Балаларға әлеуметтік қолдау көрсету



КІРІСПЕ 2

І ТАРАУ. БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 5
1.1. Балалар . әлеуметтік психологиялық қолдау жүйесі 5
1.2 Халықаралық балаларды қорғаудың құқықтық ұйымдастырушылық негіздері 6
1.3 Әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық негіздері 6

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛА . ӘЛЕУМЕТІК ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 13
2.1 Балаларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету әдістері 20
2.2 Балаларды әлеуметтік қолдау жүйесінің дамуын талдау 19

ІІІ ТАРАУ. БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 24
3.1 Қиын тәрбиеленетін балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиялары 24

ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес.
Дегенмен, ел дамуы тек оның экономикалық жетістіктерімен айқындалады десек қателесеміз. Өйткені, ұлт пен ұлыстың, жалпы біртұтас елдің табиғи дамуының бірден-бір көзі – рух екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған. Әрине, Қазақстан халқы өткен күнде де, бүгін де рухани байлықтан кенде қалған емес, керісінше рухы мен ізгілік сезімдері басқадан артық болмаса, кем емес екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, дәл қазіргі әлемдегі саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдай біздің елімізден буырқанған өркениеттер тоғысында беймәлім күй кешпей, дүниедегі өз орнын тезірек айқындауды талап етеді. Шын мәнінде, әлемдік жаһандану процесінің үдей түсуі қазақ үшін зұлматқа айналып, төл мәдениетіміз бен рухани болмысымызды тығырыққа тіремейтініне кім кепіл?!
Осы орайда, тығырықтан шығынсыз шығудың көзін табуда болашақ ұрпақ, қазіргі жас буынды жалпы адамзат құндылықтарын қастерлеумен қоса, олардың өз еліне, ұлттына, салт-дәстүріне деген патриоттық сезімін арттырып, осы бағытта тәрбиелеудің маңызы зор. Яғни, Қазақстанның өркениет жолымен үздіксіз алға жылжуының басты кепілдерінің бірі – бүгінгі Балаларғаәлеуметтік жұмыс жүргізіп, олардың аяғынан нық тұрып кетуіне қолдау көрсетіп, шынайы патриоттық сезімін нығайту екендігі анық.
Тарихи тәжірибе көрсеткендей, шынайы патриотизм мемлекеттің әлеуметтік құрылымының негізі, қоғамның рухани тірегі болып табылады.
Соңғы кезде балаларғаәлеуметтік жұмыс жүргізуде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан істер аз емес. Дегенмен, әлеуметтік қолдаусияқты күрделі істі атқару үшін еліміздің экономикалық жағдайының артуының үстіне бүкіл қоғамдық белсенділік қажет-ақ және де бұл белсенділік тұтас бір арнада өрбіп, нақты нәтижелер беруі шарт.
Олай дейтініміз, бүгінгі күні қоғамның, әсіресе Балаларғаәлеуметтік жұмыс жүргізу, олардың келер күнге деген сенімін нығайту және патриоттық тәрбиесі, жалпы отансүйгіштік қасиет туралы айту да, жазу да күрделі мәселеге айналып отыр.
Еліміздің болашағын ойлағанда ең алдымен есімізге Балалар мәселесі, олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайы еске түседі. Олай болатыны, Балалар жай ғана қоғамдағы адамдар санатының белгілі бір тобы ғана емес, олар – жас қуаттың, еңбек көзінің, идеялар мен тың ұсыныстардың бастамашысы, қоғамдағы қозғаушы күш, халықтың ең белсенді тобы.
1. Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы, 1997.
2. Алещенков С.В., Луков В.А. Государственная молодежная политика: мировой опыт, разработка и реализация. – М., 1991.
3. Аңдрущенко В.П., Горлач Н.И. Социология: наука об обществе.
Харьков, 1996.
4. Баркер Р. Словарь социальной работы. М., 1994.
5. Блашенкова О.Н., Ковальчук А.С. Труд молодёжи: права и обязанности. Пособие для организаторов тренинговых занятий. - М.: АНО Штаб, 2001. – 104.
6. Бондарь Ш. Социальная работа и молодежные организации: Конспект лекций. – М.: Институт молодежи, 1993.
7. Горбачев А., Омаргазин Р. Евразийская культура — как ее
понимает молодежь. Мысль. 1997. № 12.
8. Григорьев, Л.Г. Гуслякова, В.А. Ельчанинов. Социология. - М., 1994.
9. «Грядет ли светлое будущее?» /«Казахстанская правда», 1999, № 24.
10. Гуслякова Л.Г. Введение в теорию социальной работы. Барнаул, 1995.
11. Гуслякова Л.Г., Холостова Е.И. Основы теории социальной работы: учебное пособие. М., 1997.
12. Джаманбалаева Ш.Е. Особенности социализации подрастающего поколения//Казахстанское общество и социология: новые реалии и новые идеи/сборник материалов 1 конгресса социологов Казахстана.-А: Қазақ Университетi, 2002. –с.297-307.
13. Ешпанова Д. Д., Нысанбаев А. Н. Социальный портрет молодежи в современном Казахстане // Социологические исследования. - 2004. - N 12. - С. 86-95.
14. Зайнышев И.Г. Теоретико-методологические основы социальной работы // Социальная работа. М., 1992. Вып. 6
15. Западные молодежные субкультуры 80-х годов: Научно-аналитический обзор. – М.: ИНИОН АН СССР, 1990.
16. Интелектуальная культура специалиста. Новосибирск, 1993.
17. Калибеков Д. Современные проблемы молодежи. /«Вопросы экономики», 2000, № 8.
18. Кебина Н.А. Молодое поколение Казахстана: сегодня и завтра. //Социология молодежи. 2005, № 2.
19. Ковалева А.И., Луков В.А. Социология молодежи: Теоретические вопросы. – М.: Социум, 1999.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ 2

І ТАРАУ. БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 5
1.1. Балалар – әлеуметтік психологиялық қолдау жүйесі 5
1.2 Халықаралық балаларды қорғаудың құқықтық ұйымдастырушылық негіздері
6
1.3 Әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық негіздері 6

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛА - ӘЛЕУМЕТІК ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 13
2.1 Балаларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету әдістері 20
2.2 Балаларды әлеуметтік қолдау жүйесінің дамуын талдау 19

ІІІ ТАРАУ. БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫН
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 24
3.1 Қиын тәрбиеленетін балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу
технологиялары 24

ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының
астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына
түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап
жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған
қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан
Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси
салаларда жеткен жетістіктері аз емес.
Дегенмен, ел дамуы тек оның экономикалық жетістіктерімен айқындалады
десек қателесеміз. Өйткені, ұлт пен ұлыстың, жалпы біртұтас елдің табиғи
дамуының бірден-бір көзі – рух екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған.
Әрине, Қазақстан халқы өткен күнде де, бүгін де рухани байлықтан кенде
қалған емес, керісінше рухы мен ізгілік сезімдері басқадан артық болмаса,
кем емес екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, дәл қазіргі әлемдегі саяси-
экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдай біздің елімізден буырқанған
өркениеттер тоғысында беймәлім күй кешпей, дүниедегі өз орнын тезірек
айқындауды талап етеді. Шын мәнінде, әлемдік жаһандану процесінің үдей
түсуі қазақ үшін зұлматқа айналып, төл мәдениетіміз бен рухани болмысымызды
тығырыққа тіремейтініне кім кепіл?!
Осы орайда, тығырықтан шығынсыз шығудың көзін табуда болашақ ұрпақ,
қазіргі жас буынды жалпы адамзат құндылықтарын қастерлеумен қоса, олардың
өз еліне, ұлттына, салт-дәстүріне деген патриоттық сезімін арттырып, осы
бағытта тәрбиелеудің маңызы зор. Яғни, Қазақстанның өркениет жолымен
үздіксіз алға жылжуының басты кепілдерінің бірі – бүгінгі
Балаларғаәлеуметтік жұмыс жүргізіп, олардың аяғынан нық тұрып кетуіне
қолдау көрсетіп, шынайы патриоттық сезімін нығайту екендігі анық.
Тарихи тәжірибе көрсеткендей, шынайы патриотизм мемлекеттің әлеуметтік
құрылымының негізі, қоғамның рухани тірегі болып табылады.
Соңғы кезде балаларғаәлеуметтік жұмыс жүргізуде мемлекет тарапынан
атқарылып жатқан істер аз емес. Дегенмен, әлеуметтік қолдаусияқты күрделі
істі атқару үшін еліміздің экономикалық жағдайының артуының үстіне бүкіл
қоғамдық белсенділік қажет-ақ және де бұл белсенділік тұтас бір арнада
өрбіп, нақты нәтижелер беруі шарт.
Олай дейтініміз, бүгінгі күні қоғамның, әсіресе Балаларғаәлеуметтік
жұмыс жүргізу, олардың келер күнге деген сенімін нығайту және патриоттық
тәрбиесі, жалпы отансүйгіштік қасиет туралы айту да, жазу да күрделі
мәселеге айналып отыр.
Еліміздің болашағын ойлағанда ең алдымен есімізге Балалар мәселесі,
олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайы еске түседі. Олай болатыны, Балалар
жай ғана қоғамдағы адамдар санатының белгілі бір тобы ғана емес, олар – жас
қуаттың, еңбек көзінің, идеялар мен тың ұсыныстардың бастамашысы, қоғамдағы
қозғаушы күш, халықтың ең белсенді тобы. Сондықтан да Балалар мәселесі –
елдің болашағы туралы мәселе. Осы орайда Балаларғаәлеуметтік жұмыс жүргізу
жайы маңызды болып табылады.
Қазақстанда Балалар үшін әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла
бастаған. Бірақ республикамызда оның қарқындап даму шыңы 1990 жылдардың
орта кезіне ғана келіп жетті. Сонан соң бұл іс-шара тек 1990-шы жылдардың
ортасынан бастап қолға алына бастады және де бүгінгі таңда қайта өрлеу
кезеңін бастан кешіріп отырған жайы бар. Мәселен, егер 1995 жылы
республикамыздың 12 облысында 31 әлеуметтік қызмет құрылымдық бөлімдері
құрылса, 1996 жылы олар 68-ге жеткен. Осы уақытта мемлекеттік органдар
тарапынан әлеуметтік қызмет үшін жергілікті бюджет есебінен қажетті
анықтамалық-ұйымдастыру және әдістемелік құралдар, әлеуметтік қызмет үшін
арнайы мамандар даярлауға көмек көрсетіліп отырды. Бұл қызметтер облыстық
орталықтарда орналасып, “сенім телефоны”, Балалар еңбек биржасы, үйінен
кетіп қалған балалар үшін баспана, медицина-психологиялық кеңес беру
пунктер жүйесін құра білді.
Дегенмен, ақпараттандыру және құжаттамалық орталықтар, бас
бостандығынан айырылған кәмелетке толмаған балаларғаарналған әлеуметтік
реаблитация және реадаптация орталықтар, мүгедек балаларғаарналған
орталықтар жүйелі қызмет түрлеріне айнала алмады.
Бұл ретте Балаларғаәлеуметтік жұмыс жүргізудің теориясы мен
практикасын, әдістерін, формаларын ғылыми тұрғыдан қарастырудың өзектілігі
дау тудырмайды. Олай болса, бүгінгі таңдағы Қазақстан Балаларының
әлеуметтік жағдайы, олардың патриоттық тәрбиесі қоғамның өзек жарды
мәселелерінің қатарынан орын алуы заңдылық.
Балаларға әлеуметтік жұмыс жүргізу тақырыбы шетелдік ғалымдар
тарапынан мол зерттелген. Олардың аттарын тізіп шығудың өзіне көп уақыт
кетеді. Ал, отандық ғалымдарымызға келетін болсақ, аталған тақырып бойынша
бірлі-жарым еңбектер болмаса, арнайы ғылыми еңбектер, монографиялар мен
диссертациялар көзге түсе қоймайды.
Әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық және методологиялық мәселелері
Гуслякова Л.Г., Холостова Е.И., Зайнышев И.Г., Саппс М., Уэллс К., Фирсов
М.В. және т.б. ғалымдар еңбегінде егжей-тегжейлі қарастырылған. Отандық
ғалымдарымыз Аитов Н.А., Джаманбалаева Ш.Е., Ешпанова Д. Д., Нысанбаев А.
Н., Калибеков Д. және т.б. еңбектерінде Қазақстан Балаларының әлеуметтік-
саяси бейнесі, олардың әлеуметтену жағдайы, жалпы проблемалары
қарастырылған. Балаларғаәлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесін арнайы зерттеу
нысанына айналдырған еңбектер жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан да осы
тақырыптың дипломдық жұмыс объектісіне айналып отыруы кездейсоқтық емес әрі
өте зәру болып табылады.

І ТАРАУ. БАЛАЛАРҒАӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ

1.1. Балаларды – әлеуметтік психологиялық қолдау жүйесі

Балалардың соцологиялық теориясында ұрпақ, жас ерекшелік табы,
жастық шақ, балалар, әлеуметтік жасы келгендік қарттық дсген
ұғымдар жоқ.
Сөйтіп, зерттеуші И.Конн ұрпақ терминінің көпмағыналығына назар
аударады және оның төрт мағынасына көрсетеді.
Демографияда жобамен бірдей уақытта туған адамдардың
жиынтығын ұрпақ деп санайды.
Антропологтар мен заңгЕрлер жалпы ата-бабадан шыққан сатылықты ұрпақ
деп айтады.
Тарихшылар мен социологтар ұрпақты ата-анасы мен олардың балаларының
туған аралыққа тең уақыт аралығы деп санай отырып статистикалық түрде 30
жылға тең деп айқындайды. Бүгінгі күні отбасының жасару үрдісі, ата-аналар
мен балалардың арасындагы жас ерекшеліктің орташа айырмасының қысқаруы
байқалуда, ал дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығының үлғаюы үш емес, төрт
ұрпақтың бір мезгілде өмір сүруіне әкеледі.
Ұрпақ ұғымы кіретін символдық мағына бар. Онда өмірлік тәжірибе
қауымдастығыньң, куәлары мен қатысушылары адамдар болған тарихи оқиғалар
туралы естеліктердің кейбір қалыптасқан жалпы әдеттердің, байлардың,
дәстүрлердің, өмір заңының, тіпті талғам мен көңіл ауудың да ерекше маңызы
бар. Бірақ бұл мағынада ұрпақтар арасындағы буын хронологиялық нақты
шекараларда жатқан жоқ, онда әлеуметтік бөлініс, сондай-ақ аса маңызды,
құндылықтарды айқындайтын тарихи оқиғаларға қатынас үлкен рөл атқарады. Осы
мағынада ұрпақтың саны сапалық айқындалуының, әртүрлі ұрпақтың ұзақтығы
әртүрлі болуы мүмкін екендігінің қаншалықты болуында.
Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар,
Балаларды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып бұл
ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л.Розенмайер жастық
кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің
ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясьн баса айта отырып,
қаңдай да болмасын нақты негіз бермейді.
13 пен 18 жыл аралығыңдағы жас жасөспірім шақ ұғымымен біріктіріледі
және біршама дәрежеде жаңа белгілерге жеке әлеуметтік тәртіптің нысандарына
әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық шақтан
бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде
құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни ересектермен қалыпты
теңестірумен және заңды құқықтарды көрсетумен: еңбек үшін тең ақы төлеу,
армияда қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.
Жастық шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың
саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір толығу шегіне
жылдам жақындайды.
Социолог В.Н. Боряз толығу шегі жастық шақ деп түсінуге болатын жас
ерекшелік кезеңдерінің шеңберіне жатады деп есептейді. Ал одан әрі —
әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В.Н. Боряз Балалар санатын айқындауға
арналған аса кең шекараларды ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы
адамдарды кіргізеді.
Көптеген социологтар адам жасы тек есептегіш, өмір сүрген
жылдың көрсеткіші ретінде ғана қаралуы мүмкін еместігі туралы
көзқарасты жақтайды. Оның жеке адамның даму процесінің
динамикасын зерттеуде елеулі мәні бар. Әлеуметтік құрам,
қажеттілік пен мүдде, мақсаттар мен өмір сүру жоспарлары, іс-
әрекеттің нәтижелері мен перспективалар әрбір алдыңғы кезеңде
дайындалады. Сондықтан зерттеушілер жеке тұлғаны бүкіл өмір
бойындағы тұтастықта зерттеуді ұсынады.
Мәселе, әдетте, адам ең жоғарғы жетістіктерге ересек шағында
жететіндігіне қарамастан, осы жетістікке дайындық жастық шақта
болатындығында. Сондықтан социологтар кульминацияның Спартаға, ал іс-әрекет
спартасының жеке тұлғаны тәрбиелеу тарихына белгілі бір тәуелділігі бар
екенін атап айтады.
Адам жасының қоғамдық функциялармен байланыс идеясы ғылымда бірнеше рет
атап көрсетілді. Ол адамньң өмір циклін әлеуметтік кезеңдендіру негізінде
жатты. Адамның барлық өмір циклін біртұтас етіп байланыстыруға ұмтылыс А.
Шопенгауэрдің Адамның Балалары туралы еңбегінде нақты көрсетілген, онда
ғалым өмір жолын екі қатарлы кезеңге бөледі, ал олардың әрқайсының өзіндік
ерекшеліктері және белгілері бар.
Аналогия үшін ІПопенгауэр мифологиядағы құдайлардың аттарына сүйенді.
Алғашқы онжылдықта Меркурий үстемдік жасайды, адам өмір жолымен тез және
жеңіл жүреді, бірақ оның көңіл-күйі түрлі ұсақ-түйекке байланысты өзгермелі
болады. Осы жылдардағы оқу, ойындар қозғалмалы. 20 жылдары махаббат құдайы
Венераның патшалығы басталады, ол оның барлық тіршілігіне үстемдік жасайды.
30 жылдары оны Марс ауыстырады, ол адамға табандылық, батырлық, күш,
батылдық, жауынгерлік әкеледі. Ол оны өжет болуға, тәуекелділікке шақырады.
Адам 40 жасында Церердің үстемділік күшінде пайдалылыққа бас иеді. Веста
оған үй ошағын береді, Паллада білім мен даналық сыйлайды, Юнона сияқты
оның үйінде ханым-зайыбы билік жасайды. 50 жасында Юпитер билік көрсетеді,
адам өзінің күшінен ләззат алады, ол тәжірибе мен білімге бай, беделге ие,
басқаруға икемді. Бірақ 60 жылдары оның өмірінде Сатурн өзінің қорғасындай
ауыртпашылығымен, баяулығымен және солғыңдығымен әсер ете бастайды.

1.2. Халықаралық балаларды қорғаудың құқықтық ұйымдастырушылық негіздері

Қазақстан қоғамында реформалардың жүруі, әлеуметтік қолдау
ұйымдастырудың жаңа формаларының пайда болуы, дәстүрлі түрлерін жетілдіру,
саяси тұрақтылық пен экономикалық өсуді нығайту жолында социономдардың
практикалық іс-әрекеттері, оларды жүзеге асырудың әдістемелері мен
технологиялары айрықша маңызға ие болады. Бұл ретте Қазақстанның әр
аймағында, сол сияқты әр түрлі жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыс
жүргізудің ерекшеліктері бар екендігін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ Балалардың
өзі де әртүрлі субмәдениетке ие. Аймақтық, ауылдық және қалалық, студент
және жұмысшы, т.б. ерекшеліктері қаншама. Бұған қоса жұмыссыздарды алсақ,
олардың да әлеуметтік проблемалары шаш етектен. Осының барлығы да
әлеуметтік жұмыс жүргізудің алуан түрін және ерекше тәсілін қажет
ететіндігі сөзсіз.
Елімізде ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін әлеуметтік жұмыс саласында
әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдеріне әлеуметтік көмек беретін тиісті
мекемелер мен әлеуметтік қызметкерлер болып па еді? Бұған түрліше жауап
беруге болады, олардың барлығын жиып келгенде мынаған саяды:
– Қазақстанда әлеуметтік қызмет мекемелері 80-жылдарға дейін болған
жоқ;
– әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер 80-жылдары бой көрсете
бастап, тек 90-жылдардың үстінде дамып, қанатын кең жая бастады;
– Қазақстанда әлеуметтік қолдауң жекелеген формалары мен бағыттары
ғана болып, ХХІ ғасырдың басындағы дамуға сай келетін әлеуметтік қолдауң
біртұтас жүйесі болған жоқ.
Осы айтылған пікірлер шындыққа сәйкес келеді деп санаймыз. Әлеуметтік
жұмыс ұзақ уақыт бойы болғанымен, оны жүзеге асырудың біртұтас, кешенді
жүйесі, арнайы негіздері әлі де кемшік күйінде қалуда.
Оның үстіне совет заманында жолға қойылған әртүрлі әлеуметтік
топтарға арналған медициналық, зейнетақы, тұрғын үй-тұрмыстық және басқа
көмектердің желісі үзіліп қалды. Балаларғажұмыс істеудің де бірыңғай
формасы қалыптаспай отыр. Осының бәрі де белгілі бір дәрежеде қиындықтар
туғызуда.
Қазақстанда әлеуметтік жұмыс кәсіпқой қызмет ретінде қажеттілікке
айналды. Практикалық қызмет формасы ретінде әлеуметтік қолдауң өзіндік
ерекшелігін ашудан бұрын қызмет дегенде нені түсінетінімізді анықтап алған
жөн.
Ғылыми әдебиетте қызмет термині кең мағынаға ие. Мысалы, орталық
жүйке қызметі, т.б. Гегельдің қызмет терминін қозғалысқа қатысты
қолданғаны белгілі. Философияда қызмет термині жалпы қоғамдық өмірді,
оның жекелеген формаларын, тарихи процесін зерттеу құралы ұғымын білдіреді.
Мұндай жағдайда ойымыз шашырап кетуі мүмкін.
Сол секілді ғылыми әдебиетте мінез-құлық, жай-күйі деген
терминдер де жиі кездеседі. Қызмет ұғымын әртүрлі түсіндіру қызметтің
әртүрлі формалары мен типтерін жіктеуге көптеген негіздеме ұсынды. Бұған
қызмет объектісі көбірек жатады. Осыған орай құқықтық қызмет, медициналық
қызмет, өндірістік қызмет және т.б. туралы айтуға болады.
Егер біз осы негіздемені әлеуметтік кеңістікке қосатын болсақ, онда
бұл жағдайда әлеуметтік қызметті бөліп алуға болады. Оның мақсаты –
адамдардың тұлғаның тіршілігі мен қызметіне қолдау көрсету қажеттілігін
бірге қанағаттандыру барысында қоғам өмірінің барлық саласында субъектілік
ролін жүзеге асыруын оңтайландыру қызметі. Осы қызмет әлеуметтік жұмыс
болып табылады.
Әлеуметтік қолдауң басты мақсатына мыналарды жатқызуға болады:
а) Балалардың дербестік дәрежесін, яғни өз проблемаларын өзі шешу, өз
тағдырын өзі анықтау қабілетін арттыру;
ә) Балалардың өз мүмкіндіктерін барынша ашуына және олардың заңда
көзделген мүмкіндіктің барлығын алуына жағдай жасау;
б) Балалардың қоғамда адаптациясы немесе реадаптациясы;
в) Балалардың дене кемістіктеріне, көңіл-күйінің күйзелісіне
қарамастан, өзін қоршаған орта тарапынан қысым көрмей, өзін лайықты адам
ретінде сезініп өмір сүре алатындай жағдай туғызу;
г) мұның түпкі мақсаты Балалардың әлеуметтік қызметкердің көмегіне
мұқтаждығын барынша азайту 6.
Әлеуметтік жұмыс қоғамда кәсіпқой және кәсіпқой емес деңгейде жүзеге
асырылуы мүмкін. Кәсіпқой емес деңгейге ерікті көмек пен өзара көмектің
әртүрлі формалары жатады.
ХХ ғасырдың 80-жылдары көптеген елде кәсіпқой емес көмектің алуан
түрлі формалары қанат жайды. Мұның себебі әлеуметтік қолдауң бастапқыда
ерікті, филантроптық және қайырымдылық көмек ретінде пайда болғандығын, ең
алдымен мұқтаж жандарға жан ашырлық сезімнен бастау алғандығына байланысты.
Бұл кейіннен кәсіпқой әлеуметтік жұмыс түрлерінің пайда болуына ықпал етті.

Кез келген елдің даму тарихында осы немесе басқа тарихи кезеңде
туындайтын әлеуметтік жұмыстар мен әлеуметтік проблемалар түрлері мен
формалары арасында байланысты табуға болады. Кәсіпқой қызмет ретінде
әлеуметтік қолдауң әртүрлі формаларының пайда болуы көп жағдайда елдің
дамуының полимәдени және ұлттық ерекшеліктеріне, әртүрлі әлеуметтік
институттардың өзара қарым-қатынасының сипатына, қоғамдық сананың,
ғылымның, мәдениеттің, білімнің даму деңгейіне де байланысты.
Қазақстанда әлеуметтік қолдауң кәсіпқой қызмет ретінде (батыстық
түсінік бойынша) даму барысы енді ғана дами бастағынын ұмытпаған жөн.
Сондықтан да халықтың әртүрлі топтарына әлеуметтік көмек көрсеткенде әлемде
қолданылып жүрген тәжірибені белсенді пайдаланған абзал.
Сол секілді әлеуметтік қолдау ұйымдастыруда белгілі бір әлеуметтік
құбылыстар мен процестерге қолдану үшін қалыптасқан теориялық-
методологиялық тәсілдердің де бар екендігін есте ұстаған лазым.
Бұл ретте бір жағынан, жеке тұлғалық деңгейде әлеуметтік көмек
көрсету, ықпал ету технологияларын, екінші жағынан – көмекке зәру
индивидтің, әлеуметтік субъектінің тұрмысына, тіршілігіне қолайлы жағдай
қалыптастыру бойынша қызмет әдістерін ескеру керек. Осы контексте
әлеуметтік жұмыс өзгермелі әлемде адамға әлеуметтік субъектілікті іске
асыруға жағдай туғызу жөніндегі қызмет ретінде болуы тиіс.
Еуропаның көпшілік елінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
әлеуметтік саясат пен әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламасын, әртүрлі
әлеуметтік топтарға қолдау көрсетуді жүзеге асыру үшін ресми құрылымдар
құрылды. Медицина, руханиат және құқық қызметтерімен қатар қазіргі кезде
әлеуметтік жұмыс та маңызды орын алады.
Қазіргі кезде әлемде әлеуметтік қолдауң қоғамдағы ролі мен
міндеттеріне түрлі көзқарастар бар. Біздің ойымызша, әлеуметтік қолдауң
алдында тұрған амңызды міндет индивидтің қоғамда, топта субъектілік ролін
қамтамасыз ету және көрсету механизмдерін оңтайландыру болып табылады. Осы
механизмдерді таңдау белгілі бір деңгейде жалпы қоғамдық жүйеде, қоғамның
әлеуметтік құрылымында, әлеуметтік институттарында айқындалған.
Шет елдерде әлеуметтік қолдауң негізіне мынадай қарым-қатынас жатады:
қызметкер – клиент (клиент ретінде қоғам да, әлеуметтік топ та, индивид
те әрекет ете алады). Осы қарым-қатынасты іске асыру екі бағыт бойынша
жүруі мүмкін: әлеуметтік жобалау мен болжам жасау (құрылымдық әлеуметтік
жұмыс) және индивидпен немесе топпен тікелей жұмыс жүргізу (психоәлеуметтік
жұмыс).
Қазіргі кезде Қазақстан қоғамы үшін, оның экономикалық, саяси және
әлеуметтік-психологиялық жағдайын ескергенде, әлеуметтік қолдауң кәсіпқой
және кәсіпқой емес формалары мен бағыттарын өзгерістерге икемді және тиімді
бейімделе алатындай біртұтас жүйеге интеграциялау қолайлы болмақ.
Осы тұрғыдан алғанда, қызмет ретінде әлеуметтік жұмысқа жүйелік тәсіл
ерекше мәнге ие болмақ.
Кез келген әлеуметтік қызмет (оның ішінде әлеуметтік жұмыс) мақсат,
құралдары, талаптары секілді компоненттерге ие. Дегенмен, әлеуметтік
қолдауң әртүрлі формалары мен түрлерінің пайда болуы үшін әртүріл
негіздемелердің бар екендігін есте ұстаған жөн. Осындай негіздеменің бірі
әлеуметтік тәжірибе саласы болуы мүмкін. Мұнда білім беру, денсаулық
сақтау, бос уақыт және т.б. саласындағы әлеуметтік жұмыс туралы айтуға
болады. Басқа негіздемелер ретінде әлеуметтік жұмыс клиенттері –
Балалардың, әлеуметтік тәуекел топтарының, суицидке бейім жандардың
әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері; үшіншілеріне - әлеуметтік
қызметкерлер алдында тұрған мәселелер жатуы мүмкін. Бұдан басқа да
негіздемелер табуға болады. Осы секілді бүкіл жағдайда әлеуметтік қолдауң
мақсаты нақтылана түседі.
Әлеуметтік қолдауң әрбір түрі үшін қойылатын талаптар да әртүрлі
деңгей мен саланы ескергенде нақтылана түседі: саяси, экономикалық,
әлеуметтік-психологиялық және этноұлттық.
Бұл жағдайда құралдар ретінде әлеуметтік институттар, әлеуметтік
қолдау іске асыру әдістері қарастырылуы мүмкін.
Осыған байланысты әлеуметтік қызметтерге типология жасауға,
практикалық әлеуметтік қолдау ұйымдастыруға негіздемене бөліп алу ерекше
маңызға ие болады. Әлеуметтік қолдауң әралуан түрлері мен формаларын жіктеу
негізіне әртүрлі негіздеме жатуы мүмкін, бірақ оларыдң бәрі де мынаған
саяды:
● клиенттің проблемасымен жұмыс жүргізу;
● басқа қызметтермен, мекемелермен, ұйымдармен жұмыс жүргізу. Осы екі
форманың ішінде өз кезегінде әлеуметтік қолдауң әртүрлі түрлерінің
жіктемесі жүреді. Сонымен, бірінші жағдайда, клиенттің проблемаларының
сипаты туралы (ажырасу, жұмыстан шығу, жақын адамының қайтыс болуы,
мүгедектік және с.с.); екінші жағынан – клиенттің ерекшелігі туралы айта
аламыз, яғни клиент ретінде индивид те, топ та, сол сияқты ірі әлеуметтік
топ ретінде қоғам да әрекет етеді.
Екінші жағдайда, бір жағынан, басқа қызметтермен, ассоциациялармен
өзара қарым-қатынаста проблемалар туындайтын қызмет саласы туралы; екінші
жағынан – осы ұйымдардың мәртебесі туралы (мемлекеттік, ұжымдық, қоғамдық,
қайырымдылық, жеке меншік және т.б.) айта аламыз. Негіздеме ретінде
клеинтті алалық. Бұл жағдайда мынадай қызметтер туралы айтуға болады:
а) халыққа әлеуметтік көмек көрсету қызметі, оның мақсатының бірі
әлеуметтік мұқтаж отбасын, тобын анықтау (көп балалы, бүтін емес, студент,
мүгедек жандары бар, қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатқан, жалғыз басты,
кәрі) және оларға материалдық, медициналық, заң, психологиялық-
педагогикалық, әлеуметтік-тұрмыстық көмек алуына қолдау көрсету болып
табылады;
б) әлеуметтік реабилитация қызметі, оның мақсаты қиын ахуалға душар
болған, түрмеден босанған, т.б. адамдарға әлеуметтік көмек көрсету;
в) отбасына әртүрлі көмек көрсету қызметтері:
отбасылық кеңес беру;
танысу қызметі;
ағарту және өзін өзі білім алу қызметі;
сексология кабинеттері;
педиатрия кабинеттері;
педагогикалық кеңес беру және басқалары.
Мына негіздемелерге төмендегідей қызметтер саласы жатады:
а) әлеуметтік-тұрмыстық көмек қызметі, оның мақсаты жалғыз басты кәрі
адамдарға мүгедектерге көрсеьілетін қызмет түрлерін кеңейту;
б) отбасылық көңіл көтеру қызметі, оның мақсаты отбасылық туризмді,
отбасылық серуенді, отбасының ұйымдасқан демалысын ұйымдастыруды
ынталандыру, отбасы клубтарын, жас көп балалы отбасылар клубтарын құру.
Біздіңше, әлеуметтік қолдау аймақтық, муниципалды деңгейде ұйымдастыру
моделі адамның өмірлік қуаты, жеке және әлеуметтік субъектісі концепциясы
базасында қалыптасуы тиіс. Осы концепцияға сай әлеуметтік жобаларды
(бағдарламаларды) жүзеге асыру жекелеген адамдарға да, сол сияқты
әлеуметтік топтарға да әртүрлі өмірлік ахуалда, әртүрлі әлеуметтік-
экономикалық және әлеуметтік-психологиялық жағдайда көмек береді.

1.3. Әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық негіздері

Әлеуметтік жұмыс қоғамдық құбылыс, белгілі бір қоғамдық институт
ретінде пайда болған. Ол бірте бірте әр түрлі ғылымның зерттеу объектісіне
айналды. ХХ ғасырдың ішінде ол теориялық тұрғыдан қарастырылып, ғылыми
сипаттама беріле бастады.
Шетелдік ғылыми дәстүрде әлеуметтік қолдау теориялық тұрғыдан
зерттеудің тарихы біршама уақытты қамтиды. Осы тақырыпқа арналған еңбектер
жеткілікті 2. Ал Ресейде әлеуметтік жұмысқа қатысы бар қайырымдылық
дәстүрін тарихи-биографиялық тұрғыдан зерттеуге бағышталған бірнеше еңбек
кездеседі 3.
Бұл ретте бір бірімен әлеуметтік жұмыс туралы ғылымдағы өзара
байланысты екі құбылысты бөліп алуға болады. Біріншісі, жалпы әлеуметтік
даму барысындағы әлеуметтік қолдауң орнын анықтау, жалпы қоғам тарихын
зерттеу, ал екіншісі әлеуметтік қолдау ғылыми зерттеу, әлеуметтік жұмыс
теориясының эволюциясы, оның адам мен қоғам туралы басқа да ғылымдармен ара
қатынасы тұрғысындағы зерттеулер.
Ғылыми әдебиеттерге жүргізілген зерттеулер әлеуметтік қолдау ғылыми
пайымдау тарихындағы теориялық дәстүрлер қоғам өміріндегі қайырымдылық
секілді құбылыстың әлеуметтік орны мен мәнін зерттеуге, сондай-ақ
әлеуметтік көмекті әр түрлі психологиялық, социологиялық,
психотерапевтикалық доктриналармен салыстыра тексеру талпыныстарын
қарастыруға орай қалыптасқанын көрсетеді 4.
90-жылдардың басында ғылыми әдебиетте әлеуметтік қолдау теориялық
негіздеудің бірнеше үлгісі белгіленді. Оны қоғамдық құбылыстың ерекше
әлеуметтік қызметі ретінде түсіну өрістеді. Бұлар қазіргі заманғы қоғамдағы
әлеуметтік қорғау проблемаларын теориялық пайымдауға бағытталған әр түрлі
мектептердің ірі ғалымдарының ғылыми ізденістерінің ғана нәтижесі емес,
сонымен бірге әлеуметтік қолдауң мазмұны мен формаларының өзіндегі
эволюция, өзгерістер.
Әлеуметтік жұмысқа қатысты ғылыми білімді құрудағы әйгілі теориялық
тәсілдерге, олардың өздеріне әсер еткен аралас ғылымдарға қатысты
жүргізілген талдаулар кем дегенде үш топтағы теориялардың бар екендігін
көрсетеді:
1) әлеуметтік қолдауң психологиялық-бағдарлы теориясы;
2) әлеуметтік қолдауң әлеуметтік-бағдарлы теориясы;
3) психологиялық-әлеуметтік (социопсихологиялық) немесе жан-жақты,
пәнаралық бағдарлы әлеуметтік жұмыс теориясы.
Осы тараушада біз жоғарыда аталған әлеуметтік қолдауң қазіргі заманғы
теорияларының ерекшеліктеріне және қысқаша мазмұнына тоқталатын боламыз.
Психологиялық-бағдарлы теория
Әлеуметтік қолдау қазіргі заманғы қалпында теориялық пайымдау ретінде
психодинамика З. Фрейдтен бастап оның ізін қуушыларыдң психоталдаулық
зерттеулері негізінде қалыптасты 5. Олардың ролі бұл орайда негізінен
әлеуметтік жұмыс үшін аралас ғылыми пән ретінде әдістемелік тұрғыдан ықпал
етумен шектелді.
Алайда әлеуметтік қолдауң психодинамикалық үлгісі негізінде ықпал ету
мен әзірлеме әлеуметтік қолдауң нақты технологиясын негіздеудің ерекше
үлгісінің пайда болуы мен дамуына мүмкіндік туғызды. Мұнда проблемалары бар
жеке адамға, отбасына, адамдар тобына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері
талқыланды. Бұл ретте әлеуметтік қызметкер әрекетінің психодинамикалық
үлгісі негізгі, бастапқы постулаттарға табан тірейді. Негізінен олар
мыналарға әкеледі:
а) әлеуметтік қызметкер клиентпен қарым-қатынаста тек психологиялық
құрылым иеленіп қоймайды, сонымен бірге өзгерістерге де қабілетті болады;
б) әлеуметтік қызметкердің клиентке ықпал етуі оның әлеуметтік-
экономикалық жағдайын, әлеуметтік сатылы топтар жүйесіндегі мәртебесін
ескеруі тиіс;
в) психодинамикалық теория мұқтаждарға, жекелеген адамдарға нақты
көмек көрсету барысында пайдалы екендігін түсінуін талап етеді;
г) әлеуметтік қолдауң психодинамикалық моделі әдетте, клиентке
қатысты мінез-құлықты, көзқарасты, қарым-қатынасты оның ішкі әлеміне, нақты
өмірді қабылдау ерекшелігіне әсер ете отырып өзгертуді көздейді.
Бұл ретте әлеуметтік қызметкер өзінің де психологиялық ерекшеліктерін
ескергені жөн.
Әлеуметтік қолдау психодинамикалық жүргізу контексінде
психоәлеуметтік ықпал ету бірнеше дербес кезеңдерді қамтиды:
1) клиенттің проблемасын зерттеу; 2) клиенттің әлеуметтік жағдайы мен
психологиялық жай-күйінің, сезімдерінің ерекшеліктерін талдау; 3)
әлеуметтік қызметкер мен клиенттің жақындасуы, тығыз байланыс орнатуы; 4)
клиенттің өміріне әсер еткен басты оқиғаларды пайымдау; 5) әлеуметтік
қызметкер мен клиенттің сенім негізінде келісілген іс-әрекет етуін
жоспарлау, 6) соционом мен клиенттің оның проблемасын шешу бойынша қазіргі
әрекеті.
Осындай тәсілдің құндылығы қазіргі заманғы адам мен қоғамның даму
проблемаларын тұтастай, жүйелі түрде көре алғанда арта түседі.
Әлеуметтік-бағдарлы теория
Әлеуметтік жұмыс теориясының бірқатар әлеуметтік-бағдарлы үлгілеріне
көшелік. Олардың ішінде әсіресе қоғамның құрылуы мен дамуы туралы жүйелі
түсінікке сүйенетін әлеуметтік қолдау теориялық тұрғыдан негіздей үлгісі
пайдалы. Бастапқы нұсқасында бұл теория биологиялық негізде әзірленген және
ол бүкіл организм шағын жүйелерден құралған жүйелер екендігін көрсетті. Бұл
теория әлеуметтік топтар мен қоғамдық институттарды, отбасын, шағын
қауымдарды, ұжымжарды қамтитын әлеуметтік жүйені талдауда кеңінен
қолданылды.
70-жылдары бұл тәсіл әлеуметтік қолдау талдауды шетелдік ғалымдар
тарапынан қызу қолдау тапты.
Осы түсініктің аясында адамдарға мынадай үш түрлі жүйе көмек Бере
алады деген көзқарас кең таралды: бірінші, отбасы, достар, қызығушылықтары
бойынша құрылған бірлестіктер; екіншіден, қауымдық топтар, кәсіподақтар,
қоғамдық-саяси ұйымдар және с.с.; үшіншіден, қоғамда мекеме, ведомоства,
функционалды бағытталған ұйымдар (ауруханалар, кітапханалар, мектептер және
т.б.) жүйелер.
Осы контексте әлеуметтік қызметкердің міндеті екі топқа
дифференцияцияланады: бір жағынан, олар адамдарға олардың проблемаларын
шешуге қабілетті мекемелердің, ұйымдар мен ведомостволардың қызметін
оңтайландырумен байланысты, екінші жағынан, әңгіме мұқтаж жандардың
әлеуметтік жұмыс мекемелерін өз қажеттіліктерін, қанағаттандыру, адамның
өзін өзі реттейтін жүйе ретіндегі өзін өзі қорғау потенциясын жандандыру
үшін пайдалануына қолдау көрсетуі туралы болып отыр.
Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыста жүйелер теориясын қолданудың
дәстүрлі екі формасы бөлінеді: а) жалпы жүйе теориясын пайдалану; б)
экологиялық жүйелер теориясын әзірлеу және пайдалану. Әлеуметтік қолдауң
экологиялық теориясының басты түсінігі өмір моделі ұғымы болды. Өмір
моделі адамдарды тіршіліктің жүйелі ұйымдасқан субъектілері ретінде
қарайды. Бұл адамның өзгерістер барысында дамитытына орай қалыптасқан.
Әлеуметтік проблемалар (кедейшілік, табиғаттың ластануы, қанау және
т.б.) адамзат тіршілігін ауырлатады, яғни өзара бейімделу мүмкіндігін
азайтады. Тіршілік жүйелері (адамдар, олардың бірлестіктері) экожүйе
теориясына сәйкес бүкіл қоршаған ортамен жақсы теңбе-теңдікті сақтауы тиіс.

Әлеуметтік-бағдарлы моделдің әлеуметтік қолдау теориялық негіздеуші
басым факторларына шешуші модель жатады. Ол мынадай мақсаттарға қол
жеткізуді көздейді: 1) клиентке өзін орын алған проблемаларды шешуге
қабілетті каузальды агент ретінде көруіне және пайымдауына көмек көрсету;
2) клиенттің әлеуметтік қызметкерді өзіне пайдасы тиетіндей білімі мен
икемі бар жан ретінде қабылдауына қолдау көрсету; 3) клиенттің әлеуметтік
қызметкерді бірқатар проблемаларды шешудегі серіктес ретінде қарауына
қолдау көрсету.
Әлеуметтік-бағдарлы модель 70-80-жылдарда жан-жақты өрістеді. 90-
жылдардың басында барынша шарықтап, пәнаралық, кешенді сипат иеленді.
Сөйтіп ол әлеуметтік жұмыс теориясы деген жаңа ғылыми пәннің тууына жол
ашты.
Әлеуметтік-бағдарлы модель ішінде басқасынан гөрі шешуші және
экологиялық модель жақындау.

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛА - ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Қазақстандағы балаларды әлеуметтік қолдаудық амтамасыз ету әдістері

Балалар саясаты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі
ретінде Балалардың өсіп-өркендеуін, азаматтық қалыптасуын алғышарттайтын
құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды құрып, нағайтуды
көздейді. Бұл міндеттерді іске асыру үшін мемлекетке ең алдымен
концептуалдық, құқықтық-нормативтік негіз жасау шарт. Міне, осы міндетті
іске асыру бүкіл мемлекеттік Балалар саясатының ойдағыдай жүруіне септігін
тигізеді. Бұл міндеттердің неғұрлым ойдағыдай шешілуі, Балалар саясатының
тиімділігін соғұрлым арттыратыны анық.
Жалпы Қазақстан Республикасының Балалар саясатындағы әлеуметтік жұмыс
жүргізу мәселесін қарастырмас бұрын, жалпы Балалар саясатының қалыптасу
барысына талдау жасағанымыз жөн болады. Бұл Балалар саясатының жалпы
көрінісін, осы саладағы шешілмеген сұрақтар буынының сипаты мен көлемін
анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің көбінесе Балаларғақарым-қатынасы басқа елдердегідей,
Балалар мәселесінің спецификалық шешімі қоғамның саяси-әлеуметтік
құрылымдарымен ерекшеленетіні белгілі. Сондықтан да Қазақстандағы
мемлекеттік Балалар саясатының қалыптасу және іске асу ерекшеліктерін осы
салаға ретроспективті талдау жасау арқылы көре аламыз.
1990 жылдарға дейін Балаларғажұмыс істеудегі көптеген функцияларды
комсомолдың атқарғаны белгілі.
Балаларғажұмыс істеу барысында комсомол саяси-әлеуметтік жүйенің
барлық саласында өте жоғары тәжірибе жинақтағанын атап өтуіміз қажет.
Жасөспірімдерді патриотизмге, еңбекке, әдептілікке, дене даярлығына
тәрбиелейтін кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесі мүлтіксіз жұмыс
істеді. Комсомолдың тарихи тәжірибесі мен нақты іс-әрекеті оның кеңестік
қоғамдағы орны мен маңызын айқындап, жалпы алғанда Балалардың рухани дамуын
қанағаттандырды деп айтсақ қателеспейміз. Студенттік құрылыс отрядтарын,
оқушылардың өндірістік бригадаларын, жоғары кластардың еңбек және демалыс
лагерлерін; Золотая шайба, Кожанный мяч, Белая ладья спорттық
клубтарын; Студент және ғылыми-техникалық прогресс конкурстарын; қоғамдық
мамандықтар факультеттерін; жас жазушылардың, композиторлардың,
кинематографтар мен басқалардың отырыстарын; мәдениет, ғылым, техника,
өндіріс және өзге де салаларда еңбек ететін Балаларғасыйақы тағайындау
сияқты тиімді түрлерін комсомолдың пайдалы жұмысы деп атауға толық негіз
бар.
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы бір мақсатты – жас патриоттар
буынын қалыптастыру, балалар мен Балаларды шығармашылық еңбекке және Отанды
қорғауға, өз елінің тарихы мен мәдениетіне шынайы сезімін тәрбиелеуді
көздегені рас. Мысалы, тек осы Балалардың араласуымен ел ішінде жаңа
қалалар, энергетикалық, әскери-өндірістік комплекстер құрылды, тың
игерілді. Сондықтан бүгінгі Балалардың патриоттық тәрбиесіне комсомол
тәжірибесінің берері мол деп есептейміз.
Жалпы комсомолдың Балалар тәрибесіндегі орны мен маңызы туралы
айтқанда, оның іс-әрекетінің біржақты болмағанын атап өтуіміз керек. Ол
көбінесе мынадай факторлармен, яғни комсомолдың барлық іс-әрекетінің
негізінде саясаттандыру және идеологизациялау жатқандығымен, Балаларды
демографиялық-әлеуметтік топ ретінде қатаң бақылауда ұстауымен ерекшеленді.
Сондықтан 1980 жылдардың аяғында комсомолда келесі қарама-қайшылықтар
туындады:
– орталық бас ұйым және одақішілік басқарма арасындағы кейбір
мәселелер бойынша келіспеушіліктің жиілеуі;
– Одақ мүшелерінің санының артуы, ұйымды басқару механизмдеріндегі
олқылықтар;
– ұйымның ішкі құрылымындағы бюрократиялық құбылыстың өршуі;
ұйым жұмысындағы өз бетінше әрекет ету механизмдерінің болмауы.
Дегенмен, комсомолдың саясатындағы жағымсыз тұстар оның жалпы оңды іс-
әрекетін өзгерте алмайды. Сондықтан да осыны мойындай отырып және де
қазіргі Қазақстанның даму ерекшелігін ескере отырып, комсомол мен пионер
ұйымдарының көптеген тиімді бағыттарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін, жұмыс
істеу механизмін қайта құру қажет.
Бүгінгі таңда Елбасының қолдауымен мемлекеттік Балалар саясаты
концепциясы бекітіліп, барлық облыстарда Балалар саясаты бағдарламасы
қабылданып, үкіметте және жергілікті басқару органдарының ішінен Балалар
ісі бөлімі ашылып, жұмыс істеуде. Мәселен, осындай бағытта бекітілген
Қазақстан Балалары –2009 бағдарламасы жеті бағытты қамтыған:
- Балалардың еркіндігі мен құқығын қорғау;
- жас азаматтардың жан-жақты білімі мен тәрбиесі;
- әлеуметтік-экономикалық қолдау мен қамтамасыз ету;
- Балалардың денсаулығын қорғау;
- Балалардың адамгершілік-мәдени және рухани қалыптасуы;
- жас отбасыларды қолдау;
- Балалар саясатының инфраструктурасын дамыту.
Бұл бағдарламаның мақсаты мемлекеттік Балалар саясатын іске асыратын
құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық механизмдерін ойластыру. Осы
бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен,
халықаралық ұйымдардың грандтарыннан бөлінуі тиіс.
Қазіргі таңда мемлекеттік грант пен кредиттің санын екі есеге дейін
өсіру мен студенттік стипендияны ең аз жалақының деңгейіне көтеру ұсынысы
өте өзекті де қажетті мәселе болып отыр. Сонымен бірге Балалар арасындағы
кәсіпкерлікті дамытуда кредиттік және салықтық жеңілдіктер беру күн
тәртібіндегі мәселе екені рас.
Соңғы уақыттағы қабылданған Балалар туралы заң Балалар ұйымдарының
пікірінше қордаланған Балалар мәселесін шешуге және олардың білім,
медецина, еңбек нарығындағы қызығушылықтарын қорғауға ат салысады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша қазіргі таңда жаңа буын
өкілдері жоғары интеллектуалды, энергияға толы күші мен талпынысын
көрсетуде. Балалар еліміздегі реформалардың тірегі мен қозғаушы күшіне
айналуда. Әрине республикамыздағы әр үшінші адам Балалар қатарында болса,
олардың қоғамда ықпалды топ екендігін аңғару қиын емес.
Сол себептен Қазақстан Балаларының жалпы жай-күйі билік жанынан
құрылған Балалар ісі бойынша арнайы органдардың бақылауында болуы орынды.
Қоғамның, мемлекеттік құрылымның, өкілеттік өкімет органдарының назарын
Балалар проблемасына аударуының бірден бір айғағы – Қазақстан Республикасы
Ақпарат министрлігі құрамынан арнайы Балалар саясаты департаментінің
құрылуы болды.
Үкімет жанынан құрылған осы уәкілеттік органда қоғамымыздың көптеген
әлеуметтік, бірінші кезекте өспірімдер мен Балалардың мүддесі мен құқығын
қорғауға қатысты проблемаларды шешуде балалар, Балалар және басқа да
үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Мұндай жұмыстың бетке ұстары ретінде „Қазақстанның болашағы үшін”
республикалық Балалар қозғалысының жемісті еңбегін көсетуге болады.
Балалардың патриоттық сезімін, өз еліне деген сүйіспеншілігін
арттыруда олардың әлеуметтік проблемаларын шешудің маңызы зор. Сондықтан,
билік өкілдерінің Балаларды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша атқаратын
жұмыстары баршылық. Балалар мен билік арасындағы өзара әрекеттестіктің
біріне - әлеуметтік саладағы әріптестік жатады. Қазіргі Қазақстан үшін
Балалар мәселесін шешуге бағытталған әлеуметтік қызметті құруда Балалардың
өз ынтасы мен жеке жауапкершілігінің айрықша мәнге ие екендігі айтпаса да
белгілі.
Кезінде Қазақ ССР-де 1991 жылы 28 маусымда Қазақ ССР-дегі мемлекеттік
Балалар саясаты туралы №722-XII заңы жұмыс істегені белгілі.
Заңда жас жанұяларға үй алуға немесе салуға ұзақ мерзімді пайызсыз
несие алу, мемлекеттік болып табылатын барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
АТА - АНАСЫНЫҢ ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ. ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР ТОБЫ
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды медициналық оңалту
Мүмкіндігі шектелген балалардың құқығы туралы
Қарапайым топтар variant Арнай топтар variant Күрделі топтар variant Уақытша топтар variant Аралас топтар
Пәндер