Дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылығы



1.Білім беру жүйесі
2.Бала өміріндегі ойын туралы
3. Ойынның оқытылуына байланысты
4.Ойын арқылы оқытылуда қолданылатын ойындар
а) танымдық ойындар;
ә) іскерлік ойындар
б) сюжетті.рольдік ойындар
в) драмалық ойындар
г) құрылыс ойындары
д) дидактикалық ойындар.
Республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер – мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.
Білім беру аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Қазіргі кездегі республикада қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы салсның ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының саясаты- өткен жылдарда жинақталған алдыңғы қатарлар, оң тәжірибелерді сақтай отырып білім беру жүйесінің жаңа әлемдік стандарттар деңгейіндегі моделін жасау.
Білім беру ісіндегі жаңа процестің мән-мағынасын , сипатын, бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
- ҚР-ның тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
- Экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;
- Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.
1.В.И.Ядэшко, Ф.А.Сохин «Мектепке жасына дейінгі педагогика»; А-
2.С.А.Кодлова, Т.А.Кушкова «Дошкольная педагогика»;
3.М.Р.Болотина, С.П.Баранов, Т.С.Комарова «Дошкольная педагогика»;
4.Мыңжанова Ә. «Мектепке дейінгі педагогика».

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Білім беру жүйесі
2.Бала өміріндегі ойын туралы
3. Ойынның оқытылуына байланысты
4.Ойын арқылы оқытылуда қолданылатын ойындар
а) танымдық ойындар;
ә) іскерлік ойындар
б) сюжетті-рольдік ойындар
в) драмалық ойындар
г) құрылыс ойындары
д) дидактикалық ойындар.

Кіріспе

Республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер – мектеп
түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап
етеді.
Білім беру аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Қазіргі кездегі
республикада қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы салсның
ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық жақтарын түбегейлі өзгертуге
бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының саясаты- өткен жылдарда жинақталған алдыңғы
қатарлар, оң тәжірибелерді сақтай отырып білім беру жүйесінің жаңа әлемдік
стандарттар деңгейіндегі моделін жасау.
Білім беру ісіндегі жаңа процестің мән-мағынасын , сипатын, бағыт-
бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
ҚР-ның тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
Экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;
Ұұұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.
Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени
дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге
бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Қазіргі замандағы білім берудің мақсаты- әлеуметтік құндылық іс-
әрекеттерге кірісуге қажетті тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қасиеттерін
қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
1) меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан білім беру
ұйымдарының;
2) білім берудің түрлері деңгейлеріне арналған сабақтас білім беру
бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттарының;
3) білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің
дамытылуын қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдары мен оларға
қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.
Білім беру жүйесінің міндеті –ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің әлеуметті мен ресурстарын
дамыту, бұдан былай олар балаларға ерте білім берудің бағдарламаларын іске
асыру үшін ұтымды және барынша тиімді пайдаланатын болаы.
Бала мен балалар колективінің дамуында мектеп жасына дейінгі балалар іс-
әрекетінің негізгі түрі – ойын орасан зор роль атқарады.
Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар, педагогтар ойынның
шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын, тәрбиелік міндеттерді шешу үшін
ойындарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді.
Маркстік-лениндік педагогика ойын теориясына талдау жасай отырып,
оның әлеуметтік-тарихи негіздері туралы мына қағидаға сүйенеді: ойын
алдымен баланың әлеуметтік өмір жағдайларына, оның аға ұрпақ тәжірибесін
меңгеруіне байланысты.
Ойын теориясына Н.К.Крупская елеулі үлес қосты. Балалар ойынының
әлеуметтік сипатын, онда өмір құбылыстарының бейнеленетінін атап көрсете
келіп, ол алдымен ойынды қоршаған болмыс жөніндегі әсер мен ұғымды
кеңейтудің құралы деп білді. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін,- деп
жазды ол,- ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін – оқу, ойын олар үшін
– еңбек, ойын олар үшін – тәрбиенің мықты формасы.
Ойын мектепке дейінгі балалар үшін – айналадағыны танып, білу тәсілі.
Ойын мен ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір
сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен
қарым-қатынас жасауға ұмтылады, қарым-қатынас жасау мен қоғамдық
тәжірибені игерудің қуатты құралы – тілді бірте-бірте меңгереді. Бала
ересектер өміріне белсенді қатысқысы келеді, бірақ бұл ықылас әлі оның
мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Ойында үлкендердің қызметіне еліктеп,
өзөінің шамасы келетіндей дәрежеде олардың қуанышы мен ренішін түйсіне
отырып, ол осындай өзіндік жолмен қоршаған өмірге етене арласады.
М.Жұмабаев бала ойынына мынадай мән берген: Баланың қиялы әсіресе
ойында жарыққа шығады. Ойын балаларға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала
жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, соны
істейді. Мысалы, баласы біреуі ат болып қашса, біреуі құрық салады:
шырпыларды тізіп-тізіп көш жасайды: балшықтан мал жасайды , қуыршақтан қыз
жасап, таныстырады, күйеу келтіреді, құда түсіреді- деген.
Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен,
бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланысты
ьолады.
Сонымен бірге ойын да балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін
кеңейту қажеттігін туғызады. Ойын білімдерді мақсат қоя және дәйектілікпен
қайталауға, оларды ойын әрекеттерінде, ережелерде іске асыруға ұйретеді.
Ойын мен оқыту арсындағы өзара байланыс мектепке дейінгі балалық шақтың
бүкіл өн бойына өзгеріссіз қалмайды. Сәби топтарда ойын оқытудың негізгі
формасы болып табылады. Ересек, әсіресе мектепке дайындайтын топтарда
сабақтағы оқу процесінің өзінің ролі едәуір артады. Мектепке оқыту
перспективасы балалардың ыстық тілегіне айналады. Олар оқушы болуды
аңсайды.
Алайда ойын олар үшін қызғылықтығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны,
сипаты өзгереді. Балаларды интелектуалдық белсенділікті талап ететін
неғұрлым кұрделі ойындар қызықтыра бастайды. Оларды сондай-ақ сайыс
элементтері бар сорттық сипаттағы ойындар да еліктіреді.
Танымдық ойындар – оқушылардың өздері шешімін табатын, модельдейтін,
арнайы ситуациялар құратын ойындар. Негізгі мәні – танмдық қызметті
стимуляциялау. Оқушылар ойынға белсенді түрде қатысады. Ойындағыларға
тоқталатын болсақ: математикалық, лингвистикалық, саяхат-ойыншы, электронды
виктори на түрінде, тақырыптық жинақтармен ойындар, коструктор,
шеберлер, жас шаман, т.б.
Кейінгі кезде стимуляцияланатын ойындарға түрлі әдістерді, идеяны
күрделендірулер енгізілді. Осындай күрделенген ойындар арқылы мәселені жан-
жақты талқылауға барынша ажалысады. Бұл йындар іскерлік ойындар деп аталып
жүр. Мұндай ойындарға рольдік ойындар жатады. Нарықтық кезеңге байланысты
сабақта Банк, Парламент, Прессконференция деп аталатын ойындар
белсенді роль атқаруда. Бұл ойындарды материалдарды бекіту кезінде
пайдалануға болады.
Сюжетті-рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән ең сипатты ойындар
болып табылады және олардың өмірінде елеулі орын алады.
Сюжетті-рольді ойынның ерекшелігі сол , оны балалардың өздері жасайды,
ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және творчестволық сипатта болады. Бұл
ойындар қысқа да ұзақ та болуы мүмкін.
Балалардың өнерпаздығын, қоршаған өмір фактілері мен құбылыстарын
творчестволықпен қайталап жасауды және бейнелеуді дамытуда және байытуда
қиял орасан роль атқарады. Нақ осы қиялдың күшімен ойын ситуациялары,
ондағы бейнеленетін кейіпкерлер, шын, кәдімгі нәрсені ойдан шығарылған
нәрсемен ұштастыру мүмкіндігі жасалады, мұның өзі балалар ойынын тек соған
ғана тән қызыққа айналдырады.
Драматизация ойындарында мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір
әдеби шығарманың, ертегінің және т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады.
Олар сюжетті- рольді ойындарға ұқсас: екеуі де құбылыстарды, оқиғаларды,
адамдардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын шартты түрде
елестетуге негізделген, сондай-ақ екеуінде де творчество элементтері бар.
Драматизация ойындарының өзіндік ерекшелігі сол, ертегінің немесе әңгіменің
сюжеті бойынша балалар белгілі бір рольдерді атқарады, оқиғаларды дәл
жүйелілікпен жасайды.
Драматизацмя ойындарының көмегімен балалар шығарманың идеялық мазмұнын ,
оқиғалардың логикасы мен бірізділігін, олардың дамуы мен себептік шартын
жақсы түсінеді. Ортақ әсерленумен біріккен балалар үйлесімді іс-әрекет
жасауға, өз қалауын коллектив мүддесіне бағындыра білуге үйренеді.
Драматизация ойындарын өрістету үшін мыналар қажет: балалардың ойынға
ынтасын туғызу және дамыту, олардың шығарма мазмұны мен тексін білуі,
костюмдердің, ойыншықтардың болуы. Ойында костюм кейіпкер бейнесін
толықтырады, бірақ ол балаға жағымсыз болмауы тиіс. Егер костюм жасауға
мүмкіндік болмаса, онда қайсыбір персонажға тән ерекшеліктерін сипаттайтын
жеке элементтерді: қораздың айдарын, түлкінің құйрығын, қоянның құлағын,
тағы басқа түрлерді пайдалануға болады. Костюмдер жасауға балалардың
өздерін тартқан жақсы.
Тәрбиешінің басшылығы мынада: ол ең алдымен тәрбиелік маңызы бар, сюжеті
балалардың игеруіне және драматизация ойынына айналдыруға қиын емес
шығармаларды іріктеп алады.
Мектепке дейінгі балалармен ертегіні арнайы жаттаудың қажеті жоқ. Тамаша
тіл, тартымды сюжет, текстегі қайталаулар, оқиға дамуының ширақтығы- осының
бәрі оны тезірек игеруге көмектеседі. Ертегіні қайталап айтқанда балалар
оны жадында жақсы сақтайды да, ойынға араласып, жекелеген кейіпкерлердің
рольдерін орындай бастайды. Ойнай жүріп бала өз сезімдерін сөзбен,
ишаратпен, ыммен, интонациямен тікелей жеткізеді.
Драматизация ойынында балаға қандай да болсын айқын тәсіл көрсетпеу
керек- ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Драматизация ойынын өрістетуде, бейненің сипатты белгілерін игеріп, оны
рольде көрсетуде оған педагогтың өзінің ықылас қоюының, оның ертегіні оқып
немесе айтып берген кезде көркемдік әсерлендіру құралдарын пайдалана
білуінің зор маңызы бар. Дұрыс ырғақ, алуан түрлі интонация, пауза, кейбір
ишараттар бейнені жандандырып, оларды балаларға жақын етеді, олардың
ойнауға ықыласын күшейтеді. Ойынды үсті-үстіне қайталай келе, олардың бәрі
де тәрбиешінің көмегін керексінбей, өздігінше ойнай бастайды. Драматизация
ойынына бір мезгілде бірнеше бала ғана қатыса алады, сондықтан педагог
балалардың бәрі де кезекпен қатысып шығатындай етуге тиіс.
Мектепке дейінгі ересек балалар рольдерді бөлісерде балалардың ынтасын,
тілегін ескереді, ал кейде санау қолданады. Бірақ бұл ретте де тәрбиешінің
кейбір көмегі қажет: ол жасқаншақ балаларға құрбыларының игі тілектестігін
туғызып, оларға қандай рольді тапсыруға болатынын айтып беруге тиіс.
Басқалардың күте –күте жалықпауы үшін, бір мезгілде ойнайтын бірнеше топ
ұйымдастыруға, көрушілер мен ойнаушыларды алмастырып отыруға болады.
Балалардың ойын мазмұнын игеруіне, образға енуіне көмектесе отырып
тәрбиеші әдеби шығармаларға жасалған суреттерді көруді пайдаланаы,
кейіпкерлерге тән кейбір қасиеттерді анықтай түседі.
Құрылыс ойыны – балалар іс-әрекетінің бір түр, оның негізгі мазмұны
қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарда және соларға байланысты іс-
әрекеттерді бейнелеу болып табылады.
Құрылыс ойыны қайсыбір жағынан сюжетті рольді ойынға ұқсас келеді және
соның бір түрі деп қаралады. Олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар
Баланың бірінші әрекеті - ойын
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Дидактикалық ойындар-кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру құралы
Балалардан орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар
Бала қабілетінің қырларын жан - жақты дамыту
Бастауыш сыныптың оқыту процесі
Мектеп жасындағы балалардың ойлауын дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі
Пәндер