Қазақстандағы туристік кешендер


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ . . . 5

1. 1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы . . . 5

1. 2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын талдау . . . 12

2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР . . . 17

2. 1 Дүниежүзіндегі таңғажайып отельдердің жіктелуі . . . 17

2. 2 Дүниежүзіндегі таңғажайып отельдерге сипаттама . . . 19

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ ТУРИСТІК КЕШЕНДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 37

3. 1 «Жаңа Іле» туристік кешені мен «Ақтау Сити» туристік кешендеріне сипаттама . . . 37

3. 2 Қазақстан аумағында ерекше отельдерді салу ықтималдылығы . . . 41

3. 3 Қазақстанда экологиялық отельді салудың тиімділігі . . . 50

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61


КІРІСПЕ

Қазақстанға туристерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақ үй инфрақұрылымын қолға алу керек. Еліміз дамудың нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қарым-қатынасын нығайтуы қажет. Бүгінгі күні елімізде қонақ үй өмірі біршама тірілді. Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып жатыр. Қонақтарды орналастыру туризмнің негізгі элементтерінің бірі. Қонақ үй индустриясы - қонақжайлылықтың негізі болып табылады. Ол ертеден келе жатқан адамзат тарихындағы қонақты күту, қабылдау мен қызмет көрсету салтанаты сияқты қалыптасқан тұрмыс-салт мәселелерінен бастау алады. Қазіргі таңда қонақ күту индустриясы - қуатты аймақтық шаруашылық жүйесі немесе туризм экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын туристік орталық ретінде қызмет жасайды.

Орналастыру - саяхаттау кезінде туристерге қызметтің кешенді түрін ұсынатын негізгі қызметтің басты бөлігі. Орналастыру құралдары туристік салада істейтін қызметкерлердің 65%, туристерден түскен үлестің 68% құрайды. Жалпы қонақ үй шаруашылығын туристік нарықтан бөлек қарастыруға болмайды. Себебі біздің мемлекеттің туристік нарық жүйесі аздап ақсауда. Соңғы мәліметтер бойынша біздің мемлекеттен шетелге шығушы туристер саны 45, 8 % пайыз, ал келетін туристер саны 37, 9 % пайыз. Қазіргі кезде дамыған және дамушы мемлекеттердің өзі бұл салаға қызығушылық танытуда, себебі бұл индустрия саласы шетел валютасынның қайнар көзі болып табылады. Осы индустрияның көзін табушы байлық, бақыт, бедел иесі бола алады.

Туристік қонақ үй типіндегі қонақ үйлерді таңдап алу бірнеше факторларға байланысты. Олар функционалды және экономикалық, архитектуралық шарттарға тікелей байланысты. Архитектуралық-болжамдалған туристік қонақ үй туристерді мынадай шарттармен қамтамасыз етуі керек:

  • жоғары дәрежелі қызмет;
  • туристердің барлық контингентіне шарттарға байланысты жағдай жасау;
  • қызмет түрінің жүйелілігі;
  • қызмет көрсетуге, тамақтандыруға, спорттық қызмет көрсетуге кеткен минималды шығындар;
  • құрылысқа және сол құрылысты жүргізуге жіберілген шығындар.

Ішкі және сыртқы туризм саласында қонақ үй қызметі туризмдегі қызмет көрсететін әлемдік бизнесі жүйесімен бәсекелес, Қазақстандағы туризм дамуының болашағын айқындайтын шешуші факторлардың бірі. Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Қазіргі таңда әлемде туризмге түсетін табыс таңғажайып отельдердің есебінен ұлғайып келеді. Таңғажайып отельдерге орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) өзге отельдерден ерекшеленіп отыратын отельдер жатады. Олардың пайда болу тарихы әр түрлі, ал себебі бір - ең ұшқыр ойлы энтузиасттар мен демалыстарын өткізу барысында шытырманды оқиғаларға толы сезімдер мен бойларын қызуқандық билейтін туристердің талпынысы әлемге осындай таңғажайып отельдерді әакелді. Олардың саны күн санап артып келеді.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Қазақстанның туризм нарығына қонақ үй бизнесінде “жаңа толқындағы” ерекше туристік өнімін ұсына отырып, елімізде жаңа бағыттағы ерекше экологиялық, яғни, «жасыл отель» түрін жетілдіру тұжырымдамасын айқындау. Мұндай отельдердің туристерге де, оны салушы тарап үшін де аса үнемді әрі денсаулыққа пайдалы екендігін дәлелдеу. Қонақ үй шаруашылығының дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен мөлшерде зиянын тигізеді. Ал, жұмыста ұсынылып отырған «жасыл отель», керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілуін талап етеді, осыдан қонақ үй мекемелері қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді. Қазіргі таңда әлемнің ең озық 20 елі экологиялық отельдерді салуға көп көңіл бөлуде, ол үшін арнайы бағдарламалар мен стандарттар да бекітілген.

Осы дипломдық жұмыстың басты мақсаты әлемдегі таңғажайып отельдерге талдау жасай отырып, олардың Қазақстанда пайда болу ықтималдылығын көрсету, тұжырымдамасын ұсыну. Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын қалыптастыру және дамыту мәселелерін қарастыру, қонақ үйдің өз тексерілген аспектілерінің мүмкіндіктерін ашу және әлемдік қонақ үй шаруашылығына ену болашағын зерттеу.

Зерттеу пәні: Әлемдік және қазақстандық қонақ үй шаруашылығы мен дүниежүзіндегі таңғажайып отельдер.

Зерттеу нысаны: Туризмнің құрамдас бөлігі болып саналатын қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы мен болашағы.

Зерттеу міндеті:

  • әлемдегі таңғажайып отельдердің сипаттарын қарастыру;
  • еліміздегі салуға мүмкіншілік беретін жерлерді қарастыру;
  • салуға болатын таңғажайып отель түрлерін анықтау;
  • оның географиялық тұрғыдан тиімділігін көрсету: жер бедері, климаты, экологиялық жағдайы
  • оның экономикалық жағынан тиімділігін көрсету.

Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін туризм саласындағы шетелдік, отандық зерттеушілердің еңбектері, статистикалық мәліметтер, қонақ үй әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, интернет сайттары және басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.


1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

1. 1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы

Алғашқы қонақ үйлер (керуен-сарай) ежелгі шығыс өркениетінде біздің заманымызға дейін екі мың жыл бұрын пайда болған. Ежелгі Греция мен Римде саудагерлер, әртістер, қажылар және саяхаттаушыларға арнап таверналар мен хоспитеумдар кең тарала бастады. Негізінде олар ат аялдайтын орындар мен екі қабатты ғимараттан тұрған, оның бірінші қабатында таверна, екінші қабатында жатын бөлмелер орналасты. Уақыт өте келе бұл негізгі қызметтер кешеніне саяхаттаушылар үшін театр қойылымдары өтетін ашық және жабық галереялар қосылды. Ерте ортағасырларда саяхаттар қауіпті бола бастайды. Бұл кезеңде саяхаттар діни ағым сипатына бағытталды: әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар әулиелі жерлерге қажылық сапарға аттанып отырды. Орналастыру және тамақтандыру (әдетте тегін) қызметтері ғибадатханаларда көрсетілді [1] .

Екі жүз жылға созылған крест жорықтары кезеңінде Иерусалимға саяхаттаушылардың саны күн санап арта түсті. Бұл жағдай алдымен Италияда, көп ұзамай басқа елдерде де кәсіби қонақ үй бизнесінің пайда болуына әкелді. Қонақ үй шаруашылығындағы келесі байқалатын кезең поштамен және көліктік торлармен тікелей байланысты. Пошта трассалары бойында қазіргі мотельдерге ұқсас орналастыру орындары бой тізді. Қазіргі мотельдерден олардың айырмашылығы - олар жергілікті халық үшін ойын-сауықтыру орталығы қызметін атқарды, әсіресе, азарт ойындарының рөлі зор болды (дартс, домино, бильярд, тауықтар күресі) .

Отель сөзі ежелгі римдік хоспитеумнің латын түбірінен XVIII ғасырда пайда болды. Қонақ үйді техникалық қамтамасыздандыру отаны АҚШ болып табылады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін сансыз көп иммигранттар ағымы елде қонақ үй бизнесінің қарқынды дамуына әкелді. АҚШ-тағы отель бизнесінің қарқынды дамуына әсер еткен екінші себеп - басқа еуропалық елдерге қарағанда онда әр түрлі балдар, би кештері, тағы басқа қоғамдық іс-шараларды өткізуге болатын аристократтық сарайлар болған жоқ. Ал, қонақ үйлер дәл осындай сипаттағы іс-шараларды өткізетін орын болып саналды. Ол үшін арнайы залдар салынды. Қонақ үй залдарында билеу дәстүрі АҚШ қалаларында XX ғасырдың 50 жылдарына дейін жалғасып келді. Қонақ үй бизнесі АҚШ-та ұзақ уақыт бойы әйгілі болып келді. Оның айқын көрінісі ретінде АҚШ президенттері Джордж Вашингтон мен Авраам Линкольнның таверна иелері болғанын атап өтсе де жеткілікті.

Қазіргі таңдағы есікте құлпы бар бір және екі орынды номерлер, номердегі ванна мен алғашқы лифттер АҚШ-та 1829 жылы пайда болған. XIX ғасырдың ортасында алғашқы орталық жылуы бар отель қызмет атқара бастады. Бұл салада Статлер аянбай еңбек еткен болатын. Сондай-ақ, ол қонақ үй қызметкерлеріне униформа енгізді. Ал, Еуропадағы қонақ үй бизнесінің дамуына зор үлес қосқан тұлғалардың қатарына швейцарлық Цезарь Ритцті жатқызамыз. Қазіргі уақытта оның есімімен ең танымал әрі ең қымбат еуропалық қонақ үй торларының бірі аталып келеді. Алайда, Ритц өмір бойында ешқандай отельді иеленбеген болатын, тек жай ғана жалданбалы басқарушы болып келді (Лондондағы “Savoy” отелінде) . Ритц мейрамханада оркестрдің пайда болуына бірқатар септігін тигізді. Оның кезінде оркестр Штраустың әуендерін орындайтын. XIX ғасырдың аяғы-XX ғасырдың басында Еуропа мен Америкада қалталы адамдарға арналған бес жұлдызды қонақ үйлер пайда болды.

Қазіргі таңда әлем бойынша мотельдерді қосқанда 300 мыңнан астам қонақ үйлер бар. Осы орайда олардың бір-бірінен қатты ерекшеленетінін де атап өткен жөн: бір қабатты отельдер мен 88 қабатты отельдер, жүзбе отельдер мен су асты отельдері, шағын (бірнеше номерлерге арналған) және ауқымды (бірнеше мың номерлер) отельдер, арзан (күніне 20-30 доллар) және қымбат (күніне бірнеше мыңдаған доллар), шулы отель-казинолар мен тынығу үшін арналған тыныш отельдер.

Соғыстан кейінгі жылдары халықаралық қонақ үй торлары кең тарала бастады. Әлемдегі тұңғыш қонақ үй торы - Hilton болып табылады. Бұл мәртебеге жетуге оған американдық “Пан Американ” әуекөлік компаниясы өз септігін тигізді. Латын Америкасының елдеріне сапар шегу барысында онда американдық бизнесмендер үйреніп қалған жоғары деңгейдегі қонақ үйлердің жоқтығын байқайды. Осыдан кейін оларда жаңа бір ой туындайды: аталмыш елдерде қызмет көрсету деңгейі тура АҚШ-тағыдай отельдер салу. Мәселен, Аргентинадағы “Hilton” отелінің сервис жағынан Нью-Йорктағы “Hilton” отелінен ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс болды. Қазіргі таңда әлемде көптеген халықаралық қонақ үй торлары қызмет атқарады: Holiday Inn, Choice, Best Western, Marriott, Hilton, Sheraton, Hyatt, Carlson (Radison SAS), Accor, Club Mediterrean, Intercontinental Hotels, Horte, Robinzon Club.

Орналасқан орнына қарай отельдер орталық (қала орталығында орналасқан), курорттық (курорттық жерлерде), казино (ойын бизнесінің орталықтарының бірінде), аэровокзалдық (әуежай ауданында), автострадалық (автострадаларда) деп аталады. Жіктеменің басқа да критерийлері бар, мысалы, пайдалану жағдайына қарай: таймшер, кондоминиум, ұзақ мерзімді тұруға арналған, конференцияларды өткізуге және т. б.

Орталық қонақ үйлер қала орталығында орналасқандықтан іс-сапар және көңіл көтеру мақсатымен келген туристер үшін қолайлы. Олар фешенебелді, орташа, экономикалық, апартаментті бола алады, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Олар тұрақтау мен қызметтердің әр түрлі жағдайларын жасайды. Фешенебелді қонақ үйлердің артықшылығы: кең интерьер, ауқымды қызмет көрсету - вестибюль мен қабаттарда консьерждер, сән салоны, спорт залы, жүзу бассейні, теннис корты, билет кассасы, автомашиналарды жалға беру агенттігі, номерде тек қана даяршы ғана емес, сонымен қатар, хатшылар, жеке дәрігерлер, медбикелер қызмет көрсетеді, әр бөлмеде компьютер, факс болады. Әдетте отельдердің қарамағында фирмалық мейрамхана, кафе, бар, демалысқа арналған холдар, конференц-зал, би залы, түнгі клуб болады. Орталық қонақ үйлердің құрылысы бірқалыпты жүрмеді: инвесторлар қаражатты қонақ үй бизнесін дамытуды ынталандыруға бағытталған үкімет қаулысы шыққаннан кейін ғана салып отырды. Мәселен, 1960 жылдары қалаларды қайта жөндеу жобасын инвестициялауға арналған салық жеңілдіктері көптеген қалаларда жаңа орталық қонақ үйлерді салуға тиімді экономикалық жағдай қарастырды. Қонақ үй құрылысындағы жаңа өрлеу 1980 жылы басталды. Жаңа қонақ үйлердің пайда болуы кеңселер мен конференц-орталықтардың жаңа ғимараттары секілді «ішкі қалалардың» туындауына әкелді. Бұның мысалы ретінде Атлантадағы бостондық Copley Center мен Peachtree Plaza жатқызуға болады. Нью-Йорктік орталық отельдердің ішінен фешенебелді St. Regis Hotel, орташа Ramada Hotel, экономикалық Days Inn, апартаментті Embassy Suits атауға болады.

Курорттық қонақ үйлер темір жол көлігінің даму кезінен бастап кең тарай бастады. Қала тұрғындарының басым бөлігі бос уақыттарында экзотикалық аймақтарға баруға талпынды. Курорттық жерлерде 1900 жылдары теміржол көлігімен келген демалушыларды орналастыруды басты мақсат етіп көздеген арнайы қонақ үйлер салына бастайды. Олардың ішіндегі ең танымалдары Уайт-Сульфур-Спрингстегі (Батыс Вирджиния штаты) Greenbrier қонақ үйі, Сан-Диего қаласына жақын жердегі (Калифорния штаты) Hotel del Coronado, Хот-Спрингстегі (Вирджиния штаты) . Жартасты таулар жанындағы ғажайып өңірлердегі канадалық Banff Springs Hotel мен Chateau Lake Louise отельдері сол кезеңнің бай әрі танымал тұлғаларын өзіне тартты. Көңіл көтеру мақсатындағы саяхаттар мұхит жағажайлары мен табиғаты көркем таулы аймақтарға бағытталды. Бастапқы кезде бұл курорттар маусымдық сипатқа ие болды. Алайда, автокөліктер мен ұшақтар ең алыс аймақтарға жетуді бағындырған соң және саяхаттауға қаражаттың көпшілік адамда пайда болуына байланысты көптеген курорттар жыл бойында жұмыс істеуге көшті. Палм-Спрингстен Палм-Бичке дейін созылып жатқан «Күншуақты белдеу» курорттарға бай. Олардың кейбіреулерінде спорттық ықпалға (су шаңғысы, гольф, балық аулау), ал басқалары отбасылық демалысқа мамандандырылған. Европа, Кариб бассейнінің елдері, Мексика ауқымды түрде туристерге молынан келуіне жол ашты.

Аэровокзалды қонақ үйлердегі номерлердің толтырылуы ірі әуежайлар арқылы өтетін жолаушылар есебінен толып отырады. Олардың біріншілері онда кеш немесе ерте рейспен келгендіктен, ал екіншілері аялдау жасайтын болғандықтан тұрақтайды. Әдетте 200-600 номерден тұратын аэровокзалды қонақ үйлер толық сервисті отельге жатады. Олар қонақтарға тәулік бойы қызмет көрсетеді. Ал, арзан қонақ үйлерде қонақтарға бұл функцияны сауда автоматтары көрсетеді.

Автострададағы қонақ үйлер мен мотельдер 1950 жылдары автостраданың айқын көрінісіне айналды. Американдықтар қызуқанды автокөлік айдаушыға айналып кеткен соң оларға арзан түнейтін орын керек болды. Олар бар болғаны тіркеуден өтіп, бөлме алып, терезелерінің қасына өз машиналарын қоятын орын қажет еді. Жыл өткен сайын ыңғайлылықтың кейбір түрлері қосыла бастады: демалыс бөлмесі, мейрамханалар, жүзу бассейні, суық сусын автоматтары, ойын бөлмелері, спутниктік телевизиялық антенна. Мотельдер үлкен және кіші қалалардың шетінде немесе қалалардан шыға берісте шоғырланады.

Отель қарамағындағы казинолар 1991 жылы экономикада жаңа өрлеу басталған шақта демалыс пен көңіл көтеру өнеркәсібімен қатар тұтынушыларда ерекше сұранысқа ие болды. Бұл өнеркәсіптің қарқынды дамушы секторы болып ойын бизнесі саналды: 1993 жылы казиноның табысы 13 млн $ құрады, ал 2000 жылы ол екі есеге ұлғайды. Легализацияланған ойын бизнесі кең етекпен әр штатта жайыла бастайды. Ол 1989 жылы екі штатта ресми мойындауға санкция алса, 1993 жылы тағы 14 штатты бағындырады, 2000 жылы 30 штатта ойын үйлерін ашуға ресми рұқсат беріледі. Алғашқыда казинолар Лас-Вегас, Рено (Невада штаты), Атлантик-Сити (Нью-Джерси штаты) қалаларында шоғырланған еді. Ал, қазіргі таңда Миссисипиде қалқымалы ойын үйлері салынған. Сонымен қатар, ойын бизнесі Чикаго мен Жаңа Орлеан секілді ірі мегаполистердің аудандарында қонақ үй қарамағында казиносы бар отельдер қызмет атқарады.

Атлантик-Ситидағы казино 1991 жылы 3, 4 млрд $ таза табыс әкелді, оның есесіне ол өзге де салаларға көмек ретінде үлесін қосты. Мәселен, қалалық салық жинағына 570 млн $ пайда түсіп, 49 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Әдеттегі отельдермен салыстырғанда отель-казинолар табыстың жоғары деңгейін түсіруге бейім. Өзінің ерекшелігінің арқасында олар жоғары сыйымдылығымен сипатталады. Лас-Вегасқа 1992 жылы 21, 8 млн адам келді, олардың әрқайсысы онда орташа мөлшермен есептегенде 3, 3 тәулік болды. Осының нәтижесінде қалалық отельдердің орташа жылдық сыйымдылығы 83, 9% құрады. Отель-казинолардың басты компаниялары Promus Group пен Hilton Hotels. Promus Companies, Inc Мемфисте (Теннеси штаты) Holiday Inn сатылған соң негізі қаланды. Өз иеліктерінде сансыз көп казинолар (қалқымалы және үнді резервацияларында) болғандықтан, олар бұл саланы Невада мен Атлантик-Ситиға бағыттады. Promus Embassy Suits, Hampton Inns пен Homewood Suites франшизасын иеленетін ірі компания. Сондай-ақ, аталмыш компанияның отель-казинолармен үлкен жұмыс істеу тәжірибесі бар. Ол Лас-Вегас, Рено, Тахо көліндегі Harra's Casinos басқарады. Promus компаниясымен қатар, Hilton Hotels корпорациясы да ойын бизнесінен үлкен табыс түсіріп келеді. Конрад Хилтон 1970 жылдары казиноны қонақ үй бизнесіндегі ең табысты сегмент деп атап көрсетті. Ол қазіргі таңда Las Vegas Hilton ретінде танымал Flamingo and International Hotel акцияларының бақылау пакетін сатып алды. Сол жылдары ол ойын залдарының жалпы ауданы 3716 кв. м болатын әлемдегі ең ірі отель-казино саналды. Бүгінгі таңда Hilton Hotels корпорациясы әлемдегі алдыңғы қатарлы қонақ үй компаниясы бола отырып, өзінің табысының үштен екі бөлігін казинолардан алады, олардың ішінде Лас-Вегастағы Flamingo Hiltons пен Las Vegas Hilton, Логлиндегі Flamingo Hotel, Ренодағы екі отель, Орталық Батыстағы екі қалқымалы казино бар. Өзінің бөлімшелері арқылы ол Квинсленд (Австралия), Индонезия, Египет, Гонконг, Грекия, Бельгия, Ұлыбритания, Малайзия, Уругвайдағы казиноларды басқарады.

Circus компаниясы Лас-Вегас, Рено, Логлин қалаларының табысы орташа адамдарын тартумен әйгілі. Excalibur отелінің 4 000 номері тұру мен мейрамханада тамақтануына арналған қарапайым бағаларының арқасында әрқашан 100% толы болады. Excalibur отеліне жақын орналасқан Luxor отелі 2526 номерден тұратын. Оның сырт келбеті пирамидаға ұқсас келген. Ондағы аттракциондар: «уақыт аралығындағы саяхат» - Ежелгі Египеттен бүгінгі күнге саяхат, «Хандар жазығы», «Ніл бойымен серуендеу». Лазерлік технология ғажайып құбылысты шынайылықпен ұштастырады.

Лас-Вегастағы көптеген жаңа отельдер өзінің сыртқы рәсімделуінде белгілі бір тақырыпты ұстануға тырысады. Алғаш сондай отельдердің бірі 3000 бөлмелік номерден тұратын Mirage Hotel. Отельдің вестибюлінде ақ барыстары бар тор, ал тіркеу бөлмесінде тірі акулалары бар алып аквариум, жүзу бассейнінің жанында дельфиндер шомылатын екінші жүзу бассейні бар. Қазіргі таңда ойын бизнесінде жаңа бағыт танылды: біріккен кәсіпорындар мен стратегиялық серіктестік. Мысалы, MGM Grand пен Primadonna Resorts бірігіп, New York- New York, Mirage Resorts пен Gold бірігіп Strike Resorts Dunes Hotel аумағында Beau Rivage атты жаңа отель-казиносын құрмақшы. Азарттық ойындар - бұл 30 млрд $ индустрия, ол әр жыл сайын 11% өсіп отырады. Миллиардер Дональд Трамп екі қалқымалы ойын үйін салып, өзін осы бизнесте сынамақшы.

Толық қызмет көрсететін отельдер қызметтің, ыңғайлылықтың толық жинағын ұсынады: ресми және бейресми кездесулерге қызмет жасайтын көптеген сауда нүктелері (мейрамхана, бар, демалыс бөлмесі), банкет залдары, конференц-залдар. Іскер адамдар үшін онда бизнес-орталықтар, факс, компьютерлік модем т. б. бар. АҚШ көптеген басты қалаларында танымал қонақ үй торларын ұсынатын отельдер бар: Doubletree, Four Seasons, Hilton, Holiday Inn, Hyatt, Marriott, Omni, Ramada, Radisson, Ritz Carlton, Loew's, Le Meridian, Sheraton, Westin. Бұл корпорациялардың кейбіреуі өздерін «қарапайым түрдегі толық қызмет көрсететін кәсіпорын» ретінде жарнамалайды. Мысалы, Marriott's Courtyard отельдерінде холдар кішігірім, ал мейрамханаларында мүмкіндіктер шектеулі болып келген. Осындай үнемдеудің нәтижесінде отель әкімшілігі номерлерде тұру бағасын төмендетеді. Сондықтан да, толық қызмет көрсететін отельдерді екі категорияға бөлуге болады: жартылай қызмет көрсететін және бірінші класты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік ресурстарды игерудегі шетелдік тәжірибе
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру
Туризмнің мәні әлеуметтік- экономикалық категория ретінде
Рекреациялық география - жаратылыстану ғылымының бір саласы (5 сағат)
Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру
Рекреациялық қызметтің ұйымдастырылуы
Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтары
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Экологиялық туризмнің ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz