Банкаралық есеп айырысу есебі
КІРІСПЕ
Банкаралық есеп айырысу есебі
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Банкаралық корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру және олардың есебі.
2. Банкаралық ақша аударымдыр жүйесі (БААЖ) арқылы есеп айырысуды жүргізу тәртібі.
3. Банкаралық клиринг есебі.
4. Электронды аударымдардың банкаралық жүйесінің мәні
ҚОРЫТЫНДЫ

Корреспонденттік қатынас – бұл екі немесе бірнеше несиелік мекемелер арасында олардың бірінің тапсырысы және екіншісінің қаржысы есебінен төлемдері және есеп айырысуы, сондай-ақ несие ұсыну, инвестициялық қызмет көрсету туралы келісім жүзіндегі қатынас. Сонымен қатар ірі корреспондент-банктер неғұрлым ұсақ банктерге инвестициялық қоржынды басқару бойынша кеңестер беріп, олардың тапсырысы негізінде бағалы қағаздарды сатады, сатып алады, сақтайды және басқарады.
Корреспонденттік байланыстардың дамуы тіптен банктің жаңа бөлімшесін ашу сияқты бірнеше жеңілдіктер бере алады, бірақ бұл кезде банк өзінің құқықтық еркіндігін және өткізілген операцияларға бақылау жүргізуін сақтайды.
Мемлекет банктерінің қазіргі кездегі есеп айырысулары міндетті түрде ҚР Ұлттық банкінің филиалдарында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі, сондай-ақ банктің қалауы бойынша елдің басқа да, жақын және алыс шетелдің банктерімен тікелей корреспонденттік қатынастар құру арқылы жүргізілуі мүмкін.
26.10.2000ж. № 348 банк операцияларының жекеленген түрлерімен айналысатын банктер мен ұйымдар арасында корреспонденттік қатынасты қалыптастыру туралы ережеде төмендегідей анықтама берілген: “корреспонденттік қатынас – банктер арасындағы келісім, соған сәйкес оның біреуі (корреспондент) басқа банкке (респондент) депозитті сақтайды және төлемдер мен басқа да операциялар бойынша қызмет көрсетеді”.

ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
Банкаралық есеп айырысу есебі
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Банкаралық корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру және олардың
есебі.
2. Банкаралық ақша аударымдыр жүйесі (БААЖ) арқылы есеп айырысуды жүргізу
тәртібі.
3. Банкаралық клиринг есебі.
4. Электронды аударымдардың банкаралық жүйесінің мәні
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Банкаралық есеп айырысу есебі.
Корреспонденттік қатынас – бұл екі немесе бірнеше несиелік мекемелер
арасында олардың бірінің тапсырысы және екіншісінің қаржысы есебінен
төлемдері және есеп айырысуы, сондай-ақ несие ұсыну, инвестициялық қызмет
көрсету туралы келісім жүзіндегі қатынас. Сонымен қатар ірі корреспондент-
банктер неғұрлым ұсақ банктерге инвестициялық қоржынды басқару бойынша
кеңестер беріп, олардың тапсырысы негізінде бағалы қағаздарды сатады, сатып
алады, сақтайды және басқарады.
Корреспонденттік байланыстардың дамуы тіптен банктің жаңа бөлімшесін
ашу сияқты бірнеше жеңілдіктер бере алады, бірақ бұл кезде банк өзінің
құқықтық еркіндігін және өткізілген операцияларға бақылау жүргізуін
сақтайды.
Мемлекет банктерінің қазіргі кездегі есеп айырысулары міндетті түрде
ҚР Ұлттық банкінің филиалдарында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы
жүргізіледі, сондай-ақ банктің қалауы бойынша елдің басқа да, жақын және
алыс шетелдің банктерімен тікелей корреспонденттік қатынастар құру арқылы
жүргізілуі мүмкін.
26.10.2000ж. № 348 банк операцияларының жекеленген түрлерімен
айналысатын банктер мен ұйымдар арасында корреспонденттік қатынасты
қалыптастыру туралы ережеде төмендегідей анықтама берілген:
“корреспонденттік қатынас – банктер арасындағы келісім, соған сәйкес оның
біреуі (корреспондент) басқа банкке (респондент) депозитті сақтайды және
төлемдер мен басқа да операциялар бойынша қызмет көрсетеді”.
Банкаралық қызметтің осындай нысанын жүзеге асыру үшін, несиелік
ұйымдар келісім негізінде бір-біріне корреспонденттік шот ашады.
“Корреспонденттік шот – жасалған корреспонденттік шот негізінде бір
банктің тапсырысы және екінші банктің қаржысы есебінен жүргізілетін есеп
айырысулар көрсетілетін шот”.
Корреспонденттік шот арқылы банкаралық есеп айырысуды ұйымдастырудың
екі нұсқасы бар:
- орталықтандырылған – бұл кезде банктер арасындағы есеп айырысу
міндетті түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде ашылған
олардың корреспонденттік шоттары арқылы жүргізіледі;
- орталықтандырылмаған немесе неғұрлым либералды-коммерциялық
банктердің бір-бірімен өзара қатынасын қарастырады.

Банкаралық корреспонденттік қатынастар үдерісінде
есеп айырысуларға қойылатын негізгі талаптар жеткілікті жылдамдық және
болжанған төлемдер, жоғары сенімділік, қауіпсіздік, экономикалық тиімділік
және қолданушылардың тұтынуына сәйкес олардың әр түрлілігі.
Банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыруға – оларды өткізу
нақтылығына, уақытты және өткізудің еңбек сыйымдылығын қысқартуға қатысты
жоғары талаптар қойылады.
Аталған байланыста банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыруға нақты
маңызды қағидалар келесілер:
Басты қағида – басқа банктермен, соның ішінде клиент төлемдері
бойынша есеп айырысуды толық мөлшерде, үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ететін
өзіндік өтімділігін (корреспонденттік қатынаста қаржының болуын) САҚТАУ.
Банкаралық есеп айырысудың дұрыс жүргізілуіне бақылау жасау қағидасы да
жоғары маңыз алады. Оның спецификасы мен ерекше рөлі - өткізілген
сомалардың сақталуы мен бірыңғайлығын үнемі өзара бақылауда,біріншіден,
клиенттердің банктегі шоттары бойынша және банктердің ҚРҰБ-дағы
корреспонденттік шоттары бойынша, екіншіден, есеп айырысуға қатысушылардың
өздерінің – коммерциялық корреспонден-банктердің өз араларындағы есеп
айырысу кезіндегі шоттар бойынша және баланстар бойынша, сондай-ақ ҚРҰБ
арқылы есеп айырысуларда.
ҚРҰБ филиалдарының негізгі функциясы – корреспонденттік шоттарды
қолдана отырып әр түрлі банк мекемелері арасында есеп айырысуларды жүргізу
болып табылады. Коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысулар олардың
ҚРҰБ ашқан корршоттары арқылы көрсетіледі. Басқа коммерциялық банктер мен
олардың филиалдарында ашылған корршоттар арқылы есеп айырысулар Қазақстанда
1997 жылдан бастап ендіріле бастады. Қазкоммерцбанк, ТұранӘлемБанк, HSBK,
ЦентрКредитБанк және басқа да ірі банктердің корреспонденттік қатынастары
неғұрлым жан-жақты.
Банкаралық корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысудың
ерекшеліктері:
- бұл басқа банк клиентерімен тұрақты келісімдік қатынасы бар
клиенттердің мүддесіне сай келеді;
- олар тура жүзеге асырылатындықтан есеп айырысулар айтарлықтай
жеделдетіледі;
- жан-жақты корреспонденттік қатынастар кезінде қандайда, бір ірі
банкте шот ашу арқылы клирингті жүзеге асыру- банктердің өзара
талаптарын ескеру шарттары пайда болады;
- корреспондент банктер арасында клиринг жүргізу корреспонденттік
шоттағы қаржылар қалдығын азайтуға мүмкіндік береді;
- нарықта белсенді қызмет етуге және құралдарының толық жиынтығын
қолдануға мүмкіндікті көбейтеді. Бір жағынан, ірі банктер
корреспонденттік шоттар қалдығы ретінде айтарлықтай қаржы тартып
оны, әр түрлі операцияларға қолдана алады. Ірі корреспонденттік
желі ірі банкке вексель айналымын дамытуға мүмкіндік береді. Екінші
жағынан, клиент банктер корреспонденттік шот қалдығын қолдана
отырып, бас банк жүзеге асыратын операциялар есебінен несие ала
алады.
Корреспонденттік қатынастардың әр тарабы өздерінде
бар деректер негізінде корреспонденттік шот бойынша операциялар есебін
еркін жүргізеді. Ай сайын корреспондент банк корреспонденттік шот қалдығын
бекітеді.
Корреспонденттік қатынастар корреспондент банктер
арасында анықталған сенімділік деңгейін білдіре отырып, банктің өзара
тапсырыстарын жүзеге асырады. Корреспонденттік қатынастар арқылы өзара
банктік қызметтердің үлкен жиынтығын қарастырады.
Банкаралық қатынастар банктер арасындағы
қатынастардың бір түрі ретінде, басқа банктерде ашылған шоттарға ақша
қаржыларын аудару бойынша банк клиенттердің тапсырысын орындау болып
табылады.
Банктер арасындағы есеп айырысуды арнайы осы
мақсатқа құрылған ҚРҰБ органы – Қазақстан Банкаралық Есеп айырысу Орталығы
(ҚБЕО) жүргізеді. ҚБЕО – заңды тұлға, құрылтайшысы және өкілетті органы –
Ұлттық банк табылады. ҰБ ҚБЕО № 252 30.12.95 жылғы банктік жүйені
реформалау бағдарламасына сәйкес ҰБ Басқармасының шешімімен құрылған. ҚБЕО
әділет органында қайта тіркеуден өткен және шаруашылық жүргізу негізінде
республикалық мемлекеттік кәсіпоын нысаны иемденген. Оның банктік шоты,
гербті мөрі, мөртабаны және қазақ және орыс тілдерінде аты жазылған
фирмалық бланкілері бар.
ҚБЕО –еркін шаруашылықты субъект, банктік емес қаржылық мекеме. ҚБЕО
негізгі қызмет банкаралық төлемдері және Банкаралық аударымдар жүйесі
(БААЖ) және Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) арқылы аударымдары жүзеге асыру.
Көрсетілген қызметтер үшін клиенттер төлейтін төлемдер ҰБ ҚБЕО
кірістерінің негізгі бабынан саналады.
ҚБЕО мақсаты тиімді, тұрақты қауіпсіз банкаралық төлем жүйесі
негізінде банктік қызметтің негізгі қажеттілігін қамтамасыз ету.
ҚБЕО – мен жүйеге қатысуға келісім жасалған соң банк пайдаланушы
статусын иемденеді. Пайдаланушы келісім жасау үшін орталыққа келесі
құжаттарды ұсынады:
- жүйеге қосуға өтініш;
- банк жарғысының және банктік операциялар жүргізуге лицензияның
нотариялды куәландырылған көшірмелерін.
Аталған келісімнің негізгі деректемелері мыналар болып табылады:
- тараптардың деректемелері;
- тараптардың құқықтары және міндеттері;
- пайдаланушының банктік құпиясының мәні болып табылатын ақпарат
құпиялығын сақтау талаптары;
- клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару мерзімдері және тәсілдері;
- келісім талаптарының орындалмауына тараптардың жауапкершілігі;
- келісімді бұзу және келісім талаптарын өзгерту тәртібі;
- тараптардың келісуі бойынша басқа талаптар.
Пайдаланушылар мен орталық арасындағы электронды
хабарламалар алмасу ҚР Ұлттық банктің бекітуімен нормативтік-қүқықтық
актілеріне сәйкес электронды тәсілде жүргізіледі.
Операциялық күн ішінде ҚБЕО пайдаланушылардан төлем құжаттарын
қабылдайды, бұл кездегі операциялық күннің ұзақтығы және оның жабылу уақыты
Ұлттық банк және оның пайдаланушыларымен жазбаша түрде келісімі бойынша
белгіленеді. Операциялық күн аяқталған соң алынған төлем құжаттары келесі
операциялық күн басында алынған болып саналады.
ҚБЕО төлем құжаттарының қабылдануын операциялық күн аяқталған соң
тоқтатады, өзара талаптар мен міндеттемелердің есебін жүргізеді, сондай-ақ
әр қолданушының таза позициясын анықтайды. Одан ҚБЕО клирингте қолданушының
ақшасы болмауы себепті өңделмеген құжаттарды ағымды жұмыс күнін белгілеп
жояды, сондай-ақ таза дебеттік позициясы бар қолданушылардың ақша сомасын
ақша аударымдарының банкаралық жүйесінде оған тең дебеттік таза позицияға
резервтейді. Банкаралық ақша аударымдары жүйесін қолданушы болып
саналмайтын банктер үшін, аталған банктің таза позициясын анықтау,
операциялық күн ішінде оның Ұлттық банктегі корреспонденттік шотынан,
Ұлттық банктегі банкаралық ақша аударымдары жүйесіндегі шотқа аударым
жасалған сома көлемінде жүргізіледі.
Егер операциялық күн ішінде пайдаланушы Ұлттық банктегі банкаралық
ақша аударымдары жүйесіндегі шотқа ақша аудармаса, онда аталған
пайдаланушының таза позициясын анықтау, оның есебіне жүйенің басқа
пайдаланушыларынан түскен төлем құжаттары сомасының көлемінде жүргізіледі.
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердің ақша айналысын бақылау
мақсатында төлем жүйесіне делдал ретінде қатысады. Ол үшін Ұлттық банк пен
екінші деңгейлі банктер арасында келісім негізінде корреспонденттік қатынас
қалыптасады. Осы қатынастарға сәйкес Ұлттық банк есебіне түсетін қаржыларды
қабылдап, банктің банкке немесе үшінші тұлғаға тиісті ақша сомасын аудару
туралы өкімін орындайды және келісімде белгіленген басқа да қызметтерді
көрсетеді.
Қолма-қол ақшамен банк операцияларын орындау үшін Ұлттық банк
филиалында ашылған банктің корршоты арқылы оған шот ашпай-ақ, осындай
операцияларды жүзеге асыруға құқылы. Қолма-қол ақшамен операциялар бойынша
банкке шот ашу барысында Ұлттық банк операциялық күн соңында аталған шоттың
сальдосын осы банктің Ұлттық банк филиалында ашылған корршотына аударуға
міндетті, егер бұл корршоттық қатынас туралы келісімде қаралған болса.
Банктің Ұлттық банктегі ақшасын қабылдау, алу бойынша операцияларды
жүзеге асыру барысында филиал корршотта жазба дайындайды, ол байланыс
арналары арқылы банкке кестеде бекітілген уақытта жолданады. Банк есебіне
ақша қабылдау кезінде байланыс арналары бойынша банкке электронды төлем
тапсырысы беріледі. Банктің корршоты бойынша өткізілген операцияларды
тексеру корреспонденттік қатынас туралы келісімде анықталған кезеңдерде
жүргізіледі, бір-ақ 10 күнде бір реттен кем емес.
Банктің жауапты қызметкері келісімде белгіленген мерзімде Ұлттық банк
филиалына корршот бойынша есеп айырысу тізімдемесін ұсынады. Ұлттық банк
филиалының жауапты қызметкері дербес шот пен тізімдеме бойынша қалдықтарды
салыстырады. Сәйкессіздік табылмаған жағдайда банктің жауапты қызметкері
тізімдеме күнін белгілеп, қол қояды, банк ісіне орналастырып, корршоттың
дербес шотына тексеру күнін жазады. Егер сәйкессіздік табылса, онда ол
Ұлттық банк филиалы мен банктің тиісті жетекшілеріне хабарланады. Табылған
сәйкессіздікті жою шаралары Ұлттық банктің үш операциялық күні ішінде
жүзеге асырылуы тиіс.
Бүгінгі күні Ұлттық банк алдында әлемдік жетістіктерге сай жоғары
тиімді жалпы мемлекеттік банкаралық есеп айырысулар жүйесін құру міндеті
тұр.
Корреспонденттік шоттар бойынша операциялар есебі үшін келесі шоттар
қарастырылған:
- Бөлімшенің баланстық шоты 1050 “Банктің корреспонденттік шоты”;
1051 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банктегі
корреспонденттік шоты;
1052 Банктің басқа банктердегі корреспонденттік шоты.
- Бөлімшенің баланстық шоттары:
2010 корреспонденттік есепшоттар;
2011 Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің талап етуі бойынша
салымдары;
2012 шетелдік орталық банктердің талап етуі бойынша салымдары;
2013 басқа банктердің талап етуі бойынша салымдары;
2020 басқа банктердің сыйақы есептелген талап етуі бойынша салымдары;
2021 Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің корреспонденттік
есепшоттары;
2022 шетелдік орталық банктердің корреспонденттік есепшоттары;
2023 басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары.
Ұлттық банк филиалы арқылы әр түрлі төлемдерді төлеу кезінде келесі
өткізбелер құрылады:
- Ақша жөнелтуші банкте:
Дт 2203 “Клиенттердің ағымды есеп шоттары”;
Кт 1051 “Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банктегі
корреспонденттік шоты”.
- Ақша алушы банкте:
Дт 1051 “Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банктегі
корреспонденттік шоты”;
Кт 2203 “Клиенттердің ағымды шоттары”.
Клиенттерге кассалық есеп қызмет көрсету үрдісінде және төлемдерді
жүргізуде банктер бір-бірімен корреспонденттік қатынастарға түседі. Бұл
кезде екі түрде бөлінетін корреспонденттік шоттар ашылады:
- “НОСТРО” шоты (латынша “ностро” – “біздің” деген мағынаны береді,
яғни “сіздегі біздің шот”);
- “ЛОРО” шоты (латынша “лоро” – “сіздің” деген мағынаны береді, яғни
“біздегі сіздің шот”)
“НОСТРО” типтес шоттары қандай да бір банктер
корреспондентт банктерде ашады, ал “ЛОРО” типтес шоттар – респондент
банктердің атына ашылады, сонымен қатар аталған шоттар өзара негізде,
сондай-ақ бір жақты да ашылуы мүмкін. Бір банктегі “НОСТРО” шоты
корреспондент банктегі “ЛОРО” шоты болып табылады.
Бір банктің басқа банкте корреспонденттік шот ашу және жүргізу
тәртібі банктер арасындағы өзара мәміле бойынша анықталады.
Банктер мен банктік емес ұйымдардың бейрезидент банктермен
корреспонденттік қатынастары банк тәжірибесінде қолданылатын іскерлік
айналыс тәртібімен және келісімдермен реттеледі.
Респондент корреспонденттік шот үшін корреспондентке келесі
құжаттарды ұсынады:
- корреспонденттік шот ашуға өтініш (1 қосымша);
- банктер үшін банктік операциялар жүргізуге берілген лицензияның
нотариалды бекітілген көшірмесі;
- банктік емес мекемелер үшін аударым операцияларын жүргізуге
берілген лицензияның нотариалды бекітілген көшірмесі.
Корреспонденттік шот жасалған корреспонденттік шот келісімі негізінде
ашылады. Корреспонденттік шот келісімі келесі деректемелермен тұруы
тиіс:
- келім мәні;
- салық төлеуші респонденттің салық қызметі органынан берілген
құжатта көрсетілген тіркеу нөмірі;
- корреспонденттің қызмет көрсету шарттары және оны төлеу тәртібі;
- респондент ақшасын қолдану тәртібі және немесе ақша аударымы туралы
ақпарат алмасу әдістері;
- корреспонденттің респондентке тоқсандық қаржылық есеп берудің ұсыну
тәртібі соның ішінде бухгалтерлік балансты, қаржылық-шаруашылық
қызмет нәтижесі туралы есеп беруді, ақша қозғалысы туралы есеп
беруді және қажет болса қаржылық есеп берудің басқа да нысандарын
ұсыну тәртібі, олардың негізінде несиелік және өтімділік
тәуекелділігін бақылау және төмендету мақсатында респондент
корреспонденттің қаржылық жағдайын талдайды;
- корреспонденттің респондентті Ұлттық банктің корреспонденттік шот
ашуға және жүргізуге берген лицензияны қайтарып алғандығы жөнінде
уақытылы хабардар ету жауаптылығы;
- келісімнің әрекет ету мерзімі және бұзылу тәртібі;
- дауды шешу тәртібі;
- Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін басқа да шарттар.
Корреспонденттік шотты жүргізу үшін келесі жалпы
талаптар қойылады. Өзінің корреспонденттік шоты бойынша респондент ҚР
заңдарына және корреспонденттік шот келісіміне қайшы келмейтін
операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
Ағымдағы айдағы төлемдерді респонденттер Ұлттық банкте реттелген
лимит көлемінде банктер мен басқа банктік емес ұйымдарда ашылған
корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылады. Аталған лимит алдыңғы айда
ҚБЕО төлем жүйесі арқылы өтетін респонденттің қолма-қол емес төлемдерінің
жалпы көлемінен пайыздық қатынас көлемінде есептеледі. Бұл кезде респондент
есептік айдың 10 күнінен кешіктірмей Ұлттық банкке басқа банктер мен
банктік емес ұйымдарда ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргізілген
төлемдер саны және көлемі туралы мәліметтер ұсынады. (2-қосымша).
Банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жасалған келісімнің
оны бұзу тәртібі жөніндегі шарттарына сәйкес тоқталады. Бұл кезде
корреспонденттік шот жабылады. Оны жабу үшін респондент корреспондентке
корреспонденттік шотты жабу туралы қалдықты бекіте отырып, шоттағы қаржы
қалдығы аударылатын деректемелерді белгілеп өтініш ұсынады.
Корреспонденттік шотты жабу келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
- респондент өтініш бойынша кез келген уақытта, егер бұл заңда немесе
келісімде белгіленбесе;
- корреспонденттік шоттың әрекет ету мерзімі тоқталған кезде;
- корреспонденттен Ұлттық банктің корреспонденттік шоттар ашу және
жүргізуге берілген лицензиясы қайтарылғанда;
- респонденттен Ұлттық банктің банк операцияларын өткізуге берілген
лицензиясы қайтарылып алынғанда, егер ол банктік ұйым болса.
Корреспондент пен респондент арасындағы келісім
шарттарына сәйкес оның біреуінен корреспонденттік шот ашуға немесе
жүргізуге немесе респонденттік пен корреспонденттік шотты көрсеткен шотқа
аударуға міндетті.
Банктегі корреспонденттік шоттары арқылы төлеуде
төмендегідей шоттар корреспонденциясы құрылады:
- Ақша жөнелтуші банкте:
Дт 2203 “Клиенттердің ағымдағы шоттары”;
Кт 1052 “Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есеп шоттары”.
- Алушы банкте:
Дт 1052 “Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есеп шоттары”;
Кт 2203 “Клиенттердің ағымдағы шоттары”;
Бір бас банк қызмет көрсететін екі филиалдар арасындағы есеп айырысуда
келесі корреспонденттік шоттар құрылады.
- Ақша алушы банкте:
Дт 1350 “Банктің филиалдарымен есеп айырысуы”;
Кт 2203 “Клиенттердің ағымдағы шоттары”.
Егер алушы клиентке басқа банк қызмет көрсетсе, онда
бас банкте бухгалтерлік өткізбе жасалады:

Кт 1051, 1052 “Банктің Ұлттық банктегі және басқа да банктердегі
корреспонденттік шоты”.
- Алушы банкте:
Дт 1051,1052 “Банктің Ұлттық банктегі және басқа да
банктердегі корреспонденттік шоты”;

2. Банкаралық ақша аударымдар жүйесі (БААЖ) арқылы есеп айырысуды
жүргізу тәртібі.
Банкаралық ақша аударымдарының жүйесі (БААЖ) -
қолданушылардың жоғары өрісті төлемдерін аударуды жүзеге асыратын
банкаралық есеп айырысулар механизмі. БААЖ қолданушыларына қазақстандық
банкаралық есеп айырысу орталығында пайдаланушыға қызмет көрсету туралы
келісімшартқа отырған банктер немесе банктік емес мекемелер жатады.
Жоғары басымды төлем – бұл орындалу мерзімі бірінші дәрежелі мағынаға
ие төлемдер, соның ішінде несиелік ресурстардың банкаралық нарығында
капитал, және шетел валютасы нарықтарындағы операцияларымен байланысты.
БААЖ міндеті ұлттық валютадағы қайтарылмайтын және шартсыз төлемдерді
Қазақстанның Ұлттық банкіндегі БААЖ қолданушылардың шотындағы ақша
қаржыларының сомасы көлемінде бір операциялық күн ішінде есеп айырысу
кепілдігімен өткізуінде.
БААЖ ұйымдастыру мен қалыптастырудың құқылық негізін ҚБЕО және Ұлттық
банк қолданушылары арасында, қолданушы мен Ұлттық банк арасында жасалатын
келісімдер қамтамасыз етеді.
Бөлшек төлемдер жүйесінің (БТЖ) қатысушылары, тікелей БААЖ
қатысушылары болып табылады.
Нетто-есеп айырысу қағидасы ұсынылады, ол келесі күні БААЖ арқылы
қорытынды таза позицияларды анықтау бойынша жүргізіледі. Төлем тапсырмасы
өңдеуге алынғанда төлем ақырғы және қайтарылмайтын болып табылады.
Тәуекелдікті басқару жүйесі банктерге көп жақты дебеттік және
кредиттік шектеулер мөлшерінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Жүйеде
қатысушыларының өздерінің төлемдерін орындау кезегін белгілеу мақсатында
кезекке қою БТЖ қарастырылған. Соныменг қатар БТЖ –дың кейбір
қатысушыларына үлкен сенімділік арту мақсатында, сақтандыру қоры және
кепілзат қарастырылады.
Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) БААЖ-ды Ұлттық
банк берген өкілеттілікпен анықталатын келісімшарт негізінде басқарады.
Ұлттық банк БААЖ-дың қызметін бақылап отырады.
БААЖ-ға төлем құжатын акцептеу – төлем құжатын шартының негізінде
ақша қаражатын аударуды жүзеге асыруды өз міндетіне алған ҚБЕО келісімі.
ҚБЕО-нің құжатын акцептеу шарты:
- тұпнұсқалықты жүргізу, яғни төлем құжаттарының
тұпнұсқалылығына көз жеткізу;
- төлем ынтагерін пайдаланушылар мәртебесінің болуы;
- төлем құжатында көрсетілген соманы пайдаланушы шотына есептен
шығару мүмкіндігі.
Одан басқа, дебеттік аударым бойынша төлем құжатын
акцептеу шартының бірі – пайдаланушы – төлеушінің алдын ала жасалған
келісімі болып табылады.
Ақша қаражатын сәйкес шотқа аудару мүмкін болмаған жағдайда
пайдаланушы-алушы ақша қаражатын пайдаланушы-төлеуші шотына келесі
операциялық күннен кешіктірмей қайтаруы қажет. Ақша қаражатын қайтару
пайдаланушы-алушы тапсырысы бойынша жүзеге асырылды, сонымен қатар
тапсырыста қаражатты қайтару себебі көрсетіледі.
Банктер және банктік емес қаржылық мекемелер пайдаланушы мәртебесін
ҚБЕО келісімшартына отырғаннан кейін алды.
Банк немесе банктік емес қаржылық мекемелерге БААЖ қызметін ұсыну
туралы келісімшартқа отыру үшін ҚБЕО келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- БААЖ-ға енгізу туралы өтініш;
- Пайдаланушы Жарғысының және банктік операцияларды жүзеге асыру
лицензиясының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- БААЖ-ға қатысуға рұқсат беретін Ұлттық банктің шешімі
БААЖ-ға операциялардың келесі түрлері жүзеге асырылады:
- дебеттік және кредиттік аударымдар;
- БААЖ пайдаланушылары арасында ақша қаражаттарын аудару.
Қазақстанда ҚБЕО банкаралық ақша аудару жүйесі 1996
жылдан бастап қызмет көрсетіп отыр, есеп айырысуларды нақты уақыт режимінде
жүзеге асырады және келешекке арналған RTGS (нақты уақыт режімінде жалпы
есеп айырысу жүйесі) сипатына ие. Банкаралық ақша аудару жүйесі тиімді және
қауіпсіз төлем жүйесі болып табылады.
Банкаралық ақша аудару жүйесі арқылы жүзеге
асырылатын төлем көлемінің 1999-2002 жж. Елеулі жоғарлауына оның
тиімділігін дәлелдейді. БААЖ арқылы төлемдер нақты уақыт режімінде жүзеге
асырылады және осы жүйе барлық халықаралық стандартқа сәйкес келеді.
Банкаралық ақша аудару жүйесіндегі тәуекелдік басқару
мақсатында пайдаланушылардың корреспонденттік шотына қызмет көрсететін
Ұлттық банк бөлімшесі операциялық күн басында ҚБЕО-ға белгілі бір
параметрлерді сеніп тапсырады:
- Р1 – пайдаланушының жеке өтініші бойынша корреспонденттік шоттан
резервтелген ақшалар;
- Р2 –ҚР Ұлттық банкі пайдаланушыға ұсынуы мүмкін күндік есептік
несие көлемі;
- Р3 – кезекте тіркелуі мүмкін төлем құжаттарының ең жоғары сомасы.
Банктер есеп айырысуды осы параметрлер бойынша
жүргізеді. Банкаралық ақша аудару жүйесі банктердің корреспонденттік
шоттары бойынша емес сомада жүргізіледі.
3. Банкаралық клиринг есебі
Біздің елімізде банктер арсында есеп айырысуларды
түпкілікті жақсартудың басты бағыты –банкаралық клирингті дамыту болып
табылады.
Клиринг өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген
тауар және қызмет үшін ақшасыз есеп айырысу жүйесін ұсынады. Банктік жүйеде
клирингті негізінен банктердің корреспонденттік шоттары құрайды. Клиринг
әсерінен есеп айырысулар жеңілдетіледі, қолда бар ақша қаржысы және осының
есебінен есеп айырысуға қатысушылардың пайда және өтімділік деңгейі
көрсетіледі. Оған баруға негіз болған басты ерекшелігі – шынайы ақшаға
деген қажеттілік
Клирингтің екі үлгісі (моделі) қарастырылады: ақша қаржыларын алдын
ала депозиттеумен және депозиттеусіз. Классикалық клирингтің екінші үлгісі
есеп айырысу жүйесі дамыған елдерде кең таралған, бірақ қаржыларды алдын
ала депозиттеуді талап етпейді. Егер клиринг сеансының аяғында
қатысушылардың ең болмаса біреуіне дебеттік сальдо болмаса, бірақ оның
қаржы табуға мүмкіншілігі бар болса, онда клирингтік сеанс нәтижесі
тоқтатылады. Классикалық үлгінің мынадай ерекшеліктері бар: ол қаржы
айналымдылығының жылдамдығын және деңгейін ұлғайтуға, қаржылардың бірінші
үлгіде резервтеуге талап ететін түрлерін тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді.
Банкаралық клирингті ұйымдастырудың бай тәжірибесі АҚШ, Ұлыбритания,
Германияда жинақталған. Болашағы бар нысандардың бірі – чектер
трансакциясы, яғни чектің әрекетін одан әрі өңдеу үрдісінде оның деректерін
магнитті жеткізушілерге жазу арқылы тоқтау. Бұл мәліметтер компьютерге
енгізіледі, одан соң мәліметтерді таратуға немесе автоматты есеп айырысу
палатасына жолдауға (клиринг палатасына) қолданылады. Чектің өзі
микрофильмденеді немесе банк мұрағатында сақталады, не болмаса жойылады.
Бұл чектерді өңдеу немесе сұрыптауға байланысты шығындарды үнемдеуге
мүмкіндік береді.
Клиринг екі банк арасында біріншісінің қарыз талабы екіншісінің қарыз
міндеттемесі болып, ал екіншісінің қарыз талабы біріншісі қарыз
міндеттемесі болып табылатын жағдайларда, сондай-ақ көп жақты талаптарға ие
міндеттемелер кезінде де қолданылады. Бұл кезде маңыздысы клирингтің әр
қатысушысының барлық қатысушыға қатысты қарыз талаптарын және олардың
алдындағы міндеттемелерін ескеруіне және олар кезеңмен жағымды және
жағымсыз шамада өтілуінде. Шынайы ақшамен тек есептелмеген ақша төленеді
(өтіледі).Бұл кезде ескеретін нәрсе: клиринг қатысушылары арасында жүзеге
жуық және одан көп операциялар жүргізіледі, олардың әрқасысы бойынша
құжаттар өтеу үшін клиринг орталығына түседі және қатысушылардың дербес
шоты бойынша есептеледі.
Клирингтің ерекшелігі:
- шынайы ақша қаржыларына деген қажеттіліктің аздығы;
- өз міндеттемелері өз кінарат-талаптарымен өту арқылы есеп айырысуды
жеделдету;
Клирингтің кемшіліктері:
- клирингтік сеансқа қатысу үшін өзара қарсылама міндеттемелердің
болу қажеттілігі;
- бірінші үлгі клирингін жүзеге асыру кезінде қаржыларды міндетті
түрде депозиттеу;
- өзара есеп айырысудың оңтайлы нұсқасы, бірақ бұл нақты төлемдерді
жүзеге асыруға сәйкес келмейді. Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ)
қарсылама төлемдер қағидасын қолданады, төлемдерді жүзеге асыру
уақыты бір операциялық күнге тең.
Бүгінгі күні ҚРҰБ облыстық басқармаларында құрылған
14 клирингтік палата қызмет етуде. 2000 жылы БТЖ арқылы 472,1 млрд теңге
сомасына 3742,4 мың трансакция өткізілген.
БТЖ-да 1999 жылдың үшінші тоқсанда төлемдердің
қысқаруы 1999 жылдың 1 тамызында Ұлттық банктің клирингтік талаптарының
жабылуымен байланысты болды.
4. Электронды аударымдарды банкаралық жүйесінің мәні.
Халықаралық сауда-қаржылық айналымда SWIFT электронды төлемдер жүйесі
қолданылады.
SWIFT(Society for World – Wide Interbank
Telecommunications) - Әлемдік банкарлық қаржылық телекоммуникациялар
қауымдастығы – қаржылық телекоммуникация саласында жетекші халықаралық ұйым
болып табылады. SWIFT қызметінің негізгі бағыты банктер үшін жедел,
сенімді, шешімді, құпия және санкцияланбаған кіруден қорғайтын
телекоммуникациялық қызметті ұсыну және қаржылық ақпаратты алмасу
әдістемелері мен нысандарын стандарттау бойынша жұмыс жүргізу.
Жұмыстың неғұрлым тиімді құралдарын іздестіру 1960 жылдардың басында
америкалық және еуропалық банкті халықаралық банк ісінде стандарттау
жүйесін қалыптастыру мақсатында пікірталасқа жиналуға мәжбүр етті. Мұнда
соңғы мақсат ретінде компьютерлерді қолдану, банктік ақпараттарды жолдаудың
неғұрлым сенімді, жылдам және қауіпсіз жүйесін құруда телекоммуникация
құралдарын қолдану туралы шешім қабылданды. Жоба негізінде келесі талаптар
алынған:
- төлем операциялары қағаздың қатысынсыз неғұрлым тиімді жүзеге асуы
керек;
- банктер арасында ақпарат алмасу тікелей коммуникация құралдарын
қолдану арқылы неғұрлым жеделдетуі тиіс;
- типтік банктік тәуелділік төмендетілуі тиіс
Өз қатысушыларына тәулік бойы жоғары жылдамдықта
банктік ақпарат алмасуын, санкцияланбаған қорғау және бақылау деңгейі бар
қызметті қамтамасыз ететін халықаралық жоба құру ұсынысы 1968 жылы жасалды.
Одан сәл кешірек, 1972 жылы бұл ұсыныс ресми түрде жобаға рәсімделеді. Сол
жылы банктік ақпаратты айырбастаудың пайдалы жүйесін құру бойынша ұсыныстар
түсті. Олар:
- жүйе халықаралық торап құру және қызмет көрсетудің тораптық
қызметіне негізделуі тиіс;
- үдерістерді стандарттауға, сондай-ақ хабарлар пішімін станттау,
банктерді торапқа қосу әдістері мен жабдықтарын стандарттау;
- құны 0,15 доллар тұратын хабарды жолдау кезінде, пайданы қамтамасыз
ету жүйе күніне 70 банктің қатысуымен 100000 –нан кем емес хабарды
өңдеуі тиіс;
- жүйеде екі тәуелсіз және бір-бірімен байланысты тарату орталығын
және әрбір қатысушы елде байланыс концентраторларын иемденуі тиіс.
1973 жылы мамырда 15 елдің банкі Белгия заңдылығына
сәйкес қаржылық ақпаратты алмасудың нысанды әдістерін даярлау және
стандартталған хабарларды қолданып деректерді жолдаудың халықаралық торабын
құру мақсатында SWIFT құрылды. Келесі төрт жыл ұйымдастыру және техникалық
мәселелерді шешуге арналды, ал 1977 жылы 9 мамырда торап ресми түрде
ашылды. Жыл соңында мүше-банктер 586-ға дейін өсті (513-тен) . олар
күнделікті трафикті 500000 хабарға дейін жеткізеді.
SWIFT- бұл иелері мүше-банктер болып табылатын акционерлік қоғам.
Қоғам Бельгияда тіркелген және Белгия заңы бойынша әрекет етеді. Жоғары
органы – мүше банктердің және оның өкілдерінің жалпы жиналысы (Бас
ассамблея). Барлық шешім ассамблея қатысушыларының көпшілік дауысымен: бір
акция – бір дауыс қағидасымен қабылданады. Директорлар кеңесінде жетекші
орынды Батыс Еуропа және АҚШ елдері банктерінің өкілдері иемденеді. Акция
саны ұсынылатын хабарлар трафингіне сәйкес таратылады. Акцияның басым саны
АҚШ, Германия, Швейцария, Франция, Ұлыбританияда. Ұлттық заңға сәйкес
халықаралық банктік операцияны жүзеге асыруға құқы бар кез келген банк
SWIFT мүше бола алады.
SWIFT-ке ену екі кезеңнен тұрады: қоғамға мүше болуға банктің
дайындығы және қоғамның іскер мүшесі ретінде банктің торапқа қосылу
дайындығы. Бірінші кезеңде банк SWIFT-ке келесі құжаттар кешенін толтырып
жолдайды: кіру туралы өтініш, SWIFT жарғысын орындауға және қоғамның
шығындарын қалпына келтіруге банктің міндеттемесі; банктің және қоғаммен
байланысқа жауапты тұлғаның мекенжайы, банктік хабарлаулар кестесінің
сипаты. SWIFT директорлар кеңесі құжаттарды талқылайды және банкті қоғамға
қабылдау туралы шешім қабылдайды. Кандидат банк бір жолға жарнаны төлеуге
және қоғамның бір акциясын иемденуге құқық алады.
SWIFT-ке кіру үшін 400000 бельгия франкін (мүше банктер үшін) және
қауымдастырылған мүшелері 200000 бельгия франкін бір кезектік жарнаны төлеу
керек. Сонымен қатар мүше банктер құны 55000 бельгия ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz