Ақша айналымы және ақша агрегаттарының динамикасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Ақша теориясының ерекшеліктері
Ақша ұғымы, түрлері, атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ...5
Ақша айналым түсінігі және заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Ақша агрегаттары және оның динамикасы ... ... ... ... ... ... ... .14

2. Ақша айналымын ұйымдастыру
Ұлттық банктің ақша айналымын басқаруы ... ... ... ... ... ... ...18
Қолма.қол ақша айналымын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... .21
Қолма.қол ақшасыз айналысын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қазақстан Республикасының экономикасын реформалау жағдайында, оның несие – банктік жүйесін түпкілікті қайта ұйымдастыру және ақша – несие саясатын толыққанды жетілдіру барысында Қазақстан Республикасындағы ақша айналымы жайындағы түрлі сауалдарды қарастыру қажеттілігі туындады. Проблематиканың маңыздылығы және бұл тақырыптың өзекті мәселеге айналуының себептері: Қазақстан Республикасындағы банктердің ақша – несие саясатын реттеуде маңызды рөлге ие болуы, несие жүйесінің жаңа буындарының, яғни коммерциялық банктер мен банктік емес қаржылық институттардың пайда болуы және дамуы.
Курстық жұмыста ақша айналымы, ақша айналыс заңы, ақша агрегаттары жайлы қарастырылады.
Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Ақша айналымы төлем құралы және айналыс құралы қызметінде төлемдердің ақша арқылы жүзеге асатын процесінде қалыптасатын кәсіпорындардың, шаруашылық, мемлекеттік, жеке және кооперативтік ұйымдардың, қаржы және кредит мекемелерінің, халықтың қаражаттар жиынтығын білдіреді. Ақша айналымы деп қолма – қол және қолма – қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек қана ақша белгілері жүреді.
Экономика тиімді басқарылғанда ғана ақша айналымын дұрыс ұйымдастыруға болады. Ақша айналымы экономикаға оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуі ықтимал. Шаруашылықты жүргізудің тәжірибесі мемлекеттің бірыңғай эмиссия, кредит, есеп айырысу орталығы болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне ақша айналымын шоғырландырып басқаруды беру дұрыс мақсатқа лайықтығын дәлелдеп берді.
Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банкі тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
Ақша айналымы екі бөліктен: қолма – қол ақша айналысы және қолма – қол емес ақша айналымына тұрады. Айналыста тек қолма – қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы, ал қолма – қол емес ақша айналымын – төлем айналымы деп атайды.
Ақша айналымының екі жағының ( қолма – қол ақша мен банктік айналымдағы ақшаның ) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша массасы ақша айналымының сандық көрсеткіші.
1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003. – 432 б.

2. Экономикалық теория: Оқу құралы / Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпов, Т.П. Табеев. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 280 б.

3. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Макроэкономика. – СПб: Питер, 2002. – 224 с.

4. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 129 б.

5. Ақша, кредит, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейітқасымов, А.Ғ. Омарбекова, А.Ғ. Сейітқасымова. – Алматы: Экономика, 2006. – 480 б.

6. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы/Е.Б. Жатқанбаев жетекшілігімен авторлық ұжым дайындады. – Алматы: КУРСИВ, 2006. – 300 б.

7. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под ред. О.И. Лаврушина. – М.: Финансы и статистика, 1999. – 464 с.

8. Көшенова Б.А. Ақша.Несие.Банктер.Валюта қатынастары: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2000. – 328 б.

9. Ф.Мишкин. Экономическая теория денег, банковского дела и финансовых рынков. – М.: Аспект пресс, 1999. – 818 с.

10. http://www.nationalbank.kz/ Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайты

11. http://www.tenge2006.kz/

12. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 (өзгертулермен)

13. Деньги. Кредит. Банки. Ценные бумаги:Практикум / Под ред. Е.Ф.Жукова – М.:ЮНИТИ, 2008. – 431 с.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес факультеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ақша айналымы және ақша агрегаттарының динамикасы

Орындаған:
Бектембаева З.

Ф08К4

Алматы 2009

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Ақша теориясының ерекшеліктері
1. Ақша ұғымы, түрлері, атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ..5
2. Ақша айналым түсінігі және
заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
3. Ақша агрегаттары және оның
динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... 14

2. Ақша айналымын ұйымдастыру
1. Ұлттық банктің ақша айналымын
басқаруы ... ... ... ... ... ... ... 18
2. Қолма-қол ақша айналымын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... .21
3. Қолма-қол ақшасыз айналысын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ...2 3

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .26

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .28

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының экономикасын реформалау жағдайында,
оның несие – банктік жүйесін түпкілікті қайта ұйымдастыру және ақша
– несие саясатын толыққанды жетілдіру барысында Қазақстан
Республикасындағы ақша айналымы жайындағы түрлі сауалдарды қарастыру
қажеттілігі туындады. Проблематиканың маңыздылығы және бұл тақырыптың
өзекті мәселеге айналуының себептері: Қазақстан Республикасындағы
банктердің ақша – несие саясатын реттеуде маңызды рөлге ие болуы,
несие жүйесінің жаңа буындарының, яғни коммерциялық банктер мен
банктік емес қаржылық институттардың пайда болуы және дамуы.
Курстық жұмыста ақша айналымы, ақша айналыс заңы, ақша
агрегаттары жайлы қарастырылады.
Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын
бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Ақша айналымы төлем құралы және айналыс құралы қызметінде
төлемдердің ақша арқылы жүзеге асатын процесінде қалыптасатын
кәсіпорындардың, шаруашылық, мемлекеттік, жеке және кооперативтік
ұйымдардың, қаржы және кредит мекемелерінің, халықтың қаражаттар
жиынтығын білдіреді. Ақша айналымы деп қолма – қол және қолма – қол
емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін
айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұнына сай
келеді, себебі айналымда тек қана ақша белгілері жүреді.
Экономика тиімді басқарылғанда ғана ақша айналымын дұрыс
ұйымдастыруға болады. Ақша айналымы экономикаға оң әсерін де, теріс
әсерін де тигізуі ықтимал. Шаруашылықты жүргізудің тәжірибесі
мемлекеттің бірыңғай эмиссия, кредит, есеп айырысу орталығы болып
табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне ақша айналымын
шоғырландырып басқаруды беру дұрыс мақсатқа лайықтығын дәлелдеп
берді.
Ақша айналысы ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңына сәйкес
реттеледі. Ұлттық банкі тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті
мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың,
жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
Ақша айналымы екі бөліктен: қолма – қол ақша айналысы және
қолма – қол емес ақша айналымына тұрады. Айналыста тек қолма – қол
ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы, ал қолма – қол емес ақша
айналымын – төлем айналымы деп атайды.
Ақша айналымының екі жағының ( қолма – қол ақша мен банктік
айналымдағы ақшаның ) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне
алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі
ақша массасы ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір
мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық
өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және
оның өсу қарқынын реттейтін іс – шаралар жүргізу үшін әр түрлі
көрсеткіштер ( ақша агрегаттары ) қолданылады.
Өнеркәсібі өркенделген мемлекеттерде ақша массасы құрамын
анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының жиынтығы пайдаланылады.
Қазақстан Республикасында ақша массасын анықтау үшін төрт ақша
агрегаты қолданылады.
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы ақша айналымын, ақша
агрегаттарын қарастырып талдау, Ұлттық банктің ақша айналымын
басқару, сонымен қатар қолма – қол ақша айналымын және қолма – қол
ақшасыз айналысын ұйымдастыру жолдарын қарастыру.
Бұл жұмыс екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен, оның ішінде ғылыми әдебиеттер, құқықтық нормативтік акт,
Internet мәліметтерінен тұрады.

1. АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Ақша ұғымы, түрлері, атқаратын қызметтері

Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған
түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біре қайнасқан
ерекше тауар. Яғни, ақша – тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде
басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі –
барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару.[1]
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін , жалпыға балама
айрықша тауар.[2]
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының
болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысының құралы және
оның ізбасары. Тауар мен ақша бір – бірінен бөлінбейді, себебі
ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде
қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін атқару
алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауарлардың құнын
бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты:
біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай
бөлінетіндігі әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте
жоғары, сондай – ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін
еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы
қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық
категория болып табылады.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш
қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
- жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбек өлшемінің эаттай (материалдану) формасы.[3]
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі
қасиеті, оның кез келген материалдық бағалы затқа тікелей
айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен
байланыссыз. Бұл формасында ақша, несие беру, қарызды өтеу,
мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және
өндірістік емес шығындарды әр түрлі жолдармен қаржыландыруда
Ұлттық банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге сатуы
барысында және т.б. жағдайларда қолданылады. Ақшаның соңғы қасиеті,
тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын
құнын сипаттайды. [4]
Ақшаның материалдық – заттық ерекшеліктеріне сәйкес
оны толық құнды және толық құнсыз деп шартты түрде бөлуге
болады.
Толық құнды ақша – номиналды құны сатып алушылық
құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн
олардың құрамындағы металдың ( алтын, күміс ) құнына сәйкес келеді.
Оларға алтын және күміс монеталар жатады.
Толық құнды емес ақша – сатып алушылық құны ақша
қатынастарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша.
Толық құнсыз ақшаларға билондық монеталар, қағаз және кредиттік
ақшалар жатады.
Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатылардан
өтті:
1. Металдық;
2. Қағаздық;
3. Несиелік;
4. Электрондық ақша.
Металл ақшалар – бұл толық құнды, нағыз ақшалар,
олардың номиналдық құны ( оларға қойылған құн ) нақты құнынан,
яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар
( мыс, күміс, алтын ) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік,
содан соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.
Қағаз ақшалар – бюджет тапшылығын жабу мақсатында
қазынамен шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай – ақ
мемлекет белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді. Қағаз
ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері, олар тек қана айналыс құралы
төлем құралы қызметін атқарады.
Несиелік ақшалар – айналымдағы толық құнды ақшаларды
алмастыратын және кредит белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша
белгілері. Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель,
банкнота, чек, электронды ақшалар және олардың соңғы түрі –
несиелік және пластикалық карточкалар.[5]
Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде
көрініс табады, олар ішкі негізді, ақшаның құрамын өрнектейді. Ақша
қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік
– экономикалық қатынастардың бір жағын қарастырады. Қазіргі кездегі
экономикалық әдебиетте қызметтердің саны жөнінде әр түрлі пікірлер
кездеседі. Ақшаның батыс теориясы ақша қызметінің өте қарапайым және
түсінікті үш түрін анықтады: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау
құралы. Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К. Маркс жақсы жүйеледі және
суреттеді, ол жоғарыда аталған үш қызметімен қатар, барлығы 5 қызметін
анықтады; төлем кұралы және әлемдік ақша.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметіне мыналар
жатады:
1.құн өлшемі және баға масштабы;
2.айналыс құралы;
3.төлем құралы;
4.қорлану және қор жинау құралы;
5.дүниежүзілік ақша.[6]
Ақшаның құн өлшемінің қызметі. Ақша жалпыға
бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді.
Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас сапасы
жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін
тауарлар дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақ та
тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен
қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай
жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері сондықтан олардың
құнын өзіндік құны нақты ақшалар өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп
аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек
шығынымен
анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған
және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдық баға
белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны
баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн
заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы
арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі – бұл мемлекетке
тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн
заңына байланысты анықталады. Баға масштабы – бұл мемлекетке тәуелді,
бірақ тауардың құнын көрсету үшін қызмет етеді. Баға масштабы
нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы
қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады.
Тауар айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни
оның ақшаға айналуы, және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға
айналуы. Бұл процесті ареайы формулада келесідей түрде беруге
болады: Т ( тауар ) – А ( ақша ) – Т ( тауар ).
Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша
тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі
қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің
басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалық емес
құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден,
нақты және қолма – қолсыз ақшалар атқарады.
Ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да
олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы
және бағасы негізінде анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы
тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға
жол береді.
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі
жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана
сатылмайтыны белгілі. Себебі, әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі
мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бәрдей еместігі, сондай – ақ
бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы
шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін
туғызды. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып
алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша
төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс
формасына ие: Т ( тауар ) – М ( міндеттеме ), келісілген мерзімнен
кейін: М ( міндеттеме ) – Т ( тауар ).
Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде
жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір –
біріне қарама – қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме
арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын
білдіреді.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар
айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие
қатынастарына қызмет етеді. Ақшаның төлем құралы қызметін толық
бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша
жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды
қамтамасыз етумен қатар байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да
адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша
айналыстан алынады, сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы
үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес
ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті
қашаннан алтынға жүктелген. Біздің елімізде, алтын қоры Ұлттық
банкінде жинақталған.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар
атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады
десе болады:
1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ депозиттік
шоттардағы сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай
қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
2. Банктегі халық салымдарында облигацияларда жинақталған жеке
қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық
заемдар, сыртқы серіктестіктерге қызмет көрсету барысы
дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік
ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып
алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану
құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде
дүниежүзілік ақшалар халықаралық қатынастардағы есеп айырысуларда
қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік
ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және
көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе – теңдік бұзылған
жағдайда қызмет етеді. Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша
қызметін көбіне АҚШ доллары, ағылшын фунт стерлингі,
Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы еуро атқарады.[7]
Қазіргі замандағы қоғамда ақша өте үлкен және алуан түрлі
рөлді атқарады. Ақшаның рөлі жалпы балама түріндегі маңызымен
анықталады, өйткені бұл рөлге айрықша арнайы тауарларды бөліп
шығару тауар өндірісі мен айналысының заңы болып табылады.
Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етеді, ол
тауар өндірісімен үздіксіз байланыста болады. Осы бастапқы
тұғырға сүйене отырып, мынаны сеніммен атап өтуге болады,
яғни ақша дамыған тауарлық шаруашылықтың ажырамас бөлігі болып
табылады, ол шаруашылық өмірдің жағдайына және қоғамда болып
жатқан экономикалық үрдістерге маңызды түрде және үнемі ықпал
етеді. Ақша тауарлар мен қызметтердің үлкен массасының
қозғалысын, сонымен бірге қаржы – несие жүйесі арқылы жеткізушілер
мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.
Ақша экономикада өте маңызды рөлді атқарады: ол трансакциялық
шығындарды төмендету, еңбектің мамандануы мен бөлінісін ынталандыру
арқылы экономиканың жеңіл қозғалысын жүзеге асратын жағармай.[8]
Ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі ақша жинақтарын
қалыптастырудың механизмдерін құру және кеңейтуде, барлық қаржылық
ресурстарды жұмылдыруда ( мобилизация ) және оларды ұдайы өндірісте
тиімді қолдану үшін инвесторларға беруде жатыр. Осылайша, ақшаның
экономикалық жүйедегі қоғамдық рөлі мынада, яғни олар нарықтық
экономикадағы тәуелсіз субъектілер арасында байланыстырушы буын болып
табылады.
Ақша тауарларды, қызметтерді, тауарлық – материалдық
құндылықтарды шаруашылық – қаржылық қызмет нәтижелерін құндық есепке
алу және бақылау құралы ретінде қолданылады.
Ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі еңбекақы, сыйақы түрінде
еңбек шығындарын құндық өлшеу және бақылау ретінде, яғни еңбек
өлшемі мен тұтыну өлшемін, еңбектің саны мен сапасын бақылау
құралы ретінде, сонымен бірге еңбек өнімділігін ынталандыру және
арттыру құралы ретінде айқындалады.
Ақшаның экономикадағы рөлі тауарларды, қызметтерді
сату – сатып алу бойынша экономикалық қарым – қатынастар
субъектілері арасында келісімдік міндеттемелердің орындалуын
бақылау құралы ретінде айқындалады, яғни ақша арқылы өндірістік
және саудалық қызметті жақсы ұйымдастыруға қатысты жабдықтаушылар
мен сатып алушылардың материалдық жауапкершілігі артады.[9]

2. Ақша айналымы, түсінігі, құрылымы

Ақша айналымы деп қолма – қол және қолма – қол емес түрінде
үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады.[10] Бұл
анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі
айналымда тек қана ақша белгілері жүреді.
Немесе басқаша айтқанда, ақша айналысы – бұл шаруашылықтағы
тауарларды өткізуге, сондай – ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп
айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма – қол және қолма –
қолсыз ақша формаларындағы ақшаның қозғалысын білдіреді.[11]
Жеке азаматтардың арасындағы тікелей ақша қатынасында қолма –
қол ақшасыз немесе қолма – қол ақшалай формада есеп айырысулар
болады. Бұл жағдайда есеп айырысулардың қолма – қол ақшасыз формасы
мен қолма – қол ақша қозғалысы бір – бірімен өзара тығыз
әрекеттесіп, бірыңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық
ақша қызметтерінің олардың тауар айналысының процесәне қызмет етуі
барысында, өндірісті ұлғайту процесінде жалпы ұлттық өнімнің және
ұлттық табыстың жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу
барысында пайдаланылуы ақша айналымын қалыптастырады.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халықтың
арасында, жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді
өткізу себебі бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша
айналымының көп бөлігін құрайды.
Ақша айналымының біршама бөлігі мемлекеттік бюджеттің табысын
пайдалану сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы,т
мемлекетті, капиталдық шығындарды және т.б. қаржыландыруда жүзеге
асады.
Ақша айналымының бір бөлігіне банктің кредиттік ресурстарын
жұмылдыру және оларды орналастыру ( инвестицияны несиелеу ) жатса,
тағы бір бөлігіне сақтандыру бойынша төлем, зейнетақы, жәрдемақы,
шәкіртақы және т.б. төлемдері жатады.
Ақша айналымының жалпы көлеміне халықтың тұрғын үй,
коммуналдық қызмет, газ, электр энергиясы, жылу энергиясы, байланыс
қызметі және кәсіпкерлердің тұрмыстық қызметі, көлік және басқа да
осындай қызмет түрлері үшін төлейтін төлемдермен байланысты айналым
да кіреді.
Бүкіл ақша айналымы қолма – қол ақша айналымына және қолма –
қол ақшасыз айналымға бөлінеді[12], сондай – ақ, ол төменде
келтірілген ретінде де бөлінеді:
– тауарлық сипаттағы, яғни өнімдерді өндіру мен өткізу
процесін бейнелейтін ақша айналымы;
– еңбекақы төлеумен сақтандыру төлемдерін төлеумен, коммуналдық
қызмет төлемдерін төлеу, халықтық, көліктік, тұрмыстық және
т.б. төлемдермен байланысты орын алатын тауарлық емес
сипаттағы ақша айналымы.
Сонымен, ақша айналымы төлем құралы және айналыс құралы
қызметінде төлемдердің ақша арқылы жүзеге асыратын процесінде
қалыптасатын кәсіпорындардың, шаруашылық, мемлекеттік, жеке және
кооперативтік ұйымдардың, қаржы және кредит мекемелерінің, халықтың
қаражаттар жиынтығын білдіреді. Қолма – қол ақшаның көмегімен
және қолма – қол ақшасыз есеп айырысу тәртібімен жүзеге
асырылатын ақшалай төлемдердің жиынтығы ақша айналмының мазмұнын
құрайды.[13]
Ақша айналымы екі бөліктен: қолма – қол ақша айналысы және
қолма – қол емес ақша айналымына тұрады.
Айналыста тек қолма – қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы
деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша
белгілері ( банкноталар, қазыналық билеттер қағаз ақшалар және
ұсақ монеталар ) айналыста жүреді. Бұл кез келген мемлекеттің ақша
айналымының аз бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма
– қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және
оны жұмсауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасында қолма – қол ақшаны Ұлттық банк
банкнота түрінде эмиссиялайды, екінші деңгейдегі банктер оның
эквивалентін қолма – қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық
банктердің операциялық кассасынан қолма – қол ақшаның көп бөлігі
клиенттерге беріледі, яғни клиенттер заңды тұлға болса, ақша
кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі де, ал клиент жеке
тұлға болса, ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен
ұйымдардың кассасындағы қолма – қол ақшаның аз бөлігі олардың өзара
есептесуіне жұмсалса, ал басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы
табыс түрінде ( жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, сақтандыру қайырымы,
дивидендтер төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім, т.б. )
беріледі.
Қолма – қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны
жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін салық, жарна,
сақтандыру төлемін, петер ақысы, тауар сатып алу мен көрсетілген
қызметке ақы төлеуге және т.б. жұмсайды.
Ақша коммерциялық банктердің төлем – кассалық бөлімдерінен
клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін
клиенттердің ( негізінен сауда орындары мен халыққа қызмет
көрсететін орындардың ) кассасы арқылы айналыстан шығады. Солайша,
қолма – қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.
Қолма – қол емес ақша айналымы ( төлем айналымы ) – ол банктегі
шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі
немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл
ақша айналымының басым бөлігін ( 90 % – ке жуығын ) құрайды. Төлем
айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе
жазу түрінде не болмаса олардың өзара талаптарын есептеу жолымен
жүзеге асырылады.
Қолма – қол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы операциялар
бойынша және қаржы міндеттемелері бойынша болып екі топқа
бөлінеді. Бірінші топқа тауарлар мен қызметтер үшін қолма – қол
ақшасыз есеп айырысу, ал екінші топқа бюджетке төленетін
төлемдер ( пайда салығы, қосымша құн салығы, жеке тұлғадан
алынатын табыс салығы және басқа міндетті төлемдер ) және бюджеттен
тыс қорлар, банктік борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу,
сақтандыру компаниялармен есептесу жатады.
Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымдары өзара
тығыз байланысты және бір – біріне тәуелді. Өйткені, ақша үнемі бір
айналыс аясынан екіншісіне өтіп, бірақ айналыс аясынан
кетпей оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа
қаржының аударылуы – қолма – қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан
қолма – қол ақшасыз төлем айналымы қолма – қол ақша айналысынан
ажырамайтын құрылым және екеуі бірігіп мемлекеттің бірыңғай ақша
айналымын құрайды.
Ақша айналыс заңы. Ақша айналыс заңы – құн заңының айналыс
аясындағы көрінісі. Ол – тауар – ақша қатынастары болатын барлық
қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ақшан
ақша айналысы заңымен реттеледі.
Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін
орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының
қосындысына бір аттас ақша өлшемінің айналым санына ( айналым
жылдамдығы ) бөлгенге теңесуі керек.
Ақша айналыс заңы – тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың
санын анықтайды[14]:

Тауарлардың бағалардың сомасы
АТА =
Бір атты ақшалар бірлігінің айналымының саны

Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін
де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан
тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы
қолма қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен
міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму
дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тизігеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі
несиеге сатылса, айналысқа шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың
және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Қорытындысында, айналыстағы ақша
мөлшерін анықтаушы заң мынадай формуламен өрнектеледі[15]:

Онда:
А мөлш. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша
мөлшері;
Стб – сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы;
Стбн – несиеге сатылған тауарлар бағатының сомасы;
Ст – қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;
Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;
Ақ – ақша қоры;
Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметіндегі ақша
айналымының орталық саны.
Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлардың бағасынан
айналыста әлдеқайда кем ақша массасының жүруінің себебі төлемеушілік
проблемасының болуынан. Сол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл
Қазақстан және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге
өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік
проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді.
Айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына
әсет ететін көп факторларға байланысты өзгереді: айналыстағы
тауарлар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және
т.б. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналсының жылдамдығына
кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсер ететін
жағдайлар мыналар:
• несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге
сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
• қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
• ақша айналымының санының өсуі.
Айналысқа ақша екі формада эмиссияланады ( шығарылады ): қолма –
қол ақша, яғни айналымдағы банкнота және майда монеталар; банктік
айналымдағы ақша формасы, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі
деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші формасын, яғни қолма – қол
ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, ал қолма
– қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шығарады.
Ақшаның екі формасы бірімен – бірі тығыз байланыста жүреді. Егер
банк клиенті – шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма – қол
ақша формасында алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты
қолма – қол банкнотаға айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу
арқылы банкке ақша сомасын салуы қолма – қол ақшаның банктік
айналымындағы ақша формасына айналуын көрсетеді.
Ақша айналымының екі жағының ( қолма – қол ақша мен банктік
айналымдағы ақшаның ) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне
алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі
ақша массасы ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір
мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық
өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және
оның өсу қарқынын реттейтін іс – шаралар жүргізу үшін әр түрлі
көрсеткіштер ( ақша агрегаттары ) қолданылады.

3. Ақша агрегаттары және оның динамикасы

Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша
айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай – ақ ақша
массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау
үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша
агрегаттары деп атайды.[16]
Өнеркәсібі өркенделген мемлекеттерде ақша массасы құрамын
анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығы
пайдаланылады:[17]
• М1 – айналыстағы қолма – қол ақша ( банкноталар, монеталар, ал
кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер ) және банктік ағымдағы
шоттардағы қаражат ( дипозиттер ) жатады;
• М2 – оған М1 агрегаты және мерзімі 4 жылға дейінгі
коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;
• М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі
жинақ салымдары кіреді;
• М4 – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің
депозиттік сертификаттары қосылады.
Әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық
элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша массасын құрайды. Бірақ
оның алдыңғыларға қарағанда өтімділігі төмен.
Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің өзіне тән ақша –
несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ – та ақша массасын анықтау
үшін – төрт, Швейцария мен Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес,
Францияда – екі ақша агрегаты қолданылады.
Қазақстан Республикасында ақша массасының құрылымына келесі ақша
агрегаттары кіреді:[18]
• М0 – айналыстағы қолма – қол ақша;
• М1 – өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің
есепшоттары мен басқа дипозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі
қаржыландыру шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың,
қоғамдық және басқа да үкіметтік ұйымдар шоттарының қалдығын
және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын
біріктіреді;
• М2 – өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды
тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;
• М3 – оған М2 агрегатын және мемлекеттік займ облигацияларын
біріктіреді.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша
нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
• банкноталар мен монеталарды эмиссиялау есебінен;
• орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
• мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің
үкіметке несие беруімен;
• орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуымен;
• чек шығарумен немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша массасының экономикалық мәні мен теориялық негіздері
Ақша айналымының құралдары
Ақша-несиелік реттеу
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі
Ақша ұсынысы мен ақша базасының теориялық негіздері
АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
Ақша айналысы және оның дамуы
АҚША БАЗАСЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Ақша массасы тауарлар сомасы ақша бірліктерінің айналым саны
Қазақстан Республикасында ақша айналыстарының дамуы және оның қазіргі жағдайын талдау
Пәндер