Turbo Pascal программалау тілі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Turbo Pascal программалау тілі
Паскаль тілін 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінңрек бекітілді, ол сол кездерде кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.
Бұл тілде жазылған прогрмма компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі - алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі - объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өнделеді.
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі - Turbo Pascal. Американың Borland корпорациясының бұл өнімі сол корпорациясының қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жетекшілігімен құрастырылған.
Turbo Pascal - дың түп нұсқасы швейцария ғалымы Никлаус Вирт жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Бастапқыда Паскаль тілі программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді құрал болып табылған.
Қарапайым Паскальды өңдеуге А. Хейлсбергтің үлкен еңбегінің нәтижесінде Turbo Pascal қазіргі заман талабына сай, қуатты программалау жүйесіне айналды. Turbo Pascal - жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Сондықтан, оқушылар мен студентерге программалаудың негізін Turbo Pascal тілін оқытып-үйретуден бастап, программалаудың қыр - сырын меңгертудің маңызы зор.
Бұл, оқу құралында қамтылған материалдар программалауды алғаш бастап үйренушіге ыңғайлы, әрі түсінікті баяндалған. Жоғарыда айтылғандай, Turbo Pascal - дың әліппесі Паскаль программалау тілі болғандықтан бұл екі ұғымды тұтас қарастыруды жөн санадық.
Алғанқы тауарларда Turbo Pascal тілінің шығу тарихы, алфавиті және қолданылатын негізгі ұғымдар туралы баяндалған. Сондай-ақ, тілдің операторлары, оларды қолдану мысалдары келтірілген. Turbo Pascal ортасында жұмыс істеудің ерекшеліктері толық қарастырылған. Әрбір теориялық мәліметтер қарапайым мысалдармен толықтырылып, жан - жақты қамтылды. Баяндалған материалдарды бекітуге жаттығулар, тапсырмалар, практикалық жұмыстар тобы беріліп отыр.
Соңғы тауарларда Turbo Pascal ортасында жұмыс істеу ерекшеліктері айтылған.
Turbo Pascal туралы тарихи анықтама
Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Швейцария физигі Никлаус Вирт (Nikalaus Wirth) тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.
Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде, 1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлбергтің жасаған жаңа үлгісі - Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сұраныс ие болды. Оның бұл нұсқасы СР/М операциялық жүйесіне негізделген. 1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырылғалы бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті. Turbo Pascal - дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.
Тілдің алфавиті
Кез келген тілді үйрену оның алфавитінен басталады. Turbo Pascal программалау тілінің де басқа тілдер сияқты өзіне тән алфавиті бар. Программаның элементтерін жазуда қолдануға болатын символдар жиынтығын тілдің алфавиті дейміз.
Turbo Pascal тілінің алфавиті мыңа символдардан тұрады:
1. Латын алфавитінің 26 (баспа және жазба) әріптері:
A, B, C, D . . . , W, X, Y, Z, a, b, c, d, . . . , w, x, y, z;
2. Орыс алфавитінің 32 (баспа және жазба) әріптері программада түсіндірме мәтіндерді жазуда пайдаланылады;
3. Араб цифрлары : 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9;
4. Арнайы символдар. Олардың белгілі бір функцияларды атқаруына сәйкес төмендегі топтарға жіктеуге болады:
а. Айыру (тыныс) белгілері: _(бос орын), . (нүкте), , (үтір), ; (нүктелі үтір), : (қос нүкте), ( ) (ашылған және жабылған жай жақша), [ ] (ашылатын және жабылатын квадрат жақша), '(апостроф), #(тор), т. б. (бұл белгілердің толық тізімін және олардың атқаратын қызметін 1-кестеден көре аласыз) ;
ә. Арифметикалық амалдар таңбалары: + (қосу), - (азайту), *(көбейту), / (бөлу), div (бүтін бөлу), mod (бүтін қалдықты анықтау) ;
б. Қатынас таңбалары: < (кіші), > (үлкен), = (тең), : = (меншіктеу), < > (тең емес), <= (кіші немесе тең), >= (үлкен немесе тең) .
Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес белгіленген коды болады. Жоғарыдағы символдар ASCII (American Standart Code for Information Interchange) коды бойынша 0 - ден 255 дейінгі сандармен кодталынады.
1. 1 - кесте. Паскаль тіліндегі тыныс белгілер
Белгі Қолданылуы
I II
{ } Программаға түсініктеме беруде
(* *) Программаға түсініктеме беруде
[ ] Массив өлшемін белгілеуде
(. . ) Массив индексін, жолдың өлшемін белгілеуде
' Символдар мен жолдық тұрақтыларды белгілеуде
: = Айнымалы мәнін меншіктеуде
; Программаның жолдарын, операторларды, хабарламаларды айқындауда
: Айнымалылар типтерін айқындауда, (белгі мен оператордың арасына)
= Тұрақтымен оның мәнінің арасын бөлуде
, Тізім элементтерінің арасын айыруда
. . Диапазон типін беруде
. Программа соңында
@ Айнымалылар адресін, қосалқы программаны белгілеуде
# Символды оның коды бойынша белгілеуде
$ Компиляр мәліметін белгілеуде
Қызметші сөздер
Turbo Pascal тілінде алдын ала қызметі тағайындалған сөздер тобы қолданылады. Оларды Turbo Pascal - дің қызметші сөздері деп атайды. Бұл сөздер ағылшын тілінде берілгенімен, мағынасы атқарылатын іс-әрекетті баяндайды.
Мысалы: Program - сөзі программаның тақырыбын, begin - программаның басын, end - программаның соңын сипаттауға пайдаланылады. Кестеде қызметші сөздердің тізімі және олардың мағынасы көрсетілген.
1. 2 - кесте. Қызметші сөздер
Қызметші сөз Мағынасы
I II
Absolute Абсолюттік
And және
Array массив
Asm ассемблер
Label белгі
Library библиотека
Mod бүтін қалдық
Nil бос ссылка
Begin басы
Case таңдау
Const тұрақты
Constructor конструктор
Destructor деструктор
Div бүтін бөлу
Do орында
Downto кеміту
Else әйтпесе
End соңы
Export экспорт
External сыртқы
File файл
For үшін
Function функция
Forward оздыру
Goto көшу
If егер
In құрамында
Inline негізгі
Interface интерфейс
Interrupt үзу
Not терістеу
Object объект
Of тип анықтау
Or немесе
Packed жинақталған
Procedure процедура
Program программа
Record жазба
Repeat қайталану
Set көпшелеу
String жол
Then онда
To дейін
Type тип
Unit модуль
Until соған дейін
Uses пайдалану
Var айнымалы
While әзір
With жазба басы
Xor немесе кері
Идентификатор (атау)
Turbo Pascal тілінде атауды идентификатор деп атайды. Яғни, идентификатор программманың кез келген элементіне (айнымалылар, тұрақтылар, функциялар, файлдар, жиындар, т. б. ) берілген атау. Ол стандартты және пайдаланушылар идентификаторлары болып екіге бөлінеді.
Стандартты функциялар, қызметші сөздер, т. с. с. стандартты объектілер атаулары стандартты идентификатор тобына жатады. Олардың көпшілігі алдың ала орындалынатын операция немесе белгіленген элемент туралы мағлұмат беріп тұрады. Мысалы: Real (нақты сан), WriteLn (Write Line - жолды шығару), Begin (басы), End (соңы), Program (программа) .
Пайдаланушылар идентификатор ретінде әріптер мен цифрлар тізбегі алынады. Программалаушы идентификатордың төмендегі жазылу ережелерін білуі қажет:
- Идентификатор міндетті түрде әріптен басталатын латын әріптері мен цифрлардан тұрады;
- Оның құрамында орыс алфавитінің әріптері, арнайы символдар, әсіресе, бос орын болмауы қажет;
- Қызметші сөздер пайдаланушылар идентификаторы бола алмайды;
- Идентификатордың максимальды ұзындығы - 127 символ болғанымен, оның тек 63 символы Turbo Pascal - да оқылады.
Идентификатор қысқа, әрі түсінікті болғаны дұрыс. Себебі, оның мағынасы болмағаны қателік туғызбаса да, белгіленген программа элементі туралы мәлімет беруі тиімді екенін ескерген жөн. Мысалы: metka 126 Blok6 Window1, т. с. с.
Бір программада бірнеше объектіге бір ғана атау беруге болмайды. Бұл шарт орындалмаған жағдайда экранға төмендегідей хабарлама шығады: Error4: Duplicate identifier (Қате 4: Қайталанған идентификатор) .
Идентификатор тағайындауда программалаушылар тарапынан жиі жіберілетін қателіктер:
3Dgraph - цифрдан басталған;
Nomer. Doma - құрамында нүкте бар;
Blok# - арнайы символ қойылған;
My Program - құрамында бос орын бар;
Mod - қызметші сөз қолданылған.
Turbo Pascal - дағы негізгі ұғымдар
Программаға сипаттама. Берілгендер. Нәтиже.
Программа - берілген есептің шешілу жолын анықтайтын алгоритмнің арнайы машиналық тілде жазылуы.
Программаның негізгі сипаттамасы:
- алынған нәтиженің дұрыстығы;
- орындалу уақыты;
- жадыдағы алатын орны немесе көлемі.
Кез келген программаның басты қызметі - берілгендерді өндеу болып табылады. Программаның басындан өделуге берілген мәліметтер - алғашқы берілгендер деп аталады.
Алғашқы берілгендерді пернетақта көмегімен енгізуге болады. Кейбір жағдайда алғашқы берілгендерді программа дискідегі файлдардан да оқи алады.
Программаның орындалу барысында алғашқы берілгендер өнделініп, нәтижеге айналады. Алынған нәтиженің нақты әрі дұрыс болуы - программаның басты сипаттамасы болып табылады.
Тұрақтылар
Программада қолданылатын берілгендердің элементіне тұрақты немесе айнымалы жатады. Программаның басында мәні анықталған және программаның орындалу процесінде осы мәні өзгерісссіз қалатын шама тұрақты деп аталады.
Turbo Pascal - да тұрақтылардың сандық, логикалық (булевтік), символдық, жолдық түрлері қолданылады. Сандық тұрақтылардың мәні нақты және бүтін сандар болады. Логикалық мазмұндағы ақиқат-жалған немесе 0-1 сигналдарын қабылдай алатын тұрақтылар логикалық (булевтік) тұрақты деп аталса, символдық және жолдық тұрақтылар жеке символдан және олардың жиынтығынан тұрады.
Айнымалылар
Программаның орындалу барысында мәні өзгере алатын шама - айнымалы деп аталады. Программадағы айнымалы ұғымы түсінікті болуы үшін оны компьютердің аты аталған (идентификатор) ұяшығы деп қарастырайық. Мысалы: с:=2 яғни, с атаулы ұяшыққа 2 саны орналастырылды дейік.
c:=c+4 амалы орындалғаннан кейін с ұяшығындағы 2 санына 4 қосылып, c:=6 болады. Ұяшыққа жазылған соңғы мәлімет бастапқы мәліметтерді өшіріп отырады. Мысалдан көргеніміздей, әр түрлі өнделуден кейін ұяшық ішіндегі мәлімет өзгереді. Ал ұяшық, яғни айнымалы атауы сол қалпында қалады. Айнымалының соңғы мәні ағымдағы мән деп аталса, айнымалы әр уақытта бір ағымдағы мәнгі ие болады.
Стандартты функциялар
Паскаль тілінің стандартына қараған Turbo Pascal - да стандартты функциялар саны көбейген. Жолдармен, көрсеткіштермен және адрестермен жұмыс істейтін стандартты функциялар қызметі туралы кейінгі тауарларда айтылады. Ал, стандартты арифметикалық функцияларға тоқталар болсақ олар мына ережелер бойынша жазылады:
- Стандартты функция атауы латын алфавиті әріптерімен жазылады;
- Функция атауы алты әріптен аспауы қажет;
- Функция аргументі жай жақшаға алынады;
- Функция аргументі бірнешеу болса, олардың арасына үтір таңбасы қойылады;
- Тригонометриялық функция аргументтері радиан өлшемімен беріледі.
Арифметикалық өрнектер
Программадағы барлық есептеулер арифметикалық өрнектің көмегімен ұйымдастырылады. Өрнек - тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан, амалдар таңбасынан және өрнектің орындалу ретін өзгертуге арналған жай және өрнектің орындалу ретін өзгертуге арналған жай жақшадан тұрады. Қарапайым жағдайда өрнек тек бір ғана айнымалыдан немесе тұрақтыдан тұруы мүмкін. Turbo Pascal айнымалыдан немесе тұрақтыдан тұруы мүмкін. Turbo Pascal тіліндегі арифметикалық өрнекк сызықты түрде, яғни бөлшектің бөлімі мен алымы, дәреже көрсеткіштер мен индекстер бір қатарда жазылады. Сондай-ақ, өрнектің әдеттегі жазылуынан айырмашылығы амал таңбалары міндетті түрде қойылады. Мысалы: 4а - bc өрнегіндегі көбейту таңбасы Turbo Pascal тілінде міндетті жазылады, яғни 4*a-b*c
Өрнектің нәтижесі бүтін немесе нақты сан болады. Арифметикалық өрнектегі амалдардың орындалуы жақша ішінен басталады. Өрнекте жақша болмаған жағдайда амалдар 1. 3 - кестедегі реттілік бойынша орындалады.
1. 3- кесте. Амалдардың орындалу реті
Реті Амалдар
I II
1 not, @
2 *, /, div, mod, and, shl, shr
3 +, -, or, xor
4 =, <>, <, >, <=, >=, in
Мысалы:
y= x2 - x1/ z2 - z1
Div және mod амалы
1. Div - division cөзінен қысқартылып алынған. Бұл сөздің қазақша мағынасы - бөлу. Div амалынын әдеттегі бөлуден айырмашылығы: бөліндінің тек бүтін бөлігі ғана алынады, бөлшек бөлімі қарастырылмайды.
Мысалы: 40 div 8 = 5
11 div 5 = 2
10 div 3 = 3
123 div 4 = 30
Div амалы орындалған нәтиженің таңбасына да мән берген жөн.
Мысалы:
17 div (-5) = -3
-17 div 5 = -3
-17 div (-5) = 3
Егер, div амалы бойынша жазылған өрнекте кіші сан үлкен санға бөлінсе, нәтиже 0 - ге тең болады.
Мысалы: 5 div 17 = 0
4 div 10 = 0
2. Бөліндінің бүтін қалдығын табу амалы - mod (modulus) .
Мысалы: 10 mod 5 = 0
10 mod 3 =1
14 mod 5 = 4
Егер, бөлінді немесе бөлгіштің таңбасы теріс болса, mod амалы орындалғанда нәтиже таңбасы төмендегідей:
17 mod -5 = 2
-17 mod 5 = -2
Turbo Pascal тіліндегі программа
Программа құрылымы
Программа - белгілі бір программалау тілінің синтаксистік ережелеріне сәйкес жазылған нұсқаулар тізбегі. Демек, Turbo Pascal тілінде программа жазу үшін программалаушы оның жазылу ережесін жақсы білуі қажет.
Turbo Pascal тіліндегі программа жалпы мына түрде жазылады:
Программа тақырыбы;
Сипаттау бөлімі;
begin
Орындалатын бөлімі;
end
- Программа тақырыбы program қызметші сөзінен басталады. Ол программа атынан және параметрлерден тұрады. Мысалы:
Program esep1 (input, output) ;
Мұндағы esep1 - программаға берілген атау.
Программалаушы программа атын өз қалауыгша бере алады. Программа атауы оларды екінші бір программадан ажыратуға қажетті көрсеткіш.
ЕСКЕРТУ! Программа атауының оның мазмұны сақталынған файл атауына еш қатысы жоқ.
Input, output - стандартты енгізу, шығару файлы.
- Сипаттау бөлімінде программада кездесетін барлық берілгендердің атауы, типі, мүмкін болатын мәндері, т. б. хабарланады.
- Орындалатын бөлімде begin және end қызметші сөздері арасына операторлар тізбегі жазылады. Сол себепті, begin (ашылатын) және end (жабылатын) қызметші сөздерін операторлар жақшасы деп атаса да болады. Оператор - нұсқаулардың машиналық тілде жазыуы. Снда әрбір оператор орындалуға қажетті әрекетті машинаға түсінікті түрде сипаттайды. Программаның бір жолына бірнеше операторларды жазуға болады. Олардың арасына (; ) нүктелі үтір таңбасы, ал программаның соңын көрсететін end сөзінен кейін (. ) нүкте қойылады. Программаның орындалатын бөлімінде жазылған операторлар тізбегін -программа денесідеп атаймыз.
Программа бөлімдері
Turbo Pascal тіліндегі программа төмендегі бөлімдерден тұрады:
- Программа тақырыбы;
- Берілгендерді сипаттау;
- Белгілерді хабарлау бөлімі;
- Тұрақтыларды хабарлау бөлімі;
- Типтерді хабарлау;
- Айнымалыларды сипаттау бөлімі;
- Процедура - функцияны хабарлау бөлімі;
- Орындалатын бөлім:
... жалғасыbegin
Программа денесі (операторлар тізбегі) ;
End.
Сонда, программа құрылымы мына түрде болады:
Program программа аты;
Uses
модуль аты;
Label
Белгі;
Const
Тұрақты атауыһтұрақты мәні;
Type
тип атауы = тип сипаттамасы;
Var
Айнымалылар атауы: типі;
(Пайдаланушылар процедурасын және функциясын хабарлау) ;
Begin
Операторлар тізбегі;
End.
Search менюі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz