Баға


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. Бағаның атқаратын қызметтері . . . 4

1. 1. Бағаға әсер ететін факторлар . . . 5

1. 2. Бағаны белгілеу үдерісі . . . 7

1. 3. Бағаны жасау мақсатын анықтау . . . 7

2. Шығындарды бағалау . . . 8

2. 1. Бәсекелестердің бағаларын және олардың тауарларын талдау . . . 9

2. 2. Түпкі бағаны белгілеу . . . 9

2. 3. Бағаны белгілеу тәсілдері . . . 10

2. 4. Баға арқылы жеңілдіктер жасау . . . 10

Қорытынды . . . 11

Пайдаланылған әдебиет . . . 12

Кіріспе

Маркетинг кешенін құрайтын бір тәсіл бола тұра баға өте маңызды қызметтер атқарады. Сайып келгенде коммерциялық фирма әрекетінің түпкі нәтижесі көбінесе бағаға байланысты. Дұрыс таңдалып алынған баға стратегиясы тауарды бәсекелестік қабілетіне және кәсіпорынның өндіру-өткізу жұмысына ұзақ мерзім әсерін тигізеді. Бұған қоса тұтынушыларға (сатып алушыларға) бағаның тигізетін әсері аса зор. Баға дегеніміз тауар құнының ақшалай белгісі. Қүнмен бірге сұраныс пен ұсыныс бағаға өз әсерін тигізеді. Ол қаржы және пайда алудағы фирманың пәрменді маркетинг құралы.

  1. Бағаның атқаратын қызметтері

Бағаның атқаратын қызметтері оның ішкі мәнін сипаттайды. Бағаның атқаратын бес қызметі белгілі:

  1. Есеп жүргізу қызметі белгілі қажеттілікті тауардың қанағаттандыруы қоғамға қанша шығынды керек ететінін көрсетеді. Тауарды өндіру үшін қанша еңбек, шикізат, материалдар, басқа да өндіріс құрал-жабдықтары жұмсалғаны баға арқылы анықталады.
  2. Ынталандыру қызметінің мәні әр түрлі тауарларды өндіруге және тұтынуға бағаның тигізетін әсерімен анықталады. Өндірушінің табысқа жету әрекеті баға арқылы ынталандырылады. Бағаның осы қызметі шығынды кемітіп пайданы көбейту үшін ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, ресурстарды тиімді үнемдеуге, өнімнің сапасын жақсартуға ынталандырады. Сапалы және жаңа тауар жоғары бағамен сатылса, пайда көбейеді.
  3. Бөлу қызметін баға тауардың құнынан төмен, немесе жоғары ауытқуы арқылы орындайды. Бұнда баға арқылы ұлттық табыс экономика салалары арасында, мемлекет аймақтары арасында, қорлану және тұтыну қорлары арасында, тұрғындардың әлеуметтік топтары арасында бөлінеді және қайта бөлінеді.
  4. Сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдік қызметінде тұтыну және өндіру, ұсыныс пен сұраныс араларындағы арақатынасына баға күшті ықпал тигізеді. Өндіріс және айырбас саларында диспропорциялары қалыптасқаны туралы баға өз белгісін беріп және оларды сәйкестендіру қажетіне қоғамды итермелейді. Сонымен баға сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігін орнатуда икемді және пәрменді құралы болып табылады.
  5. Өндірісті ұтымды орналастыру қызметінде баға механизмі арқылы экономиканың салалар арасындағы капиталдың құйылуы жүргізіледі. Өйткені әрбір сала өнімдерінің бағасы мен пайдасы әрқалай болғандықтан, капитал пайдасы жоғары салаға барынша құйылады. Ол сала өндірісі жоғары қарқынмен дамиды, тауары көбейеді. Таурлар көбейген сайын, оның сұранысы төмендеп, бағасы мен пайдасы азаяды. Ол саладан сондықтан капитал алынып, пайдасы мен бағасы жоғары салаға ауытқиды. Осылайша қоғамға аса қажет өндірістерін дамытуға, қажеті аз салаларды кемітуге баға өз әсерін пәрменді тигізеді. Бағаға әсер ететін факторлар

Фирма баға стратегиясын таңдау үшін оған қандай факторлар әсер ететінін біле отырып, оларды талдауы қажет. Көбінесе ол сыртқы себептерден болады. Бағаға әсер ететін негізгі факторлар: шығындар, тұтынушылар, тауар қозғалысына қатынасушылар, бәсекелестер және мемлекет. Осы факторларға қысқаша тоқталайық.

  1. Шығындартүпкі бағаға аса қатты әсер етеді. Шығындар көлемі шикізат сатып алуға, жұмысшылардың жалақысын төлеуге, транспортқа, қоршаған ортаны қорғауға кеткен қаражатқа байланысты. Бұл шығындар бағаны белгілеу кезеңінде есепке алынып, бағадағы пайданың үлесіне қарай баға деңгейі белгіленеді. Баға деңгейі тұрақты болғанда, іс жүзіндегі шығындар көлемінің өзгерісі пайданың әрқалай көлемде түсуін белгілейді.
  2. Тұтынушылар. Баға және сату көлемінің өзара тәуелділігін екі себеппен түсіндіруге болады. Біріншісі сұраныс пен ұсыныс заңыцның әрекеті және баға икемділігі; екіншісі әртүрлі рынок сегменттері тұтынушыларының бағаға деген жауап әрекеті.

Бағаны қабылдау және тауарды сатып алу бағытына қарай тұтынушыларды төрт топқа бөлуге болады.

♦ үнемдеп сатып алушылар тобы - бұл топтағы тұтынушылар тауар бағасына, сапасына, түр-түріне, яғни ассортиментіне көп көңіл бөледі және осы тұтынушыларға жарнама қатты әсер етеді.

♦ дербестендірілген сатып алушылар - бұлар тауар бейнесіне, сатушылардың қызмет көрсету деңгейіне көңіл бөледі;

♦ этикалық сатып алушылар - өздерінің сатып алуымен кішігірім фирмаларды қолдауға әзір және олардың тауарларыны қымбат баға төлеуге дайын;

♦ көңілсіз сатып алушылар - а дегенде тауарды пайдалануының ыңғайлылығын және қолайлылығын жоғары бағалайды (баға көлеміне қарамайды) .

  1. Тауар қозғалысына қатынасушыларбағаны белгілеу үрдісінде маңызды рөл атқарады. Олардың пікірімен санасуға тура келеді, өйткені олар тауардың өткізу көлемін ұлғайтуға, жағымды тауар бейнесін жасауға. Сатып алуды жалғастыруға өз ықпалын тигізеді. Тауар тез арада сатылуы үшін өндіруші түпкі бағаны қатаң бақылауға алуы мүмкін, егерде:
  1. Тауар бағасы алдын-ала келісіп белгіленсе;
  2. Бөлшек саудасы аз болса;
  3. Консигнация шарттарын пайдаланса;
  4. Тауар қозғалысына қатынасушылар пайда көлемін жеткілікті алса.

Көтерме және бөлшек саудадағы тауар қозғалысының негізгі қатынасушылары бағаны қатаң қадағалауы мүмкін, егерде:

• өндірушіге өзінің маңызды екенін көрсете білсе;

• пайдасыз тауарды өткізуден бас тартса;

• бәсекелес өнімді қоса өткізіп, тұтынушының сатушыға деген адалдығын қалыптастырса

4. Бәсекелестер. Маркетинг тұрғысынан фирма әрекетінің ортасы талданады. Баға бақылауының жағдайына байланысты баға ортасы 3 түрге бөлінеді:

♦ Бағаны рынок бақылайтын орта. Онда бәсеке деңгейі жоғары, тауар бір типтес, ұқсас деп сипатталады. Бұл ортада фирма тауарын төмен бағамен ұсынса, ол тауарға сұраныс көбеюі мүмкін, өйткені тұтынушылар бағасы төмендеген тауарға тез ауады. Ал басқа бәсекелестер жауап қайтару ретінде ұқсас тауардың бағасын төмендетуі мүмкін. Бірақ бәсекені баға «қақтығысына» айналдырмаған дұрыс болады. Сондықтан қолданған баға стратегиясының болашақ нәтижесін қалыптастыру аса маңызды іс.

♦ Бағаны фирма бақылайтын орта. Оған шектелген бәсеке тән және ұсынған тауардың ерекшеліктері болады. Бұл ортада фирманың жұмыс істеуі және іс-әрекеті оңайлау болады. Тауардың бағасы жоғары немесе төмен болса да оны алушы тұтынушылар әрдайым болады.

♦ Бағаны мемлекет бақылайтын орта қоғамдық транспорт, энергетика, коммуналдық қызмет және де басқа салаларда кездеседі. Мемлекет орындары тұтынушылардан және өндірушілерден жан-жақты ақпарат жинаған соң нақты баға деңгейін белгілейді.

  1. Мемлекет. Кәсіпорынның бағаны белгілеудегі еркіндігін мемлекет шектейді. Бұл шектеуді 3 дәрежеге бөлуге болады:Мемлекет бағаны өзі белгілейді. Ол үшін келесі әдістерді пайдаланады: мемлекеттік прейскурант бағасын енгізу, еркін рынок бағасын бір деңгейде «қатыру», монополист кәсіпорындардың бағаларын жоғарыдан белгілеу. Мемлекет баға қою ережелерін бекітеді (реттелген бағалар қалыптасады) . Бағаны реттеу әдістері: кейбір тауарға бағаның жоғары деңгейін орнату, бағаның негізгі көрсеткіштерін реттеу (пайданы, жанама салық көлемдерін және т. б. ), нақты тауардың бағасын бірлік көтеру дәрежесін анықтау. Арамзалық бәсекеге және рынокты монополиялауға шек қою үшін «рыноктық ойын» ережелерін орнатады (еркін келісімді бағалар қалыптасады) . Ол үшін мемлекет мына іс-әрекеттерді шектейді: кәсіпорындардың бағаны жоғары деңгейде сақтау мақсатымен келісім қабылдауына шек қояды, өндірушілердің өз бағасын жабдықтаушыларға және сауда орындарына күшпен міндеттеуіне шек қояды, демпингке (бәсекелестерді жою мақсатымен тауарды өз құнынан төмен бағамен сатуға) шек қояды. Бағаны белгілеу үдерісі

Баға белгілеу ісі қиын және көп сатылы үдерісі болады. Оны жалпы алғанда қысқаша былай сипаттауға болады.

Бағаны жасау мақсатын анықтау
Сұранысты анықтау: Сұранысты анықтау
Шығындарды бағалау: Шығындарды бағалау
Ұсынысты, бәсекелестердің бағаларынжәне тауарларын талдау:

Ұсынысты, бәсекелестердің бағаларын

және тауарларын талдау

Бағаны құру әдісін таңдау: Бағаны құру әдісін таңдау
Түпкілікті бағаны белгілеу: Түпкілікті бағаны белгілеу

Бағаны есептеудегі негізгі үдерісі

  1. Бағаны жасау мақсатын анықтау

Ең алдымен фирма нақты тауар арқылы қандай нәтижеге жетуді көздейтінін білуі қажет. Егерде нысаналы рынок таңдалып, рынок жайғасымы толық ойластырылған болса, онда баға мәселесімен қатар маркетинг кешенін құру тәсілдері түсінікті болар еді. Баға құру стратегиясы негізінде рынок жайғасымын шешу арқылы ғана белгіленеді. Сол жағдайда фирма өзінің түпкі мақсатын белгілеуі мүмкін. Қаншалықты бұл мәселе анықырақ болса, соғұрлым баға қою ісі жеңілдейді. Іс жүзінде жиі кездесетін мақсаттар мынадай:

  • Фирма өзінің өмір сүруін қамтамасыз ету. Бұл мақсат рынокта өндірушілер көбейіп кеткен жағдайда және тұтынушылардың қажеттері кенет өзгерген кезде қолданылады. Өзінің тауарлары өтімін қамтамасыз ету үшін және жұмысын ойдағыдай дұрыс жүргізу үшін фирма көбірек сату мақсатымен бағаны төмендетеді.
  • Күнделікті табыс көлемін максималдау. Фирма сұраныс пен шығындарын талдап, жоғары табыс беретін бағаны қояды. Бұл саясатта ұзақ мерзімдік мақсаттар шетте қалады да, күнделікті қаржы-қаражат көрсетеіштері фирмаға маңызды болғаны.
  • Рынок үлесінде жетекші орын алу. Рыноктағы үлесі ұлғаю арқылы шығындары төмендеп, ұзақ мерзімдік табыс көлемі жоғарылайды. Осы мақсатпен фирмалар бағасын мүмкіндігінше төмендетіп, рынокты кеңірек қамтуға тырысады.
  • Сапа көрсеткіштері жағынан жетекші орын алу. Рынокқа ұсынылған барлық тауардардың ішінде фирма өзініің тауары жоғары сапалы болуына ұмтылады. Ол үшін ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізіп, тауар көрсеткіштерін жақсартады және тауарына жоғары баға қойып оның өтө сапалы, жаңа технологиямен жасалғанын сатып алушыларға жеткізуі қажет.
  1. Шығындарды бағалау

Сұранысқа қарай тауардың максималды бағасын анықтауға болады. Ал максималды баға фирманың шығындарымен шектеледі. Өйткені шығыннан төмен баға фирманы шығынға батырып, банкротқа апарады.

Фирманың шығындары екі түрлі - тұрақты және айнымалы болады. Тұрақты шығындары дегеніміз - олар өндірілген өнімнің көлемі өзгерсе де өзгермейтін шығындар (мысалы, ғимарат шығындары, жалдау ақыға, агрегаттарға, станоктарға, шойын жолдарына т. б. еңбек құралдарына жұмсалған шығындар) . Демек олар өндіріске, оның көлеміне тәуелсіз болады. Ал айнымалы шығындары - өндіріс деңгейіне тікелей байланысты (мысалы, отынға, шикізатқа, еңбек ақысына, жанар майға, жағар майға, суға т. б. жұмсалған шығындары) . Өнімнің бір данасына шаққанда қысқа мерзім ішінде олар әдетте тұрақты болады. Ал жалпы сомасы өндірілген тауар санына байланысты өзгереді (көбейсе көбейіп, азайса азаяды) . Сондықтан оларды айнымалы деп атайды.

Тұрақты және жалпы шығындардың жиынтығы жалпы шығындар деп аталады. Фирма тауарына баға белгілегенде жалпы өндіріс шығындарын тауарды сатып қайтаруы тиіс. Олай болмаған жағдайда өндіріс үзіліп, тоқтайды. Өндіріс дамып, күшеюі үшін баға шығындардан асып, пайда әкелуі керек. Осыдан шығындарды үнемдеу қажеті туындайды.

  1. Бәсекелестердің бағаларын және

олардың тауарларын талдау

Максималды бағаны сұраныс, минималды бағаны шығындар анықтаса, орта баға мөлшеріне бәсекелестер және оларды рыноктағы стратегиялары әсер етеді. Сондықтан бәсекелестердің тауарларының өтемін, олардың сапасын және бағасын біліп отыру қажет. Ол үшін:

  • Фирма өкілдері бәсекелестердің тауарларымен танысу үшін оларды сатып алып талдайды.
  • Фирма бәсекелестердің прейскуранттарымен танысу мүмкін.
  • Фирма бәсекелестері қолданатын өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алып, оларды талдап деңгейін білуі мүмкін.
  • Бәскелестердің тауарлары және бағалары туралы тұттынушылардың пікірлерін сұрап, білуге болады. Түпкі бағаны белгілеу.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік бизнесте баға белгілеу саясаты
Нарықтық экономика жағдайында бағаны реттеу
Баға жүйесі әдістері параметрлік шығындар
Қазақстандағы баға саясаты
Бағаны орташа шығын плюс табыс әдісімен есептеу
Баға саясаты және баға стратегиясы
Баға, баға жасау
Көлік шығындарымен қоса баға белгілеу
Баға жасау
Баға теориясы. Нарықтық экономикадағы бағаның ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz