Валюталық бағам және валюталық нарық



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Валюталық бағам және валюталық нарық ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Валюта жүйе: экономикалық мәні мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
2 Валюта бағамы, оның экономикаға әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3 Валюталық нарықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қолданған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің хадықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.
Валюталық бағам – басқа елдің ақша бірлігіне қатысты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол заңды түрде бекітілген валюталық паритет шеңберінде ауытқып отырады.Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады,ал оның формасы өзгереді. Валюталық бағам, валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар:
1) Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат.
1) экономикалық – халықаралық тәжірибеде анықтелатын экономикалық тікбұрыштың шыңы ияқты; экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10% дейін), жұмыссыздықтың, төменгі деңгейі (8% дейін),дүниежүзілік нарықтағы тепетеңдік.
2) Психологиялық жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауытқиды. ХВҚ – ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ – да валюталық “қоржын” базасында бакітілген.
1. Майдан - Әли Байгісиев. Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық.
2. Международные валютно – кредитное и финансовые отношения. / Под ред. Л.Н.Красавин/
3. Халықаралық экономикалық қатынастар . Р.И.Хасбулатова.
4. Мировая экономика
5. Халықаралық экономикалық қатынастар. Майдан - Әли Байгісиев
6. Рубков Б.Б. Зарубежные фондовые рынки.
7. Вернер Ф.Э Международные валютное право.
8. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика
9. Көшенова Б.А. Ақша,несие, банктер. Валюта қатынастары.
10. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие.
11. Сейтқасымов Ақша,несие,банктер.
12. Халықаралық экономикалық қатынастар. Жалпы ред. Басқарған Р.Е. Елемесов
13. Сахариев Сембай, Сахариева Анель. Әлем экономикасы.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

Валюталық бағам және валюталық нарық ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Валюта жүйе: экономикалық мәні мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
2 Валюта бағамы, оның экономикаға
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 13
3 Валюталық
нарықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...23

Қолданған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Кіріспе

Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып
табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің
хадықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында
валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық
нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда
бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер
мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға
байланысты негізделеді.
Валюталық бағам – басқа елдің ақша бірлігіне қатысты сол елдің ақша
бірлігінің бағасы. Ол заңды түрде бекітілген валюталық паритет шеңберінде
ауытқып отырады.Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның
бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады,ал
оның формасы өзгереді. Валюталық бағам, валюталарға сұраныс пен ұсынысқа
ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар:
1) Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы,
валюталық саясат.
1) экономикалық – халықаралық тәжірибеде анықтелатын экономикалық
тікбұрыштың шыңы ияқты; экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және
инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10% дейін), жұмыссыздықтың, төменгі
деңгейі (8% дейін),дүниежүзілік нарықтағы тепетеңдік.
2) Психологиялық жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға
ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік
шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауытқиды. ХВҚ – ның Жарғысы
бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ – да валюталық
“қоржын” базасында бакітілген.

Валюталық бағам және валюталық нарық

Валюталық бағам - бір елдің ақша бірлігімен шетелдік ақша бірлігімен
немесе халықаралық валюталық бірлікпен берілген бағасы.
Валюталық бағамның құндық негізгі валютаның сатып алу қабілеті болып
табылады. Бұл экономикалық категория тауар өндірісімен және тауар
өндірушілерімен дүниежүзілік нарықтағы өндірістік қатынастарды білдіреді.
Құн тауар өндірісінің экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны
болғандықтан, әртүрлі елдердің ұлттық ақша бірліктің салыстыруы өндіріс
және айырбас процесі қосылуынан тұратын құндық қатынасқа енгізілген.
Тауарлардың және қызметтерді өндірушілер мен сатып алушылар валюталық баған
көмегімен ұлттық бағаларды басқа елдердің бағаларымен салыстыру нәтижесінде
белгілі бір елде қандай да бір өндірісті дамытудың немесе күрделі қаржы
жұмсаудың тиімділік дәрежесі анықталады.
Валюталық бағанға әсер ететін факторлар: кез келген баға сияқты
валюталық баған да құнның негізінен валютаның сұранысы мен ұсынысына
байланысты ауытқып отырады. Сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасы әр түрлі
факторларға тәуелді:
Һ инфляция қарқыны
Һ төлем байланысының жағдайы
Төлем балансы- елдің дүниежүзілік байланысының құндық көрінісі.
Активті төлем балансы ұлттық валюта бағанының өсуіне мүмкіндік береді,
өйткені ұлттық валютаға шетелдік борышкерлер жанынан жанынан сұраныс
көбейеді. Пассивті төлем балансы ұлттық валютабағанының төмендеуін
туғызады. Себебі борышкерлер өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін
ұлттық валютаны шетелдік валютаға сатады (импорт көп болады).
Төлем балансының тұрақсыздығы сәйкес валютаға сұраныс пен ұсыныстың
секірмелі өзгеруіне әкеліп соғады. Қазіргі уақытта төлем балансына
капиталдың халықаралық қозғалысының әсері өсіп отырғандықтан, оның әсері
валюталық бағанға да өседі.
Һ әртүрлі елдердегі проценттік ставка айырмашылығы. Бұл
факторлардың валюталық бағанға әсері екі негізгі себеппен
түсіндіріледі:
Һ проценттік ставканың өзгеруі капиталдың халықаралық қозғалысына
әсер етеді. Процентік ставканың жоғарылауы шетелдік капиталдың
ағуын ынталандырады. Ал оның төмендеуі капиталдың сыртқа
ағылуына дем береді.
Һ проценттік ставкалар валюталық нарық және қарыз каппиталы
нарығының операцияларына әсер етеді.
Һ валюталық нарық және спекулятивтік валюталық операциялар
қызметі. Егер қандай да бір валбта бағаны төмендей бастаса, онда
фирмалар және банктер осы валютаны алдын-ала тұрақты валютаға
айырбастайды. Ал бұл әрекет әлсіреген валюталық позициясын
нашарлатады. Валюталық нарыққа экономикадағы және саясаттағы
өзгерістер курсының ара-қатынас тұрақсыздығы тез әсерін
тигізеді.
Һ Белгілі бір валютаның евронарықта және халықаралық есеп
айырысуларда қолдану дәрежесі. Мысалы, евробондар операцияларының
60-70%-н АҚШ доллары арқылы жүзеге асырылады. Бл осы валютаға
сұраныс пен ұсынысты масштабын анықтайды.
Қазіргі уақытта АҚШ доллар үлесіне халықаралық төлемдердің 55%-тен
жоғары бөлігі тиеді.Мұнай үшін есеп айырусыдың 86-90%, сыртқы қарыздың 70%
тиісті.
Сондықтан Мұнайға бағаның өсуі мемлекеттердің қарыздары бойынша
төлемдердің өсуі доллардың сатып алу қабылеті төмендеген кезде де, оның
курсының өсуіне мүмкіндік туғызады.
Һ Валюталардың бағамдық ара-қатынасына, сонымен қатар халықаралық
төлемдердің тездетілуі немесе тұрып қалуы әсер етеді. Ұлттық
валюта бағаны төмендеп кетуі мүмкін деген оймен импортерлар
контрагенттерге шетел валютадағы төлемді тездетеді. Шетел
валютасының бағаны жоғарлап кеткен жағдайда импортер зиян шегуі
мүмкін.
Ұлттық валюта тұрақталған жағдайда керісінше шетел валютадағы
төлемдерді кідіртуге ұмтылады.
Валюталық бағам валюталық жүйенің негізгі реттеушісі.
Валюталық бағам - бір елдің ақша бірлігімен шетелдік ақша бірлігімен
немесе халықаралық валюталық бірлікпен берілген бағасы.Валюталық бағамның
құндық негізгі валютаның сатып алу қабілеті болып табылады. Бұл
экономикалық категория тауар өндірісімен және тауар өндірушілерімен
дүниежүзілік нарықтағы өндірістік қатынастарды білдіреді. Құн тауар
өндірісінің экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны болғандықтан,
әртүрлі елдердің ұлттық ақша бірліктің салыстыруы өндіріс және айырбас
процесі қосылуынан тұратын құндық қатынасқа енгізілген. Тауарлардың және
қызметтерді өндірушілер мен сатып алушылар валюталық баған көмегімен ұлттық
бағаларды басқа елдердің бағаларымен салыстыру нәтижесінде белгілі бір елде
қандай да бір өндірісті дамытудың немесе күрделі қаржы жұмсаудың тиімділік
дәрежесі анықталады.Валюталық бағанға әсер ететін факторлар: кез келген
баға сияқты валюталық баған да құнның негізінен валютаның сұранысы мен
ұсынысына байланысты ауытқып отырады. Сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасы әр
түрлі факторларға тәуелді:инфляция қарқынытөлем байланысының жағдайыТөлем
балансы- елдің дүниежүзілік байланысының құндық көрінісі.Активті төлем
балансы ұлттық валюта бағанының өсуіне мүмкіндік береді, өйткені ұлттық
валютаға шетелдік борышкерлер жанынан жанынан сұраныс көбейеді. Пассивті
төлем балансы ұлттық валютабағанының төмендеуін туғызады. Себебі
борышкерлер өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін ұлттық валютаны
шетелдік валютаға сатады (импорт көп болады).Тағамдар; мақсатты аймақтар;
гибридті (аралас) валюталық бағам жүйесі.
Еркін қалқу жуйесіндегі валюта бағамы нарықтық ұсыныс пен сұраныстың
әсерінен қалыптасады. Бұл жерде валюталық форекстік нарық нағыз нарық
моделіне жақындатылған: қатысушылардың көлемі сұраныс жағында да үлкен
жүйедегі кез-келген ақпарат лезде жеткізіледі және нарықтың барлық
қатысушыларына қол жетерлік, орталық банктердің бұрламаушы ролі әлсіз және
тұрақты емес.
Басқарылатын қалқу жүесінде валюта бағамына сұраныс пен ұсыныстан
басқа, орталық банктер де үлкен әсерін тигізеді, сондай-ақ, әр түрлі
уақытша (мерзімдік) нарықтық бұрмалаулар.
Бекітілген бағамдар жүесіне Бреттон-Вудтік валюта жүйесі (1944-
1971ж.ж) мысал бола алады.Онда барлық валюталардың бағамы долларға ауытқу
шегі +-1%-пен бекітіленген, ал доллар бағамы алтынға мықты байланысты
болды:алтынның 1 троялық унциясына=35 доллар.
Мақсатты аймақтар жүйесі бекітілген валюттық курстар идеясын
дамытады.Одан басқа бұл түрге Европа валюта жүйесінің қатысушы елдерін
валюта бағамдарының жұмыс істеу режимін жатқызуға болады.
Гибридті валюталық бағамдар жүйесімне қазіргі валюталық жуйе
мысал болады. Онда валюта бағамының еркін қалқуын іске асыратын, тұрақтылық
аумағы бар елдер.
Валюталық бағамдардың әр түрлі белгілер боынша жіктеуге болады.
Валюта нарығында қолданылатын айтарлықтай маңызды ұғымдардың
бірі нақты және номиналды валюта бағамы ұғымы болып табылады.
Нақты валюта бағамына сай келетін валютада алынған екі елдің
товар бағаларының қатынасы ретінде анықтауға болады.
Er - нақты валюталық бағам
Ph - ішкі нарықтағы бағалар
Pf - шетелдік нарықтағы бағалар
En - номиналды валюталық бағам.

Кесте № 1

Валюта бағамы түрлерінің классификациясы

Критерийлер Валюталық бағам
1 Бекіту тәсілі қалқымалы бекітілген аралас
2 Есеп айырысу тәсілі Тең құқықтық (паритетный) деркті
3 Келісімдер түрі Жедел келісімдік Спот-келісімдік
Своп-келісімдік
4 Белгілеу(нұсқау) тәсілі Ресми бейресми
5 Валютаның сатып алу Жоғарылатылған Төмендетілген
қабілетінің паритетке қанынасы Паритетті
6 Келісім қатысушыларына Сатып алу бағамы Сату бағамы Орта
қатынасы бағам
7 Инфляцияны ескеру, есептеу Нақты Номиналды
бойынша
8 Сату әдісі бойынша Қолма-қол сату бағамы Қолма-қол емес
сату бағамы Валюта айырбастаудың
көтерме бағамы Банкноттық

Номиналды валюта бағамы елдің нақ осы уақыттағы жүріп жатқан валютаның
айырбас бағамын көрсетеді.
Сатып алу күші (еррр) тұрақты паритетін қуаттап тұратын валюта
бағамы нақты валюта бағамымен табиғаты (шығу тегі) бірдей.
Баға қатынасы негізінде есептелген нақты валюта бағамынан басқа
осы көрсеткішті басқа негізбен қолдануға болады. Мысалға, оның орнына екі
елдің жұмысшы күшінің құнын алайық.
Ұлттық валюта бағамы басқа әр түрлі валюталарға қарағанда уақыт
аралығында бірдей емес өзгере алады. Осылайша күшті валютамен қатынасында
ол төмендесе, әлсіз валютаға қарағанда көтеріледі.Дәл осы себептен валюта
бағамының динамикасын анықтау үшін валюта бағамының индексін есептейді. Оны
есептеген уақытында әр валюта өзіне тиісті сыртқы экономикалық келісім-
шарттан үлесіне байланысты өз салмағын алады. Барлық салмақтар суммасы
бірлікті құрайды(100%) Валюта бағамдары олардың салмағына көбейтіледі,
алынған мөлшерлер жинақталады (қосылады) және олардың орта мәні алынады.
Қазіргі жағдайда валюта бағамы кез-келген нарықтық баға сияқты
сұраныс пен ұсыныс әсерімен құрылады. Соңғыларын тепе-теңестіру валюта
нарығында нарықтық валюта бағамының тепе-теңдік деңгейінің орнығуына алып
келеді. Бұл негізгі (фундаментальді) тепе-теңдік деп аталады.
Мұндағы шетел валютасына сұраныс (D) мөлшері елдің товармен
қызмет импортына қажеттілігімен, ол елдің туристік шығындары, шет
мемлекекеттерге шыққандармен , резиденттердің шетелде инвистициялық
жобаларын іске асырғысы келетіндігіне байланысты шетел қаржылық активтеріне
және шетел валютасына сұраныспен анықталады.
Шетел валютасының бағамы жоғарылаған сайын, оған сұраныс азаяды,
шетел валютасының бағамы төмендеген сайын, оған сұраныс көбее түседі.Осы
жағдайлармен қаралып жатқан графикте, сұраныс қисығының иілуі анықталады.
Шетел валюта ұсынысының мөлшері осы мемлекеттің валютасына шетел
мемлекетінің резиденттерінің сұранысы осы мемлекеттегі қызметтерге шетел
туристерінің сұранысы, шетел инвесторларының активтерге сұранысы, осы
мемлекеттің ұлттық валютасында көрсетілген, резидент еместердің осы
мемлекетте инвестициялық жобаларын іске асыру мақсатымен ұлттық валютаға
сұранысымен анықталады.
Сонымен, қаншалықты отандық валютаға қатынасында шетел
валютасының бағамы жоғары болса, соншалықты аз ұлттық нарық субьектілері
оны шетел валютасына ауыстыруға дайын және керісінше қаншалықты ұлттық
валюта бағамы шетел валютасына қатынасында төмен болса, соншалықта көп
ұлттық нарық субьектілері шетел валютасын сатып алуға дайын. Осы
тусініктермен ұлттық валюта ұсынысы қисығының иілуі түсіндіріледі.
Валюта айырбас курсының фундаментальді тепе-теңдігін өзгертуге
ікелетін бір қатар факторлар бар. Олар құрылымдық (ұзақ мерзімді кезеңде
әрекет етуші ) және коньюнтуралық (валюта бағамының қысқа мерзімді ауытқуын
тудыратын) болып бөлінеді.

2-кесте
1997 жылдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық теңгесіне шетел
валюталарының бағамдары.

Валюта атауы валюта бағам
Австрия шиллингі (Shіllіng) ATS 6,00
Бельгия франкі (Belgіan franc) BEF 2,06
Швецария франкі (Swіs franc) CHF 51,77
Қытай юаны (Yuan remіndі) CNY 9,12
Кипр фунты (Cyrus pound) CYP 22,62
Неміс маркасы (Deutshe mark) DEM 43,67
Еуропа экюі ECU 83,36
Француз франкі (French franc) FRF 12,65
Ағылшын фунт стерлингі (Pound sterlіng) GBR 121,44
Жапон йенасы (Yena) YPU 0,62
Қырғыз сомы (Som) KGS 4,36
Кореяның воны KRW 1,00
Қазақ теңгесі (Tenge) KZT 1,00
Мальтияның лирі MTH 176,92
Голландия гульдені NHG 37,75
Ресей рублі (Russіan rouble) RUR 12,98
Украина гривнасы UAN 40,44
АҚШ доллары ( Unіted States dollar) USD 75,55
Өзбек сомы (Usbekіstan sum) UZS 1,46

1. Валюта жүйе: экономикалық мәні мен түрлері

Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық
келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру
және реттеу формасын бiлдiредi .

Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының
қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк
шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан
қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiреді.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Римде
вексель түрінде пайда болды. Яғни, оларда алғаш рет вексель жәрменкелері
пайда болып, аудармалы вексель бойынша есеп айырысулар жүргізілді.

Шаруашылықтың интернационалдануы және әлемдiк еңбек бөлiнiсiн
интенсивтендiрілуі халықаралық нарықтың құрылуына себепшi болды.
Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi рыноктағы өркендеген салалардың
өнiмiн сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын
жетiлдiру – мiне осылардың бәрi әлемдiк сауда саттық байланыстардың
кеңесiне әсер еттi. Яғни, сыртқы сауда жағдайларын, әр елдің
валютасының құнын анықтау қажеттігі туындады. Алғашында мұндай
айналыстарға елдер немесе аумақтар бойынша алтын қолданылса, ал осы
заманғы күрделенген төлем жүйелерінің және төлем тәртіптерінің пайда
болуына байланысты бұл валюталық қатынастар одан сайын күрделене түсті.

Әлемдегi елдердiң қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал
және несие жылдан – жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы
өндiрiс процесiнде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдiк
нарыққа ұласады және де әрбiр егемен мемлекеттiң заңды төлем
құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында,
әдетте, шетел валютасы қолданылады. Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа
интеграциялауына ақша капиталының бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел
валютасына және керiсiнше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта
есеп айырылысу және несие – қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың ұлттық және әсемдiк
экономиксының дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арсындағы күштердiң
шектi қатынастарына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық
байланыстарда, оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен
экономика, дипломация мен комерция, өнер кәсiптiк сауда мен өндiрiс
бiр – бiрiмен өзара бетеме байланысуы валюталық қарыс – қатынастардың
ұлттық және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi.
Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк
нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай
капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше .
Ол көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және
қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндiрiстiң
сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы; шетелдiк ғылым
деңгейiне, халық аралық сауданың дамуына, шетел капиталы ағымына арта
түседi. Сондықтан да бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң
арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi.
Халықаралық сауданың дамуына, валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен
валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процентiне керi әсерiн тигiзедi.
Дүниежүзілiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында
оның құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық
қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi
жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн
жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.

Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
1. Ұлттық валюталық жүйе;
2. Дүниежүзілiк валюталық жүйе;
3. Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе.
Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.

Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге
асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын
және оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтық
бiлдiредi.

Ұлттық валюта елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота,
монета) және қолма-қолсыз формада (банктік шоттағы ақша қалдығы) бола
алады. Оның эмитенттері Орталық және коммерциялық банктер.

Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның
ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық
байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Дүниежүзілiк валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына қарай құрылған .

Дүниежүзілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие қаржы
институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз
ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқұқтардың
нормалар кешенiн құрайды . Бұл ереже шарттардың негізгі міндеті –
халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы
фирмалардың іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі
халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға
мүмкіндік туғызуы қажет.

Ұлттық және дүниежүзлiк валюталық жүйелер арасындағы байланыстар
мен айырмашылықтары олардың негiзгi элементтерiнен көрiнедi. Оны
келесi 1-ші суреттен көре аламыз.

Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес рөл атқарады. Ол
өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-
есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша
айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйе мен ұлттық валюталық жүйе
арасындағы тығыз байланыс, сыртқы экономикалық қызмет көрсететін Орталық
банктер арқылы жүзеге асырылады.

Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк
валюталық жүйе тереңдiгiне құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе
– бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта
аймағында ұйымдастырылуы – экономикалық формасындағы катынастырды
бiлдiредi.

Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс белгiлерiне
байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк шаруашылықтың
негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.

Дүниежүзілiк валюталық жүйелердiң арасындағы дағдарыс тұсында
оның құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық
қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi
жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн
жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.

Жаңа дүниежүзілiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен
жүргiзiледi:

1-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың
түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара
байланысы сақталады.

2-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен
аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.

3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.

Дүниежүзілiк ваюталардың жүйенiң мынандай эваолюциялары белгiлi:

1. Жаңа валюталық жүйенiң құрылуының алғы шарттары.
2. Париждiң валюталық жүйесi.
3. Генуэз валюталық жүйесi.
4. Бреттон – Вудс валюталық жүйесi.
5. Ямайка валюталық жүйесi.
6. Еуропалық валюталық жүйесi.
1929-1936 жылдарда дүниежүзілiк валюталық дағдарыстың басты
ерекшелiктерi келесiдей:

– циклдiк сипат: валюталық дағдарыс дүние жүзлiк экономикалық
және ақша несиесiмен байланысты болды;

– құрылымдық сипат: дүниежүзлiк валюталық жүйенiң алтын девиздiк
стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;

– ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзiне дейiн болуы.

БҰҰ–ның Бретон–Вудстағы 1944 жылы болған валюталық қаржылық
конференциясында дүниежүзлiк сауданың ұйымдастырудың, валюталық,
несиелiк және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелерi
бекiтiлiп үшiншi валюталық жұйе дүниеге келдi.

60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон – Вудс валюталық жүйенiң
дағдарысқа ұшырауы. 1976 жылғы қаңтардағы ХВК - ға мүше елдердiң
Кинготондағы келiсiмi ХВК – дың жарғысына өзгерiстер енгiзе отырып,
төртiншi валюталық жүйенiң келесiдей бағыттарын бекiттi:

• Алтын – девиз стандартты орнына СДР стандарты енгiзiлдi;
• Елдерге кез-келген валюталық бағам режимiнiң таңдауға құқық
берiлдi.
СДР-дiң қызметт етуiнiң мынандай басты мәселесi болды:

1. эмиссиялау және басу;
2. қамтамасыз ету;
3. бағамды анықтау әдiсi;
4. СДР-дiң пайдалану ауқымы;
Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану процесiн
ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң даму
себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас
орталықтардың дүниежүзлiк нарықтағы өзара қарсы күресi және валюталық
тұрақсыздағы жатады . Еуропалық экономикалық қоғамдастық – бұл батыс
еуропа елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру тобын
бiлдiредi , ол 1957 жылы наурызда алты елдiң: ФРГ, Франция, Италия,
Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерiнiң арасыында жасалған
келiсiм шартында қабылданып, 1958 жылдың 1 каңтарында басты қызмет
етедi.

Батыс еуропалық интеграция өзiнiң iрi ерекшелiктерiмен
ажыратылады:

Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы көмiрдiң ортақ нарығынан басталады және
шаруашылық кешен интегралданғанға дейiн 6 ел және 12 саяси одақ
болса, бiрiншi уақытта 15-16 мемлекетке жеттi.

Екiншiден, ЕҚ – ның институционалдық құрылымы мемлекеттiң құрылымына
жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:

• Еуропалық кеңес;
• Министiрлер кеңесi – заң шығарушы орган;
• ЕҚ комисиясы – атқарушы орган
• Еуропалық парламент – кеңес берушi орган. Бұл орган ЕҚ және министiрлер
кеңесiнiң қызметiн бақылайды, ЕҚ бюджетiн бекiтедi.
ЕҚ соты – құқықтық нормаларын сақтамаудың қадағалау ұйымы.

Үшiншiден, интеграцйиялық процестiң материялдық негiзi болып, ЕҚ –
тың бюджетiнiң бiр бөлiгiнен құралған көп бiрлескен қорлар қызмет
етедi.

1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Евро қолма – қолсыз төлемдер
үшiн мемлекеттердiң жаңа қағаздарын орналастыру енгiзiлiп, эволюциялық
одаққа мүше елдердiң ұмтық ақша бiрлiктерi 2002 жылы 1 шiлдесiнен
бастап өз қызметтерiн жойды делiнген.

ЕВЖ, алтындынақты резервтiк активтер пайдаланды:

Бiрiншiден, Еуро – алтынмен жартылай қамтамасыз етiлген;

Екiншiден, ЕҚ – қа бiрлестiгi үшiн 207 кг мөлшерiнде бiрлескен
алтын қоры құралған.

ЕВЖ-дегi мемлекет аралық аймақтықты реттеу орталықты банктерге
уақытша төлем балансындағы тапшылықты жабуға және валюталық
интеграцияға байланысты есеп айырысулар үшiн несие беру жолымен
жүзеге асырылады.

Екiншi дүниежүзілiк соғыста Еуропа мемлекеттерiнiң қираған
экономикасын қалпына келтiру және тұрақтандыру мәселелерiн шешу
мақстында Бреттон-Вудстағы өткен халықаралық валюта қаржылық
конференциясында 2 ұйым: Халықаралық валюта қорын (ХВҚ) және
халықаралық қайта құру және даму банкi ( ХҚҚДБ) құру туралы қаулы
қабылданды. Қор әлемдiк валюта жүйесiнiң тұрақтылығын қолдау үшiн,
ал банк оған қатысушы елдердiң ұзақ мерзiмдi экономикалық дамуын
ынталандыру үшiн құрылған .

2 Валюта бағамы, оның экономикаға әсері

Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық
валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі
белгілі бір арақатынаспен жүргізіледі. Әр түрлі мемлекеттердің ақша
өлшемдерінің арақатынасы,яғни басқа елдің (немесе халықаралық ақша
өлшемінде) ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасы
валюта бағалы деп аталады.
Валюта бағамы халықаралық валюталық, есеп айырысу, несие
қаржылық операцияларды жүргізу үшін қажет. Мысалы, экспортшы шетел
валютасымен түскен түсімді ұлттық валютаға айырбастайды , себебі басқа
елдің валютасы бұл мемлекеттің жерінде күнбе-күнгі жағдайда ақша
қаражаты ретінде айналысқа түсетін құқы жоқ. Ал импортшы шетелден сатып
алған тауарларға төлеу үшін шетел валютасы н сатып алады.
Валюта бағамы қайта есептеу коэффициенті емес, ол шетел
валютасымен немесе халықаралық валюталық өлшемдермен (СДД,ЭКЮ)
көрсетілген осы мемлекеттің ақша өлшемінің ”бағасы”. Валюта бағамы валюта
нарығындағы сұраныспен ұсыныс механизмі арқылы күнбе - күнгі айналым
процеснде валюталарды салыстыру барысында қалыптасады. Валюта бағанын
қалыптастырудың негізі не? Тауарлардың бағасы оның құны негізінде
құралатыны сияқты, ақша өлшемінің бағасы оның сатып алу мүмкіндігінің
негізінде қалыптасады.
Валюта бағамының қалыптасуы - көп факторлы процесс.
Валютаға сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторларға мыналар
Һ инфляция қарқыны;
Һ процент мөлшерінің деңгейі;
Һ бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі;
Һ төлем балансының жағдайы.
Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін
факторлар. Мысалы ,егер басқа факторлар кері әсер етпесе , басқа
елдермен салыстырғанда елдегі инфляцияның қарқыны жоғары болған сайын ,
оның сатып алу мүмкіндіктерін төмендетіп және валюта бағанының құлдырау
тенденциясын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық бағамдар өзгерісінің әсерінің есебі
Валюталық қатынас және валюта жүйесі
«Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу»
Валюталық операцияларды жүргізудің мәнімен түрлері
Валюталық операцияларды тіркеу
Валюта бағамының теориялық аспектілері
Валюта атауы валюта бағам
Ақша рыногының теориялық негіздері
Ресей Халықаралық валюта қоры
Валюта, валюталық қатынастардың теориялық негізі
Пәндер