Алматы келешек пен өткеннің аралығында


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Алматы келешек пен өткеннің аралығында

Алматы кешеден бір күн бұрын

Алматы біз ойлағандай жас қала емес. Көш аңыздарға сүйенсек, ол караван жолдарының қиылысында орналасқан кішкентай қала еді. Арабтар, парсылар, қытайлықтар Алматы деген жерді жақсы білген. Бұнда Азияның малды жолдарынан шаршаған жолаушылар жолшыбай аттарын алмастыруға, тамақтануға, дем алуға тоқтайтын болған. ХIII ғасырда бұл дала жолдары Әлемді дүр сілкіндіруші Шыңғыс ханның қампезер әскерлерін осы жерге алып келді. Моңғол қалың қол әскері қаланың тар көшелері арқылы қара түсті тырналар секілді, қаланың күл - талқанын шығарып өте шықты.

Келесі ғасырда Алматы қалпына келе бастады. Жаңа құрылыстар салынып, сауда дами бастады және көптеген саудагерлер мен көшпенділерге баспана болды.

300 жылдан соң Алматы бір жарым шаршы километрге созылып жатқан қалаға айналды. Қалада көшпелі әскерлердің баспаналары, малшылардың киіз үйлері, фермерлер мен ұсталардың үйлері орналасқан еді. Олардың барлығы аз ғана халықты қалайтын Қохан және Хакім билерге еңбектерінен үлес беруге мәжбүр болды. Салықтың көп мөлшерде болуы, көптеген соғыстар халықты, қаланы, үйлерін чиновниктерге, сарбаздарға тастап кетуге мәжбүр етті. Бұл жерлер әрдайым тұрақты қоныс бола алмады, бірақ ХІХ ғасырдың ортасында дала күрес алаңына айналды. Қохан қасқыры Орыс аюымен жер мәселесі үшін күресті. Осы кезде Қохан хандығы оңтүстікке кейін шегініп, орыстар Семиречи жемісті жерлерінде өздерінің әскерлерін дайындай бастады. Олар көне Алматының жері “Верныйды” құрды. Бұл 1854 жыл болатын. Бір жылдан соң, “Алматинская” деп аталатын қосақ ауылын құра бастады. Және бұл жерлерге қазақ имигранттары, орыс-қосақтары сондай-ақ, татар саудагерлері ағып келе бастады.

Верныйды әскери инжинерлер әскери лагер құрылысы секілді салынған классикалық үш бұрышты жүйені қолдана отырып салды. Бұл жүйе көне рим кездерінен бері белгілі еді. Қазіргі кездегі қаланың жоспарын жасауға негіз болған құрылыстарды тұрғызуға арналған дәлме-дәл геометрия десек те артық болмайды. Сол кездерде жартысы орыстардың, жартысы жергілікті қаласы болған қала құрылысқа, арықтарға толы конгломирация орталығына айналды. Түркістан қаласы үш бөлікті құрады. Ресей қамалы, Европа бөлігі және Азия бөлігі. Әскери басшылар өдерінің баяндамаларында былай деп жазды: «қаланың көне бөлімдері ешқандакй жақсартуларды қажет етпейді. 1887 жылы Верный жөндейді қажет етті. Себебі өкінішке қарай, жер сілкінісі болып, қаланы жермен жексен етті. Тастан, бетоннан жасалған үйлер құлап, жүздеген адамдардың өірін алып кетті. Бірақ, ағаштан тұрғызылған үйлерге ештеңе болмады. Сондықтан болар, Верныйды «ағашты қала» деп атаған ». сол кездері жергілікті басшылар қала құрылысына көңіл бөлмеген, сондықтан қала көркін жоғалтып алды. Оған қарамастан бірнеше әсем құрылыстар, мысалы: әлемде біктігі бойынша екінші орын, үлкендігі бойынша бірінші орынды алатын, ағаштан жасалған құрылыс жиынтық тұрғызылды. Оны атақты әскери инжинер құрды. 1910 жылы қала тағыда бір жер сілкінісін басынан кешірді. Бірақ ағаштан жасалған құрылыстар жер сілкінісіне төтеп бере алды. Одан соң басқа да әлеуметтік мәселелер: революция, Семиречидегі Кеңес режимінің орнауы. 1912 жылы Верный форты Алматы революциялық қаласына айналды. Алматыда барлығы да жақсы еді: жайлы жасыл, шөпке көмілген қала өте керемет еді. Өкінішке қарай, қалаға кіру өте қиын болған.

Алматының кешегі өмірі.

Көпшілік не деседе кеңес одағы кезеңі Алматы үшін және оның халқы үшін жаманк кез болған жоқ. Қазіргі кезде де қолданылып жүрген инвестицияны да қолданып келеді. Басқаша айтатын болсақ, білім, өнер саласын, алықтың денсаулығына инвестиция жасау әдеттегі іс болатын. Бұлардың барлығы келесі жетістікерге дәлел бола алады: 1930 жылы «Пушкин» атындағы Ұлттық кітапхана ашылды. 1931 жылы Ұлттық Медициналық институт, 1932 жылы Музыка колледжі, 1933 жылы Қазақ Музыкалық театры, Орыс драмма театры, 1934 жылы Қазақ Мемлекеттік Университеті ашылды.

1970-1980 жылдар аралығында екі сауда орталығы, егіздер секілді, бірі -Балалар әлемі және екіншісі-ОРталық дүкені құрылды. Олар Комунистический /қазіргі-Абылай хан/ деп аталатын кең көшеде орналасқан. Және тағыда басқа жанында екі жасыл алаңы бар Үкімет үйінің құрылысы салынды. Сәл жоғарырақ бұрынна келе жатқан азық-түлік дүкені бар. Келесі қаланың көрнекілігі болып, «Абай» атындағы опера және балет үйі жатады. Ол екінші дүние жүзілік соғыстың бас кезінде, яғни 1941 жылы қарашада ашылды. Оның сахнасында көптеген әртістер, керемет балет бишісі Уланова да өз өнерлерін паш еткен. Тоғыз жылдан соң, атақты архитектор Шюзевтің құрылысы - Ғылым академиясы салынды. Шюзев - өзбек Науай опера үйінің Ленин мавзолейінің және көптеген атақты қүрылыстың дизайнері. Оның даңқы туралы айтатын болсақ, 99 шіркеудің құрылысы оның дизайнініне негізделіп жасалғандығын айтып кетуіміз керек. Ал, Ленин мавзолейі оның 100-ші құрылысы болды.

Өзіміздің қаламызға қайта оралайық. Академияның алдында, ең керемет жазушы Шоқан Уәлихановтың ескерткіші тұрғызылған. Тауға сәл жоғарырақ Абай даңғылының асфальтті жолы бар. Ол Респупблика сарайынан бастау алады. Және оның жылтыр төбесі күнге шағылысып жарқырайды. Сондай - ақ 30 000 адамға арналған Орталық Стадион, Неке қиятын сарай, Абай даңғылында орналасқан Цирк бар. Бұлардың барлығы сол кездегі құрылыстың 100 бөлігін құрайтын секілді. Сол кезде адамдар армандай және құрылыс сала білді. Сондай -ақ Орталық Азияның астаналарымен әсіресе Ташкентпен, қай елдің архитектурасы қызықты, және қай ел көбірек құрылыс салатынын жарысқа айналдырған. Ташкент әдемі тунелімен аса түссе, біз Кеңес Одағының сыйлығына, ТМД сыйлығына спорт комплексі, Медеудің құрылысы үшін үш мәрте ие болдық.

Алматы қазіргі таңда.

Біріншіден - жаңа нарық жағдайында Алматы кейбір өзгерістерді басынан кешірді. Алматы қаласы астана статусынан айырылып, 1994 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болды. Бұл Алматы қаласы үшін жағымсыз әсерлерін тигізді. Бюджет тарапынан қысқартулар, басшылар жағынан көңілдің жеткіліксіз бөлінуі. Бірақ соңында барлығы шешіліп, Алматы оңтүстүк астана деген статусқа ие болды. Ең маңыздысы нарықтағы сауда - саттық әсерлі болып, коммерциялық жобаларға көп ақша бөлінді. 3 жұлдызды қонақ үйлер, Рахат сарайы, Анкара, Астана Интерхотелі, зәулім Рамстор және көптеген банк құрылыстары салынды. Негізі сақталса да, өзгертулерге ұшыраған: ″Балалар әлемі ″, Ресей сауда орталығы өзгертілді., көшелер жарықтандырылды. Сондай- ақ жаңа аэропорт өзгертілді. Соған қарамастан Алматы халқы болашағына толық сеніммен қарай алмайды. Біздер оларға көмектесу үшін қолдан келгенін алмаймыз.

Алматының ертеңі.

Болашақты көру үшін құжаттарға сүйенсек дұрыс болр деп ойлаймын. Олар былай дейді: ″Қала әр түрлі архитектуралық комплекс орталықтарының құрылысы негізінде кеңейтілмек″. Жақын арада келесідей құрылыстар салынбақ: Бизнес Центр Абай даңғылының батыс бағытында, Алматы 1 темір жол, аэропорт территориясында транспорт жүйесі 2005 жылға дейін Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе құрылыстарын жөндеу, Сайран көлі маңында аквапарк салу мақсатқа айналып отыр.

Виктор Храпунов.

Менімен мәңгі жүретін қала.

Оңтүстүк Астананың әкімі бүгінгі жұмыстар, жаңа жобалар, жетістіктер және Алматы қаласының болашағы туралы әңгімелеп береді.

Алматы екінші Сингапур болады ма?

Біз екінші Сингапур болуымызға көптеген мүмкіндіктеріміз бар дейді Храпунов. Аллматының орталық Азиядағы қаржы орталығына айналады деген мәселесі жақында үкімет отырысында талқыланды. Бұл идея аяқ астынан туған жоқ. 1999 жылы Еліміздің Президенті үкіметке, Ұлттық коммисияға, Халық Банкке оңтүстік астананың даму концепциясын жасап шығару үшін билік берді. Ең алғашқы қолайлы сәттер бірнеше жылдар бұрын, оңтүстік Азия Банкт Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен ашылған кезде пайда болған.

Қаланы сумен қамтамасыз ету жүйесі қауіпсіз қолда.

Осы жылдың шілде айында Парламент Францияның біздің елге 23 млн доллар көлемінде несие беруі туралы келісім шартын қарастырып, оны қолдайтын болды. Мен мәжіліс сессияларына қатысып, бұл шешімді не үшін қабылдағанымызды депутаттарға түсіндіруге тырыстым. Алматыда 3 мың километрге созылған су құбыр жүйесі бар. Қала су жүйесін қалыпты ұстап тұру үшін 90 километр су жүйесін қайта жаңарту қажет. Ол үшін қаражат қажеттігі белгілі. Сондықтан Қазақстан Республикасы Франциямен дәлірек Генерал Дес Еаукс компаниясымен бірлесе жұмыс жасауды дұрыс деп шешті. Франция Қазақстанға несиені бір алумға 2, 1℅ пен 16 жылға береді. Және ең алғашқы алты жылда біз оларға ештеңе төлемейміз. Бұндай несиеден бас тарту меніңше дұрыс болмас еді.

Алматы тұрғындары үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия - Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі
Халықтық тәрбие әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖƏНЕ АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
Мемлекетті басқарудың мақсаттарын іске асырудағы әлеуметтік механизм
Мақал - сөздің мәйегі
КЕШЕГІ АЛАШ ИДЕЯСЫ- БҮГІНГІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Жастарды патриотизмге тәрбиелеудің негізі – этнопедагогикалық тәрбие
Қазіргі тандағы глобалдық проблемалар және әлеуметтік болжамдар
Жастардың даму кезеңдері
Отаршыл үкіметтің тұсында қазақтың ана тілінде жарық көрген басылымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz