Бюджет жүйесі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

I Бюджет жүйесінің экономикалық мәні

  1. Бюджет жүйесінің қалыптасуы
  2. Бюджеттік механизм және оның элементтері

II Бюджет жүйесі буындар арасында кірістер мен шығыстарда бөлу

  1. Бюджет кірістерінің қалыптасу көздері мен бөлінуі
  2. Бюджет шығыстарының бөлінуі мен түрлері

III Бюджет тапшылығы мен қарыздары

IV Қаэақстан Республикасының бюджет жүйесінің орындалуына бақылау жасау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бюджет жүйесі-бұл барлық бюджет түрлерінің экономикалық қатынастары иен құқықтық нормаларына негізделген. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрлымын көрсетеді.

Қазіргі кезде бюджет жұйесі елдің экономикалық жағдайын көрсетеді. Қазақстан Ресупубликасының эканомикасы біршама қиындық көруде: ЖІӨ көлемінің жақтауы, инвестиция деңгейінің тұрақсыздылығы, салық жинау мен басқа да мемлекеттік жинақтар мен төлемдердің қысқаруы, сыртқы және ішкі қарыздардың қызмет ету шығындары өсуде, әлеуметтік сферадағы қиын жағдай, яғни халықтың табысы мен тұтыну деңгейінің төмендеуі т. б.

Осы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігі алдыңғы жылдарға бюджет және салық саясатының негізгі бағыттарын дайындауда. Оның мақсаты мен міндеттемелері мыналар:

-тұрақты экономикалық өсімге жету және оыған тиісті макроэкономикалық өсімгешарттарды құру ;

- халықтың нақты табысы мен тұтынуын өсіру ;

Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджет жүйесін реформалауды одан әрі жалғастыруға мәжбүр. Дұрыс ұйымдастырылған мемлекеттік бюджет мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінен көрінеді.

Мемлекеттік қызметтің қайта орталықтандыру саясаты жалғасуда және жауапкершілік орталығы мен аймақтардың

республикалық және жергілікті бюджет бағдарламаларын қаржыландыруды бөлу процесінің әрі қарай дамуына тиісті шаралар дайындалуда. Орта мерзімді тұрақты нормативтерді енгізу мен құруды қарастырып және “Бюджет жүйесі туралы” заңды әрі қарай дұрыс орындалуын бақылап отыру керек.

Осы айтылған шаралардың барлығы осы курстық жұмыста қарастырылады. Ол ұшін бұл жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы бюджет жүйесінің түсінігін ; 2ytn7, 7және бюджет жүйесі әрдайым кірістер мен шығстарды құрайтын процесс болғандықтан, екінші бөлімде осы кірістер мен шығыстарды бөлу және олардың дұрыс орындалуын қарастырдым. Ал үшінші бөлімде бюджет тапшылығы мен қарыздарын жабу жолдарын қарастырдым.

1. 1 Бюджет жүйесінің қалыптасуы .

Бюджет қызметі мемлекттік орталықтандырылған қордың ақша қаражаттарын қолдану мен нысандануымен байланысты, яғни бюджет кірістері мен шығстары арқылы іске асырылады. Бұл-мемлекеттік бюджеттің қызметінің маманданған формалары. Кірістері мен шығыстар-мемлекеттік бюджет жалпы категорияларына қатысты ерекше бір бөлек категория. Екі категория да бюджет сияты обьективті және өздерінің қоғамдық спецификалық бағыты бар: кірістер мемлекетке керекті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, ол шығыстар оралықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге қатысты бөледі. Обьективтімен қатар ұйымдық формалар да бар, яғни сыртқы экономикалық қатынастарды көрстетді. Мысалы: адам күшінің өнімі-обьективті. Ұйымдық формалар бюджет қатынастарының аймағында кіріс түсімдерінің нақты түлерін қамтиды (табыс салығы, акциздер, жекешелендіру қаражаттарының түсімдері, т. б. ) шығыстары (халық шаруашылығын қаржыландыруға кеткен шығын, әлеуметтік-мәдени мекемелерге, т. б. ) бюджет тапшылығы, кіріс көлемін анықтау әдістері, бюджет шығыстары мен оның тапшылығы. Сондықтан ұйымдық формалар мемлекеттің іс-әрекетімен байланысты, яғни бюджет қатынастарының формаоарын анықтайды, салықтың, жинақтар мен шығындардың нақты түрлерін құрады, олардың қызмет ету тәртібін тиісті құқықтық нормаларды енгізуді іске асырады. Осы барлық процесстер жоспарлы және белгілі бір тәртіппен орындалады.

Негізгі қаржылық жоспар мемлекет іс-әрекет өнім болып табылады, онда Халықтың қызығушылығы көрсетілген және мемлекет еркіндігі де көрсетілген. Елдің негізгі қаржылық жоспарының көрсеткіштері жыл сайынғы қабылданған бюджет туралы заңға сәйкес орындалуымен байланысты. Өкінштісі, қазіргі кезде мемлекет бюджет емес, республикалық бюджет қарастырылуда.

Қазіргі кезде республикалық бюджеттің негізінде республика эканомикасының қаржылық жағдайын анықтау өте қиын, себебі онда мемлекеттің барлық қаржы ресурстары көрсетілмейді. Сондықтан, республикалық бюджетті қарастырып, бекіткен кезде республиканың әлеуметтік-эканомикалық өсуіне байланысты көптеген сұрақтар туындайды. Оыған байланысты нгізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері эканомика дамуының обьективті заңдылықтарын терең білуге негізделген. Мемлекет, бюджет көрсеткіштерді құра отырып, шаруашылықтандырудың обьективті шарттарын, елдің эканомикалық және қаржылық мүмкіншіліктерін, жеке қоғамдық тұтынуды бірінші кезекте қанағаттандыру қажеттілігін ескеру керек. Мемлекеттің бюджет көрсеткіштері амағында қабылданған шешімдері, яғни басқарудың мемлекеттің формалары сияқты, олар толығымен қоғамдық дамудың деңгейіне, өндірістік қатынастардың деңгейімен байланысты.

  1. Бюждеттің механизм және оның элементтері

Бюджеттің иеханизмнің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

·бюджеттік жоспарлау және болжау;

· бюджеттік ресурстармен жедел басқару;

· мемлекет шығындарын уақытылы қаржылыандыру;

· бюджеттің орындалуы туралы есепті құру;

· бюджетті басқарудың сәйкесінше деңгейіне қарай қастыру және бекіту;

· нормативті құқықтық және информациялық бағаны бюджет жүйесінің дұрыс қалыптасуына қарай қалыптастыру;

Ескеру кететіні, тәжірибе жүзінде бюджет жүйесі бюджеттің жиынтғы ретінде қарастырылады. Бұл бюджет жүйесінің элементтерін комплексті зерттеуге, бюджеттің републикада пайдалану мен қалыптасу проблемаларын анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан олардың негізгілері келесідегідей болып келеді:

· Қазақстан Республикасындағы және оның бөлек аймақтарының макроэкономикалық жағдайы;

· бюджетті қалыптастыруда салық жүйесінің рөлі;

· бюджеттер арасында салықтар мен басқа да табыстар түрлерінің орналастырылуы;

· республикалық бюджеттен бюджеттік дотациялар мен субсидияларды бөлу принциптері;

· бюджеттен тыс қорлар және олардың қаржы ресурстарын бөлу және қайта бөлу процесіндегі рөлі;

· бюджет арасында инвестициялық шығыстарды орналстыру;

· бюджеттің капитал салымдарының әсерлігін көтеру әдістері;

· инвестицияларды ұйымдастырушылық формалары;

· инвестициялық қорлардың рөлі;

· бюджеттік инвестициялар мен инвестицициялық несиелердің қалыптасу әдістері;

· конверсиондық программлар;

· бюджет арасында әлеуметтік шығыстарды орналастыру;

· білім мен ғылымды қаржыландыру әдістері;

· зейнетақы қоры және зейнетақы жүйесі;

· бюджет тапшылығы анықтау критерийлер;

· Қаржы нарығыдағы бағалы қағаздар;

· ҚР ҰБ-мен қарым-қатынас;

· бюджет проектін құру әдістері;

· бюджеттің орындалуы туралы есеп және есептеу;

· Бюджеттің шығыстары мен кірістерінің орындалу анализінің әдістері;

· бюджеттің шығыстары мен кірістерінің болжау әдістері.

2. 1 Бюджет кірістерінің қалыптасу көздері мен бөлінуі

Бюджеттің кірістері мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, азаматтардың елдегі бюджеттік қордың қалыптасу процесінде пайда болған экономикалық қатынастарды көрсетседі Бұл экономикалық қатынастарды қалыптасу формасы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың мемлекеттік бюджетке әртүрлі төлем түрлеріне қызмет жасауы, ал ақша қаражаттары олардың материал-дық- заттай көрінісі, яғни бюджет қорына жинақталады. Бюджет кірістері бір жағынан-әртүрлі өндірістік қатысушы-лар арасында қоғамдық өнімнің құнын орналастыру нәти-жесі, ал екінші жағынан- мемлекеттік құндылықтарды әрі қарайғы шоғырландыруды орналастыру обьектісі болып табылады және аймақтық, салалық және мақсаттық бағыт-тарды қалыптастыру үшін қолданылады.

Бюджеттік кірістердің құрамы, ол бюджетке ақша қаражаттарын мобилизациялау формасына байланысты жүйеден және шаруашылықтандыру әдісімен, қоғаммен шешілетін эканомикалық шешімдерімен тұрады. Біздің елде, бұрын өндіріс құралдары меншігіне ие болушы-мемлекет еді және бюджет кірістері негізінде мемлекеттің кәсіпорындардың ақшалай жинақтарынан құрылатын еді.

Шаруашылықтың нарықтық жағдайға көшуіне байланысты қоғамдық өндірісті басқарудың эканомикалық әдістерін пайдалануға мәжбүр болды, ал бұрын қолданылып келген мобилизациялау формалары біртіндеп кәсіпорындардың таза табысының бюджетке түсуі түбірімен табыстық түсім жүйесінің қысқаруына алып келді, сөйтіп бюджет салық төлемдері негізінде қалыптаса бастады. Кәсіпорындардың бюджетпен қарым-қатынастары заңмен бекітілген құқықтық негізгі келтірлген.

Өспелі бюджет тапшылығы, инфляция және капиталдың құнсыздануы, шығындылық, төлем кризисі-бұлардың бәрі мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы қаржы қатынастарын көрсетеді. Жалпы мемлекеттік саясаттың қаржылық тұрақтылығының нақты секторына әсер етеді.

Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы жаңа нарықтық типтегі қаржы қатынастарының тууы Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығына әсерін тигізеді.

Қаржылық сферада кәсіпорындар мен мемлекет арасында төлем қабілетсіздігінің жағдайы келесі жүйелік тәртіппен көрінеді:

·кәсіпорындардың бюджеттік төлемдері мен бюджеттпен тыс қорлары бойынша төлем қабілетсіздігінің сақталуы;

· нақты бюджет потенциалының төмендеуі және шығыстарын үздіксіз секвестірлеу саясатын жүргізуге мәжбүр болуы;

· мемлекеттің қаржының инвестициялық функциясының 2-ші дәрежелі роліне түсуі мен ығысуы;

· салық жинаудың төмендеуі мен салық салудан массалық табыстардың қысқаруы.

Бюджет (кризисінің) тапшылығының басты себебі-кірістердің жетіспеуі, яғни салық жинауды бағалаудағы жыл сайынғы қателер. Сондықтан бюджет кірістерін дұрыс қалыптастыру тікелей салық жинаудың дәрежесімен байланысты. Сол себепті салық жүйесін қайта реформалау-ды енгізу керек. Қазіргі салық жүйесі отандық салықтөлеу-шілердің төлем қабілетін онша байқамайды, яғни ол әлсіз екенін көрсетеді. Соның есебінен көптеген кәсіпкерлердің табыстары құпияланып, капиталдары заңды сектордан көлеңкелі экономикаға ағылып, шетелдерге аударылады.

Салық әкімшілігінің қатаңдату әрине, керек бірақ оған көп үміт арта беру қателік. Салық жинауды әкімшілік жолдың қысымымен жоғарылату мүмкін емес, ол үшін кәсіпкерлерге салықтарды адал төлеуге эканомикалық стимулды қалыптастыру бартерлік операциаларды қысқарту және ақшалай суррогаттарды қысқарту керек. Ендігі бір мәселе ол салық льготалары қысқарту болып табылады. Қазіргі кезде салыққа льготалар беру нарықпен, тұтынушылармен емес, әкімшілік механизммен шешіледі Бұл льготаларды алу кез келген тұлғанның (жеке заңды) қоғамға тигізетін маңызына байланысты емес, яғни ол өз қызығушылықтарын үкіметтің құрылымдық дәрежесін лоббирлеу қабілетіне байланысты.

Келесі бағыт-ол салық құрылымын өзгерту болып табылады. Ол үшін біртіндеп салықтан бас тарту жолына, көшу керек, яғни кірістер және пайда, жалақы, өндіріс көлемі, инвестициялардың өсіуіне қосымша бремяларды ұсыну. Бұл өндірістің модернизациялау стимулын көтереді, ішкі және сыртқы инвестициялардың өсуін қалыптастырады.

  1. Бюджет шығастырының бөлінуі мен түрлері

Бюджет шығыстары-бұл қайтарылмайтын негізінде бөлінетін бюджет қаражаттары. Мемлекет функциясының ұлғаюна байланысты шығыстардың құрылымы да өзгереді Ғылыми - текникалық прогресстің өсуіне байланысты мем-

лекеттің білім мен ғылымға жұмсалатын шығындары да өседі.

Мемлекеттік қажеттіліктерге әр жеке және заңды тұлға өз табысынан салық төлеиді. Кез - келген салық бұл ел қорғанысына, азаматтардың қорғанысы мен әлеуметтік сақтандыруларға және т. б. қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік шығыстар:

1-ден, мемлекеттің бар болу фактісімен баиланысты, яғни императивтік сипатқа ие.

Екіншіден, нақты уақытта, нақты мемлекеттегі қалыптасқан экономикалық және әлеуметтік қатынастарда қалыптастырады.

Үшіншіден, өзінің экономикалық табиғатына байланысты мемлекеттік шығыстардың негізгі қалыптасу көзі жалақы мен табыстардан алынатын салық болғандықтан, ол қоғамдық класстық арасындағы қатынас болып табылады.

Төртіншіден, негізгі массаның жалпы мемлекеттік шығыстар өнімді емес, себебі олар өндірістік процесстен шыққан ұлттық табыстың үлесі болып табылады.

Бюджет шығыстары мынандаи түрлерге бөлінеді:

  1. Мемлекеттік мекемелердің қызметі қамтамасыз етуін болдыртын шығындар:
  2. тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
  3. мемлекеттік тапсырысқа арнлған шығндар -мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың) өздерінің тұтынуына (өндірлетін арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік оргадардың ақы төлеуі;
  4. жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер-қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының қазнамалық актілеріне сәйкес және тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
  5. заңды тұлғаларға субсидиялар-мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
  6. ресми трансферттер-бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сонда-ақ Ұллтық қорға трансферттер төлеуге және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

Мемлекеттік шығыстар төрт негізгі топқа бөлінеді:

  1. әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерге жұмсалатын шығындарды;
  2. экономиканы қолдауға жұмсалатын шығындар;
  3. әскери шығындар;
  4. басқаруға кететін шығындар

Шығыстардың құрылымы сыртқы және ішкі факторлардың әсер өтуімен өзгереді. Бұл факторлар экономикалық, әскери, әлеуметтік, саяси және т. б. болуы мүмкін.

Өз кезегінде мемлекеттік шығыстар мемлекеттің қызметтеріне байланысты ақшалай шығындарды көрсетеді. Бұл экономикалық категория ретінде, қоғамдық өндірісті дамыту мен жетілдіру қоғамның әртүрлі қажеттіліктерін қанағттандыру мақсатында қоғамдық өнімнің бөлігін бөлу, қайта бөлу және тұтынуға байланысты мемлекеттік шығыстар экономикалық қатынастарды көрсетеді.

Қазақстан Республикасындағы бюджетаралық қатынас-тарда субвенция мен бюджеттік алымдар қағидасы 2003ж кеңірек сақталған. Келесі жылға жоспарланған бюджеттік алымдар 57, 6млрд теңге, ал ағымды жылға бекітілген бюджет көрсеткішінен 8, 6млрд теңгеге немесе 17, 5%-ке тең, субвенция -80, 5млрд теңгеге тең.

ÌÌÌ Бюджет тапшылығы мен қарыздары

Біріншіден бюджеттік баланыстың мәнін түсініп алайық. Біздің міндетіміз-ол үкіметтің шығыстарын есептеп және осы есептелген сумманы сол кірістермен теңестіру, яғни оларды үкімет салық және мемлекеттік қазынаға түсетін басқа да түсімдер түрінде алады.

Шығыстардың екі негізгі баптары бар.

-бюджет қаражаттарының көп бөлігі әртүрлі үкіметтік программаларға жұмсалады: қорғаныс, әлеуметтік, инвестицялық және өндірістік.

Екіншісі - қарыздардың проценттерін төлеу. Төлеу көлеміне байланыссыз.

Үкіметтік программаларға кететін шығындар суммсын-(Р) символымен, мемлекеттік қарыздарды-(Д), ол қарыздардың орташа проценттік ставкасын-(П) әріпімен белгілейік. Сондағы (П*Д) -процент бойынша төленген жалпы ауаны құрайды. Жалпы үкімет шығыстары (Р*П*Д) -ге тең болады-яғни мемлекеттік программаларға кететін шығындар суммасы және процент бойынша төленген жалпы сумма.

Енді мемлекеттік бюджет тапшылығының мәнән анықтап көрейік. Мысалы, үкімет белгілі бір (Н) сумманы алады, яғни салық түсімдері түрінде. Сәйкесінше, салық үстіндегі шығындардың өсуі (МД+Р+Л+Д) -Н-ді құрайды. Бұның өзі бюджет тапшылығын көрсетеді. Үкімет бұл тапшылығын қалай жабады екен? Бірінші амалы мынадай: үкімет ақшаны Ұлттық банктен алады және осы жағдайда экономикада ақша массасының көлемі бюджет птшылығы суммасына дейін өседі. Екінші амалы: мемлекеттік зайымдар есебінен шығыстар мен кірістер арасындағы сәйкессіздікті жабу. Бюджет тапшылығын жабуға Ұлттық банктен алған жаңа ақша көлемін-(ΔМ) -деп, ал мемлекеттік зайымдар түрінде алынған сумманы-(ΔД) деп белгілейік.

Арақатынасы келесі тарде болады:

ΔМ+ΔД=(Р+П+Д) -Н.

Бұл теңдеу бюджет тапшылығын екі амалдың біреуімен жабылу керектігін көрсетеді, яғни ақша массасын көбейту есебінен немесе үкімет қарыздарының көбейу есебінің.

Ақаш массасының өсуі инфляцияға әкеледі. Ал қарызға келетін болсақ, бұл жерде барлығы қиындау болады. Егер үкімет Ұлттық банктен қаражаттар алса, халықтың алдында оның борышы өседі, бірақтан елде ақша массасының көлемі бұрынғыдай болып қалады. Сонда, қарызды көбейту есебіне тапшылықты жабу ақша массасына және инфляцияға да әсер етпейді. Бірақ кейінірек, бұл жаңа қарыз тағы көп үкіметтік шығындардың өсуіне әкеледі, себебі келешектегі процент бойынша төлемдер суммасы өседі. Сондықтан, бүгін жасалған қарыздар келешектегі бюджет тапшылығы-ның өсуіне әкеледі:

Келешекте осы жағдаймен өскен процент бойынша төлемдер инфляцияның тууына әсер етуі мүмкін. Бюджет тапшылығы қайтадан өседі, және үкімет қайтадан қарыз алуға немесе салықты көбейтуге, шығындарды қысқартуға мәжбүр болады. Егер үкімет бұл амалдардың ешқайсысын қолданбаса, онда келешекте ол ақша массаын көбейтуге мәжбүр болады.

Қазіргі кезде ақша массасын көбейтуге, салықты көбету немесе шығындарды қысартуға мәжбүр болмау үшін үкімет жаңа несие түрлеріне көз салуда. Бірақ үкімет қарыз алып және сол қарыздарды қайтару үшін қай қайтадан қарыздана берсе, оның қарыздары өсе бастайды. Соңында несие берушілер ойлайды, егер де әрі қарай үкіметті қаржыландыра берсе, олар ешқашан өз ақшаларын көре алмайды деп.

Үкімет тағы қарыз алу амалын жасау мүмкін, бірақ несие беруші онымен жұмыс істеуді тоқтатады. Яғни бұл жерде үкімет өзінің несиесін төлеу қабілетін жоғалтады. Бұл жағдайда мемлекет басқармасы бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін салықты көбейтуге, шығындарды қықартуға немесе жаңа ақша басып шығаруға мәжбүр болады. Бірақ ұйымдасқан үкімет ешқашан өзінің несиесін төлеу қабілетін жоғалтпайды. Бұндай үкімет саналы түрде салық салу шығындар деңгейін реттеп, бюджет тапшылығын өсуіне жол бермейді.

Ендеше, (ΔД) -деген не? және Үкіметтің несие берушілер кімдер? Үкімет қаражаттарды елдің ішінде және оның шет аймағынан да қарызға ала алады. Елдің ішінде үш негізгі несие беруші мүмкіндіктер бар: халық, банктер және кәсіпорындар. Мемлекеттік зайымдардың негізгіформасы-қазыналық вексельдер мен облигацияларды сату. Қазыналық вексель-1 жылға дейін берілетін үкіметтің қарыздық міндеті, ал қазыналық облигация-1 жылдан әрі қарай берілетін үкіметтің қарыздық міндеті. Үкіметке бюджет тапшылығын өз бақылауында ұстау қиын. Қоғамның қажеттіліктерін әрқашан өсуде, ал жаңа шығындарды туғызады-зейнетақы төлемдері, жұмыссыздар-ға жәрдемақы, қорғанысты қаржыландыру, ауыл шаруа-шылығын субсидиялардың бөлінуі, каптиал салымын жүзеге асыру, қарыздардың проценттерін жабу және сайлаушылардың дауысын алудағы саясат керлерге және т. б. Егер үкімет бұл қажеттіліктерді максималды түрде қанағаттандыратын болса, онда ол қиын жағдайда қалуға тәуеклді болады. Бұл жоғары ифляция деңгейіне дейін, үкіметтік, қарыздың тез өсуіне және салықтарды көтеруге әеледі. Сондықтан негізгі міндет, ол мемлекттік шығындар-ды тұрақты түрде ұстау және сонымен қатар бюджетті салық түсімдермен қамтамасыз ету, яғни экономика зиян шектірмей.

Мемлекеттік экономикасында үкімет шығындардың 5 негізгі баптары бар:

Біріншіден, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын төлеу;

Екішіден, әртүрлі тауарлар мен қызметтерге төлем;

Үшіншіден, әртүрлі тұрмыс халыққа ақшалай пособиялар мен дотоциялар беру және де кәсіпорындарға субсидиялар беру;

Төртіншіден, мемлекеттік қарыздардың проценттерін жабу;

Бесіншіден, мемлекеттік жобаларға (программаларға) инвестициялық шығындар.

Соңғы кездері қоғам көп қажеттілктерді көрсете бастады, соның ішінде, қарттардың, жұмысқа қабілетсіздер-дің және жұмыссыздардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Мемлекет қазіргі кезде терең кризис жағдайында, яғни ЖІӨ-ц 50%тен астамын шығындауда. Өз есептерін толтыру үшін олар шекті жағлайларға баруға мәжбүр-салықты көтеру, яғни бұл кәсіпкерлік іс-әрекет кері әсерін тигізеді.

Енді бюджет тапшылығының соңғы көрсеткішін таблица түрінде көрсетейік.

Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығының динамикасы.

:
2000: 2000
2001: 2001
2002: 2002
2003: 2003
:

1. Кірістер, млрд тг

2. Кірістер, ЖІӨ, %-пен

3. Шығыстар, млрд. тг

4. Шығыстар, ЖІӨ, %-пен

5. Тапшылық, млрд. тг

6. Тапшылық, ЖІӨ, %-пен

2000:

598, 8

23, 0

23, 0

23, 1

-3, 3

-0, 1

2001:

746, 6

23, 0

759, 6

23, 4

-12, 9

-0, 4

2002:

821, 2

21, 7

834, 2

22, 2

-13, 0

-0, 3

2003:

1022, 3

22, 2

106, 2

23, 2

-40, 4

-1, 0

Осы таблица бойынша бюджет тапшылығы көрсеткіштері нақты түрде өсіп отырған.

1-сурет Қазақстан Республикасының Үкіметінң жалпы және ішкі мемлекеттік қарызының динамикасы.

(1998-2003жыл)

ÌV Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің орындалуына бақылау жасау

Қазіргі кезде республикалық бюджеттің орындалуын бақылау мен аудит-есеп комитеті арқылы жүреді, яғни 1996жылдың Қазақстан Республикасының Конституция-сына сай реппубликалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган ретінде құрылған, дүниежүзілік тәрбиеге толық сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруші және бағынышты орган.

Есеп беру комитетінің негізгі міндеттері мен қызметтері мыналар:

1. Қазақстан Республикасының заңын орындалуын және басқа да республикалық бюджеттің орындалуының норма-тивтік құқықтық актілерін бақылау :

2. Мемлекет басқармасының тапсырысымен републикалық бюджеттің орындалуымен байланысты сұрақтар қарастыру:

3. Республикалық бюджеттке түсім қаражаттарының толықтығын және олардың пайдалану құқығын бақылау:

4. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына, үкіметтің бағдарламасына және мемлекеттік қажеттіліктерді қаржы-ландырудың мақсатты пайдалануын бақылау:

5. Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп беру.

Бұл мемлекеттің орган-мемлекеттік қызметкерлердің бір бөлігінің коррупцияға және республикалық бюджет қаражаттарын өздерінің коммерциялық құрылымын бастау көзі ретінде және әрі қарай меншік капиталын жинауға күресу мақсатымен құрылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
Бюджет және бюджет құрылысы
Бюджет жүйесі туралы ақпарат
Минералды бюджет қамтамасыздандыру деңгейін теңестіру
Қаржы жүйесі
Қаржылық реттеудің қажеттілігі
Қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі
Мемлекеттік бюджет жүйесі
Экономикадағы қаржы жүйесінің рөлі
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz