Өндірістік шығындардың есебі


Мазмұны
Кіріспе
i Өндірістік шығындардың экономикалық мәні мен маңызы және кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
- Өндірістік шығындардың экономикалық мәні және оның қалыптасуы
1. 2 «Сыр маржаны ЖШС - ның экономикалық сипаттамасы
1. 3 «Сыр маржаны ЖШС - ның экономикалық көрсеткіштерін талдау
II Кәсіпорын қызметінде шығындар есебін ұйымдастыру мен калькуляциялау жолдары
2. 1 Өндірістік шығындарды есептеу әдістемесі мен мақсаты
2. 2 Шығындарды калькуляциялау тәсілдері мен оны кәсіпорын қызметінде қолданылуы
2. 3 Жауапкершілік орталықтары бойынша шығындар есебі
III Өндірістік шығындардың есебінің ішкі аудиті және оны жетілдіру шаралары
3. 1 Кәсіпорында өндірістік шығындардың есебіне ішкі аудит жүргізу және оның мәні
3. 2 Өндірістік шығындарды жүйелендіру және бақылау шаралары
3. 3 «Сыр маржаны ЖШС - ның өндірістік шығындарын есептеу жүйесін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі бүгінгі күні кәсіпорын өндірістік шығындарды есептеу жолдарын дұрыс жүйеге келтіре отырып, өндірістің шаруашылық қызметін басқарудың заңдылықтарын ұстану халық шаруашылығында өркендеуіне толық кепілдік алатындығы.
Еліміздің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамадастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауы Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдалып алынғандығын көрсетеді. Яғни, жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық экономикаға кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат қабылданды.
Елбасымыз басқа елдердің бәсекелес өндірістері мен салаларына, сондай-ақ нақ сол халықаралық нарықтарға қатысатын трансұлттық корпорацияларға салыстырмалы талдау жүргізіп, біздің келешегі зор өндірістерді, соның ішінде ішкі нарықты дамыту жөнінде жасалаған іс-қимылдың тиімділігіне баға беріп, олардың экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндігін қарастыру қажеттілігін атап көрсетті.
Сонымен қатар, Қазақстанда халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне жете алатын, жоғары технологиялық жаңа өндірістерді дамыту қажетігі мен өнеркәсіптік құрылымды өзгертуге қабілетті, әрі ауқымды зор жобалар әзірлеу қажеттілігіне аса назар аударылды.
Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. Бухгалтерлік есеп өндірістің хал ахуалын, экономикалық жағдайын анықтап негізгі міндеттерді нақты сипаттайтын бірден-бір жүйе. Бүгінгі күні өндірістік саланы алатын болсақ, ең алдыңғы қатардағы мәселелерге, өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып, өндіруге кеткен шығындардың ауқымын неғұрлым азайтып және өзіндік құнын дұрыс әрі дәл анықтау міндетті шарт.
Нарықтық экономиканың нағыз шарықтап келе жатқан шағында күрделі экономикалық механизмді басқару өндірістегі дәл, әрі нақты жүргізілген есеп арқылы ғана жүзеге асуы тиіс.
Бүгінгі таңда, шығындар есебін ұйымдастырудың екі проблемасы бар:
Біріншісі - отандық теория мен тәжірибенің Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында басқару жүйесінің алдында тұрған жаңа міндеттерді шешуге қайта бағытталуында;
Екінші маңызды проблема - есеп ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін зерттеу, өндірістік шығындар туралы ақпараттар алудың дәстүрлі емес жаңа жүйесін құру, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың, қаржылық нәтижелерді анықтаудың қазіргі тәсілдерін қолдану, сондай-ақ бұл ақпараттардың өндірістік қызметті басқару, талдау, болжау және реттеу үшін қолданылуы.
Нарықтық экономика жағдайында осы мәселелер өзекті болып тұрғандықтан дипломдық жұмыстың осы тақырыпқа арналып, өндірістік шығындарды, оның есебінің жүргізілуі мен ұйымдастырылуын және өнімнің өзіндік құнын калкуляцялаудың әдістерін терең мән беріп зерттелуі бүгінгі күнде басты міндет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - өндірістік шығындарды және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын зерттеу, сонымен қатар, өзіндік құнның төмендеуінің резервтерін анықтау және оның есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Өндірістік шығындардың құрылуы мен айналымы өндірістік кәсіпорындар үшін аса маңызды, сондықтан-да шығындар есебінің кәсіпорынды басқарудағы үлесі өте зор. Өндірістік шығындар есебінің қажеттілігі шаруашылық қызметтің шарттарының күрделенуіне, табыстылыққа талаптардың өсуіне байланысты жоғарылай түседі.
Дипломдық жұмыстың міндеті шығындар есебін құру мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдісін таңдау және технологиялық процесстің сипатына, өндірілетін өнім, атқарылатын жұмыс пен көрсетілетін қызметтің түрлілігіне, калькуляциялау обьектілеріне, мекеме құрылымына және басқа да жағдайларға байланысты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
Дипломдық жұмыстың объектісі - «Сыр Маржаны» ЖШС-де өндірістік резервтерді анықтаудың, өндіріс табыстылығын көтеру мақсатында матриалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды қолдануды әрдайым бақылаудың маңызды құралы болып табылады. Бұл өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын зерттеу кәсіпорынның жүйесінде ерекше орын алатындығын анықтайды. Сондықтан, өндірістегі шығындарды білу және зерттеу, сондай-ақ осы шығындарға уақытылы және сапалы талдау жасау өндірістік процессті икемді реттеуге мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы бірінші бөлімінде өндірістік шығындардың мәні мен жіктелуі және кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаты қарастырылған.
Екінші бөлімде өндірістік шығындардың есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау дипломдық жұмыстың негізгі тақырыбы болғандықтан аса мән беріліп көрсетілген. Яғни, кәсіпорындағы өндірістік есеп және оның басқару есебіндегі орны мен ұйымдастыруы, сондай-ақ негізгі және көмекші өндіріс шығындарының есебін жүргізу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдістері қарастырылған.
Ал үшінші бөлім өндірістік есепке аудиторлық тексерудің жүргізілуі және кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитті жетілдіру жолдарына арналған.
i Өндірістік шығындардың экономикалық мәні мен маңызы және кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
- Өндірістік шығындардың экономикалық мәні және оның қалыптасуы
Ұйымның өндірістік қызметі шаруашылық процестерден тұрады. Өндірістік процестердің ішіндегі негізгілері жабдықтау, өндіріс және өткізу болып табылады. Процестер түрлі шаруашылық операцияларын біріктіреді. Өз құрамы жөнінен олар кәсіпорын қызметінің негізгі мазмұнына қарағанда едәуір үлкен.
Басқарушылық есепте басқарудың объективті талаптарға сәйкес өндіріс процестері қызмет түріне байланысты топтастырылады: жабдықтау-дайындау, өндірістік, қаржы-өткізу, ұйымдық және инвестициялық.
Микроэкономикада «өндіріс» түсінігі нәтижесінде жекелеген бөлшектердің пайдалы өнімге айналатын немесе өнімнің нысаны мен белгісін өзгертетін мақсатты қызметті білдіреді. Кәсіпорынның өндірістік жүйесі өндіріске қажетті түрлі ресурстарды құрайтын өзара байланысты бөлшектер мен өндіріс нәтижесінен құралады. Өнім өндірудің шарты - ол технология, соған сәйкес шығындардың өнімге айналуымен аяқталады.
Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде - жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады.
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
2007 жылғы 28-ақпандағы №234-ІІІ Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңында: «Кірістер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып табылады. Кірістер - есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады. Ал шығыстар - есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады» деп атап көрсетілген. Әдетте, шығын шығармай көздеген табысты алу мүмкін емес. Өз кезегінде табыс алмай, шаруашылықтың дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді табысты шешу мүмкін емес.
Әрбір іс немесе жұмыс белгілі бір шығындармен байланысты болады. Шығындар болып кәсіпорыннның өнімді дайындауға және өткізуге немесе қызмет көрсетуге кеткен барлық ақша ресурстары танылады. Яғни, шығын - ол меншікті, өндірісті және тауарлы-материалдық қорларды сатуға, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге және зиянды басқаруға байланысты шығындарды қамтиды. Әдетте, ол ақша қаражаттары, материалды қорлар, қозғалмайтын мүліктер, құрылғылар және жабдықтар сияқты активтердің тұрақтамау немесе пайдалану нысанында болады[31] .
Шаруашылық жұмысының сапасын бағалап анықтаушы негізгі көрсеткіштерінің бірі - жалпы шығында едәуір үлесі бар өндіріс және өнімді (жұмыс қызмет) сату шығындары мен оның өзіндік құны.
Өзіндік құн және оның өсу деңгейі базистік және есепті кезеңдерде негізгі және айналым қорларының қаншалықты тиімді пайдаланылғандығын, тиімділік дәрежесін, еңбекті ұйымдастыру және үнемдеу режимін сақтауды көрсетеді. Өзіндік құн құнның басым құрамдас бөлігі болумен қатар, сондай-ақ өндіріс шығындарының көлемін сипаттайтын басты көрсеткіш, өйткені бұйымның бағасын белгілеу үшін бастапқы базалық қызмет атқарады.
Сонымен, өзіндік құнның калькуляциясы кәсіпорынға:
- өнімнің бағасын белгілеуге;
- шығындарды төмендетуге және оған бақылау жасауға;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында сапалы шешімдер қабылдауға;
- кәсіпорынның болашағын жоспарлауға көмектеседі.
Бухгалтерлік есепте шығындар белгілі бір қасиеттері бойынша топталады. Өндірістік шығындарды топтаудың тәсілдері бірнеше факторларға негізделген: кәсіпорын қызметінің өзіндік ерекшелігі, өндірісті ұйымдастыру және технология ерекшеліктеріне, өндірілетін өнім наменклатурасына, ұйымдастырылу құрылымына, нарықтық экокномикаға өту кезеңіне және т. б.
Өндірістік шығындар сипаттамасы бойынша төмендегідей жіктеледі:
1. Құрамы мен тағайындалуына байланысты шығындар негізгі және үстеме болып бөлінеді:
- Негізгі шығындар - технологиялық үрдіспен тікелей байланысты шығындар (материалдар, еңбекақы, амортизация және т. б. ) ;
- Үстеме шығындарға - негізгі және көмекші өндірістерге қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ, басқару және шаруашылық шығындар жатады.
2. Экономикалық біртектілік бойынша өндірістік шығындар элементтік және комплексті болып бөлінеді:
- Элементті деп - құраушы бөліктерге жатқызыла алмайтын өндірістік өнім шығындарының біртекті түрлерін айтамыз (шикізат пен материалдар, еңбекақы, жанармай, энергия, т. б. ) ;
- Кешенді шығындар деп - құрамы біртекті емес шығындарды айтады. Олардың құрамына шығындардың әртүрлі түрлері кіреді, бірақ калькуляцияда жалпы бір сомамен көрсетіледі.
3. Өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді:
- Тікелей шығындар - өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты шығындар. Тікелей шығындар өнімнің өзіндік құнына олардың пайда болу сәтінде енеді (шикізаттар мен материалдар, жартылай фабрикаттар, еңбекақы және т. б. ) ;
- Жанама шығындар - өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болады. Жанама шығындар өнімнің өзіндік құнына соңында енеді, ал олардың пайда болу сәтінде өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына енбейді, өйткені өнім мен бұйымдардың бірнеше түрлеріне жалпы болып табылады.
4. Өндіріс көлеміне қатысты шығындар айнымалы және тұрақты болып екіге бөлінеді:
- Тұрақты шығындар - бұл өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың амортизациясы) .
- Айнымалы - шығарылған өнім көлемінің өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикізаттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы) ;
5. Құрамы бойынша өндіріс шығындары келесідей баптар және элементтер бойынша топтастырылады:
- материалдық шығындар;
- еңбекақы шығындары;
- еңбек ақыдан аударылатын аударымдар;
- негізгі құралдардың және материалды емес активтердің тозуы;
- басқа да шығыстар[51] .
Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.
Қосымша - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болған шығындар.
Тікелей - өнімнің, қызметтің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар) . Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары) .
Жанама - өнімнің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шартты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанама шығындар (жарнамаға шығындар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады. Шығындарды жіктеуді кесте негізінде суреттейтін болсақ:
Кесте 1-Өндіріс шығындарын жіктеу
- Негізгі
- Қосымша
- Тікелей
- Жанама
- Бірэлементтік
- Кешенді
- өзгермелі
- тұрақты
- ағымдағы
- бір жолғы
- өндірістік
- әкімшілік
- коммерциялық
- өндірістік
- өндірістік емес
- реттелетін
- реттелмейтін
- жалпы
- орта
- өнімге
- кезеңге
Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (ұйым инженерінің еңбекақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл ұйым үшін тікелей шығын) болуы мүмкін.
Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (құрылыста, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты) .
Бірэлементті - бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, аударымдар) .
Кешенді - бірнеше элементтен тұратындар (құрамында тиісті риск құрамының еңбекақысы, материалдар, аударымдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар) .
Өзгермелі - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т. б) және осы кезеңдегі өнімге біркелкі бөлінеді.
Өндіріске кеткен шығындар бойынша ақпаратты негізінде шешім қабылдау бірқатар кедергілер туғызуы мүмкін.
Мысалы, мынандай екі түрлі - өнімге кетен шығындар туралы ақпарат негізінде теріс шешім қабылдауы мүмкін:
- кәсіпорынға табыс әкелетін өнім өндіруге қызмет көрсетуден бас тартқанда;
- көрсетілетін қызметің бағасын кателесіп зиян шектік деген желеумен жоғарылатқанда. Осы негізде өндірілген өнімге толық есептелген шығындарды шектеу талап етіледі.
Өндірісте өнімге кеткен толық шығындарды бөлудің аса маңыздылығы оның шығындар сипатына және қалыптасуына байланысты талдай отырып бөлуді шектеу бойынша төмендегідей жіктеледі:
Сурет 1-Өнімге кеткен толық шығындарды бөлуді шектеу бойынша жіктелім
Осы шығындарды жіктеу жалпы басқару есебінде маңызы өте зор, яғни жіктеу арқылы:
- басқарушылық бақылау жеке құрылымдық бөлімшелер бойынша кірістер мен шығыстарды реттеу мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын ережелер мен олардың бірқатарын өзіне алуына;
- сегменттік есептің нақты мәліметтері мен жоспарды экономикалық талдау негізінде олар жауапкершілік орталықтарының қызмет нәтижелерін өлшеуіне;
- жоспарланған көрсеткіштepгe мәліметтері сәйкес келетіндігі анықтауына септігін тигізеді[68] .
- «Сыр маржаны» ЖШС - ның экономикалық сипаттамасы
«Сыр Маржаны» ЖШС 1999 жылы 9 желтоқсанда Ақтан батыр ауылында ашылды. Алғашында 2000 жылы 350 га күріш егу қолға алынып, 35 жұмысшы қызметкерлер жұмыс жасады. 2003 жылы күріш көлемі 1100 га жеткізілді. Қазіргі уақытта «Сыр Маржаны» ЖШС-де 168 адам жұмыс жасаса, олардың орташа жалақысы 42190 теңгені құрайды.
«Сыр Маржаны» ЖШС-не қарасты машина-техника тұрағындатехникалар жөндеу және басқа да қажетті қызметтер көрсетіледі.
«Сыр Маржаны» ЖШС күріш түрлерінің көптеген түрін өсірумен айналысады. «КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамымен ынтымақтастық нәтижесінде алынған ауылшаруашылық техникаларының арқасында «Сыр Маржаны» ЖШС-гі ауылшаруашылық өнімдерін егу алқабын кеңейтіп, тұрақты дамып келеді. Жыл сайын күріш, ескі жоңышқа, жаңа жоңышқа күтіп бапталып, егін жиналуда. Ауыл тұрғындарын 100 пайыз жұмыспен қамтамасыз етіп келеді.
Қоғамның толық атауы:
мемлекеттік тілде: толық атауы -«Сыр Маржаны» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қысқартылған атауы - ЖШС«Сыр Маржаны»;
орыс тілінде: толық атауы -Товарищество с органиченной ответственностью «Сыр маржаны», қысқыртылған атауы - ТОО «Сыр маржаны»;
«Сыр Маржаны» - нің қызметінің негізгі мақсаты:
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару және өңдеу және оны жүзеге асыру.
- Көтерме және жеке сату
- Құрылыс материалдарын шығару, өңдеу және оны жүзеге асыру
- Жерді өңдеу және құрылыс
- Жүк тасымалдау
- Мал шаруашылығы
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қызметтерді жүзеге асыру.
ЖШС мемлекеттік тіркеуден соң заңды тұлға қызметін атқару құқығына ие болады.
ЖШС өзінің бухгалтерлік балансы, және есеп айырсу шоты және басқа да банктік шоттары, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде өзінің атауы жазылған мөрі бар.
ЖШС өзінің атынан мәміле (келісімшарт және еңбек келісімшарттарымен) жүргізе алады, және мүліктік және мүліктік емес құқықтарына ие болып, соттта жауап беруші болып, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген сонымен қатар басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
«Сыр Маржаны» ЖШС-нің қатысушыларының құқықтары мен міндеттері:
- «Сыр Маржаны» ЖШС-нің жарғысымен, құрылтай шартымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Сыр Маржаны»ЖШС-нің істерін басқаруға қатысуға,
- «Сыр Маржаны»ЖШС-нің филиалы қызметі туралы ақпарат алуға, бухгалтерлік және басқа құжатнамамаен танысуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына және қатысушыларының Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес «Сыр Маржаны»ЖШС-нің жарғылық капиталындағы үлесіне сәйкес «Сыр Маржаны» ЖШС-нің қызметінен кіріс алуға;
- «Сыр Маржаны» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы өзіне тиесілі үлесті (үлесінің бір бөлігін) сатуға немесе басқаша шеттетуге (соның ішінде кепілге алуға) ;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте үлесін шеттету арқылы «Сыр Маржаны» ЖШС-не қатысуын тоқтатуға.
«Сыр Маржаны» ЖШС-нің қатысушылары міндетті:
- «Сыр Маржаны» ЖШС-нің құрылтай шартымен және жарғымен қарастырылған тәртіпте, мөлшерлерде және мерзімдерде Серіктесстіктің жарғылық капиталына салымдар енгізуге;
- «Сыр Маржаны» ЖШС-нің құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
- Құрылтайшартының талаптары мен «Сыр Маржаны» ЖШС-нің жоғарғы басқару органдарының шешімдерін орындауға;
- «Сыр Маржаны» ЖШС-нің коммерциялық құпия деп жарияланған мәліметтерді таратпауға;
«Сыр Маржаны» ЖШС-нің басқару құрылымы:
ЖШС-нің басты органы болып оның қатысушысы табылады.
Қатысушының ерекше құзіретіне жататындарға:
ЖШС-тің жарғысының оның ішінде жарғылық капиталдың мөлшерінің өзгерісіне.
ЖШС-тің атқарушы органдарының пікірін және құрылуына
Жылдық есеп және бухгалтерлік балансын және шығыстар мен табыстарды орналастыруға
ЖШС Директоры:
- ЖШС-тің нағыз жарғысында көрсетілген талаптарға сәйкес мүлкіне иелік етіп оның капиталын бөлу құқығы бар.
- Серіктестіктің құрылымын төлем жүйесін және жұмысшылардың санын бекітеді.
- Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс режимін құрастырады.
- Серіктестіктің ағымдағы қызметімен байланысты және басқа да сұрақтарды шешеді.
«Сыр Маржаны» ЖШС-нің қолданыстағы Есеп саясаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жасалып, жеке болып табылатын кәсіпорындарға Қазақстан Республикасының 28 ақпан 2007 жылғы №234-111 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz