Ана тілі сабақтарында бекіту кезеңі



1. Сабақ туралы түсінік

2. Сабақ кезеңдері

3. Сабақтың бекіту кезеңдері

4. Ана тілі сабақтарындағы бекіту кезеңін жүргізу

5. Бекіту кезеңіне байланысты зерттеу жұмыстары

6. Педагог тәжірибесінен
1. Осы замандағы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту.
Білім беру формасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілетілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге эканомикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды тыңдағысы келетіндерге он жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды.Адамның өмір бойы білім алу үшін жағдай туғызуымыз керек.
Жоғары білім алғысы келетін адамдар үшін мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен 12 жылдық білім алу жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге тиіс.
Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аударып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс. Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін мемлекеттік басқару академиясының негізінде шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғары халық аралық стандарттарға сәйкес келетін ұлттық баксқару мектебі құрылуы қажет.
Білім беру жүйесін дамытуды ынталандыру мақсатында жеке сектормен мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту, мемлекеттік жеке меншік білім беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру қажет.
ЖОО-лардың мәртебесі мен мамандыққа қарай мемлекеттік гранттардың құнын саралауды ойластыруымыз керек.
Сабақ – оқушылардың топқа ұйымдасқан класс деп аталатын тұрақты құрамымен мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу жұмысы.
Сабақ оқыту үрдісінің қиын кезеңі болып табылады. Сапалы жақсы сабақ беру бұл оңай емес, тіпті тәжірбиелі педагог үшін сабаққа қойылатын талаптарды ойдағыдай білуі шарт. Олар:
1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс.
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
1. Е.Сағындықұлы: «Педагогика» (дәрістер курсы) –Алматы, 1999 ж

2. Ж.Ә.Әбиев, С.Б.Бабаев, А.М.Құдияров: «Педагогика» - Алматы, 2004 ж

3. С.Рахметова: «Қазақ тілінің оқыту методикасы» - Алматы, 1991 ж

4. «Ұлағат» журналы, 2005 №1

5. «Бастауыш мектеп» журналы, 2005ж №2, 2005ж №5.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Есік педагогикалық колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ана тілі сабақтарында бекіту кезеңі
Пән: Ана тілі

Жетекшісі: Досбаева П.С.
Орындаған:
топ
студенті

Есік 2006ж

Жоспар:

1. Сабақ туралы түсінік

2. Сабақ кезеңдері

3. Сабақтың бекіту кезеңдері

4. Ана тілі сабақтарындағы бекіту кезеңін жүргізу

5. Бекіту кезеңіне байланысты зерттеу жұмыстары

6. Педагог тәжірибесінен

Теориялық бөлім

Практикалық бөлім

Сабақ жоспары
Пән: Ана тілі

Қазақстан Республикасы Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы
Төртінші басымдық:
Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта
даярлаудың ұдайы арттыру
және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әры өркендеуі

1. Осы замандағы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту.
Білім беру формасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілетілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге эканомикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай
келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Сондықтан он екі жылдық оқуға
көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында одан
әрі оқуды тыңдағысы келетіндерге он жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға
болмайды.Адамның өмір бойы білім алу үшін жағдай туғызуымыз керек.
Жоғары білім алғысы келетін адамдар үшін мемлекеттік бюджет
қаржысы есебінен 12 жылдық білім алу жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге тиіс.
Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға
ерекше назар аударып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру
жүргізілуге тиіс. Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін
мемлекеттік басқару академиясының негізінде шетелдік серіктестердің
қатысуымен ең жоғары халық аралық стандарттарға сәйкес келетін ұлттық
баксқару мектебі құрылуы қажет.
Білім беру жүйесін дамытуды ынталандыру мақсатында жеке сектормен
мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту, мемлекеттік жеке меншік білім
беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру қажет.
ЖОО-лардың мәртебесі мен мамандыққа қарай мемлекеттік гранттардың
құнын саралауды ойластыруымыз керек.
Сабақ – оқушылардың топқа ұйымдасқан класс деп аталатын тұрақты
құрамымен мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу жұмысы.

Сабақ оқыту үрдісінің қиын кезеңі болып табылады. Сапалы жақсы сабақ
беру бұл оңай емес, тіпті тәжірбиелі педагог үшін сабаққа қойылатын
талаптарды ойдағыдай білуі шарт. Олар:
1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны жоспары және оның құрылымы алдын-ала
белгілі болуы тиіс.
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай
ұғымды, түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында
біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір
сабақ басқа сабақтар жүйесінің болуы міндетті нәрсе.
5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін, сабақтың
құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекті және техникалық құралдарды
түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. Баланың ыңтасы арттыру үшін
оқытылатын нәрседе бір, жаңалық болуы керек - деп
Ж.Аймауытов жайдан-жай айтпағанын ескеру керек.
6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін праблемалық ситуациялар
проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатыныс жасау
шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімге
оқушылармен рухани байланыс жасауға және қарым-қатынас арқылы білім алу
керек деген қағиданы іске асыру пайдалы.
8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың
әдіс тәсілдеріне үйрету міндет.
9. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық
принципке сай жүргізу тиіс.
10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте бір-
бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып тұрулары қажет
11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалім- нің сыныптағы,
мектептегі нақтылы жағдайы: оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу-техникалық,
көрнекілік, құралдарының нақты қолда болуы ,тұрғылықты жердегі табиғат,
өндіріс ресуртарын пайдалану тағы сол сияқты ескеріп отыруы шарт.

Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың
сабақ қызметін ұйымдастыру түрлері.
Оқыту-екі жақты әрекет. Осы екі жақты әрекетті сабақ деп атайды.
Оқыту мұғалімнің іс-әрекеті болса, оқу оқушының іс-әрекеті. Оқыту
мұғалімнің басшылығымен танымдық, тәжірибелік іс-әрекетінің нәтижесінде
іске асады. Оқу-білім алу- іскерлікті, дағдыны қалыптастыру. Оқыту
барысында негізгі мәселе, жетекші нәрсе- білім беру. Білім адам баласының
жинақталған тәжірибиесі, ол обьективтік дүниенің біздің санамыздағы
сәулесі. Ең терең, мазмұнды дұрыс тәжірибие ғылымда жинақталады.
Сабақтың мақсаты оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қаблетін дамыту,
көзқарасын, адамгершілік қасиетін қалып-тастыру. Әр сабақтың логикалық,
психологикалық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.
Логикалық бірлік- сабақтың әр бөлігінің өзара байланыс заңдылығы.
Мысалы: қайталау-қорытындылау сабағының бөліктері: қортынды әңгіме, немесе
шолу дәрісі, жаппай сұрау, кебір сұрауларды анықтау, қортындылау.
Мұндай сабақта, біріншіден, игерілген білім еске түсірімді және
жүйеге келтірімді; екіншіден білімдегі, іскерліктегі, дағдыдағы кеңістіктер
толықтырады; үшіншіден, оқытылатын материялдық маңызды идеялары толық
ашылады; төртіншіден, жаңа мен ескі салыстырылады, жаңа мысалдар
ойластырылады, жаңа міндеттер шешіледі.
Сабақтың психологиялық бірлігі оқушылардың дербес ерекшеліктерін
темперамент, мінез, қаблет, ынта т.б. есепке алуды талап етеді-бұл жеке
адамдардың дербес типологикалық ерекшеліктері.
Ұйымдастыру бірлігі-бұл сабақта алдын-ала жабдықтарды және оларды
рет-ретімен пайдалауды, бүкіл сабақ бойында оқушыларды белсенді, тиімді
жұмысқа ұйым-дастыру.
Сабақтың тиімді, қызықты етіп өткізу үшін ғалымдар, жаңашыл
мұғалімдер М.Н.Скаткин, М.И.Махмұт, В.Ф.Шаталов, Е.Н.Ильин т.б. белгілі
жағдайлар керек деді. Біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық жағдай-
мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының
шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғаліммен оқушылардың бірлескен шығармашылық
еңбегі, лобараториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы.
Екіншіден, дидактикалық жағдай бұл оқыту процесінің, приціптерінің және
әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз
ету, жаңашыл мұғалімдердің іс-әрекеттерін терең зерттеп пайдалана білу.
Оқытудың кең таралған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос
Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық
тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынады.
1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша
топтастыру.
2. Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу.
5. Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.
6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы
әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынады.
Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен
материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі
және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып-сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең
алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына
үмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс
және үйдегі түрлеріне де бағыт- бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан,
ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны
ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани
адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары
көзделеді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда
оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері
іске асырылады.

Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі
мәселелерінің бірі – оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту
жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан
зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі
шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) – сабақтарды құрылысы жөнінен
топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға
айырықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми
еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу
жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-
тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қата, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне,
оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.
Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен
дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов
оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов
сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ
түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары
бір-біріне өте ұқсас келеді.
И.Н.Казанцев бойынша:
1. Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар
2. Кіріспе сабақтар – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан
өтетін бірінші сабақ.
3. Жаңа білімді меңгеру сабағы – жаңа оқу материалы өтетін сабақ
4. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы .
5. Жаттығу сабағы – оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. тәжірибелі сабақ – оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын
көрсететін сабақтар.
7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды
қайталау-қорыту сабақтары.
8. Тексеру сабағы – оқушылардың білімін тексеретін сабақ.

9. Білім сапасын бағалау сабағы – оқушылардың алған білімін тексеретін
сабақтар.
10. Қорытынды сабақ – оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту
сабақтары.
С.В.Иванов бойынша
1. Кіріспе сабақтар.
2. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабақғы.
3. Жаңа білімді меңгеру сабағы.
4. Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы.
5. Дағдылану сабағы.
6. Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары.
7. Бақылау сабағы.

Б.П.Есипов бойынша
1. Аралас сабақтар.
2. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.
3. Пысықтау сабағы.
4. Қайталау жинақтау, қорыту сабағы.
5. Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Білім сынау сабағы.
. Сол секілді шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехославакия
мектептерінен мысал келтірсек,ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге
ұқсастығын байқаймыз.
1. Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.
2. Жаттығу сабағы.
3. Қорыту сабағы.
4. Қайталау, білім сынау сабағы.
5. Аралас сабақ.
Қорыта айтқанда,қазіргі мектеп тәжірибесінде көптен
қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады;
1. Кіріспе сабағы.
2. Жаңа білімді хабарлау сабағы.
3. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.
4. Жаттығу және тәжірибе сабақтары.
5. Зертханалық сабақ.
6. Қайталау-қорыту сабағы.
7. Оқушылардың білімдерін,біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және
бақылау сабағы.
8. Аралас сабақ.
9. Өзбігінен білім алу сабағы.
Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында
белгілі бір заңдылық бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты
мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай Жаңа білім
хабарлау сабағы деп аталса, сабақты оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс
жүзінде пайдалана білу жолын қарастыру, онда ол Жаттығу немесе практикалық
сабақ деп аталады.
Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушылардың есіне салу,
қайталау мақсатын көздесе, ол Қайталау-қорыту сабағы деп аталады.
Ал сабақтың Аралас сабақ түрі оның құрылымына байланысты болып
келеді.
Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірінші мақсаттарды жүзеге
асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада
пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап, қорытады, сонымен
бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай
жағдайда көпшілік сабақ оның бірінші элементтері (кезеңдері) арқылы аралас
өтеді. Міне осындай сабақ түрін Аралас сабақдеп аталады.
Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында(45минут)
оның құрамды бөліктерінің,кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып,белгілі
тәртіппен жүзеге асырылуын айтады.
Олар мынадай болып келеді;
1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат,
міндеттерін тұжырымдау).
2. Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа білімді немесе оқу материалын байандау,түсіндіру.
4. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау,
тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу)
5. Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс
ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын
құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және
құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі
болады.
Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру, оның құрылымын
белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың
кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде.

Кіріспе сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2. Жаңа оқу материалын ендіру.
3. Жаңа білімді пысықтау, бекіту.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасының жаңа
тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың
немесе тақырыптың оқу-тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы сабақтарда оларды
оқу тәртібін оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материалдарының
мазмұнын оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді.

Жаңа білімді, іскерлікті және дағдыны
бекіту сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсініру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2. Бұрын өтілген оқу материалдарын қайталау, пысықтау.
3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығулар мен практикалық
және лабораториалықжұмыстарын атқаруы.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, түсіндіру.
Жаңа білімдіоқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың
пысықтау және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады. Себебі
жаңадан оқып үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі
элементі болып табылады. Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы да берік
меңгеру мүмкін емес.
Сондықтан білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр алуан
болып келеді.
Мұғалімнің түсіндіруі жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз
бетінше жаттығу істері және тәжірибелік-зертханалық жұмыстарында
тәжірибелер жүргізіп,көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса
атқарылады.
Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан мұғалімнің сөзі
жетекші рөл атқарады.
Мұндай сабақтарда бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың
қаншалықты терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру жұмыстары да
кіреді.

Жаттығу және тәжірибелік сабақтың құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығулар мен практикалық
және лабораториялық жұмыстарын атқаруы.
3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Практикалық сабақ оқушылардың алған теориялқ білімдерін
практикамен байланыстыру, пысықтау және бекіту мақсатын көздейді.
Практикалық сабақты жүргізу үшін түрлі жаттығу жұмыстары мен
тәжірибелер қолданылады. Олар әр пәннің ерекшелігіне қарай атқарылады.
Мысалы, тілден грамматикалық түрлі ережелерге сәйкес жазбаша және ауызша
жаттығу талдау жұмыстары жүргізілсе, сызу пәнінен графикалық, ал физика
мен химиядан лабораториялық –эксперименттік тәжірибелер жасалады. Яғни,
практикалық сабақтарда оқушылардың білімімен қатар олардың біліктілік
және дағдыларын пысықтау да көзделеді.

Қайталау сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2. Бұрын өткен оқу матералдарын қайталау, пысықтау, еске түсіру атқылы
оларды жүиеге келтіріп, жинақтау және қорытындылар мен тұжырымдар
жасау.
3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма бару.
Қайталау-қорыту сабақтың аса көп тараған түрі.
Қайталаудың мақсаты - өткен материалдарының ең негізгі түйінді
мәселелерін қайталап пысықтауды (қайталау– оқытудың анасы), оқушыларды
өздігінен қорытынды жасауға үйретуді көздейді. Бұған мұғалімнің аса
жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңғылықты әзірлігін қажет етеді.
Қайталау сабақтары не сабақ үстінде болмаса арнайы ұйымдастырылған
сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдарламасы бойынша көлемі жағынан ірі
тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты
оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады.

Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары
мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын
қажетті құралдарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек.
Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық,
лабораториялық жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады.
Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытындылап, оқушыларға қосымша
тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері
мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек
көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады.

Аралас сабақтың құрылым
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2. Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру.
3. Жаңа оқу материалдарын ендіру.
4. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.
5. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Аралас сабақ - мектеп тәжірибесінде көптен қолданылатын сабақ түрі.
Мұндай сабақ барысында сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері немесе
буындары алма кезек өзара ұштасып жатады.
Сабақ үстінде өткенді қайталау, жаңа материалды меңгеру, пысықтау
және тексеру, бағалау жұмыстары оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін
арттырады, назарын тұрақты етеді. Сондықтан, ол мұғалімнің оқу материалын
жете түсінуіне өте қолайлы.
Аралас сабақ әсіресе бастауыш және орта сыныптарда, сонымен қатар
тілге қатысты пәндерде көптеп қолданылады.
Сондай сабақтың бір варианты профессор Р.Г.Лемберг өзінің
Дидактикалық очерктер деген еңбегінде ұсынады. Оның ерекшелігі, дәстүрлі
сабақта ұйымдастыру кезеңінен кейінгі ретте мұғалімдердің көпшілігі сабақта
оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп, бағалаудан бастаса, мұнда оған
керісінше жаңа оқу материалын енгізіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілі сабақтарының ұйымдастырылу ерекшеліктері
Әдебиет сабағында қазақ тілін дамыту ерекшеліктері
Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеп, жан-жақты қарастыру
Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы. Оқу құралы
Тілді жоғары мектепте оқытудың ғылыми негізі
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Орта кезеңде ағылшын тілін грамматикалық аспектісін оқытудағы ережелердің рөлі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Пәндер