Кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I. КӘСІПОРЫНДАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . . . 5
1. 1 Дағдарысқа қарсы басқару жағдайындағы қаржылық сауықтыру . . . 5
1. 2 Дәрменсіз кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруды бағалау әдістері . . . 9
II. КӘСІПОРЫНДАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУ
МҮМКІНДІКТЕРІН БАҒАЛАУ ШАРАЛАРЫН ТАЛДАУ . . . 18
2. 1 Дәрменсіз кәсіпорынның қаржылық қабілетсіздігін бағалау
шараларын талдау . . . 182. 2 Қаржылық сауықтыру жағдайында инвестициялық тартымдылық стратегиясын қалыптастыру . . . 25
IIІ. КӘСІПОРЫНДАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫ БАСҚАРУ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 31
3. 1 Дәрменсіз кәсіпорындарды қаржылық сауықтырудың басымдылықты
нысандары мен әдістері . . . 31
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 42
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикаға ауысу тәжірибесі ұлттық экономикалық жүйелердің күрделі қайта құрылуымен байланысты жүрді. Бұрынғы жүйенің көптеген қайшылықтары нарық заңдарына сәкей келмеді. Шаруашылық субъектілерінің орталықтандырылған жүйеден тәуелділігі экономикалық тұрғыдан негізсіз болды. Дәрменсіз кәсіпорындар нарық талаптарына сәйкес дербестікке қол жеткізе бастады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген /2, 5-6 б/. Осы орайда, өнеркәсіптің жоғары макроэкономикалық көрсеткіштері және Қазақстанның негізгі өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының қаржысының жағымды даму тенденциясы Бүкіләлемдік сауда ұйымына Қазақстанның кірігуі жағдайында импортты ауыстыратын және экспортқа бағытталған тауарлар мен қызметтердің жүзеге асырылуы үшін үлкен мүмкіндік береді.
Атап айтсақ, ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: «2000 жылға қарағанда ІЖӨ-ні сеслеу жөніндегі біздің міндетімізгі келесі жылы-ақ қол жеткізуге әбден болады. Бұл - тар өрісті мақсат емес, экономикалық өсудің жай нанымды көрсеткіші де емес, бұл - қазақстандықтардың өмірін жақсарта берудің біздегі нақты мүмкіндіктері», - деген сөздері астарлы саясаттың діңгегі екені көрініп-ақ тұр. Себебі, әлеуметтік жағдайы түзелмеген халықтың елбасына да, оның саясатына да сенімі болмайтыны белгілі. Ал, Қазақстанның қазіргі жағдайы атап кеткеніміздей, бұл аталған істердің тар өрісті мақсаты еместігін айғақтайды. Сондықтан, әлеуметтік-экономикалық іргесі нық қаланған қазіргі Қазақстан болашақтағы зайырлы, өркениетті, халқымыздың рухани, материалдық құндылықтарын толық сақтайтын қоғам құруға негіз бола алатындығын Елбасы сөздерінен байқаймыз.
Қазақстан өзінің даму стратегиясын өтпелі кезеңдегі ауыр өзгерістерден аман алып шығып, болашаққа жаңа қарқынмен аяқ басу жолында. Бірақ, оның барлығы оңайлықпен келетін шаруа емес. Көптеген кәсіпорындар дұрыс ұйымдастырылмаған менеджменттің салдарынан нарық заңдарына төтеп бере алмай, бұрынғы стереотипті ұстанып экономикалық дағдарыстарға ұшырауда. Дағдарыстың негізі қаржылық тұрақтылықтың болмауы. Басқару менеджменті жоқ кәсіпорындарда “төлемқабілетсіздік” ұғымдары кеңінен пайдаланылатын болды.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстандық автор Жүйріков К. К. бойынша кәсіпорын қаржылық жағдайының өзгерісінің күрделі себептерін анықтау үшін кәсіпорын қызметінің барлық жақтарын сипаттайтын көптеген көрсеткіштерді зерттеу қажет /3, 3-5 б/. Себебі кәсіпорынның тұрықты қаржылық жағдайы - оның үздіксіз және тиімді қызметінің басты шарты болып табылады. Оған жету үшін субъектінің тұрақты төлемқабілеттілігін, баланс өтімділігін, қаржылық тәуелсіздігін және шаруашылықтың жоғары табыстылығын қамтамасыз ету қажет. Дәрменсіз кәсіпорын қаржылық тұрақтылығын кешенді талдау жеке көрсеткіштерді басқару үшін және сәйкесінше, қаржылық климаттың жақсаруына олардың әсерінің күшеуі үшін нақты алғышарттарды туғызады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері . Дәрменсіз кәсіпорынды қаржылық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік базасы мен негізгі нышандарын айқындау курстық жұмыстың мақсаты және де осы тақырыпқа сәйкес бірнеше міндеттер алға қойылып отыр:
- кәсіпорынды қаржылық сауықтыру мәселесінің ғылыми-теориялық негізін зерттеу және дағдарысқа қарсы басқару жағдайындағы ксәіпорынды қаржылық сауықтыруды бағалау әдістерін салыстыру;
- шаруашылық субъектілерін қаржылық сауықтыру жұмыстарын жүргізудің шетелдік тәжірибесін зерттеу;
- нақты субъекті мысалында қаржылық сауықтыру мүмкіндіктерін бағалау шараларын талдау және кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруды басқару жұмыстарының басымдылықтары мен жетілдіру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы үш тараудан тұрады.
Бірінші, «Дәрменсіз кәсіпорындарды қаржылық сауықтырудың теориялық-тәжірибелік негіздері» тарауында зерттеу проблемасының негізінен ғылыми-теориялық астары талқыланды.
Екінші, «Дәрменсіз кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру мүмкіндіктерін бағалау шараларын талдау» тарауы да үш бөлімнен (Дәрменсіз кәсіпорынның қаржылық қабілетсіздігін бағалау шараларын талдау; Қаржылық сауықтыру жағдайында инвестициялық тартымдылық стратегиясын қалыптастыру) тұрады. Бұл тарауда, жұмыс зерттеу объектісімен тікелей байланыстырыла жасалды. Дәрменсіз кәсіпорынның тарихынан басталып, оның басқарушылық құрылымдары зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, зерттеу объектісі - «Көктас» АҚ, барлық дерлік отандық кәсіпорындардай өтпелі кезеңдерде ауыр кездерді басынан өткерді. Сондықтан, негізгі зерттеу кезең ретінде 1993-1995 жж. алынды. Дәл осы жылдар кәсіпорын үшін ең дағдарысты жылдар болды.
Үшінші тарау, «Дәрменсіз кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруды басқару басымдылықтары мен жетілдіру жолдары» деп аталып, екі бөлімді (Дәрменсіз кәсіпорындарды қаржылық сауықтырудың басымдылықты нысандары мен әдістері) құрады.
I. КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Дәрменсіз кәсіпорынды қаржылық сауықтыру - кәсіпорындарды трансформациялау мен оның басқаруды жақсартуға бағытталған принциптерін өзгерту, өндірістің тиімділігі мен шығарылатын өнімнің бәсекеқабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс шығындарын төмендету, мемлекеттік қолдау, қаржылық сауықтыру жоспарларын даярлау мен дағдарысқа қарсы кампаниялар ұйымдастыру іс-әрекеттері арқылы кәсіпорынның қаржы-экономикалық нәтижелерін жетілдіру.
Нарықтық экономиканың салыстырмалы түрде алғанда «терең бойлаған» бүгінгі күнгі тәжірибе кәсіпорындар мен компаниялардың дағдарыстан шығу және ұзақ уақыт бойына бәсекелестікті сақтау үшін жан-жақты қойылатын талаптарды есепке ала отырып, өз жұмысын үнемі түзетіп отыруы бизнесті жүргізуде дағдыға айналған бірден-бір құбылыс болып отыр. Өйткені, бизнес жүргізудің жаңа шарттары өзгерістерге ұдайы дайын болуды қажет етеді.
Ұйымның сыртқы ортасы тез және күтпеген жағынан өзгеріп отыр. Бірақ әрбір өзгеріс тек қана қауіп емес, болашақ бизнес-табысқа қол жеткізу үшін жаңа қосымша мүмкіндіктер туғызады. Ұйым өз бизнесінің құрылымының дұрыс және жаңаша түрленіуіне қабілетті болуына ұдайы баламалы стратегиялық және оперативті өзгерістер жасауы тиіс /6, 12 б. /
Шаруашылық жүргізу жағдайының түбегейлі өзгеруі отандық кәсіпорындардың көпшілігінде қаржылық сауықтыру қажеттілігін, жұмыс жүргізудегі әміршіл-әкімшілік әдістерден жаңа нарықтық әдістерге ауысу қажеттігін көрсетті. Өйткені бұрынғы жүйенің кейбір ретсіз ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің салдарынан экономиканың барлық дерлік салаларында терең бойлаған дағдарысты жағдай орнықты.
Белсенді стратегия шеңберінде кәсіпорынды қаржылай сауықтырудың негізгі мақсаты - маркетинг өткізу жөніндегі шараларды қамтамасыз етуде өткізудің жаңа нарығын игеру. Өткізудің жаңа нарығын игеруді жүзеге асыру дәстүрлі өнімді жаңа аумақтық нарыққа шығару есебінен, сонымен бірге жаңа өнімді өнімдік нарыққа шығару үшін игеру жолымен де жүзеге асырылады. Бұл екі бағыт та шығарылатын өнімнің сапасын көтеру және технологиялық қайта жабдықтау негізінде ресурс сыйымдылығын түсіру мақсаттарын шешуге әкеледі.
Белсенді стратегияны таратуды қамтамасыз етуші реформалаудың маңызды бағыты жеткізушіні ауыстыру болып табылады. Бұл бір жағынан, дәстүрлі өнімнің сапасына, соның ішінде жинақтаушы материалдар мен шикізаттың сапасына талаптың өсуінің, жаңа өнім өндірісін игеру мен пайдасыз өнім өндірісін тоқтатудың, ал екінші жағынан өндірістегі энергия сыйымдылығы мен ресурс сыйымдылығын түсіру шараларын өткізудің салдары. /6, 19 б. /
Макроәлем параметрлерінің үнемі өзгеруі жағдайындағы дағдарыстың туындау ықтималдығы ұлғайған кезде дағдарыстық жағдайлардың, оның себептерін, алдын алу мүмкіндіктерін, басқару ерекшеліктерін зерттеу маңыздылығы артады.
Дағдарыс ұғымын анықтау тұрғысынан қарағанда (кәсіпорын деңгейінде) екі көзқарас бөліп көрсетіледі. Кейбір мамандар оны «дағдарысты», бірақ кәсіпорын үшін күтпеген құбылыс деп санайды. Оның алдын алу үшін кәсіпорындар дағдарыс белгілерінің ізін басу жүйесін қалыптастырулары қажет. Ал, егерде дағдарыс келсе, басқарудың бастапқы шараларының бірі оның ұйым ішіне таралмауын шектеу. Басқа мамандар дағдарысты, уақыттық және кеңістік дәрежелерге созылатын салдары бар процесс деп санайды. Олар дағдарыстық процесті төрт фазаға бөледі: дағдарыстың алғышарттарының пайда болуы (кішігірім қателер мен ұйым қызметтерінің бұзылуы) ; көптеген факторлардың өзара араласуымен туындаған негізгі құбылыс; дағдарыстың таратылуы; дағдарыстың шешілуі /6, 12 б. /
Өйткені, көптеген ғылыми түпнұсқаларда көрсетіліп жүргендей дағдарысқа қарсы менеджмент - бұл, ең алдымен, кәсіпорынның бәсекеқабілетті жағдайын сақтауы мен ірілетуі, банкроттықты болдырмау немесе төлемқабілетсіздік жағдайда қабілеттілікті қайтару, оны жұмыс жасайтын халге жеткізу.
Кез келген өнімнің (қызметтің) өзіндік өмірлік циклы болады. Оның шектеулі мүмкіндіктері, бастапқы мүмкіндіктерін белгілі бір уақыт аралығында сақтап тұрып болашақтағы дамуы осы циклда айқындалған. Кезекті бәсекеқабілетті артықшылықтың пайда болуы белгілі бір уақытқа дейін кәсіпорынның өміршеңдігін нығайтады. Бұл, бәсекеқабілетті артықшылықтың әлсірей бастаған кезін уақытылы анықтап, оның алдын алуға байланысты дұрыс шешімдер қабылданған кезде жемісті болады.
Белгілі бір уақыт кәсіпорын пайдамен де, пайдасыз да жұмыс жасауы мүмкін. Бірақ бұлар кәсіпорынның негізгі мәнін тайдырмайтын қысқамерзімді эпизодтық жағдайлар болып саналады. Ал, егерде кәсіпорын жалпы алғанда тиімсіз жұмыс жасайтын болса, экономикалық дағдарыс созылмалы ұзақмерзімді сипатталады және оның салдары кәсіпорынды жабуға, тіптен кредиторлармен есептесу үшін мүлкін сатуға әкеледі.
Сондықтан, дағдарысты жағдайлар кәсіпорынның өмірлік циклының кез-келген уақытында туындауы мүмкін және осыны шаруашылық субъектілерінің нарық жағдайында өмір сүру ерекшелігі болып табылады. Дағдарыстың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады: стратегия дағдарысы; қызмет нәтижелерінің дағдарысы; өтімділік дағдарысы. Дағдарыс типтерін анықтау бастапқы шараларды қабылдауға, қайта құру әдістері мен бағыттарын айқындауға жағдай жасайды. Дағдарысты жағдайлардың уақытылы анықталмауы оларды болдырмау шараларын шектейді. Дағдарысқа қарсы басқарудың негізгі қызметтері: кәсәпорынды дағдарысты жағдайдан шығаруға бағытталған басқару; дағдарыс салдарында болатын шығындарды минимизациялау; дағдарысты жағдайларды ескертудің кешенді шараларын жүзеге асыру. Дәрменсіз кәсіпорындар өз бизнестерінің құрылымын дұрыс әрі уақтылы трансформациялай алу, және сәйкесінше стратегиялық немесе жедел түзетулерді үнемі жасай алу қабілетіне ие болулары тиіс. Белсенді стратегия аясында кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың маңызды шарттарының бірі - жаңа өткізу нарықтарын игеру. Бұны қамтамасыз етуде маркетинг жүргізу іс-шаралары қаралады. Дәстүрлі өнімдерді жаңа территориялық нарықтарға шығару есебінен, немесе жаңа нарықтарға басқа өнімдер шығару арқылы жаңа өткізу нарықтарын игеру шығарылатын өнімнің сапасын көтеру мен технологиялық қайтақарулану, жеткізушілерді ауыстыру негізінде ресурссыйымдылығын төмендету арқылы жүргізіледі.
Дағдарысты жағдайдан шығу жолдарын табудың бірдін-бір маңызды шарттарының бірі қаржылық сауықтырудың жоспарын дұрыс құру болып табылады. Өйткені, көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің дәлелдеуінше нарық жағдайында кәсіпорынды қаржылық сауықтыру іс-шараларының ішіндегі ең маңыздысы осы қаржылық тетік болып табылады екен.
Дәрменсіз кәсіпорынды қаржылық сауықтыру жоспарының мүмкін бағыттары мен варианттары жүйеленген түрде келесідей болуы мүмкін: /8, 118 б. /
- Ұйымдастыру стратегиясындағы өзгерістер.
Бизнес стратегиясының қайта құрылу варианттары:
Өсу стратегиясы.
- Интегрирленген өсу (сала ішінде жаңа құрылымдар қосу арқылы кеңею) - вертикальды интеграция: тікелей (сатушы-фирмаларды алу) ; қайыра (өткізуші-фирмаларды алу) ; горизонтальды интеграция (бақылауды күшейту немесе бәсекелес-фирмаларды алу) .
- Концентрацияланған өсу (дәстүрлі сала аясында нарықтың немесе өнімнің өзгертілуі) : нарықты жаулап алу (дәстүрлі нарықтардағы үлестің ұлғайтылуы) ; нрықты дамыту (бұрынғы өнімдерге жаңа нарықтар) ; өнімді дамыту (дәстүрлі нарықтағы жаңа өнім) .
- Диверсификацияланған өсу (саланың, нарықтың, өнімнің өзгеруі) : орталықтанған диверсификация (негізгі профильге сәйкес келетін жаңа өндірістер) ; горизонтальды диверсификация (дәстүрлі нарықтарға жаңа профильдік емес өнімдер) ; конгломераттық диверсификация (жаңа нарықтарға жаңа профильдік емес өнімдер) .
Бизнесті қысқарту стратегиясы: бөліну/бөлініп шығу (қайта құрылған компанияға акйиялардың бір бөлігін беру) : «жоғары» қайтақұрылымдау (әрқайсысы өз акцияларының белгілі-бір бөлігін беретіндей етіп бірнеше тәуелсіз компнаияларға ортақ аналық компанияның құрылуы) ; «төмен» қайтақұрылымдау (қызмет етіп тұрған компаниядан тәуелсіз дочерний кәсіпорынның бөлінуі) ; горизонталды қайтақұрылымдау (белгілі-бір сфераларға мамандаған фирмалар құру арқылы ұқсас компаниялардың бөлінуі) ; акциялардың бір бөлігін сату; деинвестициялау (құрылымдардың, бизнестің жекелеген сегментттерін сату) ; жою (түгелімен/жартылай) .
Сырттан басқару процедуралары аясындағы қайта өзгерулер («Банкроттық туралы» ҚР Заңы) : өндіріс профилінің қайта өзгертілуі; тиімсіз емес өндірстерді жабу; мүлітің бір бөлігін сату; кәсіпорынды (бизнесті) сату. /9, 5 б. /
Мұндай жағдайларда мүмкін шешімдер диапазоны едәуір тар, өйткені сырттан басқару жоспарын жүзеге асыру мен өңдеу бойынша іс-шаралар уақытпен («Қәбілетсіздік (банкроттық) туралы» заң бойынша максимум 18 ай) және құралдармен шектелген. Көп жағдайда бұл, шығындарды қысқартуға, рентабельді емес құрылымдар мен активтердің бөлінуіне негізделген қорғану стратегиясы.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес ұйымды-құқықтық құзырын айқындау: шаруашылық серіктестіктер; шектелген және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер; акционерлік қоғамдар; өндірістік кооперативтер; мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындар; коммерциялық емес ұйымдар.
Дәрменсіз кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың жоғарыда аталған бірнеше әдіс-тәсілдерін ескере кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін талдау сызбасы арқылы да түсіндіруге болады (Сурет-1) .
Сурет-1 Дәрменсіз кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін талдау сызбасы
Барлық дерлік экономикалық әдебиеттерде, кәсіпорынды қаржылық сауықтыру - кәсіпорындарды трансформациялау мен оның басқаруды жақсартуға бағытталған принциптерін өзгерту, өндірістің тиімділігі мен шығарылатын өнімнің бәсекеқабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс шығындарын төмендету, мемлекеттік қолдау, қаржылық сауықтыру жоспарларын даярлау мен жүзеге асыру, дағдарысты кәсіпорындарға инвестициялық ресурстар тарту, реабилитациялық процедуралармен жалғасқан инфрақұрылымдар (сақтандыру, лизингтік, субконтрактылық немесе т. б. ) мен дағдарысқа қарсы кампаниялар ұйымдастыру іс-әрекеттері арқылы кәсіпорынның қаржы-экономикалық нәтижелерін жетілдіру.
Дәрменсіз кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі мақсаты, өнеркәсіптің өндірістік-технологиялық құрылымының кәсіпорынның пайдалы жұмыс жасауына қол жеткізілуі жағдайындағы нарықтық төлемқабілетті сұранысқа сәйкестендірірілуін қамтамасыз ету болып табылады.
Дағдарысты жағдайда кәсіпорын менеджерлерінің алдында мына негізгі міндеттер тұрады:
- істің нақты жағдайын дұрыс бағалау;
- мәселенің себебін анықтау;
- дағдарысты жағдайдан шығудың оптималды жолдарын табу.
Дәрменсіз кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың жоспары - бұл белгілі бір уақыт аралығында дағдарысты ксәіпорынды сотқа жүгінбейтін ретте сауықтыру шараларының кешенді жоспары. Оның құрамында: кәсіпорынның өзі даярлаған немесе құрылтайшылар мен меншік иелеренің мүмкін қатынасуы консалтингтік компания немесе арнайы эксперттік топ даярлаған шаралар болады. Бұл шаралар сотқа жүгінбей қаржылық сауықтыру бойынша сұрақтарды шешумен айналысатын құзырлы ұйымдарда бектіледі және трансформациялау (қайта құру) тәсілдері мен дағдарысты кәсіпорынды дамыту мақсатында оның бизнесін қолдау, оның нарықтағы тұрақты бәсекеқабілеттілік жағдайы мен қаржылық тұрақтылық деңгейін және тиімді шаруашылық жүргізу мен кредиторлар талаптарын толық қанағаттандыруға, қажет болса, қарызды өтеу/төлеу бойынша бекітілген кестеге сәйкес көлемдегі құралдармен қамтамасыз етуге бағытталауы тиіс.
1. 2 Дәрменсіз кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруды бағалау әдістері
Алдыңғы бөлімде атап кеткеніміздей дағдарысқа қарсы менеджмент жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі кәсіпорынның қаржылық жағдайына диагностика жасау, болғалы тұрған дағдарысты жағдайлардың алдын алу мен уақытылы жою болып табылады. Уақытылы және сапалы жүргізілген диагностика мен профилактикалық жұмыстар - жалпы алғанда кәсіпорынды, жекелей алғанда дағдарысты басқарудың ең басты міндеті. Диагностика жасау бойынша жұмыстар бірнеше кезеңдерден тұрады, негізгілері: /10, 331 б. /
- қаржылық жағдайды талдау, нарықтық жағдаятты дамытуды болжау;
- дағдарысты жағдайлардың дамуына себепші болатын негізгі факторлар мен себептерді дер кезінде айқындау;
- кәсіпорынның бұрын байқалмаған сәтсіздіктерге ұшырау қауіптерін айқындай білу.
Ұйымның активтері айналымдағы және айналымнан тыс болып бөлінеді. Сондықтан, активтердің мейлінше жалпылама құрылымын айналымдағы және айналымнан тыс активтер қатынасының коэфициенті сипаттайды:
(1)
Бұл көрсеткіштің мәні талданатын ұйым құралдарының салалық ерекшеліктерімен шартталған. Активтер құрылымын ішкі талдау барысында есепті кезеңдегі коэфициенттің кенеттен өзгеру (егер ондай құбылыс байқалса) себептерін анықтау қажет. /12, 88 б. /
Ұйымның пассивтері (яғни, оның активтерінің қаржыландырылу көздері) өз капиталы мен резервтерінен, ұзақ мерзімді заемдық құралдардан, қысқа мерзімдік заемдық құралдар мен кредиторлық қарыздардан тұрады. Жалпы алғанда, құралдардың қайнар көзін өзіндік және заемдық (бұған кредиторлық қарыздарды да қосып) деп бөлуге болады. Пассивтер құрылымын, кәсіпорын құралдарының қайнар көздерінің жалпы мөлшеріндегі өз құралдарының үлесіне тең автономдық коэфициенті сипаттайды. /12, 93 б. /
(2)
Көрсетілген коэфициенттерді есептеген кезде, акционерлік қоғамдар үшін таза активтер мөлшеріне сәйкес келетін нақты жеке капиталды алуымыз керек. Таза активтер мөлшері ҚР қаржы министрлігінің және бағалы қағаздар бойынша мемлекеттік комиссия бұйрығына сәйкес анықталады.
Коэфициенттер үшін қалыпты шектеулер:
,
, ұйымдардың міндеттемелері жеке құралдармен жабылуы тиіс дегенді білідіреді. Қаржылық тәуелсіздікті білдіретін автономдық коэфициенттің өсуі және қаржылық тәуелділіктің төмендегенін суреттейтін жеке құралдар мен заемдық құралдар қатынасының кофициентінің азаюы оң бағаланады. /11, 3 б. /
«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына сәйкес (35 бап) акционерлік қоғамдардың қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін шешуші роль таза активтер көрсеткішінде болады. Ол, есептесуге алынатын активтер суммасы мен есептесуге алынатын міндеттемелер суммаларының айырмашылығы түрінде анықталады. /7, 119 б. /
Көрсетілген алгоритм бойынша есептелген таза активтер акционерлік қоғамдар үшін, заңды тұлғалар мен басқа да ұйымдық-құқықтық формаларда қолданылатын нақты жеке капитал көрсеткішіне сәйкес келеді.
«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35 бабы 4 пунктіне сәйкес, егер әрбір екінші және одан кейінгі қаржылық жылдарда қоғамның таза активтерінің құны оның жарғылық капиталынан аз болса, қоғам таза активтер құнынан асып кетпейтін мөлшерге дейін жарғылық капиталдың азайғандығын хабарлауы тиіс. Сондықтан, нақты жеке капитал мен жарғылық капиталдың айырмашылығы ұйымның қаржылық тұрақтылығын білдіретін бастапқы көрсеткіш болып табылады. Бұл көрсеткішті есептеу алгоритмін көрсетсек: /7, 3 б. /
= (нақты жеке капитал) - (жарғылық капитал) = (жарғылық капитал + қосылған капитал + резервтік капитал + қорлар + бөлінбеген пайда + болашақ кезеңдер табыстары - шығындар - акционерлерден сатып алынған жеке акциялар, - жарғылық капиталға салымдар бойынша қатысушылардың (құрылтайшылардың) қарыздары) - (жарғылық капитал) = (қосылған капитал) + (резервтік капитал) + (жинақтау, тұтыну, әлеуметтік сфера қорлары) + (бөлінбеген пайда) + (болашақ кезеңдер табыстары) - (шығындар) - (акционерлерден сатып алынған жеке акциялар) - (жарғылық капиталға салымдар бойынша қатысушылардың (құрылтайшылардың) қарыздары) . /13, 11 б. /
Көрсетілген сипаттамалардың оң қосылғыштарын шартты түрде ұйым құрылғаннан кейінгі жеке капиталдың өсуі деп, ал теріс қосылғыштарды - жеке капиталдың алшақтатылуы деп атауға болады. Егер жеке капиталдың өсуі оның алшақтауынан артық (немесе оған тең) болса, онда нақты жеке капитал мен жарғылық капиталдың айырмашылығы оң (немесе, ең болмағанда теріс емес) және сәйкесінше ұйымның қаржылық тұрақтылығының минималды шарты орындалады. Егер, жеке капиталдың өсуі оның алшақтауынан кем болса, онда нақты жеке капитал мен жарғылық капитал айырмашылығы теріс болады, сондықтан да ұйымның қаржылық жағдайынтұрақсыз деп бағалауға тура келеді.
Жеке капиталдың болуы мен жеткіліктілігін талдағаннан кейінгі келесі міндет запастар қалыптасуының қайнар көздерінің болуы мен жеткіліктілігін талдау болып табылады.
Запастар құнының қатынасы мен жеке және заемдық мөлшерлердің қайнар көздері мен қалыптасуы - кәсіпорынның нақты жеке капиталы мен жарғылық қорының қатынасын анықтау сияқты қаржылық тұрақтылығының бірден-бір маңызды факторлары болып саналады. Қалыптасу қайнар көздерімен запастардың қамтамасыз етілу дәрежесі ұйымның қандай болмасын ағымдық төлемқабілеттілігінің (қабілетсіздігінің) себебі болып есептеледі. /14, 53 б. /
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz