Шығыс Қазақстан облысы



Кіріспе

1.Шығыс Қазақстан облысы

2.Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің жай.күйіне баға
беру.
2.1. Шығыс Қазақстандағы туризм инфрақұрылымы

3. Шығыс Қазақстан облысының туристік саласын дамытудың 2006.2008 жылдарға арналғ ан өңірлік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары

4.Туристік сала даму бағдарламасы

Қорытынды
Шығыс Қазақстан Алтайдың оңтүстік-батыс бөлігін, Зайсан қазан шұңқырын, Қалба таулы қыратын, Cауыр-Тарбағатай жоталарын, Ертіс маңы жазығын және Қазақтың ұсақ шоқысының шығыс бөлігін басып жатыр.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының ауданы 283,3 мың шаршы км. құрайды.Облыс солтүстіктен оңтүстікке 800 км (51°38' -45°32' се) және батыстан шығысқа 600 км (7б°4б' - 81°21`шұ) созылып жатыр. Бұл аймақта Болгария, Греция және Албания атты үш Еуропалық мемлекет сыйып кетеді.Шығыс Қазақстан солтүстігінде Ресеймен шекараласады, шығыста Қытай Халық Республикасы біздің көрші болып келеді, оңтүстікте-Алматы, батыста-Павлодар және Қарағанды облыстарымен шектеседі. Өскемен қаласы облыс орталығы болып табылады. Облыс бесінші сағаттық белдеуде орналасқан (Мәскеу-екіншіде).
Өзіндік табиғи-рекреациялық ерекшелігі мен ресурстардың кешенді шоғырлануы, тереңнен тамыр алатын тарихы мен мәдениетінің мәнділігі осы аймақты Қазақстан Републикасындағы туристік потенциалы жоғарғы негізгі аймақтардың бірі ретінде қарастыруға негіз болады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
 

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География факультеті

Реферат
Шығыс Қазақстан облысы

Орындаған: Мукашев Ж
Қабылдаған: Жылқыбаева М.І.

Алматы 2009
Мазмұны

 Кіріспе

1.Шығыс Қазақстан облысы

2.Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің жай-күйіне баға
беру.
2.1. Шығыс Қазақстандағы туризм инфрақұрылымы

3. Шығыс Қазақстан облысының туристік саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналғ ан өңірлік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары

4.Туристік сала даму бағдарламасы

Қорытынды
Кіріспе

Шығыс Қазақстан Алтайдың оңтүстік-батыс бөлігін, Зайсан қазан шұңқырын, Қалба таулы қыратын, Cауыр-Тарбағатай жоталарын, Ертіс маңы жазығын және Қазақтың ұсақ шоқысының шығыс бөлігін басып жатыр.
  Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының ауданы 283,3 мың шаршы км. құрайды.Облыс солтүстіктен оңтүстікке 800 км (51°38' -45°32' се) және батыстан шығысқа 600 км (7б°4б' - 81°21`шұ) созылып жатыр. Бұл аймақта Болгария, Греция және Албания атты үш Еуропалық мемлекет сыйып кетеді.Шығыс Қазақстан солтүстігінде Ресеймен шекараласады, шығыста Қытай Халық Республикасы біздің көрші болып келеді, оңтүстікте-Алматы, батыста-Павлодар және Қарағанды облыстарымен шектеседі. Өскемен қаласы облыс орталығы болып табылады. Облыс бесінші сағаттық белдеуде орналасқан (Мәскеу-екіншіде).
Өзіндік табиғи-рекреациялық ерекшелігі мен ресурстардың кешенді шоғырлануы, тереңнен тамыр алатын тарихы мен мәдениетінің мәнділігі осы аймақты Қазақстан Републикасындағы туристік потенциалы жоғарғы негізгі аймақтардың бірі ретінде қарастыруға негіз болады.

 
.

1.Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының географиялық ерекшелігі (бірегейлігі) ол ең үлкен Еуразия континентінің тереңі, оның орталық бөлігінде, Батыс Сібір, Орта Азия және Қазақстан - ұлы жазықтарының шекарасында орналасқан.Табиғи жағдайы және ресурстарының алуан түрлілігі оның шаруашылық дамуына қолайлы. Шығыс Қазақстан Ертіс және Обь ұлы су жолдарының қиылысында жатыр, республикамыздың көрші облыстарының маңызды темір жол және автомобильді магистральдарымен, шаруашылық және мәдениетке қатысты дамыған мемлекеттермен байланысты.
 
Шығыс Қазақстан жерінің табиғаты алуан түрлі және көп жағынан бірегейлі. Контрасттылық - басты ерекшелігінің бірі. Бедер амплитудасы теңіз деңгейінен 145 м.- 4500 м. (Мұзтау 4506м.) аралығына дейін түрленеді.
 
Шығыс Қазақстан аймағында өсімдіктердің, топырақтың, климаттың вертикалды белдеу заңдылығы айқын көрінеді.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи кешені және оның құрамдас бөлігі, мәдени-тарихи ескеркіштері өзінің туристік мүмкіншілігі жөнінде бірегей. Географиялық және саяси ерекшелігіне байланысты ол экологиялық таза қалпын сақтап қалды. Шығыс Қазақстан аумағы шөлдерімен, даласымен, тайгасымен, тауларымен, өзендерімен, көлдерімен табиғи ландшафтар спектрімен бай.
Облыстың отыз сегіз туристік фималары облыс тұрғындарына, сондай-ақ жақын және алыс шет елдер туристеріне маршруттар ұсына алады.
Альпинистер мен тау туристеріне Белуха тауына саяхат ұсынылады. Туризмді дамыту жөніндегі негізгі бағыттар: экологиялық туризм, панта емі, саноториялық, қорықтарда болу (экосоқпағы), ауыл үлгісіндегі демалыс, альптурлар, рафтингтер, арнайы турлар: геологиялық, археологиялық, орнитологиялық.
Катонқарағай ауданында туристарға радон ваннасын қабылдаумен денсаулық курсын ұсынатын Рахман көздері санаториясы, Долина царей пантамен емдеу демалыс базасы орналасқан.
Зайсан ауданында туризмнің мына бағыттары әзірленген: шоп-турлар (Қытай), балық аулау туры, этнотурлар және маршруттар: сауыр тауларын, Сауыр және Тарбағатай жоталарының тау етектерін суретке түсіру; аңшылық турлар: Қасқыр аулау, Марал- тау ешкісі құрама аңшылығы, Зайсантохты.
Сондай-ақ Алакөл көлінде демалыс базасы, АСА, Өскементурист, Алтай Изумрудный туристік фирмаларына қарайтын Бұқтырма жағалауында туристік базалар, Риддер қаласының шетінде орналасқан Климовка, Белая Уба, Громотуха демалс базалары жұмыс істейді.
Семей өңіріндегі бай тарихи- мәдени мұраны танымдылық, ғылыми және этникалық туризм ретінде қарауға болады.
Туризм саласында туристік рыногқа халықаралық деңгейде қыйсындастырылған бәсекеге қабілетті туристік қызметтер әзірлеп енгізу, сондай-ақ бәсекелестік ортаны құру үшін туристік қызметтерді сертификаттау және стандарттау жөніндегі шараларды іске асыру қажет. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімге сәйкес сауда қызметін дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 1 наурызынан Қазақстан Республикасы азаматтарының бір күндік визасыз ҚХР болулары үшін Майқапшағай- Жеменей шекаралық сауда орталығы жұмыс істей бастады. Оның ашылуы Қытайдың шекаралық өңірлерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жәрдем етеді, сондай-ақ тұтасымен облыс экономикасын дамытуға маңызды ықпал етеді. Біздің ойымызша шекаралық сауда орталығындағы ассортимент және баға біздің рыногымызда бағаның арзандауына ықпалын тигізеді. Бұдан басқа, келісіммен Қытай рыногында қазақстан тауар өндірушілерінің өнімдерін жеңілдіктермен сату көзделген, бұл біздің облыс , әсіресе шекаралық өңірлер үшін өте маңызды.

2.Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің жай-күйіне баға
беру.

Шығыс Қазақстан облысы ішкі және сырттан келушілер туризмін дамыту үшін қажетті ресурстарға ие. Бүгінгі күні өңір:
Экономиканың дамуының жоғары қарқыны;
Инвестициялық тартымдылық:
Тиімді геосаяси және жағрафиялық жағдайы;
Көліктік қолжетімділік;
Ойын-сауық индустриясы;
Жағымды табиғи-климаттық жағдайлар;
Бай тарихи және мәдени мұра;
Ғасырлық қонақжайлық салт-дәстүр;
Туристік индустрияның кәсіби кадрларын дайындайтын білім беру
мекемелерінің болуымен сипатталады.
Облыстың бар туристік әлеуетін бірегей ету экологиялық, мәдени-танымдық, жағажай, тау-шаңғы және іскерлік туризмді дамыту болып табылады, ол ұзақ мерзімді келешекте қазақстандық және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті кешенді туристік өнімді қамтамасыз етеді. Мұндай өнімді жасау негізінде қолайлы климаттық жағдай, су, бальнеологиялық ресурстарының болуы, бай ландшафтты-рекреациялық әлеует, сонымен қатар өзіндік тарихи-мәдени мұра, халықаралық маңызы бар бірегей мұражайлық кешендердің болуы жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында мәдени-танымдық туризмнің өзегін қалыптастыратын тарихи, мәдени ескерткіштер және тарихи-мәдени мұражай-қорықтар (2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 627 сәулет, тарихи және мәдени ескерткіш, соның ішінде 15 – республикалық маңызы бар мемлекеттік қорғауға алынған) бар.
Шығыс Қазақстан облысының негізгі танымал туристік, рекреациялық аймақтары: Солтүстік-Шығыс (Белуха), Шығыс (Марқакөл көлі), Орталық (Өскемен қаласы, Бұқтырма жағалауы), Солтүстік (Риддер қаласы), Батыс (Семей қаласы), Оңтүстік (Алакөл көлі) болып табылады.
Бұл аумақтарда ТМД ғана емес, алыс шетелдердің көптеген туристерін тартатын Оңтүстік Алтайдың негізгі табиғи ескерткіштері шоғырланған.
Облыс аумағында жалпы көлемі 1784536 гектар 10 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар, оның 50811 гектар алаңында суқоймалары бар, 641258 гектар жерді орман басып жатыр.
Туризмнің дамуына кедергі келтіретін проблемаларды шешуге жүйелі және кешенді көзқарас болған жағдайда ғана қолда бар әлеуетті іске асыру мүмкіндігі туады.

Облыс өзінің туристік мүмкіншіліктері бойынша бірегейлі. Бірақ та сонымен бірге ол жетілмеген, бұл саланың әлеулеттік мүмкіншіліктері бүгінгі күні тек 10- 15 % ғана пайдаланылады, осыған байланысты белгілі бір түзетулер енгізуді талап етеді. Қазіргі уақытта бұл саланы дамытудың өңірлік бағдарламасы жасалып, бекітілген, соңынан оларда құрылыстандырудың бас жобасын жасау үшін демалыс аймақтарына тексеру жүргізілуде. Белуха тауына, Марқакөл, Зайсан көлдеріне, табиғи емдеу- сауықтыру көздеріне, қорықтарға және басқа да бар туристік маршруттарды дамыта отырып, жаңа маршруттар ашу ойластырылуда.
2006 жылғы сәуір айының 20- 22 аралығында Новосібір қаласында Халықаралық көрме өткізілді. Көрмеге Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры А.И. Провкин, туризмді дамыту жөніндегі бөлім бастығы Т.В. Снегирева және Туризм империясы ЖШС қызметкерлері қатысты. Бұл Сібірдегі ірі көрмелердің бірі, ал Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы шекаралық ынтымақтастыққа байланысты бұл форумға қатысу бірге өзіміздің туристік өнімдерімізді ұсынуға және жаңа қарым-қатынастар орнатуға өте жақсы мүмкіндіктер береді.
Турсиб көрмесін жақын және алыс шетелдердің мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен, туроператорлармен кездесіп, келіссөздер жүргізуге қолайлы орын.
Көрме шеңберінде облыс мамандары көрменің ресми ашылуырәсіміне, РФ туризм жөніндегі Агентігінің және Новосібір облысының қызметкерлерімен баспасөз конференциясына, Сібірдің инвестициялық әлеуеті конферециясына және жетекші туроператорлардың тұсау кесерлеріне қатысты.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті 6 шарты метр алаңға көрме стендін жайғастырды, оған полиграфиялық және бейнематериал түрінде жарнамалық өнімдер, облыстың ділін уағыздайтын сыйлық өнімдер қойылды, дискілер арқылы ШҚО туристік әлеуеті бағдарламасының тұсаукесері көрсетілдірі.
Шығыс Қазақстан туристік қызметтің барлық спектрін ұсынды: тренингтер, рафтингтер, велосипедтік және ат турларын, балық аулау, альптурлар және сауықтыру қызметтері: қонақ үйлерінде және демалыс базаларында, пантаемі, санаториялық- курорттық емделу, балалардың демалыс лагерлері, пляждық туризм.

2.1. Шығыс Қазақстандағы туризм инфрақұрылымы

Облыс бойынша туристік инфрақұрылым объектілерінің саны мынадай деректермен ұсынылған:
2006 жылы облыс аумағында 83 мейманхана, 45 турбаза, 35 санаторлық-сауықтыру объектісі, 5 демалыс үйі, 1 балалар спорттық-сауықтыру лагері, 33 демалыс аймағы, 22 кемпинг болды.
Облыста туризм инфрақұрылымын дамыту өз қаражаты есебінен, кредит алу және инвестицияларды тарту есебінен болуда. Бюджеттен тыс игерілген қаражат:
туристік объектілерді салуға – 22 607,0 мың теңге;
туристік объектілерді қайта жаңғыртуға – 80 650,0 мың теңге;
туристік объектілерді күрделі жөндеуге – 20 656,0 мың теңге;
туристік объектілерді ағымдағы жөндеуге – 81 820,0 мың теңге;
материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 36 292,0 мың теңге.
Рахман қайнарлары санаторийінде, Долина царей демалыс
базасында, Климовка демалыс базасында, Громотуха демалыс базасында жаңа объектілер іске қосылған. 46 туристік объект қайта жаңғыртылып, күрделі жөндеу жүргізілді.
2007 жылы облыс аумағында 103 мейманхана, 50 турбаза, 34 санаторлық-сауықтыру объектісі, 5 демалыс үй, 1 балалар спорттық-сауықтыру лагері, 34 демалыс аймағы, 14 кемпинг болды.
бюджеттен тыс игерілген қаражат:
туристік объектілерді салуға – 141 325,0 мың теңге;
туристік объектілерді қайта жаңғыртуға – 91 974,0 мың теңге;
туристік объектілерді күрделі жөндеуге – 118 437,0 мың теңге;
туристік объектілерді ағымдағы жөндеуге – 19 050,0 мың теңге;
материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 127 782,0 мың теңге,
соның ішінде Климовка демалыс базасында, Нұртау демалыс базасы, Алтай Альпілері демалыс базасында, Изумрудный сауықтыру кешенінде, Көгілдір бұғаз демалыс үйінде, Рахман қайнарлары санаторийінде, Катонқарағай бұғы паркі шаруа қожалығындағы Шығыс Қазақстан пантымен емдеу орталығында, Аюда демалыс базасында.
2008 жылғы 9 айда игерілген бюджеттен тыс қаражат:
туристік объектілерді салуға – 80 4874,5 мың теңге;
объектілерді қайта жаңғыртуға – 6 150,0 мың теңге;
туристік объектілерді күрделі жөндеуге – 348,0 мың теңге
туристік объектілерді ағымдағы жөндеуге – 1 914,0 мың теңге,
материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 26 197,6 мың теңге
игерілді, соның ішінде Шүлбі су қоймасы, Климовка демалыс базасында, Нұртау демалыс базасында, Изумрудный сауықтыру кешенінде, Алтай альпілері демалыс базасында, Порт Фортуна мейманханалық кешенінде, Рахман қайнарлары санаторийінде, Катонқарағай бұғы паркі шаруа қожалығының Шығыс Қазақстан пантымен емдеу орталығында, Аюда демалыс базасында, Кедровка демалыс базасында, АҚСУ емдеу-сауықтыру кешенінде.
Бірақ мейманханаларды, пансионаттарды, демалыс базалары мен үйлерін, сонымен қатар санаторлық-курорттық мекемелерді қосқанда орналастыру объектілерінің материалдық базасы моральдік және табиғи тозудың жоғары дәрежесімен сипатталады.
Әуе көлігі саласында
Сонымен қатар, халықаралық және ішкі туризмнің дамуына әсер ететін
негізгі факторлардың бірі жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау болып табылады. Қазіргі уақытта бес әуекомпаниясының (Air Astana, SСAT, Сибирь, Тулпар Авиасервис, ГТРК Россия) халықаралық Мәскеу, Санкт-Петербург, Баян-Өлгей, Астана, Алматы, Қарағанды ішкі бағыттары бойынша жүйелі рейстер бар. 2007 жылы Семей, Зайсан қалаларына, Үржар, Күршім, Катон ауылдарына ұшатын әуе рейстері ашылды. 2007 жылы әуе көлігінің қызметтерін 131 468 000 турист пайдаланды, оның ішінде 15 454 адам халықаралық, 51 330 адам ішкі әуе желілерімен, 15 142 адам халықаралық, 49 542 адам ішкі әуе желілерімен келді.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында халықаралық әуемен тасымалдауға рұқсат алған әуеайлақтары Өскемен және Семей қалаларында орналасқан. Келушілерді тіркеу сапасы мен мерзімдерін қысқарту мақсатында Өскемен қаласының әуеайлағында қайта жоспарлау жүргізілді, шекаралық және кедендік бақылаудан өтудің технологиялық сұлбасы өзгертілді, шекаралық кабиналар ауыстырылды, кедендік жасыл дәліз ресімделді.
Дегенмен, жалпы әуе көлігін пайдалану арқылы іске асатын сапарлардың санын арттыру үшін жолаушылар тасымалының жағрафиясын кеңейту, әуепаркін жаңарту, баға және тариф саясатын белгілеу, қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.
Теміржол көлігі саласында
Соңғы жылдары теміржол көлігі билет құнының қолжетімділігіне байланысты халықтың негізгі жол жүру құралы болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысы аумағы бойынша Өскемен-Лениногорск, Өскемен-Зырян, Защита-Серебрянск 3 жолаушылар пойызы бағдары өтеді. Сонымен қатар Мәскеу, Барнаул, Бийск, Новосібір қалаларына ТМД мемлекеттері қалыптастырған халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асырады.
Бұдан басқа, теміржол қатынасын дамыту мақсатында Өскемен-Шар стансасы теміржол тармағының құрылысы аяқталды, 2008 жылдың соңына дейін тасымалды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. 
Жолаушылар тасымалы акционерлік қоғамының пойыздарындағы қызмет көрсету деңгейі халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. Вагон паркінің әбден тозуы және біршама бөлігінің ұзақ уақыт пайдаланылуы, оларды ауыстыру немесе қайта жаңғырту қажеттілігі жолаушылар тасымалының өзін-өзі ақтамайтындығымен, оларды субсидиялаудың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатындығымен түсіндіріледі.

3. Шығыс Қазақстан облысының туристік саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары

Сырттан келушiлер туризмi жјне iшкi туризм кґлемiн арттыру есебiнен мемлекет пен халыќ табысының тўраќты ґсуiн, халыќты жўмыспен ќамтуды ќамтамасыз ету їшiн бјсекеге ќабiлеттi туристiк индустрия ќўру мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 18 қазандағы № 13184-ІІІ шешімімен Шығыс Қазақстан облысының Туристік саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілген.
Шығыс Қазақстан облысының Туристік саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жоспарында Шығыс Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық саясатты жетілдіру, туризм саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер қарастырылған.
Бағдарламаны іске асыру мақсатында Саяхат-Восток ЖШС құру туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 7 қарашадағы № 367 қаулысы, Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту мәселелері жөнінде комиссия құру туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 тамыздағы № 126 қаулысы, Экономиканың басым салаларын кластерлік дамыту жөніндегі жұмыс топтарын құру туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2005 жылғы 17 тамыздағы № 1-40ө өкімі, Өскемен және Семей қалаларының маңындағы және облыс аудандарында берілген жерлер және жер учаскелерін түгендеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы 2008 жылғы 31 наурыздағы өкімі, Жер қойнауын пайдалануға жер учаскелерін беру туралы мәселелерді қарастыру жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 10 сәуірдегі № 22361 шешімі қабылданды, Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің арасында Катонқарағай бұғы паркі шаруа қожалығының базасында Шығыс Қазақстан облысында емдеу-сауықтыру туризмін дамыту мәселелері жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Туризмнің қарышты және орнықты дамуын облыстың сырттан келушілер және ішкі туризм көлемдерінің өсу қарқыны дәлелдейді:

Жыл
Туристік фирма
лардың саны
Резидент емес туристердің саны (адам)
Резидент туристердің саны (адам)
Ішкі туристердің саны (адам)
Көрсетілген қызмет көлемі (мың теңге)
2006
72
10 781
9 083
196 798
974 490,4
2007
92
14 814
11 571
276 451
1 499 000,0
2008 жылдың
І-жарты
жылды
ғы
101
7 094
3 970
106 785
767 000,0

Бұл ретте туристік имиджді қалыптастыруға және туристік өнімді әлемдік туристік қызметтер нарығына ілгерілетуге ерекше көңіл бөлінді: 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қазақстанның ресми делегациясының құрамында Берлин (ГФР), Мадрид (Испания), Утрехт (Голландия), Лондон (Ұлыбритания), Шанхай (ҚХР), Пекин (ҚХР), Сеул (Корея), Токио (Жапония), Мәскеу (РФ), Новосібір (РФ), Алматы KITF (ҚР), Астана Астана-Демалыс (ҚР) қалаларында өткізілген ірі халықаралық туристік биржалар, көрмелер мен жәрмеңкелерге жыл сайынғы қатысуы қамтамасыз етілуде.
Шығыс Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру мақсатында туристік индустрия субъектілерімен бірлесіп, бұқаралық, облыстық, имидждік, туристік іс-шаралар өткізілді.
Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуеті туралы шығарылатын жарнамалық-көрмелік материалдардың сапасы артуда. Шетелде Қазақстанның туристік мүмкіндіктеріне тұсаукесер өткізу үшін үш өлшемді интерактив қарта негізінде тұсаукесерлік бағдарламалар, жаңа компьютерлік технологиялардың көмегімен Шығыс Қазақстан облысының виртуалдық турлары бағдарламасы, туристік паспорт, жолнұсқалар, қарталар, буклеттер мен қағаз және электрондық нұсқадағы басқа да жарнамалық-ақпараттық өнімдер шығарылды. Сонымен қатар, облыста туристік саланы дамыту үшін бірқатар бағдарламалар, шекаралас мемлекеттердің (Қазақстан, Ресей, Қытай, Монғолия) аумағынан өтетін Алтай – алтын таулар трансшекаралық бағдардың қазақстандық бөлігі. Трансшекаралық бағдардың мақсаты төрт мемлекеттің мәдениетімен, салт-дәстүрімен, тарихымен, табиғатымен танысу, Өскемен қаласының тұрғындарына арналған демалыс күн аймақтарын құру жөніндегі пилоттық жоба, блоктар бойынша Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың қазіргі жай-күйі мен болашағының бағдарламасы әзірленді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының туризмі туралы Web-сайт құрылған.
Туристік сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында туристік сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, жаяу және су туризмінің нұсқаушыларын дайындау және туризм нұсқаушыларын дайындау жөніндегі оқыту семинарларын өткізу қамтамасыз етілді.
Бүгінгі күні Қазақстанда туризмнің қолданыстағы барлық түрлері іс жүзінде бар. Туристік кластерді дамыту аясында облыста туристік кластер түрлері айқындалған:
өңір ландшафтын пайдаланатын экологиялық туризм;
қазіргі бар тарихи-археологиялық әлеует пен мәдени мұраны ашып көрсетуге бағытталған мәдени-танымдық туризм;
жағажай туризмі.
Туристік қызметтердің негізгі жеткізушілері туристік ұйымдар болып табылады, олар - туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар 99 туристік ұйым мен жеке кәсіпкерлер және 16 туризм нұсқаушылары. Туристік ұйымдардың көбін әлемнің көптеген мемлекеттерінде инновацияға негізделген, экономикалық өсімнің тиімді генераторы болып табылатын шағын және орта кәсіпорындар құрайды.
2006 жылы туристік қызметке жүргізілген статистикалық зерттеулер қорытындысының деректері бойынша облыс аумағында 39 туристік ұйым және 2 жеке кәсіпкер болды. Орналастыру орындарын есепке ала отырып, көрсетілген туристік қызметтердің көлемі 39 615,7 мың теңгені, сырттан келушілер туризмі 10 781 адамды құрады, сыртқа шыққан туристердің саны 9 083 адамды құрады, ішкі туризмге қатысқандардың саны – 196 798 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1990 жылдан бастап Қазақстанның әкімшілік-аймақтық даму тарихы
Инвестициялық тартымдылық
Қазақстанның экономикалық аудандары
Шығыс Қазақстан облысының туризм орындары
Сарыарқа өңіріне тән оронимдер және орографиялық терминдер
Тәжірибеден өту базасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар Ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Қазығүрт ауданының агроландшафттары
Қазақстан Республикасының инвестициялары
Шығыс Қазақстан облысы туралы мағлұмат
Қазақстандағы қорықтар
Пәндер