Арал, Балқаш, Каспийдің экологиялық проблемалары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І.Бөлім.
1.1 Арал теңізінің экологиялық ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.6

1.2 Балқаш көлінің экологиялық ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7


ІІ.Бөлім.
2.1 Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.9

2.2 Каспий теңізінің экологиялық ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.12


Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13


Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Жалпы Арал, Балқаш, Каспийдің экологиялық ахуалына тоқтала кетсек бұлардың жалпы әр қайсысының экологиялық проблемалары әр түрлі және бұлардың әр қайсысына тоқтала кетуді жөн көрдім. Кіріпе бөлімінен қысқаша мәліметтер айта кетсек:
Бірінші Арал мәселесін айта кетсек қазақстанның інжу маржаны, шөл белдеуінде бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км квадрат, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 пайыз болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Екінші Балқаш көлінің мәселесі қазақстандағы ең ірі экожүйелерді бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі – 501 мың км квадрат, ұзындығы – 605км, ені – 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері – 26м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендернің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.
Үшінші Каспий теңізінің мәселесі жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км квадрат. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайрандардан тұрады.
Мінекей бұлардың әр қайсысымен қысқаша таныстыңыздар. Енді жеке-жеке толықтыра тоқтала кетсек.

Кіріспе.

Жалпы Арал, Балқаш, Каспийдің экологиялық ахуалына тоқтала
кетсек бұлардың жалпы әр қайсысының экологиялық проблемалары әр
түрлі және бұлардың әр қайсысына тоқтала кетуді жөн көрдім. Кіріпе
бөлімінен қысқаша мәліметтер айта кетсек:
Бірінші Арал мәселесін айта кетсек қазақстанның інжу маржаны,
шөл белдеуінде бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа
ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км квадрат, тереңдігі – 30-60 метр,
тұздылығы – 10-12 пайыз болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға
бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-
150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын
терісі игерілген.
Екінші Балқаш көлінің мәселесі қазақстандағы ең ірі
экожүйелерді бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі –
501 мың км квадрат, ұзындығы – 605км, ені – 9-74 км аралығында. Ал ең
терең жері – 26м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса қазір
мүлдем басқаша. Жетісу өзендернің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және
Лепсі өзендері Балқашқа құяды.
Үшінші Каспий теңізінің мәселесі жер шарындағы бірден-бір тұйық
су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км квадрат. Каспий теңізі
солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-
435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің климаты
континенталды, ал оңтүстік-батысы субтропикалық климатты құрайды.
Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайрандардан тұрады.
Мінекей бұлардың әр қайсысымен қысқаша таныстыңыздар. Енді жеке-
жеке толықтыра тоқтала кетсек.

Арал теңізінің экологиялық ахуалы.

Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-
экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз
өңіріндегі елді мекендерге 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін
зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы
аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда
1,5, Түркменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен
Сырдария бойындағы халықтың саны 1960 – 1987 жылдар аралығында 2,2
есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те
артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су
мөлшері азайды. Оның негізгі себтері – антропогендік факторлар еді.
Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру
ісі қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша
дамыды. өзен бойлары игенріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге
асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың метр куб
су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың метр куб, ал
1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі
23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін
қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі
өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық
препараттарды қолдану бұрын соңды болмаған көрсеткішке жетті.
Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік
факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған
теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. Тұзды
шаңдар көтерілп, желмен тарай бастада. Сонымен, Арал апатына себеп
факторларға:
– жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
– ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке
алмау;
– суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша
көбейтіп жіберу;
– жерді игерудің агротезникалық шараларын сақтамау және суды
үнемді пайдаланбау;
– табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен
оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік
атаулыны экологиялық дағдарысқа әкеледі. Бұл жағдайлар адам
баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі
болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны
жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы
жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал
теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып , соңғы 1, 2 жылда ғана
қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын төмендеп
кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13 – 20
млн деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия
республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылық зардабын тигізуде.
Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60 пайыз, Қазақстанда – 60-70 пайызға
артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал
өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-
бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай
ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-
дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде.
Жұммысыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып басқа
аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті.
Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас
байлану, сарысу, өкпе тыныс жолдарынң қабынуы жұқпалы аурулар
республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп
отыр.
Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның
біржола жойылып кетуі Орта Азия менҚазақстанды ғана емес көптеген
Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік
климаттың өзгеруі, шөлге айналуы, атмосферадағы аутқушылықтар,
антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі
соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі
пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық
конференциялар ұйымдастырылды. Өкниетті елдер қаржылай көмек
көрсетуде. Олар негізнен Ота Азия республикалары, Ресей, АҚШ,
Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен
жобалар бар. Олар:
1. сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды
молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын
күту.
борышы.

Балқаштың экологиялық ахуалы.

Блақаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде
орналасқандықтан оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су
айдының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез
өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдының қалыпты
жағдайы өзгере басьады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының
нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өһзендерінің мол суының Балқаш
көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы
кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып,
оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер
Балқашқа құймайды.
Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын
шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлануына Іле
өзені бойынап салынған Қапшағай су қоймасы да әсер етеді. 1970
жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай
бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек
өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың метр куб су
жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың
салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен
1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың күріш, Шеңгелді
көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – балқаш
су алабының табиғи жүйесіне қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.

Балқаш экожүйесінің бұзылуының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру
Арал теңізінің проблемалары
Арал, каспий және балхаш проблемалары
Қазақстан Республикасының су ресурс проблемалары туралы
Қазақстан экологиясы туралы
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Қазақстан Республикасының су ресурс проблемалары
Балқаштың экологиялық ахуалы
Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және қоғамның тұрақты дамуы.
Радиация және Қазақстанның экологиялық проблемалары
Пәндер