Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы туралы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым

Министрлігі

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық

Университеті

«Қолданбалы информатика» кафедрасы

Тақырыбы: «Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы»

Тексерген: Миркасимова Т. Ш.

Орындаған: АЖ мамандығы

1 курс студенті, 102 топ

Жұмантаева Балжан

Алматы 2008ж

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-4

I Негізгі бөлім . . . 5

1. 1 Алгоритм және алгоритмдік тіл . . . 5-6

1. 2 Программа құрылымы және бөлімдері . . . 6-11

1. 3 Қосалқы программа . . . 12-16

II Есептің қойылымы

2. 1 1-есеп . . . 17

2. 1. 1 Есептің берілгені . . . 17

2. 1. 2 Есептің алгоритмі . . . 17-18

2. 1. 3 Программалау бөлімі . . . 18

2. 1. 4 Есептің жауабы . . . 19

2. 2 2-есеп . . . 19

2. 2. 1 Есептің берілгені . . . 19

2. 2. 2 Есептің алгоритмі . . . 19-21

2. 2. 3 Программалау бөлімі . . . 21

2. 2. 4 Есептің жауабы . . . 22

III Қорытынды бөлім . . . 23-24

IV Пайдаланған әдебиеттер . . . 25

Кіріспе

Бағдарламалау тілі дегеніміз - адам мен компьютердің (ЭЕМ) өзара байланыс жасасу құралы. Бағдарламалау тілі екі топқа бөлінеді: таза машиналық кодпен, не белгілі бір машина кодына арналып ассамблерде жазылған тіл- төменгі дәрежедегі және жоғарғы дәрежедегі адам тіліне жақындатылған Basic, Qbasic, Ci, Turbo Pascal т. б. көптеген бағдарламалау тілдері. Мемлекеттік бағдарлама бойынша осы тілдерден Basic, Turbo Pascal, Visual Basic тілдерінің бірін меңгеру ұсынылған. Паскаль бағдарламалау тілі француз математигі Блез Паскаль құрметіне аталған. Ол 1968-1971 жылдарда Никлаус Вирттің Цюрихтағы Жоғарғы Техникалық мектепте оқыту тілінің бірі ретінде жазылған. Кең қолдана бастауы 1984 жыл, себебі осы жылдары қарапайым қолдануға ыңғайлы Турбо Паскаль компиляторы пайда болады. Ол Borland International компаниясында жасалды. Компилятор дегеніміз транслятордың бір түрі, ал транслятор дегеніміз белгілі бір компьютер мен бағдарламалау тілі түріне арналып жазылғанбағдарлама, оның міндеті жазылған бағдарламаны машиналық кодқа айналдыру.

Турбо Паскаль тілінің негізі Turbo. exe және Turbo. tpl файлдары арқылы берілген. Turbo. exe файлында компилятор, экран редакторы, жүйелегіш орналасса, Turbo. tpl файлында арнайы қойылған функциялар мен процедуралар (көмекші бағдарламалар) кітапханасы жазылған. Қазір жетілдіріле келе мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді:

  • Құрылымдық бағдарламалау. Өзінше бөлек блок арқылы тұйық жұмыс істей алатын функциялар мен процедуралар жазып, оны қажет кезінде шақырып пайдалану нәтижесінде бағдарламаның түсініктілігі, қатесін түзету мүмкіндігі молаяды.
  • Жоғарыдан төмен біртіндеп құру. Бағдарламашы алдын ала өзіне қажетті міндетті шешу үшін оны бірнеше бөліктерге бөліп, соңында оны іске асыра алады.
  • Обьектілі бағдарланған бағдарламалар жасай алу. Бұл мүмкіндік Паскаль тілінің аясын кеңітті, жақсы жақтарын алып басқа бағдарламалау тілдерінде пайдалануға мүмкіндік берді, яғни олармен байланысты арттырды. Кейінгі Delphi бағдарламасы осының бір жемісі деп қарастыруымызға әбден болады.

Нұсқауларды (командалар мен операторларды) ЭЕМ-ға түсінікті тілде жазып, жүйелеп, берген ақпаратты өңдеуді іске асыратын тізбені бағдарлама (программа) деп атаймыз. Бағдарламадағы нұсқаулар (командалар мен операторлар) тізбесін жүйелеп жазу кезеңін бағдарламалау дейміз. Бағдарлама жазуда «алгоритм» ұғымы басты роль атқарады. Алгоритм - орындаушыға белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жетуге арналып жазылған нұсқаулардың жүйеленген, әр қадамында бір әрекетті іске асыратын нұсқауды оператор дейміз. Команда бірнеше операторлар қоспасынан да тұруы мүмкін. Есептерді шығарғанда, алгоритм құрғанда белгілі бір ЭЕМ мен бағдарламалау тілінің мүмкіндіктерін ескеру керек. Turbo Pascal-да бағдарлама жазуда мына төмендегі негізгі таңбалар пайдаланылады: Қазақ әліпбиінің бас және кіші әріптері бағдарламалауда тек мәтіндерді өңдеу мен түсініктемелер жазуда ғана қолданылады. Осы жоғарыдағы бағдарлама жазуда пайдаланылатын таңбалар тобын Turbo Pascal әліпбиі деп атаймыз. Бұл таңбалардан бөлек таңбаларды бағдарлама жазуда пайдалана алмаймыз.

Таңба
Аталуы
Таңба
Аталуы
Таңба: A-Z
Аталуы: латынның бас әріптері
Таңба: :
Аталуы: қос нүкте
Таңба: a-z
Аталуы: латынның кіші әріптері
Таңба: +
Аталуы: қосу белгісі
Таңба: 0-9
Аталуы: арап цифрлары
Таңба: -
Аталуы: азайту белгісі
Таңба: Арнайы таңбалар:
Аталуы:
Таңба:
Аталуы:
Таңба:
Аталуы: бос орын
Таңба: *
Аталуы: жұлдызша, көбейту белгісі
Таңба: ~
Аталуы: тилда
Таңба: !
Аталуы: леп белгісі
Таңба: @
Аталуы: айшық
Таңба: #
Аталуы: сан белгісі
Таңба: $
Аталуы: ақша белгісі
Таңба: %
Аталуы: пайыз белгісі
Таңба: &
Аталуы: амперсант белгісі
Таңба: ()
Аталуы: жай жақшалар
Таңба: _
Аталуы: төменгі сызық
Таңба: =
Аталуы: теңдік белгісі
Таңба: {}
Аталуы: өрнекті жақшалар
Таңба: []
Аталуы: квадрат жақшалар
Таңба: \
Аталуы: кері көлбеу
Таңба: /
Аталуы: көлбеу сызық
Таңба: ;
Аталуы: нүктелі үтір
Таңба: :
Аталуы: қос нүкте
Таңба: `
Аталуы: апостроф, жалқы тырнақша
Таңба: ``
Аталуы: тырнақша
Таңба: <
Аталуы: кем
Таңба: >
Аталуы: артық
Таңба: ,
Аталуы: үтір
Таңба: .
Аталуы: нүкте
Таңба: ?
Аталуы: сұрау белгісі
Таңба:
Аталуы:
Таңба: Турбо Паскальдің негізгі түйінді сөздері:
Аталуы:
Таңба:
Аталуы:
Таңба: AND
Аталуы: OF
Таңба: ARRAY
Аталуы: OR
Таңба: NOT
Аталуы: PACKED
Таңба: BEGIN
Аталуы: PROCEDURE
Таңба: CASE
Аталуы: RECORD
Таңба: CONST
Аталуы: PROGRAM
Таңба: DIV
Аталуы: REPEAT
Таңба: DO
Аталуы: SET
Таңба: DOWNTO
Аталуы: THEN
Таңба: ELSE
Аталуы: TO
Таңба: END
Аталуы: TYPE
Таңба: FILE
Аталуы: UNTIL
Таңба: FOR
Аталуы: VAR
Таңба: FUCTION
Аталуы: WHILE
Таңба: GOTO
Аталуы: WDITH
Таңба: IF
Аталуы: LABEL
Таңба: MOD
Аталуы:
Таңба:
Аталуы:

I Негізгі бөлім

1. 1 Алгоритм және алгоритмдік тіл

Орындаушыға алдына қойған міндетті шешу нақты және түсінікті етіп берілген нұсқаулар жүйесін алгоритм дейміз.

«Алгоритм» сөзі Орта Азиядағы математик Әл Хорезми есімінің латынша - «Algorithmi» деп жазылуынан шыққан.

Алгоритм - информатика және математика пәндерінің негізгі ұғымдарының бірі. Алгоритм орындаушысы деп - жазылған алгоритмді орындауға қабілетті техникалық, не биологиялық жүйені айтамыз.

Орта - ол орындаушының «өмір сүру аймағы» болып табылады. Информатикада алгоритмді әмбебап орындаушы компьютер болып есептеледі.

Алгоритмнің ең негізгі қасиеттері төмендегі анықтамалармен көретілген:

  1. Түсініктілігі- орындаушы алгоритмнің жүйелі жазылған әрбір нұсқауларын орындай алу мүмкіндігі болуы тиіс. Нұсқау орындаушыға түсінікті дәл жазылуы керек.
  2. Үздіктілігі- яғни басқаша баламасы, дискреттілігі. Алгоритм нұсқаулары ретімен, қарапайым бір жолы белгіленген бір ғана әрекетті орындап аяқталатын қадамдарға бөлініп жазылуы керек. Одан кейін орындалу келесі қадамға берілуі тиіс.
  3. Анықтылығы- яғни алгоритм нұсқауы дәл, бір мәнді, тек бір ғана іс-әрекетті орындайтын болуы керек. Көп мәнді түсінілетін нұсқаулар болмауы тиіс. Келесі қадамда қай нұсқау орындалатыны анық көрсетіледі. Осы қасиеттің арқасында алгоритм нұсқауларын орындау механикалық түрде, ешбір қосымша талап пен себепсіз формальды түрде орындалу қамтамасыз етіледі.
  4. Нәтижелілігі- алгоритмнің жүйелі жазылған нұсқаулары қадамдар бойынша орындалып аяқталатын болуы тиіс. Соңында белгілі бір мақсатты нәтижені беруі керек.
  5. Жалпылылығы- алгоритм белгілі бір сәйкес қасиеттері бар тапсырмалар, не есеп топтарына арналған түрде жалпылама жасалады. Ондай топтардағы тапсырмалар алғашқы мәндерін бөлек-бөлек енгізумен ғана ерекшеленеді. Алғашқы мәндер алгоритмнің қолданылу аймағына сәйкес шамалардың қабылдайтын мүмкін мәндерінен алынады.

Алгоритм тұрмыста мына төмендегідей түрлерімен беріледі:

* Сөзбен (кәдімгі тұрмыста пайдаланатын табиғи тілмен) ;

* Графикалық, яғни блок-схемамен;

* Псевдокодпен (шартты алгоритмдік тіл мен бағдарламалау тілін, математикалық белгілеулер, табиғи тіл тұжырымдарын аралатыра) ;

* Бағдарламалық (таза бағдарламалау тілдерінің бірінде ғана пайдаланылса) .

Есепті шешу алгоритмі деп жазбаша жарлықтардың тізімі аталады. Яғни оны орындау барысында есептің шешімін, не берілген мәндерген есеептің шешімі жоқ екендігі туралы жауап алуға болады. Жалпы жағдайда есептер әр түрде бола алады. Мысалы, университеке бару, үйге қайту, жол айрығындағы бағдаршамнан өту, шәй қайнату, тамақ пісіру және т. с. с. есептер өмірде көптеген түрде кездеседі. Мұндай есептерді шешу алгоритмдерін тұрмыстық алгоритмдер дпе атауға да болады. Адмазат қызметінде көптеген өмірлік тәжірибеден туындайтын әрекеттер, қоғам заңдары әртүрлі алгоритмдер жиынынан тұрады.

Алгоритм түсінігі есепті шешу әдісі түсінігімен тығыз байлансыты. Әдіс деп қатаң негізделген есепті шешу тәсілі мен оны қолдануға болатын берілген мәліметтер бойынша есептер тобын анықтау мақсатында құрылған тәсілді зерттеуді айтады.

Ал, алгоритм есепті шешу және пратикада қолдану әдісін сипаттау болып табылады. Ол әдісті зерттеу нәтижесі бойынша құрылады, алгоритм есепті шешу үшін орындалатын әрекеттердің қатаң жазбаларының реттелген тізбегі болып табылады. Бұл әрекетер шешу әдісінен туындайды.

1. 2 Программа құрылымы және бөлімдері

Программа - белгілі бір программалау тілінің синтаксистік ережелеріне сәйкес жазылған нұсқаулар тізбегі. Демек, Тurbo Pascal тілінде программа жазу үшін программалаушы оның жазылу ережесін жақсы білуі қажет.

Тurbo Pascal тіліндегі программа жалпы мына түрду жазылады, яғни төмендегідей болады:

Программа тақырыбы;

Сипаттау бөлімі;

BEGIN

Орындалатын бөлімі;

END.

Программа тақырыбы РROGRAM қызметші сөзінен басталады. Ол программа атынан және параметрлерден тұрады. Мысалы:

Program esep1 (input, output) ;

Мұндағы esep1 - программаға берілген атау. Программалаушы программа атын өзі қалауынша бере алады.

Программа атауы оларды екінші бір программадан ажыратуға қажетті көрсеткіш болып табылады.

ЕСКЕРТУ! Программа тауының оның мазмұны сақталынған файл атауына еш қатысы жоқ.

input, output - стандартты енгізу-шығару файлы болып табылады.

*Сипаттау бөлімінде программада кездесетін барлық берілгендердің атауы, типі, мүмкін болатын мәндері, т. б. хабарланады.

*Орындалатын бөлімде begin және end қызметші сөздері арасына операторлар тізбегі жазылады. Сол себепті, begin (ашылатын) және end (жабылатын) қызметші сөздерін операторлар жақшасы деп атаса да болады. Оператор - нұсқаулардың машиналық тілде жазылуы. Сонда әрбір оператор орындалуға қажетті әрекеттерді машинаға түсінікті түрде сипаттайды. Программаның бір жолына бірнеше операторларды жазуға болады. Олардың арасында (; ) нүктелі үтір таңбасы, ал программаның соңын көрсететін end сөзінен кейін (. ) нүкте қойылады. Программаның орындалатын бөлімінде жазылған операторлардың тізбегін - программа денесі деп атайды.

Ал енді, программа бөлімдеріне келетін болсақ . . . Тurbo Pascal тіліндегі программа төмендегі бөлімдерден тұрады:

  • Программа тақырыбы;
  • Берілгендерді сипаттау;
  • Белгілерді хабарлау бөлімі;
  • Тұрақтыларды хабарлау бөлімі;
  • Типтерді хабарлау;
  • Айнымалыларды сипаттау бөлімі;
  • Процедура-функцияны хабарлау бөлімі;
  • Орындалатын бөлім:

Begin

Программа денесі (оператор тізбегі) ;

End.

Сонда, программа құрылымы мына түрде болады:

Program программа аты;

Uses

Модуль аты;

Label

Белгі;

Const

Тұрақты атауы=тұрақты мәні;

Type

Тип атауы=тип сипаттамасы;

Var

Айнымалылар атау:типі;

{Пайдаланушылар процедурасын және функциясын хабарлау};

Begin

Оператор тізбегі

End.

  • Usesбөлімінде стандартты және пайдаланушылар модулі жарияланады. Мысалы,

Uses crt;

Begin clrscr;

{экранды тазалауды әске қосу},

. . .

  • Кез келген операторларды белгілей отырып, goto операторы арқылы программаның орындалу ретін өзгертіп, белгіленген операторға тікелей көшуге арналған болады. Белгі атауы символдар тізбегі және бүтін оң сандармен қойылады. Оператор мен белгі арасына (:) қос нүкте таңбасы жазылады. Белгілерді хабарлау бөліміlabelқызметші сөзінен басталады. Программада кездесетін барлық белгі label бөлімінде хабарлануы қажет.

Label белгі1, белгі2, белгі3;

Мысалы,

Label 1, 15, SUMM, AC;

  • Тұрақтыларды сипаттау бөлімі сonst (латынның costants - тұрақты деген сөздінің қысқартылған баламасы екен) қызметші сөзінен басталады. Бұл бөлім программада төмендегідей жазылады:

Const

Тұрақты атауы=тұрақты мәні;

Мысалы,

Const

G=9. 8;

  • Type бөлімінде пайдаланушылар тарапынан анықталған типтер хабарланады. Тurbo Pascal-да программалаушы стандартты типтер арқылы жаңа типті құруға мүмкіндігі бар. Мұндай типтерді қолдану программаның құрылымын күрделендіреді. Сол себептен type бөлімі қарапайым программада кездеспейді. Бірақ, пайдаланушылар типі программадағы қателіктерді тез табуға септігін тигізеді. Type бөлімінің жалпы жазылуы:

Type

Тип атауы=сипаттамасы;

Мысалы,

Type

Matris=array[1. . 3, 1. . 2] of real;

Бұл мысалда тип атауы - Matris кесте берілген, оның жол бойынша3, ал бағана бойынша 2 элементі бар. Кестенің элементтерінің тегі нақты - real.

  • Программада кездесетін барлық айнымалы VAR (ағылшынның variable - айнымалы деген сөзінің қысқартылған баламасы) бөлімінде хабарлануы керек. VAR бөлімінде айнымалының атауы, типі хабарланады. Программаның орындалуы барысында, айнымалы оған тағайындалған атауы бойынша шақырылады. Айнымалының мәні VAR бөлімінде анықталғандықтан оған бастапқы мән берілуі керек.

Егер программада типтері әр түрлі бірнеше айнымалы болса, VAR деп бірнеше рет жазудың қажеті жоқ. Яғни, VAR сөзі бірақ рет жазылып, айнымалылардың тізімдері толық көрсетіледі. Айнымалылар бөлімінің жазылуы:

Var

Айнымалылар атауы: типі;

Мысалы,

Var

a, b, c:integer;

D, x1, x2:real;

y:char;

flag:boolean;

Мұндағы a, b, c - айнымалылар атаулары, олардың типтері бүтін - integer. Ал, D, x1, x2 - нақты - real, у - символдық - char, flag - логикалық - boolean айнымалылар.

  • Программалауды жеңілдетуде бір программаны бірнеше кішкене бөліктерге бөлуге болады. Программаның осындай бөліктері -көмекші программалар(ішкі программалар, қосалқы программалар немесе подпрограммалар) деп аталады. Көмекші программа екіге бөлінеді: процедуралар мен функциялар. Процедуралар мен функциялардың екі түрі бар:. Стандартты функциялар мен процедуралардың атауы, атқаратын қызметі алдын-ала анықталғандықтан, оларды программаның басында хабарлаудың қажеті жоқ. Ал, пайдаланушылар процедурасы мен функцияларын программаның арнайы бөлімінде хабарлау керек. Бұл бөлімде пайдаланушы процедурасы мен функцияларына атау беріледі. Оларды осы атауы бойынша программаның негізгі бөліміне шақыруға болады.

Процедураны хабарлау бөлімінің жалпы жазылуы:

Procedure процедура атауы (формальды көрсеткіштері) ;

Begin

Процедураның орындалатын бөлімі;

End;

Функцияны хабарлау бөлімінің жалпы жазылуы

Function функция атауы (формальды көрсеткіштері) : нәтиже типі;

Begin

Функцияның орынждалатын бөлімі;

End;

Процедуралар мен функциялар туралы толығырақ сылай білуге болады.

  • Программаның орындалатын бөлімін - операторлар бөлімі деп атаймыз. Операторлар бөлімі - программаның негізгі бөлімі. Бұл бөлімде программаның сипаттау бөлімінде хабарланған тұрақтыларға, айнымалыларға, функциялардың мәндеріне түрлендіру операциялары қолданылып, қойылған мақсатта программа жазылуы керек.

Операторлар бөлімі Begin қызметші сөзінен басталып, орындалатын операторлар (нұсқаулар) бірінен кейін бірі жазылады. Программаның бір жолына бірнеше операторларды жазуға болады. Олардың арасын (; ) нүктелі үтір таңбасымен бөлеміз. Бұл бөлімді End қызметші сөзі аяқтайды. Бұл сөзден кейін (. ) нүкте таңбасы қойылып, программаның соңын көрсетеді.

Операторлар бөлімінің жазылуы:

Begin

1-оператор;

2-оператор;

. . .

n-оператор;

End.

Операторлар жазылу реті бойынша жоғарыдан төменге қарай орындалады. Жазылуы көлемді болатын операторлар бірнеше экранның жолын алуы мүмкін.

Турбо Паскальдағы қызметші сөздер төмендегідей:

ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: 1
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: 2
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Absolute
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Абсолютті айнымалы белгісі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: And
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Логикалық амал - “ЖӘНЕ”
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Array
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Массивті сипаттаудың басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Asm
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ассемблердегі блоктың басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Assembler
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ассемблерде жазылған көмекші программа
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Begin
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Программа денесінің, көмекші программаның, құрама оператордың басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Case
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Таңдау операторының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Const
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Тұрақтылар атауныңы аты (идентификатор)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Constructor
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Обьекті құрылысы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Div
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бөліндінің бүтін бөлігін анықтау
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Do
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Орындау, FOR, WHILE операторларындағы циклдың басталуы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Downto
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Цикл параметрлерінің максималды мәнінен минималды мәніне дейінгі өзгеріс (кему қадамы)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Else
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Шартты көшу IF және CASE операторларындағы “ӘЙТПЕСЕ” бөлімі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: End
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Программаның, қосалқы програманың, модульдің, құрама оператордың соңын баяндау
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: External
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ішкі қосалқы программаның деректері
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: File
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Файлдық тип
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: For
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Параметрлі қайталану операторының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Forward
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ішкі қосалқы программаның деректері
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Function
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Қосалқы программа - функцияның басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Goto
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Шартсыз көшу
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: If
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Шартты көшу операторының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Implementation
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Модульдің орындаушы бөлігі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: In
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жиында элементтің бар екендігін тексеру
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Inherited
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жалғастыру әдісі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Inline
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ассемблерде жазылған программа бөлімін қосу
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Interface
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Модуль интерфейсі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Interrupt
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Процедура директивасы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Label
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Белгі бөлігінің атауы (идентификатор)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Mod
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бөліндінің бүтін қалдығын анықтау
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Near
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жақын адресті форматтау
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Nil
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бос ссылка
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Not
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Логикалық амал - “ЕМЕС” (теріске шығару)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Object
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Обьект
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Of
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Массив типін сипаттаудың бөлігі, файлдың, CASE операторындағы тұрақтыларды анықтаудың басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Or
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Логикалық амал “НЕМЕСЕ”
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Packed
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жинақталған массив белгісі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Private
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Обьекті секциясының басталуы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Procedure
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Қосалқы программа - процедураның басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Program
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Программаның басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Public
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Сыртқы обьекті секциясының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Record
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жазба типінің басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Repeat
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Келесі шарт бойынша қайталауды ұйымдастыру операторы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Set
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жиын типі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Shl
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бос разрядты биттерді солға жылжыту арқылы 0-мен толтыру
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Shr
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бос разрядты биттерді оңға жылжыту арқылы 0-мен толтыру
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: String
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жол
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Then
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: IF операторының “ОНДА” бөлігі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: To
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Цикл параметрінің минималды мәнінен максималды мәнене дейінгі өзгеріс (өсу қадамы)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Type
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Тип бөліміні атауы (идентификатор)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Unit
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Модульдің басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Until
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: REPEAT операторының соңы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Uses
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Орындалатын модульді нүсқаушы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Var
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Айнымалылар бөлімінің атауы (идентификатор)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Virtual
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Виртуалдық әдіс
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: While
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Алдын ала берілген шарт бойыннша қайталауды ұйымдастыру операторы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: With
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жазба операторының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Xor
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Логикалық амал - “НЕМЕСЕГЕ КЕРІ”

1. 3 Қосалқы программа

Программада белгілі бір қайталанатын іс-әрекеттерді, атау бойынша бөлек жазып, атауы арқылы бір немесе бірнеше рет іске қосуға болатын программаның бөлігін қосалқы программа деп атайды.

Қосалқы программаларды қолдану арқылы программаларды ықшамдауға болады.

Тurbo Pascal программалау тілінде қосалқы программаның екі түрі қолданылады:

*Прцедура;

*Функция.

Тurbo Pascal программалау тілінде айнымалыларды негізгі бөлімде сипаттау түрі - ауқымды айнымалылар деп аталады. Егер айнымалылар қосалқы программада сипатталса, онда олар жергілікті айнымалылар деп аталады. Сондай-ақ негізі программада қосалқы программаны шақыруда қолданылатын айнымалыларды нақты айнымалылар деп атайды. Ал қосалқы программаның атауында берілген айнымалыларды формалды айнымалылар деп атайды.

Әрбір қосалқы программаның атауы болады және олар айнымалыларды сипаттау бөлімінен құралып, операторлық жақшаларда орналасқан командалар жиынынан тұруы мүмкін.

Процедураларды қолдану. Тurbo Pascal программалау тілінде процедураның жалпы құрылымы:

Procedure proc_name(a1, b1, …:type_1; a2, b2, …:type_2) ;

[Процедурада қолданылатын айнымалыларды сипаттау бөлімі]

Begin

Процедураның негізгі бөлігі;

End;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal жүйесінде қайталанатын процестерді ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
«Турбо паскаль жүйесінде бір өлшемді массивтерді ұйымдастыру технологиясы»
Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары
Турбо паскаль жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
Паскаль тілінде сызықтық программалармен жұмыс
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal жүйесінде жолдарды ұйымдастыру технологиясы
Паскаль тіліндегі модульдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz