Валюталық нарықты валюталық қатынастар мен валюталық операциялар


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Бөлім І. Валюталық нарықты ұйымдастыру операциялары.

1. 1. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастың

ұғымы . . . 4

1. 2. Валюталық нарықтар . . . 14

1. 3. Валюталық бағам және валюталық “қоржын” . . . 20

Бөлім ІІ. Халықаралық валюта - несие қатынастарының қалыптасуы және дамуы.

2. 1. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері . . . 27

2. 2. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі . . . 29

2. 3. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат . . . 32

Бөлім ІІІ. Халықаралық және аймақтық валюта - несие және қаржы ұйымдары

3. 1. Халықаралық есеп айырысу банкі(ХЕБ - БМД) 38

3. 2. Халықаралық валюта қоры және халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚҚДБ-МБРР) 39

3. 3. Аймақтық халықаралық несие - қаржы ұйымдары . . . 42

Қорытынды. 45

Пайдаланылған әдебиеттер. 47

Кіріспе

Курстық жұмыс тақырыбы “Валюталық нарықты валюталық қатынастар мен валюталық операциялар”.

Қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір - бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субьектісінің ісі тынбайды, ал кез келген адам үнемі немесе анда - санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.

1-ші бөлімнің тақырыбы - валюталық нарықты ұйымдастыру операциялары. Мұнда валюталық жүйелер, валюталық анырқтар, валюталық бағам, валюталық “қоржын” қарастырылады.

2 - ші бөлімнің тақырыбы халықаралық валюта - несие қатынастарының қалыптасуы және дамуы. Бұл бөлімде дүниежүзілік валюта жүйесі, еліміздің валюта жүйесі, халықаралық валюталық реттеу, валюталыөқ саясат туралы талқыланады.

3 - ші бөлімнің тақырыбы халықаралық және аймақтық валюта - несие және қаржы ұйымдары. Мұнда халықаралық есеп айырысу банкі, халықаралық валюта қоры, қайта құру және даму банкі, аймақтық халықаралық несие қаржы ұйымдары қаралады.

І Бөлім. Валюталық нарықты ұйымдастыру операциялары.

1. 1. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастың ұғымы.

Халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері - вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы “вексель жәрмеңкелері” мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай - ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болды.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық - экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық - заңдық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық - экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастардың ұйымдастырудың мемлекеттік - құқықтық формасы.

Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.

Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық - экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Ұйымдық - заңдық тұрғысынан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықарлық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік - құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валютаның ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталды.

Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негіжінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім - шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы - дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстылығы оладың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі ар түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік - құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Ұлттық және дүнижүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады. (1 − кесте) .

Ұлтық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің негізгі элементтері

Ұлттық валюталық жүйе
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Ұлттық валюталық жүйе:

1. Ұлттық валюта

2. Ұлттық валютаның айналым дәрежесі

3. Ұлттық валютаның паритеті

4. Ұлттық валюта бағамының

тәртібі

5. Халықаралы валюталық өтімділік

6. Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы

7. Халықарлық несиелік айналыс құралдары, оларды пайдалану ережелерінің регламентациясы

8. Елдің халықаралық есеп айырысу регламентациясы

9. Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі

10. Елдің валюталық қатынастарын реттеуші және қызмет көрсетуші ұлттық органдар

Дүниежүзілік валюталық жүйе:

1. Халықаралық есептесу бірлігі, резевтік валюталар

2. Валюталардың өзара айналымдылығының шарты

3. Валюталық паритеттердің біртұтас режимі

4. Валюталық бағамдардың режимдерінің регламентациясы

5. Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу

6. Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу

7. Халықаралық несиелік айналыс құралдарының пайдаланудың біртұтас ережесі

8. Халықаралық есеп айырысулардың негізгі формаларының біртұтастығы

9. Дүниежүзілік валюталық нарықтар және алтын нарықтарының режимі

10. Мемлаетаралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықралық ұйымдар

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға - елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта - халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталық бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

  • дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
  • жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік - банктік мекемелердің дамыған торабы;
  • басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдағы және валюталық шектеудің болмауы.

Резервтік валюта мәртебесі эмитент - елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резевтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.

Халықаралық есептік ақша бірлігі - валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халыөаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшінқажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма - қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарында жазбаша жолымен: СДР - Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ - Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты құны валюталық “қоржынға” кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.

Валюталық “қоржын” 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы - несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компонеттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді.

Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасына есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық “қоржын” бес валютадан тұрады(1. 01. 1991 ж. жағдай бойынша) : АҚШ доллары - 40%, неміс маркасы - 21%, жапон йені - 17%, француз франкі - 11%, фунт стерлинг - 11%.

Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:

  • “еркін пайдаланылатын валюта”, яғни халықаралық есеп айырысуларда және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен қолданылатын;
  • валюталық шектеулері бар, жартылай валюталары;
  • валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын валюталары.

Валюталық паритет - бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді. ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.

Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемелекетаралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.

Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемелекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем қабілетін сипаттайтын - халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ - дағы шоттар кіреді.

Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің регламенттелуі және халықаралық есеп айырысулар жүйелік халықаралық нормаларға (Женева вексельдік және чектік конвенция, 1930ж. ) сәйкес жүзеге асырылды.

Валюталық жүйенің институтциональдық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде реттеледі.

Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе - валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік - құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен қалыптасатын қоғамдық қатынастардыңжиынтығы болып табылады (Еуропалық валюталық жүйе, 1979 ж. наурыз) .

Валюталық жүйенің даму кезеңдері өндірістің, дүниежүзілік нарықтың, халықаралық еңбек бөлінісінің, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуымен байланысты болып келеді.

Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монометаллизмі базасында алтын монета стандарты вормасында қалыптасты. 1867 ж. Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады. Ұлттық және дүниежүзілік валюта және ақша жүйелері біріктірілген болатын, себебі ақша дүниежүзілік нарықта төлемге массасы бойынша қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық ьайланыстарды, ақша айналыс, халықаралық есеп айырылысуларды реттеуші ретінде белгілі бір роль атқарды.

Кейіннен классикалық алтын монета стандарты өзін түсіріп алды, себебі, ол дүниежүзілік шаруашылықтың шаруашылық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914 ж валюталық шектеу енгізілді. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында пайда болған валюталық былықтан соң, алтын және жетекші валюталарға негізделген мемлекетаралық алтын девиз стандарты құрылды.

Екінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1922 ж. Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз стандарты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ доллары жетекшілік танытты.

Үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1994 ж. Бреттон - Вудстағы (АҚШ) валюта - қаржы конференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды, ХВҚ Жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай қағидалары анықталды:

  • алтынға және екі резрвтік валютаға (АҚШ доллары және фунт стерлингке) негізделген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі белгіленді. Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарда сақталып, ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несилік ақшаларға негізділді.

Бреттон - Вудс келісімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт негізгі формасы қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті және олардың Халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабатын ақырғы құрал және халықаралық валюта өтімділігінің компоненті. АҚШ долларын алтынға теңестіру және оны шетелдік орталық банктерде 31, 10352 г (1934 ж. ) тең 1 тройцк унциясы үшін 35 доллар ресми бағада айырбастау жүзеге асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды;

  • валюталық саясат және валюталық шектеу халықаралық келісім - шарттарға бағынды;
  • валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді, паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қодың рұқсатымен іске асты;
  • валюталық бағамдардың режимі белгіленді (±0, 75% - паритеттен ауытқуға болады) .

60 - жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе құлдырады. Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйенің қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976 - 1978 жж. ХВҚ - ға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда Халықаралық валюталық қор Жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйенің негізгі қағидасы мыналар:

  • СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысулард көбірек пайдаланды (валюталық«қоржындағы» доллардың үлесі - 40%, ресми валюталық резервтерде - 60%-ға жуық) . Бірақ Халықаралық валюталық қорға мүше елдерге валюталық паритеттерін кез келген валютаға белгілеуге құқық берілді, соның негізінде көп валюталы стандартқа өту заңдастырылды;
  • алтынды демонетизациялауға заңды түрде тыйым салынды: ресми баға, алтындық паритет алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды;
  • валюталық бағамдар режимін таңдауға құқық берілді (1973 ж. 6 наурызданбастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді) ;
  • ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.

Сонымен дүниежүзілік валюталық жүйенің дағдарысқа ұшырауы ескі жүйені құлаткғы және оны жаңамен ауыстыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені құруда үш кезеңді бөліп қарастыруға болады:

  • жаңа валюталық жүйені құру, алғышарттарын қалыптастыру, қағидаларын анықтау;
  • құрылымдық біртұтастығын қалыптастыру, құруды аяқтау, жаңа жүйенің қағидаларын біртіндеп іске қосу;
  • біртұтас және элементтері өзара байланысқан толыққанды қызмет ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.

Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері 1979 жылы наурызда валюталар бағамын тұрақтандыру және инфляция деңгейін қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақсатында Еуропалық валюталық жүйесін құрды. Бұл жүйе ЕВЖ мүше елдердің валюталық бағамдарының айырмасын бағалауға арналған ЭКЮ еуропа валюта бірлігіне негізделді. ЭКЮ - дің нарықтық құнының есебі 2 - кестеде берілген.

Еуропалық валюталық жүйе мүше елдердің ресми алтын - доллар резервтерінің 20% біріктіре отырып, алтынды ЭКЮ - ді жартылай қамтамасыз ету үшін пайдаланды. Валюталық бағамдардың режимдері бойынша мүмкін болар қатынастар валюталардың бірлесіп өзгері негізінде өзара ауытқу шегінде белгіленген, жаңа мүшелер үшін ±6% және басқа жағдайларда ±2, 25%. Еуропаның орталық банктері белгіленген ауытқулар шегінде интервенция жүргізеді. 1987 жылдан бастап маргинальды және интермаргинальды интервенциялық стратегия жүргізілуде, маргинальдық интервенцияның шектері дияграммада көрсетілген.

Еуропаның экономикалық жүйелері мен монетарлы саясатының жақындасуы, экономикалық билікті көпұлтты институттарға беруі, ЕВО шеңбернінде келісім - шарттарды реттеу және жүйелендіру барысы 1988 жылы Еуроаплықвалюталық жүйесін құрудың алғышарттары болып табылады.

2 - кесте

ЭКЮ - дің нарықтық құны

Валюталар
Валюталар қоржынындағы валюталардың үлес салмағы
АҚШ долларының бағамы
USD/ЭКЮ бағамы
Валюталар: DEM-DM
Валюталар қоржынындағы валюталардың үлес салмағы: 0, 6242
АҚШ долларының бағамы: 1, 6798
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 371592
Валюталар: GBP
Валюталар қоржынындағы валюталардың үлес салмағы: 0, 08784
АҚШ долларының бағамы: 1, 6798
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 371592
Валюталар: FRF-FF
Валюталар қоржынындағы валюталардың үлес салмағы: 1, 332
АҚШ долларының бағамы: 5, 6450
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 235961
Валюталар: ITL-Lit
Валюталар қоржынындағы валюталардың үлес салмағы: 151, 8
АҚШ долларының бағамы: 1234,
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 123015
Валюталар: NLG-hfl
Валюталар қоржынындағы валюталардың үлес салмағы: 0, 2198
АҚШ долларының бағамы: 1, 8915
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 116204
Валюталар: BEF-bfr
Валюталар қоржынындағы валюталардың үлес салмағы: 3, 301
АҚШ долларының бағамы: 34, 7750
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 094925
Валюталар: LUX-lfr
Валюталар қоржынындағы валюталардың үлес салмағы: 0, 130
АҚШ долларының бағамы: 34, 7750
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 003738
Валюталар: DKK-Ir
Валюталар қоржынындағы валюталардың үлес салмағы: 0, 008552
АҚШ долларының бағамы: 1, 5961
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 013650
Валюталар: GRD-Dr
Валюталар қоржынындағы валюталардың үлес салмағы: 1, 440
АҚШ долларының бағамы: 163, 30
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 008818
Валюталар: ESB-Pta
Валюталар қоржынындағы валюталардың үлес салмағы: 6, 885
АҚШ долларының бағамы: 106, 52
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 064636
Валюталар: PTS-Esc
Валюталар қоржынындағы валюталардың үлес салмағы: 1, 393
АҚШ долларының бағамы: 148, 974
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 009351
Валюталар:
Валюталар қоржынындағы валюталардың үлес салмағы: 1. 216364

Одақты құрудың - ЕО шегінде тауарлар, көрсетілген қызметтер мен капиталдың еркін қозғалысы; ақша саясатына, интервенцияның шекарасын қалпына келтіруге, валбталар арасында тұрақты қатынас белгілеу, капиталдар нарығын ырықтандыруғақатысты бірігіпшешімдер қабылдау.

ЕВО 12 елінің мемлекеттерінің басшылары Еуропалық одақ жөнінде жоба дайындап, оған 1992 жылы 7 ақпанда қол қойылды және оны Маастрихт келісім - шарты деп атады. Келісім - шартта болашақ экономикалық және ақшалай одаққа қатысты ережелер жинағы жасалып және бұрынғы ЕО келісім - шаттарына толықтырулар мен түзетулер енгізілді.

Келісім - шартта мемлекеттердің Еуропалық валюта одағына кіру критерийлері анықталды:

  • инфлянция деңгейі үш тұрақты қатысушы елдің орташа инфлянция деңгейінің 1, 5%-нан аспауы тиіс;
  • бюджет тапшылығы да өте өлшеусіз болмауы керек;
  • ЕВО-ға мүше болған екі жыл ішінде валюта қысымға және девальвациялануға ұшырамауы тиіс;
  • Ұзақ мерзімді пайыз мөлшерлемесі үш тұрақты елдің орташа деңгейінің 2%-нан аспауы тиіс.

Сонымен қатар, қатысушы елдердің ақша саясатын анықтайтын, оның шарттарын жасайтын, валюталық операцияларды жүзеге асыратын және валюталық резервтерді қолдап отыратын, Еуропалық Орталық банк пен қатысушы елдердің орталық банктерін қамтитын орталық банктердің жүйесі құрылды.

Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып, дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден - бір қатысушысы болып саналады.

1. 2. Валюталық нарықтар

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халаықарлық төлем айналымынна қызмет етеді.

Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу - сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.

Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай - ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, зайымды, несиені және оған есептелгенпайызды және т. б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.

Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.

Валюталық нарықтар - сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда - саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарастыруға болады:

  • шарушылшық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
  • байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
  • әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау; банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
  • коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілемелер көлемін ұлғайту.

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Валюталық нарығын реттеудің мағынасы мен қажеттілігі
Валюта нарығы және валюталық операциялар
Валюталық реттеу және оның тәртібі
Валюта нарығының дамуы және оның тарихи аспектілері
Қазақстандағы валюта нарығының қалыптасу мәселелері
Валюталық нарықтар
Қазақстан Республикасындағы биржаның жағдайы туралы
Валюталық реттеу қызметі
Дүниежүзілік валюталық жүйе эвалюциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz