Әкімшілік құқық жүйесі



Кіріспе бөлім .
1. Әкімшілік құқық жүйесі.
2. Әкімшілік құқық пәні.
3. Қоғамдық қатынастарды әкімшілік.құқықтық реттеудің механизмі
Қорытынды бөлім.
Әкімшілік құқық –Қазақстан құқығының саласы,мемлекеттік –басқару қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік құқық саласының төмендегідей белгілері бар.Олар:
1. Қазақстан құқығының негізгі жариялы салаларының бірі.
2. Өзінің реттейтін –пәні атқарушы билікті іске асыру жөнінде пайда болатын басқару қатынастары.
3. Өзінің құқықтық реттейтін әдісі.
4. Ішкі ұйымдастырылуы.
5. Нормативті базаның болуы.
Әкімшілік құқықтың пәні - әкімшілік құқық нормалары мен реттелінетін мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Басқару қатынастарын төмендегідей жіктеуге болады.
1. Субьектілік белгісі бойынша .
2. Аумақтық мемлекеттік құрылысты ескере отырып жіктеу.
3. Ықпал ету мақсаттарына қарай.Бұларға яғни жоғарыда айтылғандарға жеке тоқтала кетсем.
1.Субьектілік белгісі бойынша;
А)атқарушы биліктің бірінің - біріне бағынышты субьектілерінің арасындағы қатынастар(тік қатынастар)
Б) бірінің біріне бағынышты емес атқарушы билік субьектілерінің арасындағы қатынастар (көлбеу қатынастар)
В) Атқарушы билік субьектілері мен жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органдардың арасындағы қатынастар.
Г) Атқарушы билік субъектілері мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы қатынастар.
Д) Атқарушы билік субъектілерімен азаматтар арасындағы қатынастар.
2. Аумақтық мемлекеттік құрылысты ескере отырып қатынастарды төмендегідей жіктеу.
1. Д.М. ЖАЗЫБАЕВ
2. С.Ш.НАЙМАНБАЕВ “ӘКІМШІЛІК КОМИССИЯЛАР ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚ” АЛМАТЫ 1997
3. Е.БАЯНОВ “ Қ.Р-НЫҢ МЕМЛЕКЕТТІ МЕН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ”
АЛМАТЫ 2003
4. Е. БАЯНОВ “МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ” АЛМАТЫ “ЖЕТІ ЖАРҒЫ” 2001ЖЫЛҒЫ
5.Башов .Е. “Әкімшілік құқық”. Оқулық Алматы 2007 ж 80-89 беттер аралығы.
6. “Административное право”.учебник Алматы. “Жеті жарғы”.1996 ж.
7. Юсупов В.А. “Теория административного права”. Москва 1985ж.
8. Ибрагимов Х.Ю. “Административное право”. Алматы 1999 ж.
9. Бахрах Д.Н. “Административное право”. Москва 1996 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе бөлім .
1. Әкімшілік құқық жүйесі.
2. Әкімшілік құқық пәні.
3. Қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық
реттеудің механизмі
Қорытынды бөлім.

Кіріспе
Әкімшілік құқық –Қазақстан құқығының саласы,мемлекеттік –басқару
қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесінде пайда болатын қоғамдық
қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік құқық саласының төмендегідей белгілері бар.Олар:
1. Қазақстан құқығының негізгі жариялы салаларының бірі.
2. Өзінің реттейтін –пәні атқарушы билікті іске асыру жөнінде пайда
болатын басқару қатынастары.
3. Өзінің құқықтық реттейтін әдісі.
4. Ішкі ұйымдастырылуы.
5. Нормативті базаның болуы.
Әкімшілік құқықтың пәні - әкімшілік құқық нормалары мен реттелінетін
мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Басқару қатынастарын төмендегідей жіктеуге болады.
1. Субьектілік белгісі бойынша .
2. Аумақтық мемлекеттік құрылысты ескере отырып жіктеу.
3. Ықпал ету мақсаттарына қарай.Бұларға яғни жоғарыда айтылғандарға жеке
тоқтала кетсем.
1.Субьектілік белгісі бойынша;
А)атқарушы биліктің бірінің - біріне бағынышты субьектілерінің
арасындағы қатынастар(тік қатынастар)
Б) бірінің біріне бағынышты емес атқарушы билік субьектілерінің
арасындағы қатынастар (көлбеу қатынастар)
В) Атқарушы билік субьектілері мен жергілікті өзін-өзі басқарудың
атқарушы органдардың арасындағы қатынастар.
Г) Атқарушы билік субъектілері мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы
қатынастар.
Д) Атқарушы билік субъектілерімен азаматтар арасындағы қатынастар.
2. Аумақтық мемлекеттік құрылысты ескере отырып қатынастарды төмендегідей
жіктеу.
А) Республикалық атқарушы биліктің орталық орталық органдары мен
жергілікті атқарушы билік органдарының арасындағы қатынастар.
Б) Жергілікті атқарушы билік органдарының (екі облыс әкімияттарының)
арасындағы қатынастар.
В) Әр түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы билік органдарының ( ауылдық,
аудандық, облыстық, әкімдер мен әкімияттар ) арасындағы қатынастар .
3. Ықпал ету мақсаттарына қарай жіктеу.
А) Ішкі ұйымдастыру ,ішкі жүйелік.
Б) Сыртқы ( ықпал жүйеден тысқары жүзеге асырылады.).
Әкімшілік құқық ғылымы- Қазақстанның құқық ғылымының құрамдас
элементі, әкімшілік құқық саласы және оның реттейтін пәні туралы ғылыми
көзқарастар мен түсініктердің , білім мен теориялық ережелерінің
жүйесі .

1. Әкімшілік құқық жүйесі.
Әкімшілік құқық ғылымының пәні- мемлекеттік басқарудың дамуы мен
қызмет атқаруының ең жалпы заңдылығының жиынтығы .
Әкімшілік құқық ғылымының пәнінің төмендегідей элементтері бар. Олар;
1.Мемлекеттік басқарудың пайда болуының, дамуының және қызмет
атқарылуының заңдылығы.
2.Санаттар мен ұғымдар жүйесі.
3.Мемлекеттік басқарудың принциптері.
4.Әкімшілік-құқықтық заңнамалар.
5.Әкімшілік құқық субъектілерінің құқық қолдану тәжірбиесі .
6.Әкімшілік құқықты жетілдіру және дамыту туралы болжамдар мен ұсыныстар.
Құқықтың аса іргелі- конститутциялық, азаматтық, қылмыстық және
әкімшілік құқық салаларын зерттейтін заң ғылымдарының ішіндегі ең жасы
әкімшілік құқық ғылымы. Оның даму процесі үш жүз жыл шамасынан бұрын
полиция ғылымы немесе полиция құқығы деген атпен басталып xіx-xx
ғасырлар арасында әкімшілік құқық деп аталатын дербес ғылымға
айналуымен аяқталды. Оның алғашқы қадамы 15 Людовик кезіндегі Францияға
, Фридрих тұсындағы Пруссияға және 1 ші Александрдың Россиясына тура
келді. Барлық аталған монархиялар сыртқы саяси аренаға күшті флот пен
армия , ал ішкі өмірге қатаң тәртіпке жақсы үйретілген полициялық
аппарат қоя алатын күшті әкімшіл- әміршіл мемлекеттер болды. Бұл
елдердің полиция қызметтерін реттеу туралы шығарған нормативтік
актілері полициялық заңнамаларға біріктірілді. Практика теория туғызуға
себеп болды. Осы заңнамалардың негізінде Француздық Н. Деламара ның
Трактат о полиции деген 1 ші ғылыми еңбегі 1705 жылы пайда болды.Ол
полиция қызметі мен мемлекеттік басқаруға қатыстының бәріне ғылыми
тұрғыдан баяндама беріп , полиция құқығы ғылымы негізінің алғашқы
іргетасын қалады.Деламараның бастаған ісін xviii-xlx ғасырларда неміс
ғалымдары Юсти ,М . Зонненфельс, Р.Молль ,Л .Штеин, ал Россияда –И,Н,
Лешков, И.Н. Андреевский т.б. жалғастырды. Полицеис –ғалымдар өздерінің
жұмыстарды қоғамдық тәртіпті қорғауды, азаматтардың қауіпсіздігі мен
тұрмыс жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі полиция рөлінің
маңыздылығын дәлелдеуді негізі міндет етіп қойды.Полиция ғылымының
дамуына және оның әкімшілік құқық ғылымына ауысқанда хіх ғасырда көрнекті
неміс ғалымдары Р.Моль, мен Л.Штейн ерекше орын алады. Олардың ғылыми
қызметі Батыс Европада абсолюттік мемлекеттердің буржуазиялық- құқықтық
мемлекеттерге айналуы , билікті бөлу негізінде атқарушы биліктің бөлінуі
және осы себепті мемлекеттік басқарудың күрделенуі жағдайында өтті.
Р. Мольдің Наука полиций как учение о правовом государстве(1832)
және Л.Штейннің учение об управлений (1867) бірнеше рет басылып шығуға
жараған және әсіресе Ресей оқушыларының қуана қабылдаған жұмыстарында
төмендегідей ой тұжырымдар негізделген болатын.
1. Полициялық қызмет азаматтардың қауіпсіздігін , құқықтары мен мүддесін
қорғауға бағытталған және солай болғасын құқықтық мемлекет
ұғымымен тығыз байланысты .
2. Мемлекеттік басқару хіх ғасырларда полициялық қызметпен ғана
шектелмей әлеуметтік өмірдің әр түрлі салаларын ( қаржыны ,
экономиканы , қорғанысты ) қамтиды , сондықтанда полициялық құқық
құқық басқарушылық қатынастарды регламенттеу үшін құқық саласы
ретінде тарлық жасайтын болды. Осыдан полициялық құқық ұғымын
мемлекеттік- басқарушылық қатынастарды реттейтін нормалар туралы
білімді де сондай ақ қоғадық тәртіпті қорғау аясындағы полициялық
қатынастарды реттейтін нормалар туралы білімді де жақынжық белгілері
бар және біртұтастыққа біріктіре алатын әкімшілік құқық ұғымымен
ауыстыру пайдалы деген қорытынды жасалынды.
Полициялық құқық ғылымын реформаларды аяқтауға және оны
әкімшілік құқық ғылымына ауыстыруға хіх-хх ғасырлар аралығындағы
заңға тәуелді басқарудың либералдық мектебінің көрнекті өкілі
неміс әкімшілік құқығының маманы О.Майер үлкен үлес қосты . Ол
өзінің Немецкое административное права (1895) деген негізгі
жұмысында полициялық құқықтың ғылым аренасынан толық ығыстырылғанын
және әкімшілік құқықтың салтанат құрғанын жария етті. Оның пікірі
бойынша әкімшілік құқық ғылымының міндеті қызмет атқарып отырған
мемлекеттік басқару органдарының заңдық мәнін зерттеу , олардың
қызметінің нысандарын жйелеп баяндау және ең маңыздысы олардың
азаматтармен қарым – қатынасын , осыған байланысты пайда болатын
даулы жағдайларды және оларды жоюдың механизмдерін көрсету болып
табылады . Әкімшілік құқық ғылымының қалыптасуында хіх-хх
ғасырлар барысындағы француздық әкімшілік + ғалымдардың да
Жерандо , А.Батби , Г.Бартелеми ,Н.Орну, жұмыстарының айтарлықтай
маңызы болды. Бірақ францияның әкімшілік құқық теориясын өз
астамасын Деламардың Трактат о полиций еңбегінен емес хіх
ғасырдың бірінші ширегінде францияда бірінші империямен
реставрацияның дәуірінде, әкімшілік сот пайда болған және әкімшілік
әділет даму ала бастаған кезде әкімшілік тәртіппен алады.
Францияның әкімшілік құқық ғылымының өткен жүз жылдығы дамуын
қорытындылаған Париж университетінің профессоры Г.Бартелемидің
Элементарный трактат об административном праве, деген жұмысында
әкімшілік құқықтың жүйесі тұтастай алғанда үш бөлікке бөлінген .
1- басқару органдары .
2- олардың қызметінің әдістерімен нысандары.
3- әкімшілік соттар және сотқа берілетін талап арыздар бойынша
процедура сараланған.
Неміс және франция әкімшілік құқығының доктриналары
тікелей және жанама түрде орыс әкімшілік құқығы ғылымының дамуына әсер
етті , оның хіх ғасырдың аяғындағы хх ғасырдың басындағы көрнекті
өкілдері И.Т.Тарасов ,В.Ф.Дерюженский , В.В.Ивановский , Н.И. Лазаревский ,
Э.Н. Берендтс , А.И .Елистратов , В.Л.Ковалевский ж.т.б. Әкімшілік құқық
ғалымдары болды. И.Т .Тарасов пен В.В.Ивановский атқарушы биліктің
және оның құрамдас бөлігі –мемлекетік қызметтің проблемаларын зерттеуге
көп еңбек сіңірген ғалымдар И.Т. Тарасов , Административное право
деген жұмысында атқарушы билікті заңды орындау үшін басқару актілерін
шығару құқығы және бойұсынбаған жағдайда полициялық мәжбүрлеу
қолдану құқығы, берілген заңға тәуелді ретінде қараған . В.В
Ивановский Мемлекеттік қызмет (1988) деген еңбегінде Россиядағы
мемлекеттк қызметтің тарихын , оған кірудің шарттарын және оны
өткерудің тәртібін зерттеген . Россияда полиция ғылымын әкімшілік
құқық ғылымына ауыстыру жөніндегі жұмысты аяқтауды хх ғасырдың
басындағы әкімшілік құқықтың аса ірі ғалымдарының бірі А.И. Елистратов
жүзеге асырды . Ол Основное начало административное право (1914) және
Советское административное право.(1929) деген жұмыстарында әкімшілік
құқық ғылымын мемлекеттік басқару аясындағы құқықтық қатынастар
туралы ілім ретінде айқындалады. Оның пікірі бойынша , лауазымды адам-
азамат негізгі құқықтық қатынас болып табылады. Бірінші өзінің қоғамдық
қызмет етуіне заңды түрде міндетті болатын сипаты мен азаматтар
арсынан бөлінеді , азаматқа құқықтар беріледі және өзінің құқықтарын
жүзеге асыру туралы лауазымды адамнан көмек талап ете алады. А.И.
Елистратовтың 1917 ж. дейінгіде , сондай –ақ 20 ж. да шыққан
еңбектерінде әкімшілік құқықтың құқықтық материял құқықтық
институтциялық жүйесіне сәйкес баяндаған, ол жүйе әкімшілік құқықтық
институттарды үш бөлім бойынша бөлінген . Әкімшілік құқықтық
субьектілері , обьектілер , әкімшілік қызметтің нысандары . А.И.
Елестратов негізінен алғанда әкімщілік құқықтың кейінірек хх ғасырдың
40-90 ж. кеңестік әкімшілік құқық оқулықтарында жалпы бөлік деп
аталып орын алған бөлігін жасады. Осы тұрғыдан алғанда А.И. Елистратов
императорлық әкімшілік құқық ғылымын құрп бітіушілердің соңы және бір
мезгілде кеңестік ғылымның негізіне бірінші іргетас қалаған ғалым .
кеңес өкілеті кезіндегі әкімшілік құқық ғылымының тарихы екі
кезеңге бөлінеді.
1. Большевиктердің 1917 ж қазанда өкіметті тартып алғанда 30 ж
бірінші жартысында дейінгі мерзімде қамтиды.
2. 30 ж. соңынан басталып ,90 ж басында аяқталады.
Бірінші кезеңде ғылыми ойлауға біршама еркіншілік болған жылдары
едәуір нәтижесі болды, ол кезде А.И . Елистратов , М.Д.Загряцов , В.Л.
Ковалевский ,Н.П.Карадже- Искров сияқты әкімшілік құқықтың ірі
ғалымдары шықты . Олардың мақалаларында , монографиялары мен
оқулықтарында кеңестік заңнамалардың негізінде әкімшілік қызметтің
нысандары кеңестік басқару органдарының азаматтармен қатынасы
әкімшілік әділет және лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасау
проблемасы зерттелді.

2. Әкімшілік құқық пәні.
Әкімшілік әділет институтын бандауда 20 ж . екі рет басып шығуға
жараған және патша россиясында Н.М.Коркуновтың ,И.Т.Тарасовтың , С.А.
Ковттың т.б. ғалымдардың бастаған зертеулерін жалғастырған М.Д.
Загрядцовтың Административноя юстиция и право жалобы в теории и
законадательстве деген жұмысы маңызды роль атқарды . Әкімшілік құқық
ғылымының тарихында екінші кезең екі кезден тұрады ; Бірінші кез
қатал 40-50 ж. тура келеді. , екінші кез КПСС - тің хх Съезінен кейін
жылымықтан басталған ,60-80 қамтиды . 40-50 ж ғылыми зерттеулердің
бірнеше бағыттарда жүргізілгендігін көруге болады. Ең алдымен С.М.
Берцинскийдің С.С, Студенникиннің , И.Н. Анановтың ,Г.И. Петровтың
жұмыстары туралы айту керек , оларда әкімшілік құқықтың догмасы осы
саланың пәні мен жүйесі, мемлекеттік басқарудың ұғымы мен принциптері
зерттелген. Әкімшілік құқық ғылымындағы екінші маңызды бағыт И.Н.
Анановтың , В.А. Власовтың , Н.А.Волковтың ,Ц.А. Ямпольскаяның т.б.
еңбектерінде көрініс тапқан , мемлекеттік басқару аппаратының келелі
мәселелерін зерттеуі мен тығыз байланысты . Біраз үзіліс болғаннан
кейін әкімшілік құқық ғалымдарының зерттеуге қайта оралған маңызды ,
кешенді мәселелерді мемлекеттік және В.А. Власовтың жұмыстарында
мемлекеттік қызметтің , мемлекеттік қызметшінің лауазымды адамның ұғымы
сияқты мәселелермен мемлекеттік қызметті өткеру кезіндегі сыныптық
шендермен рангілердің және мемлекеттік тәртіпті нығайтудың маңызы
туралы мәселелерді зерттейді . 40-50 ж. С.С Студенникиннің , А.Е.
Луневтің , Ц.А. Ямпольскаяның , Е.А. Шоринаның жұмыстарды мемлекеттік
бақылауды қамтамасыз етудің келелі мәселелерін зерттеу дамытылды.
Авторлар ұжымы жазған жалпы және ерекше бөліктерден тұратын
әкімшілік құқықтың бірінші марксистік оқулығы 1940 ж басылып шықты .
Жалпы бөлікке әкімшілік құқықтың пәні мен жүйесі , құқықтық нормалар мен
қатынастар мемлекеттік басқару органдары , басқарудың актілері
енгізілді . Ерекше бөлікке салалық басқарудың институттары енгізілді.
Егер 40-50 ж. әкімшілік құқықтың ғылымына 3-4 негізгі бағыттар тән
болса ал 60-80 ж. ғылыми зерттеулердің географиялық шеңбері кеңейе
түсті . Осы кезде ғылыми зерттеулердің географиялық шекарасы да кеңейе
түсті, ол тек Москвада ,Ленинград пен Киевте ғана емес , сонымен қатар
елдің басқа ірі қалаларында да ; Саратовта , Свердловскийда, Харьковте
, Томскіде , Алматыда т.б. жүргізілді. Әкімшілік құқық пәнін ,
жүйесінің , қайнар- көзінің әкімшілік құқықтық нормалар мен
қатынастарды келелі мәселелерге байланысты зерттеулер әрі – қарай
жүргізілді. Қаралып отырған кезде мемлекеттік қызмет мәселелерін
зерттеу одан әрі жалғастырылды . Ғылыми зертеулердің бұл саласында
В.М. Хоменканың жұмыстары мен ерекшеленеді. 60 ж. мемлекеттік
басқарудағы заңдылық пен бақылауды қамтамасыз етудің келелі
мәселелерін жете зерттеу өте кең жылдамдық кеңістікке шыққанын және ғылыми
тұрғыдан аса мұқияттылыққа айналғанын атап айту керек . Қаралып отырған
жылдары әкімшілік құқықтың келелі мәселелерді зерттеуде жаңа бағыттар пайда
болды , олардың қатарына әкімшілік мәжбүрлеу мен әкімшілік жауаптылықтың
мәселелерін жете зерттеу жатты . Бұл салада А.Е.Луневтің , Д.Н.Бахрахтың ,
И.А.Галаганның зерттеулері ерекше белгілі болды . Кеңестік әкімшілік
құқық ғылымында Әкімшілік процесс санатының 20 ж. соңынан бастап,
зерттелмегенін айту керек . СОКП- ның 20 съезінен кейін басқарушы және
құқық қорғау органдарының жұмыстарына заңдылықтың элементтері енгізіле
бастаған кезден әкімшілік- процессуалдық нормалар мен әкімшілік процесті
зерттеу тек 50 ж. ортасынан бастап қана маңызды бола бастады. Бұл
әкімшілік процесс теориясының 60-80 ж. дамуына негіз болды. Мемлекеттік
басқаруда заңдылықты қамтамасыз етудің келелі мәселелерін жан – жақты
зерттеу әкімшілік құқық саласындағы зерттеуду басқау органы - азамат
құқықтық қатынас туралы мәселеге қайта келтірді , бұл құқықтық қатынас
әкімшілік құқықтың ақиқаттың негізін сөзсіз құратын болса да ол туралы
30-50 ж айтуға болмайтын еді. Бұл келелі мәселе Н.Г.Салащева ның
жұмыстарында 60-80 ж толық баяндалды. КСРО ға мемлекеттік және құқық
институтының әкімшіік құқық ғалымдары ұжымының 1982 -1984 Б.М
Лазаревтің редакциясымен шығарған Гражданин и аппарат управлений ССР
деген екі томдық жұмысы ерекше назар аударуға тұрарлық. Мемлекеттік
басқару саласындағы азаматтардың субьективтік құқықтары мен және басқа
бақылау органы – азамат құқықтық қатынасы мен байланысты келелі
мәселелерді саралау әкімшілік әділет туралы мәселе қоюға орынды және
заңды түрде келтірді. 50 ж . соңы мен 60 ж. басын да –ақ мына
жағдайлардың белгілі болғанын ескерте кеткен жөн. Биліктің заңды және
заңсыз іс - әрекеттерінен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін обьективті
және өкілді түрде қорғай алатын бақылау және юрисдикция органдарының
кеңістік жүүесінде мекеме болған жоқ . Батыс елдерінде мұндай мекеме
ретінде әкімшілік әділет яғни тек қана басқарушылық даулар мен айналысатын
жалпы және арнаулы соттар жүйесі болды. Н.Г.Солищеваның , В:И:Ремневтің ,
Л.А. Николаеваның жұмыстарында КСРО- да әкімшілік әділеттің қажеттігі
шын мәнінде негізделген болатын. Әкімшілік әділетті жақтаушылардың
ұсыныстары 1989 ж. қараша айында қабылданған Азаматтардың құқықтарына
қысым жасайтын мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың
заңсыз іс- әрекетіне сотқа шағымданудың тәртібі туралы одақтық аңдар
көрініс тапты. 60-80 ж. қоғамдық тәртіппен қоғамдық бірлестіктерді
қауіпсіз қорғаудың келелі мәселесін зерттеуге байланысты бағыт пайда
болды. 1961-1991 ж. әкімшілік құқық оқулықтарында азаматтардың әкімшілік
құқықтық жағдайын басқару актілері жүйесіндегі мәселесін баяндаған жаңа
бөлімдер пайда болып бірте- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың жүйесі
Әкімшілік құқық түсінігі
Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі негізгі саланың бірі
Англо-саксондық құқықтық жүйе
Қоғамның құқықтық жүйесін талдау
Әкімшілік құқық - құқықтың дербес саласы
Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі
Құқық жүйесінің түсінігі
Әкімшілік құқықтың әдісі
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Пәндер