Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. 3

I Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері

1. 1 Бағалы қағаздар . . . 5

1. 1. 1 Бағалы қағаздар түрлері . . . 7

1. 2 Жекешелендіру - бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізі… . . . 17

1. 3 Қор биржасы және оның қызметі. 18

II Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы

2. 1 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы. 20

2. 2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер . . . 23

2. 3 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар . . . 24

Қорытынды . . . 26

Қосымшалар . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . 29

КІРІСПЕ

Қазахстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізге қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде де ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни 2-ші деңгейлі және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырады.

Нарықтық экономика - адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық.

Қаржы нарығы - мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықгырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан түрады:

1) Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.

2) Несие капиталының нарығы.

3) Бағалы қағаздар нарығы.

Осы үш нарықтың ішінде бағалы қағаздар нарығын қарастырайық. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс - ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда.

Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне ақша қорын алуына жол алуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешенеледі. Ол өзгеше тауар - бағалы қағаздар. Олар біріншіден меншік белгісі, екіншіден қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін "символы" болғандықтан оны "қордың құндылықтары" болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуде немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаз нарығы капитал нарығының яғни ақша және басқа материалдардың құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді. Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті, оларды сатып алу, сатуға және есеп айыруға 2-3 жеті уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1, 5-2 ай ішінде эмитент (шығарушы) өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы - экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.

1 Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері

  1. Бағалы қағаздар

Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуде құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын береті құжатты сертификат деп атайды.

Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік-нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік (салым) облигациялары, және сол сияқтылар жатады. Жинақ облигациялары негізінен және тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазірге кезде АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өзалдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.

Нарықтан тыс бағалы қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шет ел банктеріне және кәсіпорын, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша иемденуші - заңды немесе жеке тұлғалар - оларды басқа иемденушіге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды.

Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға басқа мемлекеттердің орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарық тыс бағалы қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды. Олар келесі кестеде көрсетілген:

Бағалы қағаздар шығарушылар.

Эмитент

Мемлекет

Мемлекетқолдауындағы мекемелер, ұйымдар

Республикалық басқару органдары

Жергілікті басқару органдары

Акционерлік қоғам

Жеке кәсіпорын

Мемлекеттік рез. еместер

1
Өндіріс секторының
1: 2
Өндіріс секторының: Жекеменшіктенген кәсіпорындар
Осы секторда жаңа құрылған қоғамдар
1: 3
Өндіріс секторының: Несие саясындағы қоғамдар
1: 4
Өндіріс секторының: Биржалар
1: 5
Өндіріс секторының: Қаржы құрылымдары
1: 6
Өндіріс секторының: Инвестициялық компаниялар
Инвестициялық қоғамдар

Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге сату мына түрде жүзеге асырылады;

1- Қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырылғанда;

2- Қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып өсіргенде;

3- заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік органдардың облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда.

Сонымен қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды. Эмитент және сонымен қатар эмитетінің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін алдын-ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті. Эмиссия проспектісінің бірінші тарауында эмитент құралы жалпы деректер, яғни эмитенттің аты мен ұйымдастыру-құқықтық формасы және эмиссия проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәлімдеме жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздардың нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады: Ол мәліметтер арасында:

- кәсіпорын құрылған кездегі оның жарғылық капиталының мөлшері;

- шығарылатын бағалы қағаздардың түрі, оның номиналы, жазылу бағасы:

- акция сатуды бастау және сақтау күндері;

- бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген акция саны; бағалы қағаздарды сату түрі; кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу; эмитенттің адресі мен телефоны бар;

Эмиссия проспектісінің басқа тарауларын да бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитеттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні және олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішінде қызмет орны, оның ішінде басқару орнынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұдан басқа, проспектіні тіркеу кезінде болған эмитент пен оның басшыларына сотқа берілген арыз және жазалау шаралары көрсетіліп, қоғамның қаржылық жағдайы жөніндегі есеп пен қызмет нәтижесі баяндалады. Эмиссия проспектісін шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, сатып келгенде бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.

Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы бағалы қаржылар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп, мемлекеттіктіркеу номерін алуы қажет.

  1. Бағалы қағаздар түрлері

Бұдан басқа қаржы рыноктарын басқа критерийлер бойынша ажыратады: бағалы қағаздардың түрлері бойынша : акциялар, облигациялар, және т. б. рыногы; эмитенттер бойынша : кәсіпорындардың бағалы қағаздар рыногы, мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы; аумақтық критерийі бойынша : ұлттық, халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша : қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың рыногы; мәмілелердің түрлері бойынша : кассалық, форвардтық т. б. ; салалық критерийі бойынша.

Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар рыногында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады.

Қазақстанда қор рыногының қалыптасуы бұрынғы КСРО-ның заңнамасы негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991-1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 миллиард сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80 %-ды құрады.

Алайда акционерлік қоғамдардың, брокерлік және қор биржаларының әрі қарай дамуын рыноктық қатынастардың және құқықтық базаның, сонымен бірге бағалы қағаздардың жұмыс істеу ережесінің қанағаттанғысыз дәрежесі тежеді.

Рыноктық қатынастардың серпінді даму кезеңі Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комисиясы құрылған 1995 жыдан басталады. 1995 жыдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан "таза" қор биржасы - Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады. 1995 жылдың 21 сәуірінде "Бағалы қағаздар және қор биржасы" туралы Қазақстан Республкасының заңы бекітілді. Қазақстанда бағалы қағаздар рыногын құқықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың және дамытудың бағдарламасы әзірленді. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар" әзірленіп, бекітілді. 1997 жылдың басынан Қазақстан Республикасының Парламенті бағалы қағаздарды реттейтін үш заң қабылдады, олар: "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы", "Қазақстан Республикасындағы инвестицияық қорлар туралы" заңдар. 1997 жылдың ортасынан бастап "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" Жабық акционерлік қоғамы құрылды, оның функциясы барлық мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу болды. Қазақстанның қаржы рыногын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында 2001 жылдың маусымында Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстанның Ұлттық банкісіне берілді.

Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы заңының қабылдануы қор рыногында қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамыту қажеттігінен туды. Бұл заңның қызмет аясы "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңы (2003 жылғы мамырдың 13-і) қабылданғаннан кейін қаржы рыногының қызмет ететін сферасы болып отырған бағалы қағаздар рыногының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отыр.

Бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы алты жылдай уақытты алды және қазіргі уақытта оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр:

Бастапқы рынок

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар (МЕБҚ) рыногы:

бастапқы орналастыру секторы;

сатып алу-сату секторы.

Корпорациялық облигациялар рыногы

Акциялар рыногы:

МЕБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы

Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) секторы:

МБҚ-ны сатып алу-сату секторы;

МБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы

Қайталама рынок

Қор биржасы

Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы

Басқадай сауда-саттықты ұйымдастырушы.

Бағалы қағаздар - иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар.

Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқада да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай - ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" заңға сәйкес Қазақстанда эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылады, олар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.

Бағалы қағаздар рынок шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау үдерісіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.

Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.

Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивидендтер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай - ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.

Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны - қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаздар рыногының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың қызметтің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.

Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, векселдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне заттық құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлай бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиетхат (өсиетнама), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.

Инвестициялық ( капиталдық ) бағалы қағаздар - капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік өзара шарттар және басқалары) .

Инвестициялық емес бағалы қағаздар - бұл тауар немесе басқа рыноктарда ақшалай есеп - қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.

Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздары үш топқа бөлінеді: мемлекеттік, муниципалдық және мемлекеттік емес.

Мемлекеттік бағалы қағаздар - бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуының нысаны; эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.

Муниципалдық бағалы қағаздарға биліктің жергілікті органдарының борышқорлық міндеттемелері жатады.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпоративтік және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздар болып кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.

1930 жылғы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға жатпайды (өйткені ол - кредиттік ақшалардың түрі) . Бірақ басқа жағынан, ақша сатып алу - сату процестеріне тартылғандықтан векселді шартты түрде бағалы қағаздарға жатқызуға болады. Вексель - қарызалушы кредиторға беретін және кредиторға қарызалушыдан белгіленген мерзімде векселде көрсетілген соманы талап етуіне даусыз құқық беретін, заңмен қатаң түрде белгіленген нысандағы жазбаша борышқорлық міндеттеме. Вексель есеп айырысудың нысаны ғана емес, сондай - ақ бұл коммерциялық кредиттің нысаны: өнім немесе қызметтер үшін векселмен есептесе отырып, кәсіпкер вексель берілген уақыт ішінде банктегі есеп айырысу шотындағы өзінің ақшаларын шығын қылмайды. Ал бұл мәміле жөніндегі әріптес векселде көрсетілген сомада және мезгілге оған коммерциялық кредит береді дегенді білдіреді.

Егер бағалы қағаздар кейін салынған ақшалай сомаларды қайтара отырып шектеулі мезгілге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұлар облигациялар, банк сертификаттары, векселдер және басқалары. Иеленушілік бағалы қағаздар тиісті активтерге меншік құқығын береді. Бұлар акциялар, варранттар, коносаменттер және басқалары.

Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізігі және туынды болып бөлінеді.

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" заңда туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер, жазылыс құқықтыры және басқалары жатады. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.

Туынды бағалы қағаздар рынокта айналыста жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың тізбесін аяқтайды.

Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті рынокқа шығу мүмкіндігін алуға байланысты.

Сөйтіп, бағалы қағаздар - бұл шаруашылық қызметте пайдалануға арналған құжаттардың үлкен саналуандығы. Сонымен бірге олар өздеріне тән ортақ белгімен оларды тұлғаланған мүліктік құқықты өткізу үшін ұсынудың қажеттігімен біріктіріледі.

Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында айналыста мемлекеттік, корпоративтік және басқа (фьючерстер, опциондар, варранттар, коносаменттер және т. б. ) бағалы қағаздар жүр.

Бағалы қағаздардың арасында ақшаға да, мүлікке де құқықтар беретін акциялар ерекше орын алады.

Акция - акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Қазақстанның практикасында еңбек ұжымының акциялары, кәсіпорындардың акциялары және қазіргі кезде акционерлік қоғамдардың акциялары қолданылады. Алғашқы екі түр сөздің тура мағынасында акциялар болып табылмайды. Бұл жұмыскерлердің жинақ ақшасының және кәсіпорындардың бос ақшаларының өз кәсіпорнының немесе басқа кәсіпорындардың мүлкіне қатысудың өзгеше нысаны.

Еңбек ұжымының акциялары тек өз кәсіпорнының жұмыскерлері арасында таратылды және оның дамуы үшін ақша салуы туралы куәліктер болып табылды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын іске асыру барысында жұмыскерлердің акционерлік кәсіпорындардың мүлкіндегі үлесін анықтайтын еңбек ұжымдары мүшелерінің акциялары шығарылды. Мұндай акциялар айналысқа түспейді: мұрағаттан басқа жұмыскердің оларды сатуға, беруге немесе қандай болсада сатуға құқығы болмады. Қызметкердің жұмыстан босанған жағдайында оған тиесілі акцияларды кәсіпорын белгіленген мерзім ішінде сатып ала алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы: негізгі элементтері мен реттеуші жүйелер
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Еліміздегі жаңа дамып келе жатқан бағалы қағаздар рыногының кемшіліктері және осы проблемалармен қалай күресу
Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын белсендірудегі бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы мәлімет
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері. Бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz