Бухгалтерлік баланс есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . . … 3

Негізгі бөлім

Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері . . . 4

Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны . . . 6

Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері . . . 11

Қорытынды . . . 13

Қолданылған әдебиеттер . . . 14

Кіріспе

Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.

Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның маңызы мен рөлі артпақ.

Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігі ретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайдаланып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандардың жақсы меңгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.

Осы менің «Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен құрылымы» атты рефератымда бухгалтерлік баланс құрылымына өте кең түрде нысандар тереңдетіліп берілген. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік баласы актив пен пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорнның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе, оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады. Ал, баланстың пассив деп аталатын бөлігінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы қпаратты мәлімет жазылады. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады.

Әрбір шаруашылық операциясын баланстың өзінде көрсету өте ауқымды болмақ, сондықтан баланстар есепті кезеңнің басына және аяғына жасалады. Мұның өзі барлық өзгерістерді жалпылама түрде көруге мүмкіндік береді, ал ағымдағы өзгерістер бухгалтерлік есептің шоттарында ескеріледі. е

Бухгалтерлік баланс

Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері

Баланс - сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.

Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы - шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.

Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорының мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 3. 03. 94 ж. №10-4/1143 хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.

Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни баланс пассиві көрініс табады.

Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі.

Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне ( атауына ) , мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес келеді.

Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткіші (жол) бухгалтірлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтірлік балансты жасаған кезде бұл баптар топқа, топтар бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың экономикалық мағынасына орай жүзеге асырылады. Баптардың ерекшеліктері:

  • актив баптар шаруашылық қорларын құрамы, орналасу және пайдалануы бойынша, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері бойынша көрсетуге қызмет етеді;
  • активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын, берешектерді, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері бойынша көрсетуге қызмет етеді;
  • активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын, берешектерді, ал пассивтік баптар меншікті капиталды, кәсіорынның қарыздарын көрсетеді.

Баланс - брутто және баланс - нетто деген бар. Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес белгіленген баланс нысаны пайдаланылады, мұның өзі баланс - неттоға сәйкес келеді.

Баланс - брутто түрлі ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылады.

Бухгалтерлік баланс - неттоның активінде екі бөлім, пассивінде үш бөлім бар.

АКТИВ:

І. Ұзақ мерзімді активтер.

ІІ. Ағымдағы активтер.

Меншікті капитал мен міндеттемелер:

І. Меншікті капитал (Акционерлік каптиал) .

ІІ. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.

ІІІ. Ағымдағы міндеттемелер.

Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті бап болады (№1 - кесте) .

Баланс - нетто бірқатар баптар ашық түрде көрсетіледі. Мысалы, «Материалдық емес активтер», «Негізгі құралдар» баптары бойынша бастапқы құны, тозу және қалдық құн көрсетіледі.

Баланс - нетто актив валютасына материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың қалдық құндар ғана енгізіледі.

Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны

Жоғарыда аталып өткендей, экономикалық мағынасы бойынша біртектес баптар топтарға, ал топтар бөлімдерге бірігеді. Бөлімдердің мазмұны шаруашылық қорлары мен олардың көздерінің жіктемесіне сәйкес келеді.

Төменде Халықаралық қаржы есебі стандартына сәйкес құрылған «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының балансы көрсетілген.

№1 - кесте

«KEGOС» ААҚ 2003 жылғы бухгалтерлік балансы

Активтер
Есепті кезең басы
Есепті кезең соңы
Активтер: 1
Есепті кезең басы: 2
Есепті кезең соңы: 3
Активтер:

І. Ұзақ мерзімді активтер

Материалды емес активтердің бастапқы құны

Гудвилл (105)

патенттер (103)

тауарлар белгілері ж. б. (101, 102, 104, 106)

Материалды емес активтер амортизациясы

(111-116)

Материалды емес активтердің қалдық құны

Негізгі құралдардың бастапқы құны

жер (121)

ғимараттар мен қондырғылар (122)

машиналар мен жабдықтар (123)

транспорттық құралдар (124)

басқа негізгі құралдар (125)

аяқталмаған құрылыс (126)

Жинақталған тозуы (131-134)

Негізгі құралдардың қалдық құны:

жер (121)

ғимараттар мен қондырғылар (122)

машиналар мен жабдықтар (123)

транспорттық құралдар (124)

басқа негізгі құралдар (125)

аяқталмаған құрылыс (126)

Инвестициялар:

Еншілес ұйымдарға салынған инвестициялар (141)

Тәуелді ұйымдарға салынған инвестициялар (142)

Басқа инвестициялар (143-144)

Ұзақ мерзімді инвестициялар (401-403)

Дебиторлық берешектер:

алуға арналған шоттар (301, 303)

алынған вексельдер (302)

жұмыскерлердің ж. б. адамдардың берешегі (333)

басқа дебиторлық берешектер (322-323-334)

алдағы кезеңдердің шығындары (341-343)

І бөлім жиыны

ІІ. Ағымдағы активтер

Тауарлы-материалды қорлар:

материалдар (201-208)

аяқталмаған (211-213)

тауарлар (221-223)

Болашақ мерзім шығындары (341-343)

Дебиторлық берешек:

алынған аванстар (351-353)

алуға арналған шоттар (301, 303)

алынған вексельдер (302)

негізгі шаруашылық серіктеспен еншілес

операциялары бойынша берешек (321)

жұмыскерлердің ж. б. адамдардың берешегі (333)

басқа дебиторлық берешектер (322-323-324)

Ақша қаражаттары (411-424-431-441-451-452)

ІІ бөлім жиыны

Барлық активтер

ІІІ Капитал және резервтер

Жарғылық капитал (501-503)

Төленбеген капитал (511)

Акция бойынша премия (қосымша төленген капитал) (351)

Қайта бағалау сомасы (қосымша төленбеген капитал) (541-543)

Резервтік капитал (551-552)

Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) (561-562)

Оның ішінде:

есепті жылғы (561)

ІІІ бөлім жиыны

ІV Ұзақ мерзімді міндеттеме

Займдар (601)

оның ішінде:

кепілдемелік зайымдар (601-603)

кепілдемесіз займдар (601-603)

негізгі шаруашылық серіктеспен еншілес серіктес

Ұйымдардың бір-біріне займы (603)

Мерзімі асқан салықтар (632)

ІV бөлім жиыны

V Қысқа мерзімді міндеттемелер

Қысқа мерзімді займдар мен овердрафт (601-603)

Кредиторлық берешек:

төлеуге арналған шоттар мен вексельдер (671)

алынған аванстар (661-662)

салықтар бойынша берешек (631-639)

басқа кредиторлық қарыз (632-642-643-651-652-687)

есептелген төленуге тиісті шығындар (681-683-686)

болашақ мерзім кірісі (611)

басқалар (682-687)

V бөлім жиыны

Барлық капитал мен міндеттемелер

Есепті кезең басы:

168175

-87433

80743

86177836

488654

4359151

77051170

1382740

340412

2555709

-18632098

67545738

488654

3839122

59450530

983353

228370

40927

400927

68027408

2120538

2058541

61997

8825

2485736

1101166

1241083

134663

3048295

7654569

75681976

100 000 000

-24633034

135456

-4495814

71006608

2994911

2994911

2994911

50410

1312933

1035265

277668

43056

274058

65975

208083

1680457

75681976

Есепті кезең соңы:

171249

-95747

75502

90935902

488654

4492023

77760799

1410899

350367

6433159

-20551200

70384701

488654

3893996

58404830

939200

224863

358603

358603

70818807

2147947

2094307

53640

4162

2785614

2059358

1395468

12536

314090

4686093

10169655

81438462

100 000 000

-24506094

135456

-2691336

1804479

72938027

6153464

3153464

706965

6860429

74

1271994

994785

277208

32661

335278

64204

73021

178053

1640006

81438462

1 бөлім. Бұл бөлімде ұзақ мерзімде активтер көрсетіледі:

Материалдық емес активтер - бұл бап бойынша ұзақ мерзімді кезең бойы (бір жылдан астам) шаруашылық қызметте қолданылатын және табыс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорын салатын салымдар көрсетіледі. Бұл орайда түсіндірме жазуларды амортизация есептеудің әдісі, есептеу мерзімі, сондай-ақ есепті кезеңдегі: гудвилл - патенттердің, тауар таңбаларының және басқалардың есептен шығарылуы көрсетіледі.

Негізгі құралдар - бұл материалдық салада, сондай-ақ өндірістен тыс салада қызмет мерзімі бір жылдан аспайтын материалдық активтер.

Мұнда мынадай баптар ашылуы тиіс:

а) жер;

ә) үйлер мен ғимараттар;

б) машиналар мен жабдықтар;

в) жіктемесіне сәйкес негізгі құралдардың басқада түрлері;

г) жинақталған тозу;

д) аяқталмаған күрделі құрылыс.

Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар мен төлемі кейінгі қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі.

Инвестициялар - кәсіпорынның табысты активтеріне (бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар), жарғылық қорына және басқа кәсіпорынға салған ұзақ мерзімді (бір жылдан астам мерзімге) инвестициялары, өзге кәсіпорындарға берілген қарыздар көрсетіледі.

Мұнда мынадай баптар ашылады:

а) еншілес серіктестіктерге берілген инвестициялар;

ә) тәуелді заңды ұйымдарға берілетін инвестициялар;

б) ағымдағы құнды көрсететін өзге де инвестициялар, бұл олардың баланстық құнынан ерекшеленеді.

2 бөлім. Ағымдағы активтер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«КазАБЭК» кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау
Бухгалтерлік есеп пен есептілік ережесі, мақсаты, маңызы
Бухгалтерлік баланс және оны талдау әдістері
Қаржылық қорытынды есебі
Қаржылық есеп берудің экономикалық маңызы
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын
Бухгалтерлік баланс аудиті
Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі
Ақ аудиттің жүргізілу тәртібі
Қаржылық есеп беру элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz