Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық моделі



КІРІСПЕ
3
1 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН.ӨЗІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.1 Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру жергілікті өзін.өзі басқаруды дамыту негізі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін.өзі басқару жүйесінің қалыптасуының теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... .
11
1.3 Жергілікті өзін.өзі басқаруды дамытудың шетелдік тәжірибесі.. 16
2 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН.ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ НЕГІЗДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ ... ... .
22
2.1 Жергілікті қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22
2.2 Алматы қаласы Алатау ауданындағы жергілікті өзін.өзі басқару жүйесінің қалыптасу барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
28
2.3 Жергілікті өзін.өзі басқарудың экономикалық негіздерін қалыптастырудағы мемлекет ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
36
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН.ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
43
3.1 Маслихаттардың рөлін көтеру жергілікті өзін.өзі басқару функцияларын тиімді орындау негізі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ...
43
3.2 Мемлекеттік билік органдарының жергілікті өзін.өзі басқару органдарымен өзара байланысын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ...
49
3.3 Жергілікті өзін.өзі басқару жүйесінің экономикалық моделі ... ... 56
ҚОРЫТЫНДЫ
64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
66
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Респкбликасындағы әкімшілік реформалардың басымдылықты бағыттары мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытумен барлық экономикалық жүйенің толық қызмет етуі, елдің тұрақты әлеуметтік – экономикалық жағдайы байланысты.
Кез-келген қазіргі заманғы демократиялық мемлекет тым болмаса жергілікті өзін-өзі басқару әдісіне кепілдік бермесе немесе оның бар екенін мойындамаса, экономикалық және әлеуметтік үдерістердің тиімді басқарылуын қамтамасыз ете алмайды. Себебі, басқару саласы аса күрделі және көпқырлы, сондықтан қоғамдық дамудың барлық мәселелерін тек орталықтан шешу қиындық туғызады. Сондықтан, басқару қызметінің тиімділігін арттыру үшін өкілеттіліктің бір бөлігін тұрғындардың ортақ мүддесі тұрғысынан алып қарағанда оңтайлы нәтижеге қол жеткізеді деуге болатын басқару деңгейіне берген ұтымды және бұл нағыз демократияға жеткізер жолдың бірі.
Қазіргі уақытта белсенді түрде бірінші мәселе ретінде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері алға қойылып отыр. Жалпы, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін құру 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында қарастырылған. Онда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызмет ету қажеттілігі негізделіп, бекітілген өкілеттілік шеңберінде олардың дербестігіне кепілдік берілген. Содан бері қарай жергілікті өзін-өзі басқару элементтерін енгізу мен оның заңнамалық негізін жасауға көптеген талпыныстар жасалынды. Үкіметтің шешімімен 1996 жылы пәтер иелерінің кооперативі (КСК) құрылған болатын. Ауылдық аумақтарда өз бетінше тұтыну кооперативтері құрылды. Жергілікті мәселелерді шешудің келесі қадамы 2001 жылы экспериментті түрде ауыл әкімдерін және 2006 жылы аудан және облыстық мәндегі қала әкімдерін сайлау болып табылды.
Бүгінгі таңда бұл жағдай Елбасының елдің негізгі Заңына жаңартулар енгізуімен түбірінен қайта өзгерді. Қазақстан кең көлемді территорияны иеленеді, осыған байланысты еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының қалыптасуына, климаттық жағдайларына және т.б. негізделген әртүрлі экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Әсер ету механизмдерінің орталықтандырылған стандартты жинағымен басқара, жоғарыда аталған факторларды ескере, мемлекет еліміздің барлық аймақтарының қажеттіліктерін бірдей деңгейде оптималды қанағаттандыра алмайды. Осыған байланысты мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу қажеттігі туындайды.
Бүгінгі таңда әрекет ететін жергілікті мемлекеттік басқару – ауыл, ауылдық округтер, аудандық мәндегі қалалар деңгейіндегі әкімдер институты – жеткілікті тиімді емес, өйткені жоғарыда тұрған әкімдер мен үкіметке күшті тәуелділікте тұр. Берілген деңгейдің басқару органдары жеке бюджетке ие емес, нәтижесінде экономикалық дара қызмет етуге мүмкіндігі жоқ. Олардың басшыларын тағайындау жүйесі әкімдерде «уақытылы» психологиясын тудырады. Соған байланысты олардың қызметі негізінен халықтың мүддесін қанағаттандыру мен экономикалық жинақтылыққа емес, ал жоғары тұрған органдардың бұйрығын орындауға бағытталған. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу болып табылады.
1. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления: курс лекций - М.: Юрд. Лит, 1997. - 246 с.
2. Чиркин В.Е. Государственное управления. Элемент. курс. – М.: Юрист, 2001.- 320с.
3. Дауранов И.Н. Организация государственного управления. – Алматы, 1997. - 149с.
4. Децентрализация: эксперименты и реформы./ Под ред. Тамаша М.Хорвата. Органы местного самоуправления в Центральной Восточной Европы. Том 1.
5. Воронин А.Г., Лапин В.А., Широков А.Н. Основы управления муниципальным хозяйством. – Москва: изд. «Дело», 1998.
6. Шугрина Е.С. Муниципальное право. – М.: Изд. «Дело», 1999г.
7. Таранов А.А. Муниципальное право РК. – Алматы: изд. «Жеті жарғы», 1999г.
8. Децентрализация: эксперименты и реформы. Под редакцией Тамаша М.Хорвата. Органы местного самоуправления в Центральной и Восточной Европы. Том 1. Отпечатано в Будапеште, Венгрия, май, 2000г.
9. Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. Т.1. – Алматы. – 2001.
10. Местные самоуправление в зарубежных странах./ Под редакцией Н.П.Медведева. - Москва, 1994г.
11. Эффективность государственного управления: Пер. с англ. – М.- 1998.
12. Государственное регулирование рыночной экономики./ Под редакцией В.И. Кушлина. – Москва: Экономика, 2000г. - 238 с.

Мерзімді басылымдар:
13. Мухтарова К.С. Принципы и функции местного самоуправления Вестник КазНУ им. аль-Фараби. Серия экономическая. - № 5. - 2007. С. 76-83.
14. Кубаев К.Е. Формирование принципов и функций местного самоуправления в Республике Казахстан // Транзитная экономика. - 2002. – №4-5. – 15 бет
15. Альжани Ж.К. Некоторые подходы к определению понятий «децентрализация» и «местное самоуправление» // Казахстан-Спектр. Научный журнал. №1 (19), 2002 г. 31бет.
16. Мухтарова К.С. Развитие муниципальных территориальных сообществ Вестник КазНУ им. аль-Фараби. - Серия экономическая. - №1. - Алматы: Казак университетi, 2008
17. Кубаев К.Е. Формирование организационной структуры и экономического механизма местного самоуправления в Республике Казахстан// Саясат. - 2002. - №12. – 10 бет.
18. Жоламан. Децентрализация государственной финансовой системы РК как источник экономического роста.// Фонд Сорос – Қазақстан. – 2001. - №3.
19. Кулатаев Б. Муниципальные ценные бумаги: проблемы и механизмы разделения полномочий между центром и регионами //Транзитная экономика. - 2002. - №1.
20. Шыныбеков Д. Финансовая оценка бюджетных программ по развитию местного хозяйства регионов // Қаржы-қаражат. - 2002. - №3.
21. Махаммадов А. Некоторые проблемы формирования финансово-экономической основы местного самоуправления// Саясат. - 2004. - №6.
22. Магузумов Е. Децентрализация как важный фактор эффективности управления народным хозяйством// Саясат. - 2005. - №1
23. Кубаев К.Е. Экономическая власть и её реализация// Саясат. - 2005. - №3
24. Бурлаченко С. Эволюция структуры государственного бюджета Республики Казахстан// Саясат. - 2005. - №3
25. Мацупа Л. Маслихаты: региональный аспект// Мысль. - 2003. - №12
26. Джунусова М. Местное самоуправление в законодательстве РК// Мысль. - 2004. - №12
27. Бутаков Д.Д. Реформирования бюджетных систем: опыт восточной европы // Финансы. – 2005. - №9. - 54-55 с.
28. Арын Е. Децентрализация экономической власти в унитарном государстве// Мысль. - 2004. - №12
29. Мацупа Л. Местное самоуправление и маслихаты// Мысль. - 2005. - №1
30. Гахарманова Н. Ветви власти на древе государства// Мысль. - 2005. - №3
31. Кубаев К.Е. Механизм взаимодействия государственной власти и администрирования// Мысль. - 2005. - №5. с. 40
32. Шыныбеков Д. Финансовые основы местного хозяйства: взаимоотношения с республиканским бюджетом// Қаржы-каражат. - 2005. - №1. - 72 с.
33. Махмутова М. Организация местного управления и местных финансов// материалы семинара «Международный опыт в усилении местных органов управления». Public Information Center Collection. The World Bank, 18-20 мая 2004.
34. Шыныбеков Д. Насколько готовы региональные финансы к реформе в период глобализации: обзор стран Центральной Европы// Қаржы-каражат. - 2004. - №6. – 21 с.
35. Идимов К. Построение рациональной системы распределения расходов между уровнями бюджетной системы// Қаржы-каражат. - 2004. - №4. – 24 с.
36. Елубаева Ж. Концепция и основные подходы к децентрализации функций и полномочий между уровнями бюджетной системы// Қаржы-каражат. - 2004. - №3. – 36 с.
37. Шыныбеков Д. Совершенствование межбюджетных отношений в регионах Казахстана// Қаржы-каражат. - 2004. - №3. – 45 с.
38. Адасбаев Е, Кантарбаева А. Децентрализация государственного управления в Казахстане: проблемы и пути решения //Аль Пари. – 2000. - №3-4. – 27 с.
39. Кубаев К.Е. Формирование принципов и функций местного самоуправления в Республике Казахстан // Транзитная экономика. – 2002. - № 4-5.
Мақалалар мен мерзімді емес басылымдардың тізімі:
40. Стенограмма Общественного форума «Децентрализация и местное самоуправление в Республике Казахстан: выбор приоритетов». Public Policy Research Center. Сорос-Қазақстан-Қоры. 18.02.02. Алматы қ. бет
41. Мухтарова К.С. Муниципальная собственность как институциональный инструмент экономического регулирования хозяйства муниципальных образований Статья в сб. МНК "Иновационные процессы в экономике, бизнесе и образовании".- Алматы: UIB, 2007. C. 38.

Интернет сілтемелер:
42. www.akorda.kz. Н.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы. Астана, 2010
43. http://lib.4i5.ru/cu95.htm

Нормативтік-құқықтық актілер:
44. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР Заңы. 2001ж. 21 қаңтар. //ҚР Парламентінің жаршысы, 2001 ж., №3
45. Қазақстан Республикасының «ҚР-ның Конститутциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы// Егемен Қазақстан. – 21 мамыр. - 2007
46. Европейская Хартия о местном самоуправлении. Страсбург, 15 октября 1985 года // Материалы Общественного форума «Децентрализация и местное самоуправление в РК: выбор приоритетов». Стр 63-69.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті
Менеджмент және бизнес кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық моделі

Орындаған:
4 курс студенті __________________________ Мырзаев Н.

Ғылыми жетекшісі,
э.ғ.к., доцент __________________________
Өтепберген К.Е.

Норма бақылаушы _________________________ Барлыков Е.К.
э.ғ.к., аға оқытушы

Кафедра меңгерушісі
э.ғ.д., профессор __________________________ Мұхтарова
К.С.

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...5
... ...
1.1 Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру жергілікті өзін-өзі
басқаруды дамыту негізі ретінде 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
1.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесінің қалыптасуының теориялық 11
аспектілері ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың шетелдік тәжірибесі..16
2 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ НЕГІЗДЕРІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ ... ... . 22
2.1 Жергілікті қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.2 Алматы қаласы Алатау ауданындағы жергілікті өзін-өзі
басқару жүйесінің қалыптасу 28
барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін
қалыптастырудағы мемлекет 36
ролі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ
ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 43
3.1 Маслихаттардың рөлін көтеру жергілікті өзін-өзі басқару
функцияларын тиімді орындау негізі ретінде 43
... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Мемлекеттік билік органдарының жергілікті өзін-өзі басқару
органдарымен өзара байланысын жетілдіру 49
жолдары ... ... ... ... ...
3.3 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің экономикалық 56
моделі ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Респкбликасындағы әкімшілік
реформалардың басымдылықты бағыттары мемлекеттік басқаруды
орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру
болып табылады. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-
өзі басқаруды дамытумен барлық экономикалық жүйенің толық қызмет етуі,
елдің тұрақты әлеуметтік – экономикалық жағдайы байланысты.
Кез-келген қазіргі заманғы демократиялық мемлекет тым болмаса
жергілікті өзін-өзі басқару әдісіне кепілдік бермесе немесе оның бар екенін
мойындамаса, экономикалық және әлеуметтік үдерістердің тиімді басқарылуын
қамтамасыз ете алмайды. Себебі, басқару саласы аса күрделі және көпқырлы,
сондықтан қоғамдық дамудың барлық мәселелерін тек орталықтан шешу қиындық
туғызады. Сондықтан, басқару қызметінің тиімділігін арттыру үшін
өкілеттіліктің бір бөлігін тұрғындардың ортақ мүддесі тұрғысынан алып
қарағанда оңтайлы нәтижеге қол жеткізеді деуге болатын басқару деңгейіне
берген ұтымды және бұл нағыз демократияға жеткізер жолдың бірі.
Қазіргі уақытта белсенді түрде бірінші мәселе ретінде мемлекеттік
басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
мәселелері алға қойылып отыр. Жалпы, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін
құру 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында қарастырылған.
Онда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызмет ету қажеттілігі
негізделіп, бекітілген өкілеттілік шеңберінде олардың дербестігіне кепілдік
берілген. Содан бері қарай жергілікті өзін-өзі басқару элементтерін енгізу
мен оның заңнамалық негізін жасауға көптеген талпыныстар жасалынды.
Үкіметтің шешімімен 1996 жылы пәтер иелерінің кооперативі (КСК) құрылған
болатын. Ауылдық аумақтарда өз бетінше тұтыну кооперативтері құрылды.
Жергілікті мәселелерді шешудің келесі қадамы 2001 жылы экспериментті түрде
ауыл әкімдерін және 2006 жылы аудан және облыстық мәндегі қала әкімдерін
сайлау болып табылды.
Бүгінгі таңда бұл жағдай Елбасының елдің негізгі Заңына жаңартулар
енгізуімен түбірінен қайта өзгерді. Қазақстан кең көлемді территорияны
иеленеді, осыған байланысты еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының
қалыптасуына, климаттық жағдайларына және т.б. негізделген әртүрлі
экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық
және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Әсер ету механизмдерінің
орталықтандырылған стандартты жинағымен басқара, жоғарыда аталған
факторларды ескере, мемлекет еліміздің барлық аймақтарының қажеттіліктерін
бірдей деңгейде оптималды қанағаттандыра алмайды. Осыған байланысты
мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу қажеттігі
туындайды.
Бүгінгі таңда әрекет ететін жергілікті мемлекеттік басқару – ауыл,
ауылдық округтер, аудандық мәндегі қалалар деңгейіндегі әкімдер институты –
жеткілікті тиімді емес, өйткені жоғарыда тұрған әкімдер мен үкіметке күшті
тәуелділікте тұр. Берілген деңгейдің басқару органдары жеке бюджетке ие
емес, нәтижесінде экономикалық дара қызмет етуге мүмкіндігі жоқ. Олардың
басшыларын тағайындау жүйесі әкімдерде уақытылы психологиясын тудырады.
Соған байланысты олардың қызметі негізінен халықтың мүддесін қанағаттандыру
мен экономикалық жинақтылыққа емес, ал жоғары тұрған органдардың бұйрығын
орындауға бағытталған. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолы жергілікті өзін-өзі
басқару жүйесін енгізу болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесіне жаңа талаптар мемлекеттік
басқару жағдайын зерттеу, сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесі ретінде
ғана емес, сонымен бірге ҚР-дағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі ретінде
ғылыми негізделген үлгіні жасау қажеттігін негіздейді. Бұған байланысты
мемлекеттік басқаруды реформалау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
мәселелерін зерттеу облысындағы теориялық - әдістемелік және қолданбалы
зерттеулердің ролі өседі. Жоғарыда аталғандар дипломдық жұмыс тақырыбының
өзектілігін негіздейді.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытудың теориялық - әдістемелік және
ғылыми – тәжірибелік аспектілерін зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа сай жұмыста келесі негізгі міндеттер қойылды:
- мемлекеттік басқарудың қазіргі жағдайын талдау және мемлекеттік
биліктің барлық вертикалі бойынша туындап отырған мәселелерді анықтау;
- мемлекеттік билікті орталықсыздандыру қажеттігін және жергілікті өзін-
өзі басқару жүйесін енгізуді негіздеу;
- муниципалды басқаруды дамыту мәселелері бойынша экономикалық дмыған
елдердің тәжірибесін зерттеу;
- ҚР-дағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту тенденциялары мен
перспективаларын анықтау;
- Қазақстандық нақтылыққа сай жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің
ұйымдастырушылық үлгісін жасау;
- жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту жолдарын анықтау мақсатында
жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызмет етуінің қаржылық –
экономикалық негізін талдау;
- жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің экономикалық моделін жасау;
- мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
өзара әрекет ететін тиімді әдістерін анықтау.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытындылар мен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 68 бетте баяндалып, 6 кесте
мен 9 суретті қамтиды.

1 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН- ӨЗІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру жергілікті өзін-өзі
басқаруды дамыту негізі ретінде

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған 19 жыл ішінде экономиканы
дамыту және қоғамды демократиялауды нарықтық жолға қою бойынша реформалар
жүргізілді. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның алғашғы жылдарында
басымдылықты көңіл мемлекеттілікті бекіту, күшейтуге, халықаралық аренада
орын алуға, әлеуметтік-экономикалық сферда реформалар жүргізуге аударылды.
Дамудың қазіргі кезеңінде, яғни тәуелсіздіктің жалпы ұлттық негізі
құрастырылған кезде басымдылықты тапсырмалардың бірі жергілікті мемлекеттік
басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалау, яғни
мемлекетік басқаруды орталықсыздандыру болып табылады.
Соңғы оңдаған жылдар бойында ұдайы зерттеулер жүргізіліп, мемлекеттік
басқарудың нәтижелі модельдері мен құрылымдары іздестірілуде. Көптеген
елдерде жүргізілген эксперименттердің нәтижесінде халықты басқарудың
төмендегі деңгейлері бөліп көрсетіле бастады:
- мемлекеттік басқару (федералдық немесе республикалық
деңгейде);
- жергілікті мемлекеттік басқару (әкімшілік-аумақтық құрылымның
жоғары буындары деңгейінде);
- аумақтық өзін-өзі басқару (төменгі әкімшілік-аумақтық бөлініс
деңгейінде) [2].
Мемлекеттік басқаруды бұлай жіктеу ғаламдану жағдайында азаматтар мен
қоғам істерін жария басқару жүйесінің әлеуметтік нәтижелілігін арттыру, бұл
жүйеде демократияны тереңдету қажеттілігінен туындаған. Мемлекеттік
басқарудың жаңа тұжырымдамаларының авторлары мұндай құрылымды жаңа жағдайда
– ғаламдану жағдайында мемлекеттік басқарудың орталық органдары негізінен
елдің сыртқы байланыстарын реттеумен шұғылданып, сол арқылы мемлекеттік
басқарудың ішкі міндеттерін ойдағыдай орындау үшін қолайлы сыртқы жағдай
жасауға тиіс екендігімен ақтайды. Бұл деңгей сондай-ақ мемлекеттік басқару
жөніндегі заңдарды қалыптастырып, жетілдіру ісіне жәрдемдесуге, салалық
және басқа мемлекеттік бағдарламалар қабылдауға, ұлттық компанияларды және
негізгі мемлекеттік ресурстарды басқаруға және басқа перспективалық
мәселелерді шешуге тиіс.
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі – орталық пен әкімшілік аумақтар
арасында құзырлар ара жігін ажырату нәтижесі. Әдетте жергілікті мемлекеттік
басқару органдары мемлекеттік басқарудың орталық салалық органдарының
агенті ретінде қимылдап, қоғамдық стандартқа сәйкес халыққа іс жүзінде
барлық кызметті көрсетеді.
Жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде статистикалық есеп,
азаматтардың жекелеген категорияларына нақты көмек көрсету, ұйымдық-
реттеушілік, ұйымдық-рұқсатетушілік, ұйымдық-бақылаушылық процедуралар,
сондай-ақ әртүрлі субъектілердің әкімшілік және шаруашылық дауларын құқық
негізінде шешу жүзеге асырылады.
Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару 18 ғасырда пайда болды.
Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару, біріншіден, төте және өкілдікті
демократияның пошымы жеке бір әкімшілік ауқымында саяси құқықтармен
бостандықтарды іске асыру пошымы деп қарастырылады. Жергілікті өзін-өзі
басқару мемлекеттік басқарудың барлық буындарына азаматтардың қатысуын
жоққа шығармайтынын атап өту дұрыс. Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару
мемлекеттік басқаруды толықтыру құралы ретінде қажет, ол аумақ істерін
көпшілік болып басқару жүйесінде азаматтардың пікірі мен мүддесінің барынша
ескерілуін қамтамасыз етуге тиіс. ТМД Парламентаралық Ассамблеяның 1994
жылғы 29 қазанда қабылданған арнайы Декларациясында жергілікті өзін-өзі
басқару Достастық мемлекеттерінің мемлекеттік және қоғамдық өмірін
демократиялық жолмен ұйымдастырудың қажетті элементі болып табылады деп
көрсетілген.
Қазақстан егемендігін алғаннан бері көптеген институционалдық сипаты бар
мәселелермен кездесті. Қазақстан жағдайы халықаралық қатынастар субъектісі
ретінде республикадан халықаралық кеңістікте өз орнын табуға көмектесетін
саяси және экономикалық теңестіруді талап етуде. Осыған байланысты мемлекет
құрылысының өзі аса маңызды. Осы тұсынан келсек те, демократиялық дамудың
ең маңызды мәселелерінің бірін қарастыру қажет болды, дәлірек айтсақ –
транзитті қоғам жағдайында билік органдарын орталықсыздандыру мәселесі.
Осыған байланысты орталықсыздандыру мәселесіне теориялық қорытынды беру,
әлеуметтік субъектілер мен институттар арасындағы қарым-қатынасты
Қазақстанның саяси жүйесіне қолайлы болатындай етіп жасау маңызды. Қазіргі
кезде еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени өміріндегі
алғышарттар пайда болды және олар билік органдарын орталықсыздандырудың
негізі бола алады [10]. Орталықсыздандыру түсінігіне көптеген анықтамалар
бар. Соның ең басты екеуін келтіруге болады.
1. Орталықсыздандыру – басқару функцияларын орталықтан жергілікті билік
органдарына беру, жоғары тұрған органдарындың есебінен төменгі билік
органдарының өкілеттіліктерін кеңейту [12].
2. Орталықсыздандыру – орталықтандыруға қарама-қарсы басқару жүйесі, яғни
жергілікті әкімшілік органдар мен қоғамдық өзін-өзі басқару мекемелерінің
билік өкілдіктерін кеңейту [12].
Орталықсыздандыру түсінігінің әртүрлі анықтамасымен бірге оның әртүрлі
нысандары бар. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру екі жақты сипатқа
ие. Осыған байланысты Қазақтан Республикасының стратегиялық жоспарлау
бойынша агенттігі мемлекеттік қызметті орталықсыздандыру концепциясының
жобасында мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың екі нысанының -
деконцентарция және деволюцияның бар екенін атап өтті. Деконцентрация деп
иерархиялық басқару жүйесінің күшін сақтай отырып, мемлекеттік биліктің
басқару функцияларын осы жүйесі бойынша төменгі билік органдарына берумен
байланысты процесті айтады. Оны әкімшілік орталықсыздандыру деп те
атайды. Деконцентрация басқарудың әкімшілік астарына да қатысты және оның
орталық және орталық емес басқару органдары арасында функцияларды
иерархиялық бөлуді қайта қалыптастыру сияқты мақсаттары бар.
Орталықсыздандыру саяси жағынан (саяси орталықсыздандыру) келсе, ол шешім
қабылдау құқығын жергілікті басқару органдарына беруді білдіреді. Бұл
құқықтық жүзеге асуы жергілікті басқарудың актісін білдіреді. Деволюция
(міндеттерді табыстау) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына шешім
қабылдауға және дербес қаржылық, басқарушылық іс-әрекет жүргізуге құқық
беруді білдіреді. [13] Осылайша, орталықсыздандыру үрдісінің үш сатысын
былай да сипаттауға болады.

Автономия

Агенттік

Әкімшілік

1 сурет. Орталықсыздандыру процесінің үш сатысы*
*Дерек көзі: Танкиева А.К. Жергілікті шаруашылықты басқарудың өзекті
мәселелері. Алматы: Экономика, 2007

Сонымен, жергілікті үкімет іс-әрекетінің дербестігін қамтамасыз ететін
шарттар қатарын былай кескіндеуге болады:
1. Саяси автономия, яғни мемлекеттің құрылымына тәуелсіз, жергілікті
қауымдастықтың өкілетті органдарын тікелей жалпылама таңдау арқылы
сайлау. Атқарушы органды өздерінің сайлауы арқылы қалыптастырады, ол
өзінің функциясын орындауда орталықтың тәуелсіз құқығына ие болуы
мүмкін.
2. Құқықтық автономия – заңмен бекітілген және биліктің басқа
деңгейлерімен табысталған өз өкілдіктерін дербес жүзеге асыру құқығы.
3. Әкімшілік автономия, билік деңгейлері тарапынан иерархиялық
бағыныштылықтан еркін (демократиялық орталықтандыру қағидасынан бас
тарту - төменгінің жоғары тұрған органға бағыныштылығы).
4. Қаржылық автономия – жергілікті мәселелер шешуге қажетті қаржы
ресурстарының қолма-қолдығын және оларды пайдалану мүмкіндіктері мен
олардың қозғалысын басқаруды (орналастыруды, бөлуді) білдіреді.
Қазіргі ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу үрдісі қарқынды
дамып келе жатқан қоғамда мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың маңызы
арта түсуде. 2007 жылдың 28 ақпанындағы Парламент палаталарының бірлескен
отырысында жария етілген Президенттің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында
демократия, жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелері жан-жақты көрініс
тапты. Онда еліміздегі демократияландыру және тиімді басқару мәселелері
қозғалды. Соның ішінде жергілікті өкілетті органдарды дамыту, мәслихаттарды
күшейтіп, өкілеттігін кеңейту және уақыт өте келе мәслихаттардың жергілікті
өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айналуы атап өтілді. Жергілікті
өкілетті органдары – мәслихат. "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заң
бойынша мәслихаттардың өкілеттіктеріне төмендегілер жатқызылады:
• аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын,
жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту;
• қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды бекіту;
• әкім ұсынған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сызбасын бекіту;
• әкімнің ұсынысы бойынша әкиматтың жеке құрамын маслихат сиссиясының
шешімімен келісу;
• атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін қарау, маслихат шешімін
орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды
тұлғаларын жауапкершілікке тарту бойынша сәйкес органдарға ұсыныс беру;
• ҚР заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қамтамасыз ету өкілеттіктерін іске асыру;
• ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес тәртіпті бекіту;
• жергілікті бюджеттің, жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік даму
бағдарламаларының орындалуына бақылау;
• маслихаттың тұрақты комиссиясын және басқа да органдарын құру, олардың
қызметтерінің есептерін тыңдау және т.б.;
• халықты еңбекпен қамту және кедейшілікпен күресу бағдарламасын бекіту;
• ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша акимат жанынан
консультативтік-кеңестің жеке құрамын әкімнің ұсынысымен бекіту;
• ҚР Жер заңдары бойынша жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
• ҚР Конституциялық нормаларын, заңдарын, Президенттің актілерін, ҚР
Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін орындауға қатысу. [16]
Мәслихат өзінің өкілетін сессияда (сессия жылына 4 рет өткізіледі),
өзінің тұрақты комиссиясы, маслихат сессиясының төрағасы, депутаттар,
маслихат хатшысы арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті басқару органдарының қызметіне бақылау жүйесі. Президенттік
бақылауды тікелей президент өзі немесе оның әкімшілігі жүзеге асырады.
Президент облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерін сәйкес мәслихаттың
ұсынысы бойынша тағайындайды. [19]
Логика бойынша әкім толықтай Үкіметке жауапты болуы керек, себебі ол
жергілікті атқарушы органның жетекшісі, дегенмен әкім Президенттің
тапсырмасын орындауға міндетті. Иерархиялық емес, бәсекелестік бағыныштылық
пайда болады, бірақ Президенттің алдындағы жауапкершілік басымырақ.
Президент барлық деңгейдегі әкімдердің жұмыстарына бақылау жасай
алмайды, бақылаусыз оларды жұмыстан босатуға болмайды. Облыстарға
бекітілген мемлекеттік инспекторлар бар, бірақ барлық деңгейдегі әкімдерге
бақылау жасау мүмкін емес. Сондықтан Президенттің де, Үкіметтің де алдынан
жауапкершілік төмендеуі мүмкін, сол себепті әкім Үкіметтің алдында жауап
береді, ал Үкімет әкімдер үшін Президенттің алдында жауапты.
Жергілікті басқару органдарының қызметтеріне парламенттің бақылауы заң
бойынша қарастырылмаған. Бас прокурордың ұсынысы бойынша Сенат мерзіміне
дейін маслихаттардың өкілеттеріне тоқтатуға құқығы бар.
Үкімет конституциялық өкілеті шеңберінде заңдардың орындалуына бақылау
жасауды жүзеге асырады. Әділет министрлігі мен оның аумақтардағы органдары
жергілікті органдардың актілерін тіркейді. Атқарушы орган тігінен
бағынышты.
Маслихаттардың тігінен бағынышты болмағандығы, олардың бір-бірінен
қызметтері алшақтатылғандықты білдірмейді. Жоғары тұрған маслихат шешімі
төменгі тұрғандардың орындауына міндетті болғанымен, оның төменгі органның
өкілетіне араласуға құқығы жоқ. Төменгі тұрған маслихат заңсыз шешім
қабылдаса да, оны жоғары тұрғаны маслихат жоя алмайды, оны тек сот тәртібі
арқылы жүзеге асыруға болады.
Маслихаттардың тұрақты комиссияларының ешқандай бақылау жасау
функциялары жоқ. Белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікке жалпы бақылауды
жергілікті маслихат пен акимат жүзеге асырады.
Қазақстанда жергілікті билікті ұйымдастырудың Конституциялық үлгісі
өкілетті орталықтандырылған бақылауды сақтауды қарастырады.
Қоғамдық қызмет жүйесі: жағдайы мен болашағы. Орталық және жергілікті
мемлекеттік басқару органдары арасында функцияларды бөлу.
Соңғы жылдары қоғамдық қызметтерді көрсетуде бірқатар өзгерістер
енгізілуде.
Бүгінгі таңда биліктің жергілікті органдардың функциялдық құрылымы
аймақтарда әртүрлі және әкімшілік-территориялық басшылық ауысқан сайын
өзгереді. Кейбір аймақтарда обылыстық орталық денгейіндегі жеке қалалық
звенолар қалалықпен біріктірілген, аудандық органдар обылыстық атқарушы
органға бағынышты. Осыған байланысты қызмет көрсетуге жауапкершілік
аудандық (қалалық) звено құзіретіне қалса, ал қаржыландыру сәйкесінше
атқаруды бақылау мен басшылық обылыс орталығында жүзеге асырады, екеулік
бағынушылық жүйесі туындайды.
Жоспарлаудағы және шығындық өкілеттіліктерді жүзеге асырудағы,
сәйкесінше шешім қабылдаудағы биліктің аудандық (қалалық) денгейінің
жеткіліксіз дербестігі барлық мемлекеттік қызыметті жүзеге асырудың сапасы
мен тиімділігінде көрінуде.
Жергілікті басқару денгейлері бойынша коммуналды меншікті шектеу
мәселесі шешілген. Коммуналды меншікті иелену мәселелері мемлекетті
басқарудың жергілікті органдары үшін маңызды болып табылады. Қазіргі
кезеңде обылыстық аудандық және ауылдыққтарда коммуналды меншікті әділетті
бөлу жоқ. Ал меншік бюджетпен қоса мемлекеттік басқарудың барлық
денгейлерінің қызметі болып табылады. Жергілікті жерлерде мемлекетік
қызметті жүзеге асыру тиімділігі әлеуметтік инфрақұрылым объектілері
бойынша меншік сиптына байланысты.
Биліктің аудандық, қалалық (аудандық мәндегі) денгейі де мемлекеттік
басқарудың дұрыс иниституттары мен механизмдері жоқ. Қазақстан мемлекетінің
ауылды жерлерінде 6,5 млн. көп адам тұрады, бірақ бұл денгейінде басқару
белгілі бір вакумінде ғана көрінеді – жергілікті басқару органдары
құрастырылмаған әкімшілік-территариялық әкімдер шаруашылық және
экономикалық салаларда шешім қабылдауда дербестікке ие емес.
Бүгінгі таңда республикада көптеген аудандар бюджеттің табысты
бөлігіне түсімдердің жеткілікті денгейін қамтамасыз ете алмайды.
Мемлекетік басқару негізінде орталықсыздандыруға басқарудң осы
денгейінде мемлекеттік басқарудың жетілген иниституттарын кезеңдеп
қалыптастыру қажет.
Жоғарыдағы аталған мәселелерді ескере, алдағы орта мерзімді кезеңде
мемлекетімізде мемлекеттік басқару жүйесін ары қарай жетілдіру бойынша
шаралар мемлекеттік қызметтер құрамын оптималдауға және мемлекеттік
басқарудың барлық денгейлері арасында оларды тиімді бөлуге сонымен бірге
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Осыған байланысты мемекетік құрылыс пен мемлекетік басқарудың
тиімділігін көтеруде осы кезеңде мемекетік қызметерді орталықсыздандыру
және мемлкеттік басқаруды демократизациялау мәселелері туып отыр.
Кеңінен таралған теориялық бағыттардың авторларына сәйкес аймақтық
басқарудың үш үлгісін көрсетуге болады олар:
- Орталықсыздандырылған аймақтық менеждемент үлгісі территориялық
дербестігін күшейтуге бағытталған аймақтың өзін-өзі басқару
нысанындағы орталықсыздандырумен байланысты. Осыған қарай берілген
бағыттың аймақтық басқару процесстерін өсіру болып табылады.
- Аймақты кеңістікті басқарудың екінші үлгісі орталықтандырылған
аймақтақ менеджмент - олардың өндірістік процесстері
орталықтандырылған реттеу басымдылығына бағытталған бағытқа сәйкес
келеді. Сондықтан территорияның әлеуметік-экономикалық мәселелерін
шешеу орталықтан жүргізіледі.
- баланысты кеңістікті менеджмент үлгісі орталықсыздандыру мен
орталықтың рационалды сәйкестігіне негізделеді және кеңістікті
ұйымның тұрақты қызмен етуіне әкелетін әлеуметтік және экономиклық
мүделерін тепе-теңдіңдікту дамытуды ұсындады. [9, 25-26бет]
Мемлекеттік басқаруда орталықсыздандыру екі жақты сипатқа ие. Осыған
байланысты Қазақтан Республикасының стратегиялық жоспарлау бойынша агенттік
мемлекеттік қызметті орталықсыздандыру концепциясының жобасында мемлекеттік
басқаруды орталықсыздандырудың екі құрамасының; деконцентарция және
деволюцияның бар екенін ескеріп өтті.
Осылайша мемлекттік басқаруды орталықсыздандыру мемлекеттік биліктің
звенолары арасындағы қызметтерді қайта бөлумен байланысты мемлекеттік
басқару жүйесін ары қарай реформалау ғана емес, сонымен қатар жергілікті
өзін-өзі басқару жүйесін негіздеу мен дамытуды білдіреді.

1.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің теориялық
аспектілері

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі демократиялық мемлекеттің қызмет
етіуінің қажетті шарты болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару
концепциясының негізінде адамды мемлекетті басқаруға, оның өміріндеі
маңызды мәселелерді шешуге қатысу құқығымен қамтамасыз ету жатыр. Адамның
өзінен басқа ешкім оның мүдесін нақты көрсете алмайды. Сондықтан оның
мүдделері нақты шешімге айналатын билік денгейіне жақын болған сайын, оның
қызметі тиімді болады. Тәжірибеде бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың
кеңінен таралғанын, адамдардың күнделікті өмірлеріне тікелей қатысты
мәселелердің көбісін оның билігіне беруді білдіреді. 1949 ж 10 желтоқсанда
адам құқығының жалпы демократиясы әрбір адам өз мемлекетін басқаруға
тікелей немесе еркін сайланған өкілдер арқылы құқығы бар деп бекітті. Мұнда
жергілікті өзін-өзі басқарудың қандай орын алатынын Европалық кеңестің
мүшелерінен 1985ж 15 қыркйекте Жергілікті өзін-өзі басқару хартиясын
қабылдауы болып табылады.
Хартияның негізгі қағидасы тікелей қоғамдық істерге қатысуға
азамтаттардың тікелей полстулаты тек жергілікті денгейде жүзеге асырылуы
мүмкін, ал жергілікті территориялық құрылымдар кез-келген мемлекеттің
демократиялық нысанының негізінің бірі. Жергілікті өзін-өзі басқару
концепциясы заң актілерінде көрсетілген жергілікті органдардың құқықары мен
міндеттерін – өз жауапкершілігімен жергілікті халықтың мүдесіне қоғамдық
істердің маңызды үлесін басқару мен реттеуді жүзеге асыруды білдіреді.
Мұндай құқық жасырын дауыс беру жолымен сайланған мүшелерден тұратын кеңес
немесе жиналыстармен жүзеге асырылады. Олардың алдында жауапты атқарушы
органдарға ие [11, 71бет].
Жергілікті өзін-өзі басқару – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
мемлекеттік істердің маңызды бөлігін реттеуге және оны өз жауапкершілігі
мен жергілікті халық мүддесінде заң шегінде басқаруға құқығы мен мүмкіндігі
[2].
Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл қандай да бір ұйымның өмір сүруіне,
тарихи сипаты бойынша құқықтар мен әлеуметтік жаңалықтар беруге, оларға
қатысты істерде осы индивидтерді бірігіп пайдалануға, ұйымдарды басқарудың
субъектісі мен объектісі арасындағы байланыстың жоқтығына қатысты осы
ұйымның нормалар мен шешімдерін қамтамасыз ететін қоғамдық ұйымның
салыстырмалы автономды қызмет етуі [12, 5 бет].
Жоғарыдағы аталғандарды ескере отырып, жергілікті өзін-өзі басқару
ұғымына анықтама берейік. Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл жергілікті
мәндегі мәселелерді шешу үшін азаматтардың территориялық өзін-өзі
ұйымдастыруы. Ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербес қызмет
етуі мен тәуелсіздігі, қоғамдық пікірлдердің жариялылығы мен есебі,
жергілікті және мемлекеттік мүдделердің заң негізінде жүзеге асырылуы.
Кез-келген мемлекетте жергілікті өзін-өзі басқару негізгі үш мақсатты
жүзеге асыру құралы ретінде қызмет етеді: мемлекеттік басқаруда
орталықсыздындыруды қамтамасыз ету; жергілікті мәндегі мәселелерді шешуде
демократиялық бастауларды дамыту және жергілікті істерді жүргізуде
тиімділікті көрсету [13,65б].
Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі қоғам мен мемлекеттің өмір
сүруін ұйымдастыру туралы кешенді және әртүрлі бейнелеуді қамтиды.
Жергілікті өзін-өзі басқару деп әдетте жергілікті мәндегі мәселелерді
халықтың дербес шешуін көрсететін жергілікті денгейдегі биліктің
конституциялық бекітілген ұйымдастырылуы түсіндіріледі. Сәйкесінше,
жергілікті өзін-өзі басқару:
а) елдің конституциялық тәртібінің негізі;
ә) жергілікті мәндегі мәселелерді халықтың өзінің шешу құқығы;
б) халықтың билік ету нысаны болып табылады.
Қазақстан мемлекеті демократиялық мемлекет ретінде танылып, Қазақстан
Республикасының Конституциясы халықтың билік етуінен, билікті заң шығарушы,
атқарушы, сотқа бөлуден, идеологиялық және саяси әр түрлілігінен,
жергілікті өзін-өзі басқарудан көрініс табатын мемлекеттік демократизімінің
маңызды тәртібін бекітеді. Жергілікті өзін-өзі басқару Қазақстан
Республикасының Конституциясымен танылады және кепілдендірледі. Қазақстан
Республикасының Конституциясының 89-бабында жергілікті өзін-өзі басқару
жергілікті мәндегі мәселелерді заң негізінде шешуді;
тікелей сайлау жолымен сонда тұратын халық және сайланған органдар арқылы
жүзеге асыруды; заңмен бекітілген өкілеттілік шегінде оның қызметін жүзеге
асыруды білдіреді [14].
Конституциялық тәртіптің бір негізі ретінде жергілікті өзін-өзі
басқаруды тану басқарудың орталықсыздандырылған жүйесін қалыптастыруды,
мемлекеттік биліктің орталық органдары, мемлекеттік биліктің жергілікті
органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзара байланысының
басқа да негізін бекітуді білдіреді.
Жергілікті өзін-өзі басқару халықтың билік ету нысаны ретінде келесі
негізгі белгілерге ие болуы тиіс:
1. жергілікті өзін-өзі басқару ерекше субьектіге ие – жергілікті
қоғамдастықтың халқы;
2. жергілікті өзін-өзі басқару – қоғам мен мемлекетті басқарудың
демократиялық механизімінің ерекше нысаны;
3. жергілікті өзін-өзі басқару ерекше объектіге ие – жергілікі мәндегі
мәселелер;
4. жергілікті өзін-өзі басқару билікті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың
ерекше нысанына – дербестікке ие;
5. жергілікті өзін-өзі басқару өзінің жауапкершілігі негізінде өз
қызметін жүзеге асырады [15,63].
Жергілікті өзін-өзі басқару теориясына арналған еңбектерді талдау
нәтижесінде келесі негізгі қағидаларды бөлуге болады:
1. Жергілікті мәселелерді халықпен шешудің дербестігі. Ол жергілікті
референдум, жергілікті қоғамдастықтарды сайлау пікірін білдірудің басқа
нысандары жолымен, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланушы
немесе басқа органы арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды
ұйымдастыру мен жүзеге асырудың осы және басқа да нысандары жергілікті
қоғамдастықпен дербес жасалынатын және халықпен тікелей немесе жергілікті
өзін-өзі басқарудың өкілді органымен қабылданатын жергілікті
қоғамдастықтардың жарғысымен реттелінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару
органдары өз бетінше жергілікті меншікті басқарады, жергілікті бюджетті
қалыптастырады, бекітеді және орындайды, жергілікті салықтар мен алымдарды
бекітеді. Азаматтардың пікірін тікелей көрсету жолымен қабылданған
шешімдер, сонымен бірге жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен
лауазымды тұлғаларының шешімдерін жергілікті құрылым территориясындағы
кәсіпорын, мекемелер және ұжымдар өздерінің ұйымдастырушылық-құқықтық
нысанынан тәуелсіз орындауға міндетті [15].
2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекетті басқару
жүйесінде ұйымдастырушылық негізделуі және ортақ тапсырмалар мен
қызметтерді жүзеге асырудағы олардың мемлекеттік билік органдарымен өзара
байланысы. Яғни жергілікті деңгейдегі әкімшілік пен маслихаттың өзара
байланысты іс-қимылын білдіреді. Мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі
басқару қызметіндегі заңдардың сақталуын қамтамасыз етеді [15].
3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың материалдық және қаржылық ресурсының
оның өкілетілігімен үйлесуі. Кез-келген муниципалды құылымның бөлінбейтін
атрибуты муниципалды меншік пен жергілікті бюджет болып табылады [15].
4. Халық алдындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі. Жергілікті мәселелердің
қанағаттандырылмай шешілуі кезінде жергілікті қоғамдастық халқының
претензиялары жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды
тұлғаларға, сонымен қатар өздеріне хабарлануы тиіс. Халық алдындағы
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауапкершілігі халық тарапынан
сенімсіздік туғанда пайда болатын және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының депутаттарына және лауазымды тұлғаларына сенімсіздік білдіру,
оларды орнынан босатуға құқы арқылы көрінеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың
жауапкершілігі, тәртібі мен шарттары халықтың сенімділік білдіруі
нәтижесінде жергілікті қоғамдастықтың жарғысымен анықталады [16].
5. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау қағидасының мәні
Қазақстан Республикасының Консититуциясы адамды, оның құқықтары мен
бостандығын жоғары құндылық деп санайтын және адам мен адамзаттың құқығы
мен бостандығы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да қызметінің мәні
мен маңызын анықтайтындығын негіздейді.
6. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен қызметтердің
заңдылығы. Заңдылық қағидасы жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың
және қызмет етудің жүзеге асырылуын талап етеді.
7. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің жариялылығы. Жергілікті өзін-
өзі басқару қызметіндегі жариялылық қағидасын жүзеге асыру олардың қызмет
етуінің ашық сипатын, жергілікті қоғамдастық халқына ол туралы ақпараттың
жүйелі берілуін білдіреді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
қызметін бақылауда жергілікті мәнді мәселелерді шешуде азаматтардың
қатынасуы үшін қажетті бағыттар мен шарттар туғызады.
8. Жергілікті өзін-өзі басқаруды мемлекеттің кепілдендіруі. Аталып
отырған қағиданы жүзеге асыру жергілікті өзін-өзі басқару құқықтарын
қорғауды кепілдендіру жүйесін құруды білдіреді. Мемлекет жергілікті өзін-
өзі басқаруды ұйымдастыру мен қызмет етудің құықтық негіздерін, жергілікті
өзін-өзі басқарудың қаржылық, экономикалық және ұйымдастырушылық
дербестігіне құқықтық кепілдемесін, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының мемлекетік органдармен өзара байланысу қағидаларының
негіздерін бекітеді.
Халықтың билігін ұйымдастыру және жүзеге асырудағы жергілікті өзін-өзі
басқарудың ролін оның келесідей негізгі қызметтерінен байқауға болады:
а) жергілікті мәндегі мәселелерді шешуге халықтың қатысуын қамтамасыз
ету. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметін жүзеге асыруда халықтың тікелей,
сайланушы және басқа жергілікті органдары арқылы қатысушының құқықтық
кепілдемесін заңмен бекітілуі. Азаматтар жергілікті референдумға, жиынға,
сайлануға жергілікті қызметке теңестірілген басқа да органдарға, жергілікті
өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғаларға жергілікті мәселелер
бойынша шағымдануға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі
туралы толық және объективті ақпарат алуға, адам мен азаматтардың құқы мен
бостандықтарына тікелей қатысы бар материалдар мен құжаттармен танысуға,
өзінің сот тәртібінде жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу құқығын қорғауға
құқылы.
Жергілікті мәндегі маңыздырақ мәселелері шешу үшін немесе қоғамдық
пікірді айқындау үшін жергілікті өзін-өзі басқару территориясында өмір
сүретін барлық азаматтар қатысуға құқылы.
Жергілікті қоғамдардың қызметі жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының және лауазымды тұлғалардың уақытынан бұрын өкілеттілігін
босату, халықтың сенімділік білдіру тәртібін реттейді. Халық жергілікті
қоғамдастық жарғысына сай:
1) жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жергілікті мәселелер
бойынша құқықтық актілердің жобасын жасауға құқылы. Олар оны халық өкілдері
қатысуымен ашық отырыста қарастыруға міндетті.
2) Мәселелердің жауаптары бұқаралық ақпараттың жергілікті
құралдарында ресми түрде жариялануға тиіс, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарына сұраныс беруге құқылы [17].
ә) Жергілікті қоғамдастық өзінің муниципилалды меншігі мен жергілікті
бюждетіне ие. Жергілікті қоғамдастық пен қаржыға қатынасты меншік иеленуші
құқығын жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сонымен қатар тікелей халық
жүзеге асырады. Заңға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдары жеке
және заңды тұлғаларға меншік объектілерін уақытша пайдалануға беруге, жалға
беруге құқылы, сонымен қатар басқа да келісімдер жүргізуге, меншік
объектілерін жекешелендіру немесе қолдануға берудің шарттарын сақтауға
құқылы; мақсатты бюджеттен тыс қорлар және қаржылық-несиелік ұйымдар құруға
құқылы. Қарастырылып отырған қызметті жүзеге асырумен байланысты, осы және
басқа өкілеттіліктерді жүзеге асыру жергілікті қоғамдастықтың халқы мүддесі
үшін жүзеге асырылуы, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Бұл ең
алдымен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызыметімен қамтамасыз
етіледі [17].
б) Жергілікті құрылым территориясында кешенді дамуды қамтамасыз ету де
жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі міндеті болып табылады. Кешенді даму
жергілікті шаруашылық тиімділігін көтеруді, әлеуметтік-мәдени, экологиялық
тапсырмаларды шешуді, еңбек, табиғи және басқа жергілікті ресурстарды
ұтымды пайдалануды, азаматтардың өмір сүруі мен демалысы үшін қажетті
шарттар туғызуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жергілікті қоғамдастықтың кешенді әлеуметтік-экономикалық даму
мәселелері көбінесе муниципалды меншікке жатпайтын кәсіпорын, ұжымдардың
қызметтерімен байланысты. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз
территориясының кешенді әлеуметтік-эконмикалық дамуында аталған
кәсіпорындар, ұжымдар мен ұйымдардың қатысуын реттеуге құқылы.
в) Әлеуметтік-мәдени, коммуналдық-тұрмыстық және басқа өмірлік маңызды
қызметтер мен халық қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бұл қызметтерін жүзеге асыру үшін,
біріншіден, сәйкес муниципалды кәсіпорындар, ұжымдар, ұйымдар мен
қызметтерді дамытуды қамтиды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
кәсіпорын, ұжым мен ұйымдарды құруға құқы заңмен бекітіледі. Ол органдар
мектепке дейінгі, негізгі жалпы және кәсіби білім берудің муниципалды
ұжымдарының, энергия, газ, жылу және сумен қамтамасыз ету мекемелерінің
қаржымен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру мәселелерімен айналысуы керек.
Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару органдары тұрғын үй және әлеуметтік-
мәдени құрылыс үшін; халықты сауда тауарларымен, қоғамдық тамақ және
тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшін мәдениет ұйымдарының,
бұқаралық ақпарат ұйымдарының және т.б. қызметін ұйымдастыру үшін жағдай
туғызуға міндетті. Осымен бірге, жергілікті өзін-өзі басқару органдары
халықтың санитарлық игілігін, әлеуметтік қолдау мен халықты жұмыспен
қамтамасыз етуге ықпал етуң керек. Үшіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару
огандары реттеуші және басқарушы қызметті атқарады. Жергілікті өзін-өзі
басқару органдары жергілікті қоғамдастық қамтуға тиісті салаларда минималды
әлеуметтік стандарттардан төмен емес денгейде халықтың негізгі өміріне
қажетті қажеттіліктерін қанағаттандыруға міндетті. [16]
г) Қоғамдық тәртіпті сақтау. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары
қоғамдық тәртіпті жүзеге асырады. Негізінен қоғамдық тәртіпті сақтауды
муниципалдық органдар қамтамасыз етеді. Олар жергілікті өзін-өзі басқаруды
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және олардың қызметіне бақылау жүргізеді.
д) Заңмен кепілденген жергілікті өзін-өзі басқару мүдделері мен
құқығын жергілікті өмірдің салаларындағы мемлекеттік органдармен және басқа
да ұйымдармен бірігіп, жергілікті халық мүддесін қорғауда сот және басқа да
нысандағы конституциялық өкілеттіктерін қолдануы керек. Сонымен қатар
жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғалары мемлекеттік
билік органына, кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың әкімшілігіне жергілікті
өзін-өзі басқару құқықтарын сақтауды, муниципалды құрылымдардан халықтың
мүддесін екеруді талап ете алады. Берілген ұсыныстар міндетті түрде қаралуы
тиіс.

1.3 Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың
тиімді жүйесін қалыптастыру және қызмет етуі бойынша шаралар жүргізу үшін
және тереңінен, толық түсіну үшін шетел мемлекеттерінің муниципалды басқару
тәжрибесін зерттеу қажет болып табылады.
Әр түрлі елдердегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының күші,
ықпалы әрекет етуші саяси тәртіптің демократияланған денгейін көрсетеді.
Бұл органдар орталықтың абсолютті билігіне тікелей қайшылық ретінде
туындаған және дамып жатыр. Осыған байланысты олар жиі орталық үкіметке
оппозиция болып қалады, сондықтан олардың өзара қатынастарды өкілеттілікті
бөлу қаржылық, экономикалық және тағы да басқа бойынша анық қайшылықтармен
сипатталады. Алғашында бұл органдар қоғамның дәулетті азаматтарының
шектелген сайлау құқығы негізінде, кейбір кедергілердің бар болуына
байланысты қалыптасқан. Негізінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
қалыптасу жүйесі демократияланады, бұл органдар жалпы айналып халыққа
жақындатылады.
Қазіргі уақытта шетелдерде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің
маңызды белгілері олардың әмбебап таңдаулылығы мен жергілікті мәселелерді
шешудегі дербестігі болып табылады. Бұл дербестік муниципалды меншікті
меншікке, салықтарды алу және пайдалану құқығына, жергілікті басқару
мәселелері бойынша нормативті актілерді қабылдау мүмкіндігіне, жергілікті
полицияны басқаруға және т.б сүйенеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару кез-келген қазіргі демократиялық қоғамның
атрибуы болып табылады. Шетел муниципализмі жергілікті өзін-өзі басқаруды
ұйымдастырудың көптеген түрлері мен үлгілеріне ие. Жергілікті өзін-өзі
басқару жүйесін құрудағы әр түрлілік көптеген факторларға тәуелді: саяси
тәртіп, жергілікті жерлерде билік пен басқаруды ұйымдастыру идеялары,
мемлекеттің құрылымы мен мемлекеттік территориялық бөлінуі, ұлттық
дәстүрлер және тағы сол сияқтылар.
Қазіргі уақытта ғылыми әдебиеттерде жергілікті өзін-өзі басқаруды
ұйымдастырудың үш негізгі үлгісін бөліп көрсетеді: англосаксондық,
континенталдық, аралас.
Англосаксондық (классикалық) үлгі құқықтық жүйесі ұқсас мемлекеттерде
кеңінен таралған: Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Индия, Австралия және т.б. [28,
19бет].
Бұл үлгінің негізгі белгілері: а) ресми автономия және жергілікті өзін-
өзі басқарудың дербестігі; ә) жергілікті өзін-өзі басқару органдарын
қорғайтын өкілеттендірілген орталық биліктің жоқтығы болып табылады.
Осы бағытқа сүйенетін мемлекеттерде орталық билік пен жергілікті өзін-
өзі басқару арасындағы байланыстар берілген өклеттілігі шегінде әрекет
ету қағидасымен анықталады, яғни жергілікті өзін-өзі басқару органдары
заңда көрсетілген әрекеттерді ғана жүзеге асыра алады. Ал басқа әрекеттер
өкілеттілігін асыра жүзеге асырылған деп саналып заңсыз деп танылуы мүмкін.
Берілген үлгі жергілікті жерлерде жергілікті өзін-өзі басқару
органдарын бақылау үшін орталықтан тағайындалған қандайда бір шенеуніктің
болуын қарастырады. Заң негізінде жергілікті кеңес дербес өз бетінше және
өз жауапкершілігіне ала отырып орталық органдардың өкілеттілігіне кірмейтін
мәселелерді шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органын бақылау негізінен
жанама болып табылады. Олардың қызметтерін қаржыландыру арқылы салалық
министрліктер инспекциялық тексеру жүргізу жолымен; адаптивті заң қабылдау
жолымен (парламент типтік заң қабылдайды, жергілікті органдар жергілікті
ерекшеліктерге негізделген өзгерістер енгізеді) бақылау нысанында болады.
Бұл үлгі фереративті құрылымды және англосаксондық құрылымды жүйедегі
мемлекеттерге арналғандықтан, біздің мемлекет үшін қолданылмайды.
Континенталдық (француз) үлгісі тек континенталды Европада (Франция,
Италия, Белгия) ғана емес, сонымен қтар Латын Америкасы, Таяу Шығыс,
Француз тілді Африка мемлекеттерінің көбінде тараған.
Бұл үлгінің ерекше белгілері: а) жергілікті өзін-өзі басқару мен
жергілікті мемлекеттік басқарудың үйлесімділігі; ә) жергілікті өзін-өзі
басқару жүйесінің белгілі бір иерархиясы; б) жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қызметіне мемлекеттік бақылауды өкілетті түрде жүзеге асыратын
мемлекеттік арнайы органның жергілікті денгейде болуы болып табылады.
Континенталдық үлгінің негізін қалаушы Франция мемлекеті болып
табылады. Оған жергілікті басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруды
орталықтандырудың жоғары денгейі тән.
Жоғарыда қарастырылған үлгілермен қатар жергілікті жерлердегі билікті
ұйымдастырудың басқа да нұсқасы белгілі. Ол екі үлгінің қандай да
ерекшеліктерімен қатар өз белгілеріне де ие. Бұл үлгі аралас деген атқа ие.
Мұндай жергілікті өзін-өзі басқару үлгілеріне Германиядағы, Австрия мен
постсоциолистік және дамушы елдердің кейбіреулеріндегі жергілікті басқаруды
жатқызуға болады.
Аралас үлгінің негізгі белгісі төменгі территориялық денгейде
жеткілікті түрдегі автономды жергілікті өзін-өзі басқару мен жоғары
мемлекеттік басқарудың үлгісін санауға болады.
Қазақстан үшін қолдануға ыңғайлы үлгі – француздық болып табылады,
себебі Қаазақстанның мемлекеттік құрылымы Франциядағы сияқты унитарлы болып
табылады, сонымен қатар келесідей факторларды ескерген дұрыс: халықтың
менталитеті, халықтың саясатқа араласу деңгейі.
Аталған шетел үлгілерімен қатар жергілікті өзін-өзі басқару тарихы
муниципалды ерешелігіне сәйкес кеңестік үлгінің болуын көрсетеді.
Бұл үлгі социализмнің әлемдік жүйесі мемлекеттері мен
постсоциалистік түрдегі дамушы мемлекеттердің кейбіреулерінде тараған
болатын. Ал қазір бұл белгілер социалистік бағытты сақтап қалған аздаған
елддерде ғана көрінеді (Қытай, Куба, КХДР) [29, 10бет].
Жергілікті жерлерде билікті ұйымдастырудың аталған дәстүрлі
үлгілерінің тізімі аяқталмайды. Берілген зертеулерде жиі кездесетін
үлгілерді қарастырдық. Сонымен қатар басқа да ерекше нұсқалар кездеседі.
Мысалы, көшпелі тап немесе ру сияқты әкімшілік – территориялық бірліктерде
топ басшысы жалғыз өзі немесе ақсақалдар кеңесі құрамында басшылар кеңесі
басқарушылық қызметтерді орындайды. Мұндай елдерге Африка елдерін жатқызуға
болады. Мұндай басшылардың әкімшілік өкілеттіліктерінің жергілікті мәндегі
мәселерді шешу кезінде ықпалы зор болып отыр. Жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының құрамына басшы кіретін елдерге – Малайзия, Сингапур, Жаңа
Гвиннея және тағы басқалар жатады.
ӨӨБ-н қоғамдастықтың ерекше түрі Израилдегі киббуц болып табылады.
Киббуц – еркін мүшелілік, меншікті бірдесіп иелену және өндіріс құралдарын
бірлесіп пайдалану, еңбек ету мен тұтынудағы салыстырмалы теңдікке
құрылған ауыл шаруашылық саласындағы еңбек коммунасы. Киббуцтағы биліктің
жоғарғы органы - коммуна өмірінің маңызды мәселелері шешілетін, заң
нормалары қабылданатын, бюджет бекітілетін оның мүшелелерінің жалпы жиыны
(жиналысы) болып табылады. Жиналыс жеке және ұжымдық сипаттағы дауларды
шешуде төреші ретінде болады. Киббуцтардың әрбір жасөспірім мүшесі жалпы
жиналыста дауыс беру құқығына ие және шешім қабылдау процесінде ықпал ете
алады. Күнделікті мәселелерді шешу үшін секретариат және жеке әлеуметтік-
экономикалық мәселелер бойынша комиссия сайланады.
Муниципалды жүйені құруға мемлекеттің әкімшілік-территорриялық
бөлінуі, даму тарихы, географиялық, демографиялық ерекшеліктері, саяси
тәртіп пен әрекет етуші құқықтық жүйесі әсер етеді.
Шетелдерде жергілікті өзін-өзі басқарудың алғашқы звеносы территорияда
жеке тұрғындық жерлерде қалыптасатын коммуна, қоғамдастық, муниципалитет
болып табылады. Шетел тәжірибесі коммуналар мен қоғамдастықтың бірігу,
муниципалдық одақтар құру мүмкіндігін жоққа шығармайды (Испаниядағы коммуна
синдикаттары). Кейбір елдерде мунципалитет статусына ие емес, жергілікті
денгейде ұсақ қызметтерді көрсету үшін тағайындалған кішігірім өзін-өзі
басқарушы территориялық бірліктер (хутор, приход, посадиф т.б) құрылуы
мүмкін [30].
Демократияның белгілі органы – қажеттілік денгейі бойынша немесе
белгілі бір реттеу денгейімен шақырылатын ауыл жиыны және ауыл жиналысы
болып табылады. Мұнда жергілікті өңірдің мәселелері шешіледі:
ауылшаруашылық егіндікті пайдалану, құрылыс пен жол жөндеу, мектеп ашу,
медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін қаражат жинау
және т.б [30].
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымы мен нысандарына
келетін болсақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдары сайланатын өкілді
органнан және атқарушы органннан тұрады. Атқарушы орган жалғыз немесе
ұжымдық болуы мүмкін. Егер жалғыз орган болса онда ол мэр (Франция) немесе
бургамистр (ГФР) болуы мүмкін. Ұжымдық орган мысалы ретінде ГФР-дың кейбір
жерлеріндегі магистрат немесе Италиядағы джунта бола алады.
Атқарушы орган қажет, себебі бұл үнемі әрекет етуші құрылым, ал
сайланатын жиналыс қандайда бір, принципалды мәселелерді шешу үшін кезеңдеп
жиналады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді сайланатын органдары әр
түрлі атқа ие, мысалы, графтар кеңесі (АҚШ пен Ұлыбритания) - бұл
муниципалды кеңес, комуналды кеңес, бас кеңес болуы мүмкін.
Жергілікті органдардың басты мәселелері жергілікті бюджетті қабылдау
және осы бюджет негізінде ақшаны бөлу болып табылады. Сонымен қатар әр
түрлі жергілікті мәселелерді шешу бойынша актілер қабылдайды. Бұл актілерді
жүзеге асыру атқарушы органдардың қызметі болып табылады. Ол тікелей
азаматтармен сайланады, ал кейбір елдерде мэрлер жергілікті жердегі
үкіметтің ұсынысы бойынша мемлекет басшысымен тағайындалады (Белгия,
Голландия). Мэр немесе бургамистр қызметі әр түрлі болады. Кейбір елдерде
ол өкілділік қызметін орындайды, ал кейбір елдерде кәсіби менеджер,
басқарушы қызметін атқарады. Бұл жағдайда мэр немесе бургамистр делегацияны
қабылдайды, әр түрлі жиналыстарға қатысады [30].
Шет мемлекеттердегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
ұйымдастырушылық құрылымының схемалық үлгісін төмендегі суреттерде
көрсетеміз (2,3,4 суреттер).
Күшті мэр – кеңес үлгісі (2-сурет) бойынша мэр дербес және жалғыз
өзі әкімшілікті басқарады, кадрлық құрылымды да өзі бекітеді. Бұл үлгіде
мэр халықпен сайланады, кеңес шешіміне ықпал ете алады, кеңес қызметін
ұйымдастырады, оның жиналыстарында болады, актілерге қол қояды. Тепе-
теңдікті сақтау үшін кеңес депутаттарының көпшілік дауысына ие.
Сенімділікті жоғалту жағдайында мэрдің өкілеттілігін уақытынан бұрын босату
механизмі сайлаушылар тарпынан жергілікті референдум болып табылады [31].

2 сурет. Күшті мэр – кеңес*
*Дерек көзі: Танкиева А.К. Жергілікті шаруашылықты басқарудың өзекті
мәселелері. Алматы: Экономика, 2007

Әлсіз мэр – кеңес үлгісі (3-сурет) алдындағы үлгіден кеңестің мэрден
әкімшіліктің лауазымды қызметткерлерін тағайындау немесе жұмыстан босатуға
міндетті түрде рұхсат алу және кейбір құқтық актілерін қабылдаумен
айрықшаланады. Бұл үлгіде мэр кеңес депутаттарының ішінен сайланады. Ол
кеңес бақылауында және соған бағынады, сондықтан вето құқығына ие емес,
әкімшілікті басқарудағы құқығы кеңеспен шектеледі. Мэрді уақытынан босату
кеңестің өз иницативасы немесе халық иницативасы бойынша жүзеге асады [31].

3 сурет. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және бюджет комитеті
«Жергілікті өзін-өзі басқару және оны жетілдіру жолдары»
Муниципалдық басқарудың аймақтық негізі
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МОДЕЛІ
Қазақстанның жергілікті басқару органдар жүйесін модернизациялаудың стратегиялық приориттері мен саяси механизмдері
Әлеуметтік саладағы менеджер кім
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы
Қазақстанда жергілікті өзін - өзі басқару жүйесі
Мемлекеттік басқару қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын нығайту
Пәндер