Дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Зерттеу өзектілігі. Қоғам дамуындағы терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында дәстүрлі, авторитарлы оқыту мен тәрбиенің ізгіленген, тұлғаға бағдарлылық бағытқа ауысу тенденденциясы нәтижесінде білім беру саласында, оның мақсатын, әдістер мазмұнын түсінуде терең өзгерістер орын алуда. Тәрбие мен оқыту процестерінің ізгілендіру мен жекелендіру міндеттері әрбір баланың жеке психикалық ерекшеліктерін ескеруді, толыққанды дамуы, жеке тұлғалық қалыптасуы үшін оптималды жағдай жасауды, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетуді, олармен қажетті педагогико-психологиялық жұмыс жүйесін құруды қажет етеді. Бұндай категориядағы балалар кемістіктің дер кезінде анықталуын, потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасалуын қажет етеді.

Мектеп үлгермеушілігінің, бала дамуындағы кемістік мәселелері мен олармен жұмыстың түрлі бағыттары, тұжырымдамалары мен теориялары арасында дифференциалды білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектеп жағдайында бұл категориядағы балалармен педагогико-психологиялық жұмыс жүйесі толық қалыптаспаған.

Жұмыс жалпы білім беретін мектепте дамуында кемістігі бар жеткіншектермен жүргізілетін педагогико-психологиялық жұмыс жүйесін анықтап, дәлелдеуге бағытталған.

Зерттеу мақсаты. Жалпы білім беретін мектепте дамуында кемістігі бар жеткіншектермен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық жұмыс жүйесін құру және дәлелдеу.

Зерттеу міндеттері:

  1. Дамуында кемістігі бар жеткіншектер мәселесінің зерттелу дәрежесін анықтау.
  2. Дамуында кемістігі бар жеткіншектердің психологиялық даму ерекшеліктерін анықтау.
  3. Жалпы білім беретін мектепте дамуында кемістігі бар жеткіншек балалармен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық жұмыс түрлерін, формаларын, әдістерін айқындау және ұсыныстар жасау.

Зерттеу нысаны:

Жалпы білім беретін мектептегі дамуында кемістігі бар жеткіншектер.

Зерттеу пәні. Жалпы білім беретін мектепте дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогико-психологиялық жұмыс жүйесінің ерекшеліктері

Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, 6 тақырыпшадан, қорытынды, әдебиттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Түйін сөздер: жалпы білім беретін мектеп, дамуында кемістігі бар бала, жеткіншек, педагогикалы-психологиялық жұмыс, жүйе.

Жұмыс көлемі: 60 бет

Кестелер: 4

Суреттер: 3

ГЛОССАРИЙ

Әлеуметтік -психологиялық кеңес беру -тұлғааралық қарым-қатынастағы қиындықтармен байланысты әр түрлі психологиялық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен тәуелсіз жұмыс.

Дамуында кемістігі бар бала- денесі мен психикасы жағынан қалыпты дамуынан ауытқыған балалар.

Жалпы білім беретін мектеп- (лат. Shoal, грек тілінен Shole- «бос уақыттағы іс, әңгіме, оқу тапсырмалары, ақыл-ой еңбегі») балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әлеуметтік нормалар мен ережелері, әлеуметтік тәжірибені, мәдениеттің, ғылымның адамгершіліктің маңызды құндылықтарын біреудің игеріп екіншіге жеткізу, арқылы жүйеліп, ұйымдасқан адамдар тобының (ең бастысы, оқушылар мен мұғалімдердің) өзара іс-әрекетінің формасы, ұйымдасқан әрі басқарылатын ұйым болып табылады.

Жеткіншектік кезең- шамамен 11-17 жас аралығын қамтитын, қарқынды жыныстық жетілу, өзіндік сана мен күрделі психикалық құбылыстардың күрделену процесі жүретін, дағдарыстық, жас кезеңі.

Жүйе дегеніміз -қызмет етуі мен дамуы бөлек элементтердің қызмет етуі немесе олар арасындағы жеке байланыстар заңынан бағынатын, бір-бірімен тығыз байланысты көптеген тұрақты элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан объект.

Педагогикалық-психологиялық жұмыс- педагогикалық іс-әрекет пен психологиялық көмек көрсету мақсатарын шешуге бағытталған жүйелі, ұйымдасқан іс-әрекет.

Психо-педагогикалық диагностика- оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған және тәрбие үрдісін оңтайландыру мақсатында балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын бақылау практикасы.

Психикалық дамудағы кідіріс- интеллект деңгейі 70-90% көрсеткішпен сипатталатын ақыл-ой дамуындағы ауытқушылық түрі.

Психотүзету - бұл түзетуге бағытталған объект әрі пән бойынша бөлінетін әдістер тобы.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

І. ДАМУЫНДА КЕМІСТІГІ БАР ЖЕТКІНШЕК БАЛАЛАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЗЕРТТЕЛУІНІҢ ПЕДАГОГИКО-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Дамуында кемістігі бар балалар мәселелерінің зерттелу дәрежесі 5

1. 2 Дамуында кемістігі бар жеткіншектердің дара психологиялық 14

ерекшеліктері

1. 3 Жалпы білім беретін мектепте дамуында кемістігі бар 24

жеткіншектердің қарым-қатынас ерекшеліктері

ІІ. ДАМУЫНДА КЕМІСТІГІ БАР ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Жалпы білім беретін мектепте жеткіншектермен педагогикалық- психологиялық жұмыс жүйесі 35

2. 2 Тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижелері 51

ҚОРЫТЫНДЫ 56

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 58

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. Қоғам дамуындағы терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында дәстүрлі, авторитарлы оқыту мен тәрбиенің ізгіленген, тұлғаға бағдарлылық бағытқа ауысу тенденденциясы нәтижесінде білім беру саласында, оның мақсатын, әдістер мазмұнын түсінуде терең өзгерістер орын алуда. Бұл орайда педагогтар мен психологтар қауымдастығы тарапынан дамуында кемістігі бар балалардың жалпы білім беру ортасына кірігуі мен олармен жұмыстың проблемаларына қызығушылықтың артып келе жатқанын көруге болады.

Тәрбие мен оқыту процестерінің ізгілендіру мен жекелендіру міндеттері әрбір баланың жеке психикалық ерекшеліктерін ескеруді, толыққанды дамуы, жеке тұлғалық қалыптасуы үшін оптималды жағдай жасауды, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетуді, олармен қажетті педагогико-психологиялық жұмыс жүйесін құруды қажет етеді. Бұндай категориядағы балалар кемістіктің дер кезінде анықталуын, потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасалуын қажет етеді.

Қазіргі кезде білім беру саласында дамуында кемісті бар балаларға психологиялық көмек көрсету, сонымен қатар олармен педагогико-психологиялық жұмыс жүйесі өзінің даму сатысында.

Мектеп үлгермеушілігінің, бала дамуындағы кемістік мәселелері мен олармен жұмыстың түрлі бағыттары, тұжырымдамалары мен теориялары арасында дифференциалды білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектеп жағдайында бұл категориядағы балалармен педагогико-психологиялық жұмыс жүйесі толық қалыптаспаған.

Жұмыс жалпы білім беретін мектепте дамуында кемістігі бар жеткіншектермен жүргізілетін педагогико-психологиялық жұмыс жүйесін анықтап, дәлелдеуге бағытталған.

Зерттеу жаңалығы. Жалпы білім беретін мектепте дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс ерекшеліктері айқындалды.

Ғылыми зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне: нормадан ауытқыған балалардың психикалық дамуы туралы Л. С. Выготскийдің фундаменталды заңдылықтары. Ең бастысы, дамуында кемістігі бар балалар мен қалыпты балалардың психикалық дамуы ортақ заңдылыққа бағынады деген тұжырым; Д. Б. Элькониннің психикалық дамуды кезеңдерге бөлу теориясы; Б. Г. Ананьевтің адамды кешенді зерттеу теориясы; П. Я. Гальпериннің ақыл-ой іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыру теориясы; М. И. Лисинаның тұлғаның қарым-қатынас генезисі. В. В. Лебединскийдің дамудағы кемістіктің психологиялық қаңдылықтары, параметрлері және түрлері қарастырылған ғылыми еңбектері; Сонымен қатар, Т. В. Розанова, О. В. Бокеенова, Е. И. Морозов т. б. психологиялық кеңес беру бойынша еңбектері.

Зерттеу мақсаты.

Жалпы білім беретін мектепте дамуында кемістігі бар жеткіншектермен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық жұмыс жүйесін құру және дәлелдеу.

Зерттеу міндеттері:

  1. Дамуында кемістігі бар жеткіншектер мәселесінің зерттелу дәрежесін анықтау.
  2. Дамуында кемістігі бар жеткіншектердің психологиялық даму ерекшеліктерін анықтау.
  3. Жалпы білім беретін мектепте дамуында кемістігі бар жеткіншек балалармен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық жұмыс түрлерін, формаларын, әдістерін айқындау және ұсыныстар жасау.

Зерттеу нысаны:

Жалпы білім беретін мектептегі дамуында кемістігі бар жеткіншектер.

Зерттеу пәні. Жалпы білім беретін мектепте дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогико-психологиялық жұмыс жүйесінің ерекшеліктері.

Зерттеудің практикалық маңызы:

Жалпы білім беретін мектепте дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс жүйесін түзу.

Зерттеу болжамы. Егер жалпы білім беретін мектепте дамуында кемістігі бар жеткіншек балалармен тиімді педагогикалық-психологиялық жұмыс әдістері, тәсілдері анықталып, жүйесі түзілсе, онда бұл категориядағы балалардың қоғамда бейімделіп, әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндіктері артады.

І. ДАМУЫНДА КЕМІСТІГІ БАР ЖЕТКІНШЕК БАЛАЛАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЗЕРТТЕЛУІНІҢ ПЕДАГОГИКО-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1 Дамуында кемістігі бар балалар мәселелерінің зерттелу дәрежесі .

Бала дамуы туралы түрлі теориялар мен концепцияларды зерттеу мен талдауды екі түрлі аспектіде жүргізу қажет: тарихи (психологиялық теорияны ретроспективті талдау) және аналитикалық (бала дамуының негізгі заңдылықтарын түсінуінің концептуалды тұрғыдан зерттелуі) .

Д. Б. Эльконин [48] мен Л. Ф. Обухова [32] баланың психологиялық даму теорияларының тарихында бірінші психологиялық теориялардың бірі рекапитуляция тұжырымдамасы болды. Э. Геккель эмбриогенезге қатысты биогенетикалық заңды құрды: құрсақтық дамуы барысында жануарлар немесе адамдар өзінің филогенезінде өтетін кезеңдерді қайталайды. Американдық психолог Ст. Холл бұл заңды баланың онтогенетикалық дамуына аударып, бала өзінің дамуы барысында қысқа мерзімде адамзат баласының дамуын қайталайтындығы туралы тұжырым жасайды. Негізінде бала дамуындағы адамзат тарихының қайталмалық идеясы жататын рекапитуляция тұжырымдамасы балалық кезеңді биогенетикалық тұрғыдан зерттеуді сипаттайды [48] .

Бала дамуын нормативті тұрғыдан зерттеу алғаш А. Геззелмен қолданған болатын [11] Жүйелі және салыстырмалы (норма мен патологияның түрлі формаларын) зерттеудің нәтижесінде алынған мәліметтер негізінде баланың туғаннан жасөспірімдік кезеңге дейінгі дамуының психологиялық диагностикалаудың практикалық жүйесін жасаған. Өзінің зерттеулерінде А. Геззел бала дамуын бір сатыдан екіншісіне өту барысындағы түрленулерге сапалық тұрғыдан талдау жасамай, сандық тұрғыдан зерттеумен шектеліп, баланың әлеуметтік дамуын қоршаған ортаға бейімделу ретінде сипаттайды.

Л. Ф. Обухова ойынша, балалық кезеңді нормативті тұрғыдан зерттеу бала дамуының түрлі феномендердің ашылуы мен сипатталуына септігін тигізді [32] .

Балалық кезеңнің даму мәселесін талдауда басқа тұрғыдан келу дамуды үйрету, жаңа тәжірибені игеру ұғымдарымен теңестіретін бихевиоризм бағдарларымен байланысты болды. Бихевиористік тұрғыға негізделген, кейін, американдық психологияда дамыған әлеуметтік үйрену тұжырымдамасы баланың психикалық дамуын әдеттер мен қоғамдық нормаларды игеру арқылы қоршаған ортаға бейімделу ретінде қарастырады. [6] Әлеуметтік үйренудің үш формалары бөлініп қарастырылады: классикалық, оперентті шарттандыру және еліктеу. Баланың психикалық дамуы дағдыларды, байланыстар мен бейімдіктерді сандық жинақтаумен сипатталады [38, 74-85] .

Европалық ғалымдар зерттеулері бала даму процесінің сапалық ерекшеліктеріне көңіл бөле бастады [48] Австриялық психолог К. Бюлер өзінің дамудың үш сатылы (инстинкт, дрессура, интеллект) теориясын ұсынған болатын. К. Бюлер бұл кезеңдерді, олардың пайда болуын тек мидың жетілуімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастың күрделенуімен ғана емес, сонымен қатар аффективті процестердің дамуымен байланыстырды [32] . Л. С. Выготский К. Бюлердің биологиялық және әлеуметтік-мәдени даму фактілерін ортақ көрсеткішке келтіріп отырғанын көрсетіп, оның баланың психикалық дамуына биологиялық негізі бар процесс ретіндегі көзқарасын қате деп санады [8, 243] .

Д. Б. Эльконин, Л. Ф. Обухова өздерінің зерттеулерінде «баланың психикалық дамуын не анықтайды: тұқым қаулау ма, әлде қоршаған орта ма » деген сауал екі факторлар конвергенциясы теориясына алып келді. Оның негізін салған В. Штерн бойынша, психикалық дамуды туқым қуалайтын қасиеттердің қарапым көрінісі немесе адамның қоршаған ортаны қарапайым қабылдау ғана емес, ол ішкі нышандардың өмір жағдайларымен конвергенция нәтижесі. Кез-келген психикалық қызметтің көрініс беруінде бұл екі фактор да іске қосылады, дегенмен әр кезде әр түрлі қатынаста болады. Д. Б. Эльконин ойынша, екі факторлар қатынасы мәселесінде астында дамудың тұқымқуалау факторына басымдық жатыр [48] .

Психикалық дамуды ішкі заңдылықтарға бағынатын сапалық процесс ретінде түсінуге жаңа тұрғыдан келген Ж. Пиаже және кейін Женева мектебінің бір бағыты генетикалық психологияның негізін салған ізін қуушылар болды [32] . Ж. Пиаже үшін баланың психикалық дамуы ең бастысы танымдық қызметтерді дамытуда жатыр. Басты процесс ретінде бала психикасының онтогенезінде мінез-құлықтың сыртқы бейнесінде жасырын тұрған ойлаудың дамуы қарастырылады [34, 51] . Ж. Пиаже бір-бірімен тығыз байланысы арқылы психикалық дамудың үздіксіздігін қамтамасыз ететін ойлау дамуының төрт негізгі кезеңдерін көрсетеді. Ж. Пиаже мен оның шәкірттері бойынша, интеллект дамуы децентрация арқылы эгоцентризмнен баланың қоршаған ортаға объективті позицияға өтуден тұрады. Бала психикасының дамуын Женева мектептерінің өкілдері баланың қоршаған орта заттарымен өзара іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасқан интеллектінің белгі құрылымымен байланыстырады. Қайталау нәтижесінде баланың сыртқы материалды әрекеттері символдық құралдар арқылы да жүйеленіп ішке деңгейге көшеді. Ж. Пиаже танымдық процестер заңдары универсалды, олар баланың ойлауы әрі ғылыми таным барысында дамиды деп ойлаған [34, 51] . ХХ ғасырдың басында психоаналитикалық теориялар кең етек жая бастады. З. Фрейд [46, 191] бойынша, тұлғаның басты сипаты, оның негізгі құрылымы ерте балалық шақта қалыптасып, өмірдің соңына дейін айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды. Өзінің тұлғалық даму периодизациясында З. Фрейд либидоға (сексуалды ұмтылыс) бастымдылық жасап, оны бала тұлғасы дамуының қозғаушы күші ретінде қарасатырады. Ол бес кезеңді бөліп қарастырады: оральды (0-12), анальды (1-3 жас), фаллитикалық (3-5 жас), латентты (5-12 жас) және жыныстық (гениталды) (12-18 жас) .

Сонымен қатар, А. Фрейдтің бала дамуы туралы теориясы қызығушылық тудырады. Мәселен, ол З. Фрейдтің ісін жалғастырушылардың бірі ретінде баланың психосексуалды дамуы туралы жеке сызығын құрған. Дамуы бір сызық бойынша нормаға сәйкес келетін бала, басқа сызық бойынша артта қалуы мүмкін, яғни бұл кез-келген баланың психикалық даму ерекшелігімен шартталған деп тұжырым жасайды. ) Бұған қоса А. Фрейдтің баланың психологиялық даму көрсеткіші ретінде хронологиялық жасты емес, жетілмеуден жетілу баспалдағына өту болып табылады деген ұстанымы ерекше көзге түседі. оның көзқарасы бойынша, қалыпты даму ретпен емес, дамудағы прогрес мен регрестің ұштасуы арқылы, толқындық бағытпен жүреді. А. Фрейд З Фрейд сияқты бала дамуын ләззат принципінен шындыө принципіне өту заңына бағынатын реттік әлеуметтену процесі ретінде қарастырады. [45]

Тұлға дамуын психосексуалдылыққа негіздемей, дегенмен оны әлеуметтік ортаға тәуелділігін көрсеткен Э. Эриксон, тұлғаның туғаннан ересектікке дейінгі психикалық даму кезеңдері туралы тұжырымдамасын құрған болатын. Ғалым ойынша, бала дамуының әрбір кезеңіне жағымды әрі жағымсыз мағынада көрініс беретін өзіндік даму параметрлері тән. Сонымен қатар, дамудың әрбір сатысына қоғамдық үміт жауап тереді (ол оны ақтауы немесе ақтамауы мүмкін) . Өмірлік циклдың әрбір сатысына қоғаммен талап етілетін міндеттер тән. Қоғам өмірлік циклдың әр түрлі сатыларындағы даму мазмұнын анықтайды [49, 47] .

Бұған қоса, зерттеулері ғылыми ортада үлкен қызуғышылықты тудырған, сонымен қатар педагогика мен психология саласында бала дамуын зерттеу саласында айтарлықтай өзгеріс енгізген мәдени-тарихи тұжырымдаманың өкілдері Л. С. Выготскийді ерекше атап өту қажет. Кейін оның оның ізін жалғастырғандар С. Л. Рубенштейн [37] А. Н. Леонтьев ) , [24] А. В. Запорожец, [15] П. Я Гальперин т. б. болды. Олардың ойынша, психикалық даму қоғамның материалды және рухани мәдениетінде жинақталған мәдени-тарихи тәжірибені игеру процесі барасында жүреді деп санады. Дегенмен, психикалық даму шарты ретінде биологиялық факторды, ал негізі ретінде әлеуметтік факторды, ал қозғаушы күш ретінде баланың қоршаған ортамен белсенді қарым-қатнасын қарастырады. Яғни, алдындағы бала дамуы туралы теорияларға қарағанда, мәдени-тарихи тұжырымдама бойынша, бала дамуының ерекшелігі биологиялық фактор мен туа пайда болған механизмдерге тәуелді емес, ол қоғамдық-тарихи заңдарға бағынады.

Л. С. Выготский баланың психикалық дамуының бір қатар заңдылықтарын анықтаған :

  1. баланың дамуы хронологиялық уақытпен сәйкес келмейді; ол өмірдің әр кезеңінде өзіндік қарқынға ие болады. Мысалы, баланың өмірінің бірінші жылы өзінің даму қарқынымен мектеп жасындағы бір жылға сәйкес келе алмайды.
  2. бала дамуы ерте балалық кезден ересектікке дейін жалғасатын, тұтас процесс, сонымен қатар, түрлі сапалық деңгейлермен ерекшеленетін сапалық өзгерістер жүйесі болып табылады. Л. С. Выготский баланы кішкентай ересек адам ретінде емес, аз білетін, жасай алатын, психикалық дамуы айтарлықтай ерекшеленетін тірі организм ретінде қарастыру қажет деп есептеген.
  3. балалық даму ретсіз өтіп, әрбір психикалық қызмет дамудың өзіндік оптималды әрі сезімтал кезеңге ие.

Баланың әлеуметтік тәжірибені игеруі енжер емес, баланың алғашында ересекпен қосылып, кейін өз бетімен белсенді түрде жүзеге асады. Психикалық дамудың қозғаушы күші оқыту болып табылады. Оқыту дамуға теңестірілмейді. Л. С. Выготский бойынша, даму әрбір кезеңінде адамға тән жаңа сапалар пайда болатын тұлғаның құрылу процесі[10, 243] .

Д. Б. Эльконин жетекші іс-әрекетпен байланысты бір қатар жас кезеңдерін бөліп көрсетті. Оның ойынша, психикалық даму әрбір типке өзіндік түрленулері тән болатын, жетекші іс-әрекеттер типтерінің заңды ауысу, алмасу процесі. Д. Б. Эльконин психикалық дамуды сипаттауда келесі критерилерді ұснынады:

  1. дамудың әлеуметтік жағдайы- баланың ересектер мен құрдастармен қарым-қатынасқа түсетін жүйесі, оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі бағдары, қоғамдық өмірдің қай салаларына ол кіретіні.
  2. баланың нақты кезеңдегі жетекші іс-әрекеті.
  3. дамудың психологиялық түрленулері. Дамудағы жетістіктердің дамудың әлеуметтік жағдайына өтуін және «жарылыс-дағдарысқа» жету жолы.
  4. даму дағдарысы-бала мен ересектер арасындағы қатынастар жүйесінің ауысуы. Дағдарыстар -бала дамуындағы сынық қисықтар. Дағдарыстар негізіндегі қарам-қайшылықтар кез-келген кезеңдегі дамудың ішкі динамикасын анықтайды.

Бұл тұрғыдан, Л. С. Выготский көзқарасы бойынша бала қоғамнан тыс өмір сүріп дами алмайды. Себебі, ол туғаннан қоғамдық қатынастарға қосылған болатын. Осыған орай, бала тұлғасы, санасы мен өзіндік санасының дамып, қалыптасуының ең басты шарты қарым-қатынас болып табылады. Бала тұлғасының дамуы онтогенезде оның қоршаған адамдармен қарым-қатынас сипатымен әрі ерекшеліктерімен шартталған.

Қазіргі таңда балалар психологиясында баланың психологиялық дамуы туралы ортақ түсінік қалыптастыра алатын теорияның жоқтығы туралы көзқарас қалыптасып отыр. Ғалымдардың көпшілігі бала дамуы туралы әр түрлі тұрғыларды қарама-қайшы қоюға емес, керісінше оларды синтездеуге бейімділік танытып отыр. Сонымен қатар, бала даму құбылысын эмпирикалық әрі феноменологиялық зерттеу арқылы нақты бала мәселелерін қарастыруға қызығушылық артуда [14, 25] .

Бала дамуы мәселесі саласындағы жаңашыл ресей ғалымдарының зерттеулері дәстүрлі түрде психика дамуының мәдени-тарихи тұжырымдамасы мен іс-әрекеттік тұрғы аумағында жүргізіліп келе жатыр [28, 43, 13] .

Қазақстанда Л. А. Давиденко, Ж. И. Намазбаева, Р. Б. Каримова, Р. А. Сулейменова, Г. Д. Хакимжанова, Г. Ж. Назарова, А. С. Мустояпова, Т. К. Күнсләмова т. б. еңбектерінде бала дамуы аспектілері қарастырылған.

Жоғарыда аталған бала дамуы тұжырымдамалары салыстырмалы талданған кесте (Л. Ф. Обухова бойынша), баланың психикалық дамуының ішкі заңдылықтарын ( барысында, даму көзі, шарты мен жетекші күші) түсінудегі принципиалды айырмашылықтарын көрсетеді.

1 кесте

Бала дамуы параметрлерінің түрлі тұжырымдамалардағы мазмұны

(Л. Ф. Обухова бойынша)

Ғалымдар
Даму барысы
Даму көзі
Даму шарты
Дамудың қозғаушы күші
Ғалымдар:

Ст. Холл

А. Геззел

А. Бюллер

Э. Торндайк

З. Фрейд

Ж. Пиаже

Д. Боулби

Жаңашыл батыс ғалымдар

Даму барысы:

Жекеден әлеуметтіке

(әлеуметтену)

Даму көзі:

Индивидтің туа пайда болған қаситтері

Туа пайда болған бейімдік механизмдер

Даму шарты: Тұқым қуалаушылық пен орта
Дамудың қозғаушы күші:

Биологиялық фактор

Екі факторлар конвергенциясы

Ғалымдар:

Л. С. Выготский

А. Н. Леонтьев

Д. Б. Эльконин

Жаңашыл психологтар

Даму барысы: Әлеуметтіктен жекеге
Даму көзі: Қоршаған орта
Даму шарты: Биологиялық фактор
Дамудың қозғаушы күші:

Қоршаған ортамен өзара іс-әрекет

(оқыту)

Батыс ғалымдарының көпшілігі ойынша, даму көзі тұқымқуалау мен орта сияқты шарттары арқылы баланың бейімделуін қамтамасыз ететін тұқымқуалу механизмдері. Яғни, бала дамуының негізінде биологиялық процестер жатыр деген бағытты ұстанушылық басым болған.

Бала дамуы туралы өзге тұжырымдамалық көзқарас Л. С. Выготскийдің бала дамуындағы тарихилық принципті енгізген теориясында көрініс тапты. Оның негізі баланы тарихи зерттеу даму барысында зерттеу деп түсінуде жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы мектеп интернаттарындағы жеткіншектермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің көрініс беру мәселелері
Жеткіншектер қылмысының алдын алудың теориялық негіздері
Жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беруі
Арнайы педагогика туралы
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДА АУЫТҚУШЫЛЫҚ (ДЕВИАНТТЫҚ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жеке тұлға белсенділігі
Жеткіншектер қарым-қатынасы: балалар үйі жағдайында
Дене кемістігінің түрлері
Девиантты мінез - құлықтың пайда болу себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz