Өндірісі және талап


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТАЛАП ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ТАЛАПТЫҢ ТҮСІНІГІ

1. 1 Талап өндірісінің жалпы сипаттамасы . . . 6

1. 2 Талап түсінігі және түрлері . . . 11

1. 3 Талап элементтері . . . 13

2 ТАЛАП ҚОЮҒА ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТАЛАП ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНУ НЫСАНДАРЫ

2. 1 Талапқа құқық . . . 23

2. 2 Талап қою құқығының жалпы сипаттамасы . . . 27

3 ТАЛАП АРЫЗ ТҮСІНІГІ МЕН НЫСАНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3. 1 Талап арыздың нысаны мен мазмұнының заңға сәйкестігі . . . 35

3. 2 Талап арыздың реквизиттері, оның іс жүргізушілік маңызы мен мәселелері . . . 38

3. 3 Талап арыздағы талаптың құны . . . 42

3. 4 Талап арызда жіберілген кемшіліктерді түзету жолдары . . . 45

3. 5 Аралық сотта талаптық істердің қаралуы мен өзгешелігі, ондағы талап арыздың ерекшелігі мен құқықтық мәселелері . . . 54

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . . . 66

:
:





КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Жалпы азаматтық iс жүргiзу бұл Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарымен өз құзыретiне жатқызылған талап қою және өзге iстердi қарау мен шешу барысында сот төрелiгiн атқару кезiнде туындайтын қоғамдық қатынастар.

Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекет құруды басты бағыт ретінде ұстанған мемлекет пен қоғамды басты құндылық адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғам мүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады. Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал белгілі бір топтардың, яғни өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады.

Құқық пен мүддені қорғаудың сәтті де тиімді жүзеге асырылуы мемлекет бекіткен құқықтық тетіктердің тиімділігі мен икемділігі, сапалылығы мен қоғамдық өмірдің деңгейі мен сәйкестігіне байланысты болады.

Нарықтық қатынастардың қалыбы орныққан демократиялық қоғамда меншік және өзге де мүліктік құқықтар қасиетті ұғым болап саналады, әрі оны қорғау да мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Белгілі бір құқықтар мен заңды мүдделерін қорғау үшін адамдар оның қорғаудың сан түрлі тетіктерін қолданады және қорғау тәсілін таңдай құқығы олардың өздеріне қалдырылады. Яғни құқықтар мен бостандықтарды мемлекеттік немесе қоғамдық тәртпте қорғауды жүзеге асырады. Азаматтар мен ұйымдар даулы құқықтарын жүйелеп көбінше соттарға халықаралық төреліктерге жүгінеді.

Жалпы алғанда соттық тәртіпте қаралатын істердің түгелге жуығы талап қою тәртібімен жүзеге асырылады. Талап және оның элементтерінің ұғымы мен түрлеріне теориялық тұрғыда салыстырмалы саралау жүргізе отырып талдам жасау мәселенің құндылығын айқындай түсетіндігі анық жағдай. Талап нысаны мен негізінің өзекті мәселелері, мазмұны мен субъектісіне, талаптың объектісіне тәжірилік сараптама жасау нәтижесінде белгілі бір кемшіліктерді айқындай отырып, оны шешудің жолдарын ұсыну көзделеді. Талап өндірісіндегі қолданыстағы терминдердің қазақша атауларының жай-күйі мен құқықтық ахуалы туралы тезден өткізілуге жататын терминдердің мәселелері мен аудармалық қателіктердің негізін ашып көрсетіп, ұсыныстар әзірлеу.

Талап қою азаматтық іс жүргізу құқықғының ең бір күрделі де ауқымды бөлігі болып табылады. Талап ұғымы, оның түрлері, талап арыздың теориялық мәселесі, талаптың құрамдас бөліктерінің құқықтық мәселелерінің өзектілігі көптеген үдерісші-заңгер ғалымдардың ғылыми еңбектерінің объектісіне айналды. Талаптың элементтері мен түрлерінің сипаты мен ерекшелігіне қатысты қазақстандық та, ресейлік те ғалымдар қалам тартуда. Атап өтетін болсақ, олар Ю. Г. Басин, З. Х. Баймолдина, З. К. Абдуллина, А. Ж. Касенова, Т. Е. Каудыров, Г. А. Жайлин және т. б. Ресейлік ғалымдарды атап өтсек:

- Осокина Г. А., Филиппов П. М., Чечот Д. М., Анисимова Л. И., Арапов Н. Т., Абрамов С. М., Башкатов Н., Безлипкин Т. Т., Василенко К. М., Василева Г. Д., Викут М. А., Гурвич М. А., Добровольский А. А., Иванова С. А., Джалипов В. Г., Елисейкина Г. Ф., Иванов О. В., Кожухарь А. Н., Анисимова Л. И., Кострова Н., Комиссаров Н. И., Осипов Ю. Н., Курылев С. В., Треушников М. К., Пушкарь Е. Г., Пятиллетов И. М., Шакарян М. С., Швейцарь Д. В., Юдельсон К. С. тағы басқа да көптеген ғалымдар ғылыми еңбектерінде көрсетіп кеткен.

Аталған ғалымдардың еңбектерінде таоаптың құрамдас бөліктерінің ұғымы мен түрлеріне маңыздылығы мен ғылыми құндылығы жоғары дәрежеде теориялық және тәжірибелік сипатта зерттеу жүргізілген.

Диплом жұмысының тақырыптық мәселелерін талқылау кезінде таоап ұғымынан бастап таоап арыздың құрылымы мен нысанының құқықтық маңызына тоқталып, талап элементтеріне жеке бөлімде толық қарастырып өтеді. Зерттеу жұмысының жазылу барысында, сонымен қатар әртүрлі ғылыми монографиялар мен кітап, оқу құралдары, газет-журнал беттеріндегі мақалалар пайдаланылды.

Диплом жұмысында зерттеу тақырыбының қайнар көздеріне жалпылай сараптамалық талдама жасай отырып талаптың құрамдас бөліктерінің құрылымын анықтау, талап элементтерінің жеке түрлерінің құқықтық-теориялық мәселелерінің мәнін ашып заңнамалық кемшіліктерге саралау жүргізу, талап институтындағы терминдер мәселесіне талдау жасай отырып

Ұсыныстарын енгізу дипломдық жұмыстың басты мақсаты болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу заңнамасындағы талап өндірісі мәселелеріне теориялық және салыстырмалы талдау жүргізу, талап өндірісінің маңыздылығы және талап арыздың мәні, талап арызға қойылатын талаптар, сотта істі қарау ерекшеліктері және өзге де талаптардың сақталуы мәселелерінің тәжірибесін зерттеу болып табылады. Бұл мақсат азаматтық іс жүргізу заңнамасының және оның қолдану тәжірибесін жетілдіру үшін осы тақырып көлеміндегі теориялық мәселелерді толығымен зерттей отырып, барынша ұтымды және дұрыс бағыттағы шешім ұсыну, оларды тәжірибеге енгізу мүмкіндіктерін қарастырумен ұштасады. Жұмыстың мақсаты азаматтық іс жүргізу заңнамасының мақсатына (азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау) жетуге үлес қосуды, яғни сот шешімінің заңдылық және негізділік ережелерін және оның тәжірибеде көрініс табуы бойынша қолдану қағидаларын дұрыс анықтауды да көздейді.

Диплом жұмысының негізгі мақсаттары:

  • талап қою ұғымының теориялық аспектілеріне талдама жасау,
  • талап түсінігінің құқықтық мәнін ашу,
  • талап арыздың құқықтық табиғаты мен ұғымына сипаттама беру,
  • талаптың элементі мәселесіне құқықтық сипаттама жасау,
  • талап элементтерінің түрлерінің ара жігін ажырату және салыстырмалы талдам жасау,
  • талаптық терминдердің қазақша мәтінінің жүйесін қалыптастыру, осы мақсатта заңнамадағы кемшіліктер мен қателіктерді ашып көрсетіп, оны жоюдың жолдарын ұсыну болып табылады.

Диплом жұмысының жазылу барысында тарихи-салыстырмалы, логикалық жүйелі құрылымдық, статистикалық, тарихи, формальды ойлау түрі, салыстырмалы құқықтық, диалектикалық-материалистік тұрғыда әдістер қолданылды.

Дипломдық зерттеудің міндеттерін алға қойылған мақсаттар айқындайды және олардың қатары төмендегідей түрде анықталады:

- талап өндірісі азаматтық сот өндірісінің маңызды сатысы ретінде оның құқықтық табиғатын ашып, айқындау;

- талап арызға қойылатын негізгі талаптардың мәнін ашып көрсету және олардың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда сот тәжірибесіне әсер етуін ескеру;

- талап арызды қабылдау, оны қабылдаудан бас тарту, азаматтық істі қозғаудың тәжірибелік маңызын ескеріп, олардың мазмұнын ашып көрсету.

Зерттеудің объектісі болып азаматтық іс жүргізу құқығының талап өндірісі институтының нормалары - талап арыз негізінде азаматтық істі қозғау мәселелерін реттейтін құқықтық қатынастарды қамтиды.

Зерттеудің пәнін Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу Кодексінің талап арыз негізінде азаматтық істі қозғау тәртібін реттеуге арналған 150-250 баптары, сондай-ақ осы заң нормаларының мазмұны мен оларды қолданудың тиімділігі, сонымен қатар осы тақырып көлеміндегі азаматтық іс жүргізу заңдардың негізінде құқық қорғау қызметін жетілдірудің амалдары мен азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі құрайды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған қайнар көздері тізімінен тұрады.

1 ТАЛАП ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ТАЛАПТЫҢ ТҮСІНІГІ

1. 1 Талап өндірісінің жалпы сипаттамасы

Азаматтық іс жүргізу құқығы сотпен азаматтық істерді қарау тәртібін анықтайтын құқық саласы болып табылады, яғни азаматтық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру, сонымен қатар сот қаулыларын күштеп орындату тәртібін қарастырады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні болып процессуалдық құқықпен реттелетін азаматтық сот өндірісінің, яғни соттың және басқа да іске қатысушылардың қызметі болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының әдісі: императивті, диспозитивті әдіс. Бұл жерде басқарушылық қатынас мүдделі тұлғаның бостандығымен және тек құқықтармен ұштасып жатады.

Құқық реттеу әдісі 2 түрлі жағдаймен байланысты:

  1. Азаматтық іс жүргізуді реттеу бойынша
  2. Міндетті және шешуші субъектілері ретінде соттың қатысуы, мемлекет атынан шешім қабылдауы.

Бұл, шешім қажетті жағдайларда күштеп орындауға жатады. Азаматтық іс жүргізу құқығы басқа құқық салаларымен құқықтық қатынаста болады. Ең алдымен ол материалдық құқықпен байланысты, яғни азаматтық құқық, отбасы құқық қатынастардан туындайтын дауларды күштеу арқылы орындау формасы болып табылады. Еңбек міндеттерді орындату егер де аталған құқықтық қатынастар бойынша заңдылықты бұзулар кездессе және олар ерікті түрде орындалмаса.

Азаматтық процессуалдық құқықтың реттеу пәні ретінде соттың және іске қатысушылардың қызметін атасақ, азаматтық құқығы субъектілердің жағдайына басқарушылық және бағыныштылық қатынасымен реттелетінін көреміз. Құқық қорғау органдары пәнімен азаматтық іс жүргізу құқығының ара-қатынасы біріншісінде құқық қорғау органының жүйесі және осы органның сот әділдігін жүзеге асыру саласындағы құзыретін оқытады, ал 2-де осы нақты азаматтық іс жүргізудің тәртібі және формасы оқытылады. Азаматтық іс жүргізу құқығымен көптеген қағидатің ұқсастығымен дәлелдеу саласындағы ұқсастықпен, көптеген институттың бірдейлігімен ара-қатынастарын көреміз, сонымен қатар азаматтық және азаматтық процесстер істің жылжып дамуына байланысты бірдей сатылардан өтеді, яғни соттың 1-ші инстанциясында іс қараудан бастап азаматтық іс бойынша шешім шыққанға дейін [1] .

Апелляциялық, қадағалау сияқты және тағы басқа қосымша сатылардан да өтуінен көреміз.

Азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, құқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсінуі, құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік құбылыстар: азаматтық іс жүргізу құқығы саласының мәні, процестің соттың қызметі ретінде екендігі, іс жүргізушілік қатынастардың ерекшелігі, іске қатысушы тұлғалар мен соттың құқықтары мен міндеттері, процесс сатылары туралы, яғни азаматтық іс жүргізу құқығы басшылыққа алатын құқықтық ұғымдарды қалыптастыру болып табылады.

«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнінің негізгі міндеттері: құқықтың қажетті қайнар көздерімен, бұл құқық саласының концептуалды мәселелерімен таныстыру, маңызды заң актілері мен Қазақстан қатысатын азаматтық сот ісін жүргізуді реттейтін, азаматтық іс жүргізу нормалары бар халықаралық шарттарды меңгеру, әрбір іс жүргізу нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын анық түсіндіру, сот қызметінің қағидатерін білу, азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, оларға қойылатын құқықтық және адамгершілік талаптар туралы нақты пікірді орнықтыру.

Азаматтық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен тәжірибеде қолданылуы азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғаудың, еңбек қақтығыстарын және басқа дауларды шешудің, моральдық және материалдық зиянды өндірудің, азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуға бағытталған. Сот актілерінің орындалуы үшін тиімді әрекет етуші жүйе құрылуы керек.

Бұл міндеттерді іске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, нотариустардың, заңгерлердің жұмысында біліктілікті талап етеді. Құқықтың нарықтық және демократиялық табиғатын түсінетін, азаматтық қоғам мен мемлекеттің қазіргі құрылымын білетін судьялардың білікті корпусын қалыптастыруға студенттердің Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасы саласында терең білім алуы ықпал етеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні болып:

  • азаматтық іс жүргізу заңнамасы дамуының негізгі кезеңдерін, азаматтық іс жүргізу заңнамасын, Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуы тарихын және қазіргі жағдайын көрсететін азаматтық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен тәжірибесінің өзекті және басым мәселелерін;
  • азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары, дәлелдемелердің түсінігі, дәлелдеу процесі, істердің бірінші, апелляциялық сатыдағы соттарда қаралу, қадағалау тәртібімен қайта қаралу және шешімдердің орындалу тәртібін қарастыру.

- процессуалдық мектептер мен бағыттарды білу, азаматтық іс жүргізу құқығының жекелеген мәселелері бойынша ғылыми және өзіндік ұстанымды қалыптастыру.

- азаматтық іс жүргізу құқығының теориялық және тәжірибелік мәселелеріне өз бетінше талдау жасау;

- азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларына талдау жүргізу;

- азаматтық іс жүргізу заңнамасын тәжірибеде өз бетінше қолдану.

Азаматтық іс жүргізу - азаматтық іс жүргізу нормаларымен тәртіптелген азаматтық істердің бір сатыдан басқа біреуіне өте отырып, соңғы мақсаты, міндеті - заңмен қорғалатын мүдде мен құқықты қалпына келтіру болып табылады. Мүдделі тұлға арызбен сотқа жүгіне отырып, өзінің талабын көрсетіп негіздейді, ол арыз, талап-арыз, шағым, ерекше талап өндірісіне арыз болуы мүмкін. Сот оларды тексере отырып, оның қарауына жататынын, жатпайтынын қараса, сот бұл арызда сотта қорғау формасы қажет екенін тапса, бұл істі өз өндірісіне қабылдап, осы сәттен азаматтық іс қозғайды. Сот, мүдделі адамдар, басқа қатысушы тұлғалар (куә, эксперт, аудармашы өкілдер) іс жүргізуде қарауда бірқатар әрекеттер жасайды. (сот мәжілісіне қатысады, түсініктемелер береді, дәлелдемелер тапсырады, т. б. ) .

а) Азаматтық іс жүргізу құқығы - құқықтың бір саласы ретінде қоғамдық қатынастарды реттейтін өзінің құрамына іс жүргізу нормаларының жүйесінен тұратын сот пен іске қатысушылар арасындағы азаматтық істі сот әділдігімен шешуді айтамыз.

Азаматтық іске қатысушылардың азаматтық іс жүргізу нормаларымен бекітілген азаматтық іс жүргізу құқығы мен міндеттері бар. Мысалы, сот істі қарау және шешу құқығына ие, ол басқа қатысушыларға байланысты биліктік өкілеттікке ие, сонымен қатар ол іске қатысушы тараптар мен басқа қатысушылардың іс жүргізу құқығын қатал сақтау керек.

Азаматтар мен заңды ұйымдар іс жүргізуге қатысуға, өтінімдер беруге, өздерінің талаптарының негіздерін (қолдануға) дәлелдеуге сот шешіміне шағым келтіруге, шешімнің орындалуына қатысуға құқылы. Олар іс жүргізу құқығымен қатар, іс жүргізу міндеттерін алады. Іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот шығындарын төлеуге, сот шақыртуына келуге, дәлелдемелер тапсыруға міндетті.

б) Азаматтық іс жүргізу пәні сот әділеттігін нақты азаматтық істерден тұратын арнайы іс жүргізу формасымен атқару, ал азаматтық іс жүргізудің құқығының пәні - құқықтық сала ретінде азаматтық іс жүргізу, яғни соттар және басқа іске қатысушылардың әрекеттері мен сот актілерін орындайтын органдардың әрекеті болып табылады.

в) Азаматтық іс жүргізу құқығы қоғамдық қатынастарды диспозитивті рұқсат етілген әдіспен реттейді.

Бұл дегеніміз азаматтық істің пайда болуы сотқа емес, мүдделі адамдарға керек екендігі. Сот өзінің инициативасымен азаматтық іс қозғамайды. Сот құжаттарына шағым келтіруде іс жүргізудегі мүдделі тұлғалардың еркі болады.

Азаматтық іс жүргізудің нормалары көбінесе тыйым салатын емес, рұқсат етілетін нормалардан тұрады. Іске қатысушылар тек өздеріне берілген іс жүргізу құқығына ие болады да тек солар бойынша әрекет етеді, құқыққа ие болады.

Заңдылықты, қоғамдық тәртiптi қорғауды, азаматтар мен ұйымдардың саяси, еңбек, тұрғын және басқа да құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, қатал сақтауды қамтамасыз етуде маңызды рольдi соттар атқарады. Азаматтық процестегi соттың мiндетi азаматтық iстердi дұрыс және тез қарау, шешу және iс бойынша заңды, негiздi шешiм шығару. Соттың қызметiн ұйымдастыру, iстердi қараудың тәртiбi, судьялардың жұмысының жоғарғы мәдени деңгейi заңның барлық талаптарын қатал сақтауға негiзделген жағдайда ғана сот төрелiгiнiң басты мақсаттарына қол жеткiзуге болады.

Сот өзiне жүктелген мiндеттердi заңмен белгiленген процессуалдық нысанды сақтаған жағдайда сәттi жүзеге асырады. Бұл процессуалдық нысан iс бойынша объективтiк шындықты шынайы анықтауға және заңды, негiздi сот шешiмiн шығаруға ықпал етедi. Сот iсiн жүргiзудiң әрекет етушi нормаларын бұзу дұрыс емес шешiмдердi шығаруға, азаматтар мен заңды тұлғалардың, мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына әкеледi, сондай-ақ, сот төрелiгiн жүзеге асыру зиян келтiредi.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 13 бап 1 тармағында көрсетiлгендей «Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы» делiнген. Яғни бұл жердегi «құқық субъектiсi» санаты азаматтардың құқық қабiлеттiгi мен әрекет қабiлеттiлiк ұғымын құрайды [2] .

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 13 бабында азаматтық құқығы мен мiндеттiлiк жүктеу қабiлетi болудың барлық азаматтар үшiн бiрдей дәрежеде танылатындығы белгiленген. Азаматтық құқық қабiлетi ол туған сәттен бастап болады және ол қайтыс болуымен тоқтатылады.

Азамат Қазақстан Республикасы шегiнде де, сондай-ақ шет елдерде де мүлiкке, оның iшiнде шет ел валютасына меншiк құқығына; мүлiктi мұралыққа алу және мұралыққа беруге; республика аумағында еркiн жүру және тұратын орнын еркiн таңдауға; республика шегiн еркiн тастап шығу және оның аумағына еркiн қайта оралуға; заң актiлерiмен тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға, заңды тұлғаны жеке немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бiрлесе құруға; заң актiлерiмен тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасауға және мiндеттемелерге қатысуға; материалдық және моральдық зардаптардың орны толтыруын талап етуге; басқа да мүлiктiк және жеке құқықтарды иеленуге құқылы [3] .

Азаматтың өз iс-әрекеттерiмен азаматтық құқықты иелену және оны жүзеге асыру өз үшiн азаматтық мiндеттердi туғызу, оларды орындау оның кәмелеттiк жасқа келуiмен, яғни жасының он сегiзге толуымен толық көлемiнде туады. Азаматтың әрекет қабiлеттiгi бiрдей болады.

Азаматтардың құқық қабiлеттiгi мен әрекет қабiлеттiгiнен айыру мен оны шектеуге жол берiлмейдi. Және оларға шектеу қоя алмайды.

Азаматтық құқықтарды қорғаудың тәсiлдерi: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн iс-әрекеттердiң жолын кесу; мiндеттiлiктiң iс жүзiнде орындалуына үкiм ету; шығындарды, айыптарды өтеу; мәмiлелердi заңсыз деп тану; моральдық зардаптардың орнын толтыру; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органдардың заңдарға сәйкес келмейтiн актiлерiн заңсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқық иеленуiне немесе оны жүзеге асыруына кедергi келтiргенi үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айып өндiрту жолымен, сондай-ақ заң актiлерiмен көзделген өзге де тәсiлдермен сот немесе аралық сот жүзеге асырады.

Заң актiлерiмен арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған жеке немесе заңды тұлғалардың тiкелей өздерi арқылы жүзеге асырылады. Құқық бұзылған адам оған келтiрiлген зиянның толық өтелуiн талап ете алады.

Әрбiр адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiнуге құқылы. Мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгiсiз бiр тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау туралы сотқа арыз берiп жүгiнуге құқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекше сот өндірісі тәртібінде істерді қарау тәртібі
Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер
Талап өндірісінің құқығын қорғау
Талап өндірісінің түсінігі және маңызы
ТАЛАП ҚОЮ АРЫЗЫН ЖАУАПКЕРГЕ ТАПСЫРУ
Ерекше талап қою
Талап түсінігі және мағынасы
Талап түсінігі және мағынасы туралы
Азаматтық істер жүргізу құқығының негіздері
Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz