол әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмектесу
қағидаларына негізделеді. Әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттік, жеке,
фирмалық институт ретінде келеді. Халықты әлеуметтік қорғауда жұмыспен
қамту қызметтері, азаматтарды мамандық дайындау және қайта дайындау,
әлеуметтік көмектің мемлекеттік орталықтары маңызды рөльді ойнайды.
Әлеуметтік қорғау жүйесі белгілі бір қағидаларға негізделеді. Оларға
мыналар жатады:
1) Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі экономика және саясат арасындағы байланыс
қағидасы. Кедейлікпен күрестің қаруы болып тұтындың орташа деңгейін
көтеретін экономикалық өсу табылады. Саясатшылар кедейлерге әлеуметтік
көмекті көрсету шаралар жиынтығын анықтайды.
2) “Жалпы тәуекелділікті сақтандыру” қағидасын “ынтымақтастық
жауапкершілік” қағидасымен үйлестіру. Адамның қолынан келетіннің бәрін
қоғам орындамайды. әр адам өзі үшін өмір сүреді, бірақ әртүрлі жағдайдың
себебінен ол жеке тұлғаны сақтандыруда осы қағиданы ұстанады.
3) Әлеуметтік қорғау жүйесін құрудағы альтернативтілік қағидасы. Әлеуметтік
қорғау жүйесін құруда оның негізі болып табылатын: қаржыландыру, ұйымдық
құрылым, көлемі және формасы бір-бірімен тығыз байланыста, оларды жеке өз
алдына бөлуге болмайды.
4) Жалпы әлеуметтік кеңістік қағидасы. Мемлекет халықты әлеуметтік
қорғаудың жалпы стандарттарын құрады, еңбекақысы, зейнетақымен қамтамасыз
ету, жәрдемақы, стипендиямен, медициналық қызмет көрсету, біліммен
қамтамасыз ету саласында сәйкес құқықтық база құру арқылы минималды
кепілдеме береді.
5) Өкілдікке шек қою қағидасы. Әлеуметтік көмек мемлеккеттік, аймақтық,
жергілікті және кәсіпорын деңгейінде көрсетіледі.
6) Әлеуметтік көмек динамизациясы жағдайдың өзгеруімен байланысты жүру
қағидасы.
7) Өзін-өзі басқару қағидасы. Ол мемлекеттік басқармалардан өзін-өзі
басқару органдарын бөлуден тұрады. Ол әлеуметтік қорғау жұмысын толық
істелуін қамтамасыз етеді.
8) Сақтандыру қағидасы. Сақтандыру – халықты әлеуметтік қорғаудың ең тиімді
құралы. Адамдар көбіне ауру, жұмыссыздық, сәтсәз оқиғаларға көбіне алдын
ала дайын жүрмейді. Сол себептен адамдар сақтандыру қорына төлеп тұрады.
Сол арқылы төлем көлеміне байланысты әлеуметті көмек көрсетіледі.
9) Шығындарға қатысу қағидасы. Белгілі әлеуметтік бағдарламаларды
қаржыландыру азаматтардың өз қаржыларының қатысуы арқылы жүзеге асады.
10) Қамтамасыз ету қағидасы. Салық есебінен әлеуметтік көмекті
қаржыландыру.
11) Ескерту қағидасы. Апаттық әлеуметтік жағдайлардың болуын
ескерту7,63б.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің объектісі мен субектісі өзара атқаратын
қызметтері арқылы байланысқан. Егер әлеуметтік қорғау қызметтерін
қарастыратын болсақ, онда ол кең немесе тар мағынада қарастырылатынын
нақтылап алуымыз керек.
Кең мағынадағы әлеуметтік қорғау атқаратын қызметтері келесідей:
экономикалық, еңбектік, технологиялық.
Тар мағынадағы әлеуметтік қорғау келесі қызметтерді орындайды:
бағалық, орнын толтыру, жағдай жасау, бейімдеу.
Экономикалық қызмет халықтық өмірлік деңгейін көтеру үшін
экономикалық өсудің тұрақты тәсіліне бағытталған, өндіріс көлемінің өсуіне
бағытталған және еңбекақының өсуін қарастырады.
Әлеуметтік қызмет әлеуметтік қорғауда адамның өмірлік деңгейін және
жағдайын жақсартуға халықтың әлеуметтік осал топтарына өмір сүруіне
кепілдемені қамтамасыз етуге ыңғайландырады.
Ақпараттық қызмет азаматтарға Қазақстанның әлеуметтік экономикалық
жағдайы туралы толық ақпарат беру үшін кепілдеме жүйесін құруға
бағытталған.
Аналитикалық қызметі халықтық өмірлік деңгейін жүйелік талдауға
арналған.
Еңбектік қызмет. Әлеуметтік қорғау – бұл нақты мақсаты, заты және
еңбек құралы бар нағыз еңбек. Әлеуметтік қорғау қызметін орындайтын
әлеуметтік институттар жоғары квалификациядағы саясатшы, әлеуметші,
экономист, әлеуметтік психолог, менеджер сияқты еңбек ресурстарымен қамтылу
керек.
Технологиялық қызмет. Барлық еңбек сияқты әлеуметтік қорғау өзінің
технологиясы болуы керек. Ол белгілі этаптар мен операциялардан тұрады,
орындау спецификасы әлеуметтік жұмысшылар квалификациясы деңгеімен
анықталады.
Үлкен рөльді орнын толтыру қызметі ойнайды. Ол халыққа қалыптасқан
жағдайлардағы ауыртпалықты азайтуға жағдай жасайды.
Жағдай жасау барлық әлеуметтік топтарға өзінің экономикалық жағдайын
өздері басқаруға жағдай жасайды.
Бейімдеу қызметі әртүрлі категориядағы халықты жаңа қоғамға
бейімдеумен айналысады, біріншіден, балаларды, орта жастағы жұмысқа жарамды
адамдарды, жұмыссыздарды. Бұл қызмет білім институты, еңбек нарығы
инфраструктурасы, әлеуметтік-психологиялық орталықтар арқылы іске асады.

2.Халықты әлеуметтік қорғаудың шетелдік модельдері

Әлеуметтік қорғаудың дамыған жүйесі фундаментальді компания пен
нарықтық басқарудың сурапалық модемнің ерекшелігін көрсетеді. Керекті
инститтар демографиялық және экономикалық қозғамті резінде туындайтын
әлеуметтік шиеленісті басуда маңызды роль атқарады.
Бір қарағанда, Еуроодак елдерідегі әлеуметтік қорғаудың ұлттық
жүйесінде ұқсастықтарға қарағанда айырмашылықтары көбірек. Себебі, әр
мемлекет әлеуметтік саясатты қалыптастыруда өзі таңдаған жолмен жүрді.
Әлеуметтік қорғаудың моделі әлеуметтік қамту бағдарламасының
қалыптасуы мен ұйымдар ұстанымын түсіндеру негізінде жасалған сурапалық
комиссияның 1995 ж есебіне қарағанда Еуроодақ елдерінде негізгі төрт
модель бар: континентальдық, англосаксондық, скандинавиялық және оңтүстік
еуропалық.
Бисмарктық деп аталатын континентальдық модель әлеуметтік қорғаудың
деңгейі мен кәсіби қызметтің ұзақтығының арасындағы байланысты анықтайды.
Қаштылғандардың төлемі есебінен қаржыланатын әлеуметтік сақтандың оның
негізі болып саналады. Бұл модельдің негізі принциптері XІX ғ. Германияда
қалыптасты. Канцлер О. Бисмарк кейіннен басқа индустриялды елдергі үлгі
болған сол кезеңдегі әлеуметтік қорғаудың прогрессивті негізін жасады.
Германияда күні бүгінге дейін қолданылтын әлеуметтік саласында үш саласы
сол кезде пайда болды. Олар қартықта, мүгедектікті және өндірістегі оқыс
жағдайлардан туындаған ауруларуын қамсыздандыру. Аталған модельдің негізгі
принциптері Австрия, Франция, Бенилюкс елдерінде де қолдыналады.
Оның негізгі принциптерінің бірі – жаодамалы жұмысшылар мен
кәсіпкерлер басқаратын фондтарын қадағалайтын кәсібге сақтандыру фондар
сақтандыру төлемдерін жүзеге асыратын жолақыдан алыналатын әлеуметтік
бөлуді шоғырландырады.
Бұндай сақтандыру жүйелерін мемлекет бюджеті қаржыландырмайды.
Әлеуметтік қамтудың бұл моделіне бюджеттің әмбебептығы уйкес келмейді.
Еуропа мемлекеттерінде қолданылатын бұл қорғау моделі бір ғана принципке
негізделмеген. Сондықтан ынтымақтастық әлеуметтік көмек беріледі.
Әлеуметтік сақтандырудың миндеттеріне қарамастан (Германияда ол
заңмен бекетілген) ол толық сақталмайды. Бұл жалақы деңгейнің өсуіне
байланысты болатын ерукті сақтандыру мен бөленген қаражаты
жүзеге асады.
Аталған модель негізінде сақтандыру салымдарының деңгейіне қарай
сақтандыруға бөленген сана (қаржы Анықталатын каммутативті әділдік принципі
жатыр. XІX ғ.а. Германияда пайда болғанда да осыған сәйкес болатын. Бүгінде
әлеуметтік көмек жүйесінің дамуы әлеуметтік қорғаудың фискалды қаржылануы
үлесінің өсуіне әкелді.
ФРГ-ның әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік сақтандыру айрықша
маңызға ие. Бұнда көптеген батыс Еуропа елдеріндегі сияқты әлеуметтік
сақтандыру міндетті және жеке сақтандыру жүйесіне бөлінеді. Оның негізгі
болыттары: медициналық және зейнеткерлік сақтандыру, мүлдектік, жұмыссыздық
сәтсіз оқиғалардан сақтандыру. Неміс зерттеу еңбектерінде әлеуметтік қорғау
жүйесінің негізгі принциптері ретінде мыналарды атайды.
1) Сақтандыру қағидасы. Аталған көмекті қаржыландыру сақтандыру ұйвшы
мүшелерінің төлемдері есібінен жүзеге асады. Жеке салымдар негізінде
әлеуметтік көмек ретінде беріледі. Жаласының белгілі бір мөлшерін
сақтандыру фондына берген адамның бұрынғы жалақының көлеміне сай көмек
алуға құқығы бар. Әлеуметтік сақтандыру принципі эквиваленттілік ережесімен
қатар бөлудің элементтері де кіреді.
2) Қамтамасыз ету қағидасы. Әлеуметтік көмек бұрынғы салымдарына
қарамастан беріледі және бюджетке түсетін салық есебінен жүзеге асады. Бұл
принцип бойынша әлеуметтік көмек алатындар бұрын ешқандай салым
төлемегендер, бірақ мемлекет алдындағы еңбектері үшін осындай құқыққа ие.
Бюджет есебінен қаржыландыру бюджет жағдайы мен экономиканың тиімділігіне
тікелеі байланысты. Бұл принципті сақтандыру принципін қолдануға болмайтын
кезде жүзеге асыру керек.
3) Қамқарлық қағидасы. Әлеуметтік көмекті әрбір қажет адам қиын
жағдайдан шығу үщін өзіне керекті көлемде алады. Қамтамасыз ету принципі
сияқты бұл да мемлекеттік бюджет жағдайына тікелей байланысты. Қамкорлық
принципі ФРГ экономикасындағы әлеуметтік қамту жүйесінің ажыпамас бөлігі.
Себебі сақтандыру және қамтамысыз ету принципі барлық қауіпті қашта
алмайды.
ФРГ-дағы әлеуметтік қорғау жүйесі өзін өзі басқару принципіне
негізделген. Бірақ мемлекеттің сақтандыру ұйымдары жұмысына араласуына
кедергі келтірмейді. Мемлекет әлеуметтік қорғау ұйымдарының заңды сақтауын
қадағалайды.
100 жылдан астам уақыт өмір сүріп келе жатқан Германиядағы өзін-өзі
басқару негізіндегі сақтандыру ұйымдары сақтандырушы мен сақтанушы
байланысын жақындата түсүге септігінтігізеді өзін-өзі басқару принципі
әлеуметтік тұрақтылықтық нығанына және әлеуметтік серіктестікті қолдауға
негіз болады.
Германиядағы әлеуметтік қорғау мекемелері қоғамдық ұйымдар статусына
ие. Бұл неміс зерттеушілерінің пікірінше, барлық әлеуметтік топтардың
мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Өзін-өзі басқару органдар
демократиялық принципте екі жақтың тығыз қарымқатынас орнатуына жағдай
жасайды. Бұндай ұйымдық құқықтық форма елдегі профсоюз қозғалысының
денгейіне байланысты тиімді болып отыр.
ФРГ-ғы әлеуметтік қорғау жүйесіне әлеуметтік сақтандыруды жүзеге
асыратын қарым-қатынас тән. Зейнеткерлікке және өндірістегі жағдайлардан
туындаған ауруларға байланысты қамтамасыз ету ұйымдары жұмыс істейді.
Жұмыссыздықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік әлеуметтік саясат
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық негіздері
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және кедейшілікті төмендету бағыттары
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету
Халықты әлеуметтік қорғау құрылымы
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету туралы
Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау туралы есеп айырысулар
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Халықты әлеуметтік қорғаудың ғылыми теориялық негіздері
Дағдарысқа қарсы басқаруда стратегияның мәні
Пәндер