Ұлы Отан соғысы туралы



I.Қазақстан 1941.1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәуірінде.

1.Соғыстың басталуы және сипаты. Бар күшті жауға тойтарыс беруге жұмылдыру.

2.Әскери экономиканы жасау.

3.Қазақстандықтар майданда.
1941 жылы 22 маусыма фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді.
Гитлершілдер КСРО-ға қарсы соғысты Атлантикадан Сібірге дейін славян және түрік-монғол тұқымдас “тазартылған” “герман-территориялық-этностық тұтастығын” құрудың шешуші кезеңі және дүние жүзін жаулап алудың алғы-шарты деп санады. Англия мен АҚШ-ты талқандағанға және “тұтастыққа” немістерді қоныстандырғанға дейін өзін-өзі басқаруға ұқсас Остланд, Украина, Мәскеу, Кавказ рейхскомиссариаттарын құру белгіленді.1941 жылы аяғында –1942 жылы басында “қауырт” соғыс жоспарының күйрегені белгілі болған кезде кеңес республикаларының “бірігу күшін” әлсіретудің жолын іздеуге тура келді, жаңағылардан басқа Еділ- Орал және Гросс-Түркістан буржуазиялық-ұлт мемлекеттерін, сондай-ақ Қарағанды, Новосібір және Кузнецк “индустриялық облыстарын” құру жоспары пайда болды.
Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысады. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Бұған дейінгі өткен жиырма жылдың ішінде жоспарлағандай патриархалдық феодализмнен социализмге аса зор секіріс жасауды, халықтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе жасалған еді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Д.А.Қонаев атындағы колледж.

Реферат

Тақырыбы:

Ұлы Отан соғысы

Тексерген: Шапағатов А.
Орындаған:Абдильдаева Р.

Алматы 200607

Жоспар:
I.Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәуірінде.

1.Соғыстың басталуы және сипаты. Бар күшті жауға тойтарыс беруге
жұмылдыру.

2.Әскери экономиканы жасау.

3.Қазақстандықтар майданда.

1. Соғыстың басталуы және сипаты. Бар күшті жауға тойтарыс беруге
жұмылдыру.

1941 жылы 22 маусыма фашистік Германияның әскерлері Кеңес
Одағына басып кірді.
Гитлершілдер КСРО-ға қарсы соғысты Атлантикадан Сібірге дейін
славян және түрік-монғол тұқымдас “тазартылған” “герман-территориялық-
этностық тұтастығын” құрудың шешуші кезеңі және дүние жүзін жаулап
алудың алғы-шарты деп санады. Англия мен АҚШ-ты талқандағанға және
“тұтастыққа” немістерді қоныстандырғанға дейін өзін-өзі басқаруға
ұқсас Остланд, Украина, Мәскеу, Кавказ рейхскомиссариаттарын құру
белгіленді.1941 жылы аяғында –1942 жылы басында “қауырт” соғыс
жоспарының күйрегені белгілі болған кезде кеңес республикаларының
“бірігу күшін” әлсіретудің жолын іздеуге тура келді, жаңағылардан
басқа Еділ- Орал және Гросс-Түркістан буржуазиялық-ұлт мемлекеттерін,
сондай-ақ Қарағанды, Новосібір және Кузнецк “индустриялық облыстарын”
құру жоспары пайда болды.
Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде
қатысады. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және
табиғи ресурстары болды. Бұған дейінгі өткен жиырма жылдың ішінде
жоспарлағандай патриархалдық феодализмнен социализмге аса зор секіріс
жасауды, халықтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі
теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе
жасалған еді.
Қысқа мерзімнің ішінде таптық, ұлттық және отарлық езгі,
сауатсыздық және орта ғасырлық мешеулік жойылды, әйел теңдігі,
ұлтаралық татулық пен келісім жүзеге асырылды. Осының бәріне қол
жеткізуде халықтардың патриоттық дәстүрлері маңызды рөл атқарды.Қазақ
халқы көп ғасырлар бойы өзінің байтақ даласының шекараларын ойдағыдай
қорғап келген болатын. Отаршылдыққа қарсы күрес, орыстың үш төңкерісі
жылдарында, азамат соғысының майдандарында, бесжылдықтың құрылысында
халықтар достығы қалыптасып, нығайды.Соғыстың алдындағы жылдардағы
фашизмге қарсы адамдарға зор ықпал жасады.
Бірақ сол қауырт дамудың көлеңкелі жақтары да боды-ашаршылық,
негізсіз жазалау, онсыз ды аз ұлттық интеллигенттердің едәуір бөлігін
қырып жіберу, қазақ халқының санын азайту, ұлы даланы қудалауға түскен
халықтарды көшіріп әкелетін зонаға айналдыра бастау, міне осының бәрі
халықтарды әлсіретті, олардың санасын улады, өлкенің мүмкіндіктерін
елдің қорғаныс қуатын нығайту үшін дамыту және пайдалану
мүмкіндіктерін тежеді.
КСРО-ға шабуыл жасай отырып, фашистік идеологтардың кеңес
үкіметі жазалаған бұрынғы ақгвардияшыларға, бай шаруаларға,
капиталистер мен помещиктерге, тоталитарлық жүйенңн жаппай терроры мен
зорлық-зомбылығының қорлығы болғандардың бәріне үміт артуы негізсіз
емес еді.
Ал кеңес адамдарының көпшілігі жауға қызмет істеу деген ойдан
аулақ болды. Отанға берілгендік, патриотизм жаңа үниені жасаушылардың
саяси пафосымен астаса отырып, халықтың көпшілігіне сталинизмнің
қайғылы әсерін жеңе отырып, Отанды қорғау үшін топтасуға мүмкіндік
берді.
1939 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның халқы 6,2 млн. Адам
еді. Соғысушы армия қатарына соғыс жылдары 1196164 қазақстандық сапқа
тұрды. Патша өкіметінің 1916 жылғы тәжірибесін қолдана отырып,
сталинизм Қазақстан мен Орта Азияның түпкілікті халықтарынан және
зорлап көшіріліп әкелгендерден еңбек армиясын және арнаулы құрылыс
бөлімшелерін құрды, оларға Қазақ КСР-нан 700 мыңнан астам адам
шақырылып алынды.Республикаға майдан алқабынан әкелінген, 1,5 млн-дай
адамды және зорлап көшіріліп әкелінген халықты есептегеннің өзінде
республикаан армияға алу проценті жоғары болды: майданға және қорғаныс
өнеркәсібіне оның әрбір төртінші тұрғыны жіберілді.Мобилизациялау
процентінің мұнша жоғары болуына негізінен экономиканың аграрлық
сипаты, халықтың арасында шаруалардың үлес санының көптігі және
индустрияның қорғаныс саласына жұмысшы күшін және Қазақ КСР-ның ауыл
шаруашылығында механизаторларды брондау практикасының кеш енгізілуі
себеп болды. Қазақстандықтардың негізгі көпшілігі майдандағы армияға
толықтыру ретінде, шамамен үштен бір бөлігі республикада жасақталған
бөлімшнлерде тіркелді.Бұлар 12 атқыштар дивизиясы, төрт атты әскер
дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы, әртүрлі әскер түрлерінің 50-дей
жеке полктері мен батальондары еді.Олардың ішінен үш атты әскер
дивизиясы мен екі атқыштар бригадасы қазақтың ұлттық бөлімшелері
болып құрылды.Мобилизациялық жоспардан тыс, негізінен еріктілерден
құралған бұл бөлімшелердің тең жартысы коммунистер мен комсомолдардан
тұрды, олар майдандағы армияның құрамына берілгенше киім-кешекпен және
басқа тиісті заттармен, көлікпен және құрал-сайманмен республика
бюджетінің және халықтың еркімен берген қаржылардың есебінен
қамтамасыз етілді.
Республика офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв
даярлау сіне лайықты үлес қосты.1941-1945 ж.ж. әскери оқу орындарына
42 мыңнан астам жас қазақстандық жіберілді еспублика жерінде тұрған
27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мың офицер даярлап
шығарды.
Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт
мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше ысқартылды, көптеген
кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат,
станок жабдықтары сондай кәсіпорындардың пайдасына қайта бөлінді.
Майдан шебінен адамдардың, өндіріс потенциалдық және мәдени
байлықтардың еріксіз көшірілуі көптеген қиыншылықтар туғызды.1941-1945
жж. Қазақстан батыс аудандардың 532,5 мың тұрғыны баспана, жұмыс, тыл
еңбекшілерінің қатарына өз орнын тапты.970 мыңдай репатриацияланған
немістер, поляктар осында келді. Олардың кпшілігі ауылдар мен
селоларға таратылып орналастырылды. Ал қалаларда соғысқа дейін қиын
болған тұрғын үй проблемасы одан сайыншиелінісе түсті: 1940 ж. Қаланың
әрбір тұрғынына 5,1 шаршы метрден келсе, соғыс жылдары 4,3, ал
Қарағанды қаласында 2,2 шаршы метрден ғана келді.
Бөлшек сауда жүйесіне азық-түлік және көпшілік қолды товарлар
бұрынғыдан 7-15 есе аз түсті, ал базардағы баға 10-15 есе
көтерілді.Елде халықты нан және басқа да аса маңызды азық-түлікпен
жабдықтауға карточка жүйесі енгізілді, көмекші шаруашылықтар жүйесі,
ұжымдық және жеке бақша шаруашылығы кеңейтілді. Мемлекеттің, еңбек
ұжымдардың, республика тұрғындарының бірігіп күш жұмсауы арқасында ел
азық-түлік проблемасын шеше алды. Молшылық болған жоқ, бірақ жұрт ең
аз қажетін өтеді.
Тылды қайта құрудың құрамды бөлігі көшіріп әкелінген
кәсіпорындарды оналастыру болды.Қазақстанға 220 фабрика, зауыт,
ұстахана, артель және өнекәсіп комбинаты (соғыстың барысында бұлардың
20-сы қайта көшірілініп әкетілді) көшіріліп әкелінді, қатарға қосылды.
Олардың көпшілігі (54 зауыт пен фабрика) тамақ, жеңіл және тоқыма
өнеркәсібінің кәсіпорындары болатын. Әдетте олар өздері тектес
кәсіпорындардың базасына орналастырылды. Көшіріп әкелінген әкелінген
кәсіпорындардың көпшілігі өз жұмыстарын асығыс ыңғайластырылған
үйлерде және типті бастырмалардың астында бастады. Көбінше жаңа
орынға бұл кәсіпорындардың бұрынғы жұмысшылары мен инженер – техник
қызметкерлердің оннан бір бөлігі ғана келді. Міне осындай жағдайда
өнімдердің бұрын шығарылған ескі түрлері ғана емес, қару-жарақ пен оқ-
дәріні бірсыпыра жаңа түрлерін шығару жолға қойылды.
Ұжымдандыру жылдарындағы сияқты, 1941-1945 жж. МТС-тар мен
совхоздарда саяси бөлімдер, ал трактор және егіс бригадаларында саяси
жетекшілер енгізілді. Саяси жетекшілерге көп жағдайда әкімшілік
қызметі, “нормаларын әдейі орындамайтындарды, еріншектер мен
қыдырымпаздарды” жазалауға дейін шара қолдану құқы берілді. Әкімшілік
жүргізу, колхоздар мен совхоздардағы еңбекті әскери тәртіпке көшіру,
әйелдер мен жасөспірімдерді жаппай еңбекке тарту, ауылдар мен
деревняларда техниканың азаюы, еңбекке ақы төлеудің күрт азаюы, ал
көптеген колхоздарда мүлде төленбеуі, колхозшылардың малдарын күшпен
контрактациялау, соғыс салықтарының енгізілуі , міне осының бәрі ауыл
мен деревня еңбекшілерінің жағдайына ауыр әсер етті, 1943 ж. Солтүстік
облыстарда , 1944ж. Ақтөбе облысында ашыққан халыққа көмек көрсету
жөніндегі комиссия жұмыс істеді.
Халық комиссариаттары мен оның басшыларының құқықтары мен
саладағы істің жағдайы үшін жауапкершілігі арттырылды.Мәжілістердің
саны азайтылды, оралымдық, іскерлік арттырылды. Осымен бірге жеке
адамға табыну практикасы, партияның ішкі өміріндегі былықтар, әсіресе
әкімшілік жасау жолына түсуге әкеліп соқты. Сол жылдардағы
Конституциялық емес, төтенше органдар құру жөніндегі теріс іс те
осыған қызмет етті. Мәселен, Семей және Ақтөбе облысының аудадарында
егін егуге басшылық жасауүшін, өртке қарсы күрес, көшіріліп әкелінген
халықты орналастыру және т.б. жөніндегі үштіктер мен төтенше
комиссиялар құрылған. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанда, Павлодар
облыстарының партия комитеттері соғыстың алғашқы кезінде коммунистерді
қорқыту, дөрекі әкімшілік көрсету тәсілдері қолданған.
Барлық дәрежедегі кеңестердің қызметінің мазмұны өзгерді.Ең
алдымен басқару органдарының ұйымдық құрылымына өзгерістер
енгізілді.Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесінің жанынан және
облыстарда жұмысшы күшін бөлу жөніндегі бюро, көшіріліп әкелінген
халықты шаруашылық жөнінен орналастыру, әскер қызметкерлері жаұяларын
қамтамасыз ету және тұрмыс жағынан орналастыру, әскери заказдар мен
көшіріп әкелінген жабдықтарды моптаждау жөніндегі бөлімдер ( кейбір
облыстарда олар төтенше комиссиялар деп аталды) ұйымдастырылды. 1944
ж. Еңбекшілер депутаттары аудандық, қалақық және облыстық кеңестері
жанынан көп балалы және жалғызбасты аналарға жәрдем жөніндегі бөлім
құрылды.
Соғыс жғдайында Кеңестердің атқарушылық-жарлық берушілік қызметі
күшейді. Қолы бос еңбекке жарамды халықты мобилизациялау, міндетті
көлік тасымалын енгізу туралы шешімдер мен жарлықтар қабылдау
практикасы кеңнен қолданылды. Қала халқы ұшақ алаңдарын тазалау, кен
орындарынан отын тасу жұмыстарына тартылды. Соғыс жағдайындағы
Кеңестердің қызметі жеке басшылық жасау, билікті шоғырландыру, жоғары
ұйымшылдық, дәлдік пен жеделдік тән болды.
Кеңестердің әкімшілік жасау-заң шығару қызметі күшейіп, мәдени-
тәрбие қызметі әлсіреді. Кеңестердің соғыс жағдайында туған жедел -
әкімшілік қызметінің күшеюі кейде жалаң әкімшілік жасауға ұласып
кетіп отырды.
Соғыс жағдайында әйелдер қозғалысы өрістеді. 1943ж.партия
комитеттерінің жанынан әйелдер арасындағы жұмыс бөлімінің
кәсіпорындарда, транспортта, колхоздар мен совхоздарда 4300 әйелдер
Кеңесінің құрылуы шығыс әйелдерінің социалистік Отанды қорғаудағы
белсенділігін арттыруға, еңбекші әйелдерге идеялық тәрбие беру ісін
жақсартуға көмектесті.

2. Әскери экономиканы жасау.

Неміс әскерлерінің КСРО-ға терең бойлап кірген, Еділ бойындағы
шайқастар кезеңінің өзінде майдан шебі Қазақстанға жнткен жоқ. Бірақ
майданның жақын келуі оның батыс облыстарының өміріне өзінің әсерін
тигізді. 1942 ж. Қыркүйегінде олардың территориясына әскери жағдай
жарияланды, Орал мен Атырау да қалалық Қорғаныс комитеттері құрылды,
ол мемекеттік, партиялық және әскери органдардың билігін біріктірді.
Оңтүстік Орал әскери округінің штабы мен әскери инженерлері жаудың
Еділден өтіп, шығысқа қарай шабуыл жасаған жағдайына деп бірнеше
қорғаныс шебінің сұлбасын белгіледі. Оралда жедел байланыс торабы
жасалып, оның Атырау, Астрахань, Куйбышев және Орынбор желілері
тартылды, бұл ставканы оңтүстік бағыттағы майдандармен телефон арқылы
тұрақты байланыстыруды қамтамасыз етуге тиіс болды. Атырауда Каспий
теңізі Волга өзен флотияларының бірнеше кемелерінен, содай-ақ
жағалық бөлімшелер мен қызмет бөлімдерінен әскери-теңіз базасы
жасалды.Неміс авиацмясы олар арқылы Сталинрадқа әскерлер және жүк
тиеген эшоландар өтетін Сайхин, Шунгай, Жәнібек станцияларына шабуыл
жасай бастаған кезде оларды қорғау үшін командование әуе шабуылынан
қорғану 103- авиадивизиясының үш полкін, зенит зеңбірегінің екі
полкін, төрт зенитті бронды пойыз, әуені бақылайтын, хабарлайтын және
байланыс орнататын төрт батальон қойды. Осылар өзара күш біріктіре
қимыл жасай отырып, жаудың 30 ұшағын атып түсірді.

Соғыстың бірінші күнінен бастап-ақ Қазақстан оның арсеналдарының
біріне айналды. Мұның өзі жалпы одақтық экономикаға, өндірістің бар
саласында да, сол сияқты жаңадан жасауға тура келген саласында да оның
үлесін арттыруды талап етті.

Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. Төрт жыл ішінде олар
34млн. тонна көмір шығарды, бұл бассейннің бүкіл өмір бойы
шығарғанынан 3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнай аудандарының
кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39% арттырды, электр қуатын өндіру
екі есе дерлік өсті.

Республика мыс (39%), қорғасын (85%) өндірудегі жетекші орнын
сақтап қалды, осымен бірге зеттелген кеніштердің негізінде металдар
шығару, байыту, балқыту кәсіпорындары: Шығыс Қоңырат молибден, Жезді
марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі
полиметалл коибинаттары және т.б. салынды. Осыладың арқасында
республика молибденнің одақтық көлемінің 60 %, металл висмутының 65
%, полиметалл рудаларының 79% берді. Бұл нәтижеге жетуге жұмысшылар,
техниктер мен инженерлер: Б. Аймұханов, Б. Смағұлов, В.Дементюк,
А.Казакова, Д.А. Косых, Д.А. Қонаев, М.А. Лукьянова, А. Сафин,
А.М.Сиразутдинова, Г. Хайдин және олардың шәкірттері, мен ізбасарлары
ерекше үлес қосты.

1941-1945 жж. Барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және
жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның
ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар
миналар, снарядтар, торпедо, бомбалар, огнеметтер, радиостанциялар
және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Өндірісті игеруде,
онан кейін қару-жарақтың түрлерін жетілдіруге конструкторлар,
инженерлер мен кәсіпорындардың озат жұмысшылары: И.А.Аристов, Г.А.
Бариков, Н.К. Пышкин, П.Х. Резчик, Л.Я. Селеменова, Я.И.Фефер,Н.
Шмарин, баса көңіл бөлді. Мұның өзі өндірістің сан және сапа
көрсеткіштерін жақсарта беруге көмектесті.Қазақстан индустриясының
жалпы өнімінде металл өңдеу мен машина жасау саласының үлесі 1940 ж.
16-дан 1945 ж. 35 %-ке дейін өсті.
Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында
37% өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өсімнен 2 % жоғары. Бұл
нәтижелерге еңбектегі үлкен ауыртпалыққа, жоқшылық пен қиыншылыққа
қарамай қол жетті. Бірақ соғыс алда тұрған міндеттерді орындаудың
басқа жолы мен әдістерін іздеу мүмкіндіктерінен жалпы айырды немесе
оны мейлінше шектеді , сондықтан адамдар майданның талаптарын
орындаудан күшін де, мүмкіндіктерін де аяған жоқ.
Ауыл шаруашылық еңбекшілерінің еңбек жағдайы мен міндеттері
күрт өзгерді.Ең қиыны кадрлар туралы мәселе болды: майданға аттанған
Қазақстандықтардың шамамен үштен екі бөлігі ауылдар мен селолардан
кетті.Әскер қатарына шақырылған еркектердің орнын негізінен әйелдер
басты. Соғыстың аяғына қарай көптеген колхоздарда жұмыс істеп
жүргендердің 70-80 % әйелдер болды. Оның бер жағында жылына 400 және
онан да көп, яғни міндетті минимумнан үш есе жоғары, еңбеккүн тапқан
әйелдердің саны 1940 жылы 20607-ден 1945 жылы 94202-ге жетті.
Тіпті құрғақшылық болған 1943 жылы өзінде Ақтөбе облысы
“Құрман” колхозының звено жетекшісі Ш. Берсиев тарының гектарынан
202ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда облысы
“Авангард” колхозының звено жетекшісі Ы. Жақаев күріштің гектарынан
172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелең ауданы III
интернационал колхозының жетекшісі М. Мұхамедиева қызылшаның
гектарынан 600 ц. өнім алды.
Мал өсірушілер де күш-жігерін, білім-тәжірибесін аяған жоқ.
Жезқазған ауданы Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл
сайын жүз қойдан 180-ге дейі қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау
облысы “Жаңа талап” колхозының жылқышысы Ш. Шұғаипова бір мыңнан астам
жылқыны шығынсыз бағып келді.Қазақстанның батыс облыстарында жау
қолында қалған аудандардың 370 мыңдай малы бағылды. 1943 ж. Олар кері
қайтарылды. Өз малдарын және батыстан айдап әкелінген малдарды сақтап
қалуға, ал соғыстың ақырында ірі қара, қой мен ешкі жөнінен олардың
соғысқа дейінгі санын біраз көбейтуге мүмкіндік берген қары жұқа
шөлейтті және жартылай далалық өңірлерде малдың бір бөлігін жайып
бағуға уақытында көшіру және оны жақсы ұйымдастыру болды. Бұл мал
өсірушілердің еңбегінде біраз жеңілдетті. Соғыс кезіндегі бірінші
қыста мұнай учаскелерде 2,1 млн. мал бағылды (24проц.), ал онан
кейінгі жылдары 4,4 млн. мал (46 проц.) бағылды..
Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және
еңбек парызын өтеді: 1941-1945жж. Олар майданмен елге 5829 мың т.
Астық, 734 мың т. Ет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия
Батыс Қазақстандағы Сталинград майданы тылының инфрақұрылымының, күштері мен құралдарының қызметі
Отан соғысы майдандарында
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Ұлы отан соғысын қайта қарастыру-кейінгі ұрпақтың борышы
9 мамыр
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш
Пәндер